Мұстафа Шоқай - өмір жолы, ұстазы


Мустафа Шоқай
Түркістан халықтарының бірлігі мен тәуелсіздігі идеясын ту етіп ұстанған аса көрнекті саяси қайраткер, жалынды публицист, аудармашы, жазушы, XX ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының ең жарқын өкілдерінің бірі Мұстафа Шоқай бұрынғы күнтізбе бойынша 1890 жылдың 25 желтоқсанында, ал жаңаша есеппен 1891 жылдың 7 қаңтарында қазіргі Қызылорда облысы Шиелі ауданы Сұлутөбе маңындағы Наршоқы қыстауында дүниеге келген. Бастапқыда ауыл молдасынан сауат ашқан зерделі Мұстафа діни біліммен қатар, музыкадан да сабақ алған .
Франция, Германия, Түркия, Ұлыбритания, Польша, Ресей Федерациясы, Өзбекстан мұрағаттары мен кітапханаларының қорларындағы Шоқай мұралары орыс, ағылшын, француз, неміс, поляк, түрік, әзірбайжан, қазақ, өзбек және т. б. тілдерде сақтаулы. Мұның өзінен азамат үніне сол тұстары қаншалықты мән берілгенін анық аңғаруға болады. Мәселен Санкт-Петербург қаласының тарихи мұрағатындағы Санкт-Перербург университетінің қорында М. Шоқайдың жеке ісі сақталған. Оның алғашқы парағы Мұстафаның университет ректоры атына оқуға қабылдауды сұраған өтінішпен басталады. Құжат жиегіне 1910 жылдың 30 маусымында құжат қаралғанын, осы жылдың 6 шілдесінде студент қатарына қабылданғаны туралы жазылған. Іске М. Шоқайдың сынақ кітапшасы, университетте оқыған кездегі төлеген жарналарының түбіртектері қоса жалзылған. 1914 жылғы 15 қыркүйектегі заң факультеті деканына Санкт-Петербург университетінің толық курсын аяқтағаны, соған байланысты оқу бітіргені туралы куәлікті сұраған өтінішінде өзі тұратын мекен-жайын көрсетеді - «Петроград. Провиантская 10, кв. 25». Өтініш арнайы бланкіде жазылған, онда оқу бітіргені жөніндегі куәлікті арыз берген соң екі апта ішінде алу керектігі және куәлік алған соң Санкт-Петербург қаласында тұруға берілген рұқсат қағазды қайтару тиістігі ескертілген. Сондай-ақ бұл істе Ташкент ерлер гимназиясын бітіргені туралы кәмелеттік аттестат, сол қалада түсірілген М. Шоқайдың екі фотосуреті сақталған. Жалпы таусылмайтын мол қазына талай елдің тілін білген, телегей теңіз білім иесі, әрі қаламы қолынан түспей күн сайын өнімді еңбек еткен Мұстафа Шоқайдың жеке құжаттары тарихымыздың талай ақтаңдақтарын қайта қарауға, таным-түсінігімізге тағы да тыңнан арналар салуға көмектесері анық. Оның мұрасы тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі халықтарына ортақ құндылық екені мойындалуда.
Ташкенттегі ерлер гимназиясында оқып жүрген кезінде Мұстафа Шоқайдың түркі халықтарының мәдениетін, салт-дәстүрін үйренуіне башқұрттардан шыққан атақты этнограф Әбубәкір Диваев қатты әсер еткен. Ташкент қаласы Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы болғандықтан, жергілікті халық пен орыс басқарушыларының арасындағы шиеленістер мен қайшылықтарды Мұстафа жиі көрген. Сондай-ақ сол кездегі тілмаштардың да орыстардың пайдасына жұмыс істеп жүргенін байқаған. Олар көбінесе ақшаға сатылып, пара алып, аударманы теріс жасайтын болған. Ал жергілікті халық сотқа шағынатын кезде арыздарын Мұстафаға жазғызады екен. Мұстафаның орыс тіліне жетік екенін байқаған Түркістан генерал-губернаторы Самсонов оны өзіне тілмаштыққа шақырады. Ол жас бала үшін үлкен дәреже болатын. Соған қарамастан, Мұстафа Шоқай тілмаш болудан үзілді-кесілді бас тартады. Өйткені ол кезде халық алдында тілмаштардың беделі жоқ еді.
Сөйтіп, заңгер болуды ойлаған ол Қазан татарларына бөлінген стипендиямен 1910 жылы жоғары білім алу үшін Петербургқа барады.
Петербург Мұстафа Шоқай үшін білім алу орталығы ғана болған жоқ. Сонымен қатар Мұстафаның саяси тұрғыдан өсіп-өркендеуіне жағдай жасаған да - осы қала. Өткір ойлы Мұстафа Шоқай студент кезінде-ақ Әлихан Бөкейхановтың көзіне түскен. Сөйтіп, Әлихан оны саясатқа баулыған. Кейіннен Мұстафа шетелге де сол кісінің тапсырмасы бойынша шыққан. Бір анығы, Мұстафа Алаш идеясынан ешқашан ажыраған емес. Өзі Түркістан автономиясының төрағасы болған уақытта Алашорданың сыртқы істер министрі қызметін де қатар атқарған. Ресей парламенті үшін белгіленген сайлауларда да екі жерде кандидат болған.
Мұстафа Шоқай Кеңестер Одағында орын алып жатқан асыра сілтеулер мен солақай саясат салдарларынан баспасөз мәліметтері арқылы үнемі хабардар болып отырады. Өзі де орыс, француз, түрік және ағылшын тілдерінде шығатын әртүрлі газет-журналдарға Түркістан мәселесі тақырыбын терең әрі батыл қозғаған материалдар жариялап тұрды. Сонымен бірге «Йени Түркістан», «Яш Түркістан» журналдарының шығуына тікелей жетекшілік етті. «Яш Түркістан» шетелдердегі ресейлік түркі халықтары өкілдерінің Екінші дүниежүзілік соғыстан бұрын ұзақ уақыт шығып тұрған және ең ықпалды баспасөз органдарының бірі ретінде тарихта үлкен із қалдырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz