Жыр жампозы



Қашанда халық арасынан өнерімен елді сүйсіндірген адамдар шығып отырған. Олар елді қиын-қыстау шағында қиыншылықтан шығуға қол ұшын берумен қатар, рухани тірегі бола білді. Ел мақтанышына айналып отырды.
Қазақ халқы өнерге, өнер адамдарына кенде болмаған. Тарих түкпіріне көз салсақ көне әдебиет өкілдері, жыраулар қазақтың бай ауыз әдебиеті мен халықтық поэзияның пайда болуына, қалыптасуына, біздің заманымызға жетуіне мұрындық болып келді. Соның бірі және бірегейі - бүгінгі күні 160 жылдығын тойлап отырған жерлесіміз, мақтанышымыз әйгілі Жамбыл ақын.
Жамбылдың кіндік қаны тамған, балалық шағы өткен жері көне Әулиеата өңірі әрдайым Жамбыл есімін мақтан тұтады. Жастайынан кедейліктің құрсауында жүріп, оның ащы дәмін молынан татса да тәңірі сыйлаған ақындық дарынының арқасында ел еркесіне айнала білді. Айтыс өнерінің падишасы Сүйінбай ақынның батасы Жамбыл үшін шыбыққа тамған тамшыдай нәр бергені анық. Сондықтан Жамбыл әр өнер сайысында:

Менің пірім Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сиынбай,

– деп өзінің рухани тірек көзін жасырмай айтып келді.
Жамбыл екі ғасырдың басын бір ортаға қиыстырып ұстаған ақын. Сондықтан оның творчествосынан 19-20 ғасырдағы қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, тынысын, заман шындығын анық байқаймыз.
Жамбылдың өмірі, шығармашылық жолы әр жылдары әдебиеттану ғылымының басты объектілерінің бірі болып келді. Белгілі әдебиетші ғалымдар М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, С.Мұқанов, С.Садырбаев, М.Жолдасбеков және т.б. ғалымдар Жамбылдың поэзиясына жан-жақты талдау жасай келе, қазақ халық поэзиясына қосқан үлесіне әділ баға берді.
Жамбылдың поэзиясы оның көзі тірісінде-ақ қазақ шекарасынан асып, бүкіл әлемге қазақ деген елдің бар екендігін паш еткен поэзия болды. Әйгілі ақынның 75 жылдығына орай француз халқының классигі Ромен Ролланның «Батыстағы Альпі тауларының жүрегінен қазақ далаларының жүрегіне – қазақ халқымен осы заманғы адамзаттың жыршысы Жамбылға туысқандық сәлем!» деп үн қатуы тек Жамбылға ғана емес, қазақ поэзиясына сүйсінуден туғандығын айта кеткен жөн.
Жамбылдың осындай биік дәрәжеге көтерілуіне басты себеп неде деген сұраққа жауап табудың өзі қиын. Әйткенмен ақынның ақындығы оның турашылдығында, халықтығында дегеніміз дұрыс шығар. Жамбыл әруақта өзін қадір тұтқан сүйікті халқының ортасында болды. Соның сойылын соғып, жыртысын жыртты. Ел әкімдеріне жағынып, тамақ асыраған емес. Дүние жолын қуып, байлық та жиған жоқ. Мәселен 1913 жылы Романовтар әулетінің 300 жылдық мерейтойына орай Верный қаласында ұйымдастырылған мерекеде жағымпаз әкім-қаралардың әрекетін көріп жиіркенеді.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ЖЫР ЖАМПОЗЫ

Қашанда халық арасынан өнерімен елді сүйсіндірген адамдар шығып
отырған. Олар елді қиын-қыстау шағында қиыншылықтан шығуға қол ұшын берумен
қатар, рухани тірегі бола білді. Ел мақтанышына айналып отырды.
Қазақ халқы өнерге, өнер адамдарына кенде болмаған. Тарих түкпіріне
көз салсақ көне әдебиет өкілдері, жыраулар қазақтың бай ауыз әдебиеті мен
халықтық поэзияның пайда болуына, қалыптасуына, біздің заманымызға жетуіне
мұрындық болып келді. Соның бірі және бірегейі - бүгінгі күні 160 жылдығын
тойлап отырған жерлесіміз, мақтанышымыз әйгілі Жамбыл ақын.
Жамбылдың кіндік қаны тамған, балалық шағы өткен жері көне Әулиеата
өңірі әрдайым Жамбыл есімін мақтан тұтады. Жастайынан кедейліктің
құрсауында жүріп, оның ащы дәмін молынан татса да тәңірі сыйлаған ақындық
дарынының арқасында ел еркесіне айнала білді. Айтыс өнерінің падишасы
Сүйінбай ақынның батасы Жамбыл үшін шыбыққа тамған тамшыдай нәр бергені
анық. Сондықтан Жамбыл әр өнер сайысында:

Менің пірім Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сиынбай,

– деп өзінің рухани тірек көзін жасырмай айтып келді.
Жамбыл екі ғасырдың басын бір ортаға қиыстырып ұстаған ақын.
Сондықтан оның творчествосынан 19-20 ғасырдағы қазақ халқының тұрмыс-
тіршілігін, тынысын, заман шындығын анық байқаймыз.
Жамбылдың өмірі, шығармашылық жолы әр жылдары әдебиеттану ғылымының
басты объектілерінің бірі болып келді. Белгілі әдебиетші ғалымдар М.Әуезов,
Қ.Жұмалиев, С.Мұқанов, С.Садырбаев, М.Жолдасбеков және т.б. ғалымдар
Жамбылдың поэзиясына жан-жақты талдау жасай келе, қазақ халық поэзиясына
қосқан үлесіне әділ баға берді.
Жамбылдың поэзиясы оның көзі тірісінде-ақ қазақ шекарасынан асып,
бүкіл әлемге қазақ деген елдің бар екендігін паш еткен поэзия болды. Әйгілі
ақынның 75 жылдығына орай француз халқының классигі Ромен Ролланның
Батыстағы Альпі тауларының жүрегінен қазақ далаларының жүрегіне – қазақ
халқымен осы заманғы адамзаттың жыршысы Жамбылға туысқандық сәлем! деп үн
қатуы тек Жамбылға ғана емес, қазақ поэзиясына сүйсінуден туғандығын айта
кеткен жөн.
Жамбылдың осындай биік дәрәжеге көтерілуіне басты себеп неде деген
сұраққа жауап табудың өзі қиын. Әйткенмен ақынның ақындығы оның
турашылдығында, халықтығында дегеніміз дұрыс шығар. Жамбыл әруақта өзін
қадір тұтқан сүйікті халқының ортасында болды. Соның сойылын соғып,
жыртысын жыртты. Ел әкімдеріне жағынып, тамақ асыраған емес. Дүние жолын
қуып, байлық та жиған жоқ. Мәселен 1913 жылы Романовтар әулетінің 300
жылдық мерейтойына орай Верный қаласында ұйымдастырылған мерекеде жағымпаз
әкім-қаралардың әрекетін көріп жиіркенеді. Отаршыл патшаның тойына
қатысудан, оны мақтап жыр шығарудан бас тартады. Билік басындағылардың
сойылынан қаймықпай:

Жапырылып иірілдің
Келтірдіңдер намысты,
Бек қорланып күйіндім,
Бүйтіп қызық көргенше,
Өзі жақсы үйімнің

– дейді ақын.
Ақынның мекені халық ортасы болса, жыр арқауы - тарих. Жамбыл бір
ғасыр ғұмырында небір тарихи өзгерістерді басынан өткерді. Қоқан
хандығының, орыс патшасының езгісі, Кеңес өкіметінің солақай саясаты, 1916
жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс, 1917 жылғы Қазан төңкерілісі, 1932-35
жылдардағы ашаршылық, 1937 жылғы саяси қуғын-сүргін, 1941-45 жылдардағы Ұлы
Отан соғысы ақынның ғұмырнамасын құрайды. Қарап отырсақ бір адамның ғұмыры
үшін аз оқиғалар тізбегі емес. Ақын осы тарихи өзгерістер тұсында өсті,
дамыды, шыңдалды.
Тарихи оқиғалар Жамбыл ақынның негізгі азық көзі. Оның
творчествосында қазақ даласында өтіп жатқан тарих өткелдерінің барлығы
дерлік жырланып отырады. 18 ғасырдағы Жоңғарларға қарсы соғысты жырлайтын
Өтеген батыр дастаны мен 19 ғасырдағы Қоқан хандығына қарсы жырланатын
Сұраншы батыр дастаны қазақ тарихи жырларының алтын қорынан орын алатын
құнды мұра екендігі даусыз. Аталмыш тарихи жырларда ақын қазақ елінің
іргесін сөгіп, жерін иемденіп, елін құлдыққа ұстауға дәмеленген сыртқы
жауларға қарсы атойлап ұрыс салған қазақ батырларының образын сомдады.
Өтеген мен Сұраншы сияқты батырлар бейнесі арқылы талайлаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұқағали Мақатаев - мәңгі жыр
Мұқағали Мақатаев Сүлейменұлы
Айтыс өнерінің дүлдүлі
Жамбыл жырлары - теңіздің терең түбінде жатқан тұңғиық сырдай қол жетпес асыл қазына
Ақын Несіпбек Айтұлының қазіргі қазақ әдебиеті қоржынына салған поэмаларының орны
Сезім саясымен салыстырғанда теңіздің жанындағы тамшыдай
Мұстафа Шоқай күллі түркінің алып тұлғасы
Қырық парыздың баяны
Жөкей ақын
Мақатаев, Мұқағали Сүлейменұлы
Пәндер