Windows жүйесінің стандартты программалары жайында


Мазмұны

  1. Кіріспе . . . 3

Бөлім 1. Программалық құралдар . . . 4

Бөлім 2. WINDOWS Жүйесінің стандартты программалары . . . 12

Бөлім 3. MS WORD редакторының терезесімен танысу . . . 22

Бөлім 4. Excel электрондық кестесінің негізгі үғымдары . . . 60

Бөлім 5. Excel-де диаграммалар тұрғызу . . . 70

Қорытынды . . . 72

Пайдаланған әдебиеттер . . . 74

Кіріспе.

XXI ғасырдың басы адамзаттың индустриялы эрадан информациялық эраға өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты информацияны ала білу, оны өндеу және күнделікті істе пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.

Соңғы бір екі жыл ішінде пайда болған жаңа программалық өнімдер жалпы көпшілікке кәсіби информациялық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттігін көрсетті.

1. ПРОГРАММАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР

Программа - магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл "түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыста бір-бірімен біріге отырып жұмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі.

Алдын ала келісім (соглашение) нақты программа арқылы орындалатын әрекеттер (функциялар) жиынының және әр функцияның орындалу вариантын анықтайды.

Үнсіз келісім (по умоланию) егер жұмыс істеп отырған адам айқын түрде нұсқамаса, көрсетілген немесе басқа әрекеттің, яғни функцияның нақты атқарылу параметрлерін (басқа да варианттары болғанда) алдын ала тағайындайды.

Интерфейс - программалық жабдық пен жұмыс істейтін адам арасындағы сұхбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны.

Программалық жасақтама - информациялық технологиялардың елеулі бір бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жәй элементтер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды.

ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді, олар:

1) жүйелі программалық жасақтама;

2) қолданбалы (кәделі) программалық жасақтама.

Жүйелі программалар ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қолданбалы программалармен байланыстырады.

Жүйелі программалық жасақтаманы бірнеше топқа жіктеуге болады:

1) операциялық жүйелер;

2) утилиттер;

3) сервистік программалар.

Операциялық жүйелер - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Дербес компьютерлер үшін кең тараған операциялық жүйелерге MS (PC) DOS, WINDOWS 98, WINDOWS 2000, WINDOWS NT, OS/2, UNIX жатады.

Дербес компьютерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетте бір компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой.

WINDOWS 98, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық - бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы. Мысалы, Сіз мәтін көшіріліп жатқан шақта ойнап та отыруыңызға болады, өйткені бұл жұмыстарды әртүрлі құрылғылар атқарады немесе ол құрылғылардың жұмыс жылдамдығы адамның жылдамдығынан өте жоғары болып келеді.

Көптеген IBM - үйлесімді компьютерлер дискілік MS DOS операциялық жүйесі мен көп терезелі WINDOWS графикалық операциялық жүйесін пайдаланады.

Операциялық жүйелер көптеген функцияларды орындайды: информацияны дискіге жазу-оқуды жүзеге асырады, мәліметтер сақтауды ұйымдастырады, компьютер құрылғыларының өзара байланыста жұмыс істеуін, барлық қолданбалы программалар жұмысының орындалуын қамтамасыз етеді. Бұл жүйе ЭЕМ іске қосылғаннан кейін иілгіш не қатты дискіден алғашқы жүктелетін кешенді программа болып табылады.

Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (қысу) программаларын, компьютердің жұмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест программалары) айтуға болады.

Сервистік программалар - әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.

Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерімізді шығарамыз. Мұндай программалар "қолданбалы" (приложение) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатын қуатты мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік процессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер т. б. ), ғылыми мәселелерге арналған және жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады.

Қолданбалы (кәделі) программалық жасақтама - белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.

Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын программалық жасақтама әр адамның нақты есептерін шығаруға арналған, сондықтан оны пайдалану аймағы да шектеулі. Мұндай программаларды жұмыс иесі өзі жасайды немесе оның талабы бойынша маман программалаушылар жасап береді.

Дербес компьютерлердің кең тарауына басты себеп олардың алдын ала дайындалған әмбебап программалық жабдықтамаларының кең таралуы еді, бұл программалар тек бір есепті шығарып қана қоймай, белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды немесе информацияның белгілі бір түрлерін өңдеуді түгел қамти алатын болды.

Әртүрлі информацияларды өңдеуге мүмкіндік беретін әмбебап программалық жасақтың негізгі түрлері мыналар:

  • мәтін редакторлары;
  • графикалық редакторлар;
  • электрондық кестелер;
  • оқыту және ойнау программалары;
  • информациялық жүйелер және т. б.

Мәтіндік информацияларды даярлау мен өңдеуге арналған программалар мәтін редакторы деп аталады. Өмірде кез келген ЭЕМ-де жұмыс істейтін адамдар әртүрлі есеп-қисаптар мен құжаттар дайындау, мақала және басқа жазбалар жазу сияқты мәтін дайындаумен айналысады. ДЭЕМ-дерді осы мақсаттарға пайдаланса, баспа машинкасына қарағанда жұмыс өнімділігі күрт өсетіні талас тудырмаса керек.

Мәтін редакторлары экранда мәтіндерді түзетуге, қателерін уақытында табуға, абзацтардың сол жақ, оң жақ шеттерін туралауға, мәтіндерді дискілерде ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден тауып алуға, бірнеше алфавитті (латын, орыс, қазақ) қатар пайдалануға, құжаттарды қағазға бірнеше дана етіп басып шығаруға мүмкіндік береді.

Дербес ЭЕМ-дер кітап, журнал, газет, т. б. шығаруда кең пайдаланылады. Компьютердің машинкаға қарағанда көптеген артықшылығы бар: қате оңай түзетіледі, материалдарды дайыңдау шапшаңдайды, оларды безендіру жолдары жеңілдейді. Өте жоғары сапалы басылым шығара алатын лазерлік принтерлермен жабдықталған шағын баспахана жүйелерінің одан да күшті мүмкіндіктері бар (осы оқулық та компьютерлік баспа жүйесінде дайындалды) .

Кең тараған мәтін редакторларына Місrоsoft Word, Page Maker, Word Perfect т. б. жатады.

Графиктік редакторлар графиктік информацияны дайындау мен өңдеуге арналған программа болып табылады. Олар өмірде жиі кездесетін есептеу нәтижелерін график түрінде шығаруда өте ыңғайлы. Оның үстіне графикалық редакторлар бейнелерді әртүрлі етіп - схемалар, сызбалар, суреттер және т. б. түрлерде бере алады.

Графикалық редакторлар мәліметтердің есептелу нәтижесін график бейнесінде көрсетуде және өз қалауымызша түрлі сызықтар тұрғызуда да қолданылады. Графиктерді әртүрлі қылып, мысалы, түзу немесе қисық сызық түрінде, дөңгелек диаграммалар мен гистограммалар бейнесінде салуға болады, оларға автоматты түрде масштаб енгізу керек болса, онда координата остеріне сандар мен атауларды жазып қоюға да болады. Күрделі графикалық бейнелер тұрғызу кезінде түрлі-түрлі фигура мен контурларды пайдаланып, олардың әрқайсысын әртүрлі түстерге бояуға да болады. Осындай мүмкіндіктері бар графиктік редакторларға Paint, CorelDraw, Graf-in-the-Box, PC Illustrator т. б. жатады.

Электрондық кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар (ұялар) болады, олар пернелермен информацияны енгізу арқылы немесе формулалар өрнегін есептеу нәтижесі бойынша компьютерде жазу арқылы толтырылады. Мұнда кестелік мәліметтерді түзету, оларды дискілерде жазып сақтау, түрлендіру, қағазға басып алу сияқты көптеген әрекеттер өте жылдам орындалады. Кең тараған электрондық кесте жүйелеріне Lotus 1-2-3, SuperCalc, QuatroPro, Excel сияқты программалар жатады.

Ойын программалары дербес ЭЕМ-дердегі қызғылықты, кез келген жан әуестенетін топқа жатады. Дербес компьютерлердің кеңінен тарауына да себепші болған ойын программалары еді. Компьютерлік ойындар - демалудың жаңа технологиясы. ЭЕМ-де ойнағанда онымен шектен аса әуестенудің зиян екенін есте сақтаған жөн.

Оқыту программалары оқу-үйрену сабақтарын ұйымдастырады, олардың мектепте не үйде тарихтан, информатикадан, тілден, биологиядан, математикадан, физикадан т. б. пәндерден сабаққа дайындалу кезінде өте ыңғайлы екені талас тудырмайды. Компьютерлер сабақ оқуда электрондық оқулық және тренажерлер түрінде, лабораториялық аспап, әрі информациялық анықтамалық жүйе есебінде кеңінен пайдаланылады. Институттарға қабылдау емтихандарын өткізу кезінде компыютерлер "қазы" рөлін де әділ атқара алатын құрал екені белгілі.

Іс программалары қызметте керекті әртүрлі информацияларды дайындау, сақтау және өңдеу үшін кеңінен қолданылып жүр. Бұлар іс қағаздарын жүргізуді компьютрлендіру кезінде құжаттар дайындау, жұмыс кестелерін жасау, кезекшілік графиктерін салу сияқты әрекеттерде де өте ыңғайлы болып табылады.

Информацияның көптеген түрлерін сақтау, іздеу, жалпы ұйымдастыру жұмысында информациялық жүйелер қолданылады. Бұларға мәліметтер базасы, кітапханада информация іздеу жүйелері, театрларда, әуе жолында және темір жолдағы билет сату мен оларды тіркеу тәсілдері жатады. ЭЕМ желілері мен информациялық коммуникациялар негізіндегі осы сияқты жүйелерді жасау мен дамыту қоғамымызды информацияландыру бағдарламасының ірге тасын қалайды.

Болашағы бар информациялық құралдарға білімдер базасы мен эксперттік жүйелерді жатқызуға болады. Олардың көмегімен кейбір мамандық салаларында эксперттер тәртібін модельдеу арқылы медициналық тақырыптардан консультациялар мен әртүрлі қызмет салаларынан анықтамалар беру, өнертапқыштарға, технологтар мен конструкторларға көмек беру істерін жүзеге асыруға болады.

Әмбебап программалық жасақтың дамуының арқасында күрделі біріктірілген (интегралданған) жүйелер жасалынып жатыр. Олар бірыңғай командалар жүйесі арқылы бір форматты пайдалана отырып мәтін редакторын, электрондық кестелерді, графикалық редакторды, мәліметтер базасын басқару жүйесін, калькуляторды және тағы басқаларды біріктіріп, бір интерфейс арқылы осылардың барлығың да пайдалану мүмкіндігін береді. Біріктірілген жүйелердің ішінде кең таралып, белгілі болғандарына Framework, Symphony, Master және т. б. жатады.

Әмбебап программалық жасақтама дербес компьютерлермен жабдықталған әртүрлі мамандық иелерінің жұмыс орындарын автоматтандыруды іске асырады. Мұндай жүйелерге, мысалы, кострукторлық жобалауды, электрондық тақшалар жасап дайындауды, экономикалық және бухгалтерлік жұмыстарды автоматтандыру істерін жатқызуға болады. Инженерлік практикада қазір осындай мақсаттарға MatLab, MatCad, Eureka сияқты программалық дестелер кеңінен қолданылып жүр.

Қоғамымызды дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен және информациялық қорлармен толық қамтамасыз ету бұрынғы "қағаздағы" мәліметтерді қолдану жұмыстарын толықтыра отырып, информация алу, тарату, пайдалану жұмыстарын ұйымдастыруды жаңа белеске көтерді. Мұны өзі қоғамымызда информацияландыру процестерін дамытудың негізі болады деп толығынан айта аламыз.

Қолданбалы программалар арасындағы ерекше топқа қолданбалы программаларды даярлаудың аспаптық құралдары (инструментальные средства) жатады.

Аспаптық құралдар - басқа программалар мен автоматтандырылған жүйелерді даярлау үшін программалаушылар пайдаланатын программалар мен программалық кешендер.

Дербес компьютерде кең тараған аспаптық құралдарға BASIC, PASCAL, C және ASSEMBLER сияқты программалау тілдері жатады, олар үшін соңғы кездерде әмбебап программалау жүйелері жасалған болатын. Бұл тілдердің әрқайсысы белгілі бір мәселелер тобын шешуге өте қолайлы. Оның үстіне, әртүрлі ЭЕМ-дерде белгілі бір тілге ғана үстемдік беріледі.

Программалау жүйелері шыққанға дейін әр адам өзі қолданатын программа мәтінін программалау тілінде жазып, оны ЭЕМ-ге арнаулы мәтін редакторы арқылы енгізіп, сонан соң тағы бір арнайы программа - компилятор (транслятор), көмегімен өз мәтінін машина тіліне аударатын. Ең соңында үшінші бір арнаулы жинақтаушы программаның арқасында бөлек модульдерден орындалатын программалық файл алынатын.

Бүгінгі күн талабына сәйкес келетін программалық жүйелерді пайдалансақ, мұндай күрделі жұмыстар атқарудың ешбір қажеті жоқ сияқты. Қазір біріктірілген бір-ақ программалық десте осы аталған операцияларды түгел қамтиды. Соңғы кездердегі ДЭЕМ программалық жүйелерін жасайтын алдыңғы қатарлы фирмаларға Microsoft Corporation және Borland International сияқтыларды жатқызуға болады. Microsoft фирмасы өзінін Quick Basic, Visual Basic және Microsoft C++ деген программаларын, ал Borland фирмасы -Turbo Basic, Borland С, Turbo Pascal программалық тілдерін жасап таратуда. Бұл жүйелердің әрқайсысының күшті де, әлсіз де жақтары бар, сондықтан оларды таңдауда алдына қойған мақсатына қарай әр адам өзі шешеді.

Қазіргі кезде жасалынып жатқан программалар теледидар, тоңазытқыш, шаңсорғыш тәрізді өңдірістік өнімдер санатына кіреді. Бұл программаларды жасау мен тарату - өндірісті жүргізу заңдылықтарымен бірдей деңгейде болады деген сөз. Бұл күндері тегін берілетін, шартты түрде (жартылай) тегін және сатылатын программалар бар. Программаларды сатып алу және тарату шарттары сол программамен бірге берілетін оның сатушысы не авторы дайындаған құжаттарда жазылады. Біреудің программасын пайдалану үшін осындай мәселелерге көңіл бөліп отыру қажет екенін естен шығармаған жөн.

2. WINDOWS ЖҮЙЕСІНІҢ СТАНДАРТТЫ ПРОГРАММАЛАРЫ

Windows жүйесінің стандартты программалары құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажетті операциялық жүйе орындай алмайтын бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді, мысалы:

- мәтіндік құжаттар дайындау;

- графикалық бейне-көріністерді даярлау және оларды өңдеу, түзету;

- жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру;

- математикалық есептеулерді орындау және т. б.

Әдетте, бұл қосымша программалар "Стандартты" тобында орналасқан (Windows 3. х - "Реквизиттер" тобында) .

WordPad мәтіндік редакторы

WordPad, Write (Windows 3. х) редакторлары күрделі мәтіндік құжаттарды дайындауға мүмкіндік береді.

Windows З. х жүйесінде редакторды іске қосу үшін "Реквизиттер" тобындағы " Write редакторы" белгісін таңдау керек.

Ал, Windows 98 жүйесінде - Іске қосу=>Программалар

=> Стандартты => WordPad командасын орындау қажет.

WordPad және Write редакторлары мәтіндік құжаттарды пернелерде теріп дискілерде сақтауға, оларды өңдеуге - ішкі көрінісі мен қаріпін өзгертуге, құжат ішінде символдардың іздеу мен ауыстыру әдістерін іске асыруға, графиктік суреттерді қосуға, оның беттерінің параметрлерін өзгертуге және қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді.

Windows жүйесінің бір ерекшелігі - ондағы кез келген қолданбалы программадағы мәтінді қағазға басу бір тәртіппен жүргізілетіндігі.

Программа терезесінде орналасқан құжатты баспаға шығармастан бұрын, принтер түрін және оның параметрлерін тағайындаймыз. Бұл жағдайда "Файл=>Принтер таңдау" (Файл=>Выбор принтера) және "Файл=>Баспа" (Файл=> Печать) деген командаларды меню жүйесінен таңдау қажет.

Егер де сіз Параметрлер батырмасын басатын болсаңыз, онда экранға шығатын сұхбаттасу терезесінде принтерден сапалы басылым шығарудың параметрлерін реттеуіңізге болады.

Блокнот (Windows З. х)

Блокнот - кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор.

Оның бір талассыз жақсы жағы бар - ол қарапайым әрі жинақы жұмыс істеуге мүмкіндік береді, жедел жадта тіптен ешқандай орын алмайды десе де болады және басқа программалардың қатарласа жұмыс істеуіне ешбір кедергісін тигізбейді. Бұл программаны іске қосу үшін "Реквизиттер" тобында (Windows З. х) орналасқан "Блокнот" атты белгішені таңдау жеткілікті.

Көптеген жағдайларда, мысалы, командалық файлдарды дайындау, түзету немесе модем арқылы жіберілетін хатты дайындау кездерінде бұл шынында да жылдам істейтін, таптырмайтын қосымша программа екеніне көзіңіз жетеді.

Блокнот тек бір ғана қаріп түрін (жүйелік шрифт) ғана пайдаланады. Мұнда мәтін фрагменттерімен жұмыс істеу ісі, керекті символдарды іздестіру, мәтінді файлдарға жазу мен оқу, баспаға шығару жұмыстары жақсы жолға қойылған.

Күнтізбе (Windows З. х)

Күнтізбе - бұл жұмыс уақытын жоспарлауға, мерзімдік жоспар (календарный план) жасауға, кездесулер мен телефон соғу кестелерін құрастыруға арналған шағын программа. Нақты айтсақ, календарь - күнделіктің компьютерлік варианты. Программаны іске қосу үшін "Реквизиттер" тобынан "Күнтізбе" (Календарь) белгісін таңдап алу керек.

Күнтізбе информацияны қарап шығудың екі режимінде жұмыс істейді:

- күнделікті кесте - Қарап шығу=>Күн {F8} (Просмотр= День) командасы;

- айлық кесте - Қарап шығу=>Ай {F9} (Просмотр=>Мссяц) командасы.

Егер сіз бөлінген уақыт аралықтарын өзгерткіңіз келсе, оларды Параметрлер => Күн Параметрлері . . . (Параметры => Параметры Дня . . . ) командасы арқылы жөндеуге болады. Одан кейін сұхбат терезе арқылы керекті параметрлер енгізіледі.

Күнтізбе программасына белгілі бір уақытта дыбыс беретін ояту сигналын (будильник) жазып қоюға болады. Бұл үшін Күн режимінде көрсетілген уақытты таңдап алып, тышқанды бір рет шерту керек те, содан кейін Оятқыш=>Қондырғы {Ғ5} (Будильник => Установка) командасын таңдау керек. Таңдалынған аралықтың сол жағына қоңыраудың бейнесі пайда болып, оятқыштың іске қосылғаны белгілі болады.

Құрастырылған календарлық, кестенің файлға жазылуы, одан оқылуы, қағазға басылуы мүмкін.

Калькулятор

Калькулятор программасы бүгінгі күндері тіпті төменгі сынып оқушылары да кеңінен пайдаланатын компьютерлік калькулятор болып табылады. Программаны іске қосу үшін "Реквизиттер" тобында "Калькулятор" шартбелгісін таңдау керек. Программа екі режимде жұмыс істейді:

- стандартты (жады бар қарапайым арифметикалық калькулятор) режимі;

- ғылыми (қиын да күрделі есептеулер жүргізуге арналған қуатты калькулятор) калькулятор режимі. Есептеуге қажет сандар "тышқанмен" немесе пернелер көмегімен енгізіледі. Енгізілген цифрлар мен де есептеулер нәтижелері индикаторда бейнеленеді.

Калькуляторда стандартты режимде төрт арифметикалық амалдан, процентті есептеуден, квадрат түбір мен кері шаманы табудан басқа оның жадымен келесі әрекеттерді орындауға болады:

ЗП - индикатордағы санды жадқа жазады;

П+ - жадтағы санға индикатордағы санды қосады;

ИП - жадта сақталған санды индикаторға шығарады.

ПО - жадты тазалайды.

Индикаторға енгізілген соңғы цифрды жоюға арналған Кейін (Назад) батырмасының бар екені есте болсын.

PAINT ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫ

Алғашқы мағұлматтар

Графикалық редактор - Графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде нүктелік және векторлық деп аталатын графикалық редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық редакторлард да кез келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер арқылы салынады, ал нүктелердің әрқайсысы түрлі түске боялады.

Paint (Paintbrush) - Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өінің мүмкіндіктері жағынан профессионалды графикалық редакторлардан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалық форматына сақталады.

Программа терезесі

Редакторды іске қосу үшін «Реквизиттер» тобындағы Paintbrush белгісін таңдаңыздар.

Ал, Windows 98 жүйесінде Іске қосу => Программалар =>Стандартты => PAINT командалар тізбегін орындасақ, экранда программаның терезесі пайда болады. Терезенің сол жақ шеткі қабырғасында аспаптар тақтасы орналасқан. Одан сіздер Paint-та кездесетін барлық сурет салу аспаптарын көре аласыздар. Кез- келген аспаптарды таңдау үшін соның белгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны шерту жеткілікті. Осыдан кейін таңдап алынған аспатың бейнесі айқын түспен ерекшеленеді.

PAINT редакторының экраны

Қолданылатын аспаптар

Paint аспаптарын іс жүзінде игеруге кіріспес бұрын ескертетін бір жайт - редакторда жұмыс істеу барысында соңғы орындалған әрекетті өзгерту мүмкіндігі бар. Өзгерту операциясы алғашқы кезде жиі қолданылады. Оны іске асыру үшін менюдегі Түзету => Өзгерту {Ctrl+Z} командасын таңдау керек.

Аспаптар тақтасы қарапайым суретшінің аспаптарының жиынына ұқсас болып келеді. Ең алғашқы аспапқа Қылқалам (Кисть) жатады. Ол әдеттегі қарындаш тәрізді сурет салу жұмысын атқарады. Мұндай аспапты таңдаған соң, «тышқанның» стандартты курсоры Қылқаламға айналады. Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып (оны жібермей) курсорды экран бетімен жылжытсаңыз курсор артында із қалдырады, оның түсі сол мезеттегі тағайындалған түске сәйкес болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютердің программалық жабдықтамалары операциялық жүйе тарихы, қызметі және түрлері
Microsoft Windows
Глобальды жүйе
Архиваторлар. Компьютерлік қауіпсіздік туралы ақпарат
Wіndows жүйесінің cтандартты программалары
Файлдық жүйе (Файловая система; file system)
Операциалық жүйелердің файлдық жүйесі
ЭЕМ-ң қызметі, құрамы және жіктелуі
Linux операциялық жүйесінің функциялары
Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары мен анықтамалары туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz