Мектепке дейінгі музыкалық білім



Кіріспе
1. Мектепке дейінгі музыкалық білім беру
2. Қазақ мектептерінде музыкалық сауаттылық
Қорытынды
Қолданылған әдебиет тізімі:
Музыканың өнер құралы ретінде орасан зор тәрбиелік мүмкіндігі бар. Ол өмірдің ажырамас бір бөлігі және оны бөліп қарастыруға болмайды. Қоршаған орта музыка тілі арқылы адамға аудармасыз-ақ түсінікті де жақын бола түседі. Музыкалық көркем бейне оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін ашуда жаңаша ойлау өрісін байытып, өмірлік тәжірибесін кеңейтеді.
Музыка эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып жеке тұлғаның ақыл ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан-жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, қызығушылық біліктілігін және ойлау қабілетін дамытуға , шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында музыка сабақтары білім беру мен тәрбие берудің маңызды бір саласы болып табылады. Музыка пәнінің маңызы қоғамның әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып, оқушыларды халықтық ( ұлттық) музыкаға баулиды.
Халықтық музыкалық фольклорына құрметпен қарап, ұлттық салт-дәстүрімізді қастерлеуге баланы жас кезінен баулығанда ғана, ол ертеңгі өз отанының нағыз азаматы болады.Халық музыкасы мен кәсіптік (профессионал) музыканың өзара байланысын сезіну арқылы бала классикалық күрделі музыканы түйсінеді. Сондай-ақ , ұлттық музыка мен дүниежүзі музыкасындағы халық ән-күйлері аудармасыз-ақ,, бар халыққа түсінікті тіл екендігін ұғынады.
Музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты – музыка өнері арқылы рухани бай, шығармашылығы мол, халық өнерін өмірдің бейнесі ретінде түсініп, оны сүйе білетін, халқымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін қастерлейтін, классикалық музыканы және басқа халықтардың өнерін құрмет тұтатын жеке тұлға тәрбиелеу.
Тәрбиелік және білімдік міндеттері:
1) Халық музыкасына құрметпен қарау, ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрпымызды қастерлеуге тәрбиелеу, қазақ музыкасы мен өнерінің өзара байланысын түсінуін қамтамасыз ету.
2) Басқа халықтардың музыкасын сыйлап, өз халқыңның музыкасымен ұқсас, жақын жерлерін таба білуге көмектесу.
3) Классикалық музыкаға және дүниежүзінің музыка өнеріне жақындастыру, белгілі композиторлардың, музыкантардың, орындаушылардың шығармашылығымен таныстыру,солардың үлгілерінде тәрбиелеу.
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. // Егемен Қазақстан. – 2004. – 16 қазан.
2. Сухомлинский В.А. Как воспитать настоящего человека: (этика коммунистического воспитания). Педагогическое наследие. – М.: Педагогика, 1990.
3. Асафьев Б.В. Музыкальная форма как процесс. – Л., 1971.
4. Абу Насыр аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии. – Алматы: Ғылым, 1993.
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары кәсіптік білім бакалавриат. Мамандығы 050106 - Музыкалық білім беру. ҚР МЖМБС 3.08.273-2006. – Астана. – 09.01. – 2006.
6. Жұматаева Е. Жоғары мектеп дидактикасы дамуының ғылыми педагогикалық негіздері: Дисс. пед. ғыл. докт. – Алматы, 2003.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 3
1. Мектепке дейінгі музыкалық білім беру 4
2. Қазақ мектептерінде музыкалық сауаттылық 4
Қорытынды 8
Қолданылған әдебиет тізімі: 9

Кіріспе

Музыканың өнер құралы ретінде орасан зор тәрбиелік мүмкіндігі бар. Ол өмірдің ажырамас бір бөлігі және оны бөліп қарастыруға болмайды. Қоршаған орта музыка тілі арқылы адамға аудармасыз-ақ түсінікті де жақын бола түседі. Музыкалық көркем бейне оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін ашуда жаңаша ойлау өрісін байытып, өмірлік тәжірибесін кеңейтеді.
Музыка эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып жеке тұлғаның ақыл ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан-жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, қызығушылық біліктілігін және ойлау қабілетін дамытуға , шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында музыка сабақтары білім беру мен тәрбие берудің маңызды бір саласы болып табылады. Музыка пәнінің маңызы қоғамның әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып, оқушыларды халықтық ( ұлттық) музыкаға баулиды.
Халықтық музыкалық фольклорына құрметпен қарап, ұлттық салт-дәстүрімізді қастерлеуге баланы жас кезінен баулығанда ғана, ол ертеңгі өз отанының нағыз азаматы болады.Халық музыкасы мен кәсіптік (профессионал) музыканың өзара байланысын сезіну арқылы бала классикалық күрделі музыканы түйсінеді. Сондай-ақ , ұлттық музыка мен дүниежүзі музыкасындағы халық ән-күйлері аудармасыз-ақ,, бар халыққа түсінікті тіл екендігін ұғынады.
Музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты - музыка өнері арқылы рухани бай, шығармашылығы мол, халық өнерін өмірдің бейнесі ретінде түсініп, оны сүйе білетін, халқымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін қастерлейтін, классикалық музыканы және басқа халықтардың өнерін құрмет тұтатын жеке тұлға тәрбиелеу.
Тәрбиелік және білімдік міндеттері:
1) Халық музыкасына құрметпен қарау, ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрпымызды қастерлеуге тәрбиелеу, қазақ музыкасы мен өнерінің өзара байланысын түсінуін қамтамасыз ету.
2) Басқа халықтардың музыкасын сыйлап, өз халқыңның музыкасымен ұқсас, жақын жерлерін таба білуге көмектесу.
3) Классикалық музыкаға және дүниежүзінің музыка өнеріне жақындастыру, белгілі композиторлардың, музыкантардың, орындаушылардың шығармашылығымен таныстыру,солардың үлгілерінде тәрбиелеу.
4) Музыка тыңдау және орындау барысында оған шығармашылықпен қарауға тәрбиелеу, қызығушылығы мен қиялын өмір құбылыстары және музыканың өзара тығыз байланысын түсіндіру негізінде дамыту.
5) Музыканың көркем бейнесіне сәйкес мәнерлеп орындау, біліктілігін дамыту, оны түсіну мен сезіне білу талғамын қалыптастыру.
6) Музыкалық қабілеттілігін дамыту және білім беру.
1. Мектепке дейінгі музыкалық білім беру

Музыка өнерінің тағы бір ерекшелігі - адамның көңіл - күйін ортақтандырады. Музыка ағартушысы Б.В.Асафьев жеке тұлғаны қалыптастыруда халық әндерін музыка сабағында тиімді пайдалана білудің орны ерекше екендігін ескере отырып, ойын былайша тұжырымдайды: Халық арасында музыканың кеңінен дамуы үшін халықтың өзі туғызған мәңгілік өлмес ән өнерінің орны бөлек.
Табиғат дүниесіндегі сұлулықтың ғажабы аспан шырақтарында, ал жердегі дыбыс сұлулығы - ән, күй сазында - дейді шығыс философы, музыка зерттеушісі, ғұлама - ғалым Әбунасыр әл-Фараби.
Музыка өнері - мәдени тағылым, асқақтаған ән-күймен дамыған ғасырлар үнінің жемісі. Музыкалық дүниетаным дидактикасының ғылыми-педагогикалық даму тарихы ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың аралығын қамтиды.
Сондай-ақ халықтық тәрбие, музыкалық білім беру, салт-дәстүр мен халық өнерінің дидактикалық, ғылыми-педагогикалық дамуын зерттеуді мақсат еттік.
Қазіргі қоғамның даму тенденциялары тұлғаны жалпы адамзаттық рухани - адамгершілік құндылықтарына баулу барысында қалыптастыруға жаңа концептуалдық әдіс қажеттігін алға тартып отырмыз (алдымыздағы болатын біздің оқу құралдарымыз, оқулықтар жалпы оқу-әдістемелік кешені).
Демек, ұрпақ тәрбиесі мәселесін халықтық құндылықтар негізінде жетілдіру, қазіргі педагогика ғылымының алдына тұрған ауқымды істердің бірі. Жас ұрпақтың ұлттық игіліктер мен адамзаттың мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу арқылы әрбірінің жеке тұлғалық саналарын жан-жақты дамыту жаңа мектептің басты мақсаты болып табылады. Қазіргі мектептерімізде музыкаға оқыту рухани құндылықтарға, көркем шығармашылық әрекетерге тартудың басым бағыт болады.
Музыкалық - эстетикалық білімінің жеке тұлғаның үйлесімді дамуы, музыкалық - эстетикалық тәрбиеге қатыстылық мәселелер С.А. Ұзақбаева, А. Нұғыманова, П.М. Момынов, М.Х. Балтабаев, Р.Р. Жәрдемәлиева, А. Райымбергенов, Т.А. Қышқашбаев, А.А. Қалыбекова, Ш.Б. Құлманова, Р.К. Дүйсембінова және басқа ғалымдар зерттеулерінде өзінің ғылыми - теориялық шешімін тауып, оларда ұлттық музыкамыздың тәрбиелік мүмкіндіктерін оқу үрдісінде пайдалану жолдарын көрсетеді.

2. Қазақ мектептерінде музыкалық сауаттылық

Мәдениет дегеніміз - бүкіл адамзаттың тарихында жасалған материалдық және рухани байлықтың жиынтығы, -- деп бағаланады. Екінші сөзбен қорыта айтқанда - мәдениет материалдық өндіріс пен қоғамдық сананың, білім мен тәрбиенің, ғылым мен қоғамның даму кезеңіндегі дәрежесін көрсетеді.
Өткен замандағы музыка өнерлерінің негізгі мазмұны халық мұңы, оның тұрмысы еді. Ел мұңы ән, күй арқылы түрлі музыка аспаптарының сазымен елден-елге, жұрттан-жұртқа жайылып, өз арнасымен таралып жатты. Оны таратушылар халықтың ішінен суырылып шыққан өнер иелері: әнші, күйші, жыршы, қобызшы, сырнайшы сияқты өнерпаздар болды. Қазақтың дәстүрлі ән-күйлері, дастандар, тұрмыс-салт жырлары, түрлі музыкалық аспаптармен сүйемелденіп айтылатын аңыз-ертегілер және т.б.- халықтың ежелгі мәдениетінің осынау баға жетпес мұрасы көркем-эстетикалық талғамды дамыту, халықтың музыка өнерінің негізін игеру үшін таптырмайтын құнды материал.
Сол себепті, қазақ мектептерінің алдында үлкен міндеттер тұрды. Ал сол міндеттер бүгінгі таңда одан да зор, халқымыздың егемендігін басқа дамыған елдер деңгейіне жетілдіру, жеткен білім жиынтығымен қаруландыратын, оған ұйымдасқан түрде бірлесіп, жоспармен жұмыс істеуді, теорияны, практиканы ұштастыруды үйрететін жаңа адамдар тәрбиелеп шығаратын қазақ мектептерін ұйымдастыру. Өткенге көз жүгіртсек, 1920 жылдан бастап қазақтың музыка мәдениеті де ойдағыдай өркендеп, дами бастады.
Бұл салада қазақ мектебінің атқарған орны өте үлкен. 1919-1920 оқу жылдары қазақ мектептерінде басқа сабақтармен қатар сурет салу, қол өнер ісі, жалпы ән сабағы жүретін болған.
Ол сабақтың аты бері келе Ән-күй, Ән-музыка сабағы деп аталып, кейін 1960-1970 жылдары - Музыка сабағы деп өзгертілді. Ән-күй сабағы деп аталудың өзінде үлкен мән бар екенін айта кеткен дұрыс.
Мектеп пен арнаулы оқу орындар қабырғасында жастарға музыкадан сауат ашу мәселесі күн санап күшейе берді. Осы жағдайды терең сезінген, еңбек жолын мектеп мұғалімінен бастаған Ахмет Жұбанов 1933 жылы тұңғыш рет қазақ тілінде Музыка әліппесі деген атпен баспадан оқулық шығарды. Бұл жағдай қазақтың музыкалық әдебиетін одан ары дамытудың тарихи кезеңдерінің бірі еді. Қазақ мектебі өзінің даму жолында көптеген кезеңдерді басынан өткізді. Қаншама жылдар, ғасырлар бойы қазақтың сазды әні, күмбірлеген күйі елден-елге, ауыздан-ауызға тарап келсе, енді жаңа дәуірге, жаңа мәдениетке көтеріліп, мектептегі қазақ балалары ән-күй сабағының үстінде Музыкалық әліппе пайдаланатын болды. До, ре, ми, фа, соль, ля, си деген музыкалық дыбыстың анық теориялық заңдарын музыка тілінде оқып, барлығын құлақпен тыңдап, көзбен көріп, музыка сауатын қолмен жазу жетістігіне жеткен қазақ балалары мен жастары өз қабілеттерінің қауызын жасып, таланттарын таныта бастады.
1950 -- жылдары Ән-күй сабағына арналған жинақтар, домбыра үйрену мектебі, оркестірді қалай ұйымдастыру туралы оқулықтар, хорды басқару, Ән-музыка, Ән әліппесі, Ән музыка сабағы атты санаулы оқулықтар, методикалық нұсқаулар шығы бастады. Бұдан соң Ән-күй сабағының оқу бағдарламары ретке келтіріліп, Музыка сабағы деп өзгертілді. Бұл салада елеулі еңбек еткен өнер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыка сабағында мектеп жасына дейінгі балаларға музыканы қабылдауды оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі мекемелерде музыкалық аспапты қолдану жолдары
Балалар музыкалық аспаптарын ойнау жолдарын ұғыну
Музыкалық қабылдаудың дамуы музыкалық тәрбиенің негізгі мақсаты
Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка және оны пайдалану жолдары
Көпмәдениетті тәрбиенің түйінді мақсаттары көпсатылы
Мектепке дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру
Музыкалық тәрбие қызметінің сипаттамасы
Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка
Тыңдауға арналған музыкалық репертуарлар
Пәндер