Бұхар жырау жырларының көркемдік ерекшелігі



1. Бұхар жырау толғаулар жырланған басты тақырыптар туралы қысқаша түсінік

2. Бұхар жырау шығармаларының басты көркемдік ерекшелігі
18-ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі өкілі, жырау-Бұхардың шығармаларының көркемдік ерекшелігі туралы айтпас бұрын жыраудың сол өзі өмір сүрген дәуірде көтерген мәселелері, жырлаған тақырыптары туралы зерттеуші-ғалымдар мен әдебиетшілердің пікірін келтіріп өткен жөн. Өйткені жырдың тақырыбын білмей тұрып, оның көркемдік ерекшелігін ашып көрсету мүмкін емес.
Әдебиет тарихын зерттеушілердің айтуынша 18-ғасыр – қазақ поэзиясының кең өріс алған тұсы. Бұл, бір жағынан, әріден келе жатқан жыраулық дәстүрдің одан әрі дамып, жаңақырларынан көрінген кезеңі болса, екінші жағынан, ақындар мектебінің күш ала бастаған шағы болды.
“18-ғасыр қазақ қоғамы үшін, Ш. Уәлихановтың сөзімен айтсақ,қан жосыған ішкі-сыртқы жорықтар мен ұрыстардың заманы болды.Әсіресе өзінің елдік дербестігін сақтап қалу үшін ханнан бастап қарашаға дейін ат үстінде жүрген жаугершілік заман еді”- дей келе академик, профессор Р.Сыздықова 18-ғасырдағы поэзияның басты тақырыптары ретінде:
1.Ел қорғау, яғни елдік-ерлік тақырыбы;
2.Әлеуметтік-қоғамды суреттейтін жаңа соны тақырып;
3.Дінге, мұсылман дініне қатысты мәселелер
-сөз болғандығын айтады.
Ал енді Бұхар жырау шығармашылығына келсек, жоғарыда аталған тақырыптардың бәрін оның творчествосынан кездестіреміз. Оған дәлел Бұхардың: “Ей, айтшы, Алланы айт”, “Ақтың үйі мешіті”, “Ханға жауап айтпасам”, “Айналасын жер тұтқан” және т.б толғаулары жатады.
Академик, профессор Р.Сыздықова: “Бұхар-халықтың өнеге – оқуы-дидактикалық поэзия мен азаматтық позицияның жыршысы” – екендігін айтады және “Бірінші тілек тілеңіз”, “Ай не болар күннен соң”, “Айналасын жер тұтқан” сияқты өлеңдерімен өзіне дейінгі халықтық поэзияны ілгері дамытушы болса, “Абылай ханның қасында”, “Ай,Абылай, Абылай”, “Ханға жауап айтпасам”, “Керей қайда барасың” сияқты жырларымен Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет жыраулардың жырларымен тақырыптық әрі түр жағынан үндеседі”,-дейді.
Ал, М. Жармұхамедов Бұхар жырау толғауларын:
1 арнау толғау;
2 болжау толғау
3 насихат толғау –
- деп топтастырады.
1. М. Жармұхамедов “ Көненің көзі” А. 1996 ж, 128-129-130-131-бет.
2. Қ. Өміралиев “15-18-ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі” А. 1976 ж, 166-167-бет.
3. Е. Жұмабек “ Сын әуені” Астана. 2001ж, 5-7-бет.
4. Р. Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” А. 1993ж, 121-122-124-бет.
5. С. Негимов “ Ақын – жыраулар поэзиясының бейнелілігі” А.1996 ж, 128-129-130-бет.
6. “Қазақ әдебиетінің тарихы” 3-том. А. 2000 ж, 166-167-168-бет.
7. Ә. Дербісәлин “Әдебиет туралы толғаныстар” А. 1990 ж.
8. Қ. Жұмалиев “Әдебиет туралы толғаныстар” А. 1967 ж.
9. М. Мағауин “Қобыз сарыны”А. 2003ж.
10. Х. Сүйіншалиев “Қазақ әдебиетінің тарихы” А. 1995 ж.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Бұхар жырау жырларының көркемдік ерекшелігі

Жоспар

1. Бұхар жырау толғаулар жырланған басты тақырыптар туралы қысқаша түсінік

2. Бұхар жырау шығармаларының басты көркемдік ерекшелігі

Бұхар жырау толғауларында жырланған басты тақырыптар туралы қысқаша түсінік

18-ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі өкілі, жырау-Бұхардың
шығармаларының көркемдік ерекшелігі туралы айтпас бұрын жыраудың сол өзі
өмір сүрген дәуірде көтерген мәселелері, жырлаған тақырыптары туралы
зерттеуші-ғалымдар мен әдебиетшілердің пікірін келтіріп өткен жөн. Өйткені
жырдың тақырыбын білмей тұрып, оның көркемдік ерекшелігін ашып көрсету
мүмкін емес.
Әдебиет тарихын зерттеушілердің айтуынша 18-ғасыр – қазақ
поэзиясының кең өріс алған тұсы. Бұл, бір жағынан, әріден келе жатқан
жыраулық дәстүрдің одан әрі дамып, жаңақырларынан көрінген кезеңі болса,
екінші жағынан, ақындар мектебінің күш ала бастаған шағы болды.
“18-ғасыр қазақ қоғамы үшін, Ш. Уәлихановтың сөзімен айтсақ,қан
жосыған ішкі-сыртқы жорықтар мен ұрыстардың заманы болды.Әсіресе өзінің
елдік дербестігін сақтап қалу үшін ханнан бастап қарашаға дейін ат үстінде
жүрген жаугершілік заман еді”- дей келе академик, профессор Р.Сыздықова 18-
ғасырдағы поэзияның басты тақырыптары ретінде:
1.Ел қорғау, яғни елдік-ерлік тақырыбы;
2.Әлеуметтік-қоғамды суреттейтін жаңа соны тақырып;
3.Дінге, мұсылман дініне қатысты мәселелер
-сөз болғандығын айтады.
Ал енді Бұхар жырау шығармашылығына келсек, жоғарыда аталған
тақырыптардың бәрін оның творчествосынан кездестіреміз. Оған дәлел
Бұхардың: “Ей, айтшы, Алланы айт”, “Ақтың үйі мешіті”, “Ханға жауап
айтпасам”, “Айналасын жер тұтқан” және т.б толғаулары жатады.
Академик, профессор Р.Сыздықова: “Бұхар-халықтың өнеге – оқуы-
дидактикалық поэзия мен азаматтық позицияның жыршысы” – екендігін айтады
және “Бірінші тілек тілеңіз”, “Ай не болар күннен соң”, “Айналасын жер
тұтқан” сияқты өлеңдерімен өзіне дейінгі халықтық поэзияны ілгері дамытушы
болса, “Абылай ханның қасында”, “Ай,Абылай, Абылай”, “Ханға жауап
айтпасам”, “Керей қайда барасың” сияқты жырларымен Асанқайғы, Шалкиіз,
Жиембет жыраулардың жырларымен тақырыптық әрі түр жағынан үндеседі”,-дейді.
Ал, М. Жармұхамедов Бұхар жырау толғауларын:
1 арнау толғау;
2 болжау толғау
3 насихат толғау –
- деп топтастырады.
Арнау толғауға, жыраудың: “Абылай ханның қасында” , “Ай, Абылай, Абылай”,
“Қазақтың ханы Абылай”, “Ай,Абылай сен он бір жасыңда”, “Ал айтамын,
айтамын” деген және “Садыр қайда барасың”, “Бұхарекең біз келдік” т.б
жырларын кіргізеді. Арнау толғауларының көпшілігі Абылай ханға арналған.
Болжау толғауларына: “Ханға жауап айтпасам”, “Он екі айда жаз
келер”, “Абылай ханның қасында” т.б жатады.
Насихат толғауларына: “Айналасын жер тұтқан”, “Жар басына
қонбаңыз”, “Асқар таудың өлгені” т.б
“Бұхар толғау жанрын едәуір байытты, әлеметтік мазмұн жағынан
тереңдетті, өмір мәселелеріне арласу белсенділігін арттырды. Жырау
толғауларымен таныса отырып оның өз заманының ірілі-уақты мәселелеріне
етене араласып отырғанын көреміз”- деп жазады Ә.Дербісәлин.
Зерттеуші-ғалым Ә.Дербісәлин “Бұхар жырау толғауларының
көркемдігі оның көне дәстүрді жалғастыруы” – дейді.

Бұхар жырау шығармаларының басты көркемдік ерекшелігі

“Бұхар жырау толғауларының көркемдігі өз алдына үлкен тақырып.Ол
толғау жанрының өзіне дейінгі көркемдік өрнектерін бойына сіңіріп,өзіндік
қол таңбасын жасағанын жоғарыда атап өткен едік. Бұлардың әр біреуі тек
толғау жанрына ғана тән абстракциялы ойлар,көркем түйіндер, қиыннан
қиыстырылған салыстырулар арқылы бой түзеп тұрған шағын шығарма. Бұл
жырларда артық буын, жасық сөз,амалсыз қайталаулар
кездеспейді”(М.Жармұхамедов).
Асанқайғы жырларында көрініс тапқан жұмбақ үлгісінде келетін
орағыта астарлау, пернелеу тәсілдері де Бұхарда өз көрінісін тапты.
Бұхар толғауларында “Құрсағы құшақ байлардан дәулет таймас
демеңіз,өйткені дүние өтпелі, соны да ескер, деген ақылды айту үшін:
“Айналасын жер тұтқан Айды батпас демеңіз, Айнала ішсе таусылып,Көл
суалмас демеңіз”сияқты шендестірулер кездеседі.
Бұхар толғауларындағы әдеби бейне жасаеудың қалыпты түрі егіз
ұғымды салыстыруларға құрылып отырады. Мұның үш түрі бар десек,
біріншісі, айтар ойға іштей астасып, соның тікелей көрінісі, нәтижесі
ретінде құрылатын сипаттамалар болса ( “Жар басына қонбаңыз, Дауыл болса
үй кетер, Жатқа тізгін бермеңіз, Жаламенен бас кетер”т.б), екіншісі, ой-
пікірдің қарама-қарсы құбылыстармен келген шарттылығын айғақтайды.Мұнда
авторлық мақсат сол құбылыстың ешбір дәлелдеуді керек етпейтін қисын
ұтымдылығымен дараланып отырады.
Асқар таудың өлгені-
Басын мұнар шалғаны.
Көктегі бұлттың өлгені-
Аса алмай таудан қалғаны.
Ай мен күннің өлгені-
Мұз болып тастай қатқаны.
Қара жердің өлгені-
Қар астында қалғаны.
Өлмегенде не өлмейді:
Жақсының аты өлмейді,
Әлімнің хаты өлмейді.
Шендестіре салыстырулардың үшінші бір түрі жаратылыстағы
ұқсастықты адам өмірімен ұштастырып, екеуінің сапалық белгілерін оқшаулап
даралай айтып жырлау болып келеді.Мәселен, жырау ақ сұңқар құстың баласы
ұяда алтау өскенмен,соның біреуінің-ақ жемді ұзақтан ілетін алғыр боп
туатынын меңзеп айту арқылы ( “Ақ сұңқар құстың баласы, ұяда алтау болмас
па...Алғырының белгісі, ұзақтан жемді ілмес пе...Айырып жемін бермес
пе...Алғырынан айрылса, қанаты түптен қайрылса, құс жаманы жапалақ,оған
да қор болмас па”) адамдар арасындағы игі жақсылардың өлмес істерін сол
сұңқар бейнесімен астастыра сипаттайды.
Бұхардың теңеулері де өмірден , айналадан алынған әрі бұрыннан
бар кәнігі образдар. Мысалы: Ұрғашының жақсысы Әбжыландай есіліп...Боз
жорғадай бұлғаңы деген теңеулер халық ауыз әдебиетіндегі әдеміліктің, көз
тартар сұлулықтың символы ретінде бұрыннан бар суреттеулер.
Бұхар адамның жас ерекшелігі туралы толғауларында мынадай
теңеулер кездеседі:әр бір он жылдық адам өмірінің бірін,ағып жатқан
бұлаққа, екіншісін, ерттеп қойған құр атқа, үшіншісін, жарға ойнаған
лаққа теңейді. Сол сияқты аттың сынын бергенде, от орнындай
тұяқтым,саптаяқтай еріндім деген теңеулер бар.
Академик Қ.Жұмалиев Бұхар жырларында метафораның төмендегідей
түрлерін көрсетеді:
1.Жіктік жалғаулары арқылы жасалған түрі кездеседі. Оған:
Сен бұзау терісі шөніксің,
Мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқар жырау жырларының көркемдік қуаты
Жыраулар поэзиясының даму және қалыптасу кезеңдері
Жыраулар шығармаларындағы ел тағдыры.
Қазақ батырлары және көркем әдебиет
Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі
Бұқар өлеңдерінің көбі арнау
Жалпы мектептегі музыка сабағында жыршы-жыраулардың алатын орны
Жыраулардың өлең құрылымы негізінен толғау
Жырау шығармаларының зерттелу тарихы
Жыраулар поэзиясын оқыту
Пәндер