Ортадан тепкіш сорғылар


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе3

1. Ортадан тепкіш сорғылар4

2. Ортадан тепкіш сорғыларды іске қосу, тоқтату және жаңарту4

3. Ортадан тепкіш сорғылардың жұмыс істеу принципі5

Қорытынды7

Қолданылған әдебиеттер7


Кіріспе

Сорап дегеніміз сырттан əсер ететін күш қуатына (механикалық, электрлік жəне т. б) байланысты су немесе басқа да сұйықты көтеруге жəне оны тиісті қысыммен тұтынушыға беруге арналған құрылғы. Алғашқы үздіксіз су көтеруге арналған құралдардың қатарына периметріне ожау ыдыстар орнатылған доңғалақтарды жатқызуға болады. Оларды адам қолымен немесе жануарлар күшімен айналдырылатын болған. Осындай доңғалақты су көтергіштердің біздің жыл санауымызға дейінгі 1000 жыл бұрын жасалған түрі Египет жəне Қытай жерлерінен табылған. Соның балшықтан жасалған құмыралармен жабдықталған түрінде, доңғалақ айналған кезде, су өзеннен құмыраға ілініп алынады да, ең жоғарғы нүктеден асқанда, яғни құмыра төмен қарай еңкейген кезде, науаға құйылады. Одан кейінгі уақытта, доңғалақты су көтергіштердің жетілдірілген түрлерінің бірі - ол инженер Джакоб Леопольд (1674-1727) жасаған, ішкі жағында майыстырылған 9 құбырлары бар қондырғы. Оның артықшылығы - айналдыру үшін су ағысының қуаты пайдаланылады, құбырға енген сулар оның иілген жерінде ортаға бағытталып, айналу күшін арттырады. . Сораптың өрт сөндіруге арналған алғашқы түрін жыл санаудан бұрынғы І - ші ғасырда гректің атақты ғалымы Герон жазған болатын. Бұл жазу бойынша сораптың ағаштан жасалған поршенді (піспекті) құрылымы бұдан да бұрын белгілі екендігі айтылады. Поршенді сораптың ілгері дамуы XVIII ғасырдың екінші жартысында металл өндірісінің қарқын алуына жəне бу машиналарының пайда болуына сəйкес келеді. Бұл сораптар өткен XX ғасырдың 20 - 30 - шы жылдарынан бастап ортадан тепкіш жəне роторлы сораптарға ауыса бастады. Өйткені олар электр қуатымен жұмыс істейтін, құрылымы жағынан қарапайым, пайдалануға ыңғайлы болатын. Жалпы, сырттан тебетін күш қуатын пайдалану арқылы сұйық заттарды тасымалдауға болатын идеяны XV ғасырда өмір сүрген Леонардо до Винчи дəлелдеген. Осындай сораптан, спиралды корпустан жəне төрт қалақшалы жұмыс доңғалағынан тұратын алғашқы құрылымын француз ғалымы Д. Папен 1703 жылы ойлап тапты. Ол жасаған сорап «помпа» деп аталып кетті. Ортадан тепкіш жəне өстік сораптар құрылымдарын жетілдіру мен олардың теориясын дамытуда атақты ғалымдар Л. Эйлер, О. Рейнольдс, Н. Е. Жуковский, С. А. Чаплигин жəне т. б еңбектері үлкен роль атқарды.


1. Ортадан тепкіш сорғылар

Бұл сорғыларда сұйықтық жұмыс дөңгелектеріне енгенде осьтік бағытта, содан кейін дөңгелектің өзінде радиалды, ары қарай дөңгелектің центірінен переферияға бағытталады Жұмыс дөңгелегі тұрақты жиілікпен айналғанда сұйықтық дөңгелек каналдарымен үздіксіз қозғалады. Дөңгелектің қалақшалары ағып жатқан сұйықтыққа қозғалыс энергиясын, қысымды және қажетті жылдамдықты хабарлап отырады . Дөңгелектен шыққан сұйықтықтықтың жылдамдығы трубоөткізгіштерде төмендейді, сол арқылы ол дөңгелеек арқылы жасалған қысымды күшейтеді . Жұмыс дөңгелегі, шойыннан, болаттан және қоладан құйылған екі дисктен тұрады: біреуі - білікке кіргізілетін тығын, ал екіншісі кең сақина формасындағы втулка. Дисктер арасында қалақшалар орналасқан, олар дөңгелек каналдарын құрайды және екі дискті біреу етіп жалғап тұрады. Дөңгелектің орта бөлігіне кіріс трубоөткізгіштер еніп тұрады (кішкене ауа саңылауымен), оған сорғыш труба жалғанады.

Дөңгелектің сыртындағы корпус, ұлу тәріздес болады, ол дөңгелектен шыққан суды жинап, ары қарай қысымдық трубоөткізгіштке жібереді. Мұндай сорғының біз консалды деп айтамыз, өйткені оның жұмыс дөңгелегі косолдың білік ілініп тұрған бөлігінде орналасқан. Шойыннан жасалған жұмыс дөңгелегі екі дисктен тұрады, олар қалақшалар арқылы жалғасқан. Нақты конструкцияның артқы жағында бірнеше тесіктер болады, олар сорғының соьтік күштерін тепе - теңдікте ұстап тұру үшін керек. Жұмыс дөңгелегі білікке гайка арқылы бекітілген . Сұйықтық дөңгелекке осьтік болып құйылады. Сорғының корпусы іштік

спиральдік қуыс болып келеді, сол арқылы ол тығындыға өтеді, нақты жағдайда жоғарыда орналасқан. Корпус болат құйындысынан жасалған. Қысымдық тығынды сорғы осінен 90, 180 және 270° бұрышымен келеді, Корпуске болат қақпақ жанасады, кіріс тығындымен бірге құйылып жасалған Кіріс бөлігі, жұмыс дөңгелегі, спираль тәріздес бұрылғы сорғының ағындық бөлігін құрайды. Жұмыс дөңгелегі шарикподшипниктері түріндегі екі тірекке, болат білік арқылы жалғанған, олар тұрған тіректе орналасқан.

2. Ортадан тепкіш сорғыларды іске қосу, тоқтату және жаңарту

Ортадан тепкіш сорғыларды іске қоспастан бұрын соратын трубоөткізгіштерді және ішкі корпусын соратын сұйықтықпен толтыру керек. Ортадан тепкіш сорғыларды толтырудың бірнеше амалы бар: вакуум -сорғы көмегімен ауаны сору арқылы қысымдық трубоөткізгішті толтыру, ал екіншісі сорғыны ағыс арқылы сору (эжектор) . Сорғыны напорлы трубоөткігішпен толтыру, сорғыш желісінде қабылдағыш клапан болған жағдайда жүзеге асады. Сору процессін сорғының ауалық кранынан су ағып кеткенше жалғастыру керек. Эжектор арқылы ауаны сорып алу немесе вакуум - сорғы арқылы сорғыны сумен толтыру, үлкен автоматтандырылған сорғы станцияларында жүзеге асады . Көп жағдайда сорғы стансаларындағы барлық сорғыларды ағыс арқылы толытыру үшін, бір немесе екі вакуум -сорғы қолданылады. Ол үшін, әр сорғыға баратын ауалық сорғыш желілер және жалпы циркуляциялық бачок орнатады. Сорғыларды лас сумен толтырғанда, вакуум - сорғылар ластанбауын ескеру керек.

Сорғыны эжектор арқылы сорып толтыру үшін, қысымдық трубоөткізгіш қысымы жоғары болу керек. Эжекторды сорғының жоғарғы бөлігіне қосады. Эжекторды қосардың алдында, қысымдық трубоөтк ізгішті ашып қоядыда, сорғыны қосады, сол кезде эжектор ауаның орнына сұйықтықты сорады. Кейбір жағдайларда үлкен сорғылар орнатылған сорғы стансаларында, эжекторларды іске қосу үшін құйындық немесе ортадан тепкіш - құйындық сорғыларды орнатады. Сұйықтық құйылған сорғыны іске қосар алдында, манометрдің кранын ашады және қозғалтқыш қосылады. Сол кезде қысымдық трубоөткізгіштегі қосқыш жабық тұру керек. Сорғы талап етілген айналу жылдамдығана жеткеннен кейін және манометр қажетті қысым мәнін көрсеткенде, кранды ашу керек. Егер насостың подшипниктері сумен салқындатылатын болса, трубкадағы крандардыда ашу керек. Айта кетеін жайт, кейбір жағдайларда сроғыны қысымдық трубоөткізгіште ашық болған жағдайда жүзеге асырады. Сорғымен жұмыс жасаған кезде келесі талаптарды орындау керек:

1) майланған сақиналар білік бойынша айналып тұру керек, ал подшипниктердің температурасы паспорттық көрсеткіштерге сай болу керек (60-70° С) ;

2) Подшипниктердегі майдың деңгейі талап етілген биіктікте болу керек (майкөрсеткіш бойынша) ; 800 - 1000 сағ. кейін майды ауыстыру керек, подшипниктердің корпусын алдын ала тазарту арқылы;

3) Майсақтағаштарды уақытында тартып тұру керек, өйткені су тамшылап қана тұру керек, ол бізге білік бітеліп қалмау үшін қажет.

3. Ортадан тепкіш сорғылардың жұмыс істеу принципі

Қазіргі кезде құрылымы қарапайым әрі қолдануда ыңғайлы болып келетін ортадан тепкіш сорғылар кең таралған.

Ортадан тепкіш сорғылардың негізгі бөліктері: иілген қалақшалы 2 (изогнутыми лопатками) білікке (вал) орналастырылған жұмыс доңғалағы, сыртқы ортадан доңғалақты оқшауланған, спираль формалы жылжымайтын корпус 3. Сорғы корпусында сору құбырға 5 жалғану үшін құбырша 4, ал сығымдағыш құбырға 7 жалғану үшін құбырша 6 болады. Доңғалақтың білігі жіберілетін, корпустағы тесік 8 майлығымен (сальник) қамсыздандырылады. Сорғының ішіндегі сұйықтың циркуляциясынан құтылу үшін, доңғалақпен корпустың сору құбыршаның арасындағы тығыздану (уплотнение) орналастырылады. Құйылымсыз (заливка) жұмысқа жіберілетін поршендік сорғыдан қарағанда ортандан тепкіш сорғымен сору құбыр жұмысқа жіберудің алдында міндетті түрде сумен толтырылуы тиіс.

Ортадан тепкіш сорғылардың кейбір құрылымдарында, шығуында доңғалақтан бағыттауыш аппарат орналасытырылған. Ол екі сақиналы дисктерден тұрады. Бұл дискілердің арасындағы, доңғалақтың қалақшасынан шыққан, судың бағытына қарама - қарсы жаққа бұрмаланған екі қалақша орналасады. Бұл аппараттың міндеті - сұйықты жұмыс доңғалағынан спиральді камераға бағыттау.

Жұмыс доңғалағы айналған кезде сорғының ішіндегі жұмыс істеудің алдында құйылған сұйық қалақшадан өтіп, ортадан тепкіш күштің әсерінен қалақша бойымен доңғалақтың центріне, оның сыртқы жағына қарай қозғалады және спиральді камерамен сығымдағыш(нагнетательная) құбыр арқылы жіберіледі. Сондықтан кірісте, доңғалақта сору құбыры корпусқа қосылған жерінде сиретілу пайда болады. Бұның әсерінен су суқоймасынан сорғыға сорылады. Айналатын жұмыс доңғалақ сорылатын құбыр бойымен көтеріліп жатқан сұйықты ұстап алып сығымдағыш (нагнетательная) құбырға лақтырады.

Сөйтіп су қоймасын сору құбыр арқылы сығымдағыш (нагнетательная) құбырға сұйықтың үздіксіз қозғалысы орналасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортадан тепкіш сорғылардың роторларын жинау
Ортадан тепкіш сорғыларды жөндеу жұмыстары
Ортадан тепкіш сорғылардың жұмыс істеу принципі
Мұнайдың шығу тегі
Ортадан тепкіш сорғыларды іске қосу, тоқтату және жаңарту
Ортадан тепкіш сораптар
Резеңкеленген химиялық сорғылар
Горизонтальді ортадан тепкіш сорғының қимасы
Көп қабатты үйлерді сумен жабдықтайтын сорғы қондырғысының автоматтандырылған электр жетегі
Тілімшелі гидромашиналар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz