Мұнай айдау бекеттеріндегі қосымша сорап қондырғылар



Кіріспе 3
1. Мұнай айдау бекеттеріндегі қосымша сорап қондырғылар 4
2. Топтық жетек келесідегідей түрде жұмыс істейді 12
3. Ұзын жүрісті топтық сораптардың ұсынылған топтық жетегі 13
Қорытынды 16
Қолданылған әдебиеттердің тізімі 17
Қәзіргі уақытта бұрғылаудың негізгі әдісі болып кен-орнының тұтас аумағында ұңғылар орналасқан емес жеке топтардағы ұңғыларды топтап бұрғылау болып табылады. Бұл кен орнын болашақта тиімді игеруде экологиялық сұрақтарды шешуде, су және басқада кедергілерден айналып өтуге және көлбеу көпоқпанды және көлденең ұңғылар жұмыстарын жүргізу кезіндегі сұрақтарды шешуге мүмкіншілік береді. Бұған қарамай осы уақытқа дейін әрбір ұңғы жеке ұңғы сорабы қондырғысымен және жетегімен жабдықталған ұңғыны жеке пайдалану әдістері сақталынған.
Бірақта төрт жақын орналасқан ұңғыда ұңғылық сорап жұмыс жағдайы іс – жүзінде бірдей болғанда ең аз дегенде төрт ұңғыдағы ұңғылық сорап қондырғысын топталған жетекте пайдалану мүмкіншілігі туындайды. Бұндай топталған жетекті жасау үшін қозғалысы қарапайым штангалы ұңғы сорап қондырғысын қолдануға болады.
Уфа қаласындағы Мемлекеттік мұнай техникалық университетінің АО «БашНИПИнефть», «Бузулукнефть» НГДУ-і және «Туймазанефть»НГДУ – і мен бірлесіп жасаған топталған жетекті жасау әрекеттері іс жүзінде топталған жетек түрінде стандарттағы тербелмелі станокты темір арқанмен өте күрделі орап байлауды блоктар және салмақты теңестіргіш жүйесімен жасауда мүмкіншіліктер берді. Бірақта бір көргенде бұндай шешімнің қарапайымдылығын да өте күрделі тірек темір конструкцияларын жасау қажеттілігіне байланысты ол өте көп темір сыйымдылықта болды. Сонымен қатар бұндай жүйені пайдалану тербелмелі станоктың аударылуына қарсы тұрақтылығын қамтамасыз ететін штангалы ұңғы сорабын таңдап алудағы шектеулермен байланысты болды. Бұл шектеулер келесі түрмен тұжырылымдалады: тербелмелі станоктың басында түйісетін темір арқаннан жоғарыға қарай түсетін күш темір арқаннан төменге қарай түсетін күшке айналмауы қажет; бұндай жағдайда тербелмелі станокта өте қауіпті әсер ету – аударылу моменті пайда болады.
1.Уразаков К.Р. и др. Нефтепромысловые оборудование для эксплуатации кустовых скважин. – М.: Недра, 1999
2.Уразаков К.Р., Андреев В.В. и др. Привод для эксплуатации двух скважин одним станкам качалкой /Сб. трудов УГНТУ, 1996
3. Ежемесячный научно – технический журнал. Нефтяное хозяйство – 9.10.1998
4. Молчанов А.Г., Чичеров В.Л. Нефтепромысловые машины и механизмы. – М.: Недра, 1983
5. Молчанов А.Г., Молчанов А.Г. Машины и оборудование для добычи нефти и газа. – М.: Недра, 1984
6. Справочник по электрическим машинам. М.: Недра, 1989
7. Кузьмин А.В., Марон Ф.Л. Справочник по расчетам механизмов подъемно – транспортных машин. М.: Высшая школа, 1983
8. Иванов М.Н. Детали машин. – М.: Высшая школа, 1991
9. Павленко А.В., Федякин Р.В., Чесноков В.А. Зубчатые передачи с зацеплением Новикова. Киев: Техника, 1978
10. Ицкович Г.М. и др. Курсовое проектирование деталей машин. – М.: Машиностроение, 1988
11. Дунаев П.Ф., Леликов О.П. Курсовое проектирование деталей машин. – М.: Высшая школа, 1990
12. Перель Л.Я. Подшипники качения. Справочник – М.: Машиностроение, 1983

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 3
1. Мұнай айдау бекеттеріндегі қосымша сорап қондырғылар 4
2. Топтық жетек келесідегідей түрде жұмыс істейді 12
3. Ұзын жүрісті топтық сораптардың ұсынылған топтық жетегі 13
Қорытынды 16
Қолданылған әдебиеттердің тізімі 17

Кіріспе
Қәзіргі уақытта бұрғылаудың негізгі әдісі болып кен-орнының тұтас аумағында ұңғылар орналасқан емес жеке топтардағы ұңғыларды топтап бұрғылау болып табылады. Бұл кен орнын болашақта тиімді игеруде экологиялық сұрақтарды шешуде, су және басқада кедергілерден айналып өтуге және көлбеу көпоқпанды және көлденең ұңғылар жұмыстарын жүргізу кезіндегі сұрақтарды шешуге мүмкіншілік береді. Бұған қарамай осы уақытқа дейін әрбір ұңғы жеке ұңғы сорабы қондырғысымен және жетегімен жабдықталған ұңғыны жеке пайдалану әдістері сақталынған.
Бірақта төрт жақын орналасқан ұңғыда ұңғылық сорап жұмыс жағдайы іс - жүзінде бірдей болғанда ең аз дегенде төрт ұңғыдағы ұңғылық сорап қондырғысын топталған жетекте пайдалану мүмкіншілігі туындайды. Бұндай топталған жетекті жасау үшін қозғалысы қарапайым штангалы ұңғы сорап қондырғысын қолдануға болады.
Уфа қаласындағы Мемлекеттік мұнай техникалық университетінің АО БашНИПИнефть, Бузулукнефть НГДУ-і және ТуймазанефтьНГДУ - і мен бірлесіп жасаған топталған жетекті жасау әрекеттері іс жүзінде топталған жетек түрінде стандарттағы тербелмелі станокты темір арқанмен өте күрделі орап байлауды блоктар және салмақты теңестіргіш жүйесімен жасауда мүмкіншіліктер берді. Бірақта бір көргенде бұндай шешімнің қарапайымдылығын да өте күрделі тірек темір конструкцияларын жасау қажеттілігіне байланысты ол өте көп темір сыйымдылықта болды. Сонымен қатар бұндай жүйені пайдалану тербелмелі станоктың аударылуына қарсы тұрақтылығын қамтамасыз ететін штангалы ұңғы сорабын таңдап алудағы шектеулермен байланысты болды. Бұл шектеулер келесі түрмен тұжырылымдалады: тербелмелі станоктың басында түйісетін темір арқаннан жоғарыға қарай түсетін күш темір арқаннан төменге қарай түсетін күшке айналмауы қажет; бұндай жағдайда тербелмелі станокта өте қауіпті әсер ету - аударылу моменті пайда болады.
Бұл жобада бұл көрсетілген жетіспеушіліктері жоқ төрт ұңғыны бір уақытта пайдалану үшін штангалы ұңғы сорап қондырғысы топталған жетектегі құрылымын жасау міндеті қойылған. Жетек төрт біруақытта пайдаланылатын ұңғының саға штоктарын ілетін білікпен төрт қатар темір арқанмен байланысқан тіке жазықтықтағы тұтқада тербелу беріледі. Тартатын темір арқандар тұтқадан ұңғыға дейін көлденең орналасады және тікелей ұңғы сағасында біріктірілген темір арқан блоктарын оралып өтеді. Тұтқа жетегі стандартты тербелмелі станоктағы сияқты арнайы жобаланған екі сатылы цилиндр түріндегі редуктордағы жәй жүретін білік ұшында бар екі кривошипті және бір басы кривошип арқылы редуктормен, ал екінші басы тербелетін тұтқамен бекітілген екі шатунды сыналы ремен берілісі бар электрқозғалтқышы көмегімен қозғалтуды қамтамасыз етеді. Ұзақ уақыт және сенімді жұмысты қамтамасыз ету үшін қондырғының барлық шарнирлерінде тербелу подшипниктері пайдаланалалы.

1. Мұнай айдау бекеттеріндегі қосымша сорап қондырғылар

Қәзіргі уақытта Қазақстандағы ұңғылардың жалпы қорының үлкен бөлігі штангілі ұңғылық сорап қондырғылары (ШҰСҚ) көмегімен пайдаланылады. Жақын жылдарда ШҰСҚ саны өсетін болады, бұл өнімділігі төмен ұңғыларды өңдірудің механикалық амалына өткізілу қажеттілігімен түсіндіріледі.
Штангілі ұңғылық қондырғылармен ұңғылардың бүкіл әлемдік қорының 80%-нан көбірегі жабдықталған, бұл шамамен 800 мыңдай. Бұл ШҰСҚ-ның атқаратын мүмкіншілігінің кеңдігімен, конструкциясының қарапайымдылығымен, пайдалану технологиясының сенімділігімен түсіндіріледі. Қабатқа қайталап әсер етудің қарқынды жүйесі бар кен орындарында, сораптардың орташа және үлкен тереңдіктерге батырылуы кезінде, ұңғылардан сұйықтың үлкен көлемін алу қажеттілігі туындайды. Бұл кезде сұйық жоғары тұтқырлықта немесе жоғары газдалған болуы мүмкін. Сол себептен , өнімділігі бойынша қанағаттандыратын УЭЦН қондырғысы тиімсіз болуы мүмкін. Ұңғылардың мұндай категорияларын пайдаланудың экономикалық тәртібін қамтамасыз ету үшін шет елдерде және Қазақстанда ұзын жүрісті сораптық қондырғыларды жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Әртүрлі түрдегі конструктивті жетіспеушіліктері бар және констукцияларының күрделілігімен ерекшелінетін , белгілі Ойл Вел, Бетхем Ойл фирмалары, сондай ақ ВМИИнефть қондырғылары кең қолданыс тапқан жоқ. Одан басқа шет елде және Қазақстанда жасалған гидроцилиндрлері бар бірқатар гидро жетектелетін ұзын жүрісті қондырғылар , конструктивті күрделілігінен және қолайсыз үлкендігінен, іс жүзінде қолданыс таппады. Оренбург нефть өндірістік бірлестігінің ВНИИнефть институтымен бірлесіп жасаған қондырғылары, сонымен бірге тарту органы есебінде барабанға оралған жалпақ лентасы бар , плунжердің жүріс ұзындығын бірнеше метрге дейін алуға мүмкіндік беретін Атырау мұнай газ институтының қондырғылары жасалынды. Бірақта олардың қолданылуы ұңғының сағалық жабдықтарын тарту органдарымен тығыздауының жеткіліксіз сенімділігінен шектелген.
Соңғы жылдары тереңдікте ұзын жүрісті сорап қондырғыларын пайдалану бойынша Атырау мұнай газ институтының және Нефтяник ғылыми инженерлік кәсіпорнының Қаз мұнай газ мемлекеттік компаниясымен бірлескен белсенді жұмыстары жүргізілуде. Атырау облысында топталған бұрғылаудың кең қолданылуы мұнай газ өндіретін кәсіпорындардың құралуына өзінің ізін салды. Пайдалану ұңғылары топтасып орналасады, сонымен бірге ұңғы сағалары арасындағы қашықтық кейбір кезде 5-7 метрді құрайды. Ұңғылардың мұндай жақын орналасуы, екі ұңғыдан мұнайды көтеру үшін жер бетіндегі бір жетекті пайдалану жөнінде сұрақты туындатады.
Екі жақын жатқан ұңғыдан мұнайды көтеру үшін , бір жер бетіндегі жетекті пайдалануға талаптану Қазақстанның әртүрлі аймақтарында жүргізілгендігі белгілі, бірақта олардың жалпы жетіспеушілігі - өте үлкен металл сыйымдылығы.
Екі ұңғыдан бір жетекпен мұнайды көтеру үшін ең бір болашағы бары, иілмелі тарту механизмі бар ұзын жүрісті сораптық қондырғылар (ҰЖСҚ). Негізгі құрылымын ҰЖСҚ тартатын вариант 1- суретте көрсетілген.
Екі А және Б мұнай ұңғыларын бір уақытта пайдалану үшін ҰЖСҚ мыналардан тұрады: жер бетіндегі жетек 4, басқару бекеті 5, иілмелі тарту желісі 2, бағыттаушы ролик 6,жүгі бар плунжер 8, тіректік ролик 3, лента үшін сальнигі бар сағалық арматура 1 және қабылдау клапаны және құйыршығы 9 бар СҚҚ бағанасы. Жер бетіндегі жетек 4 редуктор, электр қозғалтқышы, электр тежегіш және реверция механизмі , сондай ақ иілмелі лентаның екі қатарын орау үшін бүйірлік шектегіштердің үш қатары бар бобик тіректерінде құрастырылған рама- арбаша түрінде болады. Рама- арбаша , тірек бағаларында 10 бекітілген рельстерде орнатылған.
Бобикті ұңғыға сальникті құрылғы арқылы бобинадан иілмелі лента тіке (көлбеу емес) жүгіруді қамтамасыз ететіндей түрдегі , ұңғы сағасына А салыстырмалықта бағытталған тіректегі роликпен 3 түйістіреміз.



1 сурет. Иілмелі тарту механизмі бар ұзын жүрісті сораптық
қондырғысының схемасы

Редуктор және бобина тізбекті ілінісу көмегімен жалғастырылған. Редуктор жетегі электр қозғалтқышынан сыналы ременді беріліс арқылы іске асырылады.
Иілмелі лентаның екі полиплентасы бобинаға әртүрлі жаққа қаратылып оралған және сыналы қысқыштар көмегімен СҚҚ 7 орналасуында плунжерлермен 8 жалғастырылған. Ұңғыға лентаның тіке түсірілуін қамтамасыз ететін бағыттаушы роликті сағаға орнату арқылы, иілмелі лента 2 ұңғыға Б түсіріледі. Жер бетіндегі жетек А және Б ұңғылары арасының ортасында орнатылуы мүмкін. Бұл жағдайда А ұңғысында тірек ролигінің 3 орнына бағыттаушы ролик орнатылады.
Бобинаның айналуы уақытында , егерде А ұңғысында плунжердің СҚҚ-ға түсуі өтеді, ал бұл кезде Б ұңғысында плунжер көтеріледі .
Плунжер жоғары жүрген кезде қабат сұйығы көтеріледі, ал төмен жүрген кезде, айдау клапаны бар плунжер арқылы ығысады. Басқару бекеті 5 автоматтық тәртібтегі берілген аралықтағы плунжерлердің қозғалысын қамтамасыз етеді.
Топтағы көрші ұңғылардың, әдетте бірдей геологиялық техникалық сипаттамасы болады, бұл А және Б ұңғыларына түсірілетін сораптық жабдықтардың салмағы бойынша бірдей болуын таңдауға мүмкіндік береді.
Тепе теңдіктің болуы арқасында жер бетіндегі жетекте қолданылатын электр қозғалтқышының қуаттылығы төмендейді және кемшіліктерді - жер бетіндегі жетектің қатты дірілдеуін және динамикалық соққыларды жою мүмкіндіктері пайда болады.
Сондай ақ тепе теңдік жасайтын жүгі бар, балансирленген тербелмелі станоктан (2 -сурет), негізі бар тіректе орнатылған бағыттаушы шкифтен, екі темір арқан ілгіштен тұратын штангілі сораптың топталған жетегі белгілі. Бұл тобтық жетектің жетіспеушілігі болып, технологиялық параметрлер көрсеткіштері ұқсас екі ұңғыны пайдалану кезіндегі тербелмелі-станок жұмысындағы энергетикалық көрсеткіштің төмендігі табылады. Бұл балансир басына екі күштің әсер ететіндігімен түсіндіріледі.
Тербелмелі-станоктың роторлық және балансирлік тепе - теңдігі, балансир басына тек қана төменнен әсер ететін тарту күшінің болуы кезінде ғана мүмкін. Мұндай конструкцияның жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін бір ұңғыдағы минимальды түсетін күш , басқасындағы максимальды күштен асып түсуі қажет, немесе айтқанда ұңғылық жабдыққа төменнен ілінген минимальды күш, ұңғылық жабдыққа жоғарыдан ілінген жылтыратылған штоктағы максимальды күштен артық болуы қажет.
Көрсетілген жетіспеушіліктерді жою үшін қосымша сағалық кері жүктері бар жетек схемасы ұсынылады. Бұл кезде топтық жетектің бағыттаушы шкифтары бір тіректе жұп-жұбымен орналасады, шкивтердің бірінші жұбы тербелмелі станок балансирі басындағы бастапқы ілгішпен байланысқан, ал шкивтер екі тармақты болып орындалған. Шкивтердің бұл жұбы балансир басына салыстырмалықта тіректің ұзына бойына олардың ығысу мүмкіндігін болдырмайды, бұл балансир басының төменгі нүктесіне үлкен жүктелінуі бар темір арқан ілгішін бекіту мүмкіндігін береді. Бағыттаушы шкифтердің басқа жұбы ұңғы сағасында тұрақты тұратын тірекке орнатылады, ал шкифтер төрт салалы болып орындалған. Шкивтер сағалық қосымша тепе- теңдестіретін кері жүктермен иілмелі байланыс амалымен ілгіштерді жалғастыруға мүмкіндік береді.
Бұл кері жүктер технологиялық параметрлері жақын ұңғыларды пайдалану кезінде. Мәні бойынша жақын жұпталған ұңғылардың штанг бағанасын ілу нүктелерінде жүктелінуге қажет.

2 - сурет. Екі ұңғыны пайдалану кезіндегі тербелмелі- станогінің жетегі

1 - тербелмелі станок; 2 - тепе теңдік жасайтын жүк; 3-7 - бағыттаушы шкивтері; 8-9 - стойкалар; 10-11 - темір арқан ілгіштері бар сағалық штоктар

Штангілі сораптың топтық жетегі аксометриясы 3 суретте, жетекті байланыстыру схемасы 4 суретте, ал темір арқан ілгіші және тепе- теңдестіретін кері жүктері 2 бар ұңғы сағасында орнатылатын бағыттаушы шкив 5 суретте бейнеленген.
Штангілі сораптардың тобтық жетегі тепе- теңдестіретін кері жүгі 3 бар іргетаста 1 орнатылған тербелмелі-станоктан 2 тұрады. Тербелмелі станок балансиріне 4 жоғарғы 5 және төменгі 14 бекіту тораптары көмегімен темір арқан ілгіштері 7 және 15 жалғастырылған, олардың әрқайсысы штангі бағанасының сағалық штоктарымен 12 және 18 жалғастырылған. Негіздің 13 жанында екі жұп бағыттаушы шкифтер 8,16 және 11,19 бекітілген. Екі салалы 8 және 16 шкивтері балансир басына бекітілген, ал төрт салалы 11 және 19 шкивтері ұңғы сағасы жанында орнатылған. Темір арқан ілгіштері иілмелі байланыс көмегімен 10 шкивтер 11 және 19 арқылы, қосымша тепе- теңдестіретін кері жүктермен 9 және 17 байланысқан.

3 - сурет. Тепе - теңдестіретін кері жүктері бар топтық жетегі

4 - сурет. Жетекті байланыстыру схемасы
1 - жоғарғы тірек; 2 - штангаларының ілетін ілмектер торабы; 3 - стойка; 4 - рама; 5 - басы; 6 - ілетін ілмектер торабы; 7 - сағалық карсыжүгінің ілетін ілмектер торабы; 8 - сағалық карсыжүк; 9 - штангаларының ілетін ілмектер торабы; 10 - тірек; 11 - қоршау; 12 - тербелмелі - станогінің балансирі; 13 - ірге - тас.

5 - сурет. Ұңғы сағасында орнатылатын бағыттаушы шкив

Топтық жетек келесідегідей түрде жұмыс істейді: темір арқан ілгіштері 7 және 15, бағыттаушы шкивтер 8, 16, 11, 19, бекіту тораптары 5 және 14 және сағалық штоктар 12 және 18 көмегімен штанг бағанасын тербелмелі станоктың 2 балансирі басына 4 жалғастырады. Бұл кезде штангінің іліну нүктесіндегі күштенуі үлкен ұңғыны қосуды, темір арқан ілгіші 15 және бағыттаушы шкивтер 16 және 19 арқылы тербелмелі станоктың 2 балансир басындағы 4 төменгі бекіту торабына 14 жасайды. Штангінің іліну нүктесінде аз жүктелінген ұңғы бекітудің жоғарғы торабына 5 бекітіледі. Бұл кезде тербелмелі- станоктың тепе - теңдігін тепе теңдестіретін кері жүк 3 қамтамасыз етеді. Балансирдің алдыңғы иығы төмен жүрген кезде , көбірек жүктелінген ұңғының сағалық штогы 18 төмен жүріс жасайды, ал жүктелінуі аз ұңғының сағалық штогы 12 жоғарыға жүріс жасайды.
Егерде басқа ұңғының жүктелінуі көбірек болатын, технологиялық параметрлердің өзгеруі жағдайында тербелмелі станоктың 2 балансирі басына 4 салыстырмалықта шкивтерді 8 және 16 ығыстырумен, сағалық ілгіштерді 7 және 15 бекіту тәртібі өзгертіледі. Немесе айтқанда темір арқан ілгіші 7 шкив 16 арқылы төменгі бекіту механизмімен 14, ал ілгіш 15- шкив 8 арқылы жоғарғы бекіту механизмімен 5 жалғастырылады.
Технологиялық параметрлері ұқсас ұңғыларды пайдалану кезінде сағалық штоктарға 12 және 18 әсер ететін жүктенулер шамамен бірдей болады. Сол себептен балансир басына 4 темір арқан ілгіштерінің 7 және 15 бекіту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автоматтандыру объектісі ретіндегі магистралды мұнай құбыры
Мұнай тасымалдау бекеттері
Мұнай айдаудың технологиялық схемасы
Су айдау ұңғыларының жабдықтары, оны пайдалану айдау ұңғыларының қабылдағыштығын қалпына келтіру
Мұнай құбырларын өлшеу жүйелерін блоктау
Қабатқа су айдау
Атырау облысындағы мұнай айдау стансасын қайта жаңғырту
Өндіру ұнғыларын бұрғылаудан
Қисымбай кен орыны
Майлау жүйесіне май құямыз
Пәндер