Әлеуметтану пәнінен дәрістер жинағы
Лекция №1
Тақырыбы: Кіріспе.
Жоспары:
1. Әлеуметтік білім жүйесіндегі әлеуметтанудың орны, әлеуметтанудың обьектісі мен пәні
2. Әлеуметтанудың басқа әлеуметтік ғылымдармен байланысы
3. Әлеуметтанудың қызметтері
Лекция № 2
Тақырыбы: Әлеуметтанулық білімнің құрылымы
Жоспары:
1. Макро және микро әлеуметтану
2. Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары
3. Әлеуметтік процестердің қозғаушы күштері
Лекция №3
Тақырыбы: Әлеуметтанудың қалыптасуындағы негізгі кезеңдер
Жоспары:
1. О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы. Әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика.
2. Г.Спенсер және эволюцияның натуралистік концепциясы
3. Э.Дюркгеймнің әлеуметтануы
Лекция №4
Тақырыбы: ХХ ғ. әлеуметтануы
Жоспары:
1. П. Сорокиннің әлеуметтанулық теориясы
2. Әлеуметтанудығы құрылымдық функционализм (Т.Парсонс, Р.Мертон)
3. М. Вебер әлеуметтануы және әлеуметтанудың қазіргі заманғы дамуындағы «веберлік ренессанс»
4. ХІХ.ХХ ғғ. Қазақ ойшылдарының адам мен қоғам дамуына деген әлеуметтанулық көзқарастары
Лекция №5
Тақырып: Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
Жоспары:
1. Қоғам ұғымы.
2. Әлеуметтік жүйе, әлеуметтік байланыс, әлеуметтік өзара әрекет, әлеуметтік қатынас және әлеуметтік сапа
3. Әлеуметтік жүйе құрылым ретінде. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері
Лекция №6
Тақырыбы: Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер
Жоспары:
1. Әлеуметтік институттар әлеуметтік өмірдің маңызды элементі ретінде
2. Әлеуметтік институттардың белгілері мен функциялары
3. Әлеуметтік институттардың құрылымы
4. Әлеуметтік процесс ұғымы
Лекция №7
Тақырыбы: Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация
Жоспары:
1.Қоғамның әлеуметтік құрылымы ұғымы
2. Әлеуметтік топтар және олардың қалыптасу процесі
3. Қоғамның әлеуметтік стратификациясы ұғымы
4. Қазіргі заманғы батыс әлеуметтанушыларының стратификацияның негізгі критерийлері туралы
5. Қазіргі заманғы дамыған және дамушы елдердің стратификациялық құрылымы
Лекция №8
1. Тақырыбы: Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация
Жоспары:
1. Әлеуметтік мобильділік ұғымы
2. П.Сорокиннің әлеуметтік құрылым және әлеуметтік мобильділік мобильділік теориясы
3. Батыс ғалымдары әлеуметтік мобильділік туралы
4. ТМД социологтары әлеуметтік мобильділік туралы
Лекция №9

1. Әлеуметтік мобильділік түрлері
2. Өрлеу және құлдырау мобильдігі
3. Кәсіби мобильділік
Лекция №10
Тақырыбы: Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттамалары
Жоспары:
1. Индивид, тұлға, адам
2. Тұлға қоғамдық қатынастардың субъектісі ретінде
3. Тұлғаның әлеуметтенуі ұғымы
4. Жеке тұлғаның статустары мен ролдері
Лекция№11
Тақырыбы: Девиация және әлеуметтік бақылау
Жоспары:
1. Девиация ұғымы және оның түрлері
2. Тұлғаның девианттық мінез.құлығын анықтау мәселелері
3. Девиацияны биологиялық, психологиялық, әлеуметтанулық тұрғыдан түсіндіру
Лекция №12
Тақырыбы: Білім беру әлеуметтануы
1. Білім берудегі түрлі концепциялар. Білім беру әлеуметтік бақылаудың құралы ретінде
2. Білім беру болашаққа жол салу; білім беру мәртебе үшін күрес ретінде
3. Білім беру процесінің сатылары
Лекция №13
Тақырыбы: Саяси әлеуметтану
Жоспары:
1. Саяси жүйе және әлеуметтік.саяси процесс
2. Саяси әлеуметтену
3. Саяси өмірдің әлеуметтік механизмдері
Лекция №14
Тақырыбы: Экономикалық әлеуметтану
Жоспары:
1. Экономикалық әлеуметтанудың пайда болуы және оның әлемдік ғылымда қалыптасуы
2. Экономикалық мәдениет түсінігі, оның қызметтері мен сипаттамалары
3. Экономикалық әлеуметтану бойынша зерттеудің өзекті мәселелері мен бағыттары
Лекция № 15
Тақырыбы: Отбасы әлеуметтануы
Жоспары:
1. Отбасының пайда болуы және даму түрлері
2. Отбасының құрылымы мен қызметтері
3. Отбасының типтері
4. Отбасы әлеуметтік институт ретінде
Лекция № 16
Тақырыбы: Мәдениет әлеуметтануы
Жоспары:
1. Мәдениетті әлеуметтанулық талдау
2. Мәдениеттің әртүрлі элементтерінің қызметтері: тіл, қатынас, құндылықтар, тәртіп және нормалар
3. Мәдениет түрлері
Лекция №17
Тақырыбы: Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
Жоспары:
1. Бұқаралық коммуникация әлеуметтануының зерттеу объектісі, пәні және категориялары
2. Бұқаралық коммуникация механизмдері мен заңдылықтары
3. Бұқаралық коммуникация құралдары
Лекция № 18
Тақырыбы: Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы
Жоспары:
1. Нақты (эмпирикалық) әлеуметтанулық зерттеу түсінігі. Әлеуметтік ақпарат және оның түрлері
2. Зерттеу бағдарламасының құрылымы
3. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау, болжамды қалыптастыру
Лекция №19
Тақырыбы: Бағдарламаның процедуралық бөлімі
Жоспары:
1. Болжам бойынша мәліметтерді талдау әдісін суреттеу
2. Ақпарат жинаудың негізгі әдістері, олардың түрлері
3. Іріктеу әдісі және оның негізгі түсініктері
Лекция №20
Тақырыбы: Ақпаратты өңдеу әдісі және оның нәтижелерін талдау
Жоспары:
1. Ақпаратты өңдеудің техникалық құралдарын қолдану мен талдау
2. Алған мәліметтерді ғылыми суреттеу және ғылыми есептерді қорытындылармен, кеңестермен,
ұсыныстармен құрастыру

Бұл ғылымның « социология » деген атауы латын, грек сөздерінен құралған: « societas » - латын тілінде қоғам, « logos » грекше ілім, ұғым деген сөз, демек , социология қоғам туралы ілім деген сөз. Бірақ қоғам басқа да ғылымдардың зерттеу обьектісі болып табылады. Сондықтан социология – қоғам туралы ғылыми деумен шектелсек, бұл ғылымның өзіне тән обьектісі мен пәнін ашып бере алмайды.
« Социология » термині көп жағдайда шегіне жеткен кең мағынада, барлық қоғамдық ғылымдарды қамтитын мағынада қолданылады. Бұл жағдайда ол бүкіл қоғамтанудың баламасы, синонимі болып көрінеді. Ал ғылыми тұрғыдан алғанда, социологияны тар мағынасында қарағанда, ол қоғамтанудың жеке бір ерекше саласы болып шығады.
Социологияның басқа қоғамдық ғылымдар арасында өз алдына бөлек ғылым екені мынадан да көрінеді. Социология қоғамды, оның өмір сүруі мен дамуын әлеуметтік құбылыстар, процестер мен қатынастар тұрғысынан қарастырады. Оның зерттеу обьектісі – социум деп аталатын әлеуметтік шындық.
« Қоғам » деген термин социологияда адамдар арасында болып жататын алуан түрлі қарым – қатынастардың күрделі жиынтығын білдіреді. Сондықтан, жалпы алғанда қоғам барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу обьектісі бола отырып, сонымен қатар әрбір ғылым өзінің ерекше зерттеу обьектісін бөліп алады, Эконоика ғылымдарының обьектісі - өндіріс, өндірістік қатынастар, тұтыну мәселелері. Экономика саласымен салыстырғанда, саясаттанудың өз ерекшелігі бар. Саясаттану саяси билік жүргізу мәселерімен тікелей байланысты. Бұл политологияның, саяси ғылымдардың обьектісі. Қоғамның рухани өмірін, яғни рухани байлықты өндіру, тарату ісімен, адамдардың рухани қажеттерін өтеудің жолдарын, түрлері мен әдістерін зерттейтін мәдиниеттану, педагогика, психология сияқты бірқатар ғылымдар бар. Міне бұдан көптеген қоғамдық ғылымдардың зерттейтін обьектісі – тұтас қоғам емес, оның белгілі бір саласы ғана екенін түсіну қиын емес.
Демек, социология қоғамды тұтас қарастырмайды, тек сол қоғамның әлеуметтік өмірін ғана зерттейді. Атап айтқанда, адамдардың айтарлықтай кең қауымдастықтары арасындағы ( таптар, халықтар және басқа әлуметтік топтар, ұлттар, ұйымдар т.б. ) және осы қауымдастықтардын өкілі ретінде көзге түсетін жеке адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды қарастырады. Осы қатынастардың субьектілерінің ерекшеліктеріне сәйкес әлеуметтік қатынастар әлеуметтік топтар ( топтар мен әлеуметтік таптар ), әлеуметтік – демографиялық ( ерлер, әйелдер, балалар, жастар, зейнеткерлер, жанұя мүшелері ), әлеуметтік – территориялық ( қала, село тұрғындары ), әлеуметтік - этникалық ( ұлттық, халықтық, этнографиялық топтар ), әлеуметтік – кәсіптік ( еңбек коллективтері, кәсіптік бірлестіктер ), жеке адамдар арасындағы қатынастар болып бөлінеді. Сонымен, әлеуметтік өмірдің өзегі – адамдардың және олардың бірлестіктерінің іс - әрекеттері, өзара байланыстары. Осыған сәйкес социология адамдардың өзара қарым – қатынасында білдіретін мінез – құлқы жайлы ғылым деуге де болады. Социология, егер қарапайым тұрғыда айтатын болсақ, адамдарды зерттейтін әдістердің бір түрі болып табылады. Социологтар адамдар неге белгілі бір жағдайда осылай іс - әрекет етеді, неге олар бірігіп топты құрайды, соғыстарға атанады, бір нәрсеге сиынады, үйленеді, дауыс береді, т.с.с. адамдардың бір – бірімен қарым қатынасқа түскен кездегі барлық іс – қимыл әркеттерін анықтауға тырысады. Қысқаша айтқанда, социология қоғам мен әлеуметтік қарым – қатынастарды ғылыми оқып – үйрену, зерттеу болып табылады.
2. Әлеуметтанудың басқа әлеуметтік ғылымдармен байланысы. Социология жеке дара дамымайды, басқа қоғамдық ғылымдармен үздіксіз байланыста дамып отырады. Социологияның осы байланысын түсіну үшін, оның әлеуметтік философиямен, тарихпен, саясаттанумен, экономикалық ғылымдармен арақатынасын қысқаша қарастырайық.
Социология мен әлеуметтік философияның байланысын анықтайтын мәселе – екеуі де қоғамды жүйелі де тұтас әлеуметтік организм ретінде қарастырады. Бірақ әлеуметтік философия қоғамды бүкіл дүниеғаламның ерекше, құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, оны жалпы философиялық ұғымдардың, категориялар мен заңдардың көмегімен түсіндіреді. Әлеуметтік философияның заңдарының нақты мысалдарының бірі - қоғамдық болмыс пен қоғамдық сапаның арақатынасы жайлы заң, қоғамның өздігінше дамуының қайнар көздерін сипаттайтын заңдар. Жалпы философиялық заңдар қамти бермейтін қоғамның өзіне тән ерекше әлеуметтік көріністері, әртүрлі салалары, сипаттамалары бар. Бұл социологияның үлесіне тиеді. Сонымен, әлеуметтік философия социологияның жалпы теориялық және методология негізі болып табылады.

Негізгі:
1.Современные западные исследования социологической классики. М: Наука, 1992.
2.Ядов В.А. Методология и методика социологического исследования. М: Наука, 2002.
3.Добреньков В.И., Кравчснко А.И. Социология . В 3-х томах. М: Наука. 2000
5.Аитов Н.А., Биекенов К.У. Социология. Алматы : Қазақ университеті. 2002.
6.Тажин М., Аяган Б. Социология негіздері. Алматы 1992.
7.Габдуллина К.Г. и др., Социология. Учебник для студентов высших технических учебных завдений. Алматы: Санат, 1997.
8.Әбсаттаров Р.Б., Дакенов Н. Әлеуметтану. Алматы : Ғылым, 2004.
Қосымша:
9. Конт О. Дух позитивной философии: Слово о положительном мышлении. СПб, 1910.
10. Арон Р. Этапы развития социологической мысли. М.,1992.
11. Сорокин П. Человек. Цивилизация. Общество. М.1992.
12. Вебер М. Избранные произведения. М., 1990.
13. Структурно- функционалтный анализ в современной социологии. М., 1968.
14. Большой тольковый социологический словарь. Дэвид Джери, Джулия Джери. Т.1,2.,1999.
15. Габдуллина К.Г. Общество прогресс и регресс. Алматы, 2003.
16. Аженов М.С., Садырова М.С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. А.: Қазақ униврситеті. 2004.
17. Биекенов К.У.,Жаназарова З.Ж., Нурбеков Ж.А. Социология общественного мнения. Алматы, 2001.
18. Гуревич Л.Я. Системные реформы высшего образования в Казахстане.
Алматы, 1999.
19. Садырова М.С. Социально- профессиональная мобильность интеллигенции. Алматы, 1999.
20 .Жаназарова З.Ж. Социология семьи. Алматы. 2001.
21.Садвакасова А. Институционализация социологии в Казахстане. Алматы., 2003.
22. Экономическая социология. Курс лекций (рук.авт. коллектива Л.Я. Гуревич). Алматы, 2002.
23. Касымова Л.Н. Практикум по экономической социологии. Алматы, 2002.
24. Дарменова Б. К. Социология управления. Алматы, 2002.
25. Гидденс Э. Стратификация и классовая структура.// СОЦИС. 92, № 9-11.
26. Гилинский Я.Н. Социология девиантного поведения как специальная социологическая теория. // СОЦИС, 91. № 4.
27. Голенкова З. Становление гражданского общества и социальная стратификация // СОЦИС, 95. №6
28. Гуревич Л.Я. Системные реформы высшего образования в РК. А. 99.
32. Дюркгейм Э. Самоубийство. М.94.
33. Егорышев С.В. Методы сбора социологической информации (опрос, наблюдение, эксперимент, анализ документов). Лекция. Уфа. 96.
34. Заславская Т.Н., Рывкина Р.В. Социология экономической жизни. Новосибирск.91.
35. Ионин Л.Г. Социология культуры. М.96.
36. История теоретической социологии. Т.1. М.97.
37. Комаров М.С. Социальная стратификация и социальная структура. // СОЦИС 92.№7
38. Конецкая В. Социальная коммуникация. М.97.
39. Михайлова В. Социология культуры М.99.
40. Нечаев В.Я. Социология образования. М.92.
41. Мацковский М.С. Социология семьи. М. 89.
42. Радаев В. Экономическая социология. М.98.
43. Ядов В.А. Стратегия социологического исследования. М.98.
44. Ядов В.А. Методология и методика социологического исследования. М. 2002.
53. Т.Жұмағұлов “Казахстан сегодня “ 1999 г.
54. Кон И.С. Социология личности. М,1967 г.
55. Коган Л.Н. Человек и его судьба. М,Зеленов Л.А. Становление личности Горький 1989 г.
56. А.Антонов. Макросоциология семьи. М.1998 г..
57. Доган М, Пеласси Д. Сравнительная политическая социология. М,1994 г.
58. Осипов Г.В. Теория и практика социологических исследовании. М,1979 г
59. Программа социологического исследования. М,1987 60. Ядов В.А. Социологические исследования М,1972 г.
61. Прогнозирование в социологических исследованиях. М,1974 г.

9. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ
Лекция №1
Тақырыбы: Кіріспе.
(1 сағат)
Жоспары:
1. Әлеуметтік білім жүйесіндегі әлеуметтанудың орны, әлеуметтанудың
обьектісі мен пәні
2. Әлеуметтанудың басқа әлеуметтік ғылымдармен байланысы
3. Әлеуметтанудың қызметтері
Лекцияның мақсаты:
Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың статусын,
әлеуметтанудың әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі орнын,
әлеуметтанудың обьектісі мен пәнін, әлеуметтанудын басқа әлеуметтік
ғылымдармен байланысын және әлеуметтанудың қызметтері туралы түсінік
беру.
Лекция мәтіні:

обьектісі мен пәні. Бұл ғылымның социология деген атауы латын, грек
сөздерінен құралған: societas - латын тілінде қоғам, logos грекше
ілім, ұғым деген сөз, демек , социология қоғам туралы ілім деген сөз.
Бірақ қоғам басқа да ғылымдардың зерттеу обьектісі болып табылады.
Сондықтан социология – қоғам туралы ғылыми деумен шектелсек, бұл ғылымның
өзіне тән обьектісі мен пәнін ашып бере алмайды.
Социология термині көп жағдайда шегіне жеткен кең мағынада, барлық
қоғамдық ғылымдарды қамтитын мағынада қолданылады. Бұл жағдайда ол бүкіл
қоғамтанудың баламасы, синонимі болып көрінеді. Ал ғылыми тұрғыдан
алғанда, социологияны тар мағынасында қарағанда, ол қоғамтанудың жеке
бір ерекше саласы болып шығады.
Социологияның басқа қоғамдық ғылымдар арасында өз алдына бөлек ғылым
екені мынадан да көрінеді. Социология қоғамды, оның өмір сүруі мен
дамуын әлеуметтік құбылыстар, процестер мен қатынастар тұрғысынан
қарастырады. Оның зерттеу обьектісі – социум деп аталатын әлеуметтік
шындық.
Қоғам деген термин социологияда адамдар арасында болып жататын
алуан түрлі қарым – қатынастардың күрделі жиынтығын білдіреді. Сондықтан,
жалпы алғанда қоғам барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу обьектісі бола
отырып, сонымен қатар әрбір ғылым өзінің ерекше зерттеу обьектісін бөліп
алады, Эконоика ғылымдарының обьектісі - өндіріс, өндірістік қатынастар,
тұтыну мәселелері. Экономика саласымен салыстырғанда, саясаттанудың өз
ерекшелігі бар. Саясаттану саяси билік жүргізу мәселерімен тікелей
байланысты. Бұл политологияның, саяси ғылымдардың обьектісі. Қоғамның
рухани өмірін, яғни рухани байлықты өндіру, тарату ісімен, адамдардың
рухани қажеттерін өтеудің жолдарын, түрлері мен әдістерін зерттейтін
мәдиниеттану, педагогика, психология сияқты бірқатар ғылымдар бар. Міне
бұдан көптеген қоғамдық ғылымдардың зерттейтін обьектісі – тұтас қоғам
емес, оның белгілі бір саласы ғана екенін түсіну қиын емес.
Демек, социология қоғамды тұтас қарастырмайды, тек сол қоғамның
әлеуметтік өмірін ғана зерттейді. Атап айтқанда, адамдардың айтарлықтай
кең қауымдастықтары арасындағы ( таптар, халықтар және басқа әлуметтік
топтар, ұлттар, ұйымдар т.б. ) және осы қауымдастықтардын өкілі ретінде
көзге түсетін жеке адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды
қарастырады. Осы қатынастардың субьектілерінің ерекшеліктеріне сәйкес
әлеуметтік қатынастар әлеуметтік топтар ( топтар мен әлеуметтік
таптар ), әлеуметтік – демографиялық ( ерлер, әйелдер, балалар, жастар,
зейнеткерлер, жанұя мүшелері ), әлеуметтік – территориялық ( қала, село
тұрғындары ), әлеуметтік - этникалық ( ұлттық, халықтық, этнографиялық
топтар ), әлеуметтік – кәсіптік ( еңбек коллективтері, кәсіптік
бірлестіктер ), жеке адамдар арасындағы қатынастар болып бөлінеді.
Сонымен, әлеуметтік өмірдің өзегі – адамдардың және олардың
бірлестіктерінің іс - әрекеттері, өзара байланыстары. Осыған сәйкес
социология адамдардың өзара қарым – қатынасында білдіретін мінез – құлқы
жайлы ғылым деуге де болады. Социология, егер қарапайым тұрғыда айтатын
болсақ, адамдарды зерттейтін әдістердің бір түрі болып табылады.
Социологтар адамдар неге белгілі бір жағдайда осылай іс - әрекет етеді,
неге олар бірігіп топты құрайды, соғыстарға атанады, бір нәрсеге сиынады,
үйленеді, дауыс береді, т.с.с. адамдардың бір – бірімен қарым қатынасқа
түскен кездегі барлық іс – қимыл әркеттерін анықтауға тырысады. Қысқаша
айтқанда, социология қоғам мен әлеуметтік қарым – қатынастарды ғылыми
оқып – үйрену, зерттеу болып табылады.
2. Әлеуметтанудың басқа әлеуметтік ғылымдармен байланысы. Социология
жеке дара дамымайды, басқа қоғамдық ғылымдармен үздіксіз байланыста дамып
отырады. Социологияның осы байланысын түсіну үшін, оның әлеуметтік
философиямен, тарихпен, саясаттанумен, экономикалық ғылымдармен
арақатынасын қысқаша қарастырайық.
Социология мен әлеуметтік философияның байланысын анықтайтын мәселе –
екеуі де қоғамды жүйелі де тұтас әлеуметтік организм ретінде
қарастырады. Бірақ әлеуметтік философия қоғамды бүкіл дүниеғаламның
ерекше, құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, оны жалпы философиялық
ұғымдардың, категориялар мен заңдардың көмегімен түсіндіреді. Әлеуметтік
философияның заңдарының нақты мысалдарының бірі - қоғамдық болмыс пен
қоғамдық сапаның арақатынасы жайлы заң, қоғамның өздігінше дамуының
қайнар көздерін сипаттайтын заңдар. Жалпы философиялық заңдар қамти
бермейтін қоғамның өзіне тән ерекше әлеуметтік көріністері, әртүрлі
салалары, сипаттамалары бар. Бұл социологияның үлесіне тиеді. Сонымен,
әлеуметтік философия социологияның жалпы теориялық және методология негізі
болып табылады.
Социология мен тарих қоғамды зерттегенде тарихи процестің
субьективтік, іс - әрекеттік жағына көңіл бөледі. Бірақ бұл ғылымдардың
арасында елеулі айырмашылықтар да бар. Бұл ғылымдардың арақатынасы –
теория мен тарихтың, қоғамдық дамуың теориясы мен тарихының
арақатынасы. Социология жалпы қорытындылар жасаумен шұғылданса, ал тарих
жеке уақиғаларға бой ұрады, тарихи оқиғалардың нақты хроникалық
желісінен, өзіндік қайталанбайтын нақтылығынан қол үзбейді. Социология
теориялық ғылым ретінде өткендегі мен қазіргі жағдайдағы әлеуметтік
тәжірбиені қорытып, әлеуметтік құбылыстар мен процестерді қайталанатын
заңды да мәнді жақтарын іріктеп алады.
Сонымен әлеуметтік философиямен бірге социология да тарих ғылымы
үшін жалпы теориялық және методологиялық негіз болып табылады.
Социология мен саясаттану тығыз байланысты. Өйткені әлеуметтік
қауымдастықтар, әлеуметтік ұйымдар саясаттың субьектісі және обьектісі
болып табылады. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге тікелей әсер ететіндер
– жеке адамдар және олардың бірлестіктерінің саяси қызметі. Саясат кең
әлеуметтік болмысты, қоғамның әлеуметтік өмірін зерттейтін ғылым болса,
ал саясаттану қоғамның саяси өмірін зерттейді.
Экономикалық және басқа қоғамдық ғылымдар да қоғамның жеке
салаларын, бөліктерін зерттейді. Бұлардың социологиядан айырмасы
осында. Ал социология қоғамды біртұтас әлеуметтік система деп қарайтыны
белгілі. Экономикалық ғылым материалдық өндірісті, адамдардың
экономикалық қатынастарын зерттейді. Ал бұлардың өзгерісі әлеуметтік
процесстерге әсер етпей қоймайды. Сондықтан социология экономикалық
теорияға сүйенеді.
3. Әлеуметтанудың қызметтері. Социологияның ғылым ретінде қалыптасуы
X1X ғ.
ортасындағы француз ойшылы О. Конттың есімімен байланысты. (1798-1857) О.
Конт “социология”
терминін ең алғаш рет ғылымға енгізді.
Социология ғылымының қалыптасуына басқа көптеген ғалымдар: А.
Смолл, В. Томас,Т. Парсонс, т.б үлес қосты.
Социология объектісі мен пәнін анықтай келе О. Конт сол
уақыттағы қоғамды
иерархиялық баспалдақ ретінде түрлендіруге тырысты. Оның ойынша ғылым
дамуының
тарихи процесі қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға, жалпыдан
ерекшелікке қарай
ауысып отырады. Оның ойынша негізгі ғылымдар иерархиясы былай бейнеленеді:
математика – астрономия – физика – химия – биология социология.
Бұл ғылымның “социология” деген атауы: “societas” – латын тілінде
қоғам, “logos” грекше ілім, ұғым деген сөз. Бірақ қоғам басқа да
ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сондықтан социология – қоғам
туралы ғылым деумен шектелсек, бұл ғылымның өзіне тән объектісі мен пәнін
ашып бере алмайды.
Социология қоғамды, оның өмір сүруімен дамуын әлеуметтік құбылыс,
процкстер мен қатынастар тұрғысынан қарастырады. Оның зерттеу объектісі-
социум деп аталатын әлеуметтік шындық.

алуан түрлі қарым- қатынастың жиынтығы болып табылады. Сондықтан жалпы
алғанда қоғам барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу объектісі бола отырып,
сонымен қатар әр ғылым өзінің зерттеу саласын бөліп алады.
Демек социология қоғамды тұтас қарастырмайды, тек сол қоғамның
әлеуметтік өмірін ғана зерттейді. Атап айтқанда, адамдардың кең
қауымдастықтары арасындағы және осы қауымдастықтардың өкілі ретінде көзге
түсетін жеке адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды қарастырыды.
Социология ғылымының әлеуметтік-қоғамдық қызметі әртүрлі. Солардың
ішінде негізгі төртеуін бөліп көрсетуге болады.
Социология ғылымының
қызметтері
Эмпирикалық
Теоретикалық
Болжамдық
Қолданбалы
1. Эмпирикалық қызмет –нақты ақпараттар мен алғашқы мәліметтерді жинау
және өңдеу қызметін атқарады. Мысалы, тұрғындар санын, құрамы мен өсім
деңгейін, жұмыссыздар санын, ажырасу көрсеткіштерін, жанұядағы табыс
мөлшерін пікірін, т.б.
2. Теоретикалық қызмет-социологтар жиналған мәліметтерді анализдепр, бір
жүйеге келтірген соң бұлардан практикалық түрде дәлелденген ғылыми
қорытынды шығарады. Осының нәтижесінде социологиялық ғылымға жаңа
ұғымдар мен терминдер енгізіледі, жаңа доктриналар, концепциялар,
әлеуметтік құбылыстар мен процестерді түсіндіруде жаңа теориялар пайда
болады.
3. Социология ғылымының болжамдық қызметі де осы көріністермен
байланысты. Бұл қызмет – ғылымдар сол және басқа әлеуметтік
процестердің болашақта дамуын алдын-ала ғылыми негіздеп, болжам
жасауында көрінеді. Мысалы, тұрғындардың саны мен құрылымының
өзгеруін, жуырда болатын сайлаудағы сайлаушының іс-әрекетін,
экологиялық бұзылу зардаптарын алдын –ала болжау т.с.с.
4. Ақырында социологиялық болжамдар, теоретикалық өңдеулер практикалық
мақсатта қолданылып, социология қолданбалы қызметті атқарады.
Социологтардың бұл зерттеулері білім жүйесінде жақсы көрсеткішке ие
болуына денсаулық сақтау, тұрғындырдарды әлеуметтік қамсыздандыруда
үлкен роль атқарады.
Ғылымның ішкі логикасын, оның пәні мен әдістерінің сипатын
ашатын, әлеуметтік құбылыстар мен процестердің мәнін танып-білудің тірегі-
социологияның категориялары мен заңдары. Категориялар әлеуметтік болмыстың
мәнді жақтарын, қасиет-белгілерін, құрылымдыұ элементтерін бейнелендіретін
негізгі ғылыми ұғымдар. Ал осылардың арасындағы ішкі және қажетті
байланыстар мен қатынастарды бейнелендіретін ұғымдар – заңдар болып
табылады.
Социологияның ең негізгі мазмұны жағынан көлемді категориясы
“әлеуметтік” ұғымы. Бұл ұғым “әлеуметтік жүйе” , ”әлеуметтік құрылым” ,
“әлеуметтік институт” , “әлеуметтік ұйымдастыру” , “әлеуметтік топ”,
“әлеуметтік іс-әрекет” т.б. көлемді ұйымдарды қамтиды. Бұлардың әрқайсысы
өз алдына бірнеше категорияларға бөлінеді. Мәселен “әлеуметтік топ”
категориясы “топ”, “әлеуметтік қабат”, “халық”, “ұлт” ұйымдарымен тікелей
байланысты.
Социология ғылымы әлеуметтік болмысты, социумды зерттейтін ғылым
болғандықтан, оның заңдары да әлеуметтік сипатта болады. Әлеуметтік заңдар
адамдардың және олардың таптарының мінез-құлықтарын реттейді, жеке
адамдарды және олардың қауымдастықтарының арасындағы қарым- қатынастарды
анықтайды. Әлеуметтік заңдарды түрліше белгілеріне қарай классификациялауға
болады. Жалпылығы жағынан олар жалпы заңдар (қоғам дамуын, біртұтас
әлеуметтік жүйе дамуын анықтайды) және ерекше заңдар (әлеуметтік жүйенің
жекелеген элементтерін, қоғам бөлшектеріе сипаттайтын) болып бөлінеді.
Олардың сипатына, көрініс беру ерекшелігіне қарай динамикалық және
статистикалық заңдарға бөлінеді. Динамикалық заңдар нақты жағдайда өз
ретімен болған оқиғалар арасындағы бір мәнді, қатаң байланысты көрсетеді,
олардың бағытын, түрлері мен факторларын анықтап береді. Статистикалық
заңдар әлеуметтік құбысты қатаң қажеттілік түрінде анықтамай, белгілі бір
ықтималдылыққа жол береді.
Лекция № 2
Тақырыбы: Әлеуметтанулық білімнің құрылымы
(1сағат)
Жоспары:
1. Макро және микро әлеуметтану
2. Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары
3. Әлеуметтік процестердің қозғаушы күштері
Лекцияның мақсаты:
Әлеуметтанулық білімнің құрылымын, макро және микро
әлеуметтанудын ерекшеліктері, әлеуметтанудың заңдары мен категориялары
және әлеуметтік процестердің қозғаушы күштері туралы түсінік беру.
1. Макро және микро әлеуметтану. Социологтар қоғамды екі
деңгейде қарастырады: микро
және макро деңгейде.
Микросоциология - адамдардың күнделікті өмірдегі қарым қатынасын -
интеракция
ретінде,олардың өзара іс - әрекет түрлерін зерттейді . Бұл салада
жұмыс істейтін
зерттеушілердің есептеуінше әлеуметтік құбылыстар адамдардың бір –
бірімен өзара қарым – қатынасына мән бергенде ғана мазмұндар негізін
талдап түсінуге болады . Олардың басты зерттеу тақырыбы – индивидтер
іс әрекетті, олардың әдеті, мотивтері, қоғамның тұрақтылығы немесе
ондағы өзгерістерге әсерін зерттейді.
Макроцоиология – негізінде кез – келген қоғамның мәнін түсінуге
көмектесетін іс - әрекет
үлгілеріне мән береді. Бұл құрылымдар өздеріне мынадай қоғамдық
институттарды енгізеді, олар отбасы, білім, дің сондай ақ, саяси және
экономикалық құрылыс. Адамдар туылғанан бастап осы әлеуметтік
құрылымдарға енеді әрі оның терең әсерін байқайды. Макросоциологтар
қоғамның түрлі бөліктерінің қарымқатынастарын зерттеуге аса мән
береді, олар сондай ақ өзара байланыстардың өзгеруін де анықтауға
тырысады.
2. Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары. Ғылымның ішкі логикасын,
оның
пәні мен әдістерінің сипатын ашатын, әлеуметтік құбылыстар мен процестердің
мәнін танып-білудің тірегі- социологияның категориялары мен заңдары.
Категориялар әлеуметтік болмыстың мәнді жақтарын, қасиет-белгілерін,
құрылымдыұ элементтерін бейнелендіретін негізгі ғылыми ұғымдар. Ал
осылардың арасындағы ішкі және қажетті байланыстар мен қатынастарды
бейнелендіретін ұғымдар – заңдар болып табылады.

3. Әлеуметтік процестердің қозғаушы күштері. Социальный
процесс деп қоғамдық жүйе мен оның жеке құрамдас бөліктерінің
тіршілік етуі мен дамуының жағдайлары мен қозғалыстары, адамдардың
күнделікті қайталанып отыратын өмір салты айтылады. Әрбір адам және
әлеуметтік топ бір жағынан, Әлеуметтік процесс құрса, екінші
жағынан соны атқарушылар. Әлеуметтік процесс құрамдас бөліктері,
жағдайлары сол процестің сақтаушысы, жүзеге асырушысы және
өзгерушісі. Сондықтан Әлеуметтік процесс нақтылы зерттелгенде оның
осы құрамдас бөліктерінің мазмұны мен формаларын, ішкі және сыртқы
жағдайларын, өзара – байланыстарын, тіршілік ету әрекеттері мен
қамтамасыз ету шарттарын, олардың тұрақтылығы мен өзгерісін,
өзгерту бағыттарын, кезеңдерін, сапалық сипаттарын т.б. анықтайды.
Әлеуметтік процесс жалпыға бірдей немесе адамдардың
үлкен топтарына қатысты құбылыс. Әлеуметтік процесс адамдардың іс
- әрекеттерінің сыртқы көріністері ғана емес, сонымен бірге сол
істерді атқарушы адамның ішкі дүниесінің іске қатысатын, соған
байланысты өзгеретін жақтары да жатады.
Әлеуметтік процесс сапалық жағынан екі бағытта болады: а)
адамдардың әрекеттерін біріктіруші, әлеуметтік тіршіліктің белгілі
түрін тұрақтандырушы, жетілдіруші ( эволюциялық ); ә) бірлікті бұзушы,
бақталастық, қақтығыстар туғызушы ( революциялық ). Әлеуметтік
процесс екі түрінің қайсысы пайдалы немесе зиян деп кесіп айту
мүмкін емес. Олар белгілі бір себептерге байланысты обьективті
түрде туады, жүзеге асады және орын ауыстырады. Мысалы, қоғамдық
шиеленістер, қоғамның бұған дйін бір бағытта дамыған кезендеріне
бірте – бірте жинақталып, шешуші бейбіт жолмен дер кезінде табылмаған
қиындықтарды, әділетсіздікті түзету мақсатында туындайды. Сондықтан
әлеуметтік шиеленіс қоғам дамуының уақытша жағымсыз, регрессивті
болып көрінетін түрі. Мұндай жағдай кейде уақытша шын мәнінде
регрессивті болуы мүмкін ( диктатураның теориялық, тоталитарлық
түрлері, белгілі бір қоғамның бұрынғы, күні өткен жақтарын сол
күйінде зорлықпен қайта орнату т.б. ) бірақ ондай жағдайлар ертелі –
кеш қарсы күштермен бұзылады немесе өздігінен прогрессивтік жаңа
сапаларға өтеді. Соңғы жағдайды кейде - өмірдің өзі өзгертті деп
те атайды. Осы тұрғылардан алғанда әлеуметтік процесс зерттеудің
асты бір міндеті ол сол прцестердің ішкі қайшылықтарын, олардың
шиеленісу шектерін шешу жолдарын анықтау.
Әлеуметтік процесс ғылыми тұрғыдан нақты зерттеудің
тағы бір жағы - оның әр түрлі деңгейлердегі көріністерін анықтау,
солардың ішінде механизмдерін ашу. Әлеуметтік процесс
деңгейлері, социеталдық, немесе бүкіл қоғамға ортақ ( біркелкі немесе
әр түрлі ); институционалдық немесе өмірдің кейбір салаларында,
сфераларында ( өндірісте рухани дүниенің бір бөліктерінде - білім
беру, өнер т.б. жанұяда т.с.с. ); жеке топтар арасында; жеке адам
деңгейінде тараған қатынастар. Осындай әрбір деңгейлерді зерттегенде
олардың ішкі құрылымдық – функционалдық сипаттарын: Олардың ара
байланыстарын, септік негіздерін және салдарлық көріністерін (
детерминалдық көріністерін ); басты және қосалқы жақтарын; тұрақты
және уақытша күйлерін анықтайды. Мұндай зерттеулердегі басты
мақсаттардың тағы бір жақтары толық не жартылай, сондай – ақ
кездейсоқ басқаруға болатын түрлерін түсіну.
Әлеуметтік процесс мазмұндық жақтарына еңбек ету
жағдайлары, әлеуметтік қамтамасыз ету, құқықтық демократиялық
қатынастарды жүзеге асыру, саяси бостандықты пайдалану, адамның
азаматтығының қалыптасу, рухани жетілу, дем алу мүмкіндіктері т.с.с.
мәселелері жатады. Әлеуметтік процесс тағы бір жағына адамдар
арасында орын алатын қылмыскерлік, нашақорлық, парақорлық тағы
басқа имансыздық құбылыстар да жатады. Бұл құбылыстарды зерттеу мен
оларға ғылыми тұрғыдан әсер етудің ерекше мәселелері социология
ғылымында айтарлықтай дамыған салалар.
Сонымен әлеуметтік процесс ұғымы социология ғылымында
айырықша орын алатын, қоғамды түсіну мен оған ғылыми тұрғыдан ықпал
етудің ең күрделі жағын қамтитын ұғым.
Қоғам дамуының қозғаушы күшін нағыз ғылыми – материалистік
тұрғыдан түсіну үшін әлеуметтік өзгеріс , қозғалыс және даму
ұғымдарының арақатынасының дұрыс айқындап алған жөн.
Күнделікті ойлау – сөйлеу практикасында өзгеріс , құбылыс ,
даму ұғымдары тепе – тең мағынада қолданыла береді. Өзгеріс
дегеніміз қозғалыс, өйткені қозғалыссыз өзгеріс жоқ. Сондай –ақ,
қозғалыс дегеніміз алуан түрлі өзгерістер. Алайда өзгеріс,
қозғалыстардың барлығы бірдей даму бола бермейді. Қоғам дамуының
қозғаушы күші жайлы мәселеде марксизм дүниенің материалдылығы
және оның бірлігі жайлы ілімді басшылыққа алады. Марксистік ілім
әлеуметтік дамудың қозғаушы күштерін қоғамның өз ішінен іздей
отырып, олар өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың
арасындағы қайшылық екенін дәлелдеп береді. Адамдардың таптарға
бөлінетіндігін және олардың арасындағы таптық күресті социологтар
марксизмнен әлдеқайда бұрын байқаған болатын. Алайда, идеалистер
болғандықтан, олардың бәрі қоғамның топтарға бөлінуінің
обьективтік негізін дұрыс түсіндіре алмады. Марксизм ғана
материалистік диалектиканы қолдана отырып, қоғамның таптарға
бөлініуінің шын себебін ашып берді: таптар деп адамдардың
қоғамдық өндірістің белгілі бір тарихи системасындағы орнына
қарай олардың өндіріс құрал – жабдықтарына деген ( көбінесе заң
түрінде бекітіліп тұжырымдалған ) қатынасына қарай, еңбетің қоғамдық
ұйымдасуына атқаратын рөліне қарай, ал олай болса, олардың
қоғамдық байлықтан алатын үлесінің мөлшерінен және алу тәсілінен
қарай айырылатын үлен топтар түсінігін ашып берді.
Таптар пайда болғаннан кейін олардың арасында қайшылықтары
туып, олар біртіндеп шиеленісе келе келісімге келе алмайтын
антагонистік сипатқа ие болды. Содан бері антогонистік таптық тарихы
таптар күресінің тарихына айналды. Әрбір таптық қоғамда негізгі
және негізгі емес топтар бар.
Таптар күресі антогонистік қоғамдардағы дамудың қозғаушы күші
болып табылады. Қвсқасы, тап күресінсіз таптық қоғамдарда әлеуметтік
прогресс жүзеге аспаған болар еді.
Лекция №3
Тақырыбы: Әлеуметтанудың қалыптасуындағы негізгі кезеңдер
(1сағат)
Жоспары:
1. О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы. Әлеуметтік статика және
әлеуметтік динамика.
2. Г.Спенсер және эволюцияның натуралистік концепциясы
3. Э.Дюркгеймнің әлеуметтануы
Лекцияның мақсаты:
Әлеуметтанудың қалыптасуындағы негізгі кезеңдері, О.Конт
әлеуметтанудың негізін салушы, әлеуметтік статика және әлеуметтік
динамика, Г.Спенсердің әлуметтану ғылымына қосқан үлесі, эволюцияның
натуралистік концепциясы және Э.Дюркгеймнің әлеуметтануы туралы түсінік

әлеуметтік динамика. Социология ғылымының өз алдына бөлек ғылым ретінде
шығуы психологияның, антропологиялың ,құқықтың жеке аумақтарының дамуымен
байлаенысты болады. Социология ғылымының қалыптасуына тікелей әсер еткен
неміс классикалық философы, қоғам құрылысының жаңа әлеуметтік ғылымға
айналуында негізгі рольді атқарған Сен
Симон мен Фурьенің социалистикалық теориясы болды.
Сен-Симонның шәкірті және ізбасары француз философы О.Конт(1798-1857)
социология
ғылымының негізін салушы болып есептеледі. О.К. негізгі еңбегі
“Позитивтік философия
курсында” ғылымдардың топтастырылуы және социологияның пән ретіндегі
ерекшеліктері
қарастылрылды. Ол социологияның дамуын жаратылыстану ғылымдарының
жолымен, соның
ішінде физика ғылымымен байланыста болады деп есептейді. Конт
“социология”, “әлеуметтік
физика” түсініктерін ғылымға енгізді. Социология О.К. пікірінше қоғамды
2 жақты қарайды:
әлеуметтік статика(өмір сүріп отырған қоғам құрылымдары өзгеріссіз,
тұрақты) және
әлеуметтік динамика . Әлеуметтік статика қоғамдық құрылым, оны
ұйымдастыру мен
үйлесімділігі туралы теория. Қоғам О.К пікірінше әртүрлі өзара
байланысты бөліктердің
бірлігінен тұратын органикалық тұтастық. Қоғамдық прогресс туралы
позитивтік теорияны
О.Конт әлеуметтік динамика деп атады. Жалпы адамзат зердесінің
позитивтік дамуы дегеніміз-
адамдардың әлеуметтік танымы мен әлеуметтік басқару ғылымдарының
жетілуі .
О.Конт тарихи дамудың 3 сатысы заңын қалыптастырды. Олар:теологиялық,
метафизикалық,
позитивтік сатылар. О.Конт теологиялық кезеңді (ХІІІғ дейін)қоғам
дамуындағы анықтаушы
кезең деп есептейді. Бұл кезеңде адамзат ойлауында дін үстемдік етті
және адамзат ақыл-ойы
жаратылыстың басталуын діни тұрғыда түсінуге ұмтылды.
Ал метафизикалық кезеңде (ХІV-XVғ)қоғамда белгісіз абстрактілі
түсініктер, метафизикалық
концепциялар үстемдік етті. Позитивтік кезеңге ХІХ ғ. Басталатын дәуір
сәйкес келеді, яғни бұл
тұсқа ірі өнеркәсіптің, ғылымның келуі, қоғам дамуында қондырмалық
ғылымға сүйену,
социологияға сүйену дәуірі сәйкес келеді.
2. Г.Спенсер және эволюцияның натуралистік концепциясы. ХІХ ғ.
Ғалым-философы Г.Спенсер(1820-1903) социологияның қалыптасып-дамуында
маңызды роль атқарады. Спенсердің социологиялық теориясы негізгі 2
ұстанымның негізінде қарастырылған: қоғамды организм ретінде түсіну және
әлеуметтік эволюция идеясы. Қоғам дегеніміз, организ,-деп көрсете отырып,
Спенсер биологиялық және әлеуметтік организмдер арасындағы ерекшеліктерді
анықтайды. Спенсердің айтуынша әлеуметтік организм негізгі 3 жүйеден
тұрады:”реттеуші”, “өмірге қажетті құралдарды өндіруші” және “бөлуші”.
Спенсер социология тарихында алғаш болып “жүйе”, “функция”,
“құрылым” т.б
түсініктерді тұрақты қолдана бастады. Спенсер қоғамды 2 типке бөледі:
әскери және
өнеркәсіптік. Олардың өмір сүруге деген күресі әртүрлі. Қоғамның
бірінші типі әскери
шиеленістергі, атыс-шабысқа және жеңілгендерді езіп-жаншуға толы. Ал
екінші типі
өнеркәсіптік бақталастыққа негізделген. Бұл жерде интеллектуалдық және
моральдық сапаның
және жұмысқа деген қабілеттілік пен ынтаның қарқыны жоғары. Күрестің
бұл түрі қоғамға өте
пайдалы болып есептеледі. Бұның нәтижесінде қоғамның интеллектуалдық
және моральдық
деңгейі жоғарылайды.
3. Э.Дюркгеймнің әлеуметтануы. Э. Дюркгейм ( 1858 - 1917 )
- XIX ғ. Социология тарихындағы ірі тұлғалардың бірі, француз
социологы. Э. Дюркгейм ілімінің негізінде “ социологизм ” жатыр.
Оның айтуынша қоғам адамдарды біртұтастыққа біріктіретін ерекше “
нақтылықтардан ” көрінеді. Ол қоғам дамуының жалпы және жеке
заңдарын бөліп талдайды. Заңдастырылған әлеуметтік нақтылық қоғамда
үстемдік ете оырып, жеке адамның қалыптасуын реттейді. Э. Дюркгейм
жалпы “ұжымдық ” қасиеттердің жеке ерекшеліктерімен бірігіуін “
әлеуметтік дерек ” деп атайды. Оның ойынша социология әлеуметтік
деректер туралы пән бола отырып, ерекше нақтылықтарды зерттеумен
айналысады. Әлеуметтік дерек дегеніміз – бақыланып отыратын нақтылық.
Ол әлеуметтік деректердің екі түрін бөліп көрсетеді.:
1) материалдық ( халықтың тығыздығы, адамдар арасындағы
қарым - қатынастар );
2) рухани ( ұжымдыұқ сана, дің, мораль, құқық ) деректер. Э.
Дюркгейм қоғамдағы өзгерістердің даму барысын еңбектің бөлінуінің
дамуы тұрғысына қарай отырып, бөлінісінің әлеуметтік салдарымен
байланыстыра қарады. Еңбек бөлінісі тереңдеген сайын адамдар
арасындағы өзара бағыныштылық ара түседі , яғни олар өздерінің
қажеттіліктері мен сұраныстарын басқа адамдар арқылы орындайды.
Лекция №4
Тақырыбы: ХХ ғ. әлеуметтануы
(1 сағат)
Жоспары:
1. П. Сорокиннің әлеуметтанулық теориясы
2. Әлеуметтанудығы құрылымдық функционализм (Т.Парсонс, Р.Мертон)
3. М. Вебер әлеуметтануы және әлеуметтанудың қазіргі заманғы дамуындағы
веберлік ренессанс
4. ХІХ-ХХ ғғ. Қазақ ойшылдарының адам мен қоғам дамуына деген
әлеуметтанулық көзқарастары
Лекцияның мақсаты:
ХХ ғ. әлеуметтануы П. Сорокиннің әлеуметтанулық теориясы
Әлеуметтанудығы құрылымдық функционализм (Т.Парсонс, Р.Мертон) М. Вебер
әлеуметтануы және әлеуметтанудың қазіргі заманғы дамуындағы веберлік
ренессанс ХІХ-ХХ ғғ. Қазақ ойшылдарының адам мен қоғам дамуына деген
әлеуметтанулық көзқарастары
Лекция мәтіні:
1. П. Сорокиннің әлеуметтанулық теориясы. П.А.Сорокин(1922)- тегі
орыс
американдық социолог. Эмиграциядан кейін батыс социологиясында көрнекті
орынға ие болды. П. Сорокин АҚШ-та үстемдік еткен эмпиризмдік тенденцияны
сынап, кең түрде танылған мәдениеттің жалпы социологиялық жақтарын қамтитын
“интегралды социология” туралы ілімді дамытты. Мәдени өзгеріс теориясын
ұсына отырып, П.Сорокин диалектиканың көмегімен әлеуметтік-мәдени
өзгерістердің дұрыс қайталанып тұру тәртібін түсіндіруге тырысып, оның
негізін іздеді.
П.Сорокин 1927 ж. ғылымға “әлеуметтік мобильділік” ұғымын
енгізді. Ол әлеуметтік
мобильділікті жеке адамның, бір әлеуметтік топтан екіншісіне өтуі
емес, әрбір әлеуметтік
жағдайдың өзгеруі деп түсіндіреді. П.Сорокиннің түсіндіруі бойынша,
әлеуметтік мобильділік
2 бағытта жүзеге асады: а) тікелей-жоғарғы, төмен өзгеру; б)
көлденеңінен-бір дәрежедегі
өзгерістер. П.С. негізгі еңбектері: “Революция социологиясы”.
“Әлеуметтік мобильділік”,
“Қазіргі социологиялық теориялар”, “Адам, Цивилизация, Қоғам”,
“Социология жүйесі ”т.б
П.Сорокин “Социология жүйесі” еңбегінде өзара әрекетті әлеуметтік
құбылыстың қарапайым
моделі ретінде қарастырды. “Әлеуметтік мобильділік” еңбегінде ол
стратификация және
мобильділік мәселелерін қарастырды. Әлеуметтік мобильділік
дегеніміз тек қана индивидтер
мен топтпрдың әлеуметтік орын ауыстырулары емес, адамзат іс-
әрекетінің процесінде
қалыптасқан әлеуметтік объектілерді қамтиды. Әлеуметтік жіктеу
теориясын дамыта отырып
Сорокин оның экономикалық, саяси және кәсіби түрлеріне терең
зерттеу жүргізген.
П.Сорокин өзінің 4-томдық “Әлеуметтік және мәдени
диалектика” атты еңбегінде өзінің
ғылыми еңбектеріндегі көзқарастарын бір жүйеге келтіреді. Адамдар
әлеуметтік өзара
қатынастар жүйесіне мына факторлардың нәтижесінде түседі:
санасыздық,(рефлекстер),
биологиялық саналылық(аштық, шөл) және әлеуметтік саналық(мән,
ғұрып, құндылықтар)
2. Әлеуметтанудығы құрылымдық функционализм (Т.Парсонс,
Р.Мертон). Р.Мертон-(1912 ж)-американ социологы, функционалдық талдаудың
теориялық негізін қалыптастырған ғалым. Р.Мертон негізгі еңбектері:”
Әлеуметтік теория және әлеуметтік құрылым”, “Функционалдық талдаудың
парадигмалары”, “Социологиядағы құрылымдық талдау”. Ол “Орта деңгейлі”
теорияны қалыптастырып енгізу керек деген өте маңызды ғылыми ұсыныс
жасады. Оның айтуынша мұндай теория арнайы теориялар аралығында орналаса
отырып, әлеуметтік әдет-ғұрыптардың , әлеуметтік ұйымдар мен әлеуметтік
өзгерістердің түрлерін түсіндіруге бағытталады. Бұл теорияның негізінде
функционалдық жатыр. Р.М. функционалдық талдаудың 3 жолын көрсетті:
функционалдық бірліктің қағидасы-қоғамды теориялық тұрғыдан қарастырудың
бірлігі әлеуметтік деректердің тереңдігінде. 2.Функционалдықтың жан-
жақтылық қағидасы - мәдениеттің барлық түрлері өзіндік функционалдық
қасиеттерге ие болады. Р.Мертонның айтуы бойынша оларды аналитикалық
тұрғыдан талдау қажет. 3. “мәжбүрлік қағидасы”- функциялардың мәжбүрлілікке
ие болмай қоймайтындығын көрсетеді. Р.Мертонның айтуынша функционалдық
объект ретінде қайталанып отыратын және стеоротипті әлеуметтк
құбылыстарды(әлеуметтік рольдер, әлеуметтік процестер, әлеуметтік құрылым
т.б) алуға болады. Әлеуметтік нақтылық жеке адамнан жоғары бола алмайды.
Р.Мертон әлеуметтік құрылым өзіне адамдарды не олардың іс-әрекетін
біріктіре отырып, олардың қарапайым жиынтығы емес екендігін көрсетті.
Оның айтуынша әлеуметтік құрылым дегеніміз-қоғамдағы барлық мүшелер
мен топтар қатысатын әлеуметтік қатынастардың ұйымдасқан жүйесі.
Т.Парсонс(1902-1979)-американдық социолог, “құрылымдық
функционализмнің негізін
салушы, әлеуметтік жүйелер туралы теорияны қалыптастырушы. Негізгі
еңбектері: “әлеуметтік
іс-әрекеттің құрылымы”, “әлеуметтік жүйе”, т.б Парсонстың
теорияларына М.Вебердің,
Э.Дюркгеймнің Ф.Теннистің,Г.Зиммельдің,К.Маркстің т.б еңбектері
үлкен әсерін тигізді. Оның
теориялық мұрасын 3 кезеңге бөліп көрсетуге болады: 1)әлеуметтік іс-
әрекет теориясын өзіне
дейінгі социологиялық ой-пікірінің дамуының негізінде көрсетеді.
2)әлеуметтік іс-әрекеттің
жалпы теориясында құрылымдық функционализмді негіздейді және
әлеуметтік функциялардың
қоғамның тұрақтылығына тигізетін әсерін талдайды.; 3) әлеуметтік іс-
әрекет және жеке адам
мәселесі. Парсонс қоғамдық дамудағы 3 негізгі құрылымды көрсетеді.:
жеке адам, мәдениет
және әлеуметтік құрылым. Парсонс әлеуметтік жүйелердің ішкі
бөлінуінің мынадай басты
құрылымын көрсетеді: объективті ролдерді орындаушы актерлер,осыдан
туындайтын
әлеуметтік рольдердің бағыттық түрлері; бағдарладың экономикалық
негіздері; мәдени
бағдарлар жүйесі; ресми және бейресми функциялар.
Парсонс жеке адамды әлеуметтену процесінде қарастырды.
Әлеуметтену-қоғамдық
функциядағы материалдық пен идеалдықтың бірлігі.
3. М. Вебер әлеуметтануы және әлеуметтанудың қазіргі заманғы
дамуындағы
веберлік ренессанс Қоғамдағы үстемдік мәселесін ХХ ғ. басында мұқият
зерттеген неміс социологы М.Вебер болып табылады. Үстемдік дегеніміз-
жоғарыдағылардың төмендегілерге билік жасауы болып табылады. М.Вебердің
ойынша қоғам және оның түрлі бөлімдері бір-бірімен келісім бойынша емес,
өкіметтік қарым-қатынастар арқылы , анығырақ айтқанда үстемдік құрылымдары
бойынша байланысады. М.Веберге дейінгі социологтардың көпшілігі
(марксистерді қоспағанда) мысалы, мемлекетті адамзаттың ең керемет туындысы
ретінде ,ал мемлекет ісіне адалдық, берілгендік басқа да әлеуметтік
институттарға , мәселен отбасы, ұлтқа деген адалдық , берілушілікке
қарағанда маңыздырақ деп есептейді. Мемлекет заңды деп танылған немесе
заңдастырылған билікті қолдану арқылы өкімет монополиясына қол жеткізеді.
Қандай да бір әлеуметтік топ болмасын өз мүддесін қорғау үшін күш қолдануға
әзір. Мемлекеттің олардан айырмашылығы сол, оның сол мемлекет ішіндегі
барлық адамға күш қолдануға қақысы бар.
Үстемдік дегеннің өзі басқаларды ерікті тұрде бағынышты ететін билік.
Басқаша айтқанда басқарушы айналасына өз мүддесін жүзеге асыруға
көмектесетін адамдарды
жинайды. Үстемдіктің басқа өкімет түрлерінен айырмашылығы –бағыныштылықтың
ерікті түрде болуында, қорқытып бағындыруды үстемдікпен шатастыруға
болмайды. Ол
үшін белгілі дәрежеде қолдау қажет. М.Вебер үстемдікті үш түрге бөледі: 1.
Дәстүрлі 2. Харизматикалық; 3. Рационалдық- құқықтық немесе
бюрократиялық үстемдік. Дәстүрлі үстемдік салт дәстүрді сақтауға шақыруға
негізделген. Үстемдіктің бұл түрі қандық-туысқандық қоғамдарда жиі
кездеседі. Харизматикалық үстемдік қоғам басшысының жеке басындағы ерекше
сипатына, ержүрек тұлғаның тартымдылығына негізделген. Рационалдық-құқықтық-
немесе бюрократиялық үстемдік заң беделін көтеруге, заңға сәйкес
ережелердің дұрыс сақталуына негізделген.

әлеуметтанулық
көзқарастары. Қазақ әдет-ғұрып заң нормалары сағымға айналған сан
ғасырларды қамтып, бірте-бірте жетіле, қалыптаса түсті. Қоғам ішіндегі дау-
жанжалдар, тәртіпсіздіктер мен әртүрлі әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер бірте-
бірте күллі қазақ тайпалары мойындайтын әдеттік заң нормаларына айналып,
реттеле берді. Түбегейлі ережелерді қабылдауда халыцқ кеңесі, шақырылған.
Оған әрбір тайпалар мен рудалардың өкілдері қатысқан. Бұл әдет-ғұрып заң
нормаларын “төрелік ”, “ата-баба жолы”, “ереже”, “жөн-жосық”, “заң”,
“жарғы”, т.б. деп атаған. Сондай ірі заңдардың бірі Оғыз ханның заңдары
яғни “Түркістан ақсақалдарыының шешімдері”. Міне, осы ақсақалдар ережесі
қазір Түркиядағы Сүлеймания кітапхана қорында сақтаулы тұр. Бұл заң
шешімнің негізгі мәні: тұрмыстық жағдайға лайықтап көшіп қону жолдары, бір-
біріне қысылғанда көмек көсету, көсемін сайлау, мұрагерлік заңы , туыс-
туыстарына үйленбеу, тәртіпсіздіктің алдын алу әрі болдырмау , ұрлық-
қарлықты тыю., т.б. Аталған заңдарда қанға-қан, жанға-жандәстүрі қатаң
сақталған. Ру таңбасы сол тайпаның нышүаны ретінде жалауларына, мал
ұрандарына салынды, Әрбір ру-тайпалардың өзіне хас ұрандары блоды. Осы
тайпалардың нәсілдік тегі, тілі, мінез-құлқы, басынан кешірген уақиғалары
бірдей болып, тайпалық айырмашылықтары бірте-бірте жоғалып, ортақ халықтық
қасиеттері пайда болған. Қазақ халқының өз алдына жеке халық болып
қалыптасуы ұзақ дәуірлерді басынан кешірнді. Түркі тектес халықтар арасынан
тайпалардың өзара этникалық тұрғыдан бірігуі нәтижесінде халық болып
қалыптасқанында дау жоқ. Әуелі алты алашқа бөлінген жұрт келе-келе Үш
жүзеге, сонан соң қазақ халқына айналды. Тайпалық айырмашылықтар жойылып,
халықтық қасиеттер молая бастаған дәуірде ислам діні және оның шариат
заңдары енді. Қазақстанға ислам діні күштеп енгізілмеген. Екі сенім тез тіл
табысты. Соның нәтижесінде ислам мен қазақ сенімдері бірігіп, бірін-бірі
толықтырып, кемелдене түсті. Алайда қазақтардың өзіне тән ерекшеліктері
жоғалмады. Ислам қазақ тайпаларына үш кезеңде енді. Өз алдына тәуелсіз
мемлекет болған қазақтардың егемендігі ұзақ болмай, әртүрлі себеп-салдармен
Ресейге бодан болғаны баршаға мәлім. Ресей Қазақстанды өз қол астына
қаратқаннан кейін қазақ халқының құқығына орыс заңдарын енгізіп, Әкімшілік
өзгерістер жасады. Қазақ әдет –ғұрып заңдарына көз салсақ( “Қасым ханың
қасқа жолы ”, “Есім ханның ескі жолы”, Тәуке ханның Жеті жарғысы, т.б. ),
оның бәрінде де жасаған қылмысына сай қылмыскер жазасын тарту, ал қылмыс
неғұрлым ауыр болса, қанға –қан, жанға -жан принциптерімен жазалау, ал
онан гөрі жеңілдеу болса, қанға-қан, жанға –жан принципі орнына құн яғни
мүліктік компазиция талап ете алған. Құнды бүкіл руластары болып төлеген.
Басқа қылмыстары үшін тоғыздардан тұратын айыптар салған. Ең ауыр қылмыс
болып кісі өлтіру, зінәқорлық, біреудің отбасы бүлік салу, діннен безу, ата-
анасын ұру, өкіметке қарсы көтеріліс жасау, т.б. табылады.Он бесінде отау
иесі болғандықтан қазақ әдет-ғұрып заңы бойынша ерлер15 жасынан,әйелдер16
жасынан істеген қылмысына жауап берген. Жазалау екі түрлі: басымен
тартатын жаза, малымен тартатын жаза болып екіге бөлінген. Басымен тартатын
жазаға: өлім жазасы, масқаралау, сабау, т.б., ал малымен тартатын жазаға:
айып, құн, ат-тон айып, тоғыз айып , т.б. жатады.
Лекция №5
Тақырып: Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
(1 сағат)
Жоспары:
1. Қоғам ұғымы.
2. Әлеуметтік жүйе, әлеуметтік байланыс, әлеуметтік өзара әрекет,
әлеуметтік қатынас және әлеуметтік сапа
3. Әлеуметтік жүйе құрылым ретінде. Әлеуметтік құрылымның негізгі
элементтері
Лекцияның мақсаты: Қоғамның әлеуметтік жүйе ретіндегі ерекшелігі, қоғам
ұғымы, әлеуметтік жүйе, әлеуметтік байланыс, әлеуметтік өзара
әрекет, әлеуметтік қатынас, әлеуметтік сапа, және әлеуметтік
құрылымның негізгі элементтері туралы түсінік беру.
Лекция мәтіні:
1. Қоғам ұғымы. Сонымен социология ғылымының негізгі ұғымы
қоғам болып табылады. Жалпы қоғам дегеніміз не? Жалпы алғанда қоғам
дегеніміз - адамдардың бірлесуі, жиынтығы. Хайуандардың да, оның
ішінде адам тектес маймылдардың да жиынтығы, тобырлары бар, бірақ
олардың кейбір сырт көріністері адам қоғамына ұқсас болғанымен,
оларды қоғам деуге болмайды. Қоғам, санасы, ақыл – ойыбар адамдар
жиынтығы. Қоғам адамдардың қалай болса жинала салуы емес, ол адамдар
арасындағы айтарлықтай тұрақты және жеткілікті дәрежедегі берік
қарым - қатынасы бар бірлестік. Күнделікті тұрмыста қоғам ұғымы
түрліше мағынада қолданылғанымен, бірақ социологияда “қоғам ” деп мына
төмендегідей сипаттамаларға ие жиынтықты айтады:
1) Өмір сүретін территория бірлігі болуы;
2) Өзара байланысы тұрақты және біртұтас адамдар жиытығының болуы;
3) Өзін - өэі қамтамасыз етіп, басқарып отыруы.
4) Әлеуметтік байланыстар негізін құратын мінез – құлық нормалары
мен әдет – ғұрыптар
жүйесін құратын дамыған мәдени дәрежесінің болуы.
Жоғарыда айтылған жайлардың бәрін ескере отырып, “қоғам ” ұғымына
мынадай анықтама
беруге болады: қоғам өз қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында өз
ара байланысудың тарихи қалыптасқан формасында біріккен адамдар
жиынтығы. Адамзат тарихы қоғам ұғымына байланысты 2 кезеңге
бөлінеді:
1)Адамдардың әлеуметтік тіршілігіне дейінгі кезең.
2)Әлеуметтік өмір кезеңі.
Қазіргі кездегі саналы тіршілік иесі реттіндегі адамның пайда
болуы уақытына байланысты көптеген болжамдар бар. Солардың бірі
анатомиялық адам осыдан 200 мың жыл бұрын пайда болды. Ал іс -
әрекетті қазіргі адам шамамен 50 – мың жыл бұрын пайда болды.
Алғашқы адамдар тобы алғашқыда қарапайым қоғам деп аталады.
Кейіннен адамдардың аншылық пен теміршіліктен мал және егін
шаруашылығына, көшпелі өмірден отырықшылыққа, өңдірістін дамуы мен жек
меншіктін пайда болуына және қоғамды қарама - қарсы таптар мен
мемлекеттің пайда болуына байланысты күрделі қоғам пайда болды
және әлемде әртүрлі елдер құрыла басталды.

әлеуметтік
қатынас және әлеуметтік сапа. Грек тілінен аударғанда sustema -
бөліктерден құрастырылған, жинақталған белгілі біртұтас құрылым
оның негізгі элементтері адамдар, олардың байланыстары және
нормалары болып табылады.
Кен мағынасында алғанда әлеуметтік жүйе ұғымы қоғамдық -
экономикалық формацияларға қатысты қолданылады. Басқа мағынасында бұл
ұғым қандай да бір әлеуметтік қауымдастықты білдіреді.
Әлеуметтік жүйенің ең жақсы дамыған түріне ұйымды жатқызуға
болады, өйткені оған жүйені қалыптастырушы мынадай сапалар: мақсат,
иерархия, басқару тән. Мұндай белгілер әлеуметтік жүйенің кіші топ,
қоныс т.б. түрлерінде өте аз дәрежеде кездеседі.
Әлеуметтік жүйелер гомогенді ( бір текті ), және гетерогенді
( әр текті ) болып бөлінеді. Гомогенді әлеуметтік жүйе мысалы ретінде
кіші топтарды т.б. көрсетуге болады. Гетерогенді әлеуметтік жүйе
қатарына элементтері тек қана адамдар ғана емес, сонымен қатар
табиғатты басқа элементтер де кіреді: әлеуметтік – техникалық
( кәсіпорын, қала ), экосоциалдық ( географиялық рейон ).
Әрбір нақты әлеуметтік жүйе кең масштабтағы әлеуметтік жүйелермен
және макрожүйе ретінде тұтас қоғаммен байланысты, алайда өзіндік
жекешілдік дәрежесін сақтап қалады.
Әлеуметтік жүйе – тұтас құрылымдық бірлік, оның негізгі
элементеріне адамдар, олардың топтары мен қауымдастықтары, байланыстар
мен өзара әрекеттер, әлеуметтік құндылықтар мен нормалар, әлеуметтік
институттар мен ұйымдар жатады.
Әлеуметтік байланыс - қоғамдағы жеке адамдардың не
әлеуметтік топтардың бір – бірімен қарым – қатынастарын білдіретін
ұғым. Бұл түсінік социологияға француз социологы Э.Дюркгейм
енгізген. Ол әлеуметтік байланыс ұғымын топқа, ұйымға және тұтас
қоғамға қатысты қарастыруға болады деп білді. Әлеуметтік топтардың
не қоғамның ішіндегі әлеуметтік байланыстардың үш белгісі болады:
а) топқа не қоғамға мүше әрбір адам сол қауымдастыққа тән ортақ
ережелерді орындайды және құрметтейді; ә) аталған қауымдастық
мүшелері өздерінің ортақ мүдделеріне байланысты бір – біріне
тәуелді; б) жеке адам өзін қауымдастықпен біргемін деп санайды.
Әлеуметтік байланыс ұғымы әлеуметтік қарым – қатынастар ұғымында
қамтиды және әлеуметтік детерминизм принципі негізінде анықталады.
Адамдар, топтар, қауымдар, арасындағы үнемі қайталанып отыратын
әлеуметтік байланыстар әлеуметтік қарым қ- қатынастар деп аталады.
Олар саяси, экономика, құқықтық, т.б. қарым - қатынастар болып бөлінеді.
Бұл қарым – қатынастардың бәріде өз – ара тығыз байланыста, біріне –
бірі себепші болады. Әсіресе саяси қарым – қатынастардың қоғамдағы
рөлі зор. Ол әлеуметтік қарым – қатынастардың басқа түрлеріне ереулі
ықпал етеді. Әлеуметтік қарым – қатынастардың сипаты қоғамның
әлеуметтік даму деңгейіне байланысты. Өркениетті, дамыған қоғамда
әлеуметтік қарым – қатынастардың сипаты да жоғары деңгейде болады.
Қоғамдағы әлеуметтік байланыстардың өзара заңдылықтары мен
бір – біріне себеп - салдарлығы әлеуметтік детерминизм ( латынша
determino – анықтаймын ) принципі негізінде анықталады. Бұл принцип
қолданылу мақсатына қарай механикалық әлеуметтік детерминизм,
статикалық әлеуметтік детерминизм, жүйелі әлеуметтік детерминизм
болып үш түрге бөлінеді.
Әлеуметтік байланыс - адамдардың немесе олардың топтарының
тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет.
Әлеуметтік әрекет - әдетте адамның қажетінен туындайтын,
өзге адамдардың әрекетімен байланысты болатын, басқалардың мінез
құлығының ықпалын басынан кешіретін адамның саналы әрекетті.
Әлеуметтік қатынас - әлеуметтік өзара әрекет формаларының
бірі, ол ұзақтығымен, ауқымды әлеуметтік байланыстарымен ерекшеленеді.
Әлеуметтік сапа - қоғамдық болмыстың қарапаймдылықтан
күрделікке қарай тарихи дамуының бастауы. Сапалық даму жалпы
болмысқа тән нәрсе. Солардың ішінде қоғамға ғана тән дамудың басты
қасиеті: 1) адамның тіршілік ету ерекшелігімен тікелей
байланыстылығында, 2) оның адам санасының арқасында, 3) қоғамның рухани
дүниесінің негізінде жүзеге асуында. Соларға сәйкес әлеуметтік сапа
адамдардың еңбек арқылы тіршілік ету барысында, ойлау процесі
арқылы, қоғамдық тарихи қалыптасқан рухани байланыстың нәтижелеріне
сүйене отырып жүзеге асады. Әлеуметтік сапа күнделікті тіршілік
етуді жетілдірудің мүмкіндігі, қайнар көзі болып табылады. Сондықтан,
әлеуметтік сапа әр түрлі әлеуметтік ортада, түрде мақсаттарға сәйкес
көрінеді. Мысалы өндірістік, құқықтық, саяси, рухани, имандылық,
көркемөнердік, т.б. шығармашылықтар. Шығармашылық азаматтың, әлеуметтік
топтың, деңгейлеріне тән қасиеттермен ерекшеленеді. Мысалы, азамат
деңгейінде ол оның қабілеттерінен, белсенділігінен, мінез – құлқынан,
өмірлік мақсаттарынан туындайды. Әлеуметтік топ деңгейінде
шығармашылық жағдай сол топтың қоғамдағы әлеуметтік құрылымда алатын
орнына байланысты, топтық рухани – шығармашылықтың қолданылу, қолдау
табу сияқты топтың қатынастардың ерекше жағдайларына сәйкес өрістейді.
Жалпы қоғамдық деңгейдегі әлеуметтік сапа сол қоғамда қалыптасқан
тарихи – табиғи қатынастардың негіздеріне сәйкес өркендейді.

элементтері.
Әлеуметтік жүйе – тұтас құрылымдық бірлік, оның негізгі элементеріне
адамдар, олардың топтары мен қауымдастықтары, байланыстар мен өзара
әрекеттер, әлеуметтік құндылықтар мен нормалар, әлеуметтік институттар
мен ұйымдар жатады. Әлеуметтік құрылым – қоғамның немесе әлеуметтік
топтың ішкі құрылысы, белгілі шеңберде әлеуметтік топтардың,
институттардың өзара әрекеттерінің және олардың арасындағы
қатынастардың реттелген жиынтығы. Әлеуметтік құрылым социология ғылымының
тарихында өте маңызды мәселелердің бірі. Әлеуметтік құрылым туралы
социологияда әртүрлі концепциялар аз емес.
Оларды топтастырғанда 2 бағытты ажыратуға болады. Социоло.гтардың бір
тобы
әлеуметтік құрылымды, олардың элементтерін, процестерін нақты өмірде
бар деп түсінсе, ал
екінші бағыт өкілдері таптарды, әлеуметтік топтарды, жалпы әлеуметтік
құрылымды, тек
қана сананың, адамдардың ойының нәтижесі деп түсінеді. 1-ші бағыт :
құрылымдық функционализм, ал екінші бағыт- символдық интеракционизм
деп аталады. Біз
осы 1-ші концепцияны, яғни құрылымдық функционализмді қолдаймыз.
Әлеуметтік
құрылым біртұтас әлеуметтік организм ретінде қарастырылады. Осы
организмнің өзі оны
құратын элементтерден тұрады. Ал ол элементтер өзара қарым-қатынаста,
байланыста
болуы негізінде ол құрылымды жасайды. Біздің ойымызша қоғамның
әлеуметтік құрылымы нақты, объективтік құбылыс, ол өзгеріп, дамып
отырады, оның жаңа элементтері, бөлшектері пайда болуда.Әлеуметтік
құрылым дегеніміз- әлеуметтік топтардың, страталардың, таптардың
және әлеуметтік институттардың жиынтығы, олардың байланыстары, ара-
қатынастары. Әлеуметтік құрылымның басты негізгі элементтері -
әлеуметтік топтар, страталар, таптар. Әлеуметтік құрылымға кіретін
үлкен топ-ол тап. Тап деген ұғым екі мағына береді. –ші кең мағынада
тап дегеніміз- өндіріс құрал-жабдықтарына белгілі қатысы бар,
қоғамдық еңбек бөлінісінде нақтылы алатын орны бар, ерекше әдістер
арқылы алынатын табыстың өзіндік мөлшері бар үлкен әлеуметтік
топтар.Көбіне тап дегеніміз тар мағынада қолданылады. Бұл мағынада тап
дегеніміз: әлеуметтік
топтар, страталар. Олардың басты белгілері: кіріс, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz