Таулардың абсолют биіктігі


Жоспар
I Кіріспе
Таулардың абсолют биіктігі.
II Негізгі бөлім
а) Қазақстан жеріндегі аласа таулар.
б) Қазақстан жеріндегі биік таулар.
в) Қазақстан жеріндегі орташа таулар
III Қорытынды
Тау жыныстарының абсолюттік жасы деп тау жынысы пайда болғаннан бергі жылдары санын айтады. Тау жыныстарының абсолюттік жасын анықтауға көмектесетін жер қойнауындағы сенімді уақыт өлшеуші-радиоактивті элемент - уран. Жер қойнауындағы уран уақыт өткен сайын бір қалыпты жылдамдықпен гелийге және қорғасынға ыдырайды. Гелий ұшып кетеді де қорғасын тау жынысында қалып қояды. Ғылымда ұранның ыдырау жылдамдығы белгілі, құрамында қорғасын бар тау жынысының бұдан қанша жыл бұрын түзілгеннің есептеп шығаруға болады. Ғалымдардың есептеуінше 100г. ураннан 74 млн. жылда 1 г. қорғасын түзіледі.
Ғалымдар жердің пайда болуы тарихын екі кезеңге бөледі. Бірінші кезеңде осыдан 7 млрд. Жыл бұрын барлық ғаламшарлармен бірге Жер пайда болған. Жер- Күн жүйесіндегі 9 ғаламшардың (планета) бірі. Мұнда табиғаттанудан білесіндер. Алғашқы ауа (атмосфера) және су қабаттары (гидросфера) жер 2 млрд. Жылдан кейінпайда болған. Ғалымдар жерде Дүниежүзілік мұхит пайда бола бастаған кезден бастап екінші геологиялық даму кезеңіне бөледі.
Қазақстан жеріндегі аласа таулар.
Қазақстан жеріндегі аласа таулар жүйесіне Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау, Ұлытау таулары жатады.
Ұлытау-Қарағанды облысының аймағында орналасқан аласа тау. Ең биік жері - Әулие Ақмешіт. Қазақстандағы ескі таулардың бірі. Шамамен 410-440 млн. Жыл бұрын пайда болған. Сол кездегі биік таулардың қатарына жатқан. Уақыт өте сыртқы пішіні өзгеріп, біршама аласарды. Нәтижесінде тау ішінде бірнеше кішігірім ойыстар мен үңгірлер пайда болды. Етегінде көктерек, аққайың өсетін орман кездеседі. Олар көктемгі еріген қармен, жазды күндері жер асты суларымен толысады. Тау іші мен өзен жағалауында сабанша, қосаяқ, шұбар күзең, құлан, арқар сияқты жануарлар мекендейді. Бұталы өсімдіктер өседі.
Ұлытауда көне қалалардың орындары кездеседі. Бұл-қазақ хандары мен билерінің бас қосқан жері, батырлардың Ордасы. Аты әлемге әйгілі Ақсақ Темір әскерімен Ұлытау маңында бірнеше күн аялдап, демалып, аттарын суытқан. Алтыншоқы төбесінде үлкен қазан шұңқыр қаздырған. От жағып, тас балқытып, 200 мың әскермен келгендігі туралы таңба қалдырған. Бұл таңбаны алғаш белгілі қазақ геологы Қ. И. Сәтпаев тапқан. Ол ұлытаудың етегінен жез, темір кен орындарында ашты.
Сарыарқа солтүстігінде Батыс Сібір жазығынан басталып, оңтүстігінде Балқаш көліне дейінгі аралықты, батысында Тоғай үстіртінен шығысында Сауыр-Тарбағатай таулы жүйесіне дейінгі аралықты алып жатыр. Жер бедерінің теңіз деңгейінен биіктігі 250-400 метр. Сарыарқаның жер бедері алуан түрлі. Мұнда тегіс жерлер ұсақ шоқырларымен алмасып отырады. Сондықтан да «Қазақстан ұсақ шоқысы» деп аталған. Сарыарқа шоқыларының биіктігі де әр түрлі. Сарыарқаға Ұлытау, Құмтас, Баянауыл, Қарқаралы, Шығыстау, Көкшетау таулары жатады. Палеозой эрасында қазіргі Сарыарқа жерінде жанартаулар атқылап, тау түзілу процесі жүрген. Содан бері миллиондаған жылдар өтті. Таулар біртідеп мүжіліп, ұсақ-ұсақ шоқыларға айналған. Сарыарқа өңірінің табиғаты өте әсем, көрікті. Сарыарқа жерінен жел, жаңбыр мен қар, күн сәулесі, ауа райы, т. б. әсерінен мүжілген әр түрлі пішінді тауларды, үлкенді-кішілі үңгірлерді кездестіруге болады.
Мұғалжар. Мұғалжар тауы - Орал тауының қазақ жеріндегі жалғасы. Тау солтүстіктен оңтүстікке қарай екі жүз шақырым жерге созылыды. Оның теңіз деңгейінен биіктігі орташа есеппен 450 метр. Ең биік шоқысы - Үлкен Боқтыбай (657 метр) . Мұғалжар тауы шөгінде және магмалық жыныстардан құралған ежелгі тауларға жатады.
Маңғыстау таулары. Маңғыстау таулары Қазақстанның батысында Каспий теңізінің Маңғыстау түбегіне дейінгі аймақта созылып жатыр. Маңғыстау таулары құрылысы, жер бедерінің жалпы ерекшеліктері жағынан Сарыарқа тауларына ұқсас. Маңғыстау тауының Қаратау жотасының биіктігі 556 метр. Таулар құмтас, кристалды тақтатас, қара әктас (Қаратау), ақ әктастардан (Ақтау) құралған. Маңғыстау тауының оңтүстігінде Қазақстандағы теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жер - Қарақия қазаншұңқыры бар.
Қазақстан жеріндегі биік таулар.
Қазақстан жеріндегі биік тауларға респуликаның шығысы мен оңтүстік-шығысы орналасқан Алтай, Жоңғар Алатау, Тянъ-Шанъ, Сауыр-Тарбағатай таулары жатады.
Алтай. Алтай тауы Қазақстанның шығысында және Ресей, Қытай, Моңғолия аймағында орналасқан. Ертіс өзенінен бастап, Аян тауларына дейін созылып жатыр. Ең биік жері Мұзтау (Белуха) шыңы. Алтай - Қазақстанның ну орманды жері. Мұнда самырсын, балқарғай, майқарағай өседі. Таулары әсем көрінеді. Алтайда жауын-шашын мол болғандықтан өзен, көлдер көп. Таудың ортасында, 1449 метр биіктікте ерекше көзге түсетін Марқакөл көлі бар. Көлдің тереңдігі 27 метр. Оған 27 кішігірім өзендер келіпқұйып, жалғыз Қалжыр өзені ағып шығады. Осындай сұлу табиғатты қорғау мақсатымен Марқакөл қорығы ашылды. Тағы бір тамаша орындардың бірі- Рахманов бұлағы. Онда әр түрлі тері ауруларын емдейтін курорт ашылды.
Бұдан 200 жыл бұрын Рахманов деген кісі аң аулан жүріп оқ тиген аңдардың көл су арқылы жазылып кететінін байқаған. Зерттей келе, бұлақ суының емдік қасиеті бар екендігін анықталды.
Алтай тауы қазба байлықтарымен де бағаланады. Тіпті олардың біздің заманымызға дейін пайдаланылғаны дәлелденеді.
Алатау. Орталық Азиядағы Тянь-Шань тауының құрамында көптеген Алатау (Іле Алатау, Теріскей Алтау, Күнгей Алатау, Толос Алатау, Жоңғар Алатауы) деген жоталар бар. Алатауды түрік, әзербайжан, түрікмен халықтары Аладаг, ұйғырлар Алатаг, қырғыздар Алатоо, алтайлықтар Алатуу, өзбектер Олотог дейді. Ол орманды, тастақты, қар, мұз белдеулерінің айқын көрінуінен Алатау деп аталған.
Жоңғар Алатауы Қазақстанның оңтүстігі шығысындағы тау жүйесі. Биіктігі 3500-4000 метр. Ол шығыс және батысқа қарай төмендеп аласа таулармен жалғасады. Осындай Барсық пен Майлы жоталарының арасында бірнеше ғасырлар бойы тектоникалық (жарылыс) жолмен пайда болған ерекше Жоңғар қақпасы бар. Қақпа арқылы орта ғасырларға дейін Қытай мен Еуропа арасына керуен қатынаған. Бұл жердің табиғаты өзгеше. Үнемі күшті жел соғады. Табиғатының ерекшелігіне орай батысында Алтынемел ұлттық саябағы ашылды.
Іле Алатауы табиғатының әдемілігімен ерекшеленеді. Тау ішінде бұлақтар, сарқырамалар, мөлдір таза көлдер, ағысы жылдам өзендер кездеседі. Әдемі көлдер - Үлкен Алматы мен Жасылкөл. Тау етегінде Қазақстанның ірі қаласы Алматы орналасқан. Алматы қаласы ауыз суын Үлкен Алматы көлінен алады. Іле Алатауы ұлттық саябағы болып есептеледі. Талғар шыңының айналасында Алматы қорығы ашылған. Қорықта Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген арқар, тау ешкі, ұлар және т. б. мекендейді. Кіші Алматы шатқалында Медеу мұз айдыны, жоғарырақ Шымбұлақ тау шаңғысы курорты бар. Шарын өзеніндегі «Шарын коньоны» да ерекшетабиғи құбылыстың бірі. Сырт пішіні мүжіліп, қазір ежелгі қаланың орны сияқты. орыс тілінде «Долина замков» деп аталады.
Тянь-Шань тауы . Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Тянь-Шань қытай тілінен аударғанда «тәңір шыңы» деген мағынаны білдіреді. Шындығында да Тянь-Шаньның шындары өте биік. Тянь-Шань таулы өлкесінің біздің жеріміздегі ең биік шыңы-хан Тәңірі. Оның биіктігі 6995 метр. Тянь-Шан таулы өлкесіне кіретін тау тізбектері ендік бағыт бойында жатыр. Тянь-Шань таулы кесі Батыс Тянь-шань, Орталық Тянь-Шань, Солтүстік Тянь-Шань деп бөлінеді. Тянь-Шань тауының солтүстік жотасы - Іле Алатауының етегінде әсем қала Алматы қаласы орналасқан. Тянь-Шань таулары үшкір шынды, мұздықты, ал кейбір жоталарының төбесі тегіс болып келеді.
Жоңғар Алатауының солтүстік -батыс бөлігі Қазақстан жеріне қарай тарамдалып еніп тұр. Жоңғар Алатауы солтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстігінде Іле өзені аңғары аралығында батыстан шығысқа қарай созыла орналасқан. Қытайдағы Ебінұр көлінің ойысы мен Қазақстандағы Алакөлдің қазаншұңқырын қосып жатқан тау аңғарын Жоңғар қақпасы деп атайды.
Қазақстан жеріндегі орташа таулар.
Қазақ жерінде қаратау атты таулар бірнешеу. Ең көлемдісі - Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарының орталығындағы орташа тау. Алыстан қарайып көрінетіндіктен Қаратау деп аталған. Ең биік жері - Мыңжылқыдағы Бессаз шыңы. Өзендерге, көлдерге тапшы. Негізгі өзендері - Бөген және Арыс салалары. Ол көктемгі еріген қар суымен молаяды. Таудың төбесі тегіс, көбінесе мал жайылады. Бөген өзенінің жоғарғы жағындағы сайда «Әулие» деп аталатын үңгір бар. Үңгір милиондаған жылдар бұрын пайда болған. Тереңдігі 30етр, ұзындығы 150 метр. Үңгірдің топырағы тыңайтқыштарға мол. Ертеде құстардың мекені болған.
Қаратаудың тарихта алатын орны ерекше. XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғарларға бірігіп соғысу үшін қазақтың үш жүзінің билері Қаратаудың Ордабасы төбесінде кездесіп келіссөз жүргізген. Сол жерге билерге арналып ескерткіш қойылды. Жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқының басынан өткізген қасіретті «Ақтабан шұбырынды - алқакөл сұлама(1723-1725) жылдары халық өлеңі «Елім-ай» осы Қаратау жерінде туған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz