Қазақ боксының тарихы
1. Қазақ боксының тарихы
2. Шоқыр Бөлтекұлы
3. Ермахан Ыбырайымов
4. Олимп шыңын бағындырған Қазақстан саңлақтары

Бұрынғы КСРО мемлекеттерінде бокстың әуесқой түрі кеңес өкіметіметімен бірге дамыған. Азаматтық соғыс кезінде Лениннің бастамасымен «шет ел интервенциясына қарсы күрес жүргізу мақсатында, жалпыға ортақ соғыс амалдарын үйрету» декретіне қол қойылып, бүкіл халықты дене шынықтыруға баулу жұмыстары қарқынды түрде қолға алынған. Коммунисттер партиясының көсбасшысы бұл жұмысқа көп көңіл бөлген. Ленин қарапайым халықты дене шынықтыру жұмыстарына баулу процесін соцалистік қоғам құрудың негізгі амалы деп түсінді. Сөйтіп 1919 жылы П.Никифоров пен В. Самойлов халыққа бокс өнерін үйретуді бастаған. Ал 1920 жылы осындай бірнеше үйірме қосылып, әскери медициналық академия қабырғаларында бокс бөлек дене шынықтыру бөлімі ретінде қалыптасқан. Бокс бөлек дене шынықтыру пәні ретінде оқу бағдарламасына енген. Осылайша, боксшылардың қатары ұлғайып, талас-тартыстар мен жарыстардың саны күн санап өскен. Сол жылы бокс Предолимпиадаға еніп, Петроградта апта сайын «дүйсенбілік бокс кездесулері» ұйымдастырылған. Мәскеу, Ленинград, Самара, Ростов, Харьков, Одесса, Севастополь қалаларында ұйымдастырылған қалааралық жарыстарда былғары қолғап шеберлері бақ сынасып, әрқайсысы бокстың дамуына өз үлестерін қосқан. Алғаш рет Қызыл Армия біріншілігі ұйымдастырылған. 1928-1930 жылдар аралығында бокс Кавказ бен Орталық Азия мемлекеттерінде қарқынды дамыған.
1. 1980 жылы ХХІІ Олимпиада ойындарында Мәскеуде жеңіске ие болды. Бірнеше рет Грек-рим күресінен КСРО біріншілігінің жеңімпазы, КСРО халықтарының VI жазғы спартакиадасының жеңімпазы,
2. 1981 жылы әлем чемпионы,
3. 1982 жылы әлем кубыгының күміс жеңімпазы,
4. 1974-1984 жылдар Қазақ КСР мемлекеттік спорт комитетінде нұсқаушы.
5. 1984 жылы Красноярск қаласында жалауын көтерген КСРО кубогында 33 жастағы Жақсылық Үшкемпіровты үлкен спорттан шығарып салу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
6. 1984-1993 жылдар республикалық кәсіподақ комитетінің спорт мектебінің директоры.
7. 1993 жылдан «Жақсылық» спорт клубының директоры.

Бұрынғы КСРО мемлекеттерінде бокстың әуесқой түрі кеңес өкіметіметімен бірге дамыған. Азаматтық соғыс кезінде Лениннің бастамасымен шет ел интервенциясына қарсы күрес жүргізу мақсатында, жалпыға ортақ соғыс амалдарын үйрету декретіне қол қойылып, бүкіл халықты дене шынықтыруға баулу жұмыстары қарқынды түрде қолға алынған. Коммунисттер партиясының көсбасшысы бұл жұмысқа көп көңіл бөлген. Ленин қарапайым халықты дене шынықтыру жұмыстарына баулу процесін соцалистік қоғам құрудың негізгі амалы деп түсінді. Сөйтіп 1919 жылы П.Никифоров пен В. Самойлов халыққа бокс өнерін үйретуді бастаған. Ал 1920 жылы осындай бірнеше үйірме қосылып, әскери медициналық академия қабырғаларында бокс бөлек дене шынықтыру бөлімі ретінде қалыптасқан. Бокс бөлек дене шынықтыру пәні ретінде оқу бағдарламасына енген. Осылайша, боксшылардың қатары ұлғайып, талас-тартыстар мен жарыстардың саны күн санап өскен. Сол жылы бокс Предолимпиадаға еніп, Петроградта апта сайын дүйсенбілік бокс кездесулері ұйымдастырылған. Мәскеу, Ленинград, Самара, Ростов, Харьков, Одесса, Севастополь қалаларында ұйымдастырылған қалааралық жарыстарда былғары қолғап шеберлері бақ сынасып, әрқайсысы бокстың дамуына өз үлестерін қосқан. Алғаш рет Қызыл Армия біріншілігі ұйымдастырылған. 1928-1930 жылдар аралығында бокс Кавказ бен Орталық Азия мемлекеттерінде қарқынды дамыған.
Қазақ жерінде бокстың дамуы өз бастауын өткен ғасырдың 30 жылдарында алған. Бұл шайқас өнерінің даму орталығы ретінде Алматы қаласы танылды. Алматыда алғашқы бокс үйірмесі Темп спорттық қоғамдастық негізініде құрылған. Кейін келе ағылшындардың жұдырық шайқасы еліміздің Динамо, Спартак, Медик пен Қарағандыдағы - Угольщик спорттық қоғамдастықтарда өз табынушыларын тапқан.
Ал 1937 жылы қазақ боксының негізін салушы, спорт шебері атағын иемденген Шоқыр Бөлтекұлының бастамасымен Алматыда жеке-топтық біріншілік ұйымдастырылып, аталған жиынға 4 спорт қоғамдастықтан 50 жуық былғары қолғап шеберлері қатысқан. Осы чемпионат бокстың дамуына түрткі болып, еліміздің басқа да өңірлерінде спорттық үйірмелер көптеп бой көтере бастаған. Сұрапыл соғыс та спорттық ортамызға зиян келтірген. Соғыстың алғашқы күндерінен ақ боксшыларымыздың көбісі майданға аттанып, ерлік пен батылдық танытқан. Өкінішке орай, олардың көбісі шаршы алаңға қайтып келмеді.
Шоқыр Бөлтекұлы
Қазақ жеріндегі бокстың дамуы соғыстан кейін қайта жанданды. Жұдырық шайқасындағы негізгі даму бағыты 1946 жылы басталып, ҚазССР мен Орталық Азия мемлекеттерінде түрлі біріншіліктер мен жарыстар көптеп ұйымдастырылған. Бокс Қазақстанның көптеген қалаларында дами бастаған. Ш. Бөлтекұлы, Г. Кирнштейн, М. Хайрутдинов, Д. Муллаев А. Инфланда тағы да басқа спорт шеберлері мен жаттықтырушылар аянбай еңбек етіп, қазақ боксының негізін қалауына үлес қосқан. 1947 жылы алғаш рет КСРО-ның жеке-топтық біріншілігі ұйымдастырылып, аталған шараға бүкіл Кеңес Одағының құрамына енген мемлекеттерден келген спортшылар қолғап түйістірген. Бұл чемпионатқа біздің де саңлақтар аттанған болатын. Жарыс төрт салмақ дәреже бойынша ұйымдастырылып, чемпионаттың қорытындысы бойынша алматылық Махмут Омаров 51 келіге дейінгі дәрежеде қола медальға қол жеткізген. Геннадий Рожков (63,4 кг) 1953 жылы ұйымдастырылған КСРО чемпионатының финалисті атанып, Бухарестте өткен халықаралық студенттік ойындарында қола медальді қоржынына салған. Осылайша, Геннадий Рожков шет елде өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық боксшысы атанды.
Ұзақ уақыт бойы қазақ боксшылары КСРО біріншіліктерінде үздік нәтиже көрсете алмай, күміс пен қола алқаларын қанағат тұтқан болатын. Көп күткен алтын қазақ жеріне де бұйырды. 1959 жылы алматылық Анатолий Кадетов (81 кг дейін) КСРО чемпионы атанып, жеңіс тұғырына көтерілген. 1992 жылға дейінгі КСРО мен ТМД чемпионаттарында Қазақстанның боксшылары 167 медаль еншілеген (36 алтын, 44 күміс пен 77 қола). Бұл 17 федерациясы бар бүкілодақтастықтағы бесінші нәтиже. Әлемнің алты чемпионатына қатысқан қазақ боксшылары қоржындарына екі алтын, екі күміс медаль салған. Олимпиада ойындарында біздің боксшылар ортақ қоржынға бір қола мен үш күміс медаль салған. КСРО бокс тарихындағы мына саңлақтардың есімдері жадымызда мәңгі сақталады. Атап айтқанда, Валерий Рачков - 1978 жылдың әлем чемпионы, Игорь Ружников - 1989 жылдың Еуропа мен әлем чемпионы, Серік Қонақбаев - Еуропаның екі дүркін чемпионы, әлем Кубогі иегері мен 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының финалисті. Осы спортшылар КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері мен тағы басқа жоғары атақтарға ие. 1989 жылғы әлем чемпионатының финалисті Александр Мирошниченко 1988 жылы Сеулде өткен Олимпиада ойындарында КСРО қоржынына соңғы қола медальді салған болатын.
Өткен ғасырдың 90-жылдарында Кеңес үкіметі құлдыраған болатын. КСРО құрамына енген мемлекеттер тәуелсіздіктерін алып, жаңа саясат пен жаңа боксшыларға бейімделу керек еді. Осылайша 1992 жылы Қазақстан Республикасының әуесқой бокс Федерациясы АИБА-ға мүше ретінде еніп, Азия құрлығындағы әуесқой ассоциациясының толыққанды мүшесіне айналған. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы алғаш рет 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарына қатысқан болатын. Жарыстың қорытындысы бойынша біздің саңлақтар бір алтын, бір күміс, екі қола медаль еншіледі. Бейресми топтық сынақта біздің команда үшінші орынды еншілеп, Америка мен Куба мемлекеттеріне қарағанда босаңдық танытты. 1996 жылғы ойындарда Василий Жиров бұрын -сонды болмаған нәтиже көрсетіп, Олимпиада чемпионы атанып қана қоймай, құрметті сый - Вал Баркер Кубогін жеңіп алды. Олимпиада ойындарының тарихында бұл сыйлыққа тек 8 спортшы ғана қол жеткізген болатын. 1996 жылғы Олимпиада ойындарында Болат Жұмаділов күміс, Болат Ниязымбетов пен Ермахан Ыбырайымов қола медаль еншілеген.
\
Ермахан Ыбырайымов
Төрт жылдан кейін біздің спортшылар Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында бұдан да жақсы көрсеткіштерге ие болған. Қазақ жеріне алтын медальді құрамамыздағы ең жас спортшы Бекзат Саттарханов әкелген. Бекзат сонда 20-да еді. Ермахан ағамыз жүзден жүйрік атанып, жеңіс тұғырынана көрінсе, Б. Жұмаділов Атлантадағы көрсеткішін қайталаған болатын. Ал ауыр салмақтағы Мұхтархан Ділдәбеков Сиднейдегі Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілген. Греция жерінде өткен Олимпиада ойындарында да біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп, еліміздің намысын қорғаған болатын. Тараз қаласында дүниеге келген Бахтияр Артаев Олимпиада ойындарында алтын медальді еншілеп, бокс тарихындағы ең құрметті сый - Вал Баркер Кубогіне қол жеткізген екінші қазақ боксшысы. Қарағандылық Геннадий Головкин күміс алқа тағынса, Серік Елеуов қола медальді қанағат тұтты. 2008 жылы Пекинде ұйымдастырылған Олимпиада ойындарында 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бақыт Сәрсекбаев алтынға қол жеткізсе, 81 келіге дейінгі дәрежеде Шыналиев Еркебұлан қоланы қоржынына салған.
Осылайша қазақ боксының дамуы үлкен қарқын алып, былғары қолғап шеберлеріміз барша халқымызды өз жеңістерімен қуантып жүр. Ендігі боксшыларымыздың мақсаты - 2012 жылы Лондон қаласында өтетін Олимпиада ойындарында бұдан да көп белестерді бағындыру болып табылады. Былғары қолғап шеберлеріне тек сәттілік тілейміз.
Олимп шыңын бағындырған Қазақстан саңлақтары
Астана. 16 тамыз. BAQ.KZ - Кешегі апта мәресіне жеткен Лондон олимпиадасы қазақ халқының абыройын асқақтатып, мерейін үстем еткені сөзсіз. Дүбірлі додадан кейін әлемде қазақ батырларына құрметпен бас иетіндер де, көре алмаушылықтан сөз ететіндер де көбейді. Жарайды, өзгелер айтқысы келгенін айта берсін, бастысы біздің ұл-қыздарымыз әлемді мойындатты, қазақ халқының мықты екендігін жаһанға тағы бір рет дәлелдеді.
Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындары Қазақстанның тәуелсіздігін алған уақыттан бергі қатысып отырған бесінші жарысы. Осы бес Олимпиадада ел қоржынына барлығы 16 алтын медаль түсіпті. Ендеше, Олимп шыңын бағындырып, Қазақстанды әлемге танытқан осынау саңлақтарымыз жайында сөз етсек.
Еліміз ресми түрде ең алғаш 1996 жылы Атланта қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарына қатысты. Байрақты бәсекеде Қазақстан сапынан өнер көрсеткен үш спортшымыз ең биік тұғырға көтеріліп, алтыннан алқа таққан болатын.
Осынау дүбірлі додада грек-рим күресінен бақ сынаған Юрий Мельниченко тәуелсіз Қазақстанның қоржынына ең алғашқы алтын медальдардың бірін салған еді. Әрине, жерлесімізге жеңіс оңай келген жоқ, қаншама тер төкті, әлемді аузына қаратқан азулы қарсыластармен белдесті.
57 келі салмақ дәрежесінде күрескен Мельниченко Атлантадағы алғашқы кездесуін әлемнің екі дүркін чемпионы ресейлік Александр Игнатенкомен өткізген. Орыс палуаны бұған дейін екі олимпиадаға қатысып үлгерген шебер болатын. Алайда, жерлесіміздің жеңіске деген жігері Игнатенконы жарыс жолынан ерте шығарды. Қос кезеңде тамаша өнер көрсеткен қазақстандық палуан кездесуді 10:0 есебімен аяқтаған.
Келесі екі кездесуінде Юрий украиндық Руслан Хакимов пен румын жігіті Мариан Сандудың осал тұсын тауып, ақтық сынға шығу үшін Германия атынан өнер көрсеткен Иылдызды да тізе бүктірген. Ал, финалда палуанымыз әлем чемпионы американдық Деннис Холлмен белдесті. Атақты қарсыласын Юрий бүкіл АҚШ жұртшылығы алдында жеңіп, тарихқа өз атын алтын әріптермен қалдырғаны есімізде.
Осы Атланта ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медальді Александр Парыгин салған болатын. Бессайыстан елімізге еңбегі сіңген спорт шеберіне бастапқыда ешкім үміт артпаған. Тек сайыстың соңғы кезеңінде жүгіруден жарысқан кезде ғана жерлесіміз кім мықтыны анықтап берді.
Олимпиада ойындарынан бір жыл бұрын Парыгин әлем чемпионатына қатысып, байрақты бәсекеде тек оныншы орынға тұрақтаған. Басқалар үміт артпаса да олимпиадада жүлделі орынға ие болатынына спортшының өзі іштей сенген екен.
Мәреге жақындаған сәтте Александр мен ресейлік шебер Эдуард Зеновка негізгі топтан сытылып шығып, жеке-дара көш бастаған. Парыгиннің соңғы сәтке дейін екінші жүгіріп, тек мәре сызығына бірнеше метр қалған тұста ғана суырылып алға шыққанын жанкүйерлер әлі ұмытқан жоқ. Оның үстіне тура осы сәтте Зеновка да сүрініп құлаған. Нәтижесінде Александр Парыгин Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанды.
Отандық бессайысшы бұл жеңісінен кейін Австралияға көшіп, сол елдің азаматтығын алған. 2004 жылы Афины олимпиадасына қатысқан Парыгин небәрі 27-ші орынға тұрақтады.
Бүгінде Балқаш барысы атанып кеткен әйгілі боксшы Василий Жиров Атлантада Қазақстан құрамасына алтын сыйлаған үшінші спортшы. 81 келі салмақта өнер көрсеткен боксшымыз Олимпиада алтынымен бірге ең үздік боксшыға берілетін Вэл Баркер кубогін де жеңіп алған болатын.
Атланта рингінде жерлесіміздің басты қарсыласы американдық Антонио Тарвер болғаны белгілі. Өйткені, 1995 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Жиров аталған АҚШ боксшысынан жеңіліп қалған болатын. Алайда, осы жеңістен кейін қарсыласын бағалай қоймаған Тарвер Олимпиаданың жартылай финалында Балқаш барысынан оңбай таяқ жеді.
Осылайша ХХVІ жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы үш алтын медальді еншілеп, жалпы командалық есепте 24-ші орынға тұрақтаған болатын.
Араға төрт жыл салып қазақ спортшылары Австралияға ат басын бұрды. Сидней қаласында өткен ХХVІІ жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық саңлақтар Атлантадағы жетістігін қайталай алды десек болады. Әлемнің кіл мықтыларымен күш сынасқан қазақстандықтар бұл жолы да қоржынға 3 алтын медаль салып, ел мерейін үстем еткен.
Ең алғаш болып жанкүйерлерін қуантқан желаяқ қызымыз Ольга Шишигина еді. Сиднейде 100 метрлік қашықтыққа кедергілер арқылы жүгірген жеңіл атлетіміздің алдына түсер спортшы болған жоқ.
Ольганың мұның алдындағы олимпиадада жолы бола қоймады. Тиым салынған препарат қабылдады деген сылтаумен төрешілер Шишигинаны жарыс жолынан шығарып тастаған. Мамандар оның спорттық ғұмыры сол кезде-ақ аяқталды деп те болжаған.Алайда, жерлесіміз жасыған жоқ. Ольга жасының келгендігіне қарамастан Сидней Олимпиадасына қатысып, азулы қарсыластарының жігерін құм қылды.
Олимпиада аяқталар тұста шаршы алаңдағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz