Кәсіпорынның қаржылық саясатының стратегиясы мен тактикасын қалыптастырудың теориялық негіздері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . . . . . …. 3

1 Кәсіпорынның қаржылық саясатының стратегиясы мен тактикасын қалыптастырудың теориялық негіздері

1. 1 Кәсіпорынның қаржылық саясатының стратегиясы мен тактикасының ұштастырылуы . . . . . 4

1. 2 Кәсiпорынның қаржылық саясатымен стратегияларын

қалыптастыру механизмi . . . 7

2 Кәсіпорынның қаржылық белсенділігін арттырудың негізгі бағыттары

2. 1 «Оңтүстік құс» АҚ құрылу тарихы мен басқару құрылымы . . . 13

2. 2 «Оңтүстік құс» АҚ қаржылық белсенділігін бағалау . . . 17

3 Кәсіпорынның қаржылық стартегиясы мен тактикасының тиімді

құралдарын қалыптастыру . . . 21

Қорытынды . . . …. . . . 28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . ……… . . . 29

КIРIСПЕ

Кәсіпорынның қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың iс-әрекетiн ескере отырып және қоғамның даму мiндеттерiне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Ол кәсіпорынның экономикалық саясатының құрамды бөлiгi.

Кәсіпорындардың қаржылық саясатының стратегиясы мен такикасы тақырыбы өзектi, себебi қазiргi жағдайда қаржылық қатынастар ең жоғары дамуына жеттi. Бүгiнгi таңда әңгiме қарызға берiлетiн ақшалай капитал көлемдерiн әрдайым арттыру жөнiнде емес, сонымен қатар қаржылық қатынастар субъектiлерiн кеңейту және операциялардың өзiнiң көп түрлiлiгiнiң өсуi жайлы болып тұр. Қаржы стратегиясы-экономикалық және әлеуметтiк стратегиямен анықталып, перспективаға есептелген және iрi ауқымды мiндеттердi шешудi қарастыртын қаржы саясатының ұзақ мерзiмдi курсы. Ол экономикалық процестер дамуының ұзақ кезеңiне бағытталған, ал оның шеңберiндегi күнделiктi мiндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудiң кезеңдерi ретiнде жүзеге асырылып отырады. Сөйтiп, қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығымен үнемi анықталып отырады. Алайда, тап осындай (стратегиялық) тәсiлдеменiң болмауы елдiң үнемi нашарлап бара жатқан қаржы жағдайынан, кәсіпорынның жиынтық қаржы балансының тепе-теңсiздiгiнiң өсуінен дер кезiнде тиiстi қорытынды жасауға және экономикадағы қажеттi құрымдылық өзгерiстердi уақытылы қамтамасыз етуге, оның бүгiнгi дағдарыстық жағдайға сырғып түсуiнен қорғап қалуға мүмкiндiк бермедi. Қаржы стратегиясын мемлекет қоғам дамуының iрi тарихи кезеңдерiне үйлестiре отырып жасайды. Оны жасау процесiнде қаржыны дамутыдың негiзгi тенденциялары болжанады, оны пайдаланудың тұжырымдары қалыптасады, қаржы қатынастарын ұйымдастырудың қағидаттары белгiленедi. Ұзақ мерзiмдi мақсаттарды таңдап алу және қаржы саясатынды мақсатты бағдарламалары жасау қаржы ресурстарын экономикалық және әлеуметтiк дамуының басты бағыттарында шоғырландыруды қажет етедi.

Жұмыстың мақсаты кәсіпорынның қаржылық саясатының стратегиясы мен тактикасының ара қатынасын, кәсiпорынның нарықтық белсенділігін бағалау, кәсіпорынның қаржылық стратегиясы мен тактикасының тиімді құралдарын қалыптастыру.

Қойылған мақсат жұмыстың келесi мiндеттерiн анықтайды:

  • кәсіпорындардың қаржы саясатын қалыптастырудың теориялық сұрақтарды оқып бiлу, олардың құрылымын анықтау, кәсіпорындардың қаржы саясаты түсiнiгiнiң мазмұнын нақтылау және анықтама беру;
  • кәсіпорындардың қаржы саясатын қалыптастыру барысына талдау жасап, оның себептерi мен салдарын анықтау;
  • зерттеу нәтижелерi бойынша қорытындыларды қалыптастыру және отандық экономика үшiн кәсіпорындардың қаржы саясатын жүргiзудегi практикалық ұсыныстарды өңдеп шығару.

1 КӘСIПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ТАКТИКАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI

  1. Кәсіпорынның қаржылық саясатының стратегиясы мен тактикасының ұштастырылуы

Мезгiлiнiң ұзақтығына және шешiлетiн мәселелердiң сипатына қарай кәсіпорынның қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен тактикасы болып бөлiнедi.

Қаржы стратегиясы-экономикалық және әлеуметтiк стратегиямен анықталып, перспективаға есептелген және iрi ауқымды мiндеттердi шешудi қарастыртын қаржы саясатының ұзақ мерзiмдi курсы. Ол экономикалық процестер дамуының ұзақ кезеңiне бағытталған, ал оның шеңберiндегi күнделiктi мiндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудiң кезеңдерi ретiнде жүзеге асырылып отырады. Сөйтiп, қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығымен үнемi анықталып отырады. Алайда, тап осындай (стратегиялық) тәсiлдеменiң болмауы елдiң үнемi нашарлап бара жатқан қаржы жағдайынан, кәсіпорынның жиынтық қаржы балансының тепе-теңсiздiгiнiң өсiунен дер кезiнде тиiстi қорытынды жасауға және экономикадағы қажеттi құрымдылық өзгерiстердi уақытылы қамтамасыз етуге, оның бүгiнгi дағдарыстық жағдайға сығырып түсуiнен қорғап қалуға мүмкiндiқ бермедi. Қаржы стратегиясын мемлекет қоғам дамуының iрi тарихи кезеңдерiне үйлестiре отырып жасайды. Оны жасау процесiнде қаржыны дамутыдың негiзгi тенденциялары болжанады, оны пайдаланудың тұжырымдары қалыптасады, қаржы қатынастарын ұйымдастырудың қағидаттары белгiленедi. Ұзақ мерзiмдi мақсаттарды таңдап алу және қаржы саясатынды мақсатты бағдарламалары жасау қаржы ресурстарын экономикалық және әлеуметтiк дамуының басты бағыттарында шоғырландыруды қажет етедi.

Қаржы практикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды дер кезiнде өзгертiп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңiнiң мәселерiн шешуге бағытталған. Ол назарды кезек күттiрмейтiн мiндеттердi шешуге, пайда болған үйлесiмсiздiктердi қаржылардығы және елдiң, аумақтың, саланың экономикасындағы ауытқушылықтарды жоюға шоғырландыра отырып, стратегиялық нұсқаманы нақтылайды. Қаржы страгетиясының бiршама тұрақтылығы кезiнде қаржы тактикасы орамдылығымен (икемдiлiгiмен) ерекшеленуi тиiс, ол экономикалық жағдайлардың, әлеуметтiк факторладың және басқалардың ширақтылығымен алдың ала анықталады.

Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы өзара байланысты. Стратегия тактикалық есептердi шешу үшiн қолайлы жағдайлар жасады. Экономика мен әулеметтiк сала дамуының шешушi учаскелерi мен басты проблемаларын анықтай отырып, тактика әдiстердi өзгерту, қаржы байланыстрарын ұйымдастырудың нысандары арқылы неғұрлым қысқа мерзiмi iшiнде ысырап пен шығындарды ең аз жұмсап, қаржы стратегиясы белгiлеген мiндеттердi шешуге мүмкiндiк бередi.

Қаржы механизмi мемлекет белгiлеген қаржы шараларын атаулы, нақтылы нәтижелерге - қоғамдық - экономикалық өмiрдiң барлық деңгейлерi мен сфераларындағы қоғамдық өнiмнiң, материалдiқ емес игiлiктердiң, қызметтер көрсету мен құндылықтардың толып жатқан барлық элементерi құнының құрамына кiретiң қаржы ресурстарының ұдайы өндiрiлуiне айналдырып, iске асырады. Ұдайы өндiрiстiң әр алуандылығы өз кезегiнде қаржы механизмi құрамдi және ажырағысыз бөлiгi болып табылатын экономикалық (шаруашылық) механизмнiң нысандары мен әдiстерiнiң тиiстi әр алуандығын тудырады.

Сөйтiп, қоғамдық формацияның экономикалық заңдарымен, белгiлi бiр өндiрiстiк қатынастардың және тиiстi категориялардың болумен анықталатын өндiрiс процесi шаруашылық механизм арқылы iске асатын экономикалық саясатпен реттелiнiп отырғанда iшкi, сол сияқты халықаралық жағдайдың да ерекшелiктерiн кәсіпорынның нақты экономикалық және қаржылық мүмкiндiктерiн ескеруi тиiс. Қаржы ресурстарының көлемiне белгiленген және жұмсалған шығындардың тiкелей тәуекелдiгi жай ғана қаржы салалы айғалы болып табылады және шаруашылық жүргiзудiң барлық деңгейлерiнде қолдап отырылуы тиiс. Бұл маңызды талапты сақтамау бюджет тапшылығының, мемлекеттiк борыштың пайда болып, көбейюне, инфляциялық процестерге ұрындырады.

Кезең ерекшелiгiн есепке алу оның алдынғы шаруашылық және қаржы құрылысының тәжiрибесiң, жаңа тенденциялар мен прогрессивтi құбылыстарды, дүние жүзiлiк тәжiрибенi мұқият зердеудi де қажет етедi. Ағымдағы кезеңнiң ерекшелiктерiн, экономикалық дамуының толғағы жеткен қажеттiлiктерiн есепке алу негiзiнде қаржы саясатын дер кезiнде өзгертiп отыру алдыда тұрған мәселелердi неғұрлым қысқа уақытта және ең аз шығындармен мүмкiндiк бередi.

Қаржы саясатында қойылатын маңызды талап қаржы саясатын жүргiзiнде, яғни дамудың белгiлi бiр кезенiнiң негiзгi мiндеттерiн орындауға шаралар бағыттау жолымен қаржы жүйесiнiң барлық буындарында жүргiзiлетiн шараларды келiскенде кешендi көзқарасты сақтау, сондай-экономиклық саясаттын құрамды бөлiктерi арасыныда қаржы, кредит, баға белгiлеу, жалақы салалары саясатында тығыз өзара байланыста қамтамасыз ету болып табылады.

Қаржы саясатының мақсаты - қоғам дамуының аса маңызды қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарының толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты кәсiпкерлiк қызметтi жандандыра түсеге қолайды жағдайлар жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсiпорындардың табысын алудың ұтымды нысандарын, сондай-ак оларды экономикалық және әлеуметтiк дамуының басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен маныз берiледi.

Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрi серпiндi даму мемелекеттiң сындарлы және негiзгi саясаты арқылы болуы мүмкiн. Жүргiзiлiп отырған қаржы саясатының басты субъектiсi мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ перспективаға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегиясын жасайды және алдағы кезеңге арналған мiндеттердi, қаражаттарды және оған жетудiң жолдарын анықтайды.

Кәсіпорынның қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың iс-әрекетiн ескере отырып және қоғамның даму мiндеттерiне сәйкес қаржыны жоспарлы үйымдасттыру болып табылады. Қоғамның дамуының әрбiр кезеңiнде қаржы саясатының өзiне тәнбелгiлерi болады, ол экономиканың жай-күйын, қоғамның материалдық және мәдени өмiрiнiң толғағы жеткен кажеттiлiктерiн және мәдени өмiрiнiң толғағы жеткен қажеттiлiктерiн және басқа факторларды ескере отырып, түрлi мiндеттердi шешедi.

Кәсіпорынның қаржы саясатының мазмұны айтарлықтай күрделi, өйткенi ол шаралардың ауқымды кешенiн, оны дәйектi жүзеге асыру стадияларын қамтиды, олар:

  • экономикалық заңдарың әрекетi, экономиканың жай күйi, қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуының перспективалары негiзiнде елдегi қаржының ғылыми негiзделген тұжырымдамасын әзiрлеу;
  • экономикалық саясаттың тиiстi мақсаттары мен мiндеттерi негiздей отырып, қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық шараларының тұжырымдау;
  • белгiленген iс-әрекеттердi қаржы механизмi (экономикалық қайта құрудың түбегейлiгiне қарай оны жаңғырта және түзете отырып) арқылы iс жүзеге асыру.

Осы негiзгi үш буынның бiрлiгi қаржы саясатынның мазмұнын анықтайды. Демек экономикалық заңдардың iс-әрекетiн есепке ала отырып, қоғамға дамытудың мiндеттерiне байланысты қаржыны ұйымдастыру мен пайдалану мелекеттiң қаржы саясаты ның мазмұны болып табылады. Казiргi кезеңде қаржы саясатының көмегiмен шешiлетiн басты мiндеттердiң қатарына мыналарды жатқызуға болады:

  • елдiң дамуының әрбiр нақты кезеңiнiң ерекшелiктерi негiзiнде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкiн болатын көлемiн жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;
  • қаржы ресурстарын қоғамдық өндiрiстiң сфералары арасында, ұлттык шаруашылықтың секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгiлi бiр максаттарға бағыттау;
  • экономикалық дамуының белгiленген бағыттырын орныдау үшiн тиiстi қаржы механизмiн жасап, оны үнемi жетiлдiрiп отыру.

Қаржы саясатын жүзеге асырудың негiзiне жалпы және жеке (өзгеше) қағидаттардың толып жатқан қатары қойылуы тиiс.

Қаржы саясатын жүргiзiнде оныңмына қағидаттарын жүзеге асырудың зор маңызы бар:

  • колда бар нақты қаржы ресурстарын негiздей отырып, бюджеттердi жасау, бекiту және атқару кезiнде қоғмдық өндiрiстiң барлық қатысушыларының, әлеуметтiк, ұлттық және кәсiби топтардың мүдделерiн сақтау;
  • қаржы қатыныстарының жоспорлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
  • қаржы жүйесiнiң барлық сфералары мен буындарында кiрiстер мен шығыстардың теңгерiмдiлiгi;
  • қаржы резертерiн жасау (бюджет жүйесiнде кiрiстердiң шығыстардан және салалық қаржыларда қаржы резевртерiнiң асып түсуi) ;
  • мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiледiң арасында қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу.
  • Қаржы саясатының тиiмдiлiгiн қамтасыз ететiн жалпы қағидаттарға мыналар жатады:
  • объективтi экономикалық заңдарының iс-эрекетiнiн есепке алу;
  • нақты тарихы жағдайлары есепке алу;
  • өткен жылдардың өзiндiк тәжiрибесiн және дүниежүзiлiк тәжiрибенi есепке алу;
  • Жеке (өзгеше) қағидаттарға мыныларды жатқызуға болады:
  • қоғамда қаржы жүйесiнiң ұтымды құрылымын, қаржы қатыныстардын жоспарлы ұйымдастыруды және қаржы механизмiнiң дұрыс құрылуын қамтамасыз ету; қаржы жүйесiнiң барлық салаларымен буындарындағы кiрiстер мен шығыстардың тепе-тендiгi;
  • бюджеттегi кiрiстердiң шығыстардан асып түсетiн қаржы резервтерiн жасау;
  • салық жүйесiн ұтымды құру арқылы экономикалық және әлеуметтiк дамуының манызды бағыттарына қаржы ресурстары шоғырландыру;
  • негiзгi қаржы ресурстарын мемлекет қармағана жұмылдыру оларды мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасында тиiмдi бөлу;
  • қаржы және несие - ақша саясатының тепе-тендiгi.

Әрбiр экономикалық категорияның өзiнiң өзгешелiгi болады тиiстi қатынастарды бiлдiрудiң белгiлi бiр түрлi, нысандары мен әдiстерi арқылы көрiнедi. Тап осы ұғымдар - қатынастарды iске асырудың түрлерi, нысандарымен әдiстерi - экономикалық өмiрде тиiстi поцестердiбасқарудiң тетiктерi, механизмi ретiнде болып келедi. Қаржы өзгеше бөлгiштiк категория ретiнде түрлi мақсатты ақша қорлрын жасау және пайдалану арқылы ижасалынған өнiмдi бөлу және қайта бөлуге қатысады. Сондықтан осы процесте қоданылатын механизм - бұл ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қаржы қатынастары көрiнiсiнiң түрлерi, нысандары, мен әдiстерi.

1. 2 Кәсiпорынның қаржылық саясатымен стратегияларын қалыптастыру механизмi

Кәсiпорын салыстырмалы жеке шешiмдер орталығы болып табылады. Бұл шешiмдердiң табиғаты әртүрлі. Олардың көлемi ұзақ мерзiмдiк мақсаттарға қол жеткiзу, оларды кәсiпорын стратегияларында нақтылау немесе таяу арада сыртқы орта жағдайларына, нарық конъюнктурасына үйрену мәселелерiнiң қамтылуна тәуелдi болады. Бiрақ кез-келген жағдайда қабылданған шешiм мен жасалған тандаулардың алдын-ала болжауды талап ететiн қаржылық салдары болады. Болжанған қаржылық салдар кәсiпорынның қайсiбiр қаржылық iс-әрекеттi таңдау шарты бола алады.

Кәсiпорын орта талаптарына қарайлас және кәсiпорынды дамыту бағытына орай таңдаулар мен шешiмдер жасағанда ғана оның iс-әрекетi нәтижелi болады.

Жалпы алғанда кәсiпорын iс-әрекетiмен байланысты тәуекел деңгейi оның iшкi және сыртқы орта өзгерiстерiне ұтымды бейiмделе алу қабiлетiмен анықталады.

Кәсiпорынның қаржылық саясатын талдау мен стратегияларын қалыптастыру кәсiпорынның қаржылық ресурстарын талдау және олардың қалыптасу бағыттары кезеңдерiн анықтайды.

Кәсiпорынның ұтымды қаржылық iс-әрекетiнiң деңгейi оның қаржылық ресурстарының мақсатқа сай қалыптасуымен анықталады. Қажеттi қаржылық активтердi иелену қажеттiлiгiн қанағаттандыру және қаржылық iс-әрекеттердiң тиiмдi нәтижелерi арқылы олардың құрылымын оптимизациялау кәсiпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастырудың негiзгi мақсаты болып табылады. Осы мақсатты ескере отырып кәсiпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру процесiн келесi негiзгi қағидалар негiзiнде құруға болады:

• кәсiпорынның қаржылық iс-әрекетiнiң даму болашағын ескеру. Қаржылық ресурстардың көлемi мен құрылымының қалыптасу процесi қаржылық процестiң алғашқы кезеңiнде ғана емес, оны дамытудың болашағында да қаржылық iс-әрекеттi қамтамасыз ету мiндеттерiне тәуелдi;

• тартылған қаржылық ресурстар көлемiнiң кәсiпорынның қаржылық қажеттiлiгiне сай келуiн қамтамасыз ету. Кәсiпорынның қаржылық ресурстарға жалпы қажеттiлiгi қайсiбiр кезеңде болмасын нақты және қаржылық қаржылар көлемiне негiзделедi. Уақыт бойынша дифференциалданған қажеттiлiктер көлемiне қарай қаржылық ресурстар көлемi қалыптасады;

• қаржылық iс-әрекет тиiмдiлiгi тұрғысынан қаржылық ресурстардың оптимальдi құрылымын қамтамасыз ету. Қаржылық iс-әрекетте жоғары нәтижеге қол жеткiзу қаржылауды қамтамасыз ететiн қалыптасқан қаржылық ресурстар құрылымына тәуелдi болады;

• қаржылық ресурстардың қалыптастырудағы шығындарды төмендету. Бұл қаржылық мақсатта тартылған және таза қаржылық пайда соммасын жоғарлатуға бағытталған капитал құнын басқару процесiнде жүргiзiледi;

• қаржылық iс-әрекет процесiнде қаржылық ресурстарды пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру. Қалыптасқан қаржылық ресурстар қаржылық процеске уақытша пайдаланылмаса өзiнiң уақыт бойынша құнын жоғалтады. Сондықтан қаржылық ресурстардың қалыптасу және пайдалану процесi жоспарлы кезеңнiң жеке интервалдар бойынша барынша үлестiрiлген болуы тиiс. Бұл қағидаларды жүзеге асыру кәсiпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуын басқару процесiнiң негiзгi мазмұнын құрайды.

Қарастырылған қағидалар негiзiнде кәсiпорынның қаржылық ресурстарын жiктеу белгiлерiн саралауға болады .

Кәсiпорынның қаржылық ресурстары тартылу көздерiнiң топтарына қарай iшкi және сыртқы көздерден тартылған деп бөлiнедi. Кәсiпорынды дамыту үшін кәсiпорында қалыптасқан меншiктi және қарызға алынған құралдар iшкi көздерден тартылған қаржылық ресурстарға жатады. Кәсiпорынның таза пайдасының бiр бөлiгi iшкi көздерден құралған меншiктi қаржылық құралдар негiзiн құрайды. Сыртқы көздерден тартылған қаржылық ресурстар кәсiпорыннан тыс қалыптасқан бөлiгiн қамтиды. Қаржы тартуды қазiргi қаржы теориясы натуралды-заттық түрлерi бойынша келесi түрлерге бөледi:

• ақшалай қаржылық ресурстар. Бұл кәсiпорын тартатын қаржылық ресурстардың ең кең тараған түрі. Оның артықшылылығы қаржылық iс-әрекеттi жүзеге асыру үшін кәсiпорынға қажеттi активтердiң кез-келген түріне оңай ауысатындығында;

• қаржылай қаржылық ресурстар. Қаржылық ресурстардың бұл түрі кәсiпорынға қаржылық құралдар түрінде тартылады. Мұндай қаржылық құралдарға акциялар, облигациялар, депозиттiк шоттар, банк сертификаттары мен олардың түрлерi жатады. Қазақстанның шаруашылық iс-тәжiрибесiнде капиталды қаржылай тарту өте сирек кездеседi;

• материалдық қаржылық ресурстар. Материалдық түрдегi қаржылар ресурстарды кәсiпорын алуан түрлі капиталдық тауарлар, шикiзаттар, материалдар және т. б. түрінде тартады;

• материалдық емес қаржылық ресурстар. Қаржылық ресурстардың мұндай түрлерiнiң заттық формасы болмағанымен кәсiпорынның шаруашылық қызметi мен пайданы қалыптастыруға тiкелей қатысады. Қаржыланатын капиталдың бұл түріне жеке табиғи ресурстар мен пайдалану құқығы, пайдалануға берiлген патенттiк құқық, ңноу-хауң, өнеркәсiптiк үлгiлерге, тауар белгiлерiне, компьютерлiк бағдарламаларға және басқа мүліктiк құндылықтардың материалдық емес түрлерiне құқықтар жатады.

Қаржылық ресурстар тарту уақытына қарай ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi болып бөлiнедi.

Капитал қожайынына қарай отандық және шетелдiк капиталдар есебiнен құралған қаржылық ресурстар болып бөлiнедi. Отандық капиталдар есебiнен қалыптасқан қаржылық ресурстар кiшi және орта бинестегi отандық кәсiпорындар аса қолайлы ресурс көзi болып табылады. Шетел капиталы есебiнен қалыптасатын қаржылық ресурстар әдетте кәсiпорында қайта мамандандыруға, қайта құруға немесе техникалық қайта жарақтауға байланысты iрi қаржылық жобаларды жүзеге асыруда пайдаланылады.

Пайдаланудың қаржылық мақсатты бағыттары бойынша қаржылық ресурстар нақты және қаржылық қаржылауға бағытталған болып бөлiнедi. Нақты қаржы процесiне пайдалануға бағытталған қаржылық ресурстардың көлемi мен құрылымы кәсiпорынның қаржылық бағдарламасы шеңберiнде әрбiр нақты жоба бойынша жеке-жеке жоспарланады. Қаржылық инвестциялау процесiне қаржы тарту кәсiпорынды қаржылаудың қаржылық құралдар портфелiн қалыптастыру немесе құрылымын өзгерту мақсатын ұстанады.

Қаржылық процестiң, жеке кезендерiн қамтамасыз етуi бойынша қаржылық ресурстар қаржы алдындағы кезең ресурстары, қаржы кезiндегi ресурстар, пайдалану кезiндегi ресурстар болып үшке бөлiнедi.

Жоғарыда айтып өткендей қаржылық ресурстарды мұндай бөлудi жеке қаржылық жобаларды қамтамасыз ету процесiнде ғана қолдануға болады.

Кiшi және орта бизнестегi кәсiпорындарының көпшiлiгi жекешелендiрiлген және алғаш құрылған кәсiпорындар болып табылатын Қазақстан үшін жаңа бизнестi ұйымдастыру үшін қаржылық ресурстарды қалыптастыру өзектi мәселе болып табылады.

Кәсiпорынның қаржылық iс-әрекетiн талдау оның қаржылық стратегияларын жасау барысында басқарудың ұтымды шешiмдерiн қабылдаудағы қажеттi шарттардың бiрi болып табылады.

Қаржылаудың стратегиялық альтернативi кәсiпорынның жиынтық қаржылық iс-әрекетiн анықтау мен жүзеге асырудағы басқару шешiмдерiнiң кешенiн тандауды бiлдiредi. Ол өз кезегiнде нақты кезендегi iшкi және сыртқы факторларды ескере отырып ұтымды қаржылық стратегияларды қалыптастыруды қамтиды. Мұндай жағдайда төмендегi шешiмдер қаржылау альтернативi бола алады:

• ұстанған позициядан айнымау үшін қаржылау - қорғаныс стратегиясы;

• өз өнiмiнiң бәсеке қабiлеттiлiгiн арттыру, нарық сегментiн кеңейту бәсекелестердi қысу және шығару, нарықтағы жағдайды жақсарту үшін қаржылау - белсендi шабуыл стратегиясы;

• айныған позицияны қалпына келтiру үшін қаржылау - қалпына келтiру стратегиясы;

• бизнестi сату мақсатында қаржы деңгейiн төмендету - түзетушi стратегия;

• тартымдылығы төмен нарықтан немесе сегменттен кету -деқаржылық стратегия;

• қаржылаудың жаңа бағыттарын жасау және тандау -реқаржылық стратегия және т. б. .

Осыған орай қаржылық стратегия тандалып алынған қаржылаудың стратегиялық альтернативаларынан, яғни қаржылық идеялогиядан туындайды және тiкелей байланысты.

Бiздiң ойымызша қаржылық стратегиялар кәсiпорынды дамытудың жалпы мiндеттерiмен, қаржылық идеялогиялармен, оған жетудiң бiршама тиiмдi жолдарын таңцаумен толықтырылған кәсiпорынның қаржылық iс-әрекетiнiң ұзақ мерзiмдi мақсаттарының жүйесi. Басқаша айтқанда қаржылық стратегия кәсiпорынның қаржылық iс-әрекеттерiнiң бағыттары мен түрлерiн, қаржылық ресурстардың қалыптасу сипатын және таңдалынып алынған критерилер мен әрекеттi факторлар тұрғысынан ұтымдысын қамтамасыз ететiн ұзақ мерзiмдi қаржылық мақсаттар мен мiндеттердiң жүзеге асырылу кезендерiнiң жүйелiлiгiн, кәсiпорынды дамытуды анықтайтын қаржылық қызмет сферасындағы iс-әрекеттердiң басты жоспарын қамтиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қысқа мерзімді міндеттемелер
Қаржылық стратегияның түрлері
Корпорацияның қаржылық стратегиясы мен тактикасы
Баға саясатының мақсаттарын анықтау
Банктің несие саясатының түрлері
Кәсіпкерлік қызметтің банкроттықтан сақтандыру жолдары
Коммерциялық банктердің несиелік саясатының әдістемелік негіздері
Кәсіпорын мен цехтарды ірілендіру
Өндірістік кәсіпорын ішкі орта
Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасының сәйкес келуін бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz