Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың статусы
1. Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың статусы
1.1 Әлеуметтану ғылымының қалыптасуы мен дамуы
1.1.1 Әлеуметтанудың қалыптасу тарихы
1.1.2 Әлеуметтанудың зерттеу нысаны мен пәні
1.1.3 Әлеуметтану ғылымының құрылымы мен қызметтері
1.1.4 Әлеуметтанудың қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі алатын орны
2. Қолданбалы әлеуметтану
2. 1 Нақты әлеуметтанулық зерттеу методологиясы
2.1.1 Қолданбалы социологиялық зерттеулердің кезеңдері, түрлері және бағыттары
2.1.2 Қолданбалы социологиялық зерттеу бағдарламасы
2.1.3 Социологиялық зерттеудегі сұрыптау тәсілі
2.2 Социологиялық ақпараттар жинау әдістері мен техникасы
2.2.1 Анкета мен сұхбат жүргізу әдістері
2.2.2 Бақылау мен тәжірибе жүргізу әдістері
2.2.3 Құжаттарды талдау әдісі
3. Әлеуметтік өмірдің элементтері
3.1 Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
3.1.1 Қоғам: мәні мен типологиясы
3.1.2 Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
3.1.3 Әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар
3.1.4 Әлеуметтік институт пен әлеуметтік ұйымдар
3.2 Әлеуметтік құрылым және стратификация
3.2.1 Әлеуметтік стратификацияға қатысты теориялар
3.2.2 Қазақстанда жаңа страттардың шығуы
3.2.3 Маргиналдау процесі
4. Салалық әлеуметтану
4.1 Тұлға әлеуметтануы
4.1.1 Әлеуметтік жүйедегі тұлға және оның қалыптасуы. Әлеуметтену процесі
4.1.2 Әлеуметтік мәртебе мен рөл
4.1.3 Тұлғаның әлеуметтік тәртібі
4.1.4 Тұлғаның тәртібін әлеуметтік бақылау
4.2 Отбасы әлеуметтануы
4.2.1 Отбасы түсінігі, құрылымы мен қызметтері
4.2.2 Отбасының тарихи қалыптасу формасы
4.2.3 Отбасы типологиясы
5. Өздік жұмыс тақырыптары
5.1 Негізгі әлеуметтанушылық теориялар
5.2 Әлеуметтанулық зерттеулердің методологиялық негіздері
5.3 Әлеуметтанулық ақпараттар жинау әдістері
5.4 Қоғам . әлеуметтік жүйе ретінде
5.5 Қоғамның әлеуметтік құрылымы және стратификация
5.6 Тұлғаның әлеуметтенуі және тәртібі
5.7 Отбасы әлеуметтануы
Әдебиеттер тізімі
Глоссарий

Әлеуметтану ғылымының даму тарихын үшке бөліп қарастыруға болады: 1) Ежелгі дәуірдегі социологиялық көзқарастар 2) Орта ғасыр мен жаңа дәуiр социологиясы 3) Қазіргi заманғы социология
Ежелгі дәуірдегi социологиялық көзқарастар грек философтары Платон (б.з.б 428/427- 348/347) мен Аристотель(б.з.б. 384-322) есiмдерiмен байланысты. Бұл ойшылдар әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлердi, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, оларды корытып, қоғамды одан әрi жетiлдiруге бағытталған практикалық ұсыныстары бар бағдарламалар түздi.
Платонның «Мемлекетi» жалпы социология саласындағы алғашқы еңбек больп саналады. Оның негiзгi тұжырымы әлеуметтiк проблемаларды сыни талдаулардан өткiзiп, қоғамды жетілдіруге бағытталған саяси ұсыныстар жасаумен аяқталатын ғылымның көмегімен жетiлген мемлекеттi негiздеп құруға болады дегенге саяды.
«Қоғам басшысынан бастап бұзылады» деп бiлген Платон зиялылардан адамгершiлiк тазалықты талап етеді. «Қоғамды билеудің негізгі құралы билік жасау емес, бедел». Платонның ойынша, мемлекеттiң ойдағыдай өмiр сүруiн қоғамның негiзгi үш құрамдас бөлігінің (өндірушілер, әскерлер, билеушілер) үйлесімді ықпалдастығы қамтамасыз етедi. «Тек осындай мемлекетте ғана бай адам алтынға емес, қайырымдылық пен парасатқа билiк жасайды».
Сөйтіп, Платонның әлеуметтік тұжырымдамасында мемлекеттік құрылысты түсіндірудің кілтін адамның болмысынан, ал мемлекеттің сипатын саяси қайраткерлердің типтік белгілерінен іздеу керек деп саналып келді.
Мемлекеттегі қоғам мен қайраткер идеялары Аристотель шығармаларында одан әрі дамытылды.
Аристотельдің пікірінше, мемлекеттің негізгі мақсаты қоғамда көптің бәріне ортақ игіліктер мен әлеуметтік әділеттілкке жету болып табылады.
Бұл орайда әділеттікке белгілі бір заңдар мен билік құрылымдарына негізделген берік мемлекеттік ұйымдар арқылы ғана жету мүмкін екендігі ескеріледі. Билікті заң шығарушылық, атқарушылық және сот жүйесіне бөлу әділеттілік орнатуға септігін тигізеді.
Оның көзқарасы бойынша, мемлекеттік құрылым дегеніміздің өзі мемлекеттік басқару тәртібі. Ал мемлекеттік құрылым үш жақсы үш жаман болып 2 түрге бөлінеді. Біріншісіне монархиялық билік (жеке дара билік), ақсүйектер билігі (қоғамның ауқатты топтарының жоғары бөлігінің билігі) және полития (көпшіліктің парасатты билігі) жатады, ал екіншісіне тиранды (бір адамның заңсыз билігі), олигархияны (қоғамның ауқатты топтарының төмен бөлігінің билігі) және демократияны (халықтың билігі) жатады.

Негізгі
1. Булатова А. Н., Исмагамбетова З. Н. Курс лекций по социологии (часть 1) Алматы, Гылым, 1998 г. С. 3-13
2. Волков Ю. Г., Мостовая И. В. Социология. М., 1998 г
3. Здравомыслов А.Г. Методология и процедура социологических исследований. М. Мысль, 1969
4. Казаринова Н. В., Филатова О. Г., Хренов А. Е. Социология. Учебник для вузов. М., 1999 г
5. Кравченко А.И. Социология.-Екб.,1998
6. Маркович Д. Общая социология. - Ростов на Дону,1993
7. Накипбеков Т. Н. Основы общей социологии. – Алматы,1996
8. Основы социологии: курс лекций. - (в 2-х томах) под ред. Эфендиева А.Г.- М., 1994
9. Рабочая книга социолога. М.: Наука, 1989 г.
10.Радугин А.А., Радугин К.А. Социология: курс лекций.- М.: Владос,1995
11.Смелзер Н. Социология.- М., 1994
12.Социология: основы общей теории.- М., Аспект-пресс, 1996
13.Социология под ред. проф. В. Н. Лавриненко. М., 2000 г.
14.Тощенко Н.Т. Социология-М. , 1994
15.Краткий словарь по социологии. – М., 1999
16.Как провести социологическое исследование (под ред. М.К.Горшкова). – М., 1990 г.
17.Фролов С. С. Социология. М., 1998 г
18.Ядов В.А. Социологические исследования: методология, программа, методы. – М., 1987 г.
19.Методы сбора информации в социологическом исследовании (в 2-х томах). – М., 1990 г.
20.Социология (жауапты ред. Ә.Нысанбаев). – Алматы: 2002 ж
21.Аяған, Тәжин Социология негіздері. – Алматы:
22.Воробьев Г.Г. Молодежь в информационном обществе. – М., 1990 г.
23.Нечаев В.Я. Социология образования. – М., 1992 г.
24.Штомпка П. Социология социальных изменений. – М., 1996
Қосымша
1. Антонов А. И., Медведков В. Н. Социология семьи. Учеб. пособие для вузов. М., 1996 г.
2. Арон Р. Поколение на стыке веков: Дюркгейм, Парето, Вебер. // Полис .- 1993, №2
3. Вебер М. Избранные произведения. М., 1994 г.
4. Гидденс Э. Стратификация и классовая структура. // Социс.- 1992,№9-10
5. Гурко Т. А. Трансформация института современной семьи // Социологические исследования. 1995, № 10
6. Дюркгейм Э. О раз¬делении общественного труда. Метод социологии.-М.: 1990
7. Ерасов Б. С. Социальная культурология. М., 1996 г.
8. Ионин Л. Г. Социология культуры. М., 1996 г.
9. Мертон Р. Социальная структура и аномия. //Социс.-1992, №2-4
10. Миллс Ч. Социологическое воображение // Социологическое исследование. 1994, № 1.
11. Осипова О.С. Девиантное поведение: благо или зло?// Социс.- 1998,№9
12. Сорокин П. А. Человек.Цивилизация.Общество-М.:Политиздат,1992.-С.156-175
13. Ядов В.А. Размышления о предмете.// Социс.- 1990, №2
14. Серікбаева К. Жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу түсінігінің мәні. // Саясат 2003, №10, 28-31 б.
15. Д.Өмірқұлова Нормативтік бейімделу ерекшеліктері. // Саясат 2003, №10, 32-34 б.
16. Димов В.М., Лесная Л.В. Актуальные проблемы образования. //СПЖ, 1995, №2
17. Қ.Әшекеева А.Байтұрсынов және білім мәселесі. //Саясат 2003, №10, 35-37 б.
18. Қошым-Ноғай Қ. АҚШ-тың оқу-ағарту бағдарламасының Қазақстандағы білім жүйесіне әсері. //Саясат 2003, №11, 24-28 б.
19. Ж.Ішпекбаев Жалпы мемлекеттік бәтуаластық – ұлттық қауіпсіздік кепілі. // Саясат, 2003, №11, 47-49 б.

М А 3 М Ұ Н Ы
1. Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың статусы
1.1 Әлеуметтану ғылымының қалыптасуы мен дамуы
1.1.1 Әлеуметтанудың қалыптасу тарихы
1.1.2 Әлеуметтанудың зерттеу нысаны мен пәні
1.1.3 Әлеуметтану ғылымының құрылымы мен қызметтері
1.1.4 Әлеуметтанудың қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі алатын орны
2. Қолданбалы әлеуметтану
2. 1 Нақты әлеуметтанулық зерттеу методологиясы
2.1.1 Қолданбалы социологиялық зерттеулердің кезеңдері, түрлері және бағыттары
2.1.2 Қолданбалы социологиялық зерттеу бағдарламасы
2.1.3 Социологиялық зерттеудегі сұрыптау тәсілі
2.2 Социологиялық ақпараттар жинау әдістері мен техникасы
2.2.1 Анкета мен сұхбат жүргізу әдістері
2.2.2 Бақылау мен тәжірибе жүргізу әдістері
2.2.3 Құжаттарды талдау әдісі
3. Әлеуметтік өмірдің элементтері
3.1 Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
3.1.1 Қоғам: мәні мен типологиясы
3.1.2 Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
3.1.3 Әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар
3.1.4 Әлеуметтік институт пен әлеуметтік ұйымдар
3.2 Әлеуметтік құрылым және стратификация
3.2.1 Әлеуметтік стратификацияға қатысты теориялар
3.2.2 Қазақстанда жаңа страттардың шығуы
3.2.3 Маргиналдау процесі
4. Салалық әлеуметтану
4.1 Тұлға әлеуметтануы
4.1.1 Әлеуметтік жүйедегі тұлға және оның қалыптасуы. Әлеуметтену процесі
4.1.2 Әлеуметтік мәртебе мен рөл
4.1.3 Тұлғаның әлеуметтік тәртібі
4.1.4 Тұлғаның тәртібін әлеуметтік бақылау
4.2 Отбасы әлеуметтануы
4.2.1 Отбасы түсінігі, құрылымы мен қызметтері
4.2.2 Отбасының тарихи қалыптасу формасы
4.2.3 Отбасы типологиясы
5. Өздік жұмыс тақырыптары
5.1 Негізгі әлеуметтанушылық теориялар
5.2 Әлеуметтанулық зерттеулердің методологиялық негіздері
5.3 Әлеуметтанулық ақпараттар жинау әдістері
5.4 Қоғам - әлеуметтік жүйе ретінде
5.5 Қоғамның әлеуметтік құрылымы және стратификация
5.6 Тұлғаның әлеуметтенуі және тәртібі
5.7 Отбасы әлеуметтануы
Әдебиеттер тізімі
Глоссарий
1. Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың статусы
1.1 Әлеуметтану ғылымының қалыптасуы мен дамуы
1.1.1. Әлеуметтанудың қалыптасу тарихы
Әлеуметтану ғылымының даму тарихын үшке бөліп қарастыруға болады: 1) Ежелгі дәуірдегі социологиялық көзқарастар 2) Орта ғасыр мен жаңа дәуiр социологиясы 3) Қазіргi заманғы социология
Ежелгі дәуірдегi социологиялық көзқарастар грек философтары Платон (б.з.б 428427- 348347) мен Аристотель(б.з.б. 384-322) есiмдерiмен байланысты. Бұл ойшылдар әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлердi, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, оларды корытып, қоғамды одан әрi жетiлдiруге бағытталған практикалық ұсыныстары бар бағдарламалар түздi.
Платонның Мемлекетi жалпы социология саласындағы алғашқы еңбек больп саналады. Оның негiзгi тұжырымы әлеуметтiк проблемаларды сыни талдаулардан өткiзiп, қоғамды жетілдіруге бағытталған саяси ұсыныстар жасаумен аяқталатын ғылымның көмегімен жетiлген мемлекеттi негiздеп құруға болады дегенге саяды.
Қоғам басшысынан бастап бұзылады деп бiлген Платон зиялылардан адамгершiлiк тазалықты талап етеді. Қоғамды билеудің негізгі құралы билік жасау емес, бедел. Платонның ойынша, мемлекеттiң ойдағыдай өмiр сүруiн қоғамның негiзгi үш құрамдас бөлігінің (өндірушілер, әскерлер, билеушілер) үйлесімді ықпалдастығы қамтамасыз етедi. Тек осындай мемлекетте ғана бай адам алтынға емес, қайырымдылық пен парасатқа билiк жасайды.
Сөйтіп, Платонның әлеуметтік тұжырымдамасында мемлекеттік құрылысты түсіндірудің кілтін адамның болмысынан, ал мемлекеттің сипатын саяси қайраткерлердің типтік белгілерінен іздеу керек деп саналып келді.
Мемлекеттегі қоғам мен қайраткер идеялары Аристотель шығармаларында одан әрі дамытылды.
Аристотельдің пікірінше, мемлекеттің негізгі мақсаты қоғамда көптің бәріне ортақ игіліктер мен әлеуметтік әділеттілкке жету болып табылады.
Бұл орайда әділеттікке белгілі бір заңдар мен билік құрылымдарына негізделген берік мемлекеттік ұйымдар арқылы ғана жету мүмкін екендігі ескеріледі. Билікті заң шығарушылық, атқарушылық және сот жүйесіне бөлу әділеттілік орнатуға септігін тигізеді.
Оның көзқарасы бойынша, мемлекеттік құрылым дегеніміздің өзі мемлекеттік басқару тәртібі. Ал мемлекеттік құрылым үш жақсы үш жаман болып 2 түрге бөлінеді. Біріншісіне монархиялық билік (жеке дара билік), ақсүйектер билігі (қоғамның ауқатты топтарының жоғары бөлігінің билігі) және полития (көпшіліктің парасатты билігі) жатады, ал екіншісіне тиранды (бір адамның заңсыз билігі), олигархияны (қоғамның ауқатты топтарының төмен бөлігінің билігі) және демократияны (халықтың билігі) жатады.
Сонымен мемлекет, Аристотельдің айтуынша, адамдарға үстемдік етіп тұратын тұтастық.
Орта ғасырларда Аврелий Августин (354-430) мен Фома Аквинскийдің (1225-1274) еңбектері ерекше мәнге ие болды.Августин құдайға сүйіспеншілік идеясын өз тұжырымдарының өзегі етіп алып, саясат пен қоғамдық прогреске теологиялық тұрғыдан түсінік берген.
Ал Ф.Аквинский болса, адамды саяси тұлға ретінде қарастырады. Ол сол заманғы мемлекеттік биліктің шіркеуге тікелей тәуелді екендігіне қарамастан, шіркеу ғана емес, мемлекет те жаратқанның туындысы деп дәлелдеді.
Әлемдік өркениет тарихындағы қайта өрлеу кезеңінің идеялық өзегі - адам құндылығын, оның бостандық пен бақытқа ұмтылу құқықтарын мойындайтын көзқарастар жүйесі, яғни гуманизм болды.
Гуманизмнің алғашқы өкілдерінің бірі - Италия ойшылы Данте Алигьери (1265-1321). Ол Құдіретті комедия және Халық сөзі туралы деген шығармаларында жаңа гуманистік көзқарастың негізін қалады. Онда Данте құдай мен жаратылысты бір-біріне қайшы келмейтін, бір-бірін толықтырып тұратын тең құқылы екі шындық деп уағыздады.
Гуманизмнің атасы атанған Франческо Петрарка (1304-1374) ежелгі дәуір мәдениетін зерттеп, адам мәселесін қоғамдық ойдағы негізгі мәселеге айналдырды. Ол антропоцентризмді теоцентризмнен арылу үшін қолданды.
Адам туралы жаңа көзқарас бірсыпыра әлеуметтік-саяси мәселелерді дұрыс шешуге ықпал етті. Италия ойшылыНикколо Макиавелли (1469-1527) Тита Ливияның алғашқы он күндігі туралы ойлар, Елбасы, Флоренция тарихы сияқты трактаттарында адамның белсенділік идеясын дамытты.
Жан Боден (1530-1596) Мемлекет туралы алты кітап атты трактатында мемлекет отбасы негізінде пайда болып, жеке меншікті нығайтуға қызмет етеді деп жазды.
Томас Мор (1478-1535) Утопия аралығындағы мемлекеттік құрылыстың тамаша үлгісі туралы шын мәніндегі асыл әрі пайдалы, әрі жұбаныш кітапшасы атты шығармасында, Томазо Кампанелла (1568-1639) Күн қаласы атты еңбегінде мемлекеттің әлеуметтік-саяси құрылымы проблемалары, меншік мәселесіне хақында толғанды.
Материализмнің алғашқы өкілдерінің бірі Томас Гоббс (1588-1679) қоғам туралы натуралистік тұжырымдаманың дамуына өзіндік үлесін қосты. Левиафан немесе материя, шіркеулік және зайырлық мемлекеттің түрі мен билігі атты еңбегінде адам мен мемлекет табиғаты туралы баяндай келе, мемлекеттік билік қоғамды жаңа сапалық күйге ауыстырады деп көрсетті.
Әлеуметтік саяси ілімдердің дамуындағы келесі қадамды Джон Локк (1632-1704) жасады. Ол Табиғат заңдары туралы зерттеу, Мемлекеттік басқару туралы екі трактат атты еңбектерінде буржуазия мен дворяндықтың арасындағы өзінше бір келісімпаздық ретінде ағылшын либерализмі идеясын қолдады.
XVIII ғасырдың жартысындағы әлеуметтік-философиялық ой-пікірдің өкілдерінің бірі Шарл Лук Монтескье (1689-1755) Заңдардың рухы туралы деген еңбегінде адам табиғаты мен әлеуметтік-саяси құбылыстар туралы жаңа идея көрсетті.
Социология ғылымының негізін салушы Француз ойшылы Огюст Конт (1798-1857) деп табылады.
О.Конт Позитивтік философия курсы атты еңбегінде социология терминін алғаш рет ғылыми айналымға енгізді.
Конт социологияны әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика деп екі үлкен тарауға бөлді. Әлеуметтік статика қоғамдық жүйенің өмір сүру шарттары мен заңдарын, ал әлеуметтік динамика қоғамдық жүйенің даму және өзгеру заңдарын зерттейді.
Әлеуметтік статика - қоғамдық тәртіп, ұйым, үйлесім теориясы. Конт қоғамды барлық бөліктері өзара тығыз байланысты, бір-бірімен берік бірлікте ғана тануға болатын органикалық тұтас дүние ретінде қарастырады. Конт заңы бойынша, адамзат қоғамы дамудың теологиялық, метафизикалық және позитивтік үш сатысын басынан өткереді.
Ағылшын позитивизмінің негізін қалаушылардың бірі Герберт Спенсер (1820-1903) дамудың жаңа идеясын - эволюциялық даму теориясын жариялайды. Ол эволюцияның жалпы идеясын байланыссыздықтан байланыстылыққа, біртектіліктен көптектілікке, белгісіздіктен белгілілікке өту деп түсіндіреді.
Қоғамдық құрылысты ерекше организм ретінде қарау және оның дамуын эволюция идеясы тұрғысынан сипаттауы Спенсерді социологиядағы организмшілдік пен эволюцияшылдық бағыттарының негізін салушы ретінде танытты.
Людвиг Гумплович (1838-1909) қоғам организмінің негізгі құрамдас бөлігі жеке адам емес, топ деп білді. Оның пікірінше, социология ғылымының нысаны әлеуметтік топтар мен олардың өзара қарым-қатынастарын зерттеу болып табылады.
Француз социологы Габриэл Тард (1843-1904) қоғамды клеткалары индивидтердің миы болып табылатын үлкен миға теңейді. Ол қоғамдық өмірді, ондағы процестерді еліктеу түріндегі жай психикалық механизмдердің әсері деп түсіндіреді.
Француз социология мектебінің негізін қалаушы Эмил Дюркгейм (1858-1917) социологияны қоғам туралы басқа ғылым салаларынан ажыратып, жеке ғылым етіп негіздеуге, қоғамдық өмірдің барлық құбылыстарын тек социология тұрғысынан түсіндіруге ұмтылды. Ол Социология деген еңбегінде фактілер категориясы өзіне ғана тән ерекшеліктерімен айқындалатындығын, ал олардың индивидтен тысқары, күштеумен тағылатын ойлау, іс-әрекет, сезіну тәсілдерімен байланысты екендігін жазады. Сондықтан да оларды елестер мен әрекеттерден тұратын органикалық құбылыстармен де, жеке саналарда не солар арқылы өмір сүретін психикалық құбылыстармен де шатастыруға болмайды. Демек, бұл жаңа құбылысты әлеуметтік деп атау керек екендігін жазып көрсетті.
Макс Вебердің (1864-1920) теориясындағы өзекті мәселе: адамдардың өзара күрделі қарым-қатынастары жүйесінің салдары болып табылатын әлеуметтік әрекеттерді қоғамдағы индивидтер мінез-құлқының қарапайым түрлерінен бөліп қарастыру болды. Оның ілімі бойынша, қоғам әрқайсысы өздерінің мақсаттарына жету үшін әрекеттенуші индивидтердің жиынтығынан тұрады. Жекелеген индивидтердің іс-әрекеттері бірігіп, соның негізінде қоғам пайда болды. Вебер жиырмасыншы ғасырдағы бірінші дүниежүзілік соғыс, сана-сезім дағдарысын мәдениеттің дағдарысы, гуманитарлық ғылымдар дағдарысы екендігін түсіндіру барысында өзінің жаңашылдығын, өзектілігін танытып, социология ғылымдарының негізін қалаушылардың бірі болды.
Питирим Сорокин (1889-1968) эмпириялық социологияны тар тақырыптылығы, әлеуметтік мәселелерді кеңінен қамти алмайтындығы үшін сынады.
Ол қоғамдағы өзгерістерді түсіндіруге көмектесетін теориялық тұжырымдамалардың авторы ретінде де танымал. Солардың бірі әлеуметтік мәдениет динамикасы тұжырымдамасы болса, екіншісі қоғамның интегралдық типі тұжырымдамасы. Сорокин әлеуметтік мәдениет динамикасы тұжырымдамасы арқылы қоғамның әлеуметтік өзгерістері мен даму диалектикасының қайнар көздері мен қозғаушы күштерін талдай түсіндіруге тырысты.
Сорокиннің пікірі бойынша, әлеуметтік ғылымдар тарихында социологияға қатысты бір-біріне қарама-қарсы екі түрлі көзқарасты байқауға болады. Бірінші көзқарас бойынша, социология ғылымы қоғамдық құбылыстар әлемін зерттейтін жекелеген ғылым салаларының жиынтығы болса, екінші көзқарас бойынша, социология басқа ғылым салалары қарастырмайтын өзіндік зерттеу нысаны бар әлеуметтік ғылымның дербес бір саласы болып табылады.
Міне, социология ғылымының қалыптасу тарихы осындай кезеңдерді өткере отырып, ХІХ ғасырдың екінші жартысында социология жеке әлеуметтік пән ретінде қалыптасты.

Әлеуметтану - қоғамның тұтас әлеуметтік жүйе ретінде даму және қалыптасу заңдылықтарын, қоғамдағы әлеуметтік құбылыстар мен процестерді, адамдардың әлеуметтік әрекеттері мен қарым-қатынастарын оқытатын ғылым.
Социологияның зерттеу нысаны - қоғам және оның өмір сүру, даму заңдылықтары, яғни индивидтердің қауымдастығы, олардың өзара қарым-қатынастарының ортасы түрінде қарастырылатын қоғам.
Нысан ретінде әлеуметтік өмірдің бір бөлшегін социологияның зерттеу пәні етіп алу проблемалық жағдайдан, яғни кейбір әлеуметтік қайшылықтарды бөліп қарастыру қажеттілігінен туындайды. Проблемалық жағдай зерттеу пәнін құрайды, ал әлеуметтік өмір құбылыстарындағы проблемалық жағдайды шектеу - зерттеу нысанын бөліп алуға онтологиялық негіз болады.
Әлеуметтік нысандардың даму және өмір сүруінің объективті заңдылықтарын анықтау мақсаты алға қойылған теориялық - бағдарлық әлеуметтік зерттеулердің пәні эмпириялық шындықтың елеулі қасиеттері мен өзара байланыстарын теориялық анықтамалар мен ұғымдар түрінде түсіндіреді, ал мақсаты әлеуметтік жүйелер мен процестерді іс жүзінде басқару болып табылатын қолданбалы социологиялық зерттеулердің пәні ұғынылған нысаннан өмір шындығына жету түрінде болады.
Социология қоғамдағы жеке адам, әлеуметтік топтар, жіктер мен қауымдастықтар, институттар мен процестер тіршілігі мен қызметінің барлық проблемаларын түгел қамтуға тиіс.
Социология - тарихи қалыптасқан әлеуметтік жүйелердің дамуының, өмір сүруінің өзіндік заңдары мен заңдылықтары, жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың, халықтардың өміріндегі осы заңдардың әрекет ету механизмдері мен көріну формалары туралы ғылым.

Әлеуметтану ғылымының әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттеу деңгейлері әртүрлі болуына қарай оның құрылымы да күрделі, көп деңгейлі болып келеді.
Социология ғылымының құрылымы жалпы қоғам дамуын, ондағы әлеуметтік институттар мен қауымдастықтардың ықпалдасуын, жеке индивидтердің өзара қарым-қатынастарын зерттеуге байланысты мынандай бөліктерден тұрады:
а) макросоциология - социумның өмір сүруі мен даму заңдылықтарын анықтауға негізделген;
ә) орта деңгейдегі социология - арнайы әлеуметтік теориялармен бірге салалық социологияларды (әлеуметтік топтар, қала, ауыл, білім, саясат, құқық, насихат, отбасы, мәдениет, еңбек социологиясы т.б.) қамтитын, әлеуметтік жүйенің жекелеген бөліктерінің әрекеттері мен өзара ықпалдасу заңдылықтарын, орта дәрежедегі қауымдастықтарды зерттеуге бағытталған;
б) микросоциология - әлеуметтік құбылыстар мен процестерді жеке адамдардың іс-әрекеті, өзара ықпалдастығы, тәртібі, мінез-құлқы тұрғысынан зерттеуге негізделеді.
Социология ғылым ретінде теориялық және эмпириялық зерттеу әдістерінің органикалық бірлігіне, өзара әсеріне негізделеді. Теориялық және эмпириялық зерттеу әдістерінің арақатынасы проблемасының ғылыми танымдафункционалдық және генетикалық жақтары бар.
- функционалдық - ғылымның теориялық аппараты мен эмпириялық негіз арасындағы арақатынасқа қатысты;
- генетикалық - теориялық аппараттың, оның ішінде ғылыми теорияның қалыптасуына, эмпириялық кезеңнен теориялық кезеңге өтуге байланысты.
Әлеуметтік теорияларды бағытына қарай іргелі және қолданбалы деп екіге бөлуге болады.
- іргелі теориялар - ғылыми проблемаларды шешуге, әлеуметтік ілімнің, социологияның тұжырымдамалық аппаратының қалыптасуына, әлеуметтік зерттеу әдістерін айқындауға бағытталған.
- қолданбалы теориялар - қоғамның алға қойған практикалық мақсаттарына қол жеткізу құралдарын іздеуге көмектеседі.
Қолданбалы социологияда теориядан гөрі практикалық мүдде басым, осыған орай социология пәні өзгеріп, әлеуметтік құрылым одан әрі бөлшектене түсті.
Қолданбалы зерттеулерде теория бағдарлама жасауға, негізгі ұғымдарды түсіндіруге, алынған мәліметтерді талдауға, құжаттарды есеп беруге дайындауға қолданылады, ал эмпириялық зерттеу жүйесі бастапқы эмпириялық мәліметтер жинауды қамтамасыз етуге арналады.
Жалпы социология мен әлеуметтануды айыра білу керек. Әлеуметтану экономика, құқықтану, халықтану, мәдениеттану, этнология, психология т.б. қоғамдық ғылымдарға қатысты қолданылады. Ал, социологиялық зерттеулер әлеуметтік зерттеулердің негізін құрайды.
Социологияның негізгі қызметтеріне гносеологиялық, болжамдық, праксеологиялық, идеологиялық міндеттер жатады.
Гносеологиялық қызмет ғылымның танымдық құралдары жүйесінде жүзеге асады. Бұнда тұтас қоғам, оның жекелеген бөліктерінің өмір сүру, даму заңдарын ашатын жалпы және арнаулы теориялар қолданылады.
Таным құралдарына эмпириялық деректер жинаудың жолдары мен тәсілдері, мәліметтерді өңдеу, логикалық және математикалық фактілерді сипаттау және түсіндіру, яғни жаңа әлеуметтік білімдерді қалыптастыру жатады.
Болжамдық қызмет әлеуметтік жүйенің болашақтағы мүмкін боларлық келбетін сипаттау, қоғамның немесе оның жеке буындарының әлеуметтік дамуын ғылыми тұрғыдан болжау арқылы жүзеге асады.
Праксеологиялық қызмет әртүрлі басқару құрамдарына қатысты социологтар ұсынатын практикалық ұсыныстар ретінде қолданбалы социологиямен тығыз байланыста жүзеге асады. Бұл ұсыныстар басқару шешімдерін қабылдауға негіз болып, социология қоғамдық өмірге белсене араласа түседі.
Идеологиялық қызмет қоғамдағы әртүрлі топтардың әлеуметтік мүдделерін білдіре отырып, ғылыми зерттеулердегі әлеуметтік себептердің зерттеу авторларының саяси бағыттарының принциптеріне байланыстылығын, саяси идеяларды теориялық жағынан негіздеуді қарастырады.
Социологияның қызметін теориялық және қолданбалы деп бөлуге болады. Теориялық (іргелі) социология басқа да ғылымдармен бірге әлеуметтік зерттеулердің методологиялық негізі болатын көзқарастық қызмет атқарады. Теориялық социология осы ғылымның пәнін зерттеуге қажетті ұғымдар мен түсініктер аппатарын жасайды, әлеуметтік заңдар мен заңдылықтарды ашып зерттейді, әлеуметтік дамудың теориясы мен тұжырымдамасын негіздейді.
Қолданбалы социология теорияға сүйене отырып, түрлі тарихи жағдайлардағы әлеуметтік заңдардың өмір сүру формалары мен әрекет ету механизмдерін іс жүзінде тікелей зерттейді.
Сонымен, қазіргі заманғы социология - бір-бірімен тығыз байланысты және бәрі қосылып біртұтас ғылым құрайтын теориялар мен білім түрлерінің көп деңгейлі жиынтығы.
Қоғамдық сана мен индивидтердің іс-әрекеттерін, олардың экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани қарым-қатынастар жағдайындағы өзгеру тенденцияларын талдау қазіргі заманғы социология ғылымының негізгі зерттеу міндеттерінің бірі болып саналады.

Социология жеке дара емес, басқа әлеуметтік ғылымдармен тығыз байланыста дамып отырады. Ол әлеуметтік философия, тарих, саясаттану, экономика, психология сияқты ғылымдармен тығыз байланысты.
Енді осы ғылымдардың өзара байланысы мен ерекшеліктерін жеке дара қарастырайық.
Социология да, әлеуметтік философия да қоғамды тұтастай, жүйе-жүйесімен, оған енетін бірліктердің жай қосындысы бола бермейтін интегральды құрылым ретінде қарастырады.
Әлеуметтік философия қоғамды әлемдік жаратылымның ерекше бір бөлігі ретінде кең ауқымда қарастырып, оны ортақ ұғымдардың , заңдардың, категориялардың көмегі арқылы сипаттайды. Әлеуметтік философия қоғам дамуын табиғатта, қоғамда, адамның ойлауында өмір сүретін жалпы философиялық заңдардың осы процестегі өзінше көрінісін таба отырып талдайды.
Ал социология қоғамның жалпы философиялық заңдардың, категориялардың, ұғымдардың ауқымына сия бермейтін өзіндік ерекше әлеуметтік байланыстары мен әсері, қырлары, жақтары мен ерекшеліктерін зерттейді.
Егер әлеуметтік философия өзінің дамуында қоғам туралы арнайы ғылымдардың жетістіктеріне сүйенетін болса, социологиялық зерттеулер басқа да қоғамдық ғылымдардың жетістіктерін пайдалана отырып, эмпириялық тұрғыдан тексеруге болатын әлеуметтік деректерді жинау мен талдауға, жинақталған эмпириялық мәліметтерге тікелей негізделеді.
Енді социология мен тарихтың айырмашылықтарын қарастырайық.
Тарих қоғамның өткенін зерттеп, оның даму жолдарын нақтылы жүйемен түсіндіруге мән береді, ал социологиядақоғамның ағымдағы құрылымы мен өмір сүруіне көңіл аударылады.
Социология сияқты тарих та философиялық теорияларға сүйенеді. Әлеуметтік философия социологияның да, тарихтың да жалпы теориялық-методологиялық негізін құрайды. Сондықтан да тарихта әлеуметтік мәліметтер, социологияда тарихи деректер кеңінен қолданылады.
Сонымен философия да, тарих та, социология да қоғамды өз тұрғыларынан зерттейді: философия қоғамның дамуы мен өмір сүруінің жалпы заңдарын ашады; тарих осы заңдардың тарихи қозғалыста жүзеге асуын қарастырады; ал социология қоғам құрылымындағы осы жалпы заңдарды нақтылай түседі.
Социология саясаттанумен де тығыз байланысты.
Социология қоғамды оның әлеуметтік құрылымы, адамдардың, әлеуметтік топтардың, ұлттар мен халықтардың әлеуметтік мәртебесі, олардың өзара әсері тұрғысынан қарастырады.
Саясаттану болса, қоғамға азаматтардың құқықтары мен міндеттерін талдау тұрғысынан келіп, саяси жүйенің құрылымы мен саяси билік қатынастарын зерттейді, саяси институттардың орнын, рөлі мен қызметін айқындайды.
Экономика ғылымының социологиядан айырмашылығына келетін болсақ, экономика қоғамды тұтас жүйе ретінде емес, оның бір ғана экономикалық саласын, материалдық өндірісті, адамдардың экономикалық іс-әрекеттерін тұтас күйінде зерттейді.
Социология қоғамның тұтас жүйе ретінде қалыптасып, даму заңдылықтарын зерттейді.
Социология психологиямен де тығыз байланысты.
Психология индивидтің ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын, психикасын қарастырса, социология индивидтің іс-әрекетін, әлеуметтік тәртібін, қоғамдағы орнын, мәртебесін, қарым-қатынасын қарастырады.
Сондай-ақ социология құқықтану, мәдениеттану, демография т.б. ғылымдарымен тығыз байланысты.
Қазіргі заманда қоғамдық өмірдің реформалануына, әлеуметтік фактор мен әлеуметтік ортаның рөлінің өсуіне, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасуына байланысты социология ғылымының рөлі мен мәні, қоғамды дамытудағы ықпалы барған сайын арта түсуде. Қоғамды қарсатыру барысында қоғамдық және әлеуметтік ұғымдары пайдаланылады.
Әлеуметтік дегеніміз қоғамдағы қарым-қатынастардың, индивидтердің бірлескен іс-әрекеттерінің жиынтығы, олардың қоғамдық өмірдегі құбылыстар мен процестерге қарым-қатынасы.
Әлеуметтік - социологияның негізгі категориясы. Құрамында топ, тап, жік, ұйым, ұлт, халықтары бар әлеуметтік қоғам социологияның негізгі зерттеу нысаны болып саналады.
Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік ұйымдар социологияның маңызды категориялары болып табылады. Бұдан басқа, жалпы әлеуметтік категорияларға қоғам, жеке адам, стратификация, әлеуеттік жүйе, халық, ұлт т.б. категориялар кіреді.
Негізгі қызметтеріне қарай социологияның методологиялық категориялары төрт топқа бөлінеді.
Социологиялық категориялардың бірінші тобына тұжырымдамалық сипаттағы методологиялық аппаратты жасауға қызмет ететін категориялар жатады (әлеуметтендіру, әлеуметтік бейімделу, қоғамдық пікір,әлеуметтік тәртіп т.б.).
Категориялардың екінші тобына құралдық сипатта болатын категориялар жатады ((әлеуметтік белсенділік, еңбегіне қанағаттану т.б.).
Социологиялық категориялардың үшінші тобына әлеуметтік таным әдістерінің, оның құрылымының, механизмдерінің мәнін ашатын категориялар жатады (зерттеу нысаны, зерттеу пәні, талдау, қорыту, интерпретация, идентификация т.б.).
Төртінші топқа зерттеу технологиясының категориялары жатады
( қосылған бақылау, контент-талдау, сұрыптау, респондент т.б.).
Кез-келген ғылымның, соның ішінде социологияның да негізгі мазмұны оның пәніне қатысты заңдар мен заңдылықтарды ашудан көрінеді. Әлеуметтік заң - бұл әлеуметтік процестердің, әлеуметтік әрекеттердің қажетті байланысының көрінісі.
Әлеуметтік заңдарды білу қоғамдағы құбылыстарды зерттеу, әлеуметтік процестерді басқару істерінде аса маңызды. Әлеуметтік заңдардың өмір сүріп, әрекет етуі социологияға өмір деректеріне ғылыми тұрғыдан келуде мол мүмкіндіктер ашады.
Сонымен социология ғылымы ғылыми негізделген әлеуметтік саясатты жасауда, оны жүзеге асыруда қолданылатын шаралардың тиімділігін арттыруда айрықша рөлге ие.

Социология ғылымының пайда болуы мен дамуы өмірлік тәжірибеден алынған мағлұматтарды талдаумен тығыз байланысты. Социологиялық зерттеулер дегеніміз зерттеліп отырған нысан туралы объективті мағлұматтар алу мақсатындағы бір-бірімен өзара байланысты жүргізілетін логикалық, методологиялық, тәсілдік және ұйымдастырушылық-техникалық амалдар жиынтығы. Нақтылы социологиялық зерттеулердің мақсаты:
- қоғамдағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің шынайы сипатын білуге жағдай жасайды;
- әлеуметтік байланыстарды дамытудағы қайшылықтар мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді;
- экономикалық, саяси және әлеуметтік дамудың бағдарын айқындауға көмектеседі;
- қоғамдық прогресс жолдарын анықтауға жағдай жасайды.
Социологиялық зерттеулер теориялық сипаттағы методологиялық тұжырымдамаларды және нақтылы әлеуметтік құбылыстарды немесе процестерді зерттеуге арналған әдістерді қамтитын бағдарламалар жасаудан бастау алады.
Социологиялық зерттеулер біздің қоғамды тану мүмкіндіктерімізді арттыра түсетін, объективті мағлұмат алудың маңызды құралы.
Қолданбалы социологиялық зерттеулер әлеуметтік теориялардың тәжірибелік негізін құрайтын деректерді немесе тапсырыс берушілердің (мекемелердің, қоғамдық ұйым өкілдерінің, партиялар мен қауымдастықтардың, мемлекеттік басқару органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының) нақтылы практикалық қажетін қанағаттандыра отырып, дербес нақтылы-қолданбалы ұғымға ие болатын мәлімет жүйелерін алуға бағытталған. Ол теориялық болжамдарды дәлелдеу немесе жалған екенін анықтау мақсатында жүзеге асады. Қолданбалы социологиялық зерттеулер негізінен төмендегідей кезеңдерге бөлінеді:
1) дайындық кезеңі - бұл кезеңде әртүрлі жұмыстар, ғылыми және практикалық амалдар атқарылады. Онда тақырып анықталып, теориялық тұжырымдама, бағдарлама жасалады, іріктеу өлшемдері анықталады. Мағлұмат жинауға арналған әдістемелік құжаттар жасалып, зерттеу ауқымы мен құралдары анықталады, зерттеу топтары қалыптасады, жұмыс кестесі жасалады, ұйымдастыру шаралары жүргізіледі, жұмысты материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге байланысты мәселелер шешіледі
2) жорық кезеңі - (немесе алғашқы әлеуметтік мағлұматтарды жинау кезеңі) мағлұматтарды алаңнан (жеке адамдардан, аудиториялардан, сыныптардан, үйден, мекемеден т.б.) жинаумен байланысты. Мағлұматтар зерттеу бағдарламасына сәйкес әртүрлі сұрау жүргізу (анкеталық, сұхбаттық, эксперттік, т.б.) бақылау, құжаттарға талдау жасау, эксперимент сияқты тәсілдер көмегімен жиналады.
3) мағлұматтарды өңдеуге дайындау және өңдеу кезеңінде - жиналған мағлұматтардың барлығы іріктеу өлшемдерінен ауытқуын тексеру тұрғысынан зерттеледі. Тексеру жұмысы әдістемелік құжаттардың дәлдігі мен толықтығына байланысты. Мұнымен қоса бұл кезеңде ашық сұрақтарды кодпен белгілеу жүзеге асады. Мағлұматтарды компьютерде өңдеудің логикалық бағдарламасы жасалады. Кейбір жағдайларда (мағлұматтар аз болғанды) мағлұматтарды өңдеу қолмен атқарылады
4) мағлұматтарды талдау және социологиялық зерттеудің қорытынды құжаттарын дайындау кезеңі - қорытынды кезең. Талдаудың методологиялық негізі дайындық кезеңінде жасалған зерттеу бағдарламасы болып табылады. Талдау барысында аладын ала жасалған ғылыми болжамдарды құптау немесе жоққа шығару туралы қорытынды жасалады, әлеуметтік байланыстар, тенденциялар, қайшылықтар, парадокстар, жаңа әлеуметтік мәселелер аңғарылады. Сонымен қатар, жасалған жұмыстардың нәтижелері айқындалады.
Зерттеудің сандық-сапалық талдау деңгейіне, шешілетін мәселелердің ауқымына және қиындығына қарай қолданбалы социологиялық зерттеулерді үш топқа бөлуге болады:
1) барламалық социологиялық зерттеу - өзінше бір сынақ болып есептеледі және негізгі жұмысқа дайындық сапасын тексеруге арналады. Бұнда болашақ негізгі зерттеудің барлық құрамдас бөліктері тексеруден өтеді, оның міндеттері және болжамдары анықталады, негізгі ұғымдарды операцияландыру сапасы тексеріледі, зерттеу құралдары анықталады, зерттеу ауқымының шекаралары нақтыланады, зерттеуде кездесуі мүмкін қиындықтар қарастырылады, мағлұматтар жинау тобы тәжірибе жинақтайды.
2) сипаттамалық социологиялық зерттеу - социологиялық талдаудың күрделенген түрі. Өзінің алдына қойған мақсаты мен міндетіне сәйкес ол зерттеліп жатқан құбылыс және оның құрамдас бөліктері жайлы толық мағлұмат беретін тәжірибе деректерін пайдаланады. Сипаттамалық зерттеу талдау нысаны әртүрлі сипаттамалармен ерекшеленетін үлкен қауымдар болған кезде қолданылады. Сипаттамалық зерттеудегі мағлұмат жинау тәсілін айқындау зерттеудің міндеті мен бағытына қарай анықталады.
3) талдамалық социологиялық зерттеу - зертеліп жатқан құбылыстың құрамдас бөліктерін сипаттаумен қатар, оның негізінде жататын және сипаты мен ерекшелігіне себепші болатын құбылыстарды анықтайды. Бұл социологиялық талдаудың ең күрделенген түрі. Сондықтан тиянақты жасаған даярлықты, бағдарламаны және зерттеу құралдарын қажет етеді. Талдамалық зерттеуде қолданылатын әлеуметтік мағлұматтарды жинау тәсілі кешенді сипатқа ие, бұл жерде бір-бірін толықтыратын сұрау салу, құжаттарды талдау, бақылаудың әртүрлі үлгілері қолданылуы мүмкін.
Социологиялық зерттеулердің бағыттары:
- панельдік зерттеу барысында бұрын зерттелген адамдар тобы бірдей уақыт аралығы арқылы қайта тексеріледі.
- лонгитюдтік зерттеу қайта тексеріс кезеңі зерттеліп жатқан нысанның түп-төркініне үңіле отырып, нақтыланған даму сатысының жетістікке жету бағытына қарай іріктелуі болып табылады.
Панельдік зерттеуде тексеру нысаны ретінде әртүрлі жас топтары қарастырылса, лонгитюдтік зерттеуде тек серпімді дамушы топ ретіндегі жастар қарастырылады. Лонгитюдтік зерттеудің панельдік зерттеуден айырмашылығы - қарастырылып жатқан нысанның даму процестерін түсіндіруге, сол нысан ішіндегі топтардың ерекше түрлерін анықтауға, әртүрлі әлеуметтік топтардағы индивидтердің қалыптасу тенденциясына талдау жасауға, қарастырылып жатқан белгілердің өзгерістерін айқындап, олардың даму процесінің детерминанттарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Когорталық және тарихи зерттеу бағыттарын, панельдік, әсіресе, лонгитюдтік қайта зерттеудің барлық түрлерін жүргізу барысында компьютерлік мәліметтер базасын құру және арнайы бағдарламалық құрал-жабдықтарды қолдана отырып, алынған материалдарды өңдеу олардың нәтижелігінің басты шарты болып табылады.
Қоғамда кездесетін құбылыстар мен процестер туралы үздіксіз, шұғыл мәліметтер алатын әлеуметтік мониторинг жүйесі әлеуметтік мәселелерді шешудің нәтижелі болып табылады. Социологиялық мониторинг - келіп түскен мәліметтерді жазып алуға, сақтауға және алғашқы талдау жасап шығуға мүмкіндік беретін біртұтас жүйе. Социологиялық мониторинг жүйесін екі салаға: әлеуметтік мониторинг және статистикалық мониторинг деп бөлуге болады.
Әлеуметтік мониторинг - қоғамда болып жатқан өзгерістерді қадағалап отырудың біртұтас жүйесі. Оның міндеті - жаңа, қажетті және жүйеленген мәліметтерді бірден емес, белгілі бір уақыттарда алып тұру болып табылады.
Статистикалық мониторинг - сандық сипаттамалар, қоғам өмірінің түрлі жақтары туралы статистикалық көрсеткіштер мен коэффициенттер алу жүйесі. Оның басты мақсаты саяси, әлеуметтік, экономикалық т.б. құбылыстарды тиімді талдауға қажетті әлеуметтік және экономикалық статистика көрсеткіштерін жинап беру болып табылады. Бұл екі мониторинг жүйесі біріге келе әлеуметтік мониторингтік біртұтас жүйесін құрайды.
Сонымен әлеуметтік мониторинг дегеніміз қоғам өмірінің аса зәру проблемалары жайлы әлеуметтік және статистикалық мәліметтер алу, өңдеу және сақтаудың тармақталған жүйесі.
Тұтынушыларға ақпараттық қызмет көрсетуді жаңаша ұйымдастыру - социологиялық зерттеудің сапасы мен тиімділігін арттырудың аса маңызды бағыты және қазіргі заманғы әлеуметтік мониторингтің негізгі міндеттерінің бірі.

Зерттелінетін жиынтық нысанды түгел қамту аса көп материалдық және уақыт шығынын қажет ететіндіктен социологиялық зерттеулер сұрыптау түрінде өтеді. Сондықтан да жұмыстың жобасын түзгенде әрі өкілетті, әрі үнемді сұрыптау жасау негізгі міндеттердің бірі болып саналады.
Сұрыптаудың өкілеттілігі (репрезентативтілігі) деп оның нәтижесінде алынған жиынтықтың зерттелуге тиіс социологиялық нысанның жай-күйін дұрыс бейнелеуін айтады. Өкілеттілік қатал сақталатын жұмыс тәртібінің екі деңгейі арқылы қамтамасыз етіледі: біріншіден, сұрыптаудың стратегиясы мен әдіс-тәсілдері арқылы, екіншіден, сұрыпталған жиынтық нәтижелердің дәлдігін мүмкіндігінше қамтамасыз етуге жарамды шағын ауқымы арқылы.
Сұрыптау сипаты бас жиынтық сипатымен және зерттеудің мақсатымен айқындалады.
Бас жиынтық деп зерттеліп отырған проблемаға қатысы бар нысандардың толық жиынтығын айтамыз. Кез-келген сұрыптау бас жиынтыққа тікелей қатысты нақтылы мәліметтер алуды мақсат тұтады.
Алға қойған мақсатына қарай ғылыми зерттеулер сипаттамалық және талдамалық болып бөлінеді. Сипаттамалық зерттеулер бас жиынтық туралы жалпылама деректер алу мақсатында пайдаланылады. Зерттеудің талдамалық түрі бас жиынтық құрамындағы күштердің табиғаты туралы болжамды тексеру мақсатында жүргізіледі.
Егер сұрыптауды бас жиынтықтың зерттеу құралы ретінде қарастыратын болсақ, онда оған қойылатын талап - сұрыптап зерттеудің нәтижесін бас жиынтыққа қолдану мүмкіндігі айқын болады.
Сұрыптап зерттеудің нәтижелерін бас жиынтыққа қолдану сұрыптаудың екі мақсатына сәйкес екі бағыттан тұратын статистикалық қорытындының қатаң индуктивтік әдісі көмегімен жүзеге асады: 1) сипаттамалық зерттеуде қолданылатын статистикалық бағалау; 2) талдамалық мақсатта қолданылатын болжамды статистикалық тұрғыдан тексеру;
Бас жиынтықтан жай кездейсоқ сұрыптаудың өзінде: 1) бас жиынтықтың біртектілігі; 2) оның құрамдас бөліктерінің зерттеу үшін бірдей деңгейде ашықтығы; 3) бас жиынтықтың құрамдас бөліктерінің толық тізімі; 4) осы тізімге кездейсоқ іріктеу әдіс-тәсілдері қолданылатын болады.
Жай кездейсоқ іріктеуді дұрыс ұйымдастырғанда бас жиынтықтың барлық құрамдас бөліктерін сұрыптауға ілінуге бірдей мүмкіндіктері болып, оны статистикалық тұрғыдан негіздеуді айтарлықтай жеңілдетеді.
Жай кездейсоқ сұрыптаудың шарттары бұзылғанда сұрыптауды жобалаумен социологиялық зерттеулердегі сұрыптау теориясы аталатын арнайы ғылыми сала айналысады.
Сұрыптау теориясы социологиялық зерттеулердегі бас жиынтықтардың, көбінесе әртекті, құрылымы күрделі, не жорамал сипатта болып, өзінің құрамын әр кезде өзгертіп отыруы мүмкін екендігін ескереді. Сондықтан сұрыптау жұмысын бастамас бұрын бақылау бірліктері деп аталатын бас жиынтық құрамдас бөліктерінің толық тізімін қамтамасыз ету қажет (бақылау бірліктері ретінде жекелеген индивидиумдар, отбасылар, үлкен қауымдастықтар, топтар, оқу орындары, ұйымдар, кәсіпорындар, аймақтар т.б. болуы мүмкін).
Күрделі құрылымды бас жиынтықтарға көп сатылы сұрыптау қолданылады. Бұл үшін бас жиыньық соңғы қажетті жиынтыққа жеткенше бөлшектенеді. Нәтижесінде құрамдас бөліктері (сұрыптау бірліктері) жаңадан бөлініп алынған жиынтық болып табылатын жаңа, нақтылы әрі ақырғы бас жиынтық пайда болады. Олардың бір бөлігі зерттеуді одан әрі жалғастыру үшін сұрыптап алынады. Осындай амал тікелей зерттеуге қол жеткізетін жиынтық алынғанша бірнеше рет қайталанып, оның әр сатысында сұрыптау мен өкілеттілігін сақтаудың түрлі тәсілдері қолданылуы мүмкін.
Көп сатылы сұрыптауда әр сатыдағы сұрыптаудың негізінде бөлініп алынған құрылымдық бірліктер тізімі болады. Соңғы сатыдағы сұрыптау бірліктері бақылау бірліктерімен, яғни бас жиынтықтың сұрыптауға және тікелей зерттеуге жататын нысандарымен сәйкес келеді.
Сұрыптап алудың әдістері ықтимал (статистикалық) және мақсатты (статистикалық емес) болып бөлінеді.

Социологиялық ақпараттар жинаудың негізгі төрт әдістері бар. Олар:
1) сұрақ алу әдісі;
2) бақылау әдісі;
3) құжаттарды талдау әдісі;
4) тәжірибе жүргізу әдісі.
Енді осы әдістерді жеке-жеке қарастырсақ.
Сұрақ алу әдісі. Эмпириялық ақпараттар сұрақ алу арқылы алынады. Бұл әдіс ұйымдастыру жағынан артықшылығымен, арзандығымен, ақпараттың мазмұндылығы және әмбебаптылығымен, алынған ақпаратты өңдеуге техникалық құралдарды барынша мол пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Сұрақ әдісінің негізгі түрлеріне анкеталық сұрау мен әлеуметтік сұхбат (интервью) жатады.
Сұрақ алу тәсілінің өзіндік ерекшелігі сұрақ-жауап жүйесі логикалық көзқарас тұрғысынан жүзеге асып, алынған жауаптар кейіннен сапалық және сандық өңдеулерге түсуінде жатыр.
Анкета - зерттеушінің жауапшымен (респондент) анкета арқылы контактыға негізделген эмпирикалық әлеуметтану зерттеуіндегі әлеуметтік өлшеуіштің бірден-бір кеңінен тараған тәсілі.
Анкетаны жасаудың, онымен жұмыс жүргізудің өзіндік ерекше әдістемелік тәсілдері мен сипаты бар. Кез-келген анкетаның үш құрамдас бөлігі: кіріспе, мазмұндық (негізгі бөлім) және қорытынды (төлқұжат) бөлімдері болады.
Кіріспеде зерттеуді кімнің жүргізетіндігі, оның мақсаты мен міндеті, анкетаны толтыру тәсілі, оны толтырудың жасырын екендігі көрсетіледі. Анкетаны қалай толтыру керектігі жайлы нұсқау кіріспенің соңында беріледі.
Анкетаның негізгі бөлімін толтыруға айрықша назар аударылады, өйткені жүргізілетін зерттеудің табысқа жетуі осыған байланысты.
Анкетаның мазмұны (ұсынылатын сұрақтардың сипаты мен түрі, оларды орналастыру тәртібі, алынатын жауаптар) зерттеліп отырған объект жайлы неғұрлым нақтылы мағлұматтар алуға ұмтылу арқылы айқындалады. Бұл үшін анкетаның мазмұндық бөліміндегі сұрақтар жүйесін әбден саралап барып түзген жөн. Сұрақтар түзу анкета жасаудың ең күрделі кезеңі: оның алдында зерттеудің негізгі ұғымдарын эмпириялық тұрғыдан анықтау, әрқайсысына анкета сұрақтарының бір, не бірнешеуі сәйкес келетін эмпириялық индикаторларды іріктеп алу процедурасы өтеді. Заттық мазмұнына қарай сұрақтарды мынандай категорияларға бөлуге болады:
- деректер жайлы сұрақтар - әлеуметтік құбылыстар, өндірістегі хал-ахуал, қоршаған орта жайлы, сұралушының жеке басына қатысты мағлұматтар алу;
- білімі туралы сұрақтар - сұралушының белгілі бір сала бойынша білімінің деңгейін анықтау мақсатындағы емтихан типтес сұрақтар болып келеді;
- пікір жайлы сұрақтар - сұралушының деректерді қабылдауы, болашақ туралы тілектері, жоспарлары жайлы болып, өзінің жеке басының кез-келген проблемасын қозғауы мүмкін;
- себеп жайлы сұрақтар - адамның өзінің іс-әрекеттері жайлы субъективтік түсініктерін анықтайды;
- логикалық сұрақтар - негізгі сұраққа жауап арқылы зерттеліп отырған құбылыс жайлы негізгі түйін жасалады;
- елек сұрақтар - бір белгілеріне қарай көпшіліктің ішінен сұралушылардың бір бөлігін іріктеп алу мақсатында қойылады;
- бақылау сұрақтары - жауаптың орнықтылығын, шыншылдығын және қайшылықты еместігін тексеріп, олардың нақтылығын анықтау үшін қызмет етеді;
- контактылық сұрақтар - сұрау жүргізу барысында сұралушымен өзара қарым-қатынасты жеңілдету, оның зерттеліп отырған проблеманың мәні туралы өз пікірін толық және шынайы беруіне ынталандыру;
- аралық (буферлік) сұрақтар - назарды бір тақырыптық кешеннен екіншісіне аударуды қамтамасыз етеді.
Төлқұжат (демографиялық) бөлімде ақпараттың сенімділігін тексеру мақсатымен сұралушы жайлы мағлұматтар толтырылады. Бұған респонденттің жынысы, жасы, білімі, тұратын жері, әлеуметтік жайы мен шығу тегі, жұмыс стажы т.б. сияқты деректер кіреді.
Анкета жасалған соң тексеріледі, сынақтан өткізіліп, кейбір өзгерістер енгізіледі. Анкетаның сапасын анықтау үшін пилотаждық зерттеу жүргізіледі. Оның барысында анкетаның мазмұны, сұрақтардың қойылуы мен кезектілігі, жауап нұсқалары т.б. тексеріледі.
Анкеталық сұрау салу социологиялық зерттеулердің алғашқы мағлұматтар жинау сатысында аса маңызды әдіс болып табылады.
Сұрау әдісінің келесі түрі әлеуметтік сұхбат арқылы жүзеге асады.
Сұхбат - әлеуметтану зерттеуінің сауалдау тәсілі, әлеуметтанушының алдын ала әзірлеген жоспары бойынша қайсыбір адаммен немесе адамдар тобымен мақсатты әңгімелесу формасы, оларға қойылған сұрақтарға қайтарылған жауаптар әлеуметтік ақпараттың бастапқы қайнар көзі қызметін атқарады.
Сұхбат социологтың сұралушымен тікелей байланысына негізделіп, белгілі бір тақырып бойынша әңгіме өткізу арқылы социологиялық ақпараттар жинаудың барынша қолайлы әдісі.
Әлеуметтік сұхбат жүргізгенде сұхбат алушы социолог пен сұралушы арасындағы байланыс тікелей болады; зерттеуші сұхбатты ұйымдастырады, сұрақтар қояды, әңгімелеседі, оны бағыттап отырады, алынған жауаптарды жазып алады. Яғни, сұхбаттың анкетадан ерекшелігі: зерттеуші сұралушы сұрақты түсінбеген кезде түсіндіреді, сұралушының көзқарасын нақтылай түседі, сұрау парақшасына толығырақ мәлімет жазу үшін қосымша сұрақтар сұрайды. Сұхбат мынандай түрлерге жіктеледі:
Формальді сұхбат - тақырып бойынша алдын ала құрастырылған сұрақтарға орай реттік тәртібін сақтау арқылы сұралушымен пікір алмасып мәліметтер жинау. Бұндай сұрақтарға өзгерістер енгізуге, одан ауытқуға болмайды.
Жартылай формальді сұхбат - пікір алмасу барысында тақырып бойынша алдын ала дайындалған сұрақтармен қатар, қосымша сұрақтар қою арқылы мәліметтер жинау.
Формальді емес сұхбат - нақты тақырып бойынша зерттеуші мен респонденттің еркін пікір алмасуы арқылы мәліметтер жинауы болып табылады. Бұндай сұхбатта сұрақтар алдын ала дайындалмайды, зерттеуші сұхбат барысында туындаған сұрақтарды қойып, респондент оған өз ойын еркін білдіріп жауап беруіне толық жағдай жасалады және зерттеушінің жауаптарды тіркеу формасының стандарты болмайды.
Сұхбат жүргізушінің міндеті сұхбатты ұйымдық жағынан дайындау, қажетті сұралушыларды табу, оларды зерттеуге қатысуға шақыру.
Социологиялық мағлұматтар жинауды аяқтаған соң сұхбат алушы зерттеу орталығына сұхбаттың толтырылған бланкілерін, маршрут парақшаларын, жұмысы туралы есепті тапсырады.
Барлық сұрақтар тексеріліп болған соң зерттеліп отырған объект туралы жинақталған мағлұматтар алу мақсатында сұхбат бланкілеріне арнайы талдаулар жасалады.
Сонымен анкеталық сұрау мен сұхбат әлеуметтік мағлұматтардың негізгі көпшілігін алуды қамтамасыз етеді.
Жалпы сұрақ алу әдісі - жеке адамға немесе адамдардың үлкен не шағын топтарына ауызша немесе жазбаша түрде сұрақтар қою жолымен алғашқы әлеуметтік ақпарат алу тәсілдерінің бірден-бірі болып табылады.

Бақылау әдісі деп - зерттеу барысында бақылаушының болып жатқан оқиғаларды ағымдық процесіне қарай тікелей тіркеп отыру әдісін айтамыз.
Бақылау әдісінің ерекшелігі: зерттеу объектісін тікелей өз көзімен көріп, құлағымен есту арқылы мағлұмат жинау, мәліметтерді сұралушының еркіне қарамай алуына мүмкіндіктер беру, зерттеуші мен объектінің арасында тікелей байланыстың болуы арқылы шапшаң ақпараттар алып тұру мүмкіндігі. Бақылау бақыланушының түрлі жағдайлардағы іс-әрекеттерін, мінез-құлқын дәл және кеңірек ұғынуға, олардың болып жатқан оқиғаларға реакциялары мәнін түсінуге көмектеседі. Бақылаудың түрлері:
Жеке бақылау - зерттеушінің зерттеу объектісін өзінше жеке бақылауы;
Топтық бақылау - зерттеу объектісін бақылауға құрылған арнайы топ;
Іштей бақылау - зерттеушінің зерттеу объектісіне қатысу арқылы мәлімет жинауы;
Сырттай бақылау - зерттеушінің зерттеу объектісіне араласпай сыртынан бақылауы;
Табиғи бақылау - табиғи ортада, табиғи жағдайларда жүргізілетін зерттеу;
Зертханалық бақылау - арнайы құрылған, жасанды жағдайдағы бақылау.
Тәжірибе (эксперимент) - бақыланып және басқарылатын жағдайда жаңа білімдер алудың ғылыми әдісі болып табылады.
Тәжірибеде зерттелетін оқиғаның жағдайын жоспарлы түрде басқару арқылы себепті байланыстары туралы болжамдар тексеріліп, сыни тұрғыдан қарастырылады. Ол қарастырылып отырған құбылыстың белгілі бір гипотетикалық моделін жасауға негізделіп, оның негізгі параметрлері, өзара және басқа құбылыстармен байланыстары, сол байланыстарының себепті салдарлы бағыттары айқындалады. Тәжірибеде зерттелетін осы модельдің көмегімен құбылыс өзгермелі жүйе ретінде сипатталады; оның ішінде іс-әрекеті басқаруға бағынып, тәжірибенің бақылауындағы тәуелсіз өзгермелісі ерекшеленеді.
Тәжірибенің құрылымы оны ұйымдастыру мен өткізу кезеңдеріне тікелей ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz