Жоңғар мемлекетінің тарих сахнасына шығуы



Кіріспе.
І.Тарау.Жоңғар мемлекетінің тарих сахнасына шығуы.
1.1. Жоңғар мемлекетінің құрылыуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4
1.2. Жоңғарлардың Қазақ жеріндегі басқыншылық соғыстары ... ... ... ... ... .4.5
ІІ.Тарау.Жоңғар Қазақ қақтығысы.
2.1. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»және Аңырақай шайқасы ... .5.12
2.2. Абылай хан тұсында қазақ хандығы және Жоңғар агрессиясының салдарлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12.13
ІІІ.Қортынды.
IV.Пайдаланған әдебиеттер.
XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға душар болды. Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы жерінің географиялық ерекшелігіне қарай үш жүзге бөлініп өмір сүрді. Қазақ хандығында үстемдік еткен әскери-федалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс күшейе түсті. Сонымен қатар бұл мезгілде қазақ-жоңғар қатынасы мейлінше шиеленісіп, қазақ хандығын үздіксіз,шабуыл,жасады.
1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін (Хақназар, Тәукенің) бір орталыққа бағындырғысы келген мақсаттары жүзеге аспай қалды. Қазақ хандығы ауыр дағдарысқа ұшырады, елдің бірлігі бұзылды, бытыраңқылық етек алып өзара қырқыс шегіне жетті.Тәукенің орнына отырған баласы Болат ханның,тек,атағы,ғана,болды.
Жүздерді билеген кіші хандар өз алдына дербестеніп, қазақ хандығы саяси жақтан бөлшектенді. Орта жүзді Сәмеке хан, Ұлы жүзді Жолбарыс хан, Кіші жүзді Әбілхайыр хан биледі.
Бұларға қарасты ұлыстарды билеген сұлтандар дербестікке қол жеткізе бастады. Осыны пайдаланған жау жан-жақтан шабуыл жасады.
Ш. Уалиханов сол кездегі жағдай туралы: “XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ халқының өмірінде қасіретті кезең болды. Жоңғарлар,Еділ қалмақтары, Жайық казактары мен башқұрттар жан-жақтан қазақ ұлыстарын ойрандадаы» дейді.Оңтүстіктен Орта Азия хандықтары қыспақ көрсетті. Солардың ішінде ең қауіптісі шығыстағы Жоңғар мемлекеті болды.
Тақрыптың өзектілігі. Жоңғарлардың Қазақстан жеріне енуі сонау XV ғ. басталған болатын Әбілхайырдың көшпенді өзбек хандығына күйрете соққы берген .Кейіннен ойраттардың бірігіп 1635 жылы мемлекет құруынан кейін – қазақ хандығына қан-төгіс шапқыншылықтар күшейе түсті.
Басшысы Батур Хунтайшы болды (1635-1653) Қазақ жеріне Жоңғар агрессиясының күшеюі Цэван Рабдан (1697-1727) тұсында болды.
Цэван Рабданның жаулап алу программасының ең шырқау шыңы – 1723 жылы болған шабуылдан көрінді.
1723 жыл тарихта есте қаларлық жұт жылы болды. Осы жылдың көктемгі төл алу кезеңі мен жазғы көш-қону жұмыстарымен айналысып жатқан қазақ еліне тосыннан, күтпеген жерден шабуыл жасады. Осы жолы шапқыншы жоңғарлардың саны 70 мыңнан асып түсіп, жеті бағытпен қазақ еліне кірді. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы да қайғылы, ән ұраны «Елім-ай», сол кездегі ауыр күндердің өшпес ескерткіші болып табылады.
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» ұшырады. Сақталған мәліметтерге қарағанда, Ұлы жүз бен Орта жүз Самарқанд пен Бұқараға, Кіші жүздің халқы Хиуаға қарай босқан екен.
Дәл осындай ауыр кездерде халықтың ішінен суырылып алға шығып, халықтың қамын ойлаған атақты Хандарымыз бен билерімізбен қатар батырларымызда,болды.
1.М.Қани.Қазақтың көне тарихы. Алматы: “Жалын” 1993-400 б.
2.Ғ.Х.Мағауияұлы.Қазақстан тарихы этникалық зерттеулерде.Т.ХІІ:Кердері-Алматы: “Алаш” 2011-412 б.
3.Б.Ахмедов.Тарихдан сабоқлар.Тошкент: “Уқитувчи” 1994
4.Г.Қ.Кәдірқұлова.Қазақстан тарихы.Алматы. 2005.
5.С.Жолдасбайұлы.Ежелгі және орта ғасырлардағы қазақ халқының тарихы.Түркістан 2006.
6.Қожабек Албани Байұзақ Рахимұлы.Мұхаммед Хайдар Дулати;-Алматы: “Ататек” 2000.
7.Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Алматы: ЖШС “Қазақстан” баспа үйі 2005.608-бет.
8.Жұмабаева Бақыт Дәулетханқызы.Қазақстан тарихы оқу құралы. Алматы:2010
9.Асылбеков М.Х, Алдажұманов Қ.С, Байпақов К.М, Исмағұлов О.И, Қозыбаев М.Қ.(Бас Редактор), Қошанов А.Қ, Құл-Мұхаммед М. А, Көмеков Б,Е, Нұрпейiс К.Н, Романов Ю.И, Сағадиев К.Ә. Қазақстан тарихы. Т.ІІ:Алматы:
10.Қ.С.Қаражан,Ж.Ә.Әбсеметова,Ф.А,Қозыбақова,Т.Қ.Мекебаев, С.С.Сержанова, С.Смағұлов, Ш.Б.Тілеубаев. Қазақстан тарихы. Алматы: “Қазақ университеті” 2008.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
Кіріспе.
І.Тарау.Жоңғар мемлекетінің тарих сахнасына шығуы.
1.1. Жоңғар мемлекетінің
құрылыуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
1.2. Жоңғарлардың Қазақ жеріндегі басқыншылық
соғыстары ... ... ... ... ... .4-5
ІІ.Тарау.Жоңғар Қазақ қақтығысы.
2.1. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламажәне Аңырақай шайқасы ... .5-12
2.2. Абылай хан тұсында қазақ хандығы және Жоңғар агрессиясының
салдарлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12-13
ІІІ.Қортынды.
IV.Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе.
XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы
аса ауыр жағдайға душар болды. Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ даланы алып
жатқан қазақ халқы жерінің географиялық ерекшелігіне қарай үш жүзге бөлініп
өмір сүрді. Қазақ хандығында үстемдік еткен әскери-федалдық шонжарлар
арасында ішкі тартыс күшейе түсті. Сонымен қатар бұл мезгілде қазақ-жоңғар
қатынасы мейлінше шиеленісіп, қазақ хандығын үздіксіз,шабуыл,жасады.
1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін (Хақназар, Тәукенің) бір
орталыққа бағындырғысы келген мақсаттары жүзеге аспай қалды. Қазақ хандығы
ауыр дағдарысқа ұшырады, елдің бірлігі бұзылды, бытыраңқылық етек алып
өзара қырқыс шегіне жетті.Тәукенің орнына отырған баласы Болат
ханның,тек,атағы,ғана,болды.
Жүздерді билеген кіші хандар өз алдына дербестеніп, қазақ хандығы саяси
жақтан бөлшектенді. Орта жүзді Сәмеке хан, Ұлы жүзді Жолбарыс хан, Кіші
жүзді Әбілхайыр хан биледі.
Бұларға қарасты ұлыстарды билеген сұлтандар дербестікке қол жеткізе
бастады. Осыны пайдаланған жау жан-жақтан шабуыл жасады.
Ш. Уалиханов сол кездегі жағдай туралы: “XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы
қазақ халқының өмірінде қасіретті кезең болды. Жоңғарлар,Еділ қалмақтары,
Жайық казактары мен башқұрттар жан-жақтан қазақ ұлыстарын ойрандадаы
дейді.Оңтүстіктен Орта Азия хандықтары қыспақ көрсетті. Солардың ішінде ең
қауіптісі шығыстағы Жоңғар мемлекеті болды.
Тақрыптың өзектілігі. Жоңғарлардың Қазақстан жеріне енуі сонау XV ғ.
басталған болатын Әбілхайырдың көшпенді өзбек хандығына күйрете соққы
берген .Кейіннен ойраттардың бірігіп 1635 жылы мемлекет құруынан кейін –
қазақ хандығына қан-төгіс шапқыншылықтар күшейе түсті.
Басшысы Батур Хунтайшы болды (1635-1653) Қазақ жеріне Жоңғар агрессиясының
күшеюі Цэван Рабдан (1697-1727) тұсында болды.
Цэван Рабданның жаулап алу программасының ең шырқау шыңы – 1723 жылы болған
шабуылдан көрінді.
1723 жыл тарихта есте қаларлық жұт жылы болды. Осы жылдың көктемгі төл алу
кезеңі мен жазғы көш-қону жұмыстарымен айналысып жатқан қазақ еліне
тосыннан, күтпеген жерден шабуыл жасады. Осы жолы шапқыншы жоңғарлардың
саны 70 мыңнан асып түсіп, жеті бағытпен қазақ еліне кірді. Осы ауыр
жылдарда шыққан қазақтың қаралы да қайғылы, ән ұраны Елім-ай, сол кездегі
ауыр күндердің өшпес ескерткіші болып табылады.
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға ұшырады. Сақталған мәліметтерге
қарағанда, Ұлы жүз бен Орта жүз Самарқанд пен Бұқараға, Кіші жүздің халқы
Хиуаға қарай босқан екен.
Дәл осындай ауыр кездерде халықтың ішінен суырылып алға шығып, халықтың
қамын ойлаған атақты Хандарымыз бен билерімізбен қатар
батырларымызда,болды.
Бұқар жырау өзінің 29 толғауында олардың аттарын атайды. Қаракерей
Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы
Жәнібек,Райымбек,Малайсары.
Осындай ауыр кезде еңсесі түскен елдің есін жиғызып, зар жылаған
халықтың көз жасын тиғызған атақты билеріміз болды. Халықты алқалы жиынға
шақырған да сол бабаларымыз болды.
Тақрыптың мақсаты.Сонау 18-ғасырларда қазақ хандығының басына қара күндерді
салған жоңғар мемлекетінің саясатын және қазақ жоңғар арасындағы
қақтығыстарды терең зерттеп тарихтың ашылмаған беттерін ашу. Бұрмаланған
тарихтың бұрыстығын дәлелдеп, сол кезде зор ерлік көрсеткен батырларымызды
келешек ұрпаққа үлгі ету.
Тақырыптың міндетті. 1. Жоңғар мемлекетінің құрылуына талдау жасау.
2. Жоңғарлардың Қазақ
жеріндегі басқыншылық
соғыстарын зерттеу.
1. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл
сұламажәне
Аңырақай шайқасын анализ
жасау.
2. Абылай хан тұсында қазақ
хандығы және Жоңғар
агрессиясының салдарларын
зерделеу.

Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, 2 бөлімнен, қортындыдан және
пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

Жоңғар мемлекетінің құрылыуы.

XIV ғ. II-ші жартысында Моңғолия территориясы екі иелікке бөлінеді.
Ойраттар белсенді рөл атқарған Батыс Моңғолия және бұрынғы Қытай
императорының бақылауындағы Шығыс бөлікке. “Жоңғар” деген аттың шығуы –
Шыңғысханның шапқыншылығы кезеңінде ойраттар қашанда армиясының “сол
қанатын” құраған, моңғолша ол “зюнгор” деген мағынаны білдіреді. Содан
“зюнгор” – жоңғар деп аталып кеткен.
Жоңғарлардың Қазақстан жеріне енуі сонау XV ғ. басталған болатын
(Әбілхайырдың көшпенді өзбек хандығына күйрете соққы берген 1456 жылы).
Кейіннен ойраттардың бірігіп 1635 жылы мемлекет құруынан кейін – қазақ
хандығына қан-төгіс шапқыншылықтар күшейе түсті.
Басшысы Батур Хунтайшы болды (1635-1653) Қазақ жеріне Жоңғар агрессиясының
күшеюі Цэван Рабдан (1697-1727) тұсында болды.1635 жылы Батыр коңтайшы
бастаған Жоңғар хандығы құрылды. Ол Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағында
еді. 1640 жылы жоңғарлар Далалық жарғы деген атпен әскери және азаматтық
заңдар жинағын шығарды. Жоңғарлардың бірлігі нығайды, әскери күш-қуаты арта
түсті. Соғыс жағдайы кезінде жоңғарлардың әрбір рулық бөлімшесі өте қысқа
мерзімнің ішінде жауынгерлік бірлік тобына айналып шыға келді. Жоңғар
хандығы жауынгерлерінің жалпы саны 100 мыңға дейін жететін қуатты атты
әскер шығара алатын еді. Олардың 60 мың жауынгері бар тұрақты әскері болды.
Жоңғария өзімен көрші мемлекеттердің жерін тартып алуды көксеген, барынша
әскерилендірілген мемлекетке айналды. Жоңғарлықтардың рухани бірлігін
қамтамасыз етуде Тибет ламалары елеулі рөл атқарды.
Жоңғарларда әскери іс-қимылдар жасаудың ерекше тактикасы қалыптасқан
болатын. Олар ашық кең далада соғысуға машықтанған еді. Оқ-дәріні селитра
мен күкірттен өздері қолдан жасап алатын. Олардың қолынан қылыш, сауыт,
дулыға және басқа қару-жарақ түрлерін жасау да келетін. XVII ғасырдың аяқ
жағына қарай жонғарларда білтелі мылтық пайда болды. Жоңғарлар тіпті
зеңбірек жасауды да үйреніп алды. Зеңбірек құюды оларға тұтқын болып қолға
түскен швед Иоган Густав Ренат үйретті. Жоңғарларда шекаралас жатқан
мемлекеттердің аумағында жүріп, қүпия ақпараттар жинаумен айналысатын
жансыздардың — тыңшылардың кең жүйесі құрылды.
Жоңғария тұғындары да қазақтар сияқты көшпелі және жартылай көшпелі халық
еді. Негізінен мал шаруашылығымен айналысатын. Халқының саны 1 миллионға
жуықтайтын. Жоңғарлар аз ғана уақыттың ішінде Алтайда тұратын көптеген ұсақ
Ұлыстарды бағындырып алған еді. Олар алым-салық төлеп тұрды, әскер қатарын
толык- тырып отырды. Жоңғарияның өзімен көрші мемлекеттерге күшті қауіп
төндіргені соншалық, XVIII ғасырдың бірінші жартысында тіпті Қытайдың
сыртқы саяси кызметі негізінен осы мемлекетке қарсы күрес жүргізіп, оны
әлсіретуге бағытталды. 1723 жыл тарихта есте қаларлық жұт жылы болды. Осы
жылдың көктемгі төл алу кезеңі мен жазғы көш-қону жұмыстарымен айналысып
жатқан қазақ еліне тосыннан, күтпеген жерден шабуыл жасады. Осы жолы
шапқыншы жоңғарлардың саны 70 мыңнан асып түсіп, жеті бағытпен қазақ еліне
кірді. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы да қайғылы, ән ұраны Елім-
ай, сол кездегі ауыр күндердің өшпес ескерткіші болып табылады.
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға ұшырады. Сақталған мәліметтерге
қарағанда, Ұлы жүз бен Орта жүз Самарқанд пен Бұқараға, Кіші жүздің халқы
Хиуаға қарай босқан екен. Босқындардың біразы Алакөл маңына барып
паналаған көрінеді. Дәл осындай ауыр кездерде халықтың ішінен суырылып алға
шығып, халықтың қамын ойлаған атақты Хандарымыз бен билерімізбен қатар
батырларымыз да болды. Бұқар жырау өзінің 29 толғауында олардың аттарын
атайды. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай,
Шақшақұлы Жәнібек, Райымбек, Малайсары. Осындай ауыр кезде еңсесі түскен
елдің есін жиғызып, зар жылаған халықтың көз жасын тиғызған атақты
билеріміз болды. Халықты алқалы жиынға шақырған да сол бабаларымыз болды.
Осы кездегі қазақтың саяси хал-ахуалын архив құжаттары былай суреттейді:
Сол кезде жоңғарлар Орта Азиядағы ірі сахара патшалығы болды. Оған
ұйғырлар қарсылықсыз бағынды. Қырғыздар бір мезгіл қарсылық көрсетсе де,
сұрапыл тегеурінге шыдамады. Ал, ұзақ жыл бойында жоңғарлармен тірескен тек
қазақтар ғана болды. Жоңғарлар қазақ елінің шығыс және оңтүстік жағындағы
біраз жерлерді жаулап алғанымен, қазақтардың кең байтақ орталық бөлігіне әл-
күші жетпейді дейді. Сөйтіп біріккен қазақ халқының қолы 1727 жылы Ырғыз
уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында Қара сиыр
деген жерде қалмақтарға күйретте соққы берді. Бұл жеңіске жеткен жер
“қалмақ қырылған” деп аталады.

Жоңғарлардың Қазақ жеріндегі басқыншылық соғыстары.

Қазақ хандығының аумағы Жоңғария билеушілерін бұрыннан қатты
қызықтыратын. Оның себебі, біріншіден, Жетісу мен Сырдария өңірін басып
алатын болсақ, онда Жоңғарияны Ресей мемлекетімен, Сібірмен, Орта Азия
хандықтарымен байланыстыратын аса маңызды сауда жолдарының торабын өз
бақылауымызда ұстаймыз, одан әрі Ауғанстанға, Иран мен Закавказьеге жол
ашылатын болады деп үміттенді. Екіншіден, Қазақстанды жаулап алсақ, өз
хандығымыздың солтүстіктегі шекарасын әлдеқайда нығайтамыз, бағынған
халықтан қосымша алым-салық алып тұрамыз деп ойлады. Үіиіншіден,
басқыншыларды қазақтың кең-байтақ даласындағы шұрайлы мал жайылымы мен
Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік- шығысындағы сауда-қолөнер орталықтары
қызықтырды. Төртіншіден, Қазақстан аумағын жаулап алу жоңғарлардың Еділ мен
Жайық аралығында көшіп-қонып жүрген қандас тайпалары құба қалмақтарымен
кедергісіз тікелей байланыс орнатып, қарым-қатынас жасауына жағдай
туғызатын еді. Ақыр соңында, бесіншіден, Жоңғар мемлекетінің қазақтарды кұл
етіп ұстаудың мол мүмкіндігіне ие боламыз деп дәмеленді. Жоңғарлардың Қазақ
хандығына қарсы басқыншылық соғысты күшейте түсуінің, міне, осындай
себептері болды.

Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламажәне Аңырақай шайқасы

XV 1718-жылы Тәуке хан қайтыс болған соң, қазақ феодалдарының
арасындағы қырқыс пен алауыздықтың өршуі, қазақ жүздерінің дербестеніп,
бір-біріне алшақтауы Қазақ хандығын саяси жақтан бөлшектенген елге
айландырып, оның әскери-саяси күшін мейілінше әлсіркеткен еді. Жоңғар
феодалдарының үздіксіз шабуылы, отырықшы-егінші аудандарымен сауда керуен
жолындағы қалаларды тонауы және шұрайлы жайылымдарды басып алуы қазақ
халқын ауыр эканомикалық қиыншылыққа кіраптар етті. Барған сайын аясы
тарылған аз ғана жерде қыс қысымын көріп күйзеліп, жұтап шыққан елге 1723-
жылы көктемде жоңғарлар тұтқиылдан шабуыл жасады. Олардың қалын қолы
Қазақстанның оңтүстік аудандарына басып кіріп, Қаратаудан асып, Талас
өзенінің алабына дейін жетті. Бұл кезде шабуыл болады деп ойламай қаннен-
қаперсіз жатқан ел енді ғана жайлауға көшуге қамдана бастаған болатын.
Жоңғар феолдалдарының қарулы қолы қорғануға мұршасы келмеген бейбіт елді
шауып-жаншып, қырғындап, үйін-мүлкін тонап, малын айдап кетті,тірі
қалғандар ата мекені мен мал-мүлкін тастап кетуге мәжбүр болды.
1724—1725-жылдары жоңғар феолдалдарының шапқыншы әскерлері Сырдария
алабындағы отырықшы егінші ауылдар мен қалаларды ойрандап, Қазақ хандығының
астанасы Түркістан қаласын және Қазақ хандығына қарасты Ташкент, Сайрам,
т.б қалаларды басып алып, талан-таражға ұшыратты және қиратты. Жетісу
мен Сырдария өңіріндегі егістік жерлер құлазып, қалалар қаңғырып, қолөнері
мен сауда-саттық жым-жчлас болды. Бұл егіншілік ошақтары мен қолөнер, сауда
орталықтарынан қол үзу елдің эканомикасын қатты күйзелтті.
Жасанған жаудың тұтқиылдан жасалған жойқын жорығынан есі шығып, бас
құрып тоытарыс беру мүмкіндігінен айырылған қазақтар тоз-тоз болып жосап,
Сырдария өзенінің ар жағыа өтті, орта жүз бен ұлы жүз қазақтарының бір
бөлігі Шыршық өзенінен ары кетті. Қазақтардың біразы Алқакөл маңынан Бұхара
мен Самарқанға қарай ағылды. Ал кіші жүз қазақтары Сауран қаласын айналып,
қазіргі Шиелі, Қызылорда тұсынан Хиуаға қарай беттеді.
Қазақ халқы өз өміріндегі аса ауыр апат, зор зобалаңа тап болып,
адам айтқысыз аянышты күндерді басынан кешірді. Атақоныс,құтты мекен, мал-
мүлкінен және баспанасынан айырылып, аш-жалаңаш, жаяу-жалпы шұбырған
қарапайым халық бұқарасы жаздың қайнаған ыстығында қағыр далада қаңғырып
шөлден қырылды. Қыстың ақ қар, көк мұз қақаған аязында күн көріс малын
жұтатып, үсіп өлді.Ашаршылыққа ұшыраған жұрт жол жөнекей жер желкеген,
шөптің тамырларын, жаужұмыр, алғыр, қозықұйрық сияқты жабайы өсімдіктерді
теріп жеп, қайыр сұрап күнелтті. Әйелдер мен балалар және қарт адамдар адам
төзгісіз жол азабына шыдай алмай, бұрлығып, жапан түзде қалып аштан
қырылды. Бұл ауыр оқиға қазақ тарихында “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл
сұлама”деп аталды.Мұның былай аталуы: жаудан қашып жаяу шұбырған қалың
қауым әрі болдырып, әрі ашаршылвқтан бұралып, Алқакөл көлінің жағасына
келіп сұлап жатқанда, қөп ішінен бір ақсақал адам шығып: “Адам баласы
өмірде көрген жақсылық пен жаманшылықтың бәрін ұмытпауы керек, біз осы
қөрген күнімізді не деп атасақ болар?”деп сұрапты. Сонда тағы бір қария
орнынан тұрып:мұның аты “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама”болсын депті.
Мұның мәнісі: атамекен, мал-мүлкінен айырылып,жаяау-жалпы, аш-жалаңаш
босқан ел шұбыры-шұбыра табаны ағарып,азып-тозды деген сөз екен. Бұл оқиға
қазақтың кіші жүзі арасында “Сауран айналған” деген атпен әйгілі
болды.Жоңғар феодалдарының шапқыншы әскерлерінен қашқан кіші жүз
қазақтары, соңынане түскен жауды көз жаздыру үшін Сауран қаласын айнала
көшкедіктен, бұл оқиға “Сауран айналған”деп аталған екен.
“Ақтабан шұбырынды” апатында зар заманды басынан кешірген қалың
қазақ қауымы өзінің аянышты ауыр халі мен көңіл-күйін бейнелейтің “Елім-
ай”сынды мұңлы ән шығарды. Бұл ән жұрт жүрегінде жатталып, бүгінгі күнге
жетіп отыр.
“Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлдақ бос келеді.
Ел-жұртынан айырылған жаман екен,
ЕКі көзден мөлтілдеп жас келеді.

Мына заман қай заман, Қысқан заман,
Басымыздан бақ-дәулет ұшқан заман.
Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,
Қаңтардаңы қар жауған қыстан жаман.

Мына заман қай заман, бағы заман,
Баяғыдай боларма тағы заман...
Ата қоныс, туған жер қалғаннан соң,
Көздің жасын көл қылып ағызамын”.

Ел есінде сақталған “Елім-ай”әнінің бұл шұмақтары халық бұқарасының
зар замандағы мұң-зарын бейнелейді.
“Ақтабан шұбырынды”кезінде қазақтарға шабуыл мен талан-тараж тұс-
тұстан анталады.Жоңғар феодалдары қазақтарға шығыс-оңтүстік жағынан
қаптағанда, Еділ бойындағы қалмақ хандары батыс солтүстік бүйірден тиісті.
Орта Азия хандықтарының жеріне ауып барған қазақтар бұл арадан мал
жайылымына қолайлы жер таба алмай сенделіп, көзге түрткі болды. Қазақтарға
бір жағынан Қоқанның бектері қоқаңдаса, тағы бір жағынан Бұхара мен
Хиуаның хандары жаппай құлдыұұа кіріптар еткісі келді. Иран мемлекетінің
маңынан ығысып барған қазақтар, Иран шахы Нәдір Афшардан зорлық-зомбылық
көрді.Қазақ халқы сонша сұмдық жағдайда жүрсе де, олардың еш қайсысына
құлдық ұрмай, өзіне тиіскендердің бәрімен шайқасты. Бұл кезде Орта Азияның
өзі де аласапыран соғыс жағдайында болатын. 1721-жылдан 1725-жылға дейін
Бұхарада болған орыс елшісі Флорио Беновони былай деп хабарлаған: “Орта
Азияда үздіксіз соғыс болып жатыр, бұл соғысқа ауғандар, парсылар,
хиуалықтар, бұқаралықтар, қазақтар,қырғыздар, қарақалпақтар және қалмақтар
қатысуда. Бұл ардың бәрінің де өзара бір-бірімен дау-шарлары бар”.
III ғасырдың 20- жылдарының бас кезінде жоңғарлардың Қазақстан аумағына
кезекті ірі жорық жасауына қолайлы жағдай қалыптасты. 1722 жылы
жоңғарлармен ұзақ уақыт бойы соғыс жүргізіп келген Қытай императоры
(боғдыханы) Канси қайтыс болды. Сөйтіп қалмақтардың Қытаймен бейбіт келісім
жасасуға колы жетті. Жоңғар хандығының шығыс шекарасы ендігі жерде қауіпсіз
болды. Жоңғар билеушілері Еділ бойындағы қалмақтардың ханы Аюкеге елші
жіберіп, қазақтарға қарсы бірлескен соғыс қимылдарын жүргізу мақсатын
көздеді. Ертіс бойында жақында ғана бой көтерген әскери бекініс желісін
нығайтумен әуре болып жатқан Ресей Жоңғар мемлекетіне бәлендей қауіп
төндіре алмайтын еді. Оның үстіне, Ресей көрші жатқан екі көшпелі
мемлекеттің өзара қарым-қатынасына байланысты бейтарап саясат ұстауға
тырысты.Қазақ мемлекетінің де, Жоңғар хандығының да өзара шайқаста әбден
әлсіреп, қансырағанын күтті. Өйткені оған осылай болғаны тиімді еді.
1723 жылдың көктемінде алдағы болатын жойқын соғысқа мықтап әзірленген, әрі
қазақ хандықтарының алтыбақан алауыз болып ыдырап бара жатқанын пайдалана
қойған Цеван-Рабтан өз әскерінің қалың қолын Қазақстанға қарай аттандырды.
Жау жеті бағытта шабуылға шықты. Жоңғар шапқыншылығының алғашкы соққысына
ұшыраған Жетісу мен Ертіс бойының қазақтары болды. Жоңғарлар ауылдарды
өртеді. Малды айдап әкетті, бейбіт халықты қара шыбындай қырып салды.
Өйткені жоңғарлардың шабуылы күтпеген жерден бірден төтенше басталған
болатын. Сондықтан да амалы қалмаған Қазақтар малына да, үй-жайларына да,
дүние-мүліктеріне де қарай алмай, бас сауғалап қашуға мәжбүр болды.
Жау әскерлерінің сан жағынан тым басым болғанына қарамай, қазақ
жауынгерлері кескілескен ұрыс салып, қатты қарсылық көрсетті. Жау қолына
ешкімнің де берілгісі келмеді. Әр қазақ өзімнің туған жерімді, туған-
туыстарым мен жақындарымды жауыз дұшпаннан қорғауға міндеттімін деп ұқты.
Қазақ жауынгерлері шегіне түсіп, қорғаныс соғыстарын жүргізді. Олар
әйелдерді, балаларды, карттарды жаудың өкшелеп қууынан құтқару үшін қырғын
соғыс салды. Ташкент қаласының тұрғындары қазақ әскери жасақтарының
басшылығымен қаланы жаудан бір ай бойы дерлік қорғады. Жоңғарлар Ташкенттен
кейін Сайрам, Түркістан сияқты басқа да қалаларды басып алды. Жаудың жойқын
соғыс қимылдарын жүргізуі нәтижесінде Қазақстанның шөлді және таулы
аймақтарынан өзге бүкіл аумағы іс жүзінде жоңғарлардың қолына қарады.
Салыстырмалы түрде алғанда Қазақстанның батысындағы алыс аймақтар ғана аман
қалды.
Бұл кезең (1723-1727 жылдар) қазақ тарихында Ақтабан шұбырынды, Алқакөл
сұлама деген атпен аталады. Оның қазақ халқына тигізген зардабы — қайғы-
қасіреті, аштығы мен қайыршылық халге душар етуі өте-мөте ауыр болды. Мың-
мындаған адам қырылды немесе тұтқын ретінде айдалып кетті. Жүздеген,
мындаған ауыл қатты күйзеліске ұшырады, мал-мүлік талан-таражға түсті, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хандық дәуір әдебиетінің құрылуы қарсаңындағы қоғамдық - әлеуметтік, саяси жағдай
Қарлұқтардың тарих сахнасына шығуы
Ежелгі қазақ тарихы пәнінен дәрістер
Йасауи жолының ұзақ ғасыырларға созылған тарихы
XVII-XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ЖОҢҒАР МЕМЛЕКЕТІ
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Қазақ қоғамның әлеуметтік құрылымы
Абылай ханның тарих сахнасына шығуы
XV ғасыр – XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығы
Қазақ сөзінің этнонимі
Пәндер