Өсімдікпен қабылданатын жарықтың сандық және сапалық сипаты


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе3
1. ӨСІМДІКПЕН ҚАБЫЛДАНАТЫН ЖАРЫҚТЫҢ САНДЫҚ ЖӘНЕ САПАЛЫҚ СИПАТЫ4
2. Өсімдіктерді қорғау жолдары. 6
3. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ8
Қорытынды10
Қолданылған әдебиеттер11
КіріспеТіршілік үшін өсімдіктің маңызы. Өсімдіктерді суда өсетін, топырақта өсетін, жер астында өсетін, жер бетінде өсетін деп бірнеше топқа бөлуге болады.
Топырак, өсімдіктері - бактериялар, балдырлар, кейбір саңырауқұлақтар. Бұлар топырақ кұнарлылығын көтеруде маңызды роль аткарады.
Жер асты өсімдіктері бактериялар түрінде кездеседі және 3 км тереңдікте болады. Жер беті есімдіктерінің 500 мыңдай түрі кездеседі. Олардьң көпшілігін адам баласы пайдаланады жеке өсіп, молая беруіне жағдай жасап отырады. Олар біздің экологиямыздың сақталуы үшін ғана емес, экономикамыздың дамуында да зор роль аткарады. Сондықтан да, жер үсті өсімдіктерін қорғау - басты міндеттің бірі. Өсімдіктер жердегі өмірдің бірінші кезі. Өсімдіктер табиғатта фотосинтез жүргізу үшін керек. Фотосинтез - күрделі биологиялык процесс, яғни өсімдіктер өздерінің көгілдір пигменті - хлорофилдің көмегімен күн көзінің энергиясын жинап алады да, оның күшімен көміртегі газын және суды өзгертеді. Осынын, нәтижесінде мол органикалық косылыстар түзеді. Мұның өзі күн көзінің энергиясын химиялык байланыстар энергиясына айналдырады.
Бүл құралған органикалық қосылыстар тікелей немесе басқа нәрселердің көмегімен басқа организмдерге тамақ болады. Дәлірек айтқанда, жасыл өсімдіктер фотосинтез процесін атқара отырып, жерде өмірдің дамуы, гүлденуі үшін маңызды роль атқарады, өмір сүрудің бірінші көзі болып табылады. Сол себепті өсімдіктерді қорғау жердегі өмірді қорғаумен пара-пар.
Табиғатта жануарлар мен өсімдіктер бір-бірімен тығыз байланысты болады. Жануарлар тек өсімдіктермен қоректеніп қана қоймайды, сонымен қатар оларға пайда да келтіреді. Олар атмосфераны көмірқышқыл газымен байытады, топырақты қиларымен тыңайтады, өсімдіктерді тозаңдандырады (насекомдар, кейбір құстар) және өсімдіктердің бір ауданнан екінші ауданға таралуына көмектеседі. Жер бетінде және суда өмір сүретін хайуанаттар адам баласына тамақ, бағалы аң терілерін және тағы басқа да шикізаттар береді. Бүгінде дүниежүзі халықтарының жартысына жуығына белоктік заттар жетіспейді. Біздің еліміз табиғат байлықтарының бірі-жануарлар дүниесі. Жалпы көлемі 2754 мың шаршы километр жерді алып жатқан Қазақстан территориясының кең байтақ жазық даласында, өзен-көлдерінде құнды тері, дәмді тамақ, дәрі-дәрмектік шикізат беретін жан-жануарлардың көптеген түрлері тіршілік етеді. Оған Қазақстанда балықтың 104 түрі, құстың 488 түрі және сүтқоректілердің 175 түрі өмір сүретіндігі айтсақ та жеткілікті. Елімізде осындай табиғат байлықтары қорғауға алынып, олардың қорының молайуына мүмкіндік жасау нәтижесінде аң-құстардың бірнеше түрінің саны айтарлықтай өсіп, халық шаруашылығына пайдаланып отыр. Бұл ретте Қазақстан бағалы аң терісін дайындау жөнінен балық республикалар ішінен екінші орын алады.
1. ӨСІМДІКПЕН ҚАБЫЛДАНАТЫН ЖАРЫҚТЫҢ САНДЫҚ ЖӘНЕ САПАЛЫҚ СИПАТЫЖарықтың экологиялық фактор ретінде өсімдіктерге әсері - күн радиациясы кең диапозондағы электромагниттік шағылысу болып табылатындығы анық. Оның құрамдастары үздіксіз спектрлі инфрақызыл сәулелердің толқынының ұзындығы шамаменен 3-4 мың. нм-ден толқын ұзындығы 290-380 нм. ультракүлгінге дейін. Тірі ағзалар үшін 290 нм. -ден қысқа сәулелер өлімге әкеледі, озон қабатымен жұтылады және жерге дейін жетпейді. Баршамызға белгілі, көзге көрінетін жарық 380 аймағынан (шеткі күлгін сәулелер) 750 нм. (алыстағы қызыл сәулелер) дейін шектелген (1 - сурет) .
1 - Сурет. Күн радиациясының құрамы
Өсімдік жамылғысы атмосфера арқылы өткен және құрамы және саны жағынан өзгерген жарықты қабылдайды.
Өсімдік жамылғысы күн радиациясының атмосфера арқылы өтіп, құрамы мен саны жағынан аздап өзгерген түрін қабылдайды. Әлемдік кеңістікте күн энергиясының жер бетінде және бұлтпен шағылысуы мен шаңмен атмосферада 34% радиация шашырайды, ал 19% атмосферада сіңіріледі де жылуға жұмсалады. 47% жер бетіне жетеді (2 - сурет) .
2 - Сурет. Күн энергиясының Жер бетінде таралу жолдары
Жалпы тура және шашыраңқы түсетін жарықты қосынды (суммарлы) радиация деп атайды
Өсімдіктер радиация бөліктерін жарық ретінде топырақ, су және басқа өсімдіктер шағылысуынан алады.
Жарықтың сандық сипаты - орта факторларының бірі ретінде жарықтың қолданылу бағытына байланысты болады. Күн сәулесінің шағылысуынан энергетикалық сандық сипаты сәулелі энергия, уақыт бірлігінде перпендикуляр беттегі сәулеге сай болады. Ол радиацияның интенсивтілігі немесе сәулеленуі деп аталып, Дж/см 2 минутына немесе Вт/см 2 - энергетикалық бірлікпен көрсетіледі. Бұл сипаттама климатологияда, әсіресе күн сәулесінің радияциясын зерттейтін - актинометрияда қолданылады. Экологияда өсімдіктердің жарық жағдайында тіршілік етуі мен таралуын бағалауда, өсімдік физиологиясында, агрометерология және т. б. кең қолданылады.
Алаң көлемінің 1м 2 келетін жарықтануы люкс (лк) бірлігімен өлшенеді, бұл - өте аз мөлшер, сондықтан табиғи өмір сүру жағдайында мыңдаған люксте (килолюксте) көрсетіледі. Энергетикалық бірліктерді жарықтану бірлігіне және керісінше есептеу коэффициентінің көмегімен - люкстің энергетикалық эквивалентіне және радиацияның жарықтану эквивалентіне айналдыруға болады.
Күннің тура түсетін радиациясының интенсивтілігін арнайы мамандандырылған құралдармен - актинометр және пиргелиометр арқылы, ал қосынды радиацияның интенсивтілігін - пиранометрдің көмегімен өлшейді.
Өсімдіктер алатын жарықты бағалау үшін жарықтың сандық сипатынан басқа, жарықтың сапалық құрамын, яғни, әртүрлі ұзындықтағы толқындардың сәулелермен қатынасын немесе спектральды құрамын білу де аса маңызды болып табылады. Оның өзінде адам көзі және өсімдіктер жарықтың спектральдық құрамын әрқалай қабылдайтынын ескеру қажет (3 - сурет) . Көз үшін спектр бөлігінің сары-жасыл сәулелері жарық болса, ал жасыл өсімдіктер үшін хлорофиллмен сіңірілетін қызыл және көк сәулелер аса маңызды болып табылады. Жарықты өсімдіктер үшін орта факторы ретінде қарастыра отырып, оны «өсімдіктердің көзімен» бағалау қажет деп көрсетеді орыс ғалымы К. А. Тимирязев.
3 - Сурет. Адам көзіне көрінетін спектрлер
Өсімдіктер экологиясы мен физиологиясында жарықтың сапалық құрамын оның құрамындағы сәулелердің өсімдіктерге басымырақ физиологиялық әсер ететіндерімен көрсетіледі. Күн сәулесінің спектрінде өсімдіктермен фотосинтез процесінде қолданылатын фотосинтездік белсенді радиация - ФБР (фотосинтетическая активная радиация ФАР) облысы бөлінеді. Бұл сәулелердің тоқындарының ұзындықтары - 380-710 нм. Оларды энергетикалық бірлікте Дж/см 2 -мин. және т. б. көрсеткіштері, сонымен қатар толқын ұзындықтары белгілі сәулелердің пайыздық құрамы немесе жалпы радиациядағы ағымдардың барлық ФБР үшін интенсивтілігі анықталады[1; 24]
2. Өсімдіктерді қорғау жолдары.Өсімдіктер қоры тауысылатын, бірақ қайтадан қалпына келетін табиғи ресурстарға жатады. Қазір планетамыздағы жалпы құрылым территориясының небарі 26 проценті ғана орман алқаптарының еншісіне тиеді. Бұл ағаштарды кесіп, жойып жіберу қиын емес, ал оны қалпына келтіру үшін ұзақ жылдар керек. Ғылыми деректерге қарағанда, отырғызылған балғын шыбықтан бәйтерек ағаш өсуі үшін 100-150 жыл керек.
Біздің ормандарымызда жыл сайын 844 млн м3 ағаш қосымша өсіріледі де 460 млн га кесіледі.
Ағаш қорын сақтау үшін кесілген ағаш жаңа жас ағашпен толықтырылып отыруы керек (әрбір ағаш түбінен есептегенде), ағаш кесу әрбір 80-100 жылда қайталанып отыруы тиіс, өйткені қысқа мерзім ішінде жас ағашты отай беру оның тез арада қалпына келуіне, мүмкіндік бермейді.
ІІІамамен алғанда кұрылықтьң өсімдіктер қабаты жыл сайын 20-30 млрд т. көміртегін пайдаланады. 300 жылдың ішінде өсімдіктер жұтатын көміртегі мөлшері атмосферада және суларда болатын көміртегіне тен. Жер шарының өсімдіктері жыл сайын фотосинтез процесі кезінде 177 млрд т органикалық заттар құрады. Олардын 122 млрд тоннасы құрлық өсімдіктері үлесіне, 55 млрд тоннасы - мұхиттағы өсімдіктер үлесіне тиеді.
Жыл ішіндегі фотосинтез өнімінің химиялық энергиясы дүние жүзіндегі электростанциялардың қуатынан 100 есе асып түседі.
Фотосинтез миллиардтаған жылдар ішінде жүзеге асып келеді. Бұл уақыт ішінде көптеген органикалық заттар жинақталды, олардың бірқатары мұнай, жанатын газ, тас көмір, торф, т. б. . Көмір, мұнай күйінде кездесетін көміртегінің өзі барлық тірі организмдерде кездесетін көміртегінен 50 есе көп. Өсімдіктер құрамына кіретін химиялық элементтер де көп. Бұған қосымша өсімдіктердің табиғатқа, адам өміріне, өндіргіш күштердің дамуына тигізетін пайдалы әсерін ескерсек, өсімдіктерсіз өмір жоқ деген қорытынды жасауға болады. Өсімдіктер табиғат биоценозында үлкен роль атқарады. Ол топыраққа, жануарлар дүниесіне, микроорганизмдерге пайдалы. Өсімдік түріне қарай биоценоз да әртүрлі болады. Өсімдіктің адам өміріндегі маңызы зор. Ол әртүрлі тамақтық өнімдердің, техникалық және дәрілік шикізаттың, құрылыс материалдарын өндірудің негізгі көзі. Жерді күшті су ағыстарынан қорғайды, құнарлы жерлерді құм басудан сақтайды. Өсімдік адам баласына психогигиеналық әсер етеді. Өсімдік ресурстарының бастысы - орман. Ол жер шарындағы биологиялық активті оттегінің 60 процентін береді. Оның көмегімен (т. б. экологиялық жүйелердің қатысуымен) атмосферада оттегі тұрақты болады, осының арқасында 2 млрд. жылдай біздің планетамызда өмір жалғасып келе жатыр. Орта дәрежеде бір ағаш 24 сағат ішінде үш адамның бір тәулікте демалуына жететін оттегі бөліп шығарады. Орман адамға керекті шикізат - ағаш береді. Ол үй тұрғызуда, кеме, ауыл шаруашылығында, машина жасау өнеркәсібінде, темір жол транспортында (шпал, вагон), ағаш ыдыстар жасауда пайдаланылады.
Ағашты басқа синтетикалық материалдармен ешқашан алмастыруға болмайды. Орманда өсетін ағаштар қағаз, спирт, скипидар, канифоли, глицерин, кір жуғыш нәрселер, смола, жидек ашытқыштар, эфирлы майлар алатын шикізат болып табылады. Ағаштан 20 мыңнан аса әр түрлі бағалы нәрселер өндіруге болады. Ормандарда ауыл шаруашылғы аңшылық ұйымдастырылады, көптеген бағалы шипалы өптер жиналады, жеміс-жидектер дайындалады.
Орманның ауасында адам денсаулығына қажетті жеңіл иондар болады. Соның арқасында орманда демалған адам салкынға көп берілмейді, олардың кан құрамы жаксарады, канның қысымы төмендейді, шаршағаны басылады, дәлірек айтқанда орманда дем алғаннан кейін енбек өнімділігі артады. Орманның төбесінен өткен су сүзіліп, тазарып шығады, ол лабораторияда сүзгіштен өткен судан артық болады. Орманның далада қар ұстау үшін де манызы зор. Орманның көмегімен жел және су эрозиясының орын алуына жол берілмейді, осының аркасында топырақтың тұзданып кетуіне тойтарыс беріледі. Ормандарда қар еру процесі ақырын және біркелкі жүретіндіктен қар суымен тасқынның болуына мүмкіндік жоқ, еріген су жерге ақырын сіңіп үлгереді, оның қүнарлылығын көтереді, одан асқан су өзендер мен көлдердін деңгейін толтырады. Осыдан көріп отырғанымыздай, орман адам өмірінде, экономикада сан қилы роль атқарады[2; 125] .
3. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУЖануарлар дүниесін, әсіресе балық пен теңіз жануарларын қорғау мемлекет Заңдарына, халықаралық шарттар мен конвенцияларға сәйкес жүргізіледі.
Халықаралық шарттарда аулау тәртібі, теңіздерді ластаудан сақтау жолдары, балықты және теңіз жануарларын аулау мөлшері (квотасы), уақыты, ау торының кеңдігі, тағы басқа да шаралар көрсетіледі.
Мемлекетаралық 150-ден астам шарттар мен конвенцияларға қол қойылды. 1946 жылы келісілген халықаралық конвенция кит аулау жөнінде арнаулы комиссия құрылып, ауланатын киттердің түрі, аулауға рұқсат етілген теңіз алқаптары, аулау уақыты мен мөлшері (квотасы) бекітілді.
1974 жылы Балтық теңізі жағасындағы 7 мемлекет жануарларды қорғау жөніндегі конвенцияға қол қойылды.
Жапония мен Ресей - корольдік шаянды, АҚШ, Канада. Жапония мен Ресей - Тынық мұхиттың Солтүстік жағасындағы котиктерді қорғау туралы шарт жасасты.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1993 жылы қазан айында Қазақстан республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Заңын» қабылдады.
Онда Қазақстанның жануарлар дүниесі мемлекеттік меншік деп жарияланып, республика халқының игілігінде болатыны көрсетілген.
Заң жабайы жануарларды пайдалану және қорғау жөніндегі қоғамдық арақатынасты реттеуді көздеп, олардың ұстауға, қамауға, табиғи бірлестігін бұзуға жол бермей, ұтымды пайдаланып, заңдылықты қатаң сақтауды талап етеді.
Жануарлар дүниесі де биосфераның құрамдас бір бөлігі. Жануарлардың табиғатта және адам өмірінде маңызы зор. Олар табиғаттағы заттар мен энергия айналымында негізгі рөл аткарады. Қазіргі кезде жер бетінде жануарлардың 2 млн-нан астам түрі белгілі, олардың ішінде тек жәндіктердің ғана 1 млн-ға жуық түрі бар.
Жануарларды зиянды және пайдалы деп тек салыстырмалы түрде ғана жеке топтарға бөледі. Бұл ғылыми тұрғыдан алғанда дұрыс емес. Өйткені табиғатта мүлде зиянды немесе мүлде пайдалы жануар жоқ. Табиғаттағы тіршілік тізбегінде олардың әркайсысының өз орны бар.
Қазіргі кезде жануарлар түрлерінің азаюына, негізінен, антропогендік факторлар әсер етеді. Ондай факторларға шектен тыс аулау, тіршілік ететін орта жағдайларының өзгеруі, ретсіз жерсіндіру, судың, топырақтың ластануы және т. б. жатады.
Қазақстанда омыртқалы жануарлардың 835 түрі және омыртқасыздардың 100 мыңдай түрі кездеседі. Қазақстанда жануарларға арналған Қызыл кітап 3 рет (1978, 1991, 1996) жарық көрді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz