Отбасылық тәрбиенің адамгершілік негіздері



Кіріспе 3
1 Отбасылық тәрбиенің адамгершілік негіздері. 4
2. Отбасы . адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. 5
Қорытынды 9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 10
Отбасы тәрбиесі — көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істері ауқымын құрайды. Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің әлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде.
Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан - тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы — бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасыға тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді: жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай.
Отбасы - тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан, "Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе"- деп ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған. Отбасыда адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметгік бағыт-бағдар түзіледі.Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапат-қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады. Ал, отбасындағы тәрбие бесік жырынан бастау алады. Осыған орай ұлы жазушы М. Әуезов «Халқым ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтып кеткендей, отбасындағы тәрбиенің бесік жырынан нәр алуының маңызы айрықша. Ата-ана баласына ертегі, аңыз, әңгіме, жыр-дастандарды айту арқылы, оның ойлау, қиялдау, тыңдай білушілік пен армандау қабілетін ұштайды.
1. «Балалар құқығы туралы Конвенция», 1989 ж. Нью Иорк. БҰҰ бас штаб пәтері
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы», 2007 ж.
3. Қазақстан Республикасының «Балалардың құқығы туралы заңы», 2002 ж.
4. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» , 2004 ж.
5. Қазақстан Республикасының Конституциясы // Қазақстан мектебі, 1995.
6. Әлемдік философиялық мұра. 1 том. – А.: Жазушы, 2005. – 560 б. Б.199
7. Кайкаус. Қабуснама / Өзб.ауд. Т.Айнабеков. – А.: балауса, 1992. – 160 б. Б.10.
8. Байдельдинова Г.К. Научно-теоретические основы подготовки будущих учителей для организации взаймодействия школы и семьи. – А.: Ғылым, 1998. – 81 б.
9. Әтемова Қ.Т. Оқушыларда гумандық қасиеттерді қалыптастыруда мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы: п.ғ.к. дисс. – А.: 1999. – 127 б.
10. Шарафадин А.А. Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары. п.ғ.к. дисс. – А., 2004. – 130 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 3
1 Отбасылық тәрбиенің адамгершілік негіздері. 4
2. Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. 5
Қорытынды 9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 10

Кіріспе
Отбасы тәрбиесі -- көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істері ауқымын құрайды. Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің әлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде.
Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан - тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы -- бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасыға тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді: жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай.
Отбасы - тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан, "Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе"- деп ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған. Отбасыда адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметгік бағыт-бағдар түзіледі.Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы - үлкен тәрбие мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапат-қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады. Ал, отбасындағы тәрбие бесік жырынан бастау алады. Осыған орай ұлы жазушы М. Әуезов Халқым ел болам десең, бесігіңді түзе деп айтып кеткендей, отбасындағы тәрбиенің бесік жырынан нәр алуының маңызы айрықша. Ата-ана баласына ертегі, аңыз, әңгіме, жыр-дастандарды айту арқылы, оның ойлау, қиялдау, тыңдай білушілік пен армандау қабілетін ұштайды.
Жас ұрпақ өкілдеріне отбасында тәрбие беруде ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім-тәрбиенің, халықтық педагогиканың маңызы орасан. Халықтық педагогиканың негізінде ұлттық сана-сезімді, ар-ожданды, ұлт жандылықты, отан сүйгіштікті, қоғамдағы ережелер мен ұстанымдарды, ұлттық рухты ұрпақ жадына тоқыту әрекеті жүзеге асырылады.
1 Отбасылық тәрбиенің адамгершілік негіздері.

Елімізде білім берудің бүгінгі жайы қоғамдық өмірдің барлық салаларына түбегейлі өзгертуде маңызды мәнге және оның дамуы жалпы мемлекеттік саясаттың басты буыны ретінде қарастырып отыр. Өйткені экономикалық қоғамдық жаңарудың қазіргі аяқ алысында білім беру жүйесінің алдында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруге негізгі тірек болатын білімді азаматтар тәрбиелеп шығару міндеті тұр.Бұл үшін білім беру саласы халықаралық деңгейдегі сатыға көтерілуі тиіс. Міне, осы талап тұрғысынан қарасақ бала тәрбиесі отбасынан басталады. Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы -- адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алмайды. Ел болам десең, бесігіңді түзе -- деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындап тұр емес пе?
Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.
Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі- ұрпақ әкелу, екіншісі-дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру -- әрбір ата-ананың қасиетті борышы. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынасы, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан отбасы өте қажетті, басқа ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі - бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, берекелі-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады. Мәселен, отбасы мүшесінің мәдени деңгейі баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді. Отбасы тәрбиесінде балаларды білімді, ізгілікті, жан-жақты жетілген, өз өмірінің құндылығын жете түсінетін етіп тәрбиелеуді қажет етеді. Ата-ана баланың мүмкіндіктерін барынша дамытып, оны өмірге қолдана білуге, еңбек етуге, еңбектің қандай түрі болса да атқаруға психологиялық даяр болуға, әрдайым өзінің білімін жетілдіріп отыруға тәрбиелеу қажет. Жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата-ананың балаға деген мейірімділігі мен махаббаты қажет. Бала отбасында жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтанда халқымыз Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі деп текке айтпаған.
2. Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді.
Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі - бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған.
Отбасы -- бала жанына жақын, жеке туысқандық қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Үлкендердің балаға шексіз сүйіспеншілігі емін-еркін сөйлесу, аялау, еркелету қалыптасқан отбасылық дәстүрлер әдет және т.б. тағылымды тәрбие негізін қалайды.
Әрбір отбасының өзіне ғана тән ерекшеліктері бар: олардың ішінде жас ерекшелігі және туысқандық қатынастар бойынша құрамының әртүрлі болуы, отбасы өмірінің стилі, материалдық пен рухани құндылықтарды пайдалану мүмкіндігі, отбасының ересек мүшелерінің әлеуметтік кемелдігі т.б. Бұның барлығы баланың күнделікті өмірін ұйымдастыру және оған тәрбиелік ықпал жолдарын анықтайды. Жеке тұлғаның қалыптасуы отбасы өмірінің тұрмыс тіршілігін ұйымдастыру көңіл-күй адамгершілік тынысы қалыптасқан отбасылық дәстүрлері сияқты барлық саламен тығыз байланысты. Міне, сондықтанда баланы тәрбиелеу , оның өмірін ұйымдастыру, ата-ананың өзін-өзі тәрбиелеу, отбасы өмірін дұрыс ұйымдастыра білу, жылы да бейбіт микроклиматты қамтамасыз ететін ізгілікке құрылған үй ішілік қарым-қатынасты орнықтырудан басталады. Ал отбасылық микроклиматтың дұрыс болуы көбінесе педагогикалық ықпалдың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді, яғни өзара құрмет, достық, сенім атмосферасында өскен бала жетекке оңай жүріп, тәрбиелік әсерге көнгіш келеді.
Сонымен, отбасының тәрбиелеу ықпалы деңгейін былайша анықтауға болады:
1. Отбасының әлеуметтік құндылығы.
Бұл отбасының беріктігімен, оның мүшелерінің адами, рухани жан сауығымен, ортақ іске қызығушылықтың болуымен анықталады.
2. Балаға оны тәрбиелеуші ересек адамдардың тарапынан қойылатын бірлігі.
Отбасының барлық ересек мүшелері бала үшін тәрбиеші, олардың тарапынан болатын талаптың бірлігі өте маңызды.
3. Отбасылық өзара қарым-қатынастың дұрыс болуы.
Парасатқа құрылған әке-шеше қатынасы баланың адамгершлік сапаларына жетудегі теңдесі жоқ үлгі өнеге.
4. Отбасылық дәстүрлер.
Отбасының рухани байлығы мен тәрбиелік мүмкіндіктерін онда қалыптасқан дәстүрлерге қарап анықтаймыз.Уақыт сынынан, өмір елегінен өткізілген отбасылық дәстүрлер бала тәрбиесіне аса зор ықпал етеді.
5. Отбасындағы еңбекке қатынас.
Үйдегі барлық отбасы мүшелеріне ортақ жұмыстарға үлкендермен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері. Рухани - адамгершілік тәрбие
МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары
Отбасы - рухани тәрбиесі
Мектеп пен отбасының бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығы
Отбасы баланы тәрбиелеу институты ретінде
Отбасылық тәрбиенің балаға әсері
Отбасылық тәрбие
Пәндер