Пингвин де сөйлейді, сөйлегенде не дейді?


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Пингвин де сөйлейді, сөйлегенде не дейді?
Пингвин де сөйлейді, сөйлегенде не дейді?: http://www.muftyat.kz/templates/muftyat/images/spacer.gif
Пингвин де сөйлейді, сөйлегенде не дейді?: http://www.muftyat.kz/templates/muftyat/images/spacer.gif
Пингвин де сөйлейді, сөйлегенде не дейді?:

http://muftyat.kz/uploads/2011/16/32.jpg

Бәрінен де аязды айтсаңшы?!


Па, шіркін, мына аязды-ай! Тұла бойым шымырлап, жаным кіріп қалды ғой! Осы суықты жақтырмайтындарға таңым бар. Шыжыған ыстықта қалай өмір сүреді сонда? Түсінбеймін. Суық қой денеңді сергітеді. Бойыңды ширатады. Сіздер, адамдар неге екенін суықты аса ұната бермейсіздер. Бірақ, әй не керек, мұзды мұхит аймақтарында да тіршілік етудің небір әдіс-тәсілдерін ойлап таптыңыздар. Қалың киініп, суықтан қорғайтын баспана тұрғызып, аң аулап күнелте бересіздер. Ақыл-айла деп міне осыны айт. Біз, пингвиндер - жай ғана құстардың түріне жатамыз. Сіздердегідей бізде асқан ақыл да жоқ. Алайда, Жаратушы өзі жаратқан тіршілік иелерін ештеңеден де кенде қылмаған. Әр тіршілік иесіне өзіне сай қасиеттер сыйлаған. Біз адамға тең келмесек те өз табиғатымыздан артық асып-таспаймыз. Есесіне біздер о дүниеде ештеңеден сұралмаймыз.

Біз тіршілік етіп жатқан мұзды материкке сіздер тым сирек қатынайсыздар. Келген күннің өзінде аз-ақ адам келеді. Онда да артынып-тартынып соншама азық-түліктерін ала келеді. Ал біз нәпақамызды осы мұздың ортасында, қақаған аяздың өтінде жүріп-ақ табамыз. Кейбір білгіштер «Пингвиндер мұнда кездейсоқ пайда болған. Мутацияға ұшырау арқылы суыққа бейімделген. Ыстықтан қашып, суық аймаққа өздері көшкен екен» дегендей әңгіме соғатын көрінеді. Қисынсыз. Кім жылы орнын тастап суыққа барсын?! Ешбір тіршілік иесі қараптан-қарап мутацияға ұшырамайды, осыншама керемет қасиеттерді иелене салу мүмкін емес. Осындай суық аймаққа бола бізді әдейі жаратқан. Бойдағы қасиеттеріміздің ешқайсысын кездейсоқ бітті яки табиғат дарытты дей алмаймыз.

Барлық тіршілік иесі мінсіз жаратылған. Олардың қай-қайсы да өзі мекен еткен ортасымен жарасым құрайды. Мәселен, шөлді мекендейтін кесіртке екеш кесірткенің өзі де Аллаһ Тағаланың керемет шеберлігін паш етіп, дым жоқ сахарада емін-еркін жүріп күнелтеді емес пе? Алайда, шөлдегі тіршілік иелері біз өмір сүріп жатқан мұзды аймаққа келсе, бір сәтте қырылып қалар еді. Біз де бір тамшы суы жоқ аптап шөлге бара қалсақ, не істерімізді білмей пұшайман күй кешеріміз анық. Олай болса, әр тіршілік иесіне өз ортасына бейімдігі тұрғысынан баға беру керек. Бұны сіздерден биология мен экологиядан хабары барлар ғана анағұрлым тез ұғынады. Өйткені, Аллаһ Тағала нені жаратса да бекерге жаратпаған. Тіпті, денедегі әр мүшені де өз міндетімен жаратқан. Мысалы, менің мына екі қолым ескек секілді, суда еркін жүзуімді қамтамасыз етеді. Олар ешқандай да бара-бара қысқарып кеткен бұрынғы қанат емес. Оны неге айтып отыр дейсіз бе? «Бара-бара қысқарып кеткен» деушілік - эволюционерлердің сандырақ пікірі. Егер бұлар бара-бара қысқарып кеткен қанат болса, онда түкке жарамас еді. Өйткені, мен ұшпаймын, жүзем ғой. Басқа жүзетін құстар да бар, дегенмен, дәл мен секілді жүзе алады деп айта алмаймын.

Құдай ақы, өзіңіз сәл ойланып көріңізші, қараптан-қарап құстың қанаты неліктен қысқарып кетпек? Егер о баста ұшатын болсам, суда жүзем деп әуреге түсіп нем бар? Сол күйі ұша бермес пе едім. Онда қанаттарымды дамылсыз қағар едім, есіп әуре болмас едім. Ұша алсам суық жаққа келіп нем бар? Одан да ыстық жақтарға ұшып кетпес пе едім. Алайда, мәселе ұша алма-уымда емес. Менің қасиеттерімнің барлығы да осы суық жақта мекендеуге лайықталған. Ыстық жақ маған жақпайды. Құйрығымның қатты әрі тік келуі балықтың соңынан қуғанда тез бұрылуға, шұғыл айналуға көп көмегін тигізеді. Жалтыр, тайғанақ мұздардың үстінде тікемнен тік тұруда ол менің сүйенішім. Дене пішініміздің сүйір мина секілді болуының өзі су ішіндегі қысымды жеңілдетеді. Бұл ерекшелікті сіздердің математикалық есептермен жұмыс істейтін кеме мен ұшақ инженерлері дәлелдеуде. Әйтпесе, судың қысымын жеңу үшін сүйір болудың пайдасын мен ойлап тапты дейсіз бе?!

Жылу сақтаудың шеберіміз

Егер үстіңіз құрғақ болса, суықта көп жаурамайсыз. Алайда, сәл ылғал болса тоңғанның көкесін көресіз. Осыны білген Құдірет ылғалданбасын деп жүндерімнің үстіне су жұқпайтын майлы түк бітірген. Майлы түктер су өткізбейтіндіктен, ішкі жүндерім құп-құрғақ, дене жылуым да сол күйі сақталады. Азық тауып жеудегі басты қаруым - тұмсығым. Ол өте епті-ақ. Сол арқылы сусыған балықтарды оп-оңай қақшып ап, қылғыта берем. Жылуды көп ысырап етпес үшін тұмсығым тарлау жаратылған. Жылу сақтаудағы тағы бір ерекшелігім - табандарымның да тым кішкентайлығы. Табан неғұрлым жалпақ болса, мұздың да қызуды соғұрлым өзіне көп тартатыны белгілі. Сол себепті, бойдағы дене жылуым көбірек сақталады. Қыста деммен шығатын жылу мен көмірқышқылдан қоюлана түскен ауадағы су буынан әйнектеріңіз буланып жатады. Осылайша бу түрінде біраз су мен жылу жоғалтасыздар. Менің танауым мен тыныстауым да осы тұрғыда ерекше жаратылған. Демім дереу сыртқа шықпайды. Тыныс жолдарымен айналып ұзақ жүреді. Сол себепті, өкпемнен шыққан жылу мен жылы ылғал тыныс алу кеңістігімде әбден қолданылады. Жылу қан тамырларыма қайтарылып, суығанда барып сыртқа шығарылады. Бұндайда аталмыш тәсіл тиімді жүзеге асу үшін тыныс кеңістігімдегі қанның жылжу бағыты ауа ағысына кері болуы керек. Табиғи термодинамикада «кері ағыс принципі» деп аталатын бұл жүйе жасаларда мен өзім одан хабарсыз едім. Әрі жылу физикасы мен оптикалық ережелерге сай арқа жағым қара, бауыр тұсым болса ақ түсті. Бұның астарындағы сырларды сіздер енді-енді ғана аңғарып келесіздер. Өздеріңіз де шамалап отырғандай, сыртқы жүнімнің қаралығы күннен жылу тартуда көп пайдасы тисе, бауыр жүнімнің ақтығы ақ қармен үйлесуде. Алда-жалда дұшпан көрсек, ақшаңқан ба-уырымызды жоғары қаратып жасырына қалатын тәсіліміз де бар.

http://muftyat.kz/uploads/2011/16/450.jpg

Бір-бірімізге қамқоршымыз

Өзара иықтаса жақын тұрғанда жылу анағұрлым жақсы сақталады. Топ-топ болып өмір сүруіміздің мәнісі сол. Кейбір ірі топтарымыз саны миллиондаған құстан құралады. Үскірік қар, бораған көк шұнақ аязға төтеп беруді де өздері ойлап тапты дей көрмеңіз. Біз топтасқан кездері көбіне шеңберіміздің ортасына арамыздағы ең әлсіз, аурушаң, әлжуаздарымызды аламыз. Ал, суыққа шыдамды күштілеріміз көбінесе арқасын аязға беріп шеңберіміздің сыртын ала жүреді. Ортаға түсіп жылынғандар сәлден кейін шетке жылжып, тоңғандармен орын алмасады. Осындай асқан берекешілдіктің арқасында өте мол жылу сақтаймыз. Сіздер бұл әдетімізді «е, түйсік қой» дей салмаңыздар. Өйткені, түйсікке таңа салумен мәселе шешілмейді. Бұны рақымы мол Жаратушымыздың жақсылығы деу өте орынды. Осындай ғажапты табиғат жасады дейтіндер тіпті ақымақ.

Жанкешті өмір

Оңтүстік арктикада тіршілік ету оңай емес. Физиологиялық ерекшеліктер өз алдына, қимыл-қозғалыс жасап, мұздай суға сүңгу де қажет. Денемнің сүйірлігі әрі қанат пішіндес алдыңғы қолдарымның көмегімен бір сағатта 30 шақырымға дейін еркін жүзе берем. 18 минут су астында қала алам, 260 метрге дейінгі тереңдікке сүңги алам. Суықта анағұрлым көп қуат жұмсайтындықтан майлы балық, теңіз құрты, креветка секілді теңіз астында мекендейтін жәндік-шаяндармен көбірек қоректену шарт. Суық теңіздің балықтары майлы келетіндіктен бұл бізге қолайлы-ақ. Су астына сүңгіп, өкпемдегі оттегі таусылғанша азығымды қуалай берем. Алда-жалда дұшпаным соңыма түссе құрлыққа немесе қандай да бір кезіккен мұздың үстіне ытқып, екі метрге дейінгі биіктікке секіре алам.

Кей түрлеріміз жылына екі, кейбіріміз жылына бір рет жұмыртқалаймыз. Мынадай суық аймақта жұмыртқаны жылы сақтаудың әрі оны шайқаудың қиындығы айтпаса да түсінікті. Тастардан, қураған өсімдіктерден жинап ұя жасаймыз. Жұмыртқамызды жылы ұстау үшін аталығымыз да, аналығымыз да қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Аз ғана уақытқа тұрып кетсек шайқалып жатқан жұмыртқаға ақау тиюі мүмкін. Мұзға тиіп кетпес үшін аталықтарымыз жұмыртқаны аяқтарының үстіне шығарып, бауыр жүндерімен қымтайды. Ондайда бірнеше апта бойы ештеңе жемейтіндіктен, алдын ала

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу дамуының ЖТСД III деңгейі
Мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікті бағдарлауын дамытудың теориялық сипаты
ДИКТАНТ МӘТІНДЕРІНІҢ ЖИНАҒЫ
Бастауыш сыныптарына арналған диктанттар жинағы
БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ТІЛІ
5-6 жастағы балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру (2015 жылғы. 5-ке тапсырылды)
Құстар класы туралы ақпарат
Компьютерлік қысқарған әрі ұятсыздау естілетін сөздер
Құс топтары. Қыртөсті құстар
Көркем шығарманы әңгімелеп айту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz