Ө.Тұрманжановтың шығармашылық өмір жолымен ақын даралығы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Ө.Тұрманжановтың шығармашылық өмір жолымен ақын даралығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.Өтебай Тұрманжановтыңмысалдарының көркемдік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
4.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
Әдебиеттің көп жағдайда назардан тыс қала беретін бір саласы – балалар әдебиеті. Балалар әдебиеті – кішкентайлардың үлкен әдебиеті. Қашанда балалардың өз әдебиеті болуға тиіс. Балаларға арнап әдебиет жасамай – оларды көзге ілмеу, елемеу болып табылады. Бүгінгі балаларды елемеу – қоғамның ертеңін ескермеу болып табылады. Сондықтан, өркениетке жетемін деген ел, өзін-өзі сыйлайтын халық ең алдымен балаларға жағдай жасайды, олардың рухани қазына-байлығына ерекше зер салады.
Қазақ балалар әдебиеті қазақ қоғамымен бірге туып, біте қайнасып келе жатқан рухани іргелі сала. Қазақтың бай ауыз әдебиеті, халық әдебиеті, ақын, жыраулар поэзиясы – тұнып тұрған балалар әдебиеті. Ал, ХХ ғасырдың жетпісінші, сексенінші жылдарында қазақ балалар әдебиеті қарыштап дамыды.
Қазақ балалар әдебиеті әңгіме болғанда, есімі ауызға алдымен ілінетін қаламгердің бірі – Өтебай Тұрманжанов. Ол әдебиетіміздің осы қызықты саласының негізін салушылардың бірі саналады. Балаларды болашақ тұтып, өзінің бар дарын, қуатын ақын бүлдіршіндерге арнаған еді. Ақынның бұл арнадағы әдеби мұрасының қызықты, ерекшелікті сипаттары мол. Көзі тірісінде ақын шығармашылығы әдеби сында жалпылама әңгімеленіп жүрді. Нақты, тереңдей арнайы зерттеле қойған жоқ және оның әдеби мұрасы тақырыптық талдау объектісіне айналмаған.
Бұл зерттеу жұмысымызда біз балалар ақыны болып тарихта аты қалған Өтебай Тұрманжановтың шығармашылық өмір жолы мен халық қазынасына мол үлес болып қосылған балаларға арнап жазған өлең-жырлары, оның ішінде арнайы ат басын тіреген мысал жанрындағы өлеңдері мен аудармаларының мазмұнына терең талдаулар жасауға талпындық. Өмір жолы мен шығармашылығы көп зерттеліне қоймаған ақынның еңбектеріне зерттеу жүргізіле отырып, оның балалар әдебиетіндегі алатын орны айқындалып, шығармаларының көркемдік құндылықтары ашылады.
Біз жоғары оқу орындарында балалар әдебиеті туралы мәселені сөз еткенде тек Кеңес дәуірінен бергі кезеңді ғана қамтимыз. Себебі, осы мәселеге қатысты жарық көрген еңбектердің барлығы да кеңес дәуірінен бергі тұсты қамтыған, соған сай оқу бағдарламасы да 1918 жылдардан басталды. ХІХ ғасыр әдебиетіне, Абай, Ыбырай еңбектеріне қатысты жекелеген еңбектерді атамасақ, балалар тақырыбына арналған әдеби шығармалар жайы зерттеу аясынан тыс қалған. Балалар әдебиетінің тәрбие құралы екендігі де, оның кеңес дәуірінде қазақ топырағында біраз жетістіктерге жеткені де белгілі, алайда, бұл қазақ балалар әдебиетінің басы осы тұс екен деген сөз емес. Қазақ әдебиетінде балалар әдебиетінің толық курсы оқытылмауы, яғни сонау ауыз әдебиетінен бастау алар тұстан осы күнге дейінгі кезең тұтас қарастырылмауы кім-кімді де ойландырары ақиқат.
1. Қазақ ертегілері, Алматы, 1957, I том, 21-бет.
2. Қожакеев Т. Сатиралық жанрлар, Мектеп, 1983, 45-бет.
3. Тұрманжанов Ө. Таңдамалы шығармалар. Екі томдық /Өлеңдер. Жоғары класс оқушыларына арналған./ 1-2 том. – Алматы. Жазушы, 1975. -278 б.
1. Ы.Алтынсарин. Таңдамалы шығармалар., Алматы-1979 ж
2. Ж. Аймауытов. Шығармалар Алмати., 1989 ж
3. Ш. Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті., Алматы 1974 ж
4. Ш. Ахметов. Қазақ совет балалар әдебиеті., Алматы 1976 ж
5. А. Байтұрсынов. Шығармалар., Алматы 1989 ж
6. Қ. Жұмалиев. Әдебиет теориясы., Алматы 1963 ж
7. З. Қабдуллов. Сөз өнері.,Алматы 1992 ж

б) қосымша:
8. Қазақ совет балалар жазушылары.,Алматы 1987 ж
9. Ә. Қоңыратбаев. Қазақ әдебиетінің тарихы., Алматы 1994 ж
10. М. Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз әдебиеті., Алматы 1974 ж

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Ө.Тұрманжановтың шығармашылық өмір жолымен ақын даралығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2.Өтебай Тұрманжановтың мысалдарының көркемдік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
4.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

КІРІСПЕ

Әдебиеттің көп жағдайда назардан тыс қала беретін бір саласы - балалар әдебиеті. Балалар әдебиеті - кішкентайлардың үлкен әдебиеті. Қашанда балалардың өз әдебиеті болуға тиіс. Балаларға арнап әдебиет жасамай - оларды көзге ілмеу, елемеу болып табылады. Бүгінгі балаларды елемеу - қоғамның ертеңін ескермеу болып табылады. Сондықтан, өркениетке жетемін деген ел, өзін-өзі сыйлайтын халық ең алдымен балаларға жағдай жасайды, олардың рухани қазына-байлығына ерекше зер салады.
Қазақ балалар әдебиеті қазақ қоғамымен бірге туып, біте қайнасып келе жатқан рухани іргелі сала. Қазақтың бай ауыз әдебиеті, халық әдебиеті, ақын, жыраулар поэзиясы - тұнып тұрған балалар әдебиеті. Ал, ХХ ғасырдың жетпісінші, сексенінші жылдарында қазақ балалар әдебиеті қарыштап дамыды.
Қазақ балалар әдебиеті әңгіме болғанда, есімі ауызға алдымен ілінетін қаламгердің бірі - Өтебай Тұрманжанов. Ол әдебиетіміздің осы қызықты саласының негізін салушылардың бірі саналады. Балаларды болашақ тұтып, өзінің бар дарын, қуатын ақын бүлдіршіндерге арнаған еді. Ақынның бұл арнадағы әдеби мұрасының қызықты, ерекшелікті сипаттары мол. Көзі тірісінде ақын шығармашылығы әдеби сында жалпылама әңгімеленіп жүрді. Нақты, тереңдей арнайы зерттеле қойған жоқ және оның әдеби мұрасы тақырыптық талдау объектісіне айналмаған.
Бұл зерттеу жұмысымызда біз балалар ақыны болып тарихта аты қалған Өтебай Тұрманжановтың шығармашылық өмір жолы мен халық қазынасына мол үлес болып қосылған балаларға арнап жазған өлең-жырлары, оның ішінде арнайы ат басын тіреген мысал жанрындағы өлеңдері мен аудармаларының мазмұнына терең талдаулар жасауға талпындық. Өмір жолы мен шығармашылығы көп зерттеліне қоймаған ақынның еңбектеріне зерттеу жүргізіле отырып, оның балалар әдебиетіндегі алатын орны айқындалып, шығармаларының көркемдік құндылықтары ашылады.
Біз жоғары оқу орындарында балалар әдебиеті туралы мәселені сөз еткенде тек Кеңес дәуірінен бергі кезеңді ғана қамтимыз. Себебі, осы мәселеге қатысты жарық көрген еңбектердің барлығы да кеңес дәуірінен бергі тұсты қамтыған, соған сай оқу бағдарламасы да 1918 жылдардан басталды. ХІХ ғасыр әдебиетіне, Абай, Ыбырай еңбектеріне қатысты жекелеген еңбектерді атамасақ, балалар тақырыбына арналған әдеби шығармалар жайы зерттеу аясынан тыс қалған. Балалар әдебиетінің тәрбие құралы екендігі де, оның кеңес дәуірінде қазақ топырағында біраз жетістіктерге жеткені де белгілі, алайда, бұл қазақ балалар әдебиетінің басы осы тұс екен деген сөз емес. Қазақ әдебиетінде балалар әдебиетінің толық курсы оқытылмауы, яғни сонау ауыз әдебиетінен бастау алар тұстан осы күнге дейінгі кезең тұтас қарастырылмауы кім-кімді де ойландырары ақиқат.

1. Ө.Тұрманжановтың шығармашылық өмір жолымен ақын даралығы
Өзінің ақындық өнер жолын 20-жылдардан бастаған Өтебай Тұрманжанов Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданына қарасты Жалғызағаш деген жерде, 1905 жылы 15 желтоқсанда кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Өтебайдың әкесі Тұрманжан егіншілік шаруашылығымен кәсіп етуімен бірге, қолөнерге жетік адам болыпты. Он саусағынан өнері тамған әрі етікші, әрі ағаштан ер-тұрман жасайтын шебер екен. Шешесі Үмітай да киім пішіп, кілем тоқыған өнерлі кісі болыпты. Осындай ұсақ-түйек кәсіптермен шұғылданып жүрсе де Тұрманжан жоқшылық қасіретін көп көреді. Соның салдарынан 1917 жылы Ташкентке көшіп барады. Олар Ташкенттегі наубайханада істеп жүрген нағашысының қолына келіп, жұмысқа орналасады. Алды-артын шырмап алған кедейшіліктен Ташкентке келген соң да арыла алмайды. Әке-шешесінің ауыр тұрмыстары болашақ ақынның жас жанына қатты әсер етеді. Мұның үстіне шешесі қайтыс болады. Былай да жоқшылық зардабы арқасына батып жүрген Өтебай шешесі қайтыс болған соң, көшеге, басы ауған жағына қаңғып кетеді.
Өтебайды осындай ауыр тұрмыстан арашалап алған, оны өз бауырына тартқан 1917 жылғы Өктябрь революциясының жеңісі еді. Көшеде қаңғып жүрген көп жетім балалармен бірге Өтебайды да жаңа орнаған совет өкіметі өз қамқорлығына, тәрбиесіне алып, 1919 жылы Маркс интернаты деп аталатын Ташкенттегі балалар үйіне орналастырады. Өтебай сауатын балалар үйінде жүргенде ашқан.
1922-1925 жылдары Өтебай Москвадағы Күншығыс еңбекшілері коммунистік университетін бітіріп, Ташкентке қайта келеді. Содан 1932 жылға дейін Орта Азия коммунистік университетінде оқытушы болып қызмет істейді. 1933 жылы Қазақстанға шақырылып, Абай атындағы педагогтық институтта әдебиеттен сабақ береді. Мұнан кейін Қазақ әдебиеті газетінде, Әдебиет майданы (қазіргі Жұлдыз) журналында редактордың орынбасары болады. Өмірінін соңғы жылдары Жазушы баспасында бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.
Өтебай Тұрманжановтың тұңғыш шығармалары 1922 жылдан бастап, Ташкентте шығатын Жас қайрат журналында басыла бастады. 1925 жылы Таң сырлары деген өлеңдер жинағы Ташкентте, 1932 жылы Карл деген поэмасы Алматыда басылды. 1929-1931 жылдары Өтебайдың Самарқанда, Тәшкенде Ақ алтын, Шыршық сыры атты поэмалары, Тез адыммен, Құрылыс жыры деген өлеңдер жинағы басылып шықты. Бұл кітаптар ақынның жаңа, тың тақырыптарға барғанын, сюжетті шығармалар жаза бастағанын байқатады. Бірақ бұл барыстың, бұл бастаманың кейбір табыстарымен қатар елеулі олқылықтары да болмай қалған жоқ. Жаңалықты өмір құбылысына тереңдеп бара алмау, шындықты үстірт қамту сол кездегі көптеген шығармаларға тән кемшілік болатын. Ө.Тұрманжанов шығармашылығы да осы кемшіліктерге ортақ еді. Әйткенмен, Өтебай поэзиясының дербес өзіне тән бір ерекшелігін ескеруіміз керек. Ол мынау: Өтебай өлеңдерінің ішінде жиырмасыншы жылдары басқа ақындарда көп ұшыраса қоймайтын махаббат лирикасы әжептәуір орын алыпты. Бұған ақынның 1958 жылы шыққан таңдамалы өлеңдер жинағына енген Ұмытқам жоқ, Күн мінезді күлкісі бар Гүләйім, Жандырма, сұлу, жанымды сықылды өлеңдері айғақ. Гүләйім образы кейін де Өтебай лирикасының түбегейлі образы болып бекіді [1, 25-б.].
1937 жылы Қошан кедей кітабы жарыққа шықты. Таңдамалылары 1959, 1964, 1975 жылдары жарық көрді. Қазақтың мақал-мәтелдері, Асыл сөздер атты жинақтары құрастырылды.
1933 жылы жақсы поэмаларға арналып жарияланған республикалық жабық конкурста Өтебай Тұрманжановтың Пулемет атты поэмасына бірінші сыйлық беріліп, үздік жүлде алды. Ақ алтын атты поэмасы - қазақ әдебиеті тарихында бірінші рет мақта шаруашылығына байланысты жазылған шығарма. Сонымен қатар Шыршық сыры поэмасы да қазақ әдебиеті тарихында ең бірінші рет ирригация - су құрылысы тақырыбына арналып жазылған шығарма. Өтебай Тұрманжанов бірнеше оқулықтардың авторы болды.
Өтебайдың балаларға арналған шығармалары да өз алдына бір төбе. 1952 жылы Қарлығаш, 1959 жылы Сұңқар түлектер деген балаларға арналған өлеңдер жинағын шығарды. Мұнда Ленин суреті, Қызыл құмның құпиясы, Қарлығаш, дәуіт, жылан, Жолбарыс, Төрт өгіз туралы ертегі, Жолаушы мен жеті қасқыр, Аю мен аралар, Қарлығаш, көкқұтан, Құмырсқалар, аралар - қиыспас дос құдалар, Көктем көріністері тағы басқа толып жатқан ертегілер, поэмалар, мысалдар, өлеңдер бар. Өтебайдың ұзақ жылдардағы әдеби сапарында қаламынан шыққан өлең, дастан, мысалдарының таңдаулысы 1965 жылы жеке кітап болып басылды. Бозша торғай (1970), Жауқазын (1973) атты жинақтарына сонғы он шақты жылдың ішінде балаларға арнап жазған шығармалары енген. Ақын сонымен бірге Лев Толстойдың әңгімелерін, И. Крыловтың мысалдарын, Ғафур Ғулямның өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Қазақ совет балалар әдебиетінің ақсақалы атанған Өтебайдың екі томдық таңдамалы шығармалары жақында оқырмандар қолына тиді. Ақынның бірнеше кітаптары орыс тілінде басылып шықты.
Бала кезінен жақсы білген ауыз әдебиеті - Ө.Тұрманжанов шығармашылығының үнемі сусындап, нәр алатын сарқылмас қайнар бұлағы болды. Оның қай шығармасы болмасын халықтың ауыз әдебиетімен терең тамырлас. Өтебайдың отызыншы жылдары Азамат соғысы және Кеңес тақырыбына жазған Қыран қыз, Байғыз, Қойшы күйі сықылды поэмаларының өзі ертегі, аңыз жырлар түрінде орындалған. Бұл поэмалардың ерекшелігі боп табылатын жетістігі мен кемшілігі халық поэзиясымен тығыз шектестігінде. Халық фольклорының сюжеті мен образдары, тілі мен поэтикасы Ө.Тұрманжановтың әсіресе балаларға арналған туындыларында кең орын тепкен. Жазушының отызыншы жылдары жарияланған Қарлығаш атты жинағы осының айғағы еді. [1, 25-б.].
Өтебай фольклорлық қазынаны өз шығармашылығына пайдаланумен қатар, зерттеуші ретінде жинап, сұрыптап, бастыру жөнінде де көп еңбек сіңірді. Оның халық мақалдары мен мәтелдерін жинап толықтырып, бірнеше рет кітап етіп шығаруы бүкіл мәдениетіміз үшін мәні зор бағалы еңбек екені даусыз. Осының бәрін Өтебай отыз жасында істеп үлгірді.
Көзі кеш ашылған талант енді ғана толып, енді ғана шарықтап келе жатқан шақта шарт үзілді. Жазушы жеке адамға табыну кезеңінің жалалы қырсығына ұшырады. Содан он жеті жыл бойы айдауда жүріп, еркін өмірден, әдебиет ортасынан қол үзіп кетсе де, ол өз көзқарасынан айныған жоқ. 1955 жылы шашын ақ шалып, бетіп азап әжімі торлап қайтқан Ө.Тұрманжанов жаңа күш-жігермен, ынта-ықыласпен өзінің сүйікті ісіне - шығармашылық жұмысына қайта жұмылды. Бұл жылдардың ішінде ол туған әдебиетіне жемісті қызмет етіп, елеулі үлес қосады: көптеген жаңа өлеңдер жазып, 1958 жылғы таңдамалы өлеңдері мен поэмаларының жинағына енгізді; өзбектің көрнекті ақыны Ғафур Ғулямның таңдамалы шығармаларын қазақшаға аударды және мақал-мәтелдер кітабын толықтырып қайта шығарды. Әсіресе балалар әдебиетіне аса көңіл бөліп, Бөдене мен түлкі, Бал қаласы, Алма атасы, Сұңқар түлектері, Менің кітабым атты жаңа кітаптар жазып шығарды. Мұнда да тәжірибелі жазушы, балалар мен жасөспірімдер жазушысы халық фольклорының санқилы сюжеттерін, айқын образдарын, ашық бояулары мен теңеулерін мол пайдаланып, қазіргі балалар түсінігін байытатын, жақсы тәлім-тәрбие беретін, табиғатты, туған жерді, ізгілік пен ерлікті, әділет пен әдемілікті сүйгізетін, жамандықтан, залымдықтан, ұсқынсыздықтан жиренетін көркем туындылар жасаған. Менің кітабым деген үлкен кітапқа енген 80 шамалы өлең-тақпақтар, 60 шамалы мысалдар, ертегі-поэмалар, әңгіме-аңыздар Өтебай Тұрманжановтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӨТЕБАЙ ТҰРМАНЖАНОВТЫҢ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Өтебай Тұрманжанов. Заманы аямаған, тағдыры аялаған
Балалар поэзиясының әдеби-көркемдік және тағылымдық-тәрбиелік мақсаттарды ұштастырушы сипаттарын теориялық негіздеу
Бастауыш мектепте проблемалық оқытудың ерекшеліктері
Балаларға арнап жазған өлеңдері
3-сынып «Әдебиеттік оқу» құралының құрылымы мен құрылысы
Сәбилік ғұрып жыры
Театр турасында Қазақ тілі
О. Жанайдаровтың поэтикалық аудармалары
Бастауыш сынып оқушыларына ана тілі пәнінен экологиялық тәрбие беру
Пәндер