Психологиялық кеңес берудің қағидалары


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе3

1. Педагогтарға кеңес4

2. Психологиялық кеңес берудің қағидалары6

3. Психологиялық кеңес беру жұмысының бірнеше бағыттары:6

Қорытынды8

Пайдаланылған әдебиеттер:9


Кіріспе

Психологиялық қызмет білім беру ұйымдарында өз іс - әрекетін ҚР-ның конституциясымен, заңымен және басқа да нормативтік актіге сәйкес іске асырады. Психологтың қызмет жұмысы Қазақстандық және халықаралық актілердің қатаң бақылауымен және бала дамуын қамтамасыз ететін заңдармен, психологтың этикалық кодексімен негізделеді.

Психологияны өмір тәжірибесінде кең көлемде енгізу нәтижесінде оның көптеген жетістіктерін адамдардың алдында тұрған қиын мәселелерді шешуге ықпал жасауға мүмкіндік берді.

Психологтың кеңес беру және психологиялық коррекция жүргізудің технологиясы мен мазмұнын анықтау XIX ғасырдың аяғынан бері зерттелінуде. Соған қарамастан бұл саладағы қызметтің көптеген қыр сырлары әлі толық анықталмаған .

Қазіргі кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу әдістері ретінде белгіленетін көптеген тәсілдерді тәжірибеленуші психолог кеңінен пайдаланылуда.

Психологиялық кеңес беру психолог тәжірибесінде бұрыннан бері пайдаланылатын ұғым болғандықтан, ол терминмен психолог қызметінің кең аумағынын бір жақты көрсету қиын. Сондықтан психологиялық білім қолданылатын кез келген салада кеңес беру жұмысы осы қызметті ұйымдастыру формаларының бір түрі ретінде саналады. Кеңес беру жұмыстарының өзі бірнеше бағытта болуы мүмкін кәсіби кеңес беру, ата-аналарға және педагогтарға кеңес беру, басшыларға кеңес беру, мектеп жасындағы балаларға кеңес т. с. с.

Білім беру жүйесінде және әлеуметтік ортада психологиялық көмек көрсету болып отыр. Бұл сала бастауыш мектеп оқушыларының адаптациядан өтуі, жеткіншектер проблемалары, балалар мен олардың ата-аналарына кеңес беру, жас жұбайлармен жүргізілетін жұмыс, некеге дейінгі кезеңде үйленейін деп жүрген жастарға кеңес беру, жанұя бұзып ажырасушыларға психологиялық көмек сияқты көптеген жеке бағыттардан тұрады.

Психологиялық кеңес берудің негізгі мақсаты - психологиялық көмек көрсету қажеттілігі даусыз екенін дәлелдеп беру, яғни клиентпен әнгімелесу арқылы кеңес сұрап келген адамға проблемаларын шешуге және өзің қоршағандармен ара қатынасын дұрыс орнатуға психолог көмек көрсете алатындығына сендіру. Бірақ бұл психологиялық көмек қалай көрсетілуі керек екенідігіне біржақты жауап беру оңай емес.


1. Педагогтарға кеңес

1 кеңес

Өзіңнің сыртқы тұлғаңа үнемі қарап жүру өте маңызды. Тәрбиешінің әдемі болып жүруі, талғаммен киінуі, ұқыптылығы, қарапайымдылығын көру ата-аналар мен балаларға, айналадағы адамдарға ұнайды. Балалар сізге қызыға қарайды, сіздің сыртқы тұлғаңыз оларды қуанышқа бөлейді. Балалар бәрін аңғарады: әдемі түйреуіш, қалтадағы орамал, ашық түсті белбеуді, сонымен қатар тапталған аяқ киімді, таралмаған шашты да. Ал балалар байқамағанды, әрине үлкендер байқауы мүмкін. Балалар тәрбиешіні жақсы көріп және мақтаныш тұтуы қажет, ал сіз олардың мақтанышына тұрарлықтай болуыңыз керек. Осыған жетудің бірінші қадамы - ол сіздің сыртқы тұлғаңыз.

2 кеңес

Екінші тәрбиешімен келісім бойынша топтағы тәртіпті орнатыңыз және қолдап отырыңыз, педагогикалық құралдарды, ойын, ойыншық, құрал-жабдықтарды сақтау орнын сақтаңыз. Кіші топтарда тәртіпті өзіңіз жасаңыз, ал ортаңғы, ересек топтарда балаларды көмекке, жұмысқа тартыңыз. Олар сізге шын көңілмен көмектеседі.

Ересек топ балаларымен жұмыс істегенде мынадай әдістерді қолдануға болады: «Балалар, қараңдар не орнына қойылмаған?» немесе «Балалар, бізге серуенге бара беруімізге болады ма?». Балалар шашылған заттарды байқап, тәртіпке келтіреді. Олардың жұмысын бағалаңыз: «Жарайсың, Әділет, сен машинаның орнына тұрмағанын көріп, орнына қойдың». т. б.

Екі тәрбиешінің біркелкі және үнемі талап қойып отыруы балаларда тәртіпті, ұқыпты болуына тәрбиелейді, келешекте пайдаға асады.

3 кеңес

Тәрбиеші күн тәртібінің толық орындалуына толық жауапты. Күн келесілген кестеге сай жақсы өту үшін, барлық жұмыс кезеңдері ойластырылуы қажет, ҰОІӘ жақсы дайындалу қажет. Әсіресе көрнекі құралдарына байланысты (қағаз, қылқалам, бояу, желім, қайшы, кітаптар, суреттер және т. б. ) . ҰОІӘ толық дайындалмау күн тәртібін бұзудың себебі болып табылады.

4 кеңес

Бірінші күннен бастап өзіңізді алмастырушы тәрбиешімен тығыз байланыста болыңыз. Жұмыс жоспарын бірге құрыңыз. Егер сізді алмастыратын тәрбиеші - тәжірбиелі педагог болса, онда оның таңертеңгі жаттығуды, оқу іс-әрекетті, серуенді өткізуін, балаларды тамақтандыруын бақылаңыз.

Күн бойы күн тәртібін бақылау міндетті емес, сол күн тәртібінің бір керек деген бөліктерін қарау жеткілікті. Сұраңыз, ұялмаңыз кеңес сұраңыз. Жұмыс тәжірбиесі кімге болса да бірден келмейді.

Топтағы тәртіпті сақтау кезінде, ҰОІӘ беру кезінде талапты барлық балағы бірдей қоюға тырысыңыз. Жұмыста бірдей үздік әдістерді қолданыңыз. Бірақ бәрі бірдей болу керек емес. Тәрбиеші - шығармашыл адам, онда өзіне тән әдісі мен қызықты қабылдаулары болуы керек, бастысы оның жұмысы әріптестерінің жұмысынан бөлек болмауы керек.

Аусымды ауыстырғанда күннің қалай өткендігін айтыңыз, қандай қиынышылықтар кездесті, балалар өздерін қалай ұстады және топтың көңіл күйін айтып өтіңіз.

5 кеңес

Жұмыстағы ең үлкен көмекші күтуші болып табылады. Онымен де жақсы қатынаста болыңыз. Балалар оған деге сыйластықты білсін.

Күтуші мен тәрбиеші арасындағы келіспеушіліктер балалардың көз алдында болмауы керек. Келіспеушіліктен аулақ болыңыз.

Топтағы қолайлы жағдайды туғызу үшін достық пен келісім, сыйластық болуы керек.

6 кеңес

Өз дауысыңызды байқаңыз, артық сөйлемеңіз, сөйлегенде сөздеріңізге сақ болыңыз. Көп сөйлейтін тәрбиешінің балалары әдетте шулы болып келеді, айтқанға құлақ аспайды, өтініш пен бұйрықты түсінбейді.

7 кеңес

Топта іскер, қолайлы жағдай орнатуға тырысыңыз. Әрине балалармен де келіспеушіліктер болуы мүмкін. Егер ол туындаса әрине тәрбиеші оны ақырын, асықпай бастысы, әділ шешуі керек. Ұмытпаңыз, әділетсіздік баланың қатігез, бірбеткей болуына әкеп соқтырады. Мұндай оқиғаға жиі тап келетін бала «қиын бала» болуы мүмкін.

8 кеңес

Тәрбиеші ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс істеуі керек. Әрине балабақшаға балаларды уақытында әкелмейтін әкелер мен аналар да баршылық, үйде баламен аз көңіл бөлетін, демалыс күндері күн тәртібін сақтамайтындар да бар.

Мұндай ата-аналарға кеңес беруге тура келеді. Бірақ тәрбиеші егер сыйлы, беделді болса, әділ жұмыс істесе ғана ата-аналар оның сөзіне құлақ асады.

Педагог беделін пайдаланыңыз, ата-аналармен сыпайы (қандай жағдай болмасын), баланың тәртібі туралы, жетістіктері жайлы, балабақшадағы қабылданған ережелер жайлы сөйлесе біліңіз.

9 кеңес

Кейбір тәрбиешілер, әсіресе жастар кешке ата-аналармен кездескенде балаларының үсінен шағымданады. Ұсақ, ойланбай айтылған шағым педагог беделін түсіреді, ата-ана мен баланың жүйкесіне тиеді, ешқандай пайда әкелмейді.

Ата-анаға жиі баланың жақсы жақтары мен кішкентай болса да жетістіктері жайлы, балалармен, үлкендермен қарым-қатынасы жайлы, балаға жолдастары көрсеткен көмек жайлы т. б. айтып беріңіз.

2. Психологиялық кеңес берудің қағидалары

Көптеген психолог мамандар үшін ұстану және іске асыру міндетті болып табылатын өзіндік қағидалары мен талаптары анықталған. Психологиялық қызмет көрсететіндердің міндеттерін анықтайтын этикалық кодекстері бар. Психологтың этикалық кодексі:

1. Қауіп келтірме! Өз білімдеріңді дұрыс қолдана біл.

2. Бағалама! Жағымсыз бағалауларыңды дауыстап айтпа.

3. Адамды сол қалпында қабылдай біл. Психолог алдына келген клиентті түсіне білуге міндетті.

4. Кәсіби құпияны сақтау. Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар жайлы ақпараттарды жариялауға қатаң түрде тыйым салынады.

5. Оқушылар мен қызметкерлер бар жерде, жұмыстағы әріптестеріңмен араларыңдағы түсініксіз мәселелерді шешпе.

Психологиялық ықпал саласында адамдармен тікелей жұмыс жасайтындар үшін бұл нормалар елеулі шектеулер қояды. Сондықтан психологиялық кеңес беру, коррекциялық тренингтер ұйымдастыру шаралары біздің ортамызда маңызды орын алуда. Олардың қызметінде А. А. Бодалев, В. В. Столин, т. б. ұсынған этикалық талаптар мен қағидаларға сүйене отырып келесі басты қағидалар ұсынылған:

  • қарым-қатынас барысында клиентке тілектес болу;
  • клиенттің құндылықтары мен нормаларына бағыттану;
  • кеңес беруге тыйым салу;
  • кеңес берудің анонимділігі;
  • жеке және кәсіби қатынастарды шектеу;
  • клиентті кеңес беру процесіне кірістіру;
  • психологиялық кеңестен өтіп жатқандарға жауапкершілікті өз мойнына алдыру;
  • кеңес беруші мен клиент арасындағы қатынасты құру.
3. Психологиялық кеңес беру жұмысының бірнеше бағыттары:

1) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге олардың сұранысы бойынша консультация беру;
2) білім алушыларға, ата-аналар мен педагогтерге жеке тұлғалық, кәсіптік өзін-өзі айқындау проблемалары және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастар бойынша жеке және топпен консультация жүргізу;
3) күйзелістік, жанжалдық, қатты эмоционалды күйзелістік жағдайда болып табылатын білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету;
4) тұлғааралық және топаралық жанжалдарды шешуде делдалдық жұмыстарды ұйымдастыру.

5) білімберу жүйесінде және әлеуметтік ортада психологиялық кеңес берудің ең көп қолданатын саласы мектеп оқушыларына және олардың ата - аналарына кеңестер беріледі.

6) Баланың психологиялық дамуын шешу мәселесі бойынша

  1. Психологиялық көмекті қажет ететіндерге дер кезінде қажетті іс - шаралар жөнінде
  2. Ата - аналарға балалармен ара қатынастарындағы қиындықтар себебі бойынша
  3. Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым - қатынас бойынша
  4. Сұраныс бойынша баланың арнайы қабілетіне жеке тұлғалық ерекшелігіне, интеллектуалдық дамуына диагностика жүргізу және ата- аналарға бағыт беру және т. б.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиялық кеңес беру туралы
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Ресейде мектеп білімінің мемлекеттік жүйесінің құрылуы
ОТБАСЫНДА ЖЕТКІНШЕКТЕР ТӘРБИЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДА АТА-АНАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Тәрбиеші мамандығының тарихы
1941-1991 кеңес мектебі мен педагогикасы
Кеңес мектебінде тәрбиеленген көптеген біздің түлек
Отбасылық тәрбие стилдері
Психологтардың іс-әрекетінің кәсіби-әдептік қағидалары
Мектептің 1 жылғы жұмыс жоспарын құрастыруға арналған әдістемелік ұсыныстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz