Инновациялық оқытудың теориялық аспектілері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

1 Инновациялық оқытудың теориялық аспектілері4

2. Педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығы6

Қорытынды8

Пайдаланылған әдебиеттер9

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ең басты мақсат ретінде «ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде болашақ маманның дамуы және кәсіби өсуі» алға қойылған. Маманның дамуы, өз кәсібін терең түсінуі белгілі бір кәсіптік салаға бағытталған білім, іскерлік пен дағдыны жаңаша түрде меңгеруді қажет етеді. Білім берудің сапасын қамтамасыз етіп, оны жүзеге асыратын басты тұлға мұғалім болса, оқыту теориясы мен тәжірибесі көрсетіп тұрғандай болашақ мұғалімдердің кәсіптік және тұлғалық өсуінің едәуір әлеуеті жоғары мектептегі білім беру мазмұнын инновациялық технологиялар арқылы меңгеру нәтижесі болып келеді

Бұл бүгінгі мектептегі білім беру мазмұнына қатысты іс-шараларды жақсартуды, оқыту үдерісінде инновациялық оқыту технологияларын пайдалануды, әрі оқушыға берілетін білімді, іскерлікті және дағдыны жаңаша түрде меңгертуді қажет етеді. Осы арқылы еліміздегі білім беру жүйесі егжей - тегжейлі зерделеніп жатса да, әлі де болса шешімін таппаған мәселелер жетерлік екендігі байқалады. Осыған сәйкес зерттеу жұмысымызда білім беру мазмұнын инновациялық технологиялар арқылы дамыту мақсатындағы ғылыми еңбектер басшылыққа алынды. Мәселен, білім беру мазмұнына оқыту үдерісінің тиімділігін арттыруда қолдану мәселелерін А. П. Сейтешов, В. В. Егоров, инновациялық технологиялар мазмұнын - Г. Т. Хайруллин, Б. К. Момынбаев, инженерлік-педагогикалық білім беру мазмұнын - Ю. К. Васильев, М. Н. Скаткин, С. Я. Батышев, О. Сыздық, білім беру жүйесіндегі сипатын, ерекшеліктерін, түрлерін, тәжірибесін - Б. С. Гершунский, Н. Г. Юсуфбекова, О. Г. Хомерики, Ш. Т. Таубаева, И. В. Баранова қарастырған.

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру. Педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығы. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды аттестациялау

Педагогикалық қызметтің инновациялық багыттылыгы. Білім берудегі инновациялар

Тақырыптың мақсаты. Оқытудың инновациялық әдістерін оқу бағдарламасында қолдану ерекшеліктерін зерттеу

Міндеттері:

Инновациялық оқытудың теориялық аспектілерін зерттеу;

Инновациялық оқыту түсінігін ашу;

Инновациялық оқытудың негізгі ілімдерін зерттеу;

Инновациялық оқыту әдістемелерін оқу бағдарламасында қолдануды талдау;

Сын тұрғысынан ойлау әдістемесін зерттеу;

Ойын технологиясын пайдалануды талдау;

Ынтымақтастық жаңашыл педагогика тәсілдерін зерттеу;

1 Инновациялық оқытудың теориялық аспектілері

Инновация - педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатңа жету.

Инновациялық процессіз мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер көп болды. Мысалы: 20 жылдары мектеп тәжірибесіне жобалау әдісі бойынша топқа үй тапсырмалары берілді. Осы тәсілді жаңашыл мұғалім Н. П. Гузик өзгертіп қолданды.

70-80 жылдары Ш. А. Амонашвили, И. П. Волков, С. Н. Лысенкова, В. Ф. Шаталовтардың жаңашылдық іс-тәжірибесі сол кездегі ұстаздар қауымының тарапынан үлкен қолдауға ие болды.

Инновациялық мектептердің мақсаты - жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.

Н. Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:

- білім мазмұнындағы инновация;

- оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы инновация;

- оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;

- мектептегі басқару жүйесіндегі инновация.

Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:

  • жеке, бір-бірімен байланысы жоқ;
  • модульдық (бір-бірімен байланысты) : бір-біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар;
  • жүйелі: барлық мектептерде болатын өзгерістер.

Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.

Модификациялық инновация - педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Мысалы: А. С. Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А. Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды

Комбинаторлық инновация - белгілі әдістердің элементтердің бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда. Түбірлі: мектепке білімнің мемлекттік стандарттарының енгізілуі.

Иннавациялық іс-әрекет - қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс әрекетін саналы түрде өзгертеді.

Инновациялық процестің кезеңдері:

  • иновацияның себептері;
  • жаңалықты жобалау;
  • жаңалықты жүзеге асыру.

Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық процесті күшейтетін бес фактор:

  • мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым қатынасы;
  • инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы;
  • бағдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда инновациялық процеске түзетулер енгізуі. Жоспарда нәтижелерге жетуге ықпал ететін жағдайларды көрсетіп, сәтсіздік болғанда оны жоятын шараларды да белгілеу;
  • әлеуметтік-экономикалық жағдай;
  • инновациялық процеске қатысушылар: бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар.

Инновациялық әрекет технологиясы-оқу-танымдық әрекет тұрғысынан алғанда, жаңаны меңгеру және пайдалану, жаңашылдықты ендіру білім беру мазмұнының белгілі бір кәсіптік салаға бағытталған білім, іскерлік және дағдыны дамыту мақсатына, күтілетін нәтижелерге бағытталады.

Сондықтан зерттеу жұмысымызда Ш. Т. Таубаеваның «Инновация - білім берудің жаңа технологияларын зерттеп, жаңа білімді қолданысқа ендіретін ғылым, ал жаңа білімді алып келуші - бұл технология. Технологияның өзгеріске ұшырайтын себебі-білім, білім беруді реформалаудың нәтижесінен инновациялық технологиялар туындап, білім беру мазмұнын құрайды»;

Д. Қ. Пошаевтың - «технология - ол өнім алу барысында шикізат пен материалдың күйін, қасиеттері мен формасын өзгерту үшін қолданылатын әдістердің жиынтығы, технологияның ғылым ретінде атқаратын міндеті-практикадағы ең тиімді өндірістік үдерісті анықтау және оны пайдалану мақсатында әртүрлі ғылым (физика, химия т. б. ) заңдылықтарын анықтау» - деген пікірлеріне сүйенуді жөн көрдік.

Осыған орай инновациялық технологиялар білім беру мазмұнын дамытуға мүмкіндік беретін әртүрлі ғылым салаларындағы (пән аралық байланыс нәтижесінде) заңдылықтарды оқып-үйренуді алға тартады. Себебі, оқу технологиясы білім беру мазмұнын ұйымдастырушы құрылымға ие. Білімдер жиынтығы білім беру мазмұнын дамытуға сәйкес шарттарды жүзеге асыруға қажетті қабылданған шешімдердің шынайылығына және олардың тепе - теңдігіне бағытталған үйлесімділік көздерін іздеуді қажет етеді.

2. Педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығы

Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірбиеге енгізудің нысанасына айналды. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірбиесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді.

Тұтас педагогикалық процестің инновациялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде мектеп директоры, мұғалімдер мен тәрбиелеушілердің рөлі арта түсуде. Оқыту процесінің көп түрлілігіне қарамастан − дидактикалық, компьютерлік, проблемалық, модульдық және басқа­ ­− жетекші педагогикалық қызметті іске асыру мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесшінің, ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игеруде. Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болғандықтан мұғалімнен арнайы психологиялық-педагогикалық дайындық талап етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады.

Инновация − жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.

Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар − озық педагогикалық тәжірбиені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық процесстердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану болуға тиіс.

Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Өйткені, мұғалім жаңа педагогикалық технологияның, теория мен консепциясының авторы, талап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихаттаушысы қызметін атқарады. Осы процесті басқару мұғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымдағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс таңдап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді. Ал педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады.

Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие процестерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда.

Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндердің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр.

Үшіншіден, мұғалімнің педагогикалық жаңалықты игеру және қолдануға деген қатынасы сипатының өзгеруі. Оқу-тәрбие процесінің мазмұнын қатаң тәртіпке бағындырып қойған жағдайда мұғалімнің өз бетінше бағдарлама оқулық таңдаудан бұрын педагогикалық қызметтің жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануға мүмкіншілігі болмады. Егер бұрынғы уақытта инновациялық қызмет негізінен жоғарыда ұсынылған жаңалықтарды практикада қолданумен шектелсе, қазіргі уақытта ол барынша баламалы, зерттеушілік сипат ала бастады. Сондықтан да мектеп, білім беру органы басшыларының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі мұғалімдердің енгізген инновациясына талдау жасап, баға беру, оны іске асыруға, қолдануға қолайлы жағдай жасау болуы тиіс.

Қорытынды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеу жұмысының әдістері мен әдістемелері
Бастауыш сыныпта инновациялық технологияларды қолданудың психологиялық аспектілері
Құзыреттілік теориясы
ҚАЗАҚ АҢЫЗ - ӘҢГІМЕЛЕРІ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЖӘНЕ КОГНИТИВТІ АСПЕКТІЛЕРІ МАЗМҰНЫ
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
Қазақстан инновациялық мектептерінде қосымша білім бағдарламалары негізінде оқытуды бейіндік саралаудың дамуы (1992 – 2005 жж.)
ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
Жаңа тұрпатты бастауыш сынып мұғалімдерінің базалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістері
Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастыру
Сатылай оқыту технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz