Популяциялар саны, тығыздығы



Кіріспе 3
1. Популяциялар саны, тығыздығы 4
2. Популяция санының динамикасы 7
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер 12
Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейтін экологияның бір бөлімі. Басқаша айтқанда , осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.
Мекен ету ортасы деп, әдетте организмнің табиғи денелермен және табиғи құбылыстармен тікелей немесе жанама өзара байланыста болатынын түсінеміз. Қосу-организм бейімделу реакциялармен әсер ететін ортаның жеке элементтерін фактор деп атаймыз.
Мекен ету ортасы терминінің орнына «экологиялық орта», «қоршаған орта», «табиғи қоршаған орта» терминдерінде пайдалануға болады. Қазіргі кезде «Қоршаған орталық ортаны», «Техногендік орта», «Антропогендік орта», «Өндірістік орта» деген терминдер жиі пайдаланады. Осы аталған орталар адаммен өзгертілген. Ортаның өрганизмге әсері жеке факторлар арқылы бағаланады.
Әрбір түр белгілі бір территорияда - ареалда тіршілік етеді. Көбіне ареалдың әр жерінде орналасқан особьтар топтары бір- бірімен байланыса да алмай, шағылыса да алмай бөлектеніп өмір сүреді. Бұл топтардың саны түрдің санына, тарихи (филогенетикалық) жасына, ареалдың аумағына және басқа да себептерге байланысты. Популяция - тіршілік циклдары, морфологиялық бедгілері ұқсас, генефондары ортақ особьтар жиынтығы.
«Популяция» ұғымы лат. populus - халық деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді алғаш рет дат генетигі В.Л.Иогансен қолданды.
«Популяция» ұғымы биологияда негізгі ұғымдардың бірі, ал популяцияны генетикалық, эволюциялық және экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстары ерекше бағытқа - популяциялық биологияға бірігеді. Популяциялық экология немесе демэкология осы бағыттың бір бөлігі болып табылады.
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. А.Т. Қуатбаев. Жалпы экология, А, 2012

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1. Популяциялар саны, тығыздығы 4
2. Популяция санының динамикасы 7
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер 12

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейтін экологияның бір бөлімі. Басқаша айтқанда , осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.
Мекен ету ортасы деп, әдетте организмнің табиғи денелермен және табиғи құбылыстармен тікелей немесе жанама өзара байланыста болатынын түсінеміз. Қосу-организм бейімделу реакциялармен әсер ететін ортаның жеке элементтерін фактор деп атаймыз.
Мекен ету ортасы терминінің орнына экологиялық орта, қоршаған орта, табиғи қоршаған орта терминдерінде пайдалануға болады. Қазіргі кезде Қоршаған орталық ортаны, Техногендік орта, Антропогендік орта, Өндірістік орта деген терминдер жиі пайдаланады. Осы аталған орталар адаммен өзгертілген. Ортаның өрганизмге әсері жеке факторлар арқылы бағаланады.
Әрбір түр белгілі бір территорияда - ареалда тіршілік етеді. Көбіне ареалдың әр жерінде орналасқан особьтар топтары бір- бірімен байланыса да алмай, шағылыса да алмай бөлектеніп өмір сүреді. Бұл топтардың саны түрдің санына, тарихи (филогенетикалық) жасына, ареалдың аумағына және басқа да себептерге байланысты. Популяция - тіршілік циклдары, морфологиялық бедгілері ұқсас, генефондары ортақ особьтар жиынтығы.
Популяция ұғымы лат. populus - халық деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді алғаш рет дат генетигі В.Л.Иогансен қолданды.
Популяция ұғымы биологияда негізгі ұғымдардың бірі, ал популяцияны генетикалық, эволюциялық және экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстары ерекше бағытқа - популяциялық биологияға бірігеді. Популяциялық экология немесе демэкология осы бағыттың бір бөлігі болып табылады.
Тақырыптың мақсаты. Бір популяцияға жататын азғалар бір-біріне қоршаған ортаның факторлары немесе басқа да бірге тіршілік ететін түрлерден кем әсер етпейді. Популяцияда тұраралық қарым- қатынастың барлық формалары кездеседі. Алайда популяцияда көбіне бәсекелестік және мутуалистік (бір-біріне пайдалы) байланыстар қатты байқалады. Популяциядағы өзіндік туріші қарым қатынастары - бұл ұрпақ әкелуге қатысты байланыстар; әртүрлі жынысқа жататын особьтар арасындағы және ата- аналары мен ұрпақтары арасындағы байланыстарды анықтау.
Міндеттері:
1. Популяциялар саны, тығыздығын анықтау;
2. Популяция санының динамикасының маңыздылығын көрсету;

1. Популяциялар саны, тығыздығы

Топтық ерекшелік- бұл популяцияның негізгі сипаттамасы. Оларға: особьтардың кеңістікте таралуы, популяция саны, популяция тығыздығы, туылым, өлім-жітім, өсу қарқыны, популяцияның жыныстық және жас ерекшелік құрылымы, популяцияның этологиялық құрылымы жатады. Популяцияға белгілі ұйымдасушылық тән. Территорияда особьтардың таралуы, олардың жыныс және жас ерекшеліктері бойынша қатынасы, морфологиялық-физиологиялық, мінез-құлықтық және генетикалық ерекшеліктері-популяцияның құрылымын көрсетеді. Популяцияның құрылымы бір жағынан түрлердің жалпы биологиялық қасиеттері негізінде, екінші жағынан ортаның абиотикалық факторларының және басқа түрлердің популяцияларымен қарым-қатынас жасау нәтижесінде қалыптасады. Сондықтан популяция құрылымы бейімделушілік сипатта.
Популяцияның кеңістіктік таралуы
Популяцияның тіршілік ететін кеңістігі оның тіршілігіне қажетті жағдайды береді. Популяцияны құрайтын особьтардың қолайлы және қолайсыз орта жағдайына реакцияларында және бәсекелестік қатынаста көрінетін кеңістіктік орналасуының әртүрлі типі болады. Особьтар мен олардың топтарының кеңістікте кездейсоқ, бірдей немесе біркелкі және топтық таралу түрлері болады.
Біркелкі таралу- бұл табиғатта өте сирек кездеседі. Бұл әртүрлі особьтар арасындағы бәсекелестікпен байланысты. Таралудың мұндай түрі Ла-Манша жағалауындағы құмды жағажайда тіршілік ететін пластинка желбезекті былқылдақденелілер мен жыртқыш балықтарға тән.
Кездейсоқ таралу- бірігіп тіршілік етуі байқалмайтын түрлерде және бірдей ортада ғана кездеседі. Ұндағы үн қоңыздарының таралуы -- бұл кездейсоқтық таралудың мысалы.
Топтық таралу- кеңістіктік таралудың ең кең таралған түрі. Бұл ерекшелік ормандағы ағаштардың таралуынан жақсы байқалады.
Популяцияның статикалық көрсеткіштері
Статикалық көрсеткіштер уақыттың осы кезеңіндегі популяцияның күйін, жағдайын сипаттайды.
Популяцияның статикалық көрсеткіштеріне олардың саны, тығыздығы мен құрылымның көрсеткіштері жатады.
Популяция саны
Бұл берілген территориядағы немесе берілген көлемдегі особьтардың жалпысаны, яғни өсімдіктің немесе жануардың басының саны, мысалы кейбір кеңістіктік бірліктегі өзен жағалауындағы, теңіз акваториясындағы, судағы, аймақтағы және т.б. ареалдардағы ағаштар немесе жануарлар саны.
Кейбір жануарлардың санын әртүрлі әдістермен анықтайды. Мысалы, самолетпен немесе вертолетпен. Гидробионттардың санын тормен аулауды (балықтар), микроскоптық организмдер (фитопланктон, зоопланктон) үшін арнаулы өлшегіш ыдыстарды қолданады.
Адам популяциясының санын мемлекеттің бүкіл халқын санақ жүргізу жолымен анықтайды. Халықтың санын және құрылымын білудің экономикалық және экологиялық мәні зор.

Популяция тығыздығы
Популяция тығыздығы оны мекендейтін особьтардың аудан немесе көлем бірлігіндегі санымен анықталады. Мысалы 1 га жерде 150 қайың немесе 1 м судағы 0,5 г циклоп - осы түрдің популяция тығыздығын сипаттайды.
Популяция тығыздығы аудан немесе көлем бірлігіне келетін особьтер саны, мысалы, тұрғындар тығыздығы- бір шаршы километрге шаққандағы адам саны немесе гидробионттар үшін бір литр немесе кубометр көлем бірлігіндегі особьтар саны.
Популяцияның тығыздығының мысалдары: 1 гектар ормандағы 500 ағаш, 1 кубометр судағы 5 млн дана хлорелла, 1 га су қоймасының бетіне келетін 200 кг балық.
Популяцияның тығыздығы аудандағы немесе көлемдегі особьтердің біркелкі емес таралуын есептемей анықтайды, яғни аудан бірлігіндегі халықтың, ағаштың, жануардың немесе көлем бірлігіндегі микроскоптық балдырлардың орташа тығыздығын табамыз.
Популяцияның тығыздығын реттейтін факторлар- тығыздыққа тәуелді және тәуелсіз болып бөлінеді. Тәуелділері тығыздықтың өзгеруіне байланысты өзгереді, ал тәуелсіздері оның өзгеруніе байланыссыз тұрақты болып қалады. Алғашқысы - бұл биотикалық, ал екіншілері - абиотикалық факторлар болып саналады. Тығыздығына тәуелсіз факторлардың әсері планктонды балдырлардың санының маусымдық өзгерістерінде жақсы байқалады. Мысалы, Солтүстік Кавказ су қоймаларында диатомды балдырлар санының көбеюінің екі үдеме шыңы байқалады. Көктемде және күзде, ал қалған уақытта факторлардың тығыздығына байланыстылық әсер етеді, жазда қарқынды дамитын жасыл және көк жасыл балдырлармен тірі қалу, тіршілік үшін бәсекелестік күрес.
Популяциядағы өлім тығыздыққа тәуелді болуы мүмкін. Бұл құбылыс өсімдіктердің тұқымдарымен болады, тығыздыққа тәуелділіктен туатын өлім-жітім өскіндер кезеңінде жүзеге асады.
Жоғарыда келтірілген реттеулермен қатар тағы да особьтердің сапасының өзгеруін тудыратын популяциялар сандарының мөлшеріне әсер ететін өзіндік реттелуде кездеседі.
Популяцияның динамикалық көрсеткіштері
Динамикалық көрсеткіштер белгілі бір уақыт аралығында популяцияда жүретін процестерді сипаттайды. Популяцияның негізгі динамикалық көрсеткіштеріне туылым, өлім-жітім және популяцияның өсу жылдамдығы жатады.
Туылым
Көбею нәтижесіндігі уақыт бірлігінде пайда болған жаңа особьтар саны. Тірі организмдерде көбеюдің зор мүмкіншілігі бар. Мысалы, бактерия әрбір 20 минут сайын бөлінеді. Мұндай қарқындылықпен көбейсе, бір клетка 36 сағатта бүкіл планетаны жабатын ұрпақ береді. Сол сияқты бақбақ 10 жылдың ішінде егер бүкіл тұқымдары өссе, өз ұрпақтарымен бүкіл жер шарын қаптайды. Бірақ табиғатта іс жүзінде организмнің мұндай өнімділігі жүзеге аспайды. Туылым немесе туылым жылдамдығы-популяция санының ұлғаюы белгілі уақыт аралығында туылған және иммиграцияланған особьтерге байланысты, ал сандардың азаюы- өлім мен особьтердің эмиграциясына байланысты.
Өлім - жітім
Белгілі бір уақыт аралығында популяциядағы өлген особьтер саны. Бірақ популяциядағы организмдердің санының көбеюі немесе азаюы туылым мен өлім-жітімге ғана емес, сонымен қатар олардың иммиграциясы мен эммиграция жылдамдығына, яғни белгілі бір уақыт аралығындағы популяцияға келген және кеткен особьтер санына да байланысты болады. Өлім-жітім туылымға қарама-қарсы шама. Популяцияның өлім -жітімі белгілі бір кезеңде өлген особьтар санын көрсетеді. Өлім-жітімнің үш түрі бар. Бірінші түрі- бірдей жас кезеңдеріндегі өлім -жітім. Екінші түрі - дамуының ерте кезеңіндегі өлімнің жоғарылығымен ерекшеленеді. Үшінші түрі- ересек особьтардағы өлімнің жоғарылауын сипаттайды.
Популяциялық гомеостаз - популяцияның санын реттеу.
Популяциялық гомеостаз дегеніміз популяцияның сандық мәнін белгілі бір шегінде ұстап тұруы. Реттеуші фактор популяциялық гомосстазды туғызады. Реттеуші факторларға жыртқыш-жемтік типтегі ағзалардың қарым-қатынасы жатады. Жемтіктің көп саны жыртқыштардың көбею жағдайына себеп болады. Реттеуші факторлар түраралық фактор және түрішілік ағзалардың қарым-қатынас деңгейінде жүреді.
Гомоестаздың түраралық механизмдеріне жыртқыш-жемтік, паразит-иесі типтегі қарым-қатынастар жатады. Түрішілік гомоестаздың негізіне бәсекелестік жатады. Оның екі түрі бар: 1) қатал түрішілік гомосстаз-коннибализм; 2) Жайлы түрдегі тіршілік гомосстаз-әдетте особьтардың әлсіретуі арқылы көрініс береді. Бұл механизмде күшті особьтар сыртқы ортаға тежеуіш(әлсіреткіш) заттарды бөледі: стресстік құбылысты, территорияны шектеу, популяция арасындағы миграция.
Орманшылар осыған байланысты ағаш кесуде популяцияның экологиялық-биологиялық ерекшелігіне сәйкес ойластырады.
Ағаш кесу 2 үлкен топқа бөлінеді: 1) аралық пайдалану
2) басты пайдалану.
Аралық ағаш кесу орман тіршілігінің барлық жастық кезенінде болады. Басты ағаш кесу пайдалануында ағаштарды кемелді шағындағыларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Популяцияның тығыздығы, статикалық сипаттамалары, реттелеу
Түр. популяциялар құрылымы, динамикасы
Популяция және оның генетикалық құрылымдары
Популяциялар экологиясы (демэкология) туралы ақпарат
Популяция туралы түсінік. Түрдің популяциялық құрылымы.
Популяциялардың кеңістіктік құрылымы
Популяциялық экология – демэкология. Экожүйеге қышқыл жаңбырдың әсері
Популяция
Популяция жайлы
Популяция туралы түсінік
Пәндер