Құрмалас сөйлем туралы жалпы түсінік



1. Құрмалас сөйлем синтаксисінің объектісі
2. Құрмалас сөйлемнің анықтамасы және жай сөйлемнен өзгешелігі
3. Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары
Жай сөйлемдермегі қатар, синтаксистің қарауына жататын күрделі мәселенің бірі — құрмалас сөйлем. Сондықтан да синтаксисті әдетте жай және құрмалас сөйлем синтаксисі деп күрделі екі топқа бөледі.
Синтаксистің бұл екі тарауының әрқайсысының зерттейтін өзіндік объектісі бар. Жай сөйлем синтаксисінің негізгі объектісі жай сөйлемдер мен олардың түрлері, сөздердің бір-бірімен тіркесіп, сөйлем құрау - және сөйлем мүшесі болу жолдары мен шарттары сияқты мәселелер болса, құрмалас сөйлем синтаксисінің негізгі объектісі жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өз ара тіркесіп, бір бүтінге айналуы, сол арқылы күрделі ойды білдіру жолдары мен тәсілдері болады. Басқаша айтқанда, жай сөйлем синтаксисі жеке ұғымдарды білдіретін сөздердің тіркесіп, сөйлем болу жолдарын тексерсе, құрмалас сөйлем синтаксисі жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өз ара тіркесіп, құрмалас сөйлем болуын және құрмалас сөйлемнің түрлерін, жасалу жолдарын тексереді. Сөйтіп, бірінің объектісі сөздер тіркесіне байланысты болса, екіншісінің объектісі сөйлемдер тіркесіне байланысты.
«Құрмалас» деген сөз практикалық тілде қолданылмайды, тек лингвистикалық әдебиеттерде грамматикалық термин ретінде ғана қолданылады. Бұл термин — «құра», «құрау» деген сөздерден туған туынды сөз. «Құрмалас» деген сөздің мағынасы өзі атау болған категорияның мазмұнына сай келеді. Өйткені «құрмалас» деп аталатын сөйлем — екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралатын құранды категория.
Функциялары жағынан алғанда, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен ешқандай өзгешелігі жоқ: екеуі де ойды жарыққа шығарудың (рас, алдыңғысы жеке бір ойды, соңғысы құрамды күрделі ойды), оны басқаларға білдірудің құралы. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен өзгешеліктері — олардың сыртқы құрылыстары мен ішкі мазмұндарында. Бұл өзгешеліктерді байқау үшін төменде келтірілген екі мысалды талдап көрейік. Өзінің олақтығына ыза болған Сөйіт ауылға қарай тез аяңдап кетті. Аяқ басысы біржола түзеліп, тізесі бүгілмей, бөксесі боқшаланбай, көлеңке сымбаты да түзеле қалыпты. (Ғ. Мүсірепов.) Бұл мысалдың алдыңғысы — жай сөйлем де, соңғысы — құрмалас сөйлем. Құрам жағынан алғанда алдыңғы жай сөйлем жеке сөздерге ғана яғни сөйлем мүшелеріне ғана, жіктеле алады. Сөйлем мүшесінен күрделірек бөлшек оның құрамында жоқ. Ал соңғы құрмалас сөйлемді алатын болсақ, ол әрқайсысы өз ішінен жеке сөйлемге жіктеле алатын төрт түрлі сөйлемдік бөлшектерден құралған. Оның бірінші сөйлемі — аяқ басысы біржола түзеліп, екінші сөйлемі — тізесі бүгілмей, үшінші сөйлемі — бөксесі боқшаланбай, төртінші сөйлемі — көлеңке сымбаты да түзеле қалыпты.
1. Т Қордабаев «Қазіргі қазақ тілі» Алматы 1993 жыл
2. М. Балақаев «Қазіргі қазақ тілі» 1992 жыл

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Құрмалас сөйлем синтаксисінің объектісі
Жай сөйлемдермегі қатар, синтаксистің қарауына жататын күрделі
мәселенің бірі — құрмалас сөйлем. Сондықтан да синтаксисті әдетте жай және
құрмалас сөйлем синтаксисі деп күрделі екі топқа бөледі.
Синтаксистің бұл екі тарауының әрқайсысының зерттейтін өзіндік
объектісі бар. Жай сөйлем синтаксисінің негізгі объектісі жай сөйлемдер мен
олардың түрлері, сөздердің бір-бірімен тіркесіп, сөйлем құрау - және сөйлем
мүшесі болу жолдары мен шарттары сияқты мәселелер болса, құрмалас сөйлем
синтаксисінің негізгі объектісі жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өз
ара тіркесіп, бір бүтінге айналуы, сол арқылы күрделі ойды білдіру жолдары
мен тәсілдері болады. Басқаша айтқанда, жай сөйлем синтаксисі жеке
ұғымдарды білдіретін сөздердің тіркесіп, сөйлем болу жолдарын тексерсе,
құрмалас сөйлем синтаксисі жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өз ара
тіркесіп, құрмалас сөйлем болуын және құрмалас сөйлемнің түрлерін, жасалу
жолдарын тексереді. Сөйтіп, бірінің объектісі сөздер тіркесіне байланысты
болса, екіншісінің объектісі сөйлемдер тіркесіне байланысты.

Құрмалас сөйлемнің анықтамасы және
жай сөйлемнен өзгешелігі
Құрмалас деген сөз практикалық тілде қолданылмайды, тек
лингвистикалық әдебиеттерде грамматикалық термин ретінде ғана қолданылады.
Бұл термин — құра, құрау деген сөздерден туған туынды сөз. Құрмалас
деген сөздің мағынасы өзі атау болған категорияның мазмұнына сай келеді.
Өйткені құрмалас деп аталатын сөйлем — екі немесе одан да көп жай
сөйлемдерден құралатын құранды категория.
Функциялары жағынан алғанда, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-
бірінен ешқандай өзгешелігі жоқ: екеуі де ойды жарыққа шығарудың (рас,
алдыңғысы жеке бір ойды, соңғысы құрамды күрделі ойды), оны басқаларға
білдірудің құралы. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен
өзгешеліктері — олардың сыртқы құрылыстары мен ішкі мазмұндарында. Бұл
өзгешеліктерді байқау үшін төменде келтірілген екі мысалды талдап көрейік.
Өзінің олақтығына ыза болған Сөйіт ауылға қарай тез аяңдап кетті. Аяқ
басысы біржола түзеліп, тізесі бүгілмей, бөксесі боқшаланбай, көлеңке
сымбаты да түзеле қалыпты. (Ғ. Мүсірепов.) Бұл мысалдың алдыңғысы — жай
сөйлем де, соңғысы — құрмалас сөйлем. Құрам жағынан алғанда алдыңғы жай
сөйлем жеке сөздерге ғана яғни сөйлем мүшелеріне ғана, жіктеле алады.
Сөйлем мүшесінен күрделірек бөлшек оның құрамында жоқ. Ал соңғы құрмалас
сөйлемді алатын болсақ, ол әрқайсысы өз ішінен жеке сөйлемге жіктеле алатын
төрт түрлі сөйлемдік бөлшектерден құралған. Оның бірінші сөйлемі — аяқ
басысы біржола түзеліп, екінші сөйлемі — тізесі бүгілмей, үшінші сөйлемі —
бөксесі боқшаланбай, төртінші сөйлемі — көлеңке сымбаты да түзеле қалыпты.
Сөйтіп, құрамы жағынан алғанда, жай сөйлемдер жеке мүшелерден
құралатын болса, құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдерден құралады.

Айтылмақшы ойдың көлеміне, контекске байланысты, жай сөйлем
құрамындағы сөз санының әр түрлі болып келетіні сияқты, құрмалас сөйлем
құрамындағы жай сөйлемдер саны да бірде аз, бірде көп болып құбылып
отырады. Мысалы, жоғарыда келтірілген құрмалас сөйлем құрамында төрт жай
сөйлем болса, Ащылы шөптің тұқымы да күшті, мал тез семіреді және ащыға
семірген малдың еті де, сүті де тұщыға семірген малдан күшті болады (С.
Мұқанов) деген құрмалас үш жай сөйлемнен құралған. Ербол Тоғжанды апарып
тастады да, өзі қайта шауып кетті (М. Әуезов деген құрмаластың құрамында,
екі жай сөйлем бар.
Әдеби тіліміздің фактілеріне қарағанда, прозалық шығармаларда,
құрмалас сөйлемнің көп кездесетін түрлері — екі я үш жай сөйлемнен
құралатындары. Ал поэзияда тіпті он шақты жай сөйлемнен құралып, бір ғана
құрмалас болып тұратын шумақтар кездесе береді. Мысалы:
(1) Көктем келіп, (2) күн жылып,
(3) Тоң қақырап, (4) қар еріп,
(5) Гүрілдеп өзен сарқырап,
(6) Айдын көлдер жарқырап,
(7)Қиқулап ұшып қаңқылдап,

Қараша қаз сымпылдап,
Құстар қайтыгі келеді. (Жамбыл.)
(1) Ұршықтай саны бұлтылдап,

(2) Құйындай шаңы бұрқылдап,
(3) Алмас қылыш белінде,

(4)Қолында найза қылтылдап,
(5) Төрт тұяқтан шыққан от
Шақпақ тастай жылтылдап,

(6) Құлақ салсаң, (7) даусы

Тау суындай сыңқылдап,
(8) Қолтығынан аққан тер
Төгіледі шылқылдап. (Қыз Жібек.)
Бұл арада ескерте кететін бір нәрсе — құрмалас сөйлем мен жай
сөйлемнің бір-бірінен өзгешелігі — олардың бірінің көлемді, екіншісінің
көлемсіз болуында, яғни олардағы сөз санына байланысты емес. Көлемі, сөз
саны жағынан жай сөйлемнен әлдеқайда шағын болып келетін құрмалас сөйлемдер
жиі кездесе береді. Мысалы: Бұл күнге дейінгі қазақ дәстүрінде жоқ бір
мінездің тапа-тал түсте атой бергеніне Игілік те қатты түйсігіп қалды. (Ғ.
Мүсірепов.) Түн ортасы боп қалды, бірақ Әсияда әлі ұйқы жоқ. (М. Әуезов.)
Бұл мысалдың бірінші сөйлемі көлемі жағынан соңғы сөйлемнен екі есе үлкен.
Бірақ соған қарамастан, ол жай сөйлем де, кейінгісі — көлемінің шағындығына
қарамастан, құрмалас сөйлем. Өйткені соңғы мысал әрқайсысы өзіне тән
бастауыш, баяндауышы және басқа да тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемдік
бөлшектерге жіктеле алады, ал мысалдың алдыңғы сөйлемінде ол қасиет жоқ.
Бұл — жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен құрамдық-структуралық
өзгешелігі. Сонымен бірге, құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің бір-бірінен
мағыналық өзгешеліктері де болады. Сирек біткен жусан мен көдеден басқа
жапырақты шөптердің бәрі де қурап кеткен. Өзге шөптердің иісі де жоғалып,
жалғыз ғана жусан иісі қалыпты (Ғ. Мүсірепов) деген мысалдық алдыңғы
сөйлемі жусан мен кедеден басқа шөптердің қурап кеткендігі жайындағы жалаң
бір ғана ойды білдіреді. Ал соңғы сөйлем бір-біріне тіркесті екі түрлі ойды
білдіреді: оның бірі өзге шөптердің иісінің жоғалуы жөнінде болса, екіншісі
— жусан иісінің сақталуы жөнінде. Бұдан шығатын қорытынды — жай сөйлем
қаншама жайылма болғанымен, олжалаң бірғана ойды білдіреді де, құрмалас
сөйлем өз ара байланысты екі немесе одан да көп жеке ойлардан құралған
күрделі ойды білдіреді. Құрмалас сөйлемге берілетін анықтама да оның осы
айтылған мағыналық және жоғарыда көрсетілген структуралық белгілеріне
негізделеді. Сол белгілері тұрғысынан қарап, анықтама беретін болсақ,
құрмалас сөйлем деп мағыналық жағынан бір-біріне байланысты екі немесе одан
да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды, білдіретін сөйлемді
айтамыз.
Құрмалас сөйлем жай сөйлемдерден құралады дегенге қарап, оны кез
келген жай сөйлемдердің кездейсоқ тіркесе салған тобы деп түсінуге тағы да
болмайды. Құрмалас сөйлем — компоненттері бір-бірімен органикалық
байланыста, берік бірлікте тұратын және біріне-бірі бағынышты, өз ара
шарттас болып келетін күрделі мағыналық бір бүтін болып табылады. Оның
құрамындағы компоненттер сөйлем деп аталғандарымен, әдеттегі дербес жай
сөйлемдермен бір емес. Егер әдеттегі жай сөйлемдер интонациялық жағынан
тиянақты, белгілі шамада болса да аяқталған ойды білдіретін, өз алдарына
бір бүтін болып саналатын болса, құрмалас сөйлем компоненттері интонациялық
жағынан тиянақсыз, аяқталған ойды білдіре алмайтын, бүтіннің бір бөлшегі
ғана болып табылады. Ол бөлшек өзі сияқты басқа бір бөлшектермен байланыста
тұрғанда ғана бір бүтін бола алады. Егер бұл бірліктері бұзылса-ақ олар
өздерінің алғашқы мәндерін, құрмалас сөйлем құрамында тұрғандағы мәндерін,
жояды. Мысалы: Балапандар қанаттанғанша, дәуіт те қанаттанады (С. Мұқанов.)
деген құрмалас сөйлем — осы тұрған қалпында екі бөлшектен құралған бір
бүтін. Оның бір жартысы — балапандар қанаттанғанша деген болса, екінші
жартысы — дәуіт те қанаттанады. Бұл — екі жартының бірігіп, бір бүтін болып
тұрғандағы білдіретін мағынасы олардың жеке-жеке тұрғандарындағы
мағыналарындай, балапандардың немесе дәуіттің қанаттанатындығы жайында
емес, солардың қанаттануларының бір мезгілдің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл біліміндегі сөйлем мәселелері
Ғалымның Қазақ тілі методикасы
Құрмалас сөйлемнің түрлері
Құрмалас сөйлемді оқыту әдістемесі
Сабақтас құрмалас сөйлемді оқыту барысында жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СИНТАКСИСТІ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
4-сынып «Қазақ тілі» оқулығының құрылымы мен құрылысы
Синтаксистің зерттеу объектілері. Сөз тіркесінің синтаксисі
Салалас құрмалас сөйлемдер
Пәндер