ЖИТС және жүктілік



Келешекте біраз жыл шамасында осы дүниедегі әрбір адам өзінің таныстарының біреуі ЖҚТБ-дан (СПИД, ЖИТС) өлгенін еститін болады. Қазіргі күндері жер шарында тұратын әрбір жүзінші ересек адам АҚТҚ-ны (ВИЧ, АИТВ) жұқтырған. Ол біреудің бауыры, қарындасы не сіңлісі, бөлесі, ағасы, бір көшеде тұратын көршісі, дүкен сатушысы, мектептегі не жұмыстағы бір танысы. Бұл Африканың көптеген елдердерінде және оңтүстік-шығыс Азияның кейбір аймақтарында, сонымен қатар ТМД елдерінде, оның ішінде Ресейде күнделікті жағдайға айналған. Сіз бұл туралы білмеуіңіз де мүмкін, себебі ЖҚТБ жайлы мәлімет көбіне құпия сақталуда. Сізге адам рак ауруынан не қандай да бір басқа аурудан қайтыс болды деп айтуы мүмкін, бірақ шын мәнінде сол адамның ажалы ЖҚТБ-дан болған.
2004-жылғы АҚТҚ-ны жұқтырғандардың саны шамамен 60 миллион болғаны ықтимал — нақты санын ешкім білмейді. Бүгінгі таңда АИТ вирусы дүние жүзінде бес жыл бұрынғы уақытқа қарағанда екі есе артық жылдамдықпен таралуда.
Кейбір адамдар қорқыныштан өзін қоярға жер таппайды. Олар «ЖҚТБ» деген сөзді естісімен теледидар каналын бірден басқасына ауыстырады. Оларға кеше кеште ғана сөйлескен адамы осы ауруға шалдыққан болса керек деген ойдың өзі қорқынышты. Олар ЖҚТБ-мен ауыратын адамның қолын ұстағаны немесе байқамай оның стақанын алып, одан ішкені туралы ойлай қалса болғаны, дүрліге кетеді. Егер олар өздерін қоршаған адамдардың бірнешеуі ауру жұқтырғандығын білетін болса, дүрбелең емес, байбаламға басады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖИТС және жүктілік

Келешекте біраз жыл шамасында осы дүниедегі әрбір адам өзінің таныстарының
біреуі ЖҚТБ-дан (СПИД, ЖИТС) өлгенін еститін болады. Қазіргі күндері жер
шарында тұратын әрбір жүзінші ересек адам АҚТҚ-ны (ВИЧ, АИТВ) жұқтырған. Ол
біреудің бауыры, қарындасы не сіңлісі, бөлесі, ағасы, бір көшеде тұратын
көршісі, дүкен сатушысы, мектептегі не жұмыстағы бір танысы. Бұл Африканың
көптеген елдердерінде және оңтүстік-шығыс Азияның кейбір аймақтарында,
сонымен қатар ТМД елдерінде, оның ішінде Ресейде күнделікті жағдайға
айналған. Сіз бұл туралы білмеуіңіз де мүмкін, себебі ЖҚТБ жайлы мәлімет
көбіне құпия сақталуда. Сізге адам рак ауруынан не қандай да бір басқа
аурудан қайтыс болды деп айтуы мүмкін, бірақ шын мәнінде сол адамның ажалы
ЖҚТБ-дан болған.
2004-жылғы АҚТҚ-ны жұқтырғандардың саны шамамен 60 миллион болғаны ықтимал
— нақты санын ешкім білмейді. Бүгінгі таңда АИТ вирусы дүние жүзінде бес
жыл бұрынғы уақытқа қарағанда екі есе артық жылдамдықпен таралуда.
Кейбір адамдар қорқыныштан өзін қоярға жер таппайды. Олар ЖҚТБ деген
сөзді естісімен теледидар каналын бірден басқасына ауыстырады. Оларға кеше
кеште ғана сөйлескен адамы осы ауруға шалдыққан болса керек деген ойдың өзі
қорқынышты. Олар ЖҚТБ-мен ауыратын адамның қолын ұстағаны немесе байқамай
оның стақанын алып, одан ішкені туралы ойлай қалса болғаны, дүрліге кетеді.
Егер олар өздерін қоршаған адамдардың бірнешеуі ауру жұқтырғандығын білетін
болса, дүрбелең емес, байбаламға басады.

Вакцина, дәрі-дәрмек және сақтандырғыштар

Ешкім де жалғыз ЖҚТБ-ның өзінен өлмейді

ЖҚТБ — белгілі бір вирустың ағзаңызды соншалықты әлсіретіп, оған басқа
микробтардың енуіне жол беріп, сізге ажал әкелетін жағдайдың атауы. Әдетте
сіздің ағзаңыз зиянды микробтарды оңай жойып жібереді. Бұлай болудың
себебі, сіздің бойыңызда иммунитет бар. Сіздің иммундық қорғанышыңызға
қатты зиян тигенде, біз сізге иммундық тапшылықтан жапа шегіп жүрсіз деп
айтамыз. Кейбір адамдар әлсіз иммундық жүйемен туады, ал басқаларда
иммундық жетіспеушілік аурудың нәтижесінде дамиды. АҚТҚ ағзаға инфекцияның
салдарынан енетін болғандықтан, біз бұл ауруды жұқтырған қорғаныш
тапшылықтың белгісі (ЖҚТБ) дейміз.
АҚТҚ — адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы (вирусы) деп талдап
түсіндіріледі, бұл ЖҚТБ-ны тудыратын қоздырғыштың (вирустың) ғылыми атауы.
Қандай атауды қолдансақ та, инфекцияның даму сатылары бар екендігін түсіну
маңызды. Ең алдымен адам инфекцияны тасымалдаушыға айналады, бұған
қарамастан ол өзін жақсы сезінеді. Содан соң аурудың ушығуының алғашқы
белгілері пайда болады және кейін ол өлімге әкеп соғады. Бұл үрдіс бірнеше
жылға ұласады. Адамның сырт келбетіне қарап оның бойында инфекцияның бар-
жоқтығын ажырату мүмкін емес.

Вирус (қоздырғыш) дегеніміз не?
Вирус роботқа немесе компьютер бағдарламасына ұқсас. Онда сіздің
тәніңіздің жасушаларына вирусты қалай көбірек өндіру керектігін үйрететін
нұсқаулар бар. Вирус дегеніміз — ішінде генетикалық бағдарламасы бар ақуыз
құты. Бұндай бағдарлама сіздің шашыңыздың түсін, мұрныңыздың немесе
құлағыңыздың пішінін анықтайды. Гендер сіздің бойыңыздағының бәрінің қандай
болуы тиіс екенін алдын ала бағдарлап қойған және бір таңқаларлығы
тәніңіздің әрбір жасушасының ішінде дерлік сіздің дәлме-дәл көшірмеңізді
жасап шығаруға жетерліктей барлық нұсқаулар бар!

Емдеу, вакцина және сақтандырғыш жайлы таңғаларлық жаңалықтар
Біз ЖҚТБ-ға қарсы жасалып шығарылған ғажайып жаңа дәрі-дәрімектер туралы
апта сайын дерлік оқып не естіп жатамыз. Бізге біреу вакцина тауыпты, енді
сақтандырғышты (мүшеқапты) қолданса, жыныстық қатынаспен айналысу қауіпсіз
дейді. Егер осылар рас болса, бұл шынымен жақсы жаңалық. Бірақ ол солай ма?
Кейбіреулер егер пәктігін жоғалтпаған адаммен жыныстық қатынасқа түссең,
ЖҚТБ-дан айығасың дейді. Сандырақ. Адамдардың соншалықты сенгіштігі
таңғалдырады.
Сіздің оқитындарыңыз бен еститіндеріңіздің көбі — бос сөз. Егер
кейбіреулер айтып жүргендей ЖҚТБ-ның дәрісі табылса немесе жақсы вакцина
табылған болса, дәрігерлер, медбикелер және үкіметтер уайымдауларын доғара
алар еді. Бәрінің де инфекцияның таралуының алдын алу қамын ойлап жүруінің
себебі оның ешқандай емі жоқтығында және ертелі-кеш пайда болу
мүмкіндігінің аздығында. Қазіргі уақытта тиімді вакцина жоқ және алдағы
онжылдықта табылып қалуы да неғайбіл. Одан сорақысы — көпшілік жұрт
ойлағандай сақтандырғыштар (мүшеқаптар) сондай қауіпсіз де емес.
Мен жуық арада вирусты өлтіретін, ағзамызға қауіпсіз дәрі-дәрмектер
шығарылады деп үміттенемін. Сол іске асқанда, бізде тұмаудың, әдеттегі суық
тиюдің, полиомиелиттің, сарыаурудың (гепатит), ұшықтың (герпес) және
көптеген басқа аурулардың, сонымен бірге ЖҚТБ-ның де дәрі-дәрмектері
болады. Бірақ оған әлі алыс.
Қазіргі шақта бізде оны жүзеге асыратындай қажетті технология жоқ. ЖҚТБ-ны
емдеу үшін бізге ағзаның ішіндегі әрбір жеке жасушамен жұмыс жасай
алатындай ғажайып құралдарды ойлап табу керек. Адамды Айға немесе Марсқа
қондырудың өзі ЖҚТБ-ға қарсы дәріні ойлап табумен салыстырғанда, оп-оңай
ғана шаруа. Оны тапқан адамның есімі ең ұлы өнертапқыштардың бірі ретінде
адамзат тарихында мәңгі қалатын болады. Ол туралы ХХІІ ғасырда да кітаптар
жазылатын болады.
Ал бізге әзірше жүздеген лақап емдеулер жайлы оқуға тура келеді. Мәселе
ЖҚТБ-ға шалдыққан адамдардың сол аурудың өзінен өлмеуінде. Өзіміз
байқағандай, адамдар ЖҚТБ-ның ағзаны әлсіретуінің нәтижесінде пайда болған
аурудан немесе инфекциядан өледі. Дененің осы инфекциялардан құтылуына
көмегін тигізетін дәрілердің бәрі науқасқа үлкен қолғабыс бола алады.
Науқастар үйлеріне сергек болып оралады және кейде бірнеше ай бойы өздерін
жақсы сезінеді. Олар тағы бір жаңа инфекцияны қабылдағанша, адамдар оларды
айығып кетті деп ойлайды. Және бұл лақап сөз бен жалаң мәліметке жол ашады:

Мен мына ерекше антибиотикті қабылдай сала бір күннен кейін ауруымды
түгелдей ұмытып, ауруханадан шықтым. Енді менде ЖҚТБ жоқ.
Бірінші айтылған ой дұрыс, ал екіншісі — өтірік. Адам кез келген уақытта
тез арада өліп кетуі мүмкін. Жауынгер жасушалар әлсірей береді және ағза
күн өткен сайын жаңа микробтарға мойынсұнғыш келеді. Тіпті адам тәуір болып
көрінгенімен, оның төрінен көрі жақын.
Ал вакциналар ше?
Вакциналар вирусты инфекцияларға қарсы тұратын біздің жалғыз қаруымыз.
Полиомиелит, көкжөтел, қызылша және басқа аурулар вакциналардың арқасында
сирек кездеседі. Дүниежүзілік шешек ауруына қарсы күрес бағдарламасы осы
ауруды жер бетінен кетіруге көмегін тигізді. Онда неге ЖҚТБ-ны де солай
жойып жібермеске?
Вакциналаудың мәні сіздің ағзаңызға зияны жоқ микробты енгізу, бірақ
оның сыртқы пішіні тура ауру қоздырғыш микроб тәрізді. Бір апта бойы адам
денесінде олармен күресетін арнайы антиденелер қалыптасады. Алғашқыда бұл
уақытты көбірек талап етеді. Келесі рет осы микроб кездескенде, сіздің
жауынгер-жасушаларыңыз олармен күресуі үшін бар-жоғы бір не екі сағат қана
уақыт кетеді. Жауынгер-жасушалaр олармен тіпті бірнеше жыл бұрын кездессе
де, микробтарды естерінде сақтай алады.
Егер ағзада басқа бір қауіпті микроб байқалса және оның пішіні ағзаның
бұрынғы кездестіргеніндей болса, айталық адам полиомиелиттен өлмей жеңіл
ғана сырқаттанып, бірнеше күннен кейін айығып кетеді. Вакцина дененің
қорғану қабілетіне, яғни, иммунитетті нығайтқан.

ЖҚТБ-дан сақтану үшін мүшеқап әрдайым сенімді бола бермейді
Көптеген қауымдарда сақтандырғыш (мүшеқап-презерватив, кондом) туралы
сөйлесуді жөн көрмейді. Бірақ шындықты айту қажет қой. Медицина тарапынан
алғанда мүшеқап қолдануға болатын нәрсе ме? Оны қолдануға ұсыну —
сенушілердің ахлақтық (моральдік) құндылықтарына қайшы ма?
Тағы да бір сұрақ бар. Егер ЖҚТБ адамды өлтіретін болса және ағза онымен
күресуге дәрменсіз болса, ал дәрі-дәрмектер көмектеспесе, вакциналардың
пайдасы тимесе, онда басқа қандай үміт бар? Мен мектептерге барып жастармен
әңгімелескенде, олардың барлығы маған ең қауіпсіз жыныстық қатынас жолы
мүшеқапты пайдалану екендігін айтады. Тіпті өздері оны ешқашан қолданбауды
ұйғарса да, олар солай айтады. Алайда егер ойларын өзгертіп, мүшеқаптар
қолданатын болса, ол шынымен адамдар ойлағандай тиімді ме? Мүшеқаптардың
соншалықты қауіпсіз емес екенін ешкім мойындағысы келмейді.

Мүшеқап қолданылса да туған балалар
Ондаған жылдар бұрын әрбір ана өз қызына кім көрінгенмен жақындасатын
болса, нәтижесінде баласымен жалғыз қалатынын ескертетін. Бірақ мүшеқаптар
баяғыдан, тіпті, біздің заманымызға дейінгі 1850-жылдан бері белгілі
болған. Ежелгі қытайлар мен римдіктер мүшеқап жайлы жақсы білген, әрі сол
кезде оның пайдасы қазіргіден жоғары болған емес.
Тіпті бүгінгі күні мүшеқаптар көптеген адамдардың ойлайтынындай
жүктіліктен еш шүбәсіз сақтай алмайды. Егер мен дәрігер-гинеколог болсам
және менің қарамағымда жүктіліктен сақтану үшін мүшеқапты таңдап алған жүз
жас келіншек бар болса, мен жыл сайын олардың он төрті айлықтары тоқтап
қалғандықтан, зәрелері ұшып ұялып кабинетіме келетінін күмәнсіз айта
аламын. Олар өздерінің жүкті екеніне сене алмайды, олардың серіктері
әрдайым мүшеқапты пайдаланған сияқты еді ғой!

Тесік мүшеқаптар
Сатылымдағы сапасы төмен он мүшеқаптың жетеуі тесік болуы мүмкін екендігін
есіңізге саламыз. Тіпті сапасы ең жоғары деп саналса да бәрібір 200
мүшеқаптың әйтеуір біреуі сіз оның сыртқы орамасын ашпас бұрын-ақ тесік
болады. Бірақ ең маңыздысы — оны ашқаннан кейін не болатыны. Мүшеқапты
дұрыс пайдалану соншалықты оңай емес екен. Қараңғыда оның жыртылып қалуы,
әйелдің әшекейлеріне ілініп қалуы, жарылып кетуі, түсіп қалуы, сыдырылып
түсуі, егер жыныстық қатынастан кейін дұрыс шешпесе, шәует ағып кетуі
мүмкін.
Егер шынын айтсақ, мүшеқаптардың неліктен сіздің сеніміңізді ақтамайтынын
ешкімнің білмейтінін мойындауымыз керек. Бірден-бір маңызды себеп мүшеқапты
пайдаланамын дейтін адамның оны дұрыс ниетпен сатып алса да, қолданудың
сәті түскенде оны киіп те үлгермейді.

Мүшеқапты қолданып та, ауру жұқтыруға болады
Егер сперматозоидтың ұзындығы он сантиметр деп елестетсеңіз, онда онымен
салыстырғанда вирустың көлемі түйреуіштің басындай-ақ болар еді. Егер
сперматозоид еркектен әйелге өте алатын болса, онда вирусқа не шара. Сондай-
ақ, вирус кері бағытпен әйелден еркекке де өте алады. Мүшеқаптың мұқият
қолданылғанына қарамастан ерлердің АҚТҚ-ны өз жұбайларына немесе әйелдердің
оны күйеулеріне жұқтырғандары жайлы мәліметтердің көптеп кездесуі
таңғалдыратын жағдай емес.
Тіпті мүшеқаптан сперма өтіп кетсе де, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚТҚ/ЖҚТБ жұғу көздері және жолдары
АИТВ инфекциясы. Этиологиясы және инфекция көзі
Аса қатерлі вирустық дерт
ЖИТС, ВИЧ аурулары
АИТВ - ның берілу жолдарын анықтау
Контрацепцияға гормоналды кеңес беру АЛГОРИТМІ
Жұқпалы аурулар
Екіншілік иммундық тапшылық жағдайлар
Медико-профилактикалық ісі
ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары туралы
Пәндер