Морфологиялық жаттығулар


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 99 бет
Таңдаулыға:   

3. Морфологиялық жаттығулар

Морфологиялық жаттығулардың міндеті- ана тіліміздің морфологиялық құрылысын оқушыларға саналы меңгерту. Морфологиялық жаттығулар мазмұны жағынан екі түрлі болады:

  1. Сөз тұлғасын оқыту барысындағы жаттығулар;
  1. Сөз таптарын оқыту барысындағы жаттығулар.

Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынандай талаптар қойылады: 1) алдымен негізгі түбірлерді, одан кейін туынды түбірлерді, сосын түбірлес сөздерді талдайды; 2) белгілі бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін, сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы жүргізледі. ; 3) туынды сөздерден негізгі түбірді ажырату барысында сөздің мағынасына назар аударылады.

Жаттығу жұмыстары негізінде шәкірттер әрбір сөз табының өзіндік ерекшеліктерін, басқа сөз таптарынан айырмашылықтарын саналы түсінеді. Септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгеріп, оларды жазбаша, ауызша сөйлегенде орынды, дұрыс қолданып үйренеді.

Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығу түрлері төмендегідей сараланады: 1) мәтіннен керекті сөздерді тапқызу; 2) керекті сөздерді қатыстырып сөйлем құрату; 3) сөздің мағынасын түсіндіріп, сөйлемдегі қызметін көрсету; 4) мағына мен тұлға жағынан қандай айырмашылықтары барын салыстыру.

Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар сөздің морфологиялық құрамын, мағыналы бөлшектерін, морфемаларды саналы түрде меңгертуде мәні зор. Сөздің морфологиялық құрамын талдау, көбінесе сол сөздің мәнін дұрыс ұғынып алуға жәрдем етеді. Сөздің элементтері түбір, жұрнақ, жалғау- бұлардың әрқайсысы сөзге өзінше мән береді. Осы мәндердің жинағы бірігіп, сөздің жалпы мағынасын тудырады.

Морфемаларды, соныњ ішінде жұрнақтарды айыра білу балалардың тілін жетілдіру үшін де мәні бар. Өйткені, бұл жаңа сөздер жасауға және сол сөздерді орынды жерінде қолдана білуге мүмкіндік береді. Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынадай талаптар қойылады:

1. Алдымен, мүмкіндігіне қарай негізгі түбірлерді, одан әрі туынды түбірлерді, ең сонында түбірлес сөздеді талдайтындай жағдай жасалуы тиіс.

2. Белгілі бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін сол негізгі түбіден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы жүргізіледі.

3. Туынды сөздер мен негізгі түбірді ажырату барысында мағына жағына назар аударылады.

Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жаттығулар сөздерді белгілі топқа біріктіріп, жүйелеуге үйрететіндей болғаны ұтымды. Жаттығу жұмыстары кезінде оқушылар әрбір сөз табының қасиетін, ерекшеліктерін саналы түсінеді.

Жаттығу жұмыстары кезінде септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгереді. Оларды жазбаша, ауызша сөйлегенде дұрыс, орынды қолдануын үйренеді.

Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығулар:

  1. Мәтіннен керекті сөздер тапқызу.
  2. Тірек сөздер арқылы сөйлемдер немесе әнгімелер құрастыру.
  3. Сөздің мағынасын түсіндіріп, сөйлемдегі қызметін көрсету.
  4. Сөздердің лексикалық немсе грамматикалық жағынан қалай өзгеретінін, не арқылы өзгеретінін аңғарту.

Морфологиялық жаттығулар орындау барысында алдында өтілген материалдарды қайталап отыру қажет. Сонда алдыңғы материалдар мен кейінгі материалдар арасында байланыс, жүйе пайда болады, ал бұл оқушының материалды терең игеруіне септігін тигізеді.

4 . Синтаксистік жаттығулар

Синтаксистік жаттығуларға сөз тіркесі, жай сөйлем түрлері, құрамалас сөйлем түрлері мен пунктуацияға байланысты жаттығулар жатады. Оқушылардың осы бөлімдерден алған білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларға мынандай талаптар қойылады: 1) белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушыларда оны орындай алатындай білім, білік болуы шарт; 2) оқушылар жаттығуда не орындайтынын, оның қандай пайдасы барлығын түсініп орындағаны абзал; 3) жаттығу оқушының тілге қызығушылығын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс; 4) жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып отырылуы қажет;

5) жаттығу жұмыстары тек өтілген материалдарға ғана байланысты болмай, бұрын өтілген материалдарды да қайталауға мүмкіндік туғызуы шарт; 6) оқушылардың жас мөлшері кіші болған сайын жаттығу да қысқа уақытқа шақталып, үнемі талап мақсатына қарай ауыстырылып отырғаны пайдалы; 7) шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болғаны жөн.

Жаттығу жұмысының барысында оқушылардың білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, яғни зейін қойып тыңдай білу, белгілі бір жобалар бойынша сөйлем мүшелеріне талдай алу, сұрақ қоя білу, қажетті деректерді оқулықтан, сөздіктен таба алуға үйренеді.

Әрбір материал мұғалім тарапынан жақсы түсіндіріліп, қаншама дағды берілгенімен, әр оқушының білімі, дағдысы мен шеберлігі есепке алынбаса, олардың материалды қалай меңгергені, нәтижесі, оған қалай жеткені белгісіз болып қала береді. Оның үстіне балалар өз еңбегінің нәтижесін біліп отырмаған соң, келесі еңбекке ынтасы азайып, сабаққа белсенділігі төмендейді. Сондықтан қай сабақ болмасын балалардың алған білімдері мен дағдысы есепке алынып, бағаланып отырылғаны дұрыс. Оның мынандай жолдарын көрсетуге болады: а) бір сабақтың негізінде бағалау; ә) бірнеше сабақтың негізінде бағалау; б) бір ғана жұмыстың негізінде бағалау.

Мұғалім жаттығу жұмыстарын грамматика- стилистикалық бағытта ұйымдастырғанда, дайын мәтін ала отырып, оған грамматика-стилистикалық талдау жасатады. Оқушылардың назарын сөйлем құрылысына аударып, қалай жасалғанын, қандай стильдік қателер барын танытамыз. Сөйлемнің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін байқатамыз. Бір грамматикалық тақырыпқа байланысты ережелерді ауызша сұрап білу үшін, әр сыныптың ерекшелігіне қарай тәсілді өзгертіп отырғаны жөн. Мектеп тәжірибесінде көлемі ұзақ жаттығуларды көшіріп жазуға көбірек көңіл бөлінеді де, ал оған талдау жасала бермейді. Немесе «үшінші, төртінші сөйлемді талда» деп, оқушының ой-өрісін, сөйлеп үйрену аясын тарылтып, ережелерді құр жаттатып, айтқызушылық жиі кездеседі. Демек, оқулықтағы жаттығу материалдарын ауызша талдату жұмысы оқушының ой-өрісін дамытумен қатар ойын жүйелі айта білуге дағдыландырады.

Синтаксистік жаттығуларға пунктуациялық жаттығулар да қосылады: мәтіндегі қойылған тыныс белгілерін талдау, қойылмаған тыныс белгілерін қою, өздері құрастырған сөйлемдер мен мәтіндерге қажетті тыныс белгілерін қойып, қойылу себебін тусіндіру.

Сабақта оқушыларды сөйлеуге дағдыландыру үшін пайдаланылатын басты материал - мәтін. Оқушылар заттың атын, белгісін, қимыл әрекетін, жай - күйін білдіретін сөздермен ғана танысып қоймайды, сол сөздерді пайдаланып, сөйлем құрауға үйренеді. Сөздер сөйлемде фонетикалық, грамматикалық құбылыстарға түседі, олар белгілі бір ережеге байланысты түсіндіріліп, өткен материалдар қайталанады.

8-сынып оқулығында 221 жаттығу бар. Жаттығу материалдары көркем әдебиеттен, ауыз әдебиетінен алынған мақал - мәтелдер, жаңылтпаш, нақыл сөздер, жұмбақтар түрінде келеді.

Оқулықтың бұрынғы басылымдарында жаттығу тапсырмалары көбінесе тақырыпқа сәйкес болып келетін болса, ал жаңа басылымында қосымша тапсырмалар да бар. Бұл тапсырмалар тәрбиелік мәні бар мәтіннің мазмұнымен ғана таныстырып қоймай лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, пунктуациялық, стилистикалық талдаулар жасауға арналған. Яғни синтаксистік жаттығуларды орындау үшін ғана емес, тілдік категорияларды жан - жақты меңгеруге, өткен материалдарды еске түсіріп отыруға мүмкіндік береді.

4. 1. Қазақ тілі синтаксисі методикасының негізі мен мазмұны

Қазақ тілі синтаксисінің методикасы- жас буындарға тіл ғылымының озық табыстарының негіздерінде сөз тіркесі мен жай және құрмалас сөйлемдерден, қазақ тілі пунктуациясынан терең, жүйелі, берік, саналы білім беру жолында қолданылатын ең тиімді әдістер мен тәсілдердің жиынтығы. Ол әдістер: байқау әдісі, тәжірибені талдау-жинақтау әдісі, бұрынғы мұраны үйрену әдісі, эксперт-анкета әдісі.

Қазақ тіл ғылымының синтаксис жөніндегі зерттеулері- қазақ тілі синтаксисі методикасының оқушыларға меңгерту үшін ұсынылатын материалдары. Қазақ тілі синтаксисі методикасының мазмұны мыналарды қамтиды:

1. Синтаксистен орта мектеп оқушыларына берілетін білім көлемін белгілеу.

2. Синтаксистен берілетін білімнің танымдық және тәрбиелік мәнін ашу.

3. Синтаксисті оқыту әдістері мен тәсілдерін анықтау.

4. Синтаксисті оқытуға байланысты жүргізілетін негізгі жұмыстардың, жазба жұмыстарының, жаттығу жұмыстарының түрлерін белгілеу.

5. Қазақ тілі синтаксисі методикасының ұғымдары мен терминдерін жасау.

Қорыта келгенде, синтаксистік талдау және оның методикасы -қазақ тілін жан-жақты зерттеуді қарастыруды мақсат тұтқан талдаулардың бірі. Ол- оқушылардың саналы, дара білімдерін жетілдіруге, мұғалімдер мен шәкірттердің арасындағы байланысты нығайтуға және синтаксистік талдауды дамытуға әсер ететін фактор.

Қазіргі кездегі тәжірибелі мамандар мен қазақ тілі методикасын жетілдіру үшін өз ізденістері мен еңбектерін ұсынып отырған мақалалар мен оқулық авторларының басты мақсаты- қазақ тілінің синтаксистік талдау методикасына жаңа әдіс-тәсілдер енгізу, жаңа бағдарламалар жасау.

4. 2 Синтаксиске байланысты жүргізілетін

тіл дамыту жұмыстары

Мектептерде сабақтас құрмалас тақырыбын өту кезінде жаттығу жұмыстарының төмендегідей түрлері қолданылып жүр:

1. Көшіріп жазу жаттығулары.

2. Диктант жазу түрінде орындалатын жұмыстар.

3. Әдеби мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазу.

4. Жай сөйлемдерден сабақтас құрмалас сөйлем жасау.

5. Берілген компонентті толықтырып, сабақтас құрмалас сөйлем құрау.

6. Берілген схемаға сүйеніп, сабақтас құрмалас сөйлем жасау.

7. Берілген “Тірек сөз” арқылы сабақтас құрмалас сөйлем ойлап жазу.

8. Бірыңғай баяндауышты жай сөйлемді, сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру.

9. Сабақтас құрмаластың бір түрін екінші түрге ауыстыру.

10. Көп бағыныңқылы сабақтасты екі компонентті бірнеше сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру.

11. Сабақтас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін тауып қою.

12. Тыныс белгісінің схемасына қарап, сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін ажырату.

13. Мәтін құрау, мәтінде сабақтас құрмалас сөйлемді пайдалану.

14. Магнитафонды пайдаланып, құрмалас сөйлемнің айтылу интонациясын анықтау.

15. Сурет бойынша шығарма жазу, шығармадан сабақтастарды іріктеу.

16. Ерікті тақырыпқа шығарма жазу, тұрақты сөз тіркестерін пайдалану.

5. Грамматикалық жаттығулар

Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Тақырып түсіндірілгеннен кейін жатығу жұмыстары орындалады. Әрбір ұстаз оқушылардың қажетті дағдыларын қалыптастыратын және қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да құбылыстарына қолдана алатын жаттығу әдістерін білгені жөн.

Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады: біріншіден, оқушының білімін нақтылайды, нығайтады, екіншіден, өздігінен жұмыс істеуге жаттықтырады, ой қабілетін арттырады.

Жаттығу жұмыстарының жүйесіне қарай материалды талдауға қойылатын талаптар туады. Материал таңдауда әсіресе мына жағдайлар ескеріледі:

1. Грамматикалық немесе орфографиялық құбылыстарды түсіндіру кезінде бақылау үшін анағұрлым жеңіл, анық материалдар алыну керек. Бұл кезде оқушылардың зейінін ережеден басқаға алаңдататын нәрселер болмағаны жөн. Оқушылар тілдік материалдар бойынша бақылағандарынан дұрыс қорытынды шығара алатындай болсын.

2. Жаттығуға арнап материал таңдағанда тіл дамыту мен жазу жан - жақты ескерілгені жөн және бұрын өтілгендерді қайталап отыру қажет.

3. Жұмыстың әр түлі кезеңдерінде біртектес материалдарды қайталап отыру дұрыс болмайды.

Қай сабақ болмасын балалардың алған білімдері, дағдысы есепке алынып, бағаланады. Бағалау жолдары:

  1. Бір сабақтың негізінде бағалау.
  2. Бірнеше сабақтың негізінде бағалау.
  3. Бір ғана жұмыстың негізінде бағалау.

Ұстаз жаттығу жұмыстарын грамматика - стилистикалық бағытта ұйымдастырады. Дайын мәтін ала отырып, оған грамматика - стилистикалық талдау жасауға болады. Оқушылардың назарын сөйлемнің құрылысына аударып, қалай жасалғанын, қандай ерекшелікпен көрінетінін, қандай стильдік қателер барын байқатады.

Грамматикалық тақырыпқа байланысты ережелерді ауызша сұрап білу үшін, әр сыныптың ерекшелігіне қарай тәсілді өзгертіп отырғаны жөн. Оқушыны қалайда сол ережені өзінің түсінігінше айтып беруге дағдыландыру қажет. Оқулықтағы жаттығу материалдарын ауызша талдату жұмысы оқушының ой - өрісін дамытумен қатар, ойын жүйелі айта білуге дағдыландырады.

5. 1 Грамматикалық қателер

1. Қазақ тілінде де басқа тілдердегі сияқты айтылуы мен жазылуы түрліше сөздер бар. Мысалы, жазса-жасса , ашса-ашша , шекара-шегара , т. б. сияқты сөздердің дұрыс жазылуын ажырата алмай, қателер жіберілетіні байқалады. Бұл фонетика заңдылығына байланысты тиянақты білімі жоқ екендігінің белгісі.

2. Грамматикадағы «сөз құрамы» тақырыбы бойынша тілдік ережелер мен қағидаларды тиімді жолдармен тиянақты түсіндірмеу салдарынан туынды түбір, түбір сөздер, қос сөздер, біріккен сөздер, қосымшалар (жұрнақ, жалғау) мен шылауды да ажырата алмағандықтан қателер жібереді. Әдетте мұндай қателерді грамматикалық ережелерді құрғақ жаттап алған, саналы меңгермеген, нақты сөздерге қандай ереже бойынша, қандай қосымша жалғанатынын жете түсінбеген оқушылар жіберіп отырады. Оның себептері бұл грамматикалық ережелерге сәйкес қажетті жаттығулар мен бақылау жұмыстары атүсті жүргізіліп, оларды оқулықтардан құр көшіріп жазғызумен ғана шектелген жағдайда болады. Бала өз бетімен әрекеттеніп, сол материалды саналы меңгеріп қана қоймай, шығармашылықпен пайдалана алған жағдайда ғана бұл кемшілік жойылатыны белгілі.

Оқушылар сөздердің сыртқы үлгілерін ғана көру арқылы қабылдап, емлелік ережелерге бағына жазылатын сөздер арасындағы байланысты (ассоциацияны) тиісті дәрежеде қалыптастыра алмағандықтан осындай қателерге ұрынады.

Мұндай қателерді болдырмау үшін қажетті талаптар қойылады. Олар: біріншіден, жазу таңбаларын есте сақтап, оларды қолдана білу; екіншіден, сөздердің ең кіші бөлшегі (морфема) мен оның мағынасы арасындағы байланыс саналылықпен қабылдануға тиіс, сонда ғана қателіктен арылуға болады.

6. Талдау жұмыстары

Жазба жұмыстарының таѓы бір түріне талдау жұмыстары жатады. Методика тарихында талдау әдісін ғылыми дәрежеге көтерген педагог - К. Д. Ушинский. Көп жылдық тәжірибелеріне сүйене отырып, талдау әдістерінің құндылығы мен тиімділігін дәлелдеді. Талдау әдістерінің материалы- дидактикалық материалдар. Олар: 1) теориялық материалдар, (тақырыптың термині, анықтамасы, ережелері, өзіндік ерекшеліктері) ; 2) практикалық (сөздер, сөйлемдер, мәтіндер-фразалар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер) .

6. 1 Талдаудың түрлері

Қазақ тілі бойынша талдаудың мынандай түрлері бар:

1) фонетикалық талдау; 2) лексикалық талдау; 3) морфологиялық талдау; 4) синтаксистік талдау, т. б.

Фонетикалық талдауға келетін болсақ, мазмұнына қарай екіге бөлінеді: 1) дыбыс жүйесі бойынша талдау . Бұған мына тақырыптар кіреді: тіл дыбыстарының жасалуы, дыбыс пен әріп, дауысты дыбыстардың еріннің қатысына қарай, иектің қызметіне қарай, тілдің қалпына қарай жіктелуі, үнді, ұяң, қатаң дауыссыз дыбыстар

2) үндестік заңы бойынша талдау . Оған кіретін материалдар: буын жігі, екпін, буын үндестігі, дыбыс үндестігі, ілгерінді, кейінді ықпалдар.

Фонетикалық талдау көлеміне қарай да екіге бөлінеді: 1) толық немесе жалпы талдау. Фонетиканың белгілі әрі күрделі тақырыптарынан соң, яғни бағдарлама материалдарын толық өтіп болғаннан кейін тақырыптарды қайталау кезінде, не оқушылар білімін есепке алу үстінде іске асырылады; 2) Тақырыптық немесе жеке талдау. Бұл талдау жұмыстары жаңа материалдарды түсіндіру мен бекіту, дағдыландыру жұмысы кезінде жүзеге асырылады.

Фонетикалық талдау орындалу тәсіліне қарай да екі топқа жіктеледі: 1) ауызша талдау; 2) жазбаша талдау. Ауызша талдау көбінесе жеңіл материал кезінде сыныпта орындалса, ал жазбаша талдау күрделі, көлемді материалдарды үйде талдауда пайдаланылады. Фонетикалық талдау әдісі мынандай құрылымдық элементтерден тұрады: а) фонетикалық талдау жүргізбес бұрын сөйлем таңдалады, сонан соң сөйлем тақтаға немесе дәптерге жазылады, талданатын сөздің асты сызылады; ә) асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жасалады (қанша әріп, қанша дыбыс бары анықталады, дауыссыз, дауысты дыбыстар жіктеледі, буынға бөлінеді, буын үндестігі, дыбыс үндестігі анықталады, түбір мен қосымша жігіндегі ілгерінді, кейінді ықпалдар табылады, екпін қойылады) .

Қазақ тілі бойынша талдау мынандай орындарда қолданылады:

1) жаңа материалды түсіндіру процесінде; 2) материалды бекіту кезінде; 3) оқушылардың өздік жұмыстарында; 4) үй тапсырмаларын орындауда; 5) оқушылар білімін есепке алуда; 6) түрлі дағдыландыру, жаттығу жұмыстарын жүргізу үстінде пайдаланылады.

Талдаудың тәсілдері қазақ тілін оқытуда өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамытып, сынып оқушыларының білімін бекітіп, ой-өрісін кеңейтеді. Талдауды белсенді жүргізуде карточкалы дәптер бойынша жұмыс істеу тиімді. Карточкалы дәптер оқушыларды ұқыптылыққа баулып, келешекте ғылыми жұмыспен шұғылдануына жол сілтейді. Ана тілінен алған теориялық білімін мысалдар арқылы талдау процесінде нақтылап, өз пікірін дәлелдеуге үйренеді. Бұндай жұмыстар оқушыларды өздік жұмысқа дағдыландырса, екіншіден олардың сөздік қорын молайтып, көру мен есту, есте сақтау қабілетін күшейтеді.

Карточкалы дәптерде талдаудың тәсілі - сатылы басқыштар бойынша талдау. Ол жеңілден ауырға қарай талдау принципі бойынша жүргізіледі. Бұл талдауды зерттеп, айналымға енгізген ғалым Е. Исабаев [5, 112] .

Мысалы, 1-карточка Дауысты дыбыстар

Ғылым таппай, мақтанба

ғы-лым

ы: т. қ. қ. - жуан, ж. қ. қ- қысаң, е. қ. қ. - езулік.

2-карточка Дауысты дыбыстар

Орын таппай, баптанба

О-рын, тап-пай, бап-тан-ба

о: т. қ. қ. - жуан, ж. қ. қ. - ашық, е. қ. қ. -еріндік.

ы: т. қ. қ. - жуан, ж. қ. қ- қысаң, е. қ. қ. - езулік.

а: т. қ. қ. -жуан, ж. қ. қ. - ашық, е. қ. қ. - езулік

3 -карточка Дауысты дыбыстар

Құмарланып шаттанба

а б а б б б а- буындар

Құ-мар-ла-нып шат-тан-ба

ұ: т. қ. қ. -жуан, ж. қ. қ. - ашық, е. қ. қ. - еріндік

а: т. қ. қ. -жуан, ж. қ. қ. - ашық, е. қ. қ. - езулік

ы: т. қ. қ. - жуан, ж. қ. қ- қысаң, е. қ. қ. - езулік

4-карточка Дауыссыз дыбыстар, дауысты дыбыстар

Ойнап босқа күлуге

Т б б а а а а- буындар

Ой-нап бос-қа кү-лу-ге

[О] - т. қ. қ. - жуан, ж. қ. қ. - ашық, е. қ. қ. - еріндік

[Й] - үнді дауыссыз

[Н] - үнді дауыссыз

[А] - т. қ. қ. - жуан, ж. қ. қ. - ашық, е. қ. қ. - езулік

[П] - қатаң дауыссыз

Қазақ тілі бойынша даяр материалды талдау әдісі

Бұл әдіс белгілі бір тақырыпқа таңдалған дидактикалық материалдарды талдау негізінде жүзеге асырылады. Мұндай жаттығулардың мәтіндері оқулықтан, жаттығулар жинағынан және көркем әдебиеттерден алынады. Мұғалім өтілетін материалдың ерекшелігіне қарай күнілгері дайындалады. Дайын материалды талдауда оқушылар жаңа материалды өткен тақырыппен байланыстырады, материалдың өзіндік белгілерін бір-бірімен салыстырып, анализ жасайды.

Дайын материалды талдау түсіндірмелі жаттығулар бойынша өткізіледі. Орындау тәсіліне қарай түсіндірмелі талдау екіге бөлінеді: ауызша және жазбаша талдау. Жаттығуды ауызша талдауда мынандай методикалық талаптар қойылады: а) оқытылып отырылған материалдың өзіндік белгілері көп болмауы тиіс; ә) тақырыптың анықтамасы сөйлем жағынан ықшам болуы қажет; б) орындалатын жаттығудың мақсаты күрделі болмауы керек; в) жаттықтырылатын материалдан оқушылардың жалпы түсінігі болғаны дұрыс.

Жаттығуды ауызша талдау арқылы оқушыларда мынадай дағдылар қалыптасады: 1) оқушылардың білімі бекітіледі; 2) есту қабілеті дамиды; 3) сенімділік қабілеті нығаяды; 4) байқау қабілеті тұрақталады.

Фонетикалық талдау әдісі. Бұл әдіс қазақ тілінен білім мен дағды беруде жиі қолданылады. Талдау белгілі бір тілдік материалдарды ыдырату деген мағынаны аңғартады. Сондықтан мұны анализ әдісі деп те атайды. Талдау ыдырату және біріктіруден құралады. Талдауды ыдырату деп, ал біріктіруді жинақтау деп қараса болады. Осы екі қасиетті өз ішіне қамтитын талдау - фонетикалық талдау әдісі деп аталады.

Лексикалық талдау . Мектепте оқушының сөздік қоры екі түрлі жағдайда байып, толығып, жетіліп отырады. Мұғалім қазақ тілі сабағында сөздің этимологиясына, оның шығу тегіне, құрамына грамматикалық талдау жасап отырғаны жөн, себебі оқушы үйренетін сөзінің қайдан, қалай шыққанын білуге құмартады. Және ондай сөздер оқушының ойында мәңгі сақталады. Кейбір қос сөздердің бір сыңары түсінікті болса, екіншісін түсіну қиын, себебі сөз мағынасынан айырылған. Мұндай жағдайда мұғалім оқушыларға қос сөздің түсініксіз сыңарын түсіндіріп, талдау жасауы қажет. Мысалы, «Еліміз ұлан -байтақ». «Ұлан» - моңғол сөзі, «көп» деген мағынаны білдіреді.

Қазақ тілі сабақтарында түрлі сөздіктерді пайдалануға үйретіп, сөздердің мәнін ажыратып, мағынасына талдау жасай алуға дағдыландырған жөн.

6. 2 Грамматикалық, орфографиялық талдау

Бұл оқушыларды грамматикалық және орфографиялық құбылыстардың ара-қатынасын түсінуге, орфографиялық қиыншылықтарды таба білуге және оқыған құбылыстарын таба білуге дағдыландырады. Бұл талдау өз алдына жаттығу ретінде немесе басқа жаттығулардың элементі ретінде де жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаттығу түрлері, жаттығу арқылы тіл дамыту
Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытудың әдістемесі
Қазіргі қазақ тілі морфологиясын оқытудың теориясы мен практикасы
Грамматикалық анықтамалардан кейін қолданылатын жаттығулар
ЖАТТЫҒУ ТҮРЛЕРІ, ЖАТТЫҒУ АРҚЫЛЫ ТІЛДІ ДАМЫТУ
Бастауыш сыныптарда қазақ тілінің морфологиялық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру
Бастауыш сыныптарда морфологиялық ұғымдарды оқытудың мәні
Орфографияны оқытудың лингвистикалық, психологиялық және методикалық негіздері
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша жүргізілетін жазба жұмыстары
Жас балаларды жүзуге оқытудың әдістемелерінің сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz