Сарай Бату


Алтын Орда мемлекетінің тұсында іргесі қаланған бұл қала Қазақстанның Атырау қаласына таяу жердегі Жайық өзенінің жағасына салынған. Сарай Бату, Сарай Беркеден кейінгі әйгілі қаланың бірі. Сондағы көзқарақты үлкендердің айтуынша, алдыңғы екі қалаға қарағанда шағындау болуына байланысты Сайайчик деп атала келе, кейін Сарайшық болып кеткен дейді. Әрине, бұл орыс тарихи жазбаларындағы деректер бойынша айтылған сөз екенінде күмән жоқ. Ал кейбір деректерде Әз-Жәнібек хан қызына арнап үлкен көл жасаған. Сол көлдің жағасындағы жасыл жағалауға әсем күмбезді самалдықтар салдырып, төбелеріндегі айшықтары алтынмен безендірілген. Көлдегі қыз сейілдейтін қайықтың өзі алтын айшықтармен бедерленген дейді. Осыған байланысты қала Сарыайшық қаласы деп аталып кеткен көрінеді.
Сарайшық кезінде жеті ханның астанасы болған, әрі олардың сүйектері де сонда жерленген екен. Одан өзге де көптеген таңғажайыпты басынан кешірген қала терең жұмбақты сырларға бай. Ол жеті хан мыналар:
Мөңке Темір (1266-1282),
Тоқтағу (Тоқты) (1291-1312),
Жәнібек (1343-1357),
ӘмірОхас (14. . -1447),
Қасым хан (1511-1518),
Шаих-Мамай (1542-1549),
Жүсіп (1549-1554)
Сонымен бірге басқа да жүзге тарта хандар осында өмір сүрген. Исі қазаққа аты мәжһүр 12 әулие де осында жерленген. Әз Жәнібектің баласы Қасым хан тұсында мемлекеттің халқының саны милионнан, әскер саны 100 мыңнан асыпты. Атақты «Қасым ханның қасқа жолы» осы қалада жазылып қолданысқа ене бастаған. Бұл ретте мына жаңалықты да еске салғым келеді. Кезінде Қытайдағы қандастарымыздың арасында сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп, Албандағы Қоңыр бөрік руынан шыққан әйгілі қара үзген шипагер - Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баяны» кітабы да осы Сарайшықта жазылған екен. Ол кітап 1994 жылы төтө жазумен жарық керген. Кейін Алматыдағы «Жалын» баспасынан жазушы Бексұлтан Нұржеке екінші рет кириллицамен басып шығарады. Айтары мол, берер мағлұматы құнды, жаңалығы ұшан теңіз осы кітапта Өтейбойдақ былай дейді « . . . Жан анда Жиренше шешен, Жәнібек ханның қарамшасымын, жылым иіртек (ұлу) 85 ке келдім . . . » деген сөзі осыған айғақ.
Алтын Орда мемлекетінің құлашын кеңге жайып тұрған кезінде, Ұлы Жібек жолының бағытымен Сарайшықта сапырылысқан саудамен қайшалыс қан керуенен бас айналатын болған. Қалаға Әр күні мыңдаған адам кіріп, мыңдаған адам шығып жатады. Қалаға келгендердің де кеткендердің де барлық қажетін өтеп тұрған. Тек қана керуеннің, көптігінен Жайықтағы үлкен көпірдің кезегін күте тұруға тура келіпті. Сан түрлі шаруаның жайымен жүретін халықтың біразы су жолы арқылы кемелермен қатынасып отырған. Қаладағы тұрғын үй, керуен сарайы, сауда алаңы, базар, мешіт-медіресе, онан ары хан ордасы салтанатпен сап түзеп, қаланың көркін кіргізген. Қабырғалардың биіктігі 6-11 метр шамасында болған. Қаланың бір жағы Жайық өзені арқылы, қалған үш жағы биік қорғанмен қоршалып, сыртынан терең ор қазылып, ішіне су толтырып тастайтын болған. Осылайша айналасының сақтығын күшейткен әсем қалада көк тіреген мұнаралар самсап, азан дауысы асқақтап, ғылым-білім, сауда-саттық, қолөнердің дамуына да кең жол ашылып, халқы бай, бақытты өмір өткізіпті. Әрбір аулада су толы хауыздар арнайы тартылған құбырлармен күні-түні мөлдіреген ауыз су үйге кіріп тұрған екен. Бір араб жиһанкезі: « . . . жер бетінде мен көрмеген қала жоқ шығар. Ал мынадай үй басы сайын суды өз ауласынан шығарып, ішіп отырған елді бірінші көруім!» деп таңдай қағып, таң-тамаша болыпты . . .
Өкініштісі сол, осындай көрікті қаланы 1575 жылы орыс патшасы Иван Грозный жермен жексен етіп қиратып, түгін қалдырмай өртеп күлге айналдырып жіберді. Ол түркілерге енді қайтып мұндай кереметті бұйыртпайын деген қызғанышпен биікте, гүлденген мәдениеттің озық үлгісін жауыздықпен аяққа таптады. Асылдары мен алтындарын артып-тартып еліне қайқайды.
Бес ғасырдан бері Жайық өзені қалаға қарай 5 шақырымдай аунаған екен. Соның нәтижесінде қаланың негізгі орталығын су шайып кетіпті. Әзірге сақталып отырғаны 30 пайызы ғана, мұның да жартысы осындағы шағын елді мекеннің астында жатыр. Жар қабақ астындағы су жиегі, қала табанынан шығып қалған адамның бас сүйегі, бақыр ақшалар, қызыл қыш кірпіштерді біз де кездестірдік.
И. Тасмағамбет Атырауға әкім болып барған тұста осы бір сүреңсіз жағдайды көріп, шұғыл жұмысқа кіріскен болатын. Сарайшық қаласының соңғы сыбырын естіп қалуға бел байлап, су алып бара жатқан бөлігін қаздырып, қыруар жұмыс істеткен. Әрі көлемді аумаққа өзеннен алыстау ауыл ортасына мұражай тұрғызып, табылған жәдігерлердің, тарихи құнды экспонаттардың барлық түрін сонда қойғызады. Бұл да болса тарих қойнауында тұншыққан ата-баба үнін, бізге жеткізіп хабардар етіп тұр.
Сарайшық қаласындағы мұражайда: Тау шайқалса да, тарих шайқалмайды - деген халқымыз. Осы мұражай есімізді жинап, тәуелсіз ел болып, ата-бабамызды еске алудың дәлелі.
Жас ұрпақ тарихтан өнеге алып, қазақ елін, кең байтақ жерін сүйіп өссін! Баршаңызға жақсылық тілеймін.
Президент: «Н. Назарбаев 3/І X. 1999 жылы» - деген Елбасының арнау сөзі тасқа қашалып кіре беріске қойылыпты. Міне, бұл көргендеріміз Сарайшықтың көшесіне көз жібере отырып, бүгінгі күйіне тоқталғандағы түйгендеріміз. Сарайшық та қазақ хандарына астана болған Ташкент, Түркістан секілді тарихта аты аңыз болған қасиетті қаланың бірі. Осыны бүгінгі ұрпақтың біле жүргені артық болмас?! Сондықтан да тарихты білу өзімізді де, өзгені де тануға таптырмайтын жол.
Ортағасырлық Сарайшық қаласы
Сарайшық қаласының құландысы Атырау қаласынан солтүстікте 58 шақырым жерде, Жайық өзеннің оң жағалауында қазіргі Сарайшық ауылының түбінде. Қазіргі кезде қаланың үштен бір ғана бөлігі сақталған. Қалғанын Жайық өзені шайып кеткен.
Сарайшық қаласы ХІ-ХІІ ғасырларда салынған. Ол туралы жазба деректер жоқ болса да, археологиялық қазба кезінде дәлелденген. А. Х. Марғұлан Сарайшық қаласына қазба жұмысын жүргізіп, кезінде ХІ-ХІІ ғасырлар кезеңіне жататын ғимарат қалдықтарын ашты (1) . Қазбадан табылған қыш ыдыстар XI-XII ғасырлар кезінде жасалған (2) . Бұндай қыш ыдыстар Отырар, Тараз қалаларынан кездескен.
Жазба деректерден көңіл аударалық дерек, 922 жылы Аббасидтер халифы Жафар ал-Муктадир биллахтың елшісі Ибн-Фадлан Бағдаттан Атил (Еділ) бойындағы бұлғар есліне жіберілгенде Джаих (Жайық) өзенінен өткен. Оның өткен жері Сарайшық қаласының тұсы болса керек. «Бұл біз көрген ең үлкен өзен, оның ағысы тым қатты. Шындығында, мен жүктердің қалай ауғанын және өткелде кісілердің суға ағып кеткенін өз көзіммен көрдім. Жалпы, біз өткелден өтерде көптеген адамдарымыздан, түйслер мен жылқыларымыздан айырылдық. Біз Жайықтан төтенше қиындықпен өттік» (3) . - деп жазады. Орта ғасырда өткел елді мекен мен қала маңына ғана салынған. Шамасы Каракорумға саяхат шеккен Плано Картини мен Гильом Рубрук Жайық өзенінен XIII ғасыр ортасында өткенде Сарайшық қаласы тұсындағы өткелден өткен. Олар Жайық өзенінен өткені туралы мәлімет келтіреді.
Плано Карпини 26 ақпан 1246 жылы Қарақорымға саяхатында Жайықтан өткен» . . . третью - Волгу, это река очень велика, у нее переходить с места на место Бату, четвертая называется Яик (Jаес), у нее переходят с места на место два тысячника, один с одной стороны реки, другой с другой стороны» (4) .
Г. Рубрук 7 жылдан соң Каракорумға саяхатында Жайық өзенінен өткені туралы жазады. «Проехав 12 дней от Этилии, мы нашли большую реку, именнуемую Ягак; она течет с севера из земли Паскартир и впадает в вышеупомянутое море» (5) .
Бұл кезеңде Сарайшық кішкене мекен болған болса керек. Сондықтан ол деректерде аталмайды.
Қаланың салынуы жазба деректерде XIII ғасыр басында болған деп көрсетіледі.
Әбілғазы Бахадүр хан (XVII ғасыр) Сарайшықты Батухан (1221-1256 жылдары) салған деп жазады. «Береке хан болғаннан соң ұлық той жасап, көп сыйлықтар берді. Барлық аға-інілеріне Батухан бағындырған ұлыстарды бөліп берді. Қағанға көп сый-сиапат жіберді. Одан соң құдайтағала бір күні Берке ханның көңіліне мұсылмандықтың ұрығын сеуіп, өз дінінің бос нәрсе екенін білдірді. Бір күні аттанып, ағасының салдырған Сарайшық атты шаһарына барды. Мұнда Бұхарадан көп керуен келіп жатыр еді. Ол керуеннің ішінен жақсы кісіні бір аулақ жерге шақыртып, мұсылмандықтың шарттары мен тарихын сұрады. Бұл кісілер мұсылманшылықты жақсы баян қылды. Берке хан таза жүрегімен мұсылман болды. Одан соң інісі Тоқай Темірді шақырып, бұл сырын оған айтты, ол да мұсылман болды. Сосын ол халқына исламға сенуге жарлық берді . . . (6) .
Сарайшылық Батыс пен Шығысты жалғастырып жатқан өте қолайлы жерге салынған қала болды. Азия мен Европаға өткен керуен, саяхатшылар үшін, жол тек қала арқылы ғана өтті. Бұның өзі қаланың тез өсіп өркендеуіне себебін тигізді.
Көптеген көпестер мен саяхатшылар қала туралы жазбалар мен деректер қалдырды.
Сарайшықта салтанатты сарайлар, керуен сарайлар, моншалар, меішт-медресселер және басқа да ғимараттар салынды.
Қаланың төңірегінде бекініс қамалдар болмады. Алтын Орда мемлекетінің қалаларында қорғаныс қамал салынбады. Сырттан келетін жау жоқ еді.
Сарайшық туралы алғаш мәлімет берген араб көпесі әрі жиһангезі Ибн-Батута еді. Ол мұнда 1333-1334 жылдары келді. Ибн-Батута өзінің «Саяхатнамасында» былай дейді: «Сарайдан шығып, он күннен кейін біз Сарайджук деген қалаға жеттік, джук - кіші деген мағынаны береді. Ол Ұлысу деп аталатын үлкен әрі ағынды өзеннің жағасына орналасқан. Онда Бағдаттың көпіріндей қайықтардан жасалған көпір бар . . . Осы қалада біздің аттылы-арбалы сапарымыз аяқталды. Біз онсыз да арып-жадаған ат-көлігімізді қаладағы арзаншылыққа байланысты, әр жылқыны төрт күміс динарға бағалап, төмен бағамен саттық. Арбаға жегу үшін біз түйелер жалдадық. Бұл қалада түркіден шыққан құрметті тақуа діндар кісінің тұрар жайы (Завия) бар, оның аты - Ата. Ол бізді қонақ қылды әрі батасын берді. Бізді тағы да осы қаланың аты-жөні менің есімде қалмаған бір қазысы қонаққа шақырды. Біз осы арадан Хорезмге дейін отыз күн суыт жүрдік, жол бойы тек екі-ақ сағат, бірде түс әлетінде, енді бірде ақшамда ғана аялдадық».
Сарайшық атауы қалай шыққаны белгісіз. Моңғолдар «Сарашук», «Кіші сарай» деп атаған, қазақтар Сарай сөзіне «шық» шылауын жалғап «Сарайшық» деп атаған. Орыстар Сарай сөзіне «чик» жалғауын қосып «Сарайчик» деп атаған. Жалпы Берке Сарай үлкен сарай болса, онда кіші Сарай - Сарайшық болып аталған.
Сарайшықта Алтын Орданың 5 ханы және қазақтың бір ханы жерленген. Соған қарағанда мұндағы зиратхана өте қасиетті әулиелі жер деп есептелген. Ол туралы Әбілғазы Бахадүр хан жазған.
Бірінші жерленген Мөңке Темір хан (1280 жылы) Ол Алтын Орданы моңғол империясынан толық дербестеді.
Екінші жерленген Тоқта хан (1312 жыл) . Оны Марко Поло «Батыстың патшасы деп атаған. Оның тұсында Алтын Ордада феодалдық жікшілдік тоқтады. XIV ғасыр басында мемлекет күшейді.
Үшінші жерленген Жәнібек хан 1357 жылы өлді. Ол Орта Азиядан астана Сарайшыққа келген тақ мұрагері өзінің ағасы Тыныбекті өлтірді. Әзербайжан Алтын Ордаға қосылды. Өлімі ұлы Бердібектен болды.
Төртінші жерленген хан Бердібек. Ол 1359 жылы бауыры Құлнаның қолынан өлді.
Бесінші жерленген 1395 жылы қазіргі Түмен қаласы жанында қаза болған Тоқтамыс хан.
Алтыншы жерленген 1518 жылы қазақ ханы Қасымхан.
Сонымен бірге эпикалық батырлар Ер Тарғын, Қамбар батыр және көптеген бекзадалар мен мырзалар да осында жерленген.
Сарайшықтың қарқынды дамуы, әсіресе қоғамдық және діни ғимараттардың көптеп салынуы 1263 жылы Берке ханның ислам дінін қабылдауынан соң жүзеге асты. 1310 жылы Өзбек хан исламды мемлекеттік дін деп жариялады.
Сарайшықта 1341 жылы Жәнібек, 1357 жылы Бердібек хандар таққа отырды.
Сарайшық аумағын италиялық Фра Мауро 1340 жылдары картаға түсірді.
XV ғасырда Антоний Женкинсен қаланың орналасқан жерін картаға түсірді.
XV ғасырдан XVI ғасырға дейін ноғайлар қоныстанған Сарайшық қаласы өркендеп дамып отырды. Онда егіншілік пен бау-бақша, қолөнер дамыды. Жайық өзенінің тасуы қаланың көптеген аудандарына зиян келтірді. Қала ғимараттары жағадан аулақ жерге қайта салынып отырды.
Қала халқы, қолөнер, сауда-саттық және керуендер мен саяхатшыларға қызмет көрсету арқылы күн көрді. Жайық өзенінің мол балығы негізгі тамақ түрі болды. Балық сүйегі үйлердің қазбасынан көптеп табылды.
Каспий теңізі арқылы сауда кемелері Сарайшықтан Еділдегі Сарайға жүзіп баратын. Мұның өзі сауданың дамуына ықпал жасады. Генуя көпесі Франческо Пеглоттидің 1340 жылы шыққан «Сауда ісінің кітабы» мен Итальяның солтүстігіндегі Тосканалық беймәлім автордың жазбасында: Еділдегі Сарайдың тұсында тауарлар тиелген кемелерді Дон өзеніне дейін құрлық арқылы астына бөрене төсеп сүйреп жеткізетін бекет тұрған, одан әрі тауарлар Қара теңіз бен Жерорта теңізіне жеткізілген. Каспий теңізінің кез-келген жағалауынан Сарайшықтан шыққан кемелер бара алатын болған.
1360-1370 жылдары Алтын Ордада тақ үшін ақсүйектер арасында қырқыс басталды. Соғыс пен саудадан байыған ақсүйектер орталыққа бағынбады. 1359 жыыы Батудың ұрпағы, Бердібек өлді. Сарай тағына Орда Еженніі ұрпақтары Ақ Орда хандары дәмелі болды. Қуыршақ Хандар таққа отырды, тақ соғысы басталды. Билікті алған хан басқа бақталастарының тұқымдарын қырып отырды. Қала 1370 жылы Шайбан ұрпағы Айбектің құзырында болды. Орданы Ежен ұрпағы Орыс хан биледі, кейін Шайбан тұқымы Арабшах иемденді.
XVII ғасыр тарихшысы Махмуд Ибн Залидтің мәлімдеуінше Сығанақтағы Ордасын Сарайшыққа ауыстырмақшы болады.
1380 жылы Әмір Темірдің қолдауымем Тоқтамыс Алтын Ордадағы билікті өз қолына алады. Кейін Ақсақ Темір мен Тоқтамыс арасында билікке талас басталды.
Темірдің өмірбаяншысы Ибн Арабшах: «Оның алдыңғы қатарлы әскерлері Азаққа шейін жетіп, Сарай, Сарайджук, Хаджитархан қалаларын және бүкіл осы аймақтарды талқандады», - деп жазды.
Кейбір пікір бойынша Сарайшыққа Ақсақ Темір тиіспеген. Қаланың құлдырауы жалпы Алтын Орданың ыдырауынан, өзара қырқысуы соғысынан да болуы мүмкін.
Алтын Орданың құлауы барысында Жошы әулетінің өкілдері бұл мемлекетті қайта жаңғырту және оның билеушісі болу ииетімен ешқашан тайған жоқ. Билікке үміткерлердің ішінде Қазақ хандығының негізін салушы Жәнібектің әкесі. Орыс ханның немересі Барақ Оғлан болды. 1421 жылдары Сырдария өңірінен астанаға келген Барақ хан тақты тартып алды, бірақ кейін тақтан тайып, өзара бақталастық соғыста қаза табады. Барақтың басын шауып алған жеңімпазға Сарайшық қаласын «даруға» мансабын беруге уәде жарияланған.
Ноғайлық кезсң XV-XVI ғасырға сәйкес келеді. Ноғай астанасы болған қалада осы кезеңде жасалған сағана-зираттар зор мәлімет береді. Сағаналарды зерттеу - ноғай тарихы туралы тың деректер көзі. Жерлеу дәстүрін зерттеу арқылы оның қай кезеңге қай халықтыкі екенін анықтауға болады. Қазақ тарихында ноғайлы кезеңі аз зерттелген. Кейбір зерттеушілер ноғай кезеңін XIV ғасыр соңғы ширегі мен XV ғасырдың бірінші жартысына жатқызып жүр.
Ноғайлар төртке бөлінген: сары ноғай, қара ноғай, маңғыт ноғай, кавказ ноғай.
Ноғай ұлысы ыдыраған кезінде көптеген рулар қазақ халқының құрамына кірді. Ноғай-қазақ акындары Асан-қайғы, Сыпыра жырау, Доспамбет, Қазтуған, Шалгездер болған. Қазіргі кезде де ноғай мен қазақ тілінің айырмашылығы жоқ.
Ноғай батыр Алтын Орданың қолбасшысы болды. Өзінің Ордасы ретінде Сарайшық қаласын таңдап алды. Ноғай Алтын Орданың негізгі бтлеушісі болды. Тақталасы кезінде хандардың бақталасына араласып отырды. 1300 жылы өлтірілді. Оның қол астындағы рулар өздерін ноғай жұртымыз деп атады.
Сарайшықта Ноғайдың Маңғыт тайпасының өкілдерінің билігі үстем болды. «Ноғай этнонимі XV ғасыр аяғында ғана пайда болды. Ноғай Ордасының территориясына Еділ мен Жайық арасындағы дала кірді.
Ноғай Ордасының құрамына жиырмадан астам тайпа мен рулар: наймандар. қыпшақтар алаштар, қаңлылар, алшындар, қоңыраттар, қатағандар, ұйғырлар, ткайлар, маңғыттар және т. б. енді. Бұл негізінен этикалық емес, саяси бірлестік болды. Ноғай Ордасы құлағаннан кейін көптеген рулар мен тайпалар этникалық құрамын және рулық байланыстарын сақтай отырып, қазақ халқының қалыптасуының күрделі процесіне қатысып, қазақ жүздерінің құрамына енді.
Сарайшықта ислам дінінің өкілдері: Сейідтер, шейхтер, молдалар, қажылар, хафиздер, суфиилер, дервиштер тұрды. Олардың көбі қала зиратына жерленген.
1420 жылдардан кейін Сарайшық атақты Әмір Едігенің баласы Нұрадиннің (1426-1440) және немересі Оқас тұрғанда жеке мемлекет - Ноғай Ордасы болып құрылған Маңғыт әулетінің орталығына айнала бастайды. Поляк географы Матвей Маковецкийдің айтуынша, соңғының балалары Сарайшыққа қоныстанып, көбейе келе ірі Ордаға айналған.
ХVІ ғасыр Сарайшық қазақ хандығының ордасына айналды. Қасымханның (1511-1521 жылдар) жер иелігіне Каспий жағалауы мен Жайық өңірі кірді.
XVI ғасырда тарихшы, әдебиетші М. Х Дулатидің әйгілі «Тарихи Рашиди» шығармасында: Қасымнан бұрын хан болған Бұрындық біраз уақытқа дейін өз ордасын Сарайшықта ұстаған және сол жерде Қасым хан дәрежесін иеленбесе де, оның билігі үстем болғаны сонша ешкім де Бұрындық хан туралы ойламады», - деп жазды. Шежіреші Ораз-Мұхамедтің жазбасында: «Әрқайсысы (Жәнібек ханның ұлдары мен немерелері) өз ордасын құрды, сонда билеуші болып, атақ-даңққа бөлене білді. Олардың есімдері әлі күнге дейін ел есінде. Солардың бірі Жаған-бегімнен туған Қасымхан еді. Ол біраз уақытқа дейін әкесінің ұлысында билік құрды және көптеген көріш елдерді бағындырды, оны бүгінде барлығы есте ұстайды. Ол Сарайшықта қайтыс болды және оның зираты қазір де сонда орналасқан.
Қасымханның Сарайшықта жерленгенін XVIІ ғасыр К. Жәлайыри: Жамиғ ат-Тауарих еңбегінде де жазады (17) . XVIII ғасыр ортасына дейін Қасым ханның мазары осы жерде сақталған, оған халық зиярат етіп отырған. Сарайшық қаласы XVI ғасыр. Ортасында қазақ хандығы билігінен шығып қалды. 1568 жылдары Хақназар хан (1538 - 1580 жылдар) қаланы қайтадан қазақ жеріне қосты. Сарайшық қаласы негізінен ноғайлардың мекені болды. Австралияның Москвадағы елшісі Сигизмунд Герберштейннің 1549 жылы айтуынша Сарайшықты бұл кездері ноғайлының бекзадасы Шидак басқарған. Ол картада Сараншықты Жайық өзенінің сол жағалауына орналастырды (18) .
1558 жылы осы жерлерде болып қайтңан ағылшын көпесі Антоний Дженкинсон осы пікірді растайды. Ол Сарайшық қаласын және басқа да елді мекендерді өзінің атақты картасына түсірген. Иван Грозныйдың рұхсатымен Каспий теңізінің Солтүстік-шығыс жағалауына саяхат жасаған. Ол былай деп жазады: "Каспий теңізінен бір күндік сапар шегіп, үлкен өзеннің жағасына салынған Сарайшық қаласына келдік. Қала ІІІығыс пен батыстың ортасындағы керуен, сауда жолының бойына салынғандықтан, қолөнері мен саудасы дамыған, гүлденген қала екен", - дейді.
Қаланың өмірі Жайық өзеніне байланысты болды. Өзен тасығанда егістік пен жайылымдарға зиянын тигізді. Қаланы су қаптап көптеген ғнмараттарды қиратып тұрғындар өміріне қауіп төндірді.
Ноғайдың әйгілі бектербегі Смайыл 1557 жылы орыс патшасы Иван ІҮ-ге: " . . . Сарайшық егістерін су басып, қаңырап бос қалды . . . Сен бізге бір кеме тұқымдық астық жіберсеңіз екен", - деп хат жазды (19) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz