Сарпай мен қынаптың жарақаттары
Кіріспе .
1 Негізгі бөлім .
1.1 Сарпай мен қынаптың жарақаттары..
1.2 Жатырдың жыртылуы
1.3 Іштің жарақаттануы
1.4 Қуықтың түсуі
1.5 Жамбастың сынуы
1.6 Мықын . құйымшақ буынының созылуы мен шығыуы .
1.7 Жатырдың айналуы мен түсуі
1.8 Шудың түспей қалуы..
2 Өзіндік зерттеу.
3 Техникалық қауіпсіздік..
Қорытынды ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Сарпай мен қынаптың жарақаттануы үй жануарларының барлығында да ұшырайды, әсіресе туу жолдары тар, тұмса туған жануарларда жиірек болады.
Себептері. Сарпай мен қынаптың жарақаттауыеа өте ірі төлді іштен тартып шығару немесе төлдің теріс келуі, акушерлік аспаптардың тайып кетуі себеп болуы мүмкін. Көбіне сарпай мен қынаптың жарақттануы бұтарланған төлдің шошайған сүйегінен болады. Сонымен қатар, қынып пен сарпай туу жолы құрғақ болғанда төлді тартып шығару салдарынан жыртылады.
Белгілері. Сарпайды зерттегенде , оның жарақаттанғаны немесе жыртытлғаны білінеді. Онымен қатар, сарпайдың едәуір ісінгенін жиі кездестіруге болады.
Қынаптың ішіндегі кішірек жарақаттарды тек зерттегенде байқауға болады.
Егер қынапта терең жара болса, жануардың халі ауырлайды. Мұндай жағдайда жануар бүкірейіп, ұзақ уақыт жатып қалады, ал құйрығын жыныс рогандарынан аулақ ұстайды; сонымен қатар, оның сарпайы іседі. Жылқыда денесінің жалпы температурасы көтеріледі, тіпті күшену, шамалы өлітию белгілері де байқалады. Терең жарақаттануда шарбы, ішек немесе қынап қуықтың ішіне түсіп кететіндігін де ескеру керек.
Мұндай белгілер болса, қынапты зерттеп, жарақаттың орнын және көлемін танықтау қажет.
Болжау. Тіпті сарпай мен қынаптың сол болмашы жарақаттарының өзі де септикалық инфекцияның жұғуына себепкер болуы мүмкін. Әсіресе, сепсистің шығуына қынапта ұзақ жатып шіріген төлді немесе шуды тартып шығарғанда жануарға үлкен қауып туады. Қынаптың төменгі қабырғасындағы жарақаттар жоғарғы қабырғасындағылардан қауіптірақ келеді; қынаптың сірлі қабаты бүлінбеген жарақаттардан гөрі, тесіп өткен жарақаттар қауіптірек. Сонымен, көлемді жарақаттар, ішек түсу, қансырау немесе сепсис салдарынан малдың өлімге ұшырауы мүмкін.
Емдеу. Қынаптың жарақаты қандай болса да шуды дереу түсіру керек. Ұсақ жарақаттарға немесе сызаттарға күн сайын йод жағады. Тереңірек жарақаттарды күн сайын марганецқышқылды калий ерітіндісімен дезинфекциялап, содан кейін дезинфекциялағыш маймен сылау ұсынылады. Егер күшті қан ағу болса, оны ашудастың 3 проценнттік ерітіндісіне малнған дәке тампонымен тоқтату керек. Терең жара мен қынарқа ішкі органдардың түскені байқалса, оларды орнына салып, жараны тігу керек.

1. Ветеринария акушерства и гинекология селхоз животных. А.П. Студенцов М,1970 г. (1)
2. Мал аурулары және емдеу. Қибасов Мади (2)
3. Ауыл шаруашылық малдарының акушерствасы, гинекологиясы және қолдан ұрықтандыру. Құрбанов С. Шымкент, 2009 ж (3)
4. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностикасы. А.Есқожаев,Қ. Айтжанов (4)
5. Акушерства, гинекология и искусственные осеменение сельхоз животных. Курбанов С. Шымкент, 2003 г. (5)
6.Искусственные осеменение сельхоз животных. Г.В.Приутин, Н.К.Михайлов, Н.Е.Козлов. М, 1976 г. (6)

Мазмұны
Аннотация
Белгілер мен қысқартулар
Анықтамалар
Нормативтік сілтемелер
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .6
1 Негізгі бөлім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1.1 Сарпай мен қынаптың жарақаттары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1.2 Жатырдың жыртылуы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1.3 Іштің жарақаттануы ... ... ... ... ... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1.4 Қуықтың түсуі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .. . . . . . . . . . . . . . . .
1.5 Жамбастың сынуы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
1.6 Мықын - құйымшақ буынының созылуы мен шығыуы . . . . . . . . . . . . .
1.7 Жатырдың айналуы мен түсуі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .
1.8 Шудың түспей қалуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 Өзіндік зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1 Негізгі бөлім
1.1 Сарпай мен қынаптың жарақаттары
Сарпай мен қынаптың жарақаттануы үй жануарларының барлығында да ұшырайды, әсіресе туу жолдары тар, тұмса туған жануарларда жиірек болады.
Себептері. Сарпай мен қынаптың жарақаттауыеа өте ірі төлді іштен тартып шығару немесе төлдің теріс келуі, акушерлік аспаптардың тайып кетуі себеп болуы мүмкін. Көбіне сарпай мен қынаптың жарақттануы бұтарланған төлдің шошайған сүйегінен болады. Сонымен қатар, қынып пен сарпай туу жолы құрғақ болғанда төлді тартып шығару салдарынан жыртылады.
Белгілері. Сарпайды зерттегенде , оның жарақаттанғаны немесе жыртытлғаны білінеді. Онымен қатар, сарпайдың едәуір ісінгенін жиі кездестіруге болады.
Қынаптың ішіндегі кішірек жарақаттарды тек зерттегенде байқауға болады.
Егер қынапта терең жара болса, жануардың халі ауырлайды. Мұндай жағдайда жануар бүкірейіп, ұзақ уақыт жатып қалады, ал құйрығын жыныс рогандарынан аулақ ұстайды; сонымен қатар, оның сарпайы іседі. Жылқыда денесінің жалпы температурасы көтеріледі, тіпті күшену, шамалы өлітию белгілері де байқалады. Терең жарақаттануда шарбы, ішек немесе қынап қуықтың ішіне түсіп кететіндігін де ескеру керек.
Мұндай белгілер болса, қынапты зерттеп, жарақаттың орнын және көлемін танықтау қажет.
Болжау. Тіпті сарпай мен қынаптың сол болмашы жарақаттарының өзі де септикалық инфекцияның жұғуына себепкер болуы мүмкін. Әсіресе, сепсистің шығуына қынапта ұзақ жатып шіріген төлді немесе шуды тартып шығарғанда жануарға үлкен қауып туады. Қынаптың төменгі қабырғасындағы жарақаттар жоғарғы қабырғасындағылардан қауіптірақ келеді; қынаптың сірлі қабаты бүлінбеген жарақаттардан гөрі, тесіп өткен жарақаттар қауіптірек. Сонымен, көлемді жарақаттар, ішек түсу, қансырау немесе сепсис салдарынан малдың өлімге ұшырауы мүмкін.
Емдеу. Қынаптың жарақаты қандай болса да шуды дереу түсіру керек. Ұсақ жарақаттарға немесе сызаттарға күн сайын йод жағады. Тереңірек жарақаттарды күн сайын марганецқышқылды калий ерітіндісімен дезинфекциялап, содан кейін дезинфекциялағыш маймен сылау ұсынылады. Егер күшті қан ағу болса, оны ашудастың 3 проценнттік ерітіндісіне малнған дәке тампонымен тоқтату керек. Терең жара мен қынарқа ішкі органдардың түскені байқалса, оларды орнына салып, жараны тігу керек.
1.2 Жатырдың жыртылуы
Жануарлардың жатырының туғаннан кейінгі жыртылуына жиі ұшырайды.
Себептері. Жатырдың жыртылуына аяқтары дұрыс орналаспаған, теріс келген және теріс позициялы төлдерді күшпен тартып шығару себеп болады. Әсіресе аяқтарын тізесінен, иығынан бүгіп, бауырына жыйнап алған төлдердің аяқтарын жазу кезінде енесінің жатыры жыртылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда көбінесе шат сүйегінің ілгері жиегіне жансатын жатырдың төменгі бөлімі жарақаттануы мүмкін. Акушерлік ашаның, көз ырғақтарының немесе басқа акушерлік аспаптардың тайып кетуінен де жатыр жыртыла береді. Кейде жатырдың жыртылуына жанбастың қыйсық бітуі, жатыр мойнының жібімеуі де себеп болады. Теріс и келген төлдің мүшелерін түзетудің кезінде жануардың күрт құлап акетуі де жатырдың жыртылуына себеп болады.
Белгілері. Жатырдың көп жыртылуы туу кезінде толғақтың тоқталуына себеп болады. Жатырдың жыртығы өте үлкен болса, төл туғаннан кейін іле - шала жануардың дене температурасы көтерілгені және кейде күшенетіні байқалады. Жатырдың жыртылуы салдарынан сыртқы қан ағу әрдайым бола бермейді, өйткені қанның ішке ағуы немесе жатырға іркілуі мүмкін. Жатырдың жарақаттануы салдарынан күшті қансырау нәтижесінде қансырау белгілері: көрініп тұрған кілегей қабықтардың өте бозарып кетуі, жиі, әлсіз пульс пайда болады.
Жатыр жыртылуының белгілері ауру сипатын бермейтіндіктен, барлық күмәнді жағдайларда жатыр ішінің бүтіндігін анықтау үшін жатырды зерттеу керек.
Болжау. Жатырдың кілегей қабығы мен ікі мускулдың қабаты жарақаттанса, аурудың ақыры қауіпті болады, өйткені микроорганизмдер ену салдарынан аурудың асқынуы мүмкін.
Тесіп өткен жарақаттар, егер олар жатырдың төменгі жағында болса, орасан қауіпті. Жатырдың жарақаты жоғарғы жағында болса, қауіпсіз болады, өйткені мұнда жатрдағы сұйық зат іш қуысына құйылмауы мүкін.
Емдеу. Жыртылу немесе жарақат байқалысымен шуды жатырдан дереу шығарып тастау керек. Сонан кейін жатырдың жыйырылуын тездету үшін қастауыш ішкізген немесе, ең тәуірі, тері астына питуитрин не питугландоль енгізген жөн. Жатырдың бүйірлік және жоғарғы қабырғалары тесілсе жарақаттанса, стерильденген құтыға салған мұзды жатырға тығып емдеуге болады. Одан басқа, тігу ұсынылады, мұнда тігетін жібек жіптің ұзындығы түйіні сырттан бастап, жібекті біртіндеп тартқан кезде, оның түйіні жараның маңында орналасатындай болуы крек.
Жыртылу толық болмас, ол орынды дезинфекциялап содан кейін жараға ашудас, адренанлин, таннин ерітнділеріне малынған дәке тампон қойым емдейді.
Бұл жергілікті емнен басқа, жалпы емдеу де қолданылады. Өте күшті қансыраса, венаға натрий хлоридының изотониялық ерітіндісі жіберіледі немесе қан ауыстырылып құйылады. Күшену күшті болас, арақ берумен, хлорогидрат жіберумен бәсеңдетуге болады.
1.3 Іштің жарақаттануы
Өте күшті толғақтарда ішек ілмектері жанбас қуысына түсіп, төлдің денесі енесінің жанбас сүйегінің арасына қыстырылады. Бұл уақытта төлді күштеп тартып шығару ішектің жыртылып немесе тіпті оның бүтіндей бөлігі үзіліп кетуі мүмкін.
Белгілері. Ішек жарақаттанысымен жануар жабыға бастайды. Ішектің қозғалысы мен нәжістің шығуы тоқталады. Айналшықтан қан ағады. Кешікпей көрініп тұрған кілегей қабықтары бозарады, дем алуы үстірт, шапшаң келеді, мускулдары дірілдейді.; ішкі қан кетуден тамыр соғуы емескі білінеді.
Болжау. Ақыры жақсы емес.
Едеу мүмкін емес, етін пайдалану үшін малды дереу сою керек.
1.4 Қуықтың түсуі
Туу кезінде немесе туғаннан кейін қуық өзінің кеңіген мойыны мен несеп-жыныс каналы арқылы сыртқа айналып шығып кетеді.
Бұл күшті толғақ кезінде құрсақ пресінің өте қатты жыйырылуынан сиыр мен биеде болады.
Қуықтың түсуіне себеп болатын жағдай оның маңындағы жұмсақ тканьнің өте босуы.
Белгілері. Қыныпта немесе оның сыртында бозғылт яғни қызғылт дөңгелек формадағы ісік болады. Қуықтың жан жағында ораналасақан несеп каналдарынан тамшылып несеп ағады. Бірнеше күннің ішінде кілегей қабық қабыну процесіне шалдығады; мұнда оың түсі қара қошқылданып, ісініп, қан ағады, жануарда жиі күшену байқалып, несебі тоқтау салдарынан тіпті өлітию белгілері де байқалады.
Болжау. Жаңадан шыққан қуықты орнына қайта салу онша қиын емес. Егер қуықтың түскеніне бірнеше күн өткен болса, оның ақыры екіталай, өйткені, біріншіден, түскен қуықты қайта салу кейде тіпті мүмкін болмайды, екіншіден , орнына салғаннан кейін септицемия болуы мүмкін.
Емдеу. Мұқият тазарту, ашудас немесе таннин ерітіндісімен тазалап жуу керек. Қуықта тесілген жарақат болса, жиі етіп тігу керек. Қуықтың көлемін кішейту үшін оны серепімді таңғышпен орайды. Қуықты жануар жүрген кезде қайта салу керек, өйткені қозағалыстағы жануарда шірену болмайды. Егер жануар жүре алмаса, жануарды шалқасынан жатқызып қойып, қуықты салады. Салынған қуық қайтадан түсіп кетпеу үшін несеп каналының қынапқа жалғасатын орнын тігеді, әрине, ол несеп шығатын жол қалдырылып тігілуі керек.
1.5 Жамбастың сынуы
Жамбас сүйегіне төлдің салмағының орасан түсуінен немесе төлдейтін жануардың туу кезінде жығылуынан жамбастың сынуы мүмкін. Жас жануардың туу кезінде шат сүйегі сөгілетіні байқалады, олардың сүйегі тұмса туу кезіне дейін қатып жетілмеген қалыпта болады.
Сүйектің сынуына себеп болатын жағдай- жануардың буаз кезінде қоңсыз болуы, өйткені мұндай жағдайда остеомаляция байқалады.
Диагноз. Жамбас сүйегінің сынуын іштен және сырттан тексергенде (тік ішек арқылы) сықырлауы, жанбас сүйектерінің қалыпты қозғалыстарының бұзылуы бойынша анықтайды.
Болжау. Сербектер мен шонданай бұдырларының сынуы жануарлардың жүрісін сәл ғана бұзады. Ал мықын сүйектерінің ішкі бұрыштырының, мықын сүйектернің діңгектік бөлігінің, шат, шонданай сүйектерінің жіктерінен сөгілуі жануарды орнынан тұру қабілетінен айырып, оның жүрісін бұзады.
Емдеу мүмкін емес.
1.6 Мықын- құйымшақ буынының созылуы мен шығуы.
Төлді тартып шығарғанда орасан күш салу салдарынан туатын жануардың құйымшақ сүйегі мен мықын сүйегін жалғастырып тұратын тарамыстың талшықтары созылып немесе тіпті жыртылып кететіндігінен сүйектер бірінен бірі ажырайды. Төл туу жолынан шыққан соң туған жануардың құйымшақ сүйектері мен мықын сүйектерінің беткейлері әуелгі қалпына келуі мүмкін, бірақ сүйек арасында байланыс өте осал болады, мұндай жағдайда мықын- құйымшақ буыны созылады.
Егер төлдің қысымы жойылғанна кейінде сүйек буындарының беткейлері бір - бірінен алшақ күйінде қалса, оны мықын- құйымшақ буынының шығуы дейді.
Белгілері. Құйымшақ- мықын буыны созылғанда жануар орынынан зорға тұратын боласды. Тұрғанда денесін тең ұстай алмайды. Артқы аяқтарының тұсарлық буындары ілгері бүгіліп, жануардың бөксе жағы сіресіп тұрады. Құйымшақ - мықын буыны шыққанда , жануар өздігінен орнынан тұра алмайды. Көтергеннің өзінде де аяғын әрең басады. Бірақ ұзақ уақыт тұра алмайды. Құйымшағының түсіп кетуі анық байқалады, кейде құйымшақ - мықын буынының тұсыф іседі де, бұл буынның шыққанын айқын көрсетіп тұрады.
Болжау. Буындар соғылғанда аурудың ақыры онша қауіпті болмайды, алайда жүрісі түзеліп кеткенше 2-3 аптаға дейін қадағалап күту, дұрыстап азықтандыру қажет.
Буындардың шығуында ақыры екіталай, өйтені ұзақ жату салдарынан жануардың әр жері жаншылады, асқазаны бұзылады және өте рақтайды.
Емдеу. Жануарға тыныштық беру, жылқыны аспалы аппаратқа койып, сиырды жұмсақ және мол төсенішке жатқызу болып табылады. Қан айналысын қалпында ұстау үшін тәулігіне бір неше рет аяқтарын сабан ысқышпен ысқылап отырған жөн. Азық құнарлы болып, ішек қарынын аурудан сақтау үшін аз-азадан берілуі тиіс.
1.7 Жатырдың түсуі мен айналуы
Бұл ауру төл жатқан жатыр тармағының кең жерінен айналуынан немесе қынапқа т.суінен (жатырдың жартылай түсуі), немесе жатырдың түгелдей айналып сыртқа түсуінен (жатырдың толық тұсуі ) болады. Бұл ауру, көбінесе сыйырда, шошқа мен ұсақ күйістілерде сирек, ал биелерде бәрінен де сирек болады.
Жатырдың түсуі әдетте , туғаннан кейінгі алғашқы 6 сағатта , жатыр жыйырылмай тұрып, мойыны тармақ пен жатыр денесі өтетіндей ашық жағдайында болады.
Себептері. Жатырдың түсуіне себептер: малды қорада баққанда серуенге шығармау, еден түйетайлы болғандықтан малдың бөксесеі ірдайым төмен болуы, дұрыс азықтандырмау, төлдің өте іріленген немесе егіздіктен жатырдың тым созылуы, немесе қағанақ бөрісі.
Тармақтың ұшынан ажырамаған төлді зорлап тарту да жатырдың түсуіне тікелей себеп болады. Оныфң үстіне, туу жолы құрғақ кезінде төлді тез тартып алса, төл шығысымен жатырдың түсіп кетуі мүмкін.
Белгілері. Жатыр толық түспесе, жануардың құрсақ пресінің жиі жыртылатыны байқалады, бұл кезде ол белін бүкірейтіп, құйрығын көтеріп тұрады. Нәжісі мен несебі жиі - жиі аздап шығады. Азыққа мейлі шаппайды. Биелерде өлітию байқалады.
Мұндай жағдайларда қынап арқылы зерттеу қажет. Қыныптың немесе жатырдың ішіне енген қол жатыр тармағының түрілген бөлегін оңай сезеді.
Практикада, көбінесе, жатырдың түгелдей түсуі жиі кездеседі.Бұлай болғанда жануардың жыныс саңылауынан ашық қызыл түсті, алмұрт тәрізді нәрсе шығып тұрады, оның жуан жағы тірсекке жетеді. Бұл - жатыр, ал зақымдану өте ауыр болса, оған қынаптың ілгері жағы да қосылады.
Айналу әдетте төл жатқан тармақтан басталады. Түскен нәрсенің дені осы тармақ болады. Екінші тармақ тіпті айналмайды, ол жатырдың арасында болады.
Күйісті жануарлардың түскен жатыры олардығы карункулдардан оңай танылады.
Биенің түскен жатырынан, жарақаты болмаса да, шып-шып қан шығады, ал кейде жатырдың кілегей қабығының бетінен де қан шығады, ал, кейде жатырдың кілегей қабығының бетінен де қан сорғлап тұрады. Жатыры түскен биенің өте күшті күшенуінен, жатырға қартаның түсіп кетуі де мүмкін м екенін ескеру қажет. Жануардың басқа түрлерінің ішегі, әдетте, жатырдың ішіне түспейді.
Мегежіннің түскен жатырының түрі ұзын ішек сияқты , бірақ анықтап қарағанда, кілегей қабығындағы көптеген көлденең қыртыстарынан жатыр екенін айыруға болады.
Етқоректілердің түскен жатырының түрі екі ұзын түтік сияқты, одан әрдаым қан ағып тұрады. Түскен жатыр кешікпей-ақ елеулі өзгерістерге ұшырайды. Алдымен қан тамырлары қысылғандықтан, ісік пайда болады. Жатырдың кілегей қабығының түсуі қоңырқызыл, қошқыл болып келеді. Сірлі эксудат түскен жатырдың ір жеріне жиналып, кілегей қабықта белгілі шегі бар былқылдақ ісіктер пайда болады. Жатырдың кілегей қабығының түсуі қоңырқызыл, қошқыл болып келеді.т Сірілі эксудат түскен жатырдың әр жеріне жыйналып, кілегей қабықта белгілі шегі бар былқылдық ісіктер пйда болады. Бұл көбіне сиыр мен шошқада кездеседі. Одан кейін қанның жатырда толық тоқталуы нәтижесінде, ол геморрагиялық инфарктқа айналады. Мұндай жағдайда кілегей қабық құрғап, оның беті жырыла бастайды. Мұндай қолайсыз жағдайда біраздан кейін жатыр жарақатқа ұшырайды. Жарақаттану жатырждың қорадағы өжре қарталына соқтығуынан болады, бірақ құрсақ пресінің орасан күшті жыйырылуынан өздігінен де болуы мүмкін. Күйісті жан күнде, жануарлардың бавсқа түрлері уарларда жатыр аяққа басылса, көбінесе карункулдары жұлынады. Ж-атыр толық түскенде , несеп каналының жаншуы және қисаюы салдарынан, құқықтағы несеп тоқтайды. Жатыр қалыптан тыс жағдайда ұзақ болса, жануарда уремия (шыжың) пайда болады.
Бұл ауруда жануардың жалпы халі алғшқы кезде көп өзгермейді, кейде тіпті өзгермейді де . Жануардың и сәл күшенуі байқалады және түрегеліп тұрған кезде ол көбінесе белін қайқайтады. Жануар оқтын - оқтын оттайды. Денесінің жалпы температурасы көтерілуі байқалмайды. Биелердің күшті күшенетіні байқалады, кейде соның салдарынан жатыр жыртылып, жатырда пайда болған тесіктен қарта да шығады. Бұдан кейін көп қансырау салдарынан кілегей қабықтары бозарады. Оның үстіне, пульс әлсіреп, кішірейіп, шапшаңдайды. Жатыр құрсақтан ұзақ уақыт сырт болса бо, жануарда сепсистік өзгерістер пайда болады. Сиырлар 5-9 күнде өледі, жануарлардың басқа түрлері 2-3 күнде өледі.
Болжау. Тиісті ем қолданғанда аурудың ақыры жануардың түріне ауырған мезгілінің ұзақтығына жатырдағы жарақаттың сипатына байланысты болады.
Мвсалы, сиырда аурудың ақыры жақсы болады, ұсақ күйістілердің туу жолдарының тарлығынан, кейде түскен жатырын орнына салуға мүмкіндік болмайды. Жыоқыларда түскен жатырды орнына салғаннан кейін асқынып перитонит болуы мүмкін. Мегежіндерді көбіне союға тура келеді, өйткені олардың түскен жатырын әрдайым орнына салу мүмкін бола мермейді.
Әрине, жатырдың жарақаттануы инфекцияның пайда болуына жол ашады, соның салдарынан жатырды орнына салғаннан кейін септицемия немесе пиэмия сияқты асқыну болуы мүмкін.
Емдеу. Жатыр толық түспеген болса, оны емдеу үшін, вазелин немесе май жағылған қолды сұғып жатырдың ішкі қабырғасына түріліп кеткен тармақты ептеп басады. Кейде тармақты толық түзетуге акушардің қолы жетпейді, ондайда жатырдың ішіне натрий хлоридінің стерильді изотониялық ерітіндісін немесе қайнатылған су жібереді. Бұл сұйық зат өзінің қысымымен жатыр тармағының қабырғасын дұрыс қалыпқа келтіреді.
Жатыр толық түсекнде, оны орнына қайта салуға ем шараларын жедел жасу керек.
Жатырды орнына салу үшін жануардың бөксесі биік болғаны жақсы. Саулық пен ешкіні мұндай жағдайға артқы аяқтарын көтерумен келтіреді. Мегежінді шалқасына сатыға жатқызып, баспалдағына байлап бекіткеннен кейін сатыны 45-60° етіп жантайтып қояды. Мұнда мегежіннің кеуде жағынан демеп тұру крек. Әйтпесе бар салмағы артқы аяқтарына түседі. Ет қоректілерді шалқасынан салып артқы аяқтарын көтереді. Ірі малдардың артқа аяқтарын шұқырға түсіріп қоюға болады. Сиырларға мұндай жағдайды былай етіп жасауға болады: бауырына тақтай салады немесе денесінің бөксе жағын айылмен қораның төбесіне бекітеді, содан кейін алдыңғы аяқтарын бүгеді.
Бірақ көбінесе сиыр жатып алатындықтан, оның тұрғызуға болмайды. Мұндай жағдайда жануарды шалқасынан салып, бөкессін көтерген жөн, сода жатырды орнына салу едәуір оңайлайды. Бұл үшін бөксе жағының астына сабан төсеу керек.
Жануардың мұндай жағдайда орналастыру күшенуді едәуір бәсеңдетеді, сондықтан жатырды орнына салуға мүмкіндік туады, кейде туатын жануардың осы қалыпта болғаны мен толғақ бәсеңдемейді сондықтан оның терісінің астына морфий, венасына хлорогидрат, арақ ішкізеді, жұлындық анестезия жасайды.
Жатырды орнына салуға кіріспестен бұрын шуды айырып алу керек және жатырды көңнен , төсеніштен, жабысқан ластан мұқият тазартады. Содан кейін ашудастың 3 % слқын ерітіндісімен жуып, таза простыняға салады. Егер жатырдың кілегей қабығында жарақат болса, оған йод тұнбасын жағады. Терең жаралар болса, жібекпен немесе ең тәуірі кетгутпен тігеді. Өте ісініп кетсе, жатырды простыняға салып, жыныс саңлауынан жоғары көтеріп, 3% ашудас ерітіндісіне малынған сүлгімен немесе жаопақ бинтпен таңады, мұнда таңғышты түскен жатырдың шетінен бастап, оның қабаттарын бірін біріне бастыра салады. Жатырды қайта салуды жыныс органына жақын жерден бастайды. Ол үшін жатырдың түскен бөлігін екі қолмен ұстап мүмкіндігінше күш салып қысып, қынапқа ысыоып тығады, кейінгі жақтағы бөлігін де осылай етеді. Бұл кезде жәрдемшілер жатырды простыняға салып, қынап иінінің тұсында ұстап тұрады. Жатырды күшенулердің аралығында салады, әйтпесе жатырдың жырылып кетуі мүмкін. Жатырдың түбіне жұдырық тығып, оны жанбас қуысына ысырады, содан кейін мүмкіндігінше ішке қарай итереді. Сөйтіп, жатырды ішке салғаннан кейін, қолмен барлық бүктесіндерін жазады.
Жатырды орнына салғаннан кейін де жануардың күшенетіні байқалады. Сондықтан қолды мүмкіндігінше жатырда ұзақ уақыт ұстап, соңынан жануарды жүргізу керек. Жатырдың жыйырылуынан тездету үшін жатырға мұз салады немесе қайнатылған суды суытып құяды.
Жатырдың қайтадан түсіп кетуін сақтау үшін жануардың бөксесін жоғары көтеріп қояды, бұтының арасымен сарпайының тұсына тартқы салып, оны бинтпен айылға бекітеді. Биенің қынабына пессарий қойған қолайлы болады. Пессарий немесе тартқы табылмаса, аузына таяқ тыққан қалың шыны сауытты пайдалануға да болады. Шынының түбін жатыр мойнына тірелтетіндей етіп сұғып, оған тығылған таяқтың ұшын кендір бинтпен айылға бекітеді. Ұсақ жануарлардың саңлауын тігіп қояды. Оны үш жерден тепшіп қойса да болады, сонда жоғары тепшу жыныс саңлауының жоғарғы бұрышына и жақынырақ болғаны жөн.
Кейде жатыр түсу салдарынан оның кілегей қабығының қабынуы да мүмкін, ол ұзақ уақыт емдеуді керек етеді. Практикада мұндай ауруда жатырды әрдайым орнына сала бермейді, кейде жатырды кесіп алып тастайды.
Жатырдың бұралуы көбінесе сиырда кездеседі. Бұл патологияның мәні жатыр өз осінен 180-360° - қа айналып кетеді. Буаздықтың мерзімі асқан сайын жатыр ұзара түседі де, оны бекітіп ұстап тұрған шарбының (брыжейка) әлі жетпей, мал құлағанда, арықтан қарғып өткенд е жатыр оп - оңай өз осінен айналып кетеді. Сондықтан да буаздықтың екінші жартысына ауған малды қуалап айдауға, биік қырдан төмен қарай түсіруге, тар есіктен сығылыстырып шығаруға болмайды. Жатыр онша көп бұралмаса оның қан и тамырлары қысылмайды, буаздық үзілмей аяғына дейін дұрыс жүре береді. Ал енді толығымен бір айналып түссе, онда ішіндегі төл тұншығып өледі.
Жатыры бұралған малдың алғашқы кезде жалпы жағдайы өзгермейді, кейіннен түйнек болған сияқты мал мазасыздана береді, күшенеді бірақ ешқандай қағанақ қабықтары шықпайды. Қынаптың кілегейлі қабығының қатпарлары жатырдың бұралған жағына қарай тартылып тұрады.
Тік ішекке қол салып жатырдың бұралып тұрғанын оңай анықтауға болады, оның бір жақ шарбысы тартылып, екінші жағы бос жатады. Жатыр 360°-қа бұралса көп кешікпей-ақ оның қабырғасында некроз басталады да,жатыр қынаптан бөлініп түседі.
Бұралған жатырды қалпына келтіру үшін, тік ішек арқылыжатырдды кері бұрау керек, ол мүмкін болмаса малды тегіс жерге жығып оны арақасынан жатырдың бұравлған жағына жылдам аудару қажет. Егер аталаған әдіс нәтиже бермесе малдың арқты аяқтарын қосып байлап, 0,5-1 м биіктікке көтеріп іліп қояды. Мал ірі - бері бұлқынғанда жатыр орнына келуі мүмкін. Осы жоғарыда атылған әдістер нәтиже бермесе кесарь операциясын жасайды.
1.8 Шудың түспей қалуы.
Шу - деп жатырдың ішінде төлдің өсіп дамуына байланысты пайда болған қағанақ қабаттарын айтамыз. Олар үш қабықтан тұрады ең сыртқы қабығы - хорионнан, одан төменгісі - аллантоис және ең кіші қабығы - амнион. Шу төл сыртқа шығып боған соң сиырда 6-12 сағатта, қой мен ешкіде 5 сағтта, шошқа және қоянда 3 сағатта , ал биеде 1,5 сағатта тусу керек. Егер осы көрсетілген уақыттың ішінде шу түспесе, онда жедел жәрдем көрсетеді.
Шудың түспей қалуының себебі буаз малдың бағым - күтімі нашарлау серуенге шықпағандықтан организм болбырайды. Ал айтқанда жатырдың жиырылып- серпілу қызметі нашарлағандықтан шуды сығып шығарға әлі жептейді. Сонымен қатар жатырдың кілегей қабаты мен хорион жабысып қалуынан да шу түспей қалады. Мұндай жағдай көбінесе бруцеллез, трихомоноз, вибриоз тағы сол сияқты жұқпалы аурулармен ауырған малдан кездеседі.
Шудың түспей қалуы сиыр малында жиі кездеседі. Шу бір тәуліктен астам уақытта түспесе, ол шіри бастайды. Малдың жанына барғанда - ақ сасық иіс мүңкиді. Млдың дене қызуы көтеріледі. Жем- щөпке тәбеті болмайды. Бір - екі күнде сүті кеміп кетеді. Малдың өзі бүкірейіп, ыңырысып, күшене береді. Биелер үшін шу түспей қалу өте қауіпті. Егер дер кезінде шара қолданбаса жатырдағы у қанға тарап, бие бір - екі күннің ішінде өліп кетуі мүмкін.
Шуды түсірудің әдістері көп- ақ. Сиырдың шуы 6-8 сағаттан кейін түспесе, оған синэстролдың 1 % майлы ерітіндісін 2-5 мл мөлшерінде питуитрин немесе окситоцинді 40-60 өлшемде жіберу керек. Кейде тік ішек арқылы қол салып жатырды уқаласа да жақсы нәтиже береді 0,3-0,5 кг қантты суға езіп, аузына құяды. Бұдан басқа қолданылатын дәрілер: эрготалдың 0,5% ерітіндісі 6-8 мг; эргометриннің 0,02 % ерітіндісін- 5-6 мл, прозериннің 0,5% ерітіндісін 2-3 мг немесе карбохолиннің 0,1% ерітіндісін 2-3 мл жібереді.
Прозерин мен карбохолинді өте сақтықпен қолдаеу керек.
Көп жағдайда осы дәрі- дәрмектер шуды түсіре алмайды. Сондықтан жатырдың ішінде әр түрлі микробтардың өсіп кетуіне жол бермеу үшін жатырға неше түрлі антибиотиктердің қосындысын құяды. Атап айтқанда соңғы кезде кеңінен қолданылып жүрген препараттар: метромакс, экзутеп, септиметрин. Сондай- ақ жатырға 3-5 литр ас тұзының 5-10% ерітіндісін немесе пепсин араласқан түз- қышқылын (пепсин 20 гр, тұз қышқылы 10мл, су 100 мл ) құйса шу жылдам түседі.
Егер жатырдың кілегей қабаты мен хорион жабысып қалған болса жоғарыда айтылған шаралар түсіре алмайды. Онда шуды қолмен түсіреді.
Ол үшін салбырап тұрған шуды бір қолмен жинап алып айналдырып орай бастайды, екінші қолды хорион мен жатырдан кілегкй қабатының басына салып ақырындап алға қарай жылжи береді, хорионның жатырға жабысқан жерлеорін біртіндеп ажыратып, босаған хорионды басқа қабықтармен сыртқа ақырындап тартып, шығара береді.
Шуды осылай қолмен алып түсірген кезде акушер қолын бірнеше рет хинол майымен қайталап майлап отырады және әлсін - әсін жатырға дезинфекциялық ерітінділер құйып отырса тіпті жақсы.
Шуды алып біткен соң жатырдың ішін ас тұзының қанықтырылған ерітіндісін, әйтпесе ихтиолдың 10-20 % ерітіндісін 300-500 мл шамасында, құю керек. Фуразолидон таяқшаларын антибиотиктер қосылған эмульсиялар немесе құрғақ ұнтақ дәрілер де жақсы нәтиже береді.
Жатырдың қабынуына жол бермеу үшін құрсақ ортасына Д. Логвиковтың әдісі бойынша новокаиннің 1% ерітіндісін 100 мл шамасында жіберсе, немесе Мосин ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz