Металдарды егеумен өңдеу жолдары


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. . Негізгі бөлім

1. Металдарды егеумен өңдеу жолдары

2. Егеулердің түрлері мен колданылуы

3. Егеулер мен жұмыс істеу мысалдары

ІІІ. Қортынды

Кіріспе

Металды егеу көне заманнан жасалып келе жаткан процесс. Алғашқыда кез-келген тастармен, қайрақтармен үй тұрмысында қажетті аспаптар мен құралдар егеліп отырған.

Дайындаманы қажетті пішімге, өлшемге жеткізу және де беттің талап етіп отырған тігістің қамтамасыз ету мақсатында, оларды өңдеу.

Металды егеу аумағының машина тетіктерін жасаудағы үлесі өте үлкен. Мысалы, металды құю немес қысым арқылы өңдеу цехтарында жасалған дайындамалардың шеткі беттеріндегі әртүрлі қылауларды тазарту. Тағы бір мысал ретінде тұрмыста, әртүрлі жұмыс саласында заттарды, бұйымдарды тегістеу, қиюластыру үшін егейді. Тіпті шаштараздарда тырнақты тазартуда егеу жұмысы қатарына жатады.

Металдарды егеумен өңдеу жолдары

Егеу жұмыстары негізінен басқа технологиялық операцияларда өңделген тетік пішіні мен өлшемдерін оның сызбасына сәйкес етіп жеткізу, тетіктерді бір-біріне қиюластыру үшін егеу және пісірілетін тетіктердің жиектерін өңдеу және т. б беттер мен жазықтарды өңдеуде орындалады.

Түсіндірме сөздікте «егеу» деп материалдың кішігірім қабатын алуға арналған бедерлі білеу түріндегі көп жүзді метел кескіш құрал деген анықтама берілген.

Әртүрлі егеулерді қолданғандағы дәлдік пен әдіп.

Егеу түрлері
Өңдеу дәлдігі, мм
Өңдеу әдібі, мм
Егеу бір өткенде сылынатын қабаты, мм
Егеу түрлері: Ірі бедерлі сыратын
Өңдеу дәлдігі, мм: 0, 2 - 0, 5
Өңдеу әдібі, мм: 0, 5 - 1, 0
Егеу бір өткенде сылынатын қабаты, мм: 0, 08 - 0, 15
Егеу түрлері: Ұсақ бедерлі-жеке
Өңдеу дәлдігі, мм: 0, 02 - 0, 15
Өңдеу әдібі, мм: 0, 1 - 0, 5
Егеу бір өткенде сылынатын қабаты, мм: 0, 02 - 0, 08
Егеу түрлері: Ұсақ және өте ұсақ бедерлі - бархатты
Өңдеу дәлдігі, мм: 0, 005 - 0, 01
Өңдеу әдібі, мм: 0, 025 - 0, 05
Егеу бір өткенде сылынатын қабаты, мм: 0, 025 - 0, 05

Слесарлық істерде егеу жұмыстары мына жағдайларда қолданылады:

1) Сыртқы жайпақ және қисық сызықты беттерді егеу.

2) Сыртқы және ішкі бұрыштарды, күрделі және әшекей беттерді егеу.

3) Тетіктердің ойықтарын, тесіктерін, шығыңқы бөліктерін, қуыстарды, терең ойықтарын егеу арқылы оларды басқа тетіктермен қиюластыру немесе құрастыру мақсатында егеу.

Әртүрлі егеулермен жасалатын егеу жұмыстары алдын-ала (қаралтым) және ақтық өңдеу (тазалай және нәзік) болып жіктеледі. Егеуді таңдау тетікті өңдеу дәлдігі мен егеленетін әдіп мөлшеріне сәйкес жасалады. Осы байланыстарды анықтау бірінші кестеде көрініс табады.

Егеулердің түрлері мен колданылуы

.

Әртүрлі пішінді және өлшемді жұмыс бөлігі беттерінде кесілген бедерлері бар, олар ұсақ (майда) және сүйір бұрышты тіс тектес, қимасы сына тәрізді болып келетін кескіш болаттан жасалып шынықтырылған аспаптарды егеу деп атайды.

Қолданылуына қарай егеулер мына топтарға бөлінеді: жалпы қолданыстағы, арнайы қолданылаты, натфилдер, рашфилдер, машиналы.

Жалпы қолданыстағы егеулер жалпы слесарлық жұмыстарды орындауды қолданылады. Олар бір бума см. Ұзындыққа келетін бедер санымен ерекшеленеді.

Бедерлердің №10 және №1 (сыратын) егеулердің тісі ірі қалыңдығы (тереңдігі) 0, 5 - 1 мм метал қабатын дөрекі егеуге қолданылады. Мұндай егеулермен өңдеу дәлдігі 0, 2 - 0, 5 мм-ден аспайды.

Бедер №2 ұсақ бедерлі - жеке егеулерді дәлдігі 0, 02 - 0, 1 бұйымдарды өңдеуге қолданылады. Сылынатын метал қабаты 0, 1- 0, 3 мм-ден аспайды.

Бедерлерінің номерлері 3 және 4 бархатты егеулер бұйымды тазалай өңдеу үшін қажет. Бұлармен сылынатын қабат тереңдігі 0, 025 - 0, 05 мм аралығында болып, өңдеу дәлдігі 0, 01 - 0, 005 мм аралығында өңделеді.

Егеу пішімдерінің қимасы 22 суретте көрсетілген.

Алмазды егеулерді аспаптар мен қалыптардың қатты қорытпа тілімдерінен жасалған бөліктерін өңдеу мен жеткізу (қайрау, егеу, ысқылау. ) операцияларын орындау үшін қолданады. Алмазды егеу металл түтікшеден тұрады және оның тиісті пішінді жұмыс бөлігіне өте жұқа алмаз қабаты жағылады. Алмазды егеулердің аладын-ала және ақтың жеткізу опрацияларын орындалуына байланысты және оның жұмыс бөлігі әртүрлі түйірлі болып келеді.

Жалпы егеу жұмыстарын орындау үшін, ұзындығы 100, 150, 200, 250, 300, 350, 400, 450, 500 мм ұстайтын бөлігі (құйрық жағы) ағашпен сапталған әртүрлі пішінді, әртүрлі бедерлі егеулерді пайдаланады. Егеу пішіні өңделетін дайындамадан сылынатын металл қабатының қалыңдығына және егелуге тиісті беттердің кедір-бұдырлығына қарай таңдалады. Егеудің ұзындығы дайындаманың өңделетін бетінің ұзындығынан 150-200 мм ұзын болуы керек. Ал, егеу бедерлерінің ірі немесе ұсақ болуы өңделетін бет сапасына қойылатын техникалық талаптарға сай таңдалады.

Егеулердің ұзындықтары (МЕСТ 1465-69) 100, 125, 150, 200, 250, 300, 350 және 400 мм. Көлденең қимасының пішініне қарай егеулердің мынадай сегіз түрі бар.

А-жайпақ, Б-жайпақ сүйір бұрышты түрлері сыртқы және ішкі жайпақ беттерді және оймакілтек пен бунақтарды егеу үшін қолданылады.

В-квадратты егеулер квадратты, төртбұрышты, көпбұрышты тесіктермен тар жайпақ беттерді өңдеу үшін пайданылады.

Г-үшқырлы егеулер тетіктің сырт жағындағы және ойықтардың, тесіктердің, бунақтардың сүйір бұрыштарын егеу немесе тегістеу үшін қажет.

Д-дөңгелек егеді дөңгелек немесе сопақ тесіктермен ойыс беттерді өңдеу үшін қолданады.

Е-жатрылай дөңгелек егеулер тетіктің күрделі пішінді ойықтарын және 60º-дан төмен бұрыштарды жұмырлау үшін қолданады. Егеудің жайпақ жағымен тегіс беттер, ал жартылай дөңгелек жағымен ойыс қуыстарды егелейді.

Ж-ромб тектес егеулер тесікті дөңгелек диск, жұлдызша тістерін станоктарда өңделгеннен кейінгі қылауларынан тазарту үшін егеп, өңдейді.

К-түбірлі егеуді, ішкі бұрыштарды сына тектес бунақтарды, тар ойықтарды, үш қырлы, квадраттарды, тікбұрышты тесіктерді егеу үшін пайдаланады. Кескіс аспаптар мен металл қалыптарын жасағанда да егеудің осы түрі қолданылады.

Ромб тектес және түбірлі егеулер бедерлері №2, 3, 4, 5 болады. Бүл егеулердің ұзындықтары ромб тектес үшін 100-250 мм, түбірлі - 100-315 мм болып белгіленеді.

Арнайы қолданылатын егеу кәсіп орын нормальдарына сәйкес жасалады. Олармен түсті металл қорытпалары, жеңіл қорытпалардан жасалған бұйымдар және металл емес материалдар (пластмасса, гетинакс, тексттолит, органикалық шыны, ағаш резіңке және т. б) өңделеді.

Рашпиьдер - ерекше бедерлі егеулер. Олар жайпақ доғал және сүйір ұшты, жартылай дөңгелек пішінді болып келеді.

Надфильдер деп өлшемдері мен бедерлері егеулерге қарағанда тым ұсақ егеулерді айтады. Олармен үлгіқұрылғылық нақыштау, әшекейлеу, зергерлік жұмыстарды және тесіктердің, бұрысштардың, ойықтардың, бунақтардың басқа егеулермен өңдеуге болмайтын жерлері өңделеді. Надфильдердің жалпақ дөғал жайпақ сүйір бұрышты, үшқырлы, квадратты, дөңгелек, жартылай дөңгелек, сопақ, ромб тектес, түбірлі түрлері кеңінен қолданылып келеді.

Надфильдердің қолданыста болатын 6 номері болады.

1-нөмерінің бір сантиметр ұзындыққа келетін 22 бедері болса алтыншы нөмерінің 80 бедері болады. Егеу жұмыстарының сапалы жасалуына оның сапталуының маңызы зор. Ағаш саптамалар қайың, жөке, үйеңкі, шетен сияқты ағаштардың жоғары сапалы түрлерінен жасалады. Егеу ұзындығының және құйрығының 2/3 бөлігі енуі керек. Саптама ұзындығы егеу құйрығының ұзындығынан бір жарым есе ұзын болады. Жұмыс кезінде, соққы әсерінен егеу саптамасы жарылып кетпеуі үшін, саптаманың егеу ұшы жағанан болаттан жасалған сақина кигізіледі. 25, а суретте көрсетілгендей етіп егеулерді саптағанда саптама ұшын шебер үстеліне тірелетін етіп, бірнеше рет жеңіл соққылайды. Сол сияқты саптаманың тесігіне егеу құйрығын кигізіп, жоғарыдан балғамен бірнеше рет жеңіл соққылайды. Ал сабын шығару үшін 25, в суретте көрсетілгендей сол қолымен сабынан ұстап, болат сақинаға бірнеше рет жеңіл соққы беру арқылы ағаш сабы бостылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мыстың касиеттері мен қолданылуы
Металды кесу
Өлшеу аспабына арналған болаттар
Қазақтың ұлттық қолөнер тарихын оқыту әдістемесін зерттеу
Сыныптан тыс үйірме жұмыстарын ұйымдастыру
Аустенит цементит феррит
Металл коррозиясының жылдамдығы
ДӘНЕКЕРЛЕНГЕН ҚОСЫЛЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ
Зергерлік өнер
Материалдың қаттылығын өлшеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz