Экономикалық өсу және экономикалық цикл


Экономикалық өсу және экономикалық цикл
- . Циклдық ауытқудың мәні, түрлері, себептері
- . Дағдарыс және оның түрлері
- . Экономикалық өсудің мәні, типтері, факторлары
- . Экономикалық өсудің модельдері
21. 1. Циклдық ауытқудың мәні, түрлері, себептері
Нарықтық экономикаға тұрақсыздық, көтерілу және құлдырау қасиеттері тән, ол экономикалық кезеңді қалыптастырады және экономиканың кезеңділігін анықтайды. Өндірісті шексіз дамыту мен нарықты жаулап алу артық тауар өндірісіне әкеліп соқтырады. Артық өндіру бұл ұсыныстың сұраныстан көп болуы. Артық өндірудің себептерін зерттей келе экономистер сұраныстың өсуі мен азаюы, өндіріс көлемінің өсуі мен азаюының мезгілдігіне көңіл аударды. Циклдық ауытқу бұл экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуы. Экономикалық цикл - бұл бір экономикалық дағдарыстың басынан екіншісінің басталуына дейінгі кезең, ол экономикада кезең-кезеңмен қайталанатын өрлеу және құлдыраумен сипатталады.
Цикл (кезең)
өрлеу
құлдырау
өрлеу
құлдырау
тоқырау
Цикл төрт фазадан тұрады. Ең бастапқы фазасы - құлдырау . Бұл жағдайда экономикалық өсудің деңгейі мен қарқынының төмендеуі жүреді, одан әрі өнім шығару тоқтайды. Мұндай құбылыс тауардың артық өндірісімен байланысты. Бұл уақытта сатылмаған өнімдердің қорлары бірден ұлғаяды. Артық тауарларды сата алмайтын өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарының жаппай банкроттығы жүреді. Өндірістің тоқтауынан жұмыссыздық өседі, жалақы қысқарады. Қоғамда несиелік байланыстар мен бағалы қағаздар нарығы бұзылып, акция бағамы құлдырайды. Барлық кәсіпкерлер қарыздарды өтеу үшін ақшаға деген қажеттілікті қатаң сезінеді. Сондықтан банктік сауда пайызының нормасы өседі.
Құлдыраудан кейінгі фаза - тоқырау . Бұл уақытта өндірістің құлдырауы, ал онымен бірге бағаның төмендеуі тоқтайды. Бірте-бірте тауар запастары азаяды. Аз ғана сұраныс салдарынан еркін ақша капиталының массасы ұлғаяды, ал банктік пайыз ставкасы төмендейді. Тоқырау кезеңінде тауарлар ұсынысы сұраныстан оза алмайды, сондықтан олардың арасында тепе-теңдік қалыптасады (тауар шығымының тоқтауы сұраныс деңгейіне дейін олардың ұсынысын азайтады) . Сол уақытта дағдарыстан шығудың табиғи жағдайлары қалыптасады. Өндіріс құралдарына бағаның төмендеуі және несиенің арзандауы капиталдың қорлануын, жаңа техникалық негізде кеңейтілген ұдайы өндірістің қалпына келуін қамтамасыз етеді.
Келесі фаза - жандану - дағдарыс алдындағы деңгейге дейін өндірістің кеңеюін білдіреді. Тауар запастарының мөлшері нарықты үздіксіз қамтамасыз ету үшін қажетті деңгейде белгіленеді. Тұтынушылық сұраныстың жандануымен туған бағаның азғана өсуі байқалады. Жұмыссыздық мөлшері қысқарады. Ақша капиталына сұраныс өседі және процент ставкасы ұлғаяды.
Келесі фаза - өрлеу . Бұл кезеңде өнім шығару көлемі дағдарыс алдындағы деңгейден асып түседі. Осымен байланысты жұмыссыздық қысқарады. Сұраныстың кеңеюімен тауарларға баға өседі. Өндірістің табыстылығы артады. Несие құралдарына сұраныс ұлғаяды және сәйкесінше банк пайызының нормасы өседі.
Өндірістің циклдық дамуының себептері неде? Артық өндіру дағдарысы тұтынушылық сұраныс пен тауарлар ұсынысы арасындағы арақатынастың бұзылу нәтижесінде пайда болады. Экономикалық теорияда циклдың себептері әртүрлі түсіндіріледі:
- неоклассикалық бағыт дағдарысты кездейсоқ, тез өтетін құбылыс ретінде қарастырған;
- толық тұтынбайтын концепция - экономикалық дағдарысты жұмысшылар массасының кедейлігімен түсіндіреді;
- ақша-несие концепциясы дағдарысты ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың бұзылу нәтижесі деп түсіндіреді;
- маркстік концепция дағдарыстың себебін капитализмнің қайшылықтарымен байланыстырады;
- кейнс теориясы дағдарысты нарық механизмінің әлсіздігімен түсіндіреді.
Қазіргі экономистер циклдың себептерін үш жағдаймен байланыстырады:
1. Сыртқы факторлар: халық санының өзгеруі, инновациялар, соғыс және басқа саяси жағдайлар. Халықтың өсуі өндіріс өсуіне, жұмысбастылық деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Технологияның өзгеруі іскерлік белсенділікті шақырады, инвестициялауға ынталандырады. Саяси жағдай іскерлік белсенділікке әртүрлі әсер етеді.
2. Ішкі факторлар: тұтыну, инвестициялау және үкімет саясаты. Тұтыну әсері: фирма тұтынушыны барлық тауарлармен қамтығысы келеді, нәтижесінде тұтыну шығындары өседі, жаңа жұмысшылар жалданады. Сондықтан өндіріс көлемі, жұмысбастылық пен сату көлемі өсіп, экономика өрлеу фазасына өтеді. Тұтыну шығыны қысқарғанда керісінше жағдай пайда болады және құлдырау кезеңі басталады. Инвестицияның әсері: негізгі қорға салынған салым жаңа жұмыс орнын ашады, тұтынушының сатып алу қабілетін жоғарылатады - бұл экономикалық өсуге мүмкіндік туғызады. Инвестициялау деңгейі төмендегенде экономикалық жағдай нашарлай түседі. Үкіметтің ықпалы фискалдық және монетарлық саясатпен жүзеге асырылады.
3. Ішкі және сыртқы факторлардың синтезі. Авторлардың пікірінше сыртқы факторлар циклды қозғаушы, ал ішкі факторлар фазалық ауытқуларға алып келеді.
Қазіргі теория Самуэльсон мен Хикстің іскерлік модель циклімен байланысты. Мұнда цикл ұлттық табыстың (ЖҰӨ), капиталдың қорлануымен, тұтынумен арақатынасының нәтижесі ретінде қарастырылады. Бұл байланыс мультипликатор және акселератор арқылы қарастырылады.
21. 2 Дағдарыс және оның түрлері
Экономикалық ауытқу ол экономиканың маңызды параметрлерінің тұрақты жағдайдан ауытқуы. Ол ауқымы мен уақыты жағынан қысқа, орта, ұзақ мерзімге бөлінеді. Қысқа мерзімді ауытқуда нарықтық конъюктура әсерінен өндірістің көлемі маңызды емес түрде ауытқиды. Баға дәрежесі аз мөлшерде өзгереді. Бірақ көп тауарлардың бағасы өзгермейді. Мысалы, АҚШ-та фирмалардың бестен екісінің бағасы жылына бір рет өзгереді, фирмалардың алтыдан бірінің бағалары бір жылдан көп уақытқа өзгереді. Төмен инфляция жағдайында тұрақты баға кәсіпкерлерге тұтынушыларды "ұстап қалуға" мүмкіндік береді. Жұмыспен қамтамасыз ету белгілі уақытта маңызды емес түрде өзгереді, оның ауытқуы жеке кәсіпорындардың жалақы мөлшерінен тәуелді болады. Пайда нормасы қысқа мерзімде өзгере қоймайды.
Орта және қысқа мерзімде ауытқу басқаша болады, тепе-теңдік жағдайдан маңызды түрде ауытқиды. Қоғамда экономикалық және әлеуметтік тұрақтану бұзылады, экономикалық өсу уақытша дағдарысқа ауысады. Жалпы дағдарыстар барлық ұлттық шаруашылықты қамтиды, жеке дағдарыстар белгілі бір сфераға немесе экономикалық салаға тән. Дағдарыстың бірнеше түрлері бар:
- Қаржы дағдарысы - мемлекеттік қаржының терең бұзылуы, бұл бюджеттің терең тапшылығы. Қаржы дағдарысының шегі ол мемлекеттің шетел займына төлем қабілеттілігінің болмауы.
- Ақша-несие дағдарысы - ақша-несие жүйесінің бұзылуы. Коммерциялық және банк несиесінің күрт қысқаруы, салымдардың банктерден толық алынуы. Бұл кезде банктер жойылады, тұрғындар мен кәсіпкерлер нақты ақшаны іздейді, құнды қағаздардың курсы төмендеп, банк пайызының нормасы төмендейді.
- Валюта дағдарысы - жеке елдер валютасының құнсыздануы, банктерде валюта резервтерінің зайып кетуі, валюта курсының төмендеп кетуі.
- Биржалық дағдарыс - құнды қағаздар курсының күрт төмендеп кетуі, олардың эмиссиясының қысқаруы, қор биржасы қызметінің қысқаруы.
- Аграрлық дағдарыс - ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу көлемінің қысқаруы, ауыл шаруашылық өнімдеріне бағаның төмендеуі.
- Құрылымдық дағдарыс - өндіріс салалары арасындағы қатынастардың бұзылуы.
- Салалық дағдарыс - халық шаруашылығының бір саласында болады. Бұл дағдарыс өндіріс құрылымының өзгеруімен, шаруашылық байланыстардың бұзылуымен сипатталады.
21. 3 Экономикалық өсудің мәні, типтері, факторлары
Экономикалық өсу - бұл ұлттық өнімнің сандық көбеюі, сапалық жағынан жетілуі. Өсудің үш типі бар:
- Экстенсивті өсу дегеніміз - қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімнің көбеюі.
- Интенсивті өсу дегеніміз - техника мен технологияны толық жетілдіру арқылы ұлттық өнімнің көбеюі.
- Аралас өсу дегеніміз - өндіріс қуатының өсуі нәтижесінде өндіріс факторларын пайдалану санының өсуі және техника мен технологияның жетілуі.
Экономикалық өсуді есептеу проценттік жылдық өсу қарқынымен анықталады:
ЖҰӨ1
ЖҰӨ өсу қарқыны = 100%
ЖҰӨ0
мұндағы: ЖҰӨ1 - есепті жылғы жалпы ұлттық өнім
ЖҰӨ0 - базистік жылғы жалпы ұлттық өнім
Экономикалық өсу көптеген факторлармен анықталады, соның ішінде маңыздысы: сұраныс, ұсыныс факторлары.
Ұсыныс факторына мыналар жатады:
- табиғи ресурстардың саны мен сапасы;
- халықтың еңбекке жарамдылығының саны мен сапасы;
- негізгі капиталдың болуы;
- өндіріске қолданылатын технология деңгейі.
Осы факторлар өндіріс көлемінің өсуін физикалық мүмкін етеді. Тек ғана сапасы бойынша жақсы ресурстардың көп саны технологиялық потенциалды қоса нақты өнім өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Алайда өсуге ықпал ету мен өсудің өзін айыра білу керек. Біріншіден, өсу сұраныс факторларына тәуелді. Өспелі өндірістік потенциалды жүзеге асыру үшін экономика кеңеймелі ресурстар көлемінің толық қолданылуын қамтамасыз ету керек. Бұл үшін жиынтық шығындар деңгейінің артуы талап етіледі. Екіншіден, экономикалық өсуге бөлу факторлары да ықпал етеді. Өндірістік потенциалды мақсатқа сай пайдалану үшін тек ғана экономикалық айналымға ресурстардың толық тартылуы қамтамасыз етіліп қоймай, сондай-ақ олардың тиімді қолданылуы қажет. Өндірісті өсіруге қабілеттілік жалпы өнім шығару көлемін кеңейту үшін жеткіліксіз. Ресурстардың нақты көлемін қолдану мен оларды пайдалы өнімнің максимальды санын беретіндей бөлу қажет.
Экономикалық өсудің сұраныс факторына мыналар жатады:
- еңбек ақы мөлшері;
- мемлекеттің фискалдық саясаты;
- халықтың қор жинау бейімділігі.
Факторлардың өсуі әсерінен экономикалық өсудің модельдері құрылады: олар көп факторлы және екі факторлы модельдер. Көп факторлы модель - барлық аталған факторлардың өсуіне әсер етеді. Жалпы осы факторлардың бірлесіп әсер етуі өндіріс мүмкіндігінің қисық сызығын береді. Әртүрлі факторлардың үйлестірілуі өндірілген өнімнің санына әсерін тигізеді. Екі факторлы модельге еңбек және капитал жатады. Екі факторлы модельді екі вариантпен құруға болады: біріншісінде ҒТП есептелмейді, екіншісінде ҒТП есептеледі. Егер ҒТП болмаса, онда капитал қорлануы баяулап, ақтық өнім төмендеуіне алып келеді және экономикалық өсуді азайтады. ҒТП-тің орындалу шартында капитал және еңбек өнімділігі артады, инвестицияны өсіреді.
Экономикалық өсуге ықпал ететін сұраныс және ұсыныс факторлары өзара байланысты екендігін айта кету қажет. Мысалы, жұмыссыздық әдетте капиталдың қорлану қарқынын, сондай-ақ зерттеулерге кететін шығындар өсімін бәсеңдетеді. Және керісінше, жаңалықтарды енгізу мен капитал салымдарының төменгі қарқыны жұмыссыздықтың басты себебі болуы мүмкін. Барлық осы факторлардың өзара әрекетін өндірістік мүмкіндіктер қисығы береді. Бұл қисық аталған технологиялық потенциал негізінде негізгі капитал мен табиғи, еңбек ресурстарының аталған саны мен сапасы жағдайында өндіріле алатын әртүрлі өнім варианттарының максимальды санын көрсетеді. Кез-келген ұсыныс факторлары тарапынан позитивті ықпалдың күшеюі өндірістік мүмкіндіктер қисығын оңға жылжытады (21. 1 сурет) .
С
А
Тұтыну тауарлары
В Д
21. 1-сурет. Экономикалық өсу және өндірістік мүмкіндіктер қисығы
Экономикалық өсудің көрсеткіштік өлшемдері ЖҰӨ және ЖІӨ болып табылады. Халықаралық деңгейде салыстыру үшін ЖҰӨ мен ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көрсеткіштері пайдаланылады. Қазақстан 2030 стратегиясында көрсетілгендей, еліміздің гүлденуін қамтамасыз етуде ұзақ мерзімдегі басымдықтардың арасында жоғарғы деңгейдегі шетел инвестициялары мен ішкі жиналған ақшасы бар ашық экономикаға негізделген экономикалық өсу ерекше маңызды болып саналады.
Инвестициялық тауарлар
21. 4 Экономикалық өсудің моделдері
Қазіргі кезде экономикалық өсудің үш моделі бөліп көрсетіледі. Біріншіден, кейнсиандық модель, екіншіден, Харрод-Домар моделі және үшіншіден, неоклассикалық модель.
Кейнсиандық модель макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етуде сұраныстың басты роліне негізделеді. Сұраныстың шешуші элементі - мультипликатор арқылы пайданы ұлғайтатын инвестиция.
Кейнсиандық модельден айырмашылығы Домар моделінде инвестиция тек табыс емес, сондай-ақ жаңа қуаттылықтарды құру факторы. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі Домар бойынша жаңа қуаттылықтар мен жаңа табыс құратын капитал салымдарының динамикасымен анықталады. Демек, міндет инвестиция көлемі мен динамикасын анықтаудан тұрады. Домар моделінің дамуын Харрод моделі көрсетеді. Егер Домар моделі мультипликаторды пайдалануға негізделсе, Харрод моделінің негізінде акселератор теориясы жатыр, демек, ол капитал салымдары байланысты табыстың балансыланған өсу нормасын анықтайды. Харрод моделі акселератор базасы теориясында кәсіпкерлердің инвестициялық шешімдерін зерттеуге мүмкіндік береді.
Неоклассикалық модель бір емес, екі өндірістік факторды ескереді және олардың өзара алмастырылуын көздейді. ЖҰӨ-нің өндірістік факторлардың әртүрлі комбинациялары есебінен мүмкін болады. Неоклассикалық модельдің аналитикалық құралдарының ішінде басты орынды өндірістік функция алады. Бұл модель экономист П. Дуглас пен математик Х. Коббтың есімімен байланысты аталады.
Сонымен экономикалық өсу модельдерін келесі кесте түрінде көрсетуге болады:
S=I
Бұл экономикалық өсудің шарты.
1. Егер S>I болса, онда босалқы қор пайда болады, жұмыссыздық өседі.
2. Егер S<I болса, онда инфляция өседі.
G=S:C
G -экономикалық өсу қарқыны, S-ұлттық табыстағы жиналған ақша үлесі
K (капитал)
C=
Q (өнім шығару)
Капитал-экономикалық өсудің жалғыз факторы
Y=F (L, K)
Y-өндірілген өнім көлемі L-еңбектің жиынтық шығындары
K-жұмсалған капитал
Экономикалық өсу еңбек өнімділігі (L) мен капиталдың (K) жоғары деңгейінде мүмкін болады.
Қайталауға арналған сұрақтар
- Экономикалық цикл қандай фазалардан тұрады?
- Циклдық ауытқудың себептері неде?
- Қысқа, орта, ұзақ мерзімді дағдарыстардың сипаттты ерекшеліктерін атаңыз?
- Дағдарыстың қандай түрлері бар?
- Экономикалық өсуге қандай факторлар әсер етеді?
- Экономикалық өсудің модельдерін атаңыз?
Тест
- Нарықтық экономика жағдайында дағдарыс ең алдымен көрінеді
а) несиенің қысқаруынан
б) қарыз пайызының артуынан
в) тауарлардың артық өндірісінен
г) пайданың төмендеуінен
д) кәсіпорындардың банкроттығынан
- Экономикада депрессиядан шығудың маңызды алғышарты
а) кәсіпорындар жаңа нарық шарттарына икемделеді
б) өсудің жекелеген жақтары пайда болады
в) ақша қорларының, капиталдың қорлануы
г) ұлттық өндіріс көлемі төмендейді
д) жұмыссыздықтың жоғары болуы
- Экономиканың жаңа циклға енуін сипаттайтын көтерілу фазасының маңызды белгісі
а) өндірістік қуаттылықтардың артуы
б) ұдайы өндірістің өсуі жаппай сипат алады
в) инвестициялық және тұтынушылық сұраныс өседі
г) баға мен табыстар өседі
д) өндіріс мөлшері төлем қабілетті сұраныс шеңберінен шығады
- Экономикалық циклдар теориясы зерттейді
а) экономикалық дамуды қамтамасыз ететін факторлар мен процестерді
б) халық шаруашылығының құрылымын жаңарту қарқынын
в) пайда деңгейінің динамикасын
г) уақыт бойынша экономикалық белсенділіктің ауытқу себептерін
д) ұзақ мерзімді өсу тұрақтылығын қамтамасыз етеді
- Экономикалық өсу кезеңі үшін қандай жағдай тән?
а) еңбек өнімділігінің өсуі
б) елде жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы
в) несиелеу көлемінің ұлғаюы
г) жеке инвестицияның өсімі
д) барлық жауап дұрыс
Әдебиеттер
1. Курс экономической теории /Под ред. Чепурина М. Н., Киселевой Е. А. -Киров, 1997.
2. Экономика. Учебник по курсу “Экономическая теория” / Под ред. А. С. Булатова. -М., 1997.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz