Ш.Ш.Уәлиханов – этнограф – ғалым


Ш. Ш. Уәлиханов - этнограф - ғалым.
Бұл күндері еліміз қазақтың біртуар ұлы, тұңғыш ғалымы Ш. Уәлихановтың туғанына 170 жыл толуын атап өтуде. Ол тарих, этнография, шығыстану, география сияқты ғылымның түрлі салаларын зерттеп, отыз жылдық қысқа ғұмырын да артына мол ғылыми мұра қалдырды. Ғалымның еңбектерінен алуан түрлі ғы лым саласына қатысы бар, өз құнын бүгінгі күнге дейін жоймаған ойлы тұжырымдар табуға болады. Ш. Уәлихановтың шексіз энциклопедиялық білімі тек жан - жақты дарындылығын паш етіп қана қоймайды, оның көптеген халық тың өмірлік тәжірибесіне сүйеніп, сол арқылы өз халқының тарихи даму сала сын зерттеуді байытқан, әрі жаңа сатыға көтерген бірден - бір ойшыл екенін аң ғартады. /1/
Ш. Ш. Уәлиханов қазақ халқының тарихы мен этнографиясын зерттеуге ерек ше назар аударды. Ол өзінің зерттеулерінде этнографияның негізгі мәселелері мен бағыттарына тоқталды. Бұл туралы Е. А. Масанов: «В его трудах мы нахо дим исключительное богатство оригинальных и глубоких мыслей и идей, науч ных выводов, интереснейших гипотез, сведений, не утративших своего значе ния для науки и по настоящее время. Широта познаний ученого, его эрудиция, умение исследовать актуальные и чрезвычайно сложные и трудные проблемы, тонкое понимание самобытности жизни и культуры народов Востока, роли и значения передовой русской культуры для их судеб поражают читателя, »/2/ - деп жазды.
Ең алдымен, туған халқының тарихын зерттеуші, қазақтардың этникалық тарихы мен этногенез мәселелеріне көңіл бөлді. Қазақ халқының шығуы туралы ойын ол 1852 жылғы «Письмо профессору И. Н. Березину» еңбегінде: «Все данные, собиранием которых я теперь занимаюсь, . . . подтверждают, что народ казак (так называем себя мы) образовался от союза разных племен турецких и монгольских во время междоусобий в орде, начавшихся тотчас после смерти Бердибека, а не народ древний о котором писал Фирдоуси. Каждый потомок Батыя хотел быть ханом и иметь народ: так, я думаю, образовались ханство Крымское, Казанское, орда Чорайгаковская, союз узбеков - шейбанов и казаков, »/3/ - деп анық көрсетті.
Ш. Ш. Уәлиханов «қазақ» этнонимі туралы ең алғаш дұрыс болжам жасады. Оның бұл тұжырымын өзінен кейінгі зерттеушілер де қолдады. Ш. Уәлиханов бойынша «қазақ» термині алғашқыда әлеуметтік мағынаға ие болып, кейінірек Қазақ хандығы құрылғаннан соң ғана (15-16 ғасырларда) этникалық мағынаға ие болды. «Киргизское родословие» еңбегінде былай деп көрсетті: «Кочевой степняк, для отличия от своих городских родовичей - соседей, узбеков и ногайцев, гордился именем казака - свободного степняка, кочевого человека. »/4/ Ғалымның қазақтардың этникалық тарихы мен этногенезі жөнін дегі басқа да зерттеулері осындай тұжырымдарға сәйкес екендігі белгілі.
Ш. Уәлиханов Қазақстан территориясын мекендеген көшпелі халықтардың этникалық тарихы мәселелерінің дұрыс шешілуі үшін әртүрлі деректерді жан - жақты пайдаланды. Деректердің қандай деңгейде қолданылып жатқандығын да, атап айтар болсақ, қытай, шығыс және еуропалық жазбаша деректердің зерттеу лерде кеңінен қолданылып, ал халық ауыз әдебиеті туындылары (ертегілер, дастандар, аңыз әңгімелер т. б. ) осы уақытқа дейін (Шоқан зерттегенге дейін) «еш кім тимеген қалпында» екендігін атап көрсетті.
Ш. Уәлиханов Қазақстанды мекендеген көшпелі халықтардың рулық - тайпа лық (қауымдық) құрылысын зерттеуге аса көңіл бөлді. «Предания и легенды Большой киргиз - кайсацкой орды», «Киргизское родословие», «Записки о киргизах», «О киргиз - кайсацкой Большой орде» сияқты еңбектерінде ол, кей іннен бірнеше халықтың құрамына енген: өзбек, қазақ, қырғыз, қарақалпақ, түрікмен т. б. да көптеген ежелгі түркі тілдес тайпалардың тарихын қарастырды.
Сонымен қатар, кейіннен пайда болған рулық одақтар туралы да: «Аблай - хан в одном из своих чапу на киргизов (1757) . . . вывез в свою орду несколько сот джесырей (пленников) ; эти буруты, кочуя вместе с атыгаевским родом Средней орды от племени аргын, постепенно слились и теперь составляют отделение это го рода под именем яна - киргиз и бай - киргиз и, для получения генеалогичес кого права братства родов, производят себя от одного из 12 сыновей Даута (ро доначальника атыгаев) », - әділ айтты.
Күрделі тарихи мәселелердің табысты шешімін табуына, зерттеушілердің ара сынан бірінші болып Ш. Уәлиханов тарихи - этнографиялық дерек ретінде, ха лық ауыз әдебиеті шығармаларын қолдануы болды. Ол халық поэзиясының көр кемдігіне сүйсіне отырып, одан тарихи - этнографиялық мәліметтер іздейді. Ол арды туған халқының тарихын қайта қалпына келтіруде шебер пайдалана білді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz