Құбылмалы қалып



1. Құбылмалы қалып
2. Көпұлтты коммунистік мемлекет
3. КАСПИЙДІҢ ҚАЙРАҢЫ МЕН ҚАЙМАҒЫ
XX-ыншы ғасыр жаңа мемлекеттердің пайда болуының үш Ұлы Қопарылысын көрді. Ол үш Ұлы Қопарылыс үш түрлі империяның күйреуінен пайда болды. Біреуі – бірінші дүние жүзілік соғыстаң кейін Орталық және Шығыс Европадағы мұрагерлік (орысша айтсақ: Австро-Венгрия, Российская…) империялардың күйреуі. Екіншісі - екінші д?ниежүзілік соғыстан кейін Батыс Европаның шет жақтағы (теңіздердің арғы бетіндегі) империяларының күйреуі. Үшіншісі – қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан кейін Евпропадағы коммунистік империялардың құлауы. Әр империя күйреген сайын мемлекеттік шекараларды анықтап, қалыпқа келтіретін халықаралық қалыптар өзгеріп отырды. XX-ыншы ғасырға дейін шекараларды қолдарында қуатты әскери күші бар мұрагерлік билеушілер анықтап келді. Қай жерде қай билеушінің жері бітетінін қан мен темір шешіп отырды. Габсбургтер, Гогенцоллерндер, Романовтар, Осман (европаша айтсақ: Оттоманская империя)түріктері билеген империялардың көлемі олардың қуатына тікелей байланысты болды. Олар бір-бірімен соғысқанда жеңушілер жеңілгендердің есебінен жерлерін кеңейтіп отырды. Соғыс салудың бірден бір себебі жерін өстіп кеңейтуге ұмтылу болды. Бұл қалып бірінші дүние жүзілік соғыстың аяғында өзгерді. Бұл XX-ыншы ғасырдағы ең ірі өзгерістердің біріншісі болды. 1919-ыншы жылы шақырылған Париж бейбітшілік конференциясы мемлекеттер арасындағы егемендікті бөлісу әділдікке сүйенеді деді. Ал әділдік өз кезегінде әр ұлттың арманына сүйенеді деді. Мемлекет шекарасын белгілегенде әр халық өзінің жеке саяси егемендігін алуы көзделді. Бірақ бұл талаптың орындалуы мүмкін емес еді. Мүмкін болмайтыны, кей мемлекетте ?р-түрлі халық бір-бірімен аралас тұрды. Мысалы, Мажарстан мен Румынстанда мажарлар мен румындықтар аралас болатын. Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін қалыптасқан жағдайда бұрынғы империяладрдың көп әдеттері сақталды. Кезінде ұлы болған державалар сол ұлылық қалыптарын сақтап қалды. Шекара мәселесі қарала қалса, ең алдымен өз мүдделерін қорғап, әр ұлттың өзін өзі тану ұстанымын аяққа басып, шекара сызығының қай жерден өту керек екенін өздері аңықтап отырды. Большевиктер көптеген әр ұлт топтарын жаңа Кеңес үкіметіне біріктіре алды. Өйткені ол ұлт өкілдері алдында майдан даласында тізе қосып соғысты. Немістер болса, шашырап, бір неше мемлекетке бөлініп кетті. Себебі, олар соғыста жеңілді де, бірігу мүмкіндігінен айрылып қалды. Ұлы державалардың ұлылық әдеттері екінші дүние жүзілік соғыстан кейін де сақталды. Бірақ шекара мәселесіне келгенде бұрынғыдан біраз жұмсарды. Сталин Кеңес Одағының батыстағы шекарасын, батысқа қарай, Польша жеріне жылжытты, ал Польшаның батыстағы шекарасы батысқа қарай, ғасырлар бойы немістер тұрып келген немістер жеріне жылжытты. Сөйтіп, мемлекеттер арасындағы бұрыннан бар шекара мызғымас қасиетті және оны еш өзгертуге болмайды деген ұстанымды екінші дүние жүзілік соғыс емес, XX-ыншы ғасырда жаңа мемлекеттердің пайда болуының екінші кезеңі халық аралық деңгейге көтерді. Жаңа мемлекеттер пайда болудың екінші бұл кезеңінде бірінші дүние жүзілік соғыстың аяқталғанына отыз жал өткен кез болатын. Азиядағы, Африкадағы және Кариб теңізі аймағындағы Батыс Европа империялары да күйреп біткен еді. Империялардың бұл екінші күйреуі егемен мемлекеттердің санын бірден көбейтіп жіберді. БҰҰ құрылған 1945-інші жылы оның мүшелігінде 50 егемен мемлекет болса, 1999-ыншы жылы оның саны 185-ке жетті.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Құбылмалы қалып
XX-ыншы ғасыр жаңа мемлекеттердің пайда болуының үш Ұлы Қопарылысын көрді.
Ол үш Ұлы Қопарылыс үш түрлі империяның күйреуінен пайда болды. Біреуі –
бірінші дүние жүзілік соғыстаң кейін Орталық және Шығыс Европадағы
мұрагерлік (орысша айтсақ: Австро-Венгрия, Российская...) империялардың
күйреуі. Екіншісі - екінші д?ниежүзілік соғыстан кейін Батыс Европаның шет
жақтағы (теңіздердің арғы бетіндегі) империяларының күйреуі. Үшіншісі –
қырғи-қабақ соғыс аяқталғаннан кейін Евпропадағы коммунистік империялардың
құлауы. Әр империя күйреген сайын мемлекеттік шекараларды анықтап, қалыпқа
келтіретін халықаралық қалыптар өзгеріп отырды. XX-ыншы ғасырға дейін
шекараларды қолдарында қуатты әскери күші бар мұрагерлік билеушілер анықтап
келді. Қай жерде қай билеушінің жері бітетінін қан мен темір шешіп отырды.
Габсбургтер, Гогенцоллерндер, Романовтар, Осман (европаша айтсақ:
Оттоманская империя)түріктері билеген империялардың көлемі олардың қуатына
тікелей байланысты болды. Олар бір-бірімен соғысқанда жеңушілер
жеңілгендердің есебінен жерлерін кеңейтіп отырды. Соғыс салудың бірден бір
себебі жерін өстіп кеңейтуге ұмтылу болды. Бұл қалып бірінші дүние жүзілік
соғыстың аяғында өзгерді. Бұл XX-ыншы ғасырдағы ең ірі өзгерістердің
біріншісі болды. 1919-ыншы жылы шақырылған Париж бейбітшілік конференциясы
мемлекеттер арасындағы егемендікті бөлісу әділдікке сүйенеді деді. Ал
әділдік өз кезегінде әр ұлттың арманына сүйенеді деді. Мемлекет шекарасын
белгілегенде әр халық өзінің жеке саяси егемендігін алуы көзделді. Бірақ
бұл талаптың орындалуы мүмкін емес еді. Мүмкін болмайтыны, кей мемлекетте
?р-түрлі халық бір-бірімен аралас тұрды. Мысалы, Мажарстан мен Румынстанда
мажарлар мен румындықтар аралас болатын. Бірінші дүние жүзілік соғыстан
кейін қалыптасқан жағдайда бұрынғы империяладрдың көп әдеттері сақталды.
Кезінде ұлы болған державалар сол ұлылық қалыптарын сақтап қалды. Шекара
мәселесі қарала қалса, ең алдымен өз мүдделерін қорғап, әр ұлттың өзін өзі
тану ұстанымын аяққа басып, шекара сызығының қай жерден өту керек екенін
өздері аңықтап отырды. Большевиктер көптеген әр ұлт топтарын жаңа Кеңес
үкіметіне біріктіре алды. Өйткені ол ұлт өкілдері алдында майдан даласында
тізе қосып соғысты. Немістер болса, шашырап, бір неше мемлекетке бөлініп
кетті. Себебі, олар соғыста жеңілді де, бірігу мүмкіндігінен айрылып қалды.
Ұлы державалардың ұлылық әдеттері екінші дүние жүзілік соғыстан кейін де
сақталды. Бірақ шекара мәселесіне келгенде бұрынғыдан біраз жұмсарды.
Сталин Кеңес Одағының батыстағы шекарасын, батысқа қарай, Польша жеріне
жылжытты, ал Польшаның батыстағы шекарасы батысқа қарай, ғасырлар бойы
немістер тұрып келген немістер жеріне жылжытты. Сөйтіп, мемлекеттер
арасындағы бұрыннан бар шекара мызғымас қасиетті және оны еш өзгертуге
болмайды деген ұстанымды екінші дүние жүзілік соғыс емес, XX-ыншы ғасырда
жаңа мемлекеттердің пайда болуының екінші кезеңі халық аралық деңгейге
көтерді. Жаңа мемлекеттер пайда болудың екінші бұл кезеңінде бірінші дүние
жүзілік соғыстың аяқталғанына отыз жал өткен кез болатын. Азиядағы,
Африкадағы және Кариб теңізі аймағындағы Батыс Европа империялары да күйреп
біткен еді. Империялардың бұл екінші күйреуі егемен мемлекеттердің санын
бірден көбейтіп жіберді. БҰҰ құрылған 1945-інші жылы оның мүшелігінде 50
егемен мемлекет болса, 1999-ыншы жылы оның саны 185-ке жетті.
Европалықтардың Азия мен Африкадағы зорлап белгіленген шекаралары, сол
зорлап белгіленгендіктен, өзгермейтін шекара деп есептелген. Олар
белгілеген бір мемлекет шекарасының ішінде, бұрын ешқандай бір саяси топқа
жатпаған, бір-біріне ұқсамайтын бірнеше топ болған. Сондықтан екінші
ұстанымдағы мызғымас қалыпты қолданбаса шекараның шатағы тоқталмаған болар
еді. Ал ондай шатақ бір шықты болды, бәрін бүлдіреді. Ондай жағдайда шекара
шатағын қайта қарау үшін халықаралық деңгейде мойындалған тұжырымдамаларды,
барлық халыққа әйгілі ұстанымдарды, өміршең шешімдерді іске асыру мүмкін
болмай қалады. Мұндайда бұрыннан бар барлық шекара қанша қисық жүргізілсе
де, қанша залымдықпен жүргізілсе де сол қалпында сақталудың орнына тас-
талқан болады. Қан төгіледі. Зорлық-зомбылық болады. Шекаралардың мызғымас
қалыбы қырғи-қабақ соғыстың арқасында бекіген болатын. Америка Құрама Штаты
мен Кеңес Одағы бұрыннан бар шекараны өзгертуге тырысу шатақ туғызуы мүмкін
деп қатты алаңдады. Ал ондай шатақ туа қалса, бұл екеуінің ол шатаққа
араласпауы мүмкін емес еді, ал оның арты адам айтқысыз апатқа апарып соғары
тағы мүмкін. Сондықтан ондай щатаққа араласпау үшін және ондай шатақ шығып
кетуі мүмкін үшінші мемлекеттің бетін өздеріне қарату үшін Вашингтон мен
Мәскеу өздері әлжуаз, өздерінің билеушілері билік басына не-бір қулық-
сұмдықпен келген үшінші әлемдегі үкіметтерді (правительства стран третьего
мира) кезекпе-кезек, бірде ақшамен, бірде қару-жарақпен жабдықтап отырды.
Ол күшті ол үкіметтер өздерінің өтірікпен алған биліктерін сақтау үшін
пайдаланды, қол астындағы халықты тырп еткізбей езіп-жаншыды.
Шекараның мызғымас касиеттілігін сақтау қандай болатыны 70-інші жылдардың
басында Батыс Африкада ерекше көрінді. Нигерияның (бұл Африкадағы өте ірі
мемлекет) шығысында тұратын Ибо тайпасы Нигерияның терістігінде тұратын
мұсылман дінді Хауса тайпасының басымдылығына қарсы күрессе, Нигерияның
батысында тұратын Йоруба тайпасы тіпті Нигериядан бөлініп кетуге тырысты.
Нигерияның құрамды үкіметі тайпалардың бір-бірінен бөлінуге тырысқан азамат
соғысын күшпен басты. Ибо тайпасының күресін онша көп мемлекет қолдамады
және оларды қолдаған мемлекеттердің ішінде Африкадан тыс бір де бір
мемлекет болмады. Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін қабылданған ұстаным
отаршылдық дәуірі өткеңен кейін қандай әділ қолданылмаса, осы кездегі
шекаралық мызғымастықты қолдау Европадағы колммунистік билік күйрегеннен
кейін дәл солай сақталды. Бұдан кейін шекараның мызғымастық қалыбы өз орнын
егемендік берілудің және мемлекет шегін белгілеуді аңықтаудың үшінші
ұтсанымына берді. Бұл ұстанымды “реттеуге қолқабыс көрсету” ережесі деуге
болады.
Көпұлтты коммунистік мемлекет Кеңес Одағы мен Югославияның күйреуіне Батыс
та, Шығыс та кінәлі. Батыс бұл екеуі ді қалай қолдауды білмеді. Ал Шығыс
болса, бұл екеуін бұрынғыдай, қырғи-қабақ соғысы кезіндегідей, Үшінші
әлемдегі көпұлтты елдерді қолдағандай қолдай алмады. Бұл екі мемлекет
күйрей салысымен бұлардың құрамына кірген ірі-ірі әкімшілік бөліктерді
(Югославияның құрамындағы алты республиканы, Кеңес Одағындағы он бес
республиканы) әлем бірден егемен мемлекеттер деп мойындады. Егемен
мемлекеттер ді жасаудың бұл жаңа әдісі бұрын сөз жүзінде айтылмаған да
болатын, жүйелі түрде ойластырылмаған да болатын. Бұл қөпұлтты коммунистік
мемлекеттерді бұрынғы қалпында сақтаудың қиындығы мен (тіпті, айта берсе,
қажеті жоқтығы мен) егемендік ұстанымын мүмкін болғанша жаңа жағдайға
сәйкестендіріп қалыптастырудың қажеттілігі арасындағы мәмле. Егемендік
ұстанымын жаңа жағдайға сәйкестендіріп қалыптастырғанда ескеретін бір жай,
ел ішінде шекараны қайта қарауға апаратын ыдырау, зорлық-зомбылық болмау
керек, болған күннін өзінде оның әсерін мүмкіндік болғанша әлсірету керек.
Міне, осылай істелгендіктен коммунизмнен кейінгі Европаның тұрпаты онша
бұзыла қойған жоқ. Кеңес Одағы мен Югославияның жерлерін шектейтін жуан
қара сызықтар жоғалды, ал олардың ішіндегі олардың құрамына кіретін
республикалардың шегіндегі титтәй нүкте-нүкте сызықтар, керісінше, ол
республикалардың өз беттерінше егемен мемлекет болғанын көрсетіп, жуан-жуан
сызықтарға айналды. Жалпы тұрпат оншап өзгеріске ұшырамағанымен, саясат
кәдімгідей өзгеріске ұшырады. Бұрынғы саяси одақта көпшілік боп саналатын
халықтар, енді азшылыққа айналады. Ал бұл кей жерлерде азшылыққа кәдімгідей
зорлық-зомбылық әкелді. Сонымен, әр ұлттың өзін өзі тану ұстанымы да,
бұрыннан бар шекара қасиетті, оны еш өзгертуге болмайды деген ұстаным да
толық қабылданбады, тіпті кей жерде лақтырып тасталды. Әрине, бұған таң
қалуға болмайды. Өйткені, бір ұстанымды екінші ұстаныммен толық алмастыру
ешкімнің қолынан келмейтін шаруа.
Каспийдің қайраңы мен қаймағы
 
Тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды бетке алған кез келген мемлекет,
біріншіден, өзінің экономикалық өсу нүктесін белгілейді. Ол әр елде әр
алуан болуы мүмкін. Бірақ бір нәрсе анық – өсу нүктесі арқылы сол
мемлекеттің болашақ қызмет бағдары айқындалады. Дамыған мемлекеттер
қатарынан орын алу мақсатында еліміз өзінің өсу нүктесінен тартып, бірнеше
бағыт бойынша жұмыс жүргізуде. Соның бірі – Каспий теңізіне қатысты
мәселелер.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар
жөніндегі елшісі Ерік Өтембаевты осы мәселеге байланысты сөзге тартқан
едік.
–Ерік Мылтықбайұлы, Каспийдің құқықтық мәртебесі мен соған қатысты
туындаған кейбір мәселелер күрмеуі шешілмеген күйі қалып отырғандай.
Мәселенің негізгі ауанына қазір қандай баға берер едіңіз?
– Әрине, Каспийге қатысты әлі де басы ашылмай жүрген сауалдар баршылық. Бұл
көпшілікке мәлім жағдай. Әсіресе, сала мамандарының басын қатырып жүрген
мәселелер жетіп артылады.
Алайда, біздің бағытымыз айқын. Мақсат та белгілі. Олар мынау: Каспийді
айнала қоршап отырған 5 елдің мемлекетаралық қарым-қатынасына нұқсан
келтірмейтіндей жағдай қалыптастыру. Мұндай жағдайды орнықтыру тұрғысындағы
жұмыс бұрыннан бері жүргізіліп келеді. Сол үдерісті одан әрі жалғастыра
беретін боламыз.
– Мәселен?
–Бізде, Каспий жағалауындағы 5 мемлекетте мәселенің негізгі байыбына бару
мен оны нақтылы шешу жағы дұрыс жолға қойылған. Егер тұтастай алатын
болсақ, қай мемлекет болсын, туындаған кез келген мәселенің оңтайлы түрде
шешілуіне өз тараптарынан күш салуда. Басқаша айтқанда, бес тарапта да
ұмтылыс бар. Егер ұмтылыс болмаса, күні бүгінге шейін кей мәселелер сол
қалпында жабулы күйінде қалар ма еді. Бұл мәселенің басты қыры дер едім.
Бізді қуантатыны осы.
– Ал екінші қыры қандай?
– Мәселенің екінші қырын мынадан аңғаруға болады: қашанда теңізге,
теңіздегі шекараға, ондағы байлықты игеруге қатысты жәйттердің бірден
шешіле қоюы мүмкін емес. Мұндай жағдай жалғыз Каспийге қатысты туындаған
жоқ. Оны әлемдік тәжірибенің өн бойынан аңғаруға болады. Сондықтан дұрыс
шешім қабылдау үшін жан-жақты және бес жақты зерттеу мен терең сараптама
жүргізу керек. Сараптама жүргізетін, талқыға салатын мәселелердің барлығы
теңіздің құқықтық мәртебесі көрсетілетін Конвенцияда қарастырылған. Аталмыш
Конвенцияны әзірлеумен бүгінгі таңда Арнайы жұмыс тобы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлардың инстинктивтік мінез - құлқы
Адам және жануарлар психикасының ерекшеліктері
Жасөспірімдердің психикасы мен санасының дамуын анықтау
Валюталық қатынас және валюта жүйесі
Эволюциялық ілім негіздері
Ашық экономиканы жандандырудағы халықаралық сауда айналымын арттырудың басты маңыздылығы. Қазақстан экономикасын дамытудың тиімді механизмі
Түйенің биологиялық ерекшелігі. Түйені төлдету және ботаны бағып-күту технологиясы
Психиканың пайда болуы және дамуы
Адамның рухани қалыпы
Топтық өзара әрекетті түсіну және қызметтік қатынастар психологиясы туралы зерттеулерді талдау арқылы қызметтік қатынастардың жоба - схема жасау
Пәндер