Мидың бөлімдері



І. Негізгі бөлім
1. Мидың бөлімдері
2. Сопакша мидың қызметі
3. Ромба тәрізді шұңкыр
4. Аралық ми
5. Үлкен ми
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Ми баста орналасады. Сол ми дамуына, құрылыс ерекшелігіне және қызметтеріне байланысты бес бөлімге: үлкен ми, аралық ми, ортаңғы ми, артқы ми және сопақша миға бөлінеді. Ми сопақша ми бөлігі арқылы жұлынға бір тұтасып жалғасады. Енді осы сопақша мидан бастап ми бөліктерімен танысамыз.
Сопақша ми (medulla аblongatа, s. myelencephalоп) тікелей жұлынның жалғасы болып есептеледі. Сондықтан да сопақша ми (әсіресе, жұлын жағы) жұлынның құрамы мен оның калыбына өте ұқсас. Сопақша мидың да ақ және сұр заттары бар. Оның да алдынғы және артқы ұзынша сайы, ортасында орталық түтігі болады. Ол түтік алдыңғы жағынан және екі бүйірінен кеңейіп, мидың IV қарыншасын (ventriculus guartus) түзеді. Ол сопақша ми, ми көпірі мен мишық аралығындағы ромба тәрізді қуыс (IV қарынша) қантамырына, жүйке түйіндеріне өте бай. Сопақша ми шүйде тесігі арқылы жұлын тесігімен (қуысымен) жалғасып жатады. Сопақша ми жұлын сиякты буындарға бөлінбесе де бұдан да жүйке түбірлері шығады. Өйткені. сопақша мида VIIІ, IX, X, XI, XII жұп (есту, тіл-жұтқыншақ, кезбе, қосымша, тіласты) ми жүйкелерінің ядролары жатады. Сопақша ми сырткы бедеріне қарай жұлындағыдай) үш жұп : алдыңғы, бүйір және артқы будаларға бөлінеді. Бұл будалар жұлынның будаларына жалғасатын болғандықтан, оларда да негізінде жұлындағы өткізгіш жолдар жалғасып орналасады.
Алдыңғы буда алдыңғы ұзынша сайдың екі жағында орналасып, онда ұзын екі будасы секілді пирамида (ріramidalis апterior) жолдарынан түзілген. Бұл пирамидалардың талшықтары осы сопақша мида тұспа-тұс жағына айқасады. Оны бүйір пирамида жолы (piramidalis lateralis) деп атайды. Бүйір буда сопақша мидын бүйірлік бетінде жатады. Буданың астыңғы бөлігінде — зәйтүн (oliva), сыртқы бөлігінде артқы немесе төменгі мишық саласы немесе аяқшасы (pedunculus cereblaris) түзіледі. Зәйтүн - сопақша пішінді және жүйке жасушасынан түзіледі. Көлденен қимасын жарғанда оның іші қатпарлы қалтаға ұқсайды. Зәйтүн мишық пен өте тығыз байланысқан және денені тік ұстап тұру қызметіне қатынасады. Мишықтың төменгі саласы сопақша мидың бүйір будалармен жалғасады. Аталған сала мен будалар төртінші қарыншаны қоршап, ромба тәрізді шұңқыр түзеді.
1. Р.Әлімқұлова, Р.Сәттімбеков Биология Алматы «Атамұра» 2004 жыл.
2. Ракышев Адам анатомиясы Алматы. «Білім». 1994
3. Керімбеков Е. Адам анатомиясы. Оқу құралы. Алматы. 1988.
4. Анатомия человека/ Под ред. М.Р. Сапина. - М., 2001
5. Нұрышев М.Қ. «Адам анатомиясы». Алматы. «Санат» 2006
6. Сапин М.Р. Билич Г.А. Анатомия человека. М. «Мир и образование», 2006
7. Юсупова М.М. Адам анатомиясының практикумы. Алматы «Мектеп». 1984 г.
8. Словарь анатомических терминов. Рахишев А. – Алматы; «Рауан» 1994 г.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І. Негізгі бөлім
1. Мидың бөлімдері
2. Сопакша мидың қызметі
3. Ромба тәрізді шұңкыр
4. Аралық ми
5. Үлкен ми
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

МИДЫҢ БӨЛІМДЕРІ
Ми баста орналасады. Сол ми дамуына, құрылыс ерекшелігіне және
қызметтеріне байланысты бес бөлімге: үлкен ми, аралық ми, ортаңғы ми, артқы
ми және сопақша миға бөлінеді. Ми сопақша ми бөлігі арқылы жұлынға бір
тұтасып жалғасады. Енді осы сопақша мидан бастап ми бөліктерімен танысамыз.
Сопақша ми (medulla аblongatа, s. myelencephalоп) тікелей жұлынның жалғасы
болып есептеледі. Сондықтан да сопақша ми (әсіресе, жұлын жағы) жұлынның
құрамы мен оның калыбына өте ұқсас. Сопақша мидың да ақ және сұр заттары
бар. Оның да алдынғы және артқы ұзынша сайы, ортасында орталық түтігі
болады. Ол түтік алдыңғы жағынан және екі бүйірінен кеңейіп, мидың IV
қарыншасын (ventriculus guartus) түзеді. Ол сопақша ми, ми көпірі мен мишық
аралығындағы ромба тәрізді қуыс (IV қарынша) қантамырына, жүйке түйіндеріне
өте бай. Сопақша ми шүйде тесігі арқылы жұлын тесігімен (қуысымен) жалғасып
жатады. Сопақша ми жұлын сиякты буындарға бөлінбесе де бұдан да жүйке
түбірлері шығады. Өйткені. сопақша мида VIIІ, IX, X, XI, XII жұп (есту, тіл-
жұтқыншақ, кезбе, қосымша, тіласты) ми жүйкелерінің ядролары жатады.
Сопақша ми сырткы бедеріне қарай жұлындағыдай) үш жұп : алдыңғы, бүйір
және артқы будаларға бөлінеді. Бұл будалар жұлынның будаларына жалғасатын
болғандықтан, оларда да негізінде жұлындағы өткізгіш жолдар жалғасып
орналасады.
Алдыңғы буда алдыңғы ұзынша сайдың екі жағында орналасып, онда ұзын екі
будасы секілді пирамида (ріramidalis апterior) жолдарынан түзілген. Бұл
пирамидалардың талшықтары осы сопақша мида тұспа-тұс жағына айқасады. Оны
бүйір пирамида жолы (piramidalis lateralis) деп атайды. Бүйір буда сопақша
мидын бүйірлік бетінде жатады. Буданың астыңғы бөлігінде — зәйтүн (oliva),
сыртқы бөлігінде артқы немесе төменгі мишық саласы немесе аяқшасы
(pedunculus cereblaris) түзіледі. Зәйтүн - сопақша пішінді және жүйке
жасушасынан түзіледі. Көлденен қимасын жарғанда оның іші қатпарлы қалтаға
ұқсайды. Зәйтүн мишық пен өте тығыз байланысқан және денені тік ұстап тұру
қызметіне қатынасады. Мишықтың төменгі саласы сопақша мидың бүйір
будалармен жалғасады. Аталған сала мен будалар төртінші қарыншаны қоршап,
ромба тәрізді шұңқыр түзеді.
Артқы сопақша мидың артқы ұзын сайының екі жанын бойлай орналасып, жұлыннан
келген нәзік (fasciculus gracilis) және сына тәрізді будалардың
(fasciculus cuneatus) жалғасы болып табылады. Оның біріншісі
буылтықтанып, түйреуіш басты (сiava), ал екіншісі сына тәрізді төмпешік
(tuberculum cuneatum) түзеді. Бұл буылтықтар аралық нейроннан құралған,
түйреуіш басты және сына тәрізді төмпешіктер сыртқы және ішкі доға тәрізді
талшық деп аталып, олар мишықтың төменгі саласымен жалғасып жатады.
Сопақша мидағы IV қарыншаның түп жағында күшті дамыған сопақша
мидың торлы түзілісі (formatio reticularis ) болады. Ол жұлынның рети-
кулярлы затының жалғасы болып есептеледі. Торлы түзілістің қызметі
сопақша мидағы нейрондарды, анықтап айтсақ, IV қарынша түбінде жатқан IX,
X, XI, XII жұп ми жүйкелерінің аралық нейронымен әсерлі нейрондар-дын
ядроларын бір-бірімен байланыстырады. Қазіргі ғылыми тексерулер торлы
түзілістік қызметі сан салалы екенін анықтауда. Бұл заттың нейрон-дары
арқылы мидың барлық бөлігінде қартыс асты және үлкен ми сыңары-ның
қыртысына қозуларды жеткізіп, оның қызметіне тікелей әсер етеді деген
пікір бар. Сопақша мидан ортаңғы ұзынша будасы қызыл ядролы жұлын будасы
алдыңғы жұлын мишық будасы кіреберіс-жұлын будасы, жұлын-көру будасы ден
аталатын. т. б. өткізгіш жолдары өтеді .Сопақша ми зақымданып бұзылса, адам
өте тез майып болады. Өйткені, сопақша мида тыныстану, асқорыту, қан
айналым және басқа да жүйелерді басқаратын орталықтар орналасқан. Сопақша
мидың тіршіліктік кызметі өте күшті.
Сопакша мидың қызметі. Сопақша мидан да жүйкелердің таралып, өткізгіш
жолдары болатыны жоғарыда баяндалды. Осыған байланысты со-пақша ми да жұлын
сиякты рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады.
Артқы мидың (теteпсерһаіоп) алдыңғы бөлігін — ми көпірі және артқы бөлігін
мишық деп атайды. Ми көпірі (ропs) — сопақша мидың үстінде орналасқан
жалпақ ақ жал, ол үстіңгі жағынан ортанғы мимен шектеледі. Ми көпірінің
сыртқы беті сопақша мимен бірге ромба тәрізді шұңкыр (IV қарыншаны) құрауға
қатынасады.
Ми көпірі мен сопақша ми аралығынан және көпір-мишықтың бұрышынан
VIII жұп кіреберіс-құрыш (n.vestibulocochlaris ) есту жүйкесі және VII
жұп бет жүйкесінің (п.fascialis) түбірлері шығады. Ми көпірі мен пирамида
аралығынан VI жұп , бұрушы жүйке түбірі (п.abducens) басталады. Ми
көпірінің алдыңғы бүйірі мишықтың ортаңғы саласына (рedип-сиlі
сеrеЬеІІагеs теdіі) жалғасады. Осы мишыктың саласымен ми көпірі аралығынан
V жұп үшкіл жүйке (n.trigeminus) түбірі шығады.
Ми көпірінің орталық сызығынан ұзынша сай өтеді. Онда мидың негізгі
артериясы жатады. Ми көпірін көлдененінен қиып қараса, оның алдыңғы
жағында негізгі (basilaris pontis) артқы жағынла батыңкы қақпақшасы
(tegmentum pontis) жатады. Ми көпірі негізінің екі бетіндегі, ұзынша
сайының
екі бетінде дөңесі болады. Сол дөңестін ішімен пирамида жолы өтеді. Ондағы
көлденең талшықтар ортаңғы саласы арқылы мишыққа жалғасады. Осы талшықтар
көпірдің негізгі бөлігі арқылы қозуды ми сыңарының үлкен қыртысына
жеткізеді.
Ми көпірінің қақпақшасына сопақша мидағы торлы түзілістер жетіп жатады.
Онда ми жүйкелерінің V, VI, VII, VIII жұп (үшкіл бұрушы, бет, есту)
жүйкелердің ядролары орналасқан. Ми көпірінің қызметі жұлын және сопақша
мидағы тәрізді: рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады.
Мишық ми көпірі мен сопақша мидың артқы жағында орналасады. Оның
салмағы ересек адамдарда 120—150 г болады. Мишық бастың бүкіл артқы
бөлігін толтырып, оны үлкен ми сыңарының шүйде бөлігі үстіңгі жағынан
жауып тұрады. Осы арадағы саңылауды мидың көлденең саңылауы дейді. Мишық та
үлкен ми сыңары секілді сыртынан кабықшамен қапталады. Оның бірнеше бөлігі,
сайы және иірімдері болады. Соңдықтан да оны мидың кейде кіші сыңары деп
те атайды.
Мишық екі сыңардан және соларды біріктіретін құрт тәрізді мүшеден
түзіледі. Оны құртша деп те атайды. Мишықтын сыңарлары үлкен ми сынарлардың
қыртысымен бірге дамиды.
Мншық та сұр және ақ заттардан түзіледі. Бірақ сұр зат сыртқы бетінде
орналасып , мишықтың қыртысы түзеді. Ол қыртыс екі қабаттан тұрады.
Біріншісі — сыртқы молекулалы жалпақ қабат — жұлдыз тәрізді жасушалардан
түзілсе, екіншісі — түйіршікті қабат - көптеген түйіршікті жасушалардан
құралады. Бұл жасушалардың нейрондары мишықты ядролары мен байланысады.
Мишыкта кыртыс. сай, иірім және бөлімдері болатыны жоғарыда баяндалады.
Олардың әрбір бөлімдері дененің белгілі қимылын басқарады.
Мысалы: мипықтың төменгі бетінің шағын үлескісі — жентегі адамның тепе-
теңдігін сақтауға немесе кіреберіс аппаратының кызметіне тікелей
қатысады. Ақ зат сұр заттың ішінде мишықтың ортасында орналасады. Ақ
заттар жан-жағына тармақталып сұр заттың арасына сұғынып жатады.
Сондықтанда мишықтың тік кесілген беті жапырақ болып көрінеді.
Ак заттардың ішінде мидың төрт жұп ядролары бар. Олардын ішінде ен ірісі
және бүйірлей орналасқан тісті ядро, ол тепе-тендікті сақтау қызметін
атқарады. Одан төмен қарай кезегімен: тығын төрізді ядро , шар тәрізді
және бүркеме ядро орналасқан. Мишықтың қосарланған үш жұп салалары
болады.Оның ең төменгі екі саласы сопақша мимен, ортаңғы екі саласы
көпірмен, жоғарғы екі саласы төрт бүркемемен ортаңғы ми жалғасып тұрады.
Осы қосарланған үш салалар арқылы мишықтың өткізгіштік жолдары өтеді.
Артқы немесе төменгі саласы жұлын-мишық жолы доға тәрізді талшық арқылы
түйреуіш басты және сына тәрізді төмпешік арқылы жалғасып. құртша бөліммен
шектеледі. Сөйтіп, бұл бөлім дененің буындарынан келген қозуларын
қабылдайды. Ортаңғы саласы мишық пен көпірді байланыстырады, онда көпір-
мишық жолы жатады. Көпірдің негізінде үлкен ми сыңары қыртысының
талшықтары ұштасады. Осыған байланысты бұл жолды кыртыс-көпір мишык жолы
дейді. Мишықтың қызметі осы жол арқылы үлкен ми сыңарының қыртысы арқылы
басқарылып отырады.
Алдыңғы немесе жоғарғы саласы мидың ромба тәрізді мойнағынан пайда болып,
орта сызықтың сырт жағына жақын жатады. Ол мишықтан ортаңғы миға дейін
созылады, алдыңғы саласы тісті ядроның талшыктарынан түзіледі. Мишықтың
негізгі кызметі дененің козғалтып қимылға келтіру, тепе-тендік, алма
кезектік қызметтерін, яғни үйлесімділікті рефлекс жолмен басқару және
бұлшық еттердің жиырылғыштық күшін реттеп тұру больш табылады. Сөйтіп,
козудың өткізгіштік кызметін атқарады.
Мишықтың жоғарыдағы айтылған қызметінен басқа, оның көптеген мүшелерге
козғылы жүйке жүйесінің симпатикалық әсері секілді қызмет атқаратыны
академик Л. А. Орбелидің лабораториясында (Санкт-Петер-бургте И. П. Павлов
атындағы физиология институтында) анықталды. Бұл лабораторияда мишықты жан-
жақты тексеріп, оның қан қысымына, жүрек жүмысыньң өзгеруіне, көз
қарашығының үлкеюіне қатысты, т.б. дәлелденді. Үлкен ми сыңары қыртысының
мишыққа әсері күшті екені анықталады.
IV карынша мишықтың астында орналасады. Оны сопақша ми, ми көпірі қоршап
жатады. IV қарыншаның іші шар тәрізді, оның түбі ромба тәрізді шұнкыр, ал
төбесі — екі жұқа желкен тәрізді алдыңғы және артқы тақташамен жабылған
қарыншаның орталық тесігі және екі бүйір тесігі арқылы мидың тор
қуысындағы жұлын-ми сұйыктығы арқылы жалғасып жатады. Сондай-ақ IV
қарыншаның төменгі жағы жұлын түтігіне, ал алдыңғы және жоғарғы жағы суағар
түтікке ұласып кетеді .
IV қарыншаның ромба тәрізді шұңқырының түбі өте күрделі түзілген. Бұл
қарыншаның түбінде торлы түзілістермен бірге V—XII жұп ми жүйкелерінің
ядролары орналасқан. Мұнымен қатар тыныс, жүрек қызметін және тамырларды
басқаратын маңызды орталықтар да болады. IV қарынша бір нәрсенің әсерінен
бұзылса, адам дереу қазаға ұшырайды.
РОМБА ТӘРІЗДІ ШҰҢКЫР . IV қарыншаның түбі ромба тәрізді шұнқырдан
түзілетінін жоғарыда сөз еттік. Оның төрт қабырғасы (екі жоғарғы, екі
төменгі) болады. Жоғарғы қабырғалары мишықтың екі жоғарғы сабакшаларымен,
ал төменгі қабырғалары мишықтың екі төменгі сабақша ларымен қоршалған.
Ромба тәрізді шұнкырды жоғарғы ұшынан төменгі ұшына қарай созылған жүлге
ортасынан тең екі бөлікке бөледі. Осы жүлгенің жоғарғы екі жағында
жұптасқан төмпек , одан төмен бет төбешігі бар. Бет төбешігінен бұрушы
жүйкенің ядросы оралып өтеді. Осы төбешіктің ішкі бетінде бет жүйкесінің
(VII жұп) үш ядролары: сезуші дара жолының ядросы , кілегей шығаратын
жоғарғы парасимпатикалық ядро және қимыл ядросы орналасады. Ортаңғы
төмпешікте үшкіл жүйкенің (V жұп) қозғаушы ядросы, ал ортаңғы ми төменгі
жағынан ми көпірі мен жоғарғы аралық мимен, ал артқы жағынан мишықпен
шектеледі. Ортаңғы ми мидың сабақшасынан , төрт төбеден, мидың қуысы —
суағардан және ми бүркенішінен құралады. Төрт төбе ми көпірінің жоғарғы
жағын ала мишықтың алдында жатады. Төрт төбенің алдыңғы екеуінде бағдарлап
көру орталығы, ал артқы екеуінде бағдарлап есту орталығы орналасады. Ми
салалары көпір ми мен тікелей жалғасып жатады. Оларды көлденең кесіп
қарағанда күңгірт заттар көрінеді. Оның күңгірт тартуы меланен бояуына
байланысты. Осы заттың ішкі жағында салалардын негізі, ал сыртқы жағында
қақпақ жатады.
Қақпақта қызыл ядро бар, одан қозғалтқыш Монаков жолы басталады. Осы
ядроның бүйір жағынан көру төмпешігіне карай сезгіш талшықтары басталады.
Сабақша негізінде жататын пирамида жолы — ми көпірі арқылы жұлынға кетеді,
кыртыс-көпір жолы ми көпірінің өзінде аяқталады, қыртыс ядролық немесе
кіреберістің кыртыс жолдарының талшықтары IV қарынша түбіндегі және суағар
аймағындағы ми жүйкелерінің ядроларына жалғасады.
Ми суағары ұзындығы 1.5 см келетін жінішке өзек. Оның ішкі қабырғасында
III—IV жұп ми жүйкелерінің көз алмасынқкозғалтатын және шығыр жүйкесінің
ядролары орналасқан. Мұны Сильвиев суағары деп те атайды. Мидың суағары
ортаңғы мидың қуысы екенін жоғарыда баяндадық, Ол III қарыншаны IV
қарыншамен жалғастырып тұрады.
Қызыл ядроның жанында ілмек орналасады. Осы ілмекпен сұр заттар арасында
ортаңғы мидың аппараты — торлы түзіліс болады. Ол сопақша және ми
көпіріндегі торлы түзілістерге жалғасады.

Ортанғы мидың төрт төмпешігі бір-біріне перпендикуляр өткен сайлармен
жоғарғы және төменгі төбешікке бөлінеді. Ортаңғы мидың да қызметі жұ-лын.
сопақша ми, ми көпіріне ұксаған екеу: рефлекстік және өткізгіштік. Бірак
бұл жағдай өте күрделі жүреді.

АРАЛЫҚ МИ
Аралық ми ортаңғы мидың және мидың ақ затының үстінде орналасады. Аралық
миға таламус (көру төмпегі) және таламус асты бөлігі, және оның ішкі қуысы
— III қарынша жатады. Таламус аймағы құрылысы мен қызметіне қарай нағыз
таламус, артқы таламус және үстіңгі таламус деп бөлінеді.
Нағыз таламус жұп таламус пен көру төмпешігінен құрылып, олар ІІІ
қарыншаның екі жағында орналасады. Нағыз таламустың пішіні жұмыртқа
тәрізді, оның жінішкерген ұшы — алдыңғы төбесі ал жуан, жалпақ жағы жастығы
деп аталады. Оның екі жоғарғы беті ашық ал ортаңғы жағы III қарыншаның
бүйір қабырғасын түзеді. Таламустың сұр заттары жүйке жасушаларының
жиынтығынан түзіледі. Осы жасушалардың арасынан ақ жолақтанып, оның ақ
заттары кірігеді.
Қазіргі кезде таламуста қызметі әр түрлі 40-тан астам жасуша шоғырлары,
ядролары анықталған. Олардың пішінен алдыңғы, ішкі бүйір, ортаңғы және
арткы ядроларды атауға болады.
Бұл жерлерде торлы түзіліске жататын теріден, бұлшық еттерден, буындардан,
иіс сезу, көру ядролары шоғырланған.
Арткы таламус бүйір және ортаңғы имек денеден құралады. Ол ортаңғы мидағы
төрт төбенін қақпағымеи қосылады. Оның бүйіріндегі имек денесі мен ортаңғы
мидың жоғарғы төбесінде негізгі қыртысынын орталығы орналасады.
Үстіңгі таламус- ол ІІІ қарыншамен ортаңғы мидың аралығында орналасқан, өте
кішкене бөлік, оның үш бұрышты кеңейген жері иіс сезу орталығына жатады.
Осы жерден созылған бөлігіне томпақ дене ілініп түрғандай жалғасады. Бұл
томпақ дене ішкі бездерге жатады.
Таламус асты бөлік, гипоталамус - аралық мидың қуысы III қарыншаның түбін
құрайтын ми бөлігі. Ол таламус немесе көру төбешігінін астында жатады. Оның
түзілісі өте күрделі. Гипоталамуста дене қызуын реттеп тұратын су, май,
көмірсутегі, т. б. зат алмасуды, жүрек, тамырлар, асқорыту, қозғылы
жүйелердің қызметіне, ішкі бездерінің гормондарына әсер ететін 32-ден астам
ядролары шоғырланғаны анықталған.
Бұл ядролар гипоталамустың сұр төбесінде, ми қосалкысында - гипофизінде ,
көру жүйке киылысында және емізік тәрізді денеде орналасқан.
Гипоталамустың алдыңғы жағы көру жүйкесінің қиылысы мен артқы жағы емізік
тәрізді дененің, бүйіржағы жүйке жолымен жоғарғы жағы гилоталамус жүлгесі
арқылы ми суағары тесігіне дейін, төменгі жағы немесе III қарынша түбі-
сұр төбемен шектеледі.
Сұр төбе созылып қалталанады да, оған гипофиз ілініп, салбырып тұрғандай
болып жалғасады. Гипофиз ми сауытының түбінде орналасқан негізгі сүй-ектің
түрік ершігінің ішінде батынқы орналасқан. Гипофиз ішкі бездерге жатады.
Мидың ІІІ қарыншасы. Аралық ми ішіндегі қуыс мидың ІІІ қарыншасы деп
аталады. Оның алты кабырғасы бар. Оларға екі бүйір, жоғарғы, төмен, алдынғы
және арткы кабырғалар жатады. Бүйір қабырғасы таламус бөлігімен, төменгісі-
гипоталамустан, жоғарғысы - күмбезден, одан төмендеу — ак денеден
түзілген. Артқы қабырғасына мидың суағар тесігі ашылады. Алдыңғы
қабырғасында жұқа қабыршағы және екі алдыңғы бағанасы жатады. Күмбез бен
таламус аралығында III қарынша мен бүйір карыншалар аралығын жалғастырып
тұратын тесіктері болады.
Аралық ми негізінде өткізгіштік қызмет атқарады және өткізгіш жол-дарымен
келген көп хабарларға жауап береді. Өйткені, кейбір өткізгіш жол-дары осы
аралық мида бітеді, ал кейбір өткізгіш жолдар осы жердегі орталық
ядролардан басталады. Аралық ми үлкен мимен де өте тығыз байланыста болады.
Үлкен ми — алдыңғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мидың жеке сипаттамасы
Жпф зақымдылығы мен оның пайда болу себептері мен түрлері
Үлкен ми сыңарларының қызметі мен бөлімдері жайлы
7.4 Омыртқалылардың және хордалылардың жүйке жүйесінің эволюциялық дамуы
Мидың бөлімдері Жүйке жүйесінің вегатативтік бөлігі
Ортаңғы ми,артқы ми,сопақша мидың құрылысы мен қызметтері
Адам миының құрылысы және қызметі
Мидың дамуы, ми көпіршіктері, олардың туындылары, қалдық қуыстары. Ми қыртысы, оның қабаттары
Орталық жүйке жүйесінің жеке физиологиясы
Орталық жүйке жүйесінің бөлімдері
Пәндер