Ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебі
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
А) Ақша қаражаттарының есебі
Б) Дебиторлық борыштар және міндеттемелер есебі
В) Еңбек ақы есебі
Г) Тауарлы материалдық қорлар есебі
Д) Негізгі құралдар және меншікті капитал есебі
Е) Кірістер мен шығыстар есебі
Ж) Қаржылық есеп
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілеріндің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерініңнегізінде құралады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикі зат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда шаруға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдағы жоспарла жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланады.

Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
А) Ақша қаражаттарының есебі
Б) Дебиторлық борыштар және міндеттемелер есебі
В) Еңбек ақы есебі
Г) Тауарлы материалдық қорлар есебі
Д) Негізгі құралдар және меншікті капитал есебі
Е) Кірістер мен шығыстар есебі
Ж) Қаржылық есеп
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп
Стандарттарында және субъектілеріндің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі
бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы
қағидалары мен ережелерініңнегізінде құралады және ол бүкіл алынған
ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның
нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында субъектінің күрделі
экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ, сенімді
ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек
ұжымдары шикі зат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын
азайтуға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге, оның сапасын көтеруге,
өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда
шаруға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша
қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және
тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша
бағаламауға болмайды.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші
субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел
басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдағы жоспарла жасау үшін,
сөйтіп, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу
экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланады.
Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте,
бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есепке берудің барлық жүйесін
жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін
бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін,
нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін қатаң сақтаулары керек.
ІІ. Негізгі бөлім
Ақша қаражаттарының есебі
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілері өз ақша қаражаттарын банкі
мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша
төлемдері, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанды, ал қажетті жағдайда
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен
белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды
тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен асып
түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпке айырысуларды жүзеге асырады. Бұл
келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле бойынша
шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимидтен
асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпке орындалуы керек, тіптен олар
жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК тен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айрысу
үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк
шоттары бұл банк мен клиенттер арасыедағы келісім-шарттың қатынастарын
көрсететін әдіс. Банк шоттары тенгемен де, шетелдік валютамен де
жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар-банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір
операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айрысу) және жинақ шоттары бұл да банктік шоттар,
бірақ лоар жеке және заңды тұлғалар үшін, содай-ақ заңды тұлғаның
оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу
үшін субъектіге арнап ағымдағы есеп айрысу шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы
экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъекті
үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және
басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті
операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша
есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен
шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып
жүрген заңдарды көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше
көзделмесе, субъектінің басшысы белгіленген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды
жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуда; төлем
тапсырманы ұсынуда; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың
индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей
дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма- талап төлемдерін ұсынуды;
инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген
басқа да әдістерін пайдаланады.
Ақшасыз есеп айрысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек;
вексель; тапсырма- талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының
инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айрысу нысандарын келісім-шарт
негізінде анықтайды, сондай ақ олардың арасында болатын талаптары мен
міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.
Төлем тапсырмаларымен есеп айрысу. Төлем тапсырмалары онда
көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет
көрсететін банк-алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады.
Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп
айрысу кезінде, сондай- ақ қызмет пен тауарға алдын- ала төлем жасаған
кезде, авнастық тқлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем
тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі
бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын
растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем құжаттары электрондық
түрінде де, қағаз ретінде де ұсынылуы мүмкін.
Төлем құжатына кез-келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша
төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге
қалдырылған болып бөлінуі мүмкін. Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар
бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар
келгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі
мәлімдемелер кезіндегі ішінара төлемдері. Мерзімінен бұрын немесе мерзімі
кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың
қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.
Чектермен есеп айрысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі
болып табылады. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай
міндеттемесін орындау болып табылмайды. Чектер жабылатын және жабылмайтын
болып бөлінеді. Біріншісі- депозиттер мен қамтылған, ал екіншісі
қамтылмаған болып бөлінеді. Чекті қолданумен байланысты банк пен чек
берушінің міндеті мен құқығы чекті қолдану туралы жасалған келісім шарттың
негізінен шығады. Чектерге есеп айрысу шотының төлем құжаттарына қол қою
құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің мөрінің
таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте
жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды.
Төлем карточкаларының есебі. Инкассациялау шығындарын қысқарту;
бухгалтерияның жұмысын жеңілдету, Қазақстаннан әлемнің кез-келген
нүктесінен тез автоматталған ақша аударымын жасау мақсатында төлем
карточкаларына пайдаланады.
Төлем карточкалары- ақша қаражатына электрондық терминал немесе
басқа да қондырылған арқылы қол жеткізу, ондағы ақпараттар валютаны
айырбастауға, қолма-қол ақшаны жасауға мүмкіндік береді.
Төлем карточкалары: дебеттік, кредиттік және корпаративтік болып
бөлінеді.
Дебеттік карточкалар қаржы шотындағы ақша сомасының шегінде оның
ұстаушысына төлем жасауына мүмкіндік береді және оны ұстаушылар, өздерінің
қарызын банк берген қаржы көлемінде төлей алады.
Одан басқа кәсіпорын іс-сапарының шығыстарын төлеуге, офистік, үстеме
шығыстары үшін корпоративтік төлем карточкаларын ашуына болады.
Корпоративтік карточкалар- бұл да төлем карточкалары, ол оны ұстаушы
банк пен заңды тұлғалардың арасында жасалған келісім шарттың негізінде
беріледі. Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде ол қазіргі шақтың қаржылық
тетігі (инструменті) ретінде 2 млр. Карточкалар қолданыста жүр. 30 жылдан
астам кезең ішінде Visa және Master Card халықаралық карточка жүйесі үлкен
жетістіктерге жетті.
Төлем карточкалары мен төлем жүйесін жүзеге асырмастан бұрын оларға
авторизация жасау керек. Авторизация процесі автоматталған тіртіпте немесе
телефон байланыстары арқылы жүреді.
Төлем құжаттары экваерге көрсетілегн қызметке немесе сатып алынған
товарға ақша төлеу туралы нұсқау береді. Қолма-қол ақша алған кезде төлем
құжаттары карточка ұстаушыларға төлемдердің берілгені бойынша банк экваері
қолма-қол ақшаның орнын толтыруы туралы нұсқау береді. Төлем құжаттары
төлем карточкаларын ұстаушылардың қолынсыз-ақ жасалуы мүмкін, ол кезде олар
электрондық құжаттарын негізге алады. Кәсіпорын визаға халықаралық
корпоративтік карточкасын шығару мен қолдану үшін банкімен келісім шартқа
отырған. Кәсіпорын сол келісім шарттың негізінде бірыңғай шот картасын
ашып, сонымен қоса ондаған еңбеккерлеріне іс-сапарымен, офисімен, үстеме
шығыстарымен есеп айрысу үшін таратып берген. Шот картасы шетелдік валютада
ашылған және ол АҚШ долларымен есептелінеді. Шот картасын орналастырылған
ақша қаражат 423-шотының дебетінде көрсетілген. Олардың келіп түскен
кезінде 423 шоты дебеттеліп және 441,431 шоттары кредиттеледі.
Төлем карточкалары арқылы жұмсалған ақша қаражаттары 423 шоттың
кредитіне мына шоттардың дебетінде жазылады:
333 қолма- қол ақшаны іс-сапар мен шаруашылық шығыстарына, авиа, темір
жол билеттерін сатып алуға арналған кезде.
821, 811, 938 корпоративтік картаның көмегімен орындалған жұмысқа,
көрсеткен қызметке, қонақ үйде тұрғанына төлеген кезде.
821 банкінің комиссиондық төлемдерін төлеген кезде.
201, 202, 222 тағы басқа карточка арқылы алынған тауарлы материалдық
құндылықтарды төлеген кезде.
Төлем карточкадан қолма-қол ақшаны алған кезде есеп беретін адамға
ақша қаражатын берген сияқты рәсімделеді, операциялар одан әрі қарай жалпы
қаблданған тәртіп бойынша көрініс табады. Қолма-қол ақшаны және оны
есептеумен байланысты уақытын және басқа да шығындарын қысқарту мақсатында
кәсіпорын еңбеккерлердің еңбек ақысын төлем карточкасында төлеуді ұйғарған.
Төлем карточкасы әзірленіп, еңбеккерлерге берілген. Енді біз осы бойынша
шоттар корреспонденциясын келтіріп көрейік.
№ Шаруашылық операцияларының Сомасы, Шоттар
мазмұны теңге корреспонденциясы
дебет Кредит
1 2 3 4 5
1. Еңбеккерлерге төлем карточкасын
әзірлеу бойынша жасалған 200000 333 441
шығыстар сомасы төленді
2. Еңбеккерлерге ағымдағы ай үшін 821, 811,
жалақысы есептелінді 1500000 902, 681
922, 932, т.б.
3. Жалақыдан ұсталынатындары
жасалынды: 137000 681 653
-10% міндетті зейнетақы жарнасы73140 681 634, жеке
ұсталды табыс
-жеке табыс салығы ұсталды 200000 681 салығы
-төлем карточкаларын әзірлеуге субшоты
кеткен шығындары ұсталды.
4. Есептелген жалақы
еңбеккерлердің төлем 1089860 681 441
карточкасына аударылды
Дебиторлық борыштар және міндеттемелер есебі
Сатып алушылармен жіне тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі
бухгалтерлік есептің мынадай шоттарында жүреді:
301 Алынуға тиісті қарыздар шоты;
302 Алынған вексельдер шоты;
303 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің басқадай қарыздары
шоты.
301 Алынуға тиісті қарыздар шотында жөнелтілген өнім (тауарлар),
орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге банк қабылдаған
есептесу құжаттарын есепке алады. Алынуға тиісті дебиторлық қарыздар
ағымдағы (немесе қысқа мерзімдегі) дебиторлық қарыздар, яғни бір есептік
кезеңнің ішіндегі болып және ұзақ мерзімдегі дебиторлық қарыздар, яғни
бірнеше есептік кезеңді қамтитын болып екіге бөлінеді.
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша
бухгалтерлік есепте келесі жазулар жазылады:
Егер сатып алушылар мен тапсырыс берушілер шартқа сәйкес
жабдықтаушыға аванс төлесе (431, 441, 451-шоттардың дебеті, 661 Тауарлы
материалдық запастарымен жабдықтау үшін алынған аванстар немесе 622
Жұмыстарды орындау және қызмет көрсетуі үшін алынған аванстар шоттардың
кредиті), онда сатып алушылар мен тапсырыс берушілер төлеген аванс сомасын
шегеріп барып төлем жасайды.
Жабдықтаушы кәсіпорынның бухгалтериясы бұрынырақ төленген авансты
есепке алады да, ол: 661 және 662 шоттарының дебеті және 301- шотының
кредиті бойынша көрініс табады.
Егер де алынуы тиіс шоттар алғашқыда шетел валютасымен, содан соң
теңгемен көрсетілсе, онда олардың есептік кезеңнің соңына пайда болған оң
айырмасы 301 шоттың дебетінде және 725 кредитінде көрсетіледі, ал теріс
айырмасы 844 дебетінде және 301 шоттың кредитінде көрініс табады.
Дебиторлық қарыздар соларға байланысты түсетін табысты салыстырғанның
нәтижесінде ғана танылады, бірақ табыстан баға бойынша да, сату бойынша да
берілген жеңілдіктермен қоса, сатуда қайтарылған тауарлардың құны
шегеріледі.
Баға мен сатудан берілген жеңілдіктер 712 Сатудан жасалған
жеңілдіктер, 713 Бағадан жасалған жеңілдіктер деген шоттары
дебеттеліп, 301 шоты кредиттеледі, ал қайтарылған тауарға 711 Сатудан
қайтарылған тауарлары шоты дебеттеліп, 301 шоты кредиттеледі. Осыған
сәйкес, бұрындары есептелген ҚҚС да түзетіліп жазылады.
Айдың аяғындағы 301-шоты бойынша сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің өздеріне келген (босатылған) тауарлы материалдық запастар және
орындалып, қабылданған жұмыстар мен қызметтер үшін өтелмеген борыштың
қалдығын көрсетеді.
Дебиторлық қарыз айналысатын қаражатты айыратындығын көрсететін
болғандықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілер бірінші кезекте олардың
айналымдылығын талдайды. Әдетте, дебиторлық қарыздың айналымдылығы отыз
күннен тоқсан күнге дейін тең болады, егер де осы мерзімнен асып кетсе,
онда оны мерзімі өтіп кеткен деп санайды.
Сондықтан кейінгі кездері дебиторлық қарызды талап ету құқын
факторингалық компанияларға жүктейді.
Факторингалық операциялардың есебі. Факторинг, басқаша айтқанда,
қаржылық агент болып табылады және ол үшінші тұлға ретінде қарызды өндіріп
беру үшін қызмет етеді.
Басқа да дебиторлық қарыздардың есебі.
Басқадай дебиторлық қарыздарды (борыштарды) есепке алу 33
Басқалай дебиторлық қарыздар бөлімшесіндегі шоттарда жүргізіледі. Бұларға
мынадай шоттар кіреді:
-331 Өтелуі тиісті қосылған құн салығы;
-332 Есептелінген проценттер;
-333 Жұмыскерлердің және басқа тұлғалардың қарыздары;
-334 Басқа да қарыздар.
Дебиторлық қарыздардың әрбір түрі бойынша есепке алуды ұйымдастырудың
жайын қарастырып көрейік.
Басқадай дебиторлық қарыздар (334 шоты). Бұл шотта жалгерлік бойынша
келіп түсетін міндеттемелеріне, бюджетке артық аударылған сомаларына, шағым
талап сомаларына, ТМЗ кем шығуына, нормадан тыс табиғи кемітулеріне,
айыппұлдарына т.б. ақпараттарына шолу жасалынады.
Шағым-талап (претензия) бойынша есеп айырысуды есепке алу. Шағым-
талап деп- кредитордың өзінің мүліктік құқығы мен мүддесінің бұзылуына
байланысты қарыздарды өз еркіменрттеу жөніндегі жазбаша талабын айтамыз.
Белгіленген тәртіп бойынша талап еткенге дейін кредитор алдын-ала тікелей
қарызданушыға шағым-талабымен баруы керек.
Кәсіпорын шағым-талап бойынша қарыздарды уақытында және толығымен
өндіріп алудың қажетті шараларын қолдануға міндетті. Шағым-талапта: шағым-
талап қоюшы кәсіпорынның атауы, шағым-талаптың нөмірі және түскен күні;
тиісті (нормативтік) актілерге сілтемесі; мәлімдеушінің төлем және есеп
айырысу реквизиттері; тіркелген құжаттардың тізімі; кәсіпорын басшысының
қолы көрсетілуге тиісті.
Кем шыққан өнімдер, тиісті сапаға сай келмейтін немесе комплектісі
(жиыны) түгел емес өнімдер құнының орнын толтыру жөніндегі және осындай
өнімдерді жеткізгені үшін айыппұл төлеуді қоса алғандағы шағым-талаптар екі
айдың ішінде қойылады.
Бұл шотта жабдықтаушылардың шот-фактураларында жіберілген
арифметикалық қателіктері де және бағаның сәйкес келмеуі де; жеткізілген
құндылықтардың сапасының мемлекет тарапынан бекітілген стандартына және
техникалық шарттарға сай келмеуі де; тауарлардың тізімге енгізілген
тауарлар санымен салыстырғанда кем шығуына байланысты туындаған шағым-
талаптары да есепке алынады. Осы шотта транспорттық және басқа даұйымдарға
қойылатын шағым-талаптар: табиғи зиян нормасынан артық көлемде жүктің
жетіспей қалуы және тарифтің шегінен шыққаны үшін; жабдықтаушылар мен
мердігерлердің айыбынан болған ақаулар және тұрып қалғаны үшін; банктегі
есеп айрысу және басқа да шоттарынан қате аударылып есептен шығарылған
сомалар бойынша банкке қойылатын; сот ұйғарған немесе төлеушілердің өздері
мойындаған көлемде (қойылған шағым-талаптағы төлеуші мойындамаған сома
есепте көрсетілмейді) жабдықтаушылардан және басқа мекемелерден өндірілуге
тиісті айыппұл, өсім айыбы және т.б. сомалары есепке алынады.
Тиісті құжаттардыі негізінде шағым-талап сомаларын шоттың дебетіне –
жабдықтаушыларға шағым-талап қойылған жағдайда 671 Жабдықтаушылармен және
мердігерлермен есеп айырысу шотының кредитінен; қате аударылып есептен
шығарылған есептер бойынша банкке шағым- талап қойған жағдайда- 441 Есеп
айырысу шотындағы қолма-қол ақша шотының кредитінен; төлеушілердің өздері
мойындаған немесе сот ұйғарған көлемде келісім шарттағы міндеттемелерін
орындамағаны үшін мердігерлерден, жабдықтаушылардан және т.б. өндірілуге
тиісті айыппұл, өсім айыбы, тұрақсыздық айыбы сомаларына 727 Басқа да
қосалқы қызметтерден түсетін табыстар шотының кредитінен есептен шығарады.
Қойылған шағым-талап бойынша төлем түскен жағдайда 441 шоты
дебеттеледі де және 334 шоты кредиттеледі.
№ Сомасы, Шоттар
Шаруашылық операцияларының теңге Корреспонденциясы
мазмұны
дебет Кредит
1 2 3
1. Өтеу мерзімі 20 күнге берілген 400000 441
вексельдің сомасы, банкіден 301\1
алынды
2. Вексель бойынша тиесілі
марапаттау сомасы алынды:
-банкінің есептік мқлшерлемесі4444,45 441 332
шегерілген марапаттау сомасы
3. Банкіге марапаттау сомасы 2222,22 831 332
есептелінді
4. Банкіге марапаттау сомасы 2222,22 332 441
төленді
Еңбек ақы есебі
Кәсіпорын шаруашылық қызметін жасаудың процесінде қызметкерлерді
жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады, яғни олардың сандары
өзгереді, демек жұмыс барысында әртүрлі ауыс түйістер болып тұрады.
Қызметкерлердің құрамдық өзгерісінің есебін кадрлар бқлімі жүргізеді, ол
бүкіл субъектідегі және оның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің
санын және оның өзгеру себептерін, жынысын, жас мөлшерін, категорияларын,
кәсіптерін, қызмет орындарын, мамандықтарын, біліктілігін, жұмыс стажын,
білімін және басқа белгілерін есепке алады.
Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған кезде еңбеккерлермен өзара тікелей
жеке еңбек келісім шарттарын жасайды.
Жеке еңбңек келісім шарты- жұмыс беруші мен еңбеккерлер арасындағы
жазбаша тріндегі келісім, онда жұмыс орны, келісім шарттың мерзімі еңбңек
тәртібінің жағдайы, демалысы, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқа да
мәселелері туралы сұрақтар қарастырылады.
Әдетте, жалақысының деңгейін жұмыс беруші белгілейді және ол жеке
еңбек келісімшартында тіркеледі.
Жеке еңбек келісім шарты бойынша тараптардың жауапкершілігі,
міндеті, құқықтары белгіленеді. Жеке еңбңек келісім шартында өндіріс
саласының ерекшеліктері, нақты міндеті, жұмыс берушінің қаржылық
мүмкіндігі, бір сөзбен айтқанда шарттың мазмұны мен сипаты ашылады.
Дегенмен де, келісім шартқа Қазақстан Республикасының еңбек туралы
заңының 7,8 және 9 баптары енгізілуі тиіс. Кез-келген 16 жасқа толған
азамат осындай жеке еңбек шартын жасауға құқылы, ао егерде ата-анасы рұқсат
берсе, онда ол 15 жастан және өте сирек 14 жастан еңбңек етуі
мүмкін.
Жеке еңбек келісім шартында мыналар қарастырылады:
-белгісіз мерзімге;
-белгілі мерзімге
-белгілі бір жұмыс орнына белгілі уақытқа;
-еңбеккерлер жоқ болған жағдайда оның жұмысын уақытша
атқаруға.
Заңда келісім шарттың максимальді және минимальді мерзімі
белгіленбеуі мүмкін. Егер де жеке еңбңек келісім шартында мерзімі
айтылмаса, онда ол белгісіз мерзімге қабалданған болып саналады. Жеке еңбек
келісім шарты екі данада жазбаша түрде жасалады және оған екі жақ та қол
қояды. Оның бір данасы жұмысқа тұрушы еңбеккерге беріледі. Еңбеккер өз
қызметіне келісім шартта көрсетілген күннен бастап кіріседі, онда оның
нақты жұмысқа шыққан күні есептелінеді.
Еңбек кітапшасы не жұмыс берушіде, не қызметкерлердің өзінде
сақталуы мүмкін.
Жеке еңбек келісім шартына және демалыстар кестелеріне сәйкес
қызметкерлерге берілетін жыл сайынғы және басқа түрлердегі демалыстарды
құжаттау үшін Демалыс беру туралы бұйрық қолданылады. Екі дана етіп
толтырылады, бірі кадрлар бөлімінде қалады, екіншісі бухгалтерияға
беріледі. Оған құрылымдық бөлімшенің бастығы мен кәсіпорын басшысы қол
қояды. Демалыс беру туралы бұйрықтың негізінде кадрлар бөлімі
қызметкерлердің жеке карточкасына белгілер соғады, ал бухгалтерия демалыс
үшін тиесілі жалақысын есептейді.
Еңбек төлемінің нысаны. Жалақы- бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек
келісім шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай
еңбеккерлер орындаған жұмыс үшін алады.
Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап
айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс беруші нақты жағдайын
ескере отырып, Еңбек ақы төлеу туралы ережесін дербес әзірлей алады.
Сондай ақ онда еңбеккерлердің категориясын жұмыс уақытының тәртібін,
Қызметкер туралы ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушіге
еңбек тәртібін ұйымдастыру мен еңбек келісім шартын жасау үшін ғана емес,
сондай ақ, ол шығыстар мен ұсталымдарды негіздеу үшін де қажет. Төлем жеке
және ұжымжық еңбек нәтижесі бойынша жасалуы мүмкін.
Бұл жағдайда жұмыс берушінің белгіленген жалақысының деңгейі заңда
белгілеген ең төменгі жалақының деңгейінен төмен болмауы керек.
Іс жүзінде еңбек ақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны
пайдаланылады- кесімді және мерзімді.
Мерзімді еңбек ақысы деп, нақты істеген уақыты үшін еңбек ақының
мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін
жалақының нысанын атайды. Мерзімдік еңбек ақының нысаны жай мерзімділік
және сыйақылы мерзімділік болып бөлінеді.
Жай мерзімділік жүйесінің кезінде өзіне берілген тарифтік
мөлшерлемесі немесе нақты істегенуақыт бойынша еңбеккерлерге еңбек ақы
есептейді.Енді осы жүйеге сандық және сапалық көрсеткіштері үшін қосымша
еңбекақы сыйақылы-мерзімділік төлем болып табылады.
Қазақстан Репбликасындағы шетелдік жеке тұлғалардың еңбек ету қызметі.
Қазақстан Республикасында еңбек ету қызметін жүзеге асырып жүрген
шетелдік азаматтарының республиканың азаматтары сияқты міндеттемесі мен
құқықтары бар, бірақ олар жекелеген қызметке тұруына немесе Қазақстан
азаматтары сияқты белгілі бір қызмет түрімен шұғылдануына болмайды,
мысалға, олар мемлекеттік қызметке қабылданбайды немесе сот, нотариус,
прокурор және т.б. қызметімен шұғылданбайды.
Жұмыс орнына және ваканттық қызметке қабылданған кезде
республиканың азаматтарына басымдылық құқығы беріледі, дегенмен де жұмыс
беруші Қазақстан Республикасының азаматына да, шетелдіктерге де бірдей
жағдай жасайды.
Шетелдікті жұмысқа рәсімделген кезде келген мақсатына сай және
қызметке талап білдірушілердің шартына қарай қандай топқа жататындығын
белгілеу қажет.
Егер де жұмыс беруші өзінің кәсіпкерлік қызметіне шетелдіктерді
тартатын болса, онда ол шетел жұмыс күшіне лицензия алуы керек.
Жеке және ұсақ сериялық өндірісте өндірім мен еңбек төлемінің
есебі кесімдіжұмысқа жасалған нарядында жүргізіледі. Орындалатын
тапсырманың ұзақтығына қарай нарядтары сменаға немесе одан да ұзағырақ
мерзімге жазады. Оны жазуға учаскенің технологиялық қатарлары мен
өндірістік бағдарламалары негіз болады.
Еңбек жағдайының өзгеруінен туындаған бағаларға қосылатын тқлемге
және өндіріс технологиясында ескерілмеген жұмыстарға қосымша төлем парағын
немесе ерекшелік белгілері бар кесімді жұмысқа жасалатын нарядтар
толтырады. Парақтарда өндірім туралы негізгі нарядтың немесе рапорттың
номеріне сілтеме жасап, қосымша төлемнің әрбір түріне жеке жүмысшыға не
бригадаға жазады. Кәсіпорында жұмыстың тоқтап қалу және үзілістердің болу
себебі ашылып, жұмыс уақытынан артық жұмыс істегендердің табелімен бірге
кәсіпорынның бухгалтериясына беріледі. Қосымша төлемдер туралы мәліметтерде
бухгалтерия ауытқушылық себептерін тауып, қажетті шаралар қабылдау үшін цех
басшылығына үнемі ұсынып отыруы міндетті.
Мерзімінен тыс жұмыстар есебін мерзімінен тыс жұмыс істелген
жұмыстарға төлем төлеу үшін бухгалтерияға береді.
Еңбек төлемі бойнша есеп айырысу әртүрлі кәспорындарда мынадай
құжаттарда: есеп айырысу төлем тізімдемесінде, оны сонымен қатар жалақы
беру үшін де пайдаланады, есеп айырысу тізімдемесінде және жеке толтырылған
төлем тізімдемесінде, әрбір жұмысшыға жасалған еңбек төлемінің арнайы есеп
айырысуларында; жыл бойы пайдаланатын кітапқа тігілген есеп айырысуы
төзімдемелерінде жүргізіледі.
Есеп айырысу тізімдемесі- жиынтық құжат, онда есептелген еңбек
төлемінің барлық түрі және жұмыс істеп жүргендерге берілетін басқа да
төлемдер сондай ақ күші бар заңдарға сәйкес жасалған үстанымдар мен
шегерімдер жинақталған. Оны еңбек төлемі жөніндегі есеп айырысу дерекетері
негізінде жасайды. Тізмдемеде қызметкерлердің тегін, атын, әкелерінің
аттарын, олардың табелдік номерлері мен қызмет орындарын, разрядтарын
немесе айлық ақыларын көрсетеді. Оған кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер
қол қояды. Тізімдеменің Есептелінді деген бөлімінде құжаттармен
негізделген кесімді, мерзімнен тыс т.б. төлемдердің есептелген сомалары
енгізіледі. Ұсталынды және есепке алынды деген бөлімінде табыс салығының
сомасы, сондай ақ атқару қағаздары бойынша ұсталымдардың сомалары, несиеге
сатылған тауарлар үшін есепке алынған сомалар, еңбек төлемінің есебіне
кіретін аванс және басқа ұсталымдар енгізілді.Салықты өткен айдың
жалақысынан ұстайды. Айдың аяғында тізімдемеге әрбір жұмысшыға берілуге
тиісті сомасын шығарады.
Орташа жалақыны есептеген кезде мына төлемдер есепке алынбайды:
- жыл сайынғы еңбек демалысы үшін берілген компенсация;
-еңбекке уаытша жарамсыздығына, екіқабат және бала табуына,
бала асырап алуына байланысты жәрдемақылар;
-денсаулығы жақсартатын шараларға берілетін жәрдемақылар;
-қызмет бабы бойынша іссапарға берілген компенсациялар және
қосылып берілетін үстемелер мен қосымша төлеидер;
-дала жұмыстарымен шұғылданатын еңбеккерлердің алатын үлестері;
-тараптардың келісімі бойынша өндірістік мақсат үшін жеке
транспорт пайдаланған кезде төленетін конпенсация;
-арнайы берілген киімдер, аяқ киімдер, алғашқы медициналық
көмектер, сабын, сүт, т.б. құндылықтардың құны.
-материалдық көмектер;
-бір жылғы берілетін мақтау сыйлығы;
-жалақыны кешіктіріп төлегені үшін жұмыс берушінің еңбеккерлерге
төлеген өсімі;
Есептік Есептік Еңбек ақы 2000 жылдың Еңбек ақы
кезеңге кезеңде жүйесінде нәтижесі жүйесінде
кіретін есептелген қарастырылған, бойынша, қарастырылған,
жалақысы, сыйлығы жылдық сыйлық төленді,
теңге есептелінді сыйлығы теңге
есептелінді,
теңге
2001 ж
.Мамыр 15000 5000 сәуір айы
Маусым 17000 үшін
Шілде 17000 5000
Тамыз 20000 5000
Қыркүйек 20000
Қазан 20000 6000
Қараша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz