Коммерциялық банктер және олардың жіктелуі



1. Коммерциялық банктер және олардың жіктелуі
2. Қазақстан Республикасында банктерді ашуды ұйымдастыру ерекшеліктері
3. Коммерциялық банктердің қызметін басқару құрылымы
Коммерциялық банктер - жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну және т.б.) салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер; кредиттік жүйенін негізгі звеносы
Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі
Қазіргі коммерциялық банктер — бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді.
Коммердиялық банктер деп, бұл жерде Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
• мемлекеттік;
• акционерлік;
• жеке;
• пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
• аралас (шетел капиталының қатысуымен).
2. Операцияларының турлеріне қарай:
• әмбебап, яғни экономиканың барлықсалаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
• маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;
3. Аумақтық белгісіне қарай:
• халықаралық;
• мемлекетаралық
• ұлттық;
• аймақтық;
4. Салалық белгісіне қарай:
• өнеркәсіптік банктер;
• сауда банктері;
• ауыл шаруашылық банктері;
• құрылыс банктері;
• басқа.
5. Филиалдар санына қарай:
• филиалсыз;
• кеп филиалды.
Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін түсімдерден қүралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар.
Жай акция — оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивидент алып отыруға күқык береді. Ал артықшылығы бар акция — оның иесіне коғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағлайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға косқан өз үлесін алуға құқық береді.
1. Ғ. С. Сейіткасымов «Ақша, несие, банк»
2. http://kk.wikipedia.org/wiki

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
1. Коммерциялық банктер және олардың жіктелуі

Қазақстан Республикасында банктерді ашуды ұйымдастыру ерекшеліктері

Коммерциялық банктердің қызметін басқару құрылымы

Коммерциялық банктер - жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу,
коммерциялық несиелерді ұсыну және т.б.) салымдары түрінде тартылған
негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы
кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік
мекемелер; кредиттік жүйенін негізгі звеносы

Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі

Қазіргі коммерциялық банктер — бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға,
сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді.
Коммердиялық банктер деп, бұл жерде Қазақстан Республикасындағы екінші
деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
• мемлекеттік;
• акционерлік;
• жеке;
• пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
• аралас (шетел капиталының қатысуымен).
2. Операцияларының турлеріне қарай:
• әмбебап, яғни экономиканың барлықсалаларына бірдей және кең көлемді
банктік қызмет көрсететін банктер;
• маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;
3. Аумақтық белгісіне қарай:
• халықаралық;
• мемлекетаралық
• ұлттық;
• аймақтық;
4. Салалық белгісіне қарай:
• өнеркәсіптік банктер;
• сауда банктері;
• ауыл шаруашылық банктері;
• құрылыс банктері;
• басқа.
5. Филиалдар санына қарай:
• филиалсыз;
• кеп филиалды.
Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан
түсетін түсімдерден қүралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және
артықшылығы бар.
Жай акция — оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның
пайдасына қарай дивидент алып отыруға күқык береді. Ал артықшылығы бар
акция — оның иесіне коғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен,
уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам
банкроттыққа ұшыраған жағлайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға косқан өз
үлесін алуға құқық береді.
Егер де банк жауапкершілік шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның
жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта
анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе кұрылтайшылары
өздерінетиісті үлес шегінде ғана оның міндетгемелеріне жауап береді.
Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық нысанындағы байланыссыз, оның жарғылық
капиталы оның қатынасушылары, жеке және занды тұлғалар есебінен кұрылады.
Және олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады.
Жарғылық капитал, оның қатынасушыларының меншікті қаражаты есебінен ғана
құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды құруға тыйым
салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен құрылуы
мүмкін.
Қазақстан Республикасындағы банктік жүйеде 01.01.2009 жылғы статистикалық
мәліметтер бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі банктердің
барлығы дерлік акционерлік қоғам нысанындағы банктер, соның ішінде екі банк
кана мемлекетке 100% тиесілі банктер, оларға: Қазақстан Даму банкі мен
Тұрғын үй құрылысы банкі, ал шетел капиталының қатысуымен (100 - 10 банк,
50% — аса - 6 банк) құрылған банктерде саны - 16, онын ішінде еншілес
банктер— 11.

Қазақстан Республикасында банктерді ашуды ұйымдастыру
ерекшеліктері.Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері ҚҰБ-нің
лицензиясы негізінде қызмет етеді. Лицензияның өзіндік стандартты нысаны
бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады.
Казақстандағы берілетін лицензияның дамыған шетелдерден айырмашылығы
әмбебаптығы болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы банк кызметінде мемлекеттік органдар
банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық, ипотекалық
қызметтерді жүзеге асырады және т.б. Қазақстандық банктер бағалы кағаздар
нарығында да тікелей қатысуға толық құқылы.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер банктік операцияларды
жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа валюталық операцияларды жүргізу
үшін арнайы лицензия алады. Мұндай лицензия оларға өз қызметін жүзеге
асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік 0атынастар
орнатуға, сондай-ақ дамыған шетелдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға
құқық береді.
Сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктер бағалы металдармен операцияларды
жүзеге асыруға арналған лицензия алады. 1995 жылдың 31 тамызында
қабылданған Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет
туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында
банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:
1. Банк ашуға рұқсат алу;
2. Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
3. Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу.
Аталған заңға сәйкес, банкті занды және жеке тұлға ашуға құкылы.
Бірінші кезеңде, банк ашушы банк ашуға рұқсат алу өтінішін береді және оған
қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:
• рұқсат алу үшін беретін өтініші;
• құрылтайшылык шарт (түпнұсқа);
• банктің жарғысы (түпнұсқа);
• банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;
• құрылтайшылар туралы мәліметтер;
• құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды
тұлғалар үшін);
• құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;
• егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары Қазақстан Республикасының
резиденті болмаса, ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік
немесе қадағалау органынан жазбаша келісім қажет;
• егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк
ретінде қайта құрылса, онда: онын. жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы
есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымнын, қаржылық
жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;
• банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы
мәліметтер, оның ішінде: банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк
жүйесінде кемінде - үш жыл, ал олардын, орынбасарларының кемінде екі
жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде —
біржылдық еңбек тәжірибесі болуы және т.с.с.;
• жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің
өкілетті органымен бектілуі тиіс);
• жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің
өкілетті органымен бектілуі тиіс);
• жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің
өкілетті органымен бектілуі тиіс);
• жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары, оның ішінде болу керек, оның
ішінде: банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық
болашағы (есеп айырысу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) үш
жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары (банк
клиенттерін қалыптастыру), еңбек ресурстарын калыптастыру жоспары;
• тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шаралары туралы
құрылтайшылардың есебі;
• нотариалды түрде куәландырылған, кұрылтайшылардың атынан өтініш беруге
құзіретінің барлығын растайтын құжаты;
• басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтер.
Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай әрі кеткенде алты ай
мерзімі ішінде өкілетті органда қаралады.
Екінші кезеңде жаңадан құралатын банк ҚҰБ рұқсат берген күннен бастап,
бір ай ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде банк
мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған, Қаржылық кадағалау агентгігінің банк
ашуға берген рүқсатын және оның келісімімен расталған құрылтайшылық
құжаттарын тапсырады.
Үшінші кезеңде банктік операцияларын жүзеге асыру үшін Қаржылық қадағалау
агенттігінен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден еткен
күннен бастап, бір жылғадейін мыналарды орындауға тиіс:
• ұйымдастырушылық-техникаяық шараларды орындау, оның ішінде: Ұлттық
Банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-
жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;
• жарияланған жарғылық капиталды төлеу.
Лицензия алуға өтінішпен бірге жоғарьща аталған талаптарды орындағандығын
растайтын құжатгы беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай
ішінде ҚҰБ қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің
жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.
Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге
асыра алады. Оларға мыналар жатады:
• брокерлік — мемлекетгің бағалы қағаздарымен;
• дилерлік — мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздармен;
• кастодиандық;
• клирингтік.
Осы аталған қызмет түрлеріне ҚҰБ-нен жекелеген және кешенді (бірнеше
қызметке) лицензиялар беріледі.
Сонымен катар, Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер өз
қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ
кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.
Банктің филиалы — филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін
банктік операцияларды жүзеге асыруға кұқылы және өзінің дербес бухгалтерлік
балансы бар, занды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.
Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін ҚҰБ-нің келісімін алуға
тиіс. Ол үшін мынадай кұжаттарды тапсырады:
• Филиал ашуға рұқсат алу әтініші;
• Банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы ереже;
• Бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы
мәліметтер.
Шетелдік банктердің Қазақстан Республикасы аумағында филиалдарын ашуға
заңмен тыйым салынады..
Банктің өкілдігі — банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни
банктің тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан
жерінен тыс орналасқан, занды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық
бөлімшесі.
Банк өкілдігі де Қаржылық қадағалау агенттігінің келісімімен ашылады.
Шетелдік банктер өкілдіктерін ашу үшін мынадай құжаттарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк жүйесінің құрылымы, кезеңдері
Банктердің дамуы
Қазақстан Республикасының нарық экономикасындағы коммерциялық банктері
Коммерциялық банктердің қызметін басқару құрылымы
Қазақстан Республикасындағы Банк ісін ұйымдастыру және реттеу
Қазақстан банк жүйесінің ағымдағы жағдайы
Жеке тұлғаларды несиелеудің мәні, формалары және жіктелуі
Коммерциялық банк операциялары
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер
Коммерциялық банктердің инвестиция сферасындағы инвестициялық қызметі
Пәндер