Топтау белгілері және топқа бөлу принциптері


Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Топтау белгілері және топқа бөлу принциптері

Статистикалық топтау әдісі қарастыратын күрделі де, негізгі мәселелердің бірі алдын-ала жасалынған бағдарлама бойынша топтау белгілерін анықтау, яғни қанша топқа керек екендігін шешу және олардың көрсеткіштерін әрбір топ бойынша жеке қарастыру болып табылады. Сондықтан, топтау әдісін жүргізбес бұрын жалпы жиынтық бірліктерін

сандық және сапалық белгілері бойынша ретке келтіріп, зерттелетін көрсеткіштердің мәні мен мақсатына және оның негізіне басым көңіл бөлінуі қажет. Себебі, топтау бөліктері неғүрлым көп болатын болса, онда жиналған мәліметтер де соғұрлым дұрыс бөлінеді. Бірақ, әрбір топтағы жиынтық көрсеткіштері ұсақталып кетеді де, оларды статистикалық кесте арқылы көрсету, талдау, қорытынды жасау кездерінде біршама қиыншылықтар кездесу мүмкін.

Статистикалық мәліметтерді топқа бөлу кезінде әрбір топқа көптеген сандық бірліктердің енгізілуі керек. Және оның мағынасы анық көрсетілуі тиіс. Егер топтау негізі сапалық белгілеріне қарай берілген болса, онда топтар саны сол белгілердің, санына сәйкес келеді.

Кейбір жағдайларда сапалық белгілер өздерінің нышандары бойынша бір-бірінен әр түрлі айырмашылықтарына қарай ерекшелінетін болса, онда оларды типтеріне, түрлеріне немесе сыныптарына қарай топтық жіктерге бөлу арқылы жүргізіледі.

Егер топтау негізінде сандық белгілер алынатын болса, онда топтар саны сол белгілердің мөлшеріне (көлеміне) және олардың өзгермелілігіне байланысты болады. Сонымен, сипатталатын топтау өздерінің өзгермелі мәндеріне сәйкес бүгін және деңгей аралықты топтауға бөлінеді. Топтау кезінде топтық белгілері бүтін санмен берілетін болса, онда ол бүтін санды өзгермелі топтауға жатқызылады. Ал ондағы бөлініп алынған топтар саны сол берілген белгілердің мәніне сәйкес келеді.

Егер топтау белгілері бүтін санмен емес, деңгей аралықты санмен берілетін болса, онда деңгей аралықты топтау деп айтады.

Статистикалық топтау кезінде әрбір топтың деңгей аралығының шамасы тұрақты, бірдей немесе тұрақсыз әр түрлі өзгермелі сандармен берілуі мүмкін. Егер топтау белгісінің сандық шамасында онша көп ауытқу болмаса, онда тұрақты деңгей аралықты топтау әдісін қолдануға болады. Тұрақсыз деңгей аралықты шама үдемелі немесе кему бағытында болуы мүмкін, ал тұрақты деңгей аралықты шамада, шектік сандық көрсеткіштер барлық топтар үшін бірдей болады.

Деңгей аралығының тұрақты шамасын есептеу алдында оның ең үлкен және ең кіші сандық мәнінің шамасын анықтап алу қажет.

Сонымен, әрбір топтың жоғарғы және төменгі шектерінің арасындағы сандық өзгеріс, яғни айырмашылық топтаудың деңгей аралығының тұрақты шамасы деп атайды.

Зауыттарды орташа жылдық

негізгі қоры бойынша топтау

Зауыттарды негізгі қоры бойынша топтау, мың теңге: Зауыттарды негізгі қоры бойынша топтау, мың теңге
Зауыттардың саны: Зауыттардың саны
Негізгі қордың орташа жылдық құны, мың теңге: Негізгі қордың орташа жылдық құны, мың теңге
Шығарылған өнім, мың теңге: Шығарылған өнім, мың теңге
Зауыттарды негізгі қоры бойынша топтау, мың теңге: барлығы
Зауыттардың саны: бір зауытқа шаққанда
Негізгі қордың орташа жылдық құны, мың теңге: барлығы
Шығарылған өнім, мың теңге: бір зауытқа шаққанда
Зауыттарды негізгі қоры бойынша топтау, мың теңге: 1, 5-4, 5
Зауыттардың саны: 5
Негізгі қордың орташа жылдық құны, мың теңге: 15, 3
Шығарылған өнім, мың теңге: 2, 5
15, 5
2, 6
Зауыттарды негізгі қоры бойынша топтау, мың теңге: 4, 5-7, 5
Зауыттардың саны: 7
Негізгі қордың орташа жылдық құны, мың теңге: 41, 6
Шығарылған өнім, мың теңге: 5, 9
33, 2
4, 7
Зауыттарды негізгі қоры бойынша топтау, мың теңге: 7, 5-10, 5
Зауыттардың саны: 6
Негізгі қордың орташа жылдық құны, мың теңге: 53, 5
Шығарылған өнім, мың теңге: 8, 9
47, 6
7, 9
Зауыттарды негізгі қоры бойынша топтау, мың теңге: 10, 5-13, 5
Зауыттардың саны: 6
Негізгі қордың орташа жылдық құны, мың теңге: 71, 4
Шығарылған өнім, мың теңге: 11, 9
63, 4
10, 6
Зауыттарды негізгі қоры бойынша топтау, мың теңге: барлығы
Зауыттардың саны: 25
Негізгі қордың орташа жылдық құны, мың теңге: 181, 8
Шығарылған өнім, мың теңге: 7, 3
159, 7
6, 4

Көп жағдайда деңгей аралықты топтаудың шекарасын бірнеше түрмен жазуға болады және ол іс жүзінде еркін жүргізіледі. Егер топтаудың негізіне алынып отырған шама бүтін санмен берілген болса, онда 1-топтың деңгей аралығының жоғары шегінен 2-топтың деңгей аралығының төменгі шегінің бір санға ғана айырмашылығы болады.

Қайта топтау

Статистикалық топтау әдісінің ішіндегі негізгі және жиі қолданылатын түрі екінші рет қайта топтау тәсілі. Қайта топтау деп алғашқы топтастырылған топтық көрсеткіштерді жаңа топтарға өзгерту әдісін айтады.

Бастапқы топтастырылған топтық көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерге талдау жасағанда қойылған талаптарға толық жауап бермейтін болса, онда қайта топтау әдісі қолданылады. Ол екі түрлі тәсілмен жүргізіледі: біріншісі - бастапқы топтастырылған ұсақ топтардың деңгей аралығын қосып, яки оларды көбейту арқылы ірі топтарға айналдыру; екіншісі - әр жерде жиналып, әр түрлі өңделген топтық көрсеткіштерді бір-бірімен салыстыру үшін бір жүйеге келтіру керек болғанда проценттік үлесі бойынша қайта топтастыру.

Екі тәсілді де қолдану кезінде жалпы жиынтық мөлшері өзгермейді, ал ішкі сандық құрылымында қандай шамамен берілсе де, түрлі топтық өзгерістер кездеседі. Қайта топтау әдісін қолдануды іс жүзінде көрсету үшін төмендегі мысалдарға көңіл аударайық:

Бірінші мысал. Төменде зауыттардың негізгі қорлары бойынша топтастырылған көрсеткіштері берілген:

Зауыттарды негізгі қоры бойынша топтау

(бастапқы топтастырылған түрі)

Зауыттарды негізгі қоры бойынша топтау,млн. теңге:

Зауыттарды негізгі қоры бойынша топтау,

млн. теңге

Зауыттар саны,% есебімен:

Зауыттар саны,

% есебімен

Өндірілген жалпы өнім% есебімен:

Өндірілген жалпы өнім

% есебімен

Зауыттарды негізгі қоры бойынша топтау,млн. теңге: 1-3
Зауыттар саны,% есебімен: 4, 6
Өндірілген жалпы өнім% есебімен: 0, 6
Зауыттарды негізгі қоры бойынша топтау,млн. теңге: 3-5
Зауыттар саны,% есебімен: 5, 7
Өндірілген жалпы өнім% есебімен: 2, 1
Зауыттарды негізгі қоры бойынша топтау,млн. теңге: 5-10
Зауыттар саны,% есебімен: 7, 9
Өндірілген жалпы өнім% есебімен: 4, 1
Зауыттарды негізгі қоры бойынша топтау,млн. теңге: 10-15
Зауыттар саны,% есебімен: 11, 3
Өндірілген жалпы өнім% есебімен: 7, 2
Зауыттарды негізгі қоры бойынша топтау,млн. теңге: 15-20
Зауыттар саны,% есебімен: 16, 9
Өндірілген жалпы өнім% есебімен: 11, 8
Зауыттарды негізгі қоры бойынша топтау,млн. теңге: 20-25
Зауыттар саны,% есебімен: 23, 0
Өндірілген жалпы өнім% есебімен: 18, 9
Зауыттарды негізгі қоры бойынша топтау,млн. теңге: 25-30
Зауыттар саны,% есебімен: 27, 0
Өндірілген жалпы өнім% есебімен: 31, 4
Зауыттарды негізгі қоры бойынша топтау,млн. теңге: 30-35
Зауыттар саны,% есебімен: 2, 7
Өндірілген жалпы өнім% есебімен: 4, 8
Зауыттарды негізгі қоры бойынша топтау,млн. теңге: 35-40
Зауыттар саны,% есебімен: 2, 9
Өндірілген жалпы өнім% есебімен: 5
Зауыттарды негізгі қоры бойынша топтау,млн. теңге: 40-45
Зауыттар саны,% есебімен: 2, 3
Өндірілген жалпы өнім% есебімен: 4, 0
Зауыттарды негізгі қоры бойынша топтау,млн. теңге: 45-50
Зауыттар саны,% есебімен: 3, 7
Өндірілген жалпы өнім% есебімен: 6, 4
Зауыттарды негізгі қоры бойынша топтау,млн. теңге: 50 және одан жоғары
Зауыттар саны,% есебімен: 2, 0
Өндірілген жалпы өнім% есебімен: 3, 6
Зауыттарды негізгі қоры бойынша топтау,млн. теңге: Барлығы:
Зауыттар саны,% есебімен: 100, 0
Өндірілген жалпы өнім% есебімен: 100, 0

Екінші мысал. Төменде екі облыс ұжымшарлары бойынша 100 гектар пайдалы жерге есептегенде келетін сиырлардың топтастырылған көрсеткіштері берілген.

Ұжымшарлардың 100 га пайдалы жерге келетін сиырлар бойынша топқа бөлінуі (бастапқы топтастырылған түрі)

Алматы облысы: Алматы облысы
Жамбыл облысы: Жамбыл облысы
Алматы облысы: Ұжымшарлардың 100 га пайдалы жерге келетін сиырлар бойынша топтау
Жамбыл облысы:

Әр топтағы ұжымшарлардың үлесі,

% есебімен

Ұжымшарлардың 100 га пайдалы жерге келетін сиырлар бойынша топтау

Әр топтағы ұжымшарлардың үлесі,

% есебімен

Алматы облысы:

2-ге дейін

3-5

6-8

9-11

12-14

15-17

18-20

21 және одан жоғары

Жамбыл облысы:

4

10

13

27

23

18

3

5-ке дейін

6-10

11-15

16-20

21 және одан жоғары

12

35

28

20

5

Алматы облысы: Барлығы
Жамбыл облысы: 100
Барлығы
100

Демек, статистикалық қайта топтау әдісі - қоғамдағы болып жатқан құбылыстар мен процестерге сипаттама беру үшін, бір-бірімен салыстыру үшін және оған экономикалық қорытынды талдау жасау үшін қолданылатын зерттеу кезінің екінші сатысы болып саналады.

СТАТИСТИКАЛЫҚ ТАРАТПАЛЫ

ҚАТАРЛАР

Статистикалық мәліметтерді жинақтау кезінде көптеген қызықты сандық көрсеткіштер алынады. Мунда қоғамдық қү-былыстар меи процестердің сандық көлемі және олардың бір-бірінен белгілері бойынша өзгешеліктері көрсетіледі. Бірінші көрсетілгені өсіңкілік қатардың заңдылықтары және ол алдағы тақырыпта толық қарастырылады. Ал осы бөлімде жоғарыда көрсетілген көрсеткіштердің екінші жағы қамтылады. Оны статистикада таратпалы қатарлар деп айтады.

Статистикалық таратпалы қатарлар деп, қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы сандық көрсеткіштерді өздеріне тән өзгермелі белгілеріне қарай белгілі бір тәртіп бойынша ретке келтіріп, топқа бөлуді айтады. Таратпалы қатарлар берілген белгілеріне қарай сандық және сапалық (атрибуттік) болып екіге бөлінеді

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Статистикалық мәліметтерді топтау
Статистикалық жинақтау, топтау
Статистиканың жалпы теориясы
Статистика туралы түсінік және ғылыми міндеттері мен мақсаттары. Сұрақ-жауап түрінде
Статистика пәнінен тезистік лекция конспектілері
Статистикалық бақылау зерзаты
Директ-костинг есеп жүйесінің басқару есебіндегі мәні мен маңызы
Қазақстан статистикасының қалыптасуы мен дамуы тарихынан
Сөз таптарын топтастыру
Экономика дәрістер кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz