Қазақ елінің тарихы



1 XX ғасырдың I жартысындағы тарихи.әлеуметтік жағдай
2 Қазақстан . Ұлы Отан соғысында
3 ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстан
4 Тіл тағдыры . ел тағдыры
5 Қазақ елінің хандары
6 Кіші жүз әскерінің
қолбасшысы . Әбілқайыр хан (1693.1748)
7 Қазақ хандығының негізін
қалаушылардың бірі . әз Жәнібек хан
8 Қазақ халқының көсемдері
9 Қазақ халқының атақты шешені . Қаз дауысты
10 Қазыбек би (1667 . 1764)
11 Сөз шебері, майталман шешен .
12 Әйтеке би (1683.1722)
13 Ел қорғаны . батырлар. Ел қорғаған . ер бабам
14 Жоңғар басқыншылығында даңқы
шыққан батыр . Райымбек (1705.?)
15 Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы .
Бауыржан Момышұлы (1910.1982)
XX ғасырдың басында Қазақстан көп ұлтты елге айналды. Ғасыр басында Қазақстанның негізгі аумағы алты облысқа бөлінді.
XX ғасырдың басында қазақтар, орыстар, украиндар өлке халқының 87 %-нан 95 %- на дейін құрады. Өлке тұрғындарының 90 %-нан астамы ауылдық жерлерде қоныстанды. Олардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болды. Ал егіншілік халықтың көпшілік бөлігінің негізгі кәсібіне айналды.
Ресей патшалығының отары ретіндегі Қазақстанда өнеркәсіптің екі саласы: тау-кен өндірісі мен кен-зауыт өнеркәсібі, сондай-ақ мал өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркәсіп жатқызылады. Қазақ өлкесінің ғасыр басындағы тау-кен өнеркәсібінің басты салаларының бірі – алтын шығару болды.
Қазақстанда темір жолдардың салынуы маңызды рөл атқарды. Революцияға дейінгі Қазақстанның негізгі ірі Сібір темір жол желісі 1901-1905 жылдары салынған Орынбор-Ташкент жолы болды. Өлкенің әлеуметтік-экономикалық өмірінде жол қатынастарының дамуы маңызды рөл атқарды.
Қазақстанның барлық жерін байырғы халықтың меншігі деп тану мақсатында мектептер ашу және т. б. талаптар енгізілді. Олардың басында Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Тынышпаев, М. Шоқаев, М. Дулатов сияқты қазақ зиялыларының көрнекті қайраткерлері жүрді. Ізгі мақсатқа қол жеткізу үшін қазақ зиялылары саяси күрестің басты құралдары ретінде «Айқап» сияқты журналды (редакторы М. Сералин) және А. Байтұрсыновтың басшылығымен «Қазақ» бұқаралық газетін шығарды.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. Көтерілістің жолын жұрт таныған басшылары – Ә. Жанбосынов, А. Иманов, көтерілісшілердің саяси көсемдері – Т. Бокин, Т. Рысқұлов, Ә. Жангелдин, С. Датов, И. Тайманов, М. Өтемісов, К. Қасымовтар тәуелсіздік жолындағы күреске халықты көтерді.
1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі – оған қазақтармен қатар қырғыз, ұйғыр, өзбек және басқа да халықтар өкілдерінің қатысуы болды.
Кеңес үкіметі сауатсыздықты жою мәселесін көтерді. Жастарға білім беруді жақсарту үшін мектептер ашу ісі қолға алынды. 1935 ж. мектеп жасындағы балалардың 91 %-ы оқуға тартылды. 1935-1936 оқу жылында алғаш рет 11 қазақ баласы орта мектепті бітірді. Кеңес үкіметі Қазақстанда ғылымды қалыптастыру мәселесімен де айналысты. 1932 жылы Қазақстанда 12 ғылыми-зерттеу институттары, 15 тәжірибе станциялары, 186 лабораториялар және т. б. ғылыми орталықтар жұмыс істеді. Осы кезде КСРО ҒА-ның қазақстандық базасы құрылып, 1938 жылы КСРО ҒА-ның филиалына айналды.
1920-1930 жылдары Ж..Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев шығармалары кең көлемде пайдаланылды. Кеңес үкіметі ұлттық әдебиеттің орнына кеңестік әдебиет пен өнердің қалыптасуына жағдай жасады. Осы кезде социалистік әдебиеттің негізі қаланды. С. Сейфуллин, С. Торайғыров, Б. Майлин, І. Жансүгіров, М. Әуезов, С. Мұқанов,
Ғ. Мүсірепов, Т. Жароков, Ғ. Орманов сияқты т.б. кеңестік қазақ прозасы мен поэзиясының көрнекті өкілдері қалыптасты.
1926 жылы кәсіби театр өнерінің алғашқы қарлығашы – қазақ драма театры ашылды. Оны Ә. Қашаубаев, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, Қ. Жандарбеков сияқты қазақ театр өнерінің майталмандары ұйымдастырды.
Кеңес үкіметінің өкілдері әртүрлі айыптау науқаны – саяси қуғын-сүргінге ұласты. Қуғын-сүргінді ұйымдастыру 1920 жылдың аяғы мен 1930 жылдың ортасы болды. 1928 жылдың аяғында Алашорда қайраткерлері – А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов және т.б. 44 адам қуғындалып, тұтқындалды. 1930 жылдың қыркүйек, қазан айларында ұлттық интеллигенцияның екінші бір тобы – Х. Досмұхамедов, М. Тынышпаев, Ж. Ақпаев, Ә. Ермеков т.б. зиялы қауым өкілдері тұтқындалды.
1. Аққозин М. Қазақ мақал-мәтелдері. Алматы: Қазақстан, 1991.
2. Ақылдың кені. Алматы: Қазақстан, 1991.
3. Алдоңғарова Ж. Ә. Қазақ музыкасы. Антология. І том, Алматы.
4. «Алматы ақшамы» газеті, № 15, 2000.
5. Алматы энциклопедиясы. Алматы, 1997.
6. Асқаров М . Қазақ халқының мұрасы. Алматы: Атамұра, 1966.
7. «Астана ақшамы» газеті, № 156-157 ( 999), 15 желтоқсан, 2001.
8. Әуезов М. Әдебиет туралы. Алматы: Санат, 1997.
9. Батырбеков Г. О. Наследие академика К.И.Сатпаева по общественным
наукам. Алма-Ата: Ғылым, 1997.
10. Бекжанов Г. Каныш Сатпаев – это не только Джезказган. Институт геологии
и академия… Караганда, 1999.
11. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы: Алтын
қазына, 2001.
12. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы: Рауан,
1994.
13. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі. Алматы: Білім, 1994.
14. ВУЗ-ы Казахстана. Справочник для поступающих 2006. Алматы: Золотая
книга, 2006.
15. Ғабитов Т.Ж., Мүтәлиев Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану. Алматы, 2004.
16. Дүйсебаев Г., Байтілеуова, Кошкари А. Алматы: Мектеп, 2004.
17. «Егеменді Қазақстан» газеті, № 290 (22893), 16 желтоқсан, 2001.
18. Жамбылов Д. Тәуелсіздік және саяси сана. Алматы: Жеті жарғы, 1999.
19. Жолдасбеков М., Салғараұлы Қ., Сейдімбек А. Елтұтқа. Астана: Күлтегін,
2001.
20. Жұмағалиев Қ. Ақ тайлақ: өлеңдер, балладалар, поэмалар. Алматы: Раритет,
2008.
21. История Казахстана. Учебно-методическое пособие. Алматы: Шың кітап,
2006.
22. Интернет желісінен алынған ақпараттар.
23. Кенжеахметұлы С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Алматы,
1994.
24. Кенжетаев К. Дархан дарын. Алматы, 1975.
25. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий.
Алматы, 1992.
26. Коммунар Табей. Мұзда жанған алау. Көкшетау-Алматы: Науан Хазірет,
1993.
27. Көпейұлы М. Қазақ шежіресі. Алматы: Жалын, 1993.
28. Күзембайұлы А. Қазақстан тарихы. Алматы, 2001.
29. Күзембайұлы А., Әбілов Е. Революцияға дейінгі Қазақстан тарихы. Алматы,
1992.
30. Қазақ мәдениеті. Алматы: Аруана, 2005.
31. Қазақ совет энциклопедиясы. IХ том. Алматы, 1978.
32. Қазақ совет энциклопедиясы. VII-VIII томдар. Алматы, 1975.
33. Қазақ совет энциклопедиясы. Алматы, 1977.
34. Қазақстанның мәдени мұрасы: жаңалықтары, мәселелері, болашағы.
Халықаралық ғылыми конференцияның материалдары. Алматы: Абай
атындағы ҚазҰПУ, 2005.
35. Қазақ ССР: Энциклопедиялық анықтама. Алматы, 1980.
36. Қазақ ССР-нің ежелгі уақыттан қазіргі заманға дейінгі тарихы. I-IV томдар.
Алматы,1979.
37. Қазақ ССР тарихы. IV том. Алматы, 1985.
38. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы. Мұражайдағы
материалдар. Алматы, 2005.
39. Қазақстан Республикасының мәдени және тарихи ескерткіштер жиынтығы.
Алматы,2002.
40. Қазақстан тарихы. Алматы, 1998.
41. Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы: Дәуір, 1994.
42. Қазақстан тарихы. Лекциялар курсы. Заң әдебиеті. Алматы, 2009.
43. Қазақ тілі. Жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған. Алматы,
1999.
44. Қазақ ұлттық спорт түрлері. Алматы, 1990.
45. Қазақ ұлттық энциклопедиясы. VIII том. Алматы, 2005.
46. Қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлері. Алматы, 2006.
47. Қазақ хандығы: Қазақстан балалар энциклопедиясы. Алматы: Аруана, 2006.
48. Қазақ энциклопедиясы. Алматы, 2006.
49. Қалдыбаев Ә. Таңдамалы шығармалар. Алматы: Раритет, 2008.
50. Қалетаев Д. Қазақстан – болашаққа ұмтылған ел. Алматы, 2001.
51. Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері.
Алматы: Рауан, 1994.
52. Қараев М.Ә. Қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1993.
53. Қаражан Қ.С. Қазақстан тарихы. Лекциялар курсы. Алматы: Заң әдебиеті,
2009.
54. Қаратаев С. Чемпион турнирінің тұсаукесері. «Спорт» газеті, №43 (2128),
16.10.01.
55. Қонаев Д., Қашакеев Т., Сейданов Қ. Әлемнің Әуезовы. Алматы: Санат,
1997.
56. Қуандық Е.С. Қазақстан тарихы. Оқулық. Алматы: ЖШС «Дәуір», 2009.
57. Маманов И.Е. Қазақ тілі. Казахский язык для студентов русских отделений
ВУЗ-ов. Алматы: Мектеп, 1989.
58. Маңғыстау энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 1997.
59. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2003.
60. Материалы по истории казахских ханств XV-XVIII вв. Алма-Ата, 1969.
61. Насыров Р. Туркестан (фотоальбом). Алматы: Өнер, 1993.
62. Нұрғалиев Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Астана: Күлтегін, 2002.
63. Райымбек – қазақ халқының даңқты ұлы. Райымбектің 300 жылдығына
байланысты өткізілген республикалық ғылыми конференциясының
материалдары. Алматы: Жедел басу баспаханасы, 2005.
64. «Рас» журналы. ҚазҰТУ-ға 75 жыл. Арнайы шығарылым. Қараша, №8(94).
Алматы, 2009.
65. Сатпаев К.И. и его современники. Алматы: Рауан. 1999.
66. Сәтбаев Қ.И. Қазақстан – менің отаным. Алматы: Ғылым, 1999.
67. Сәтбаев Қ.И атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (журнал).
Алматы: ҚазҰТУ,1999.
68. Сәтбаев Қ.И. атындағы ҚазҰТУ-ға 70 жыл. Алматы: Эверо, 2004.
69. Сәрсенбаев Н. Алматы мұражайлары, Алматы, 1989.
70. Серғалиев М. Қазақ тілі. Алматы: Атамұра, 1992.
71. Смайылов С. Қазақтың музыкалық қолөнері. Алматы: Рауан, 1992.
72. Справочник: «Наш город 2006». Алматы, 2006.
73. Сүйіншалиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Оқулық. Алматы: Санат, 1997.
74. Сүтжан С.Н. Алаш және түркі руханияты. Алматы, 2008.
75. Сыздықов К. Әуезовтанудың бейтаныс беттері. Алматы: Жазушы, 1997.
76. Тәнекеев Қ., Рысбекұлы Қ. Қазақ балуандары. Алматы: Ер-Дәулет, 1996.
77. Төлеубаев А., Қасымбаев Ж. және тағы басқалар. Қазақстан тарихы.
Алматы: Мектеп, 2003.
78. Туймебаев Ж. Через знания к процветанию. Казахстанская правда. 2.02.10,
№22, страница 6.
79. Тұрманжанов Ө. Қазақ мақал-мәтелдері. Алматы: Ана тілі, 1993.
80. Тұрсынбеков Р. Абай елі. I-II томдар. Алматы, 1995.
81. Шәкәрімтану мәселелері (сериялық ғылыми жинақ). Алматы: Раритет, 2008.
82. Шеретов С.Г. Қазақстанның жаңа тарихы. Алматы: Юрист, 2000.
83. Шүленбаева Ұ.Р. Қазақ тіліндегі жұрнақтарды оқыту. Оқу құралы. Алматы,
2005.
84. Шүленбаева Ұ.Р. Қазақ тіліндегі еріндік қосымшалардың орфоэпиялық
негіздері. Монография. Алматы, 2006.
85. Шүленбаева Ұ.Р., Тұрсынова Г.Т., Мұсаева Ә.Б. Кәсіби қазақ тілі. Тау-кен
саласындағы мамандықтарға арналған. Оқулық. Алматы, 2008.
86. Шүленбаева Ұ.Р. Қазақ тілі. Техникалық мамандықтарға арналған Оқулық.
Алматы, 2009.
87. Халелов Н. Қазақ халқының музыкалық аспаптары. Алматы: Өнер, 1987.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 191 бет
Таңдаулыға:   
ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS

1. Оқытушылар туралы мәліметтер:

Сабақ жүргізетін оқытушылар: Тұрсынова Г.Т. – п.ғ.к., доцент,
Қазақ елінің тарихы
* * * * *
XX ғасырдың I жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдай

XX ғасырдың басында Қазақстан көп ұлтты елге айналды. Ғасыр басында
Қазақстанның негізгі аумағы алты облысқа бөлінді.
XX ғасырдың басында қазақтар, орыстар, украиндар өлке халқының 87 %-
нан 95 %- на дейін құрады. Өлке тұрғындарының 90 %-нан астамы ауылдық
жерлерде қоныстанды. Олардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болды. Ал
егіншілік халықтың көпшілік бөлігінің негізгі кәсібіне айналды.
Ресей патшалығының отары ретіндегі Қазақстанда өнеркәсіптің екі
саласы: тау-кен өндірісі мен кен-зауыт өнеркәсібі, сондай-ақ мал өнімдерін
ұқсату жөніндегі өнеркәсіп жатқызылады. Қазақ өлкесінің ғасыр басындағы тау-
кен өнеркәсібінің басты салаларының бірі – алтын шығару болды.
Қазақстанда темір жолдардың салынуы маңызды рөл атқарды. Революцияға
дейінгі Қазақстанның негізгі ірі Сібір темір жол желісі 1901-1905 жылдары
салынған Орынбор-Ташкент жолы болды. Өлкенің әлеуметтік-экономикалық
өмірінде жол қатынастарының дамуы маңызды рөл атқарды.
Қазақстанның барлық жерін байырғы халықтың меншігі деп тану мақсатында
мектептер ашу және т. б. талаптар енгізілді. Олардың
басында Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Тынышпаев, М. Шоқаев, М.
Дулатов сияқты қазақ зиялыларының көрнекті қайраткерлері жүрді. Ізгі
мақсатқа қол жеткізу үшін қазақ зиялылары саяси күрестің басты құралдары
ретінде Айқап сияқты журналды (редакторы М. Сералин) және
А. Байтұрсыновтың басшылығымен Қазақ бұқаралық газетін шығарды.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық
қозғалысының тарихында ерекше орын алады. Көтерілістің жолын
жұрт таныған басшылары – Ә. Жанбосынов, А. Иманов,
көтерілісшілердің саяси көсемдері – Т. Бокин, Т. Рысқұлов, Ә.
Жангелдин, С. Датов, И. Тайманов, М. Өтемісов, К. Қасымовтар тәуелсіздік
жолындағы күреске халықты көтерді.
1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі – оған қазақтармен қатар
қырғыз, ұйғыр, өзбек және басқа да халықтар өкілдерінің қатысуы болды.
Кеңес үкіметі сауатсыздықты жою мәселесін көтерді. Жастарға білім
беруді жақсарту үшін мектептер ашу ісі қолға алынды. 1935 ж. мектеп
жасындағы балалардың 91 %-ы оқуға тартылды. 1935-1936 оқу жылында алғаш рет
11 қазақ баласы орта мектепті бітірді. Кеңес үкіметі Қазақстанда ғылымды
қалыптастыру мәселесімен де айналысты. 1932 жылы Қазақстанда 12 ғылыми-
зерттеу институттары, 15 тәжірибе станциялары, 186 лабораториялар және т.
б. ғылыми орталықтар жұмыс істеді. Осы кезде КСРО ҒА-ның қазақстандық
базасы құрылып, 1938 жылы КСРО ҒА-ның филиалына айналды.
1920-1930 жылдары Ж..Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,
Ш.Құдайбердиев шығармалары кең көлемде пайдаланылды. Кеңес үкіметі ұлттық
әдебиеттің орнына кеңестік әдебиет пен өнердің қалыптасуына жағдай жасады.
Осы кезде социалистік әдебиеттің негізі қаланды. С. Сейфуллин, С.
Торайғыров, Б. Майлин, І. Жансүгіров, М. Әуезов, С. Мұқанов,
Ғ. Мүсірепов, Т. Жароков, Ғ. Орманов сияқты т.б. кеңестік қазақ прозасы мен
поэзиясының көрнекті өкілдері қалыптасты.
1926 жылы кәсіби театр өнерінің алғашқы қарлығашы – қазақ драма театры
ашылды. Оны Ә. Қашаубаев, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, Қ. Жандарбеков
сияқты қазақ театр өнерінің майталмандары ұйымдастырды.
Кеңес үкіметінің өкілдері әртүрлі айыптау науқаны – саяси қуғын-
сүргінге ұласты. Қуғын-сүргінді ұйымдастыру 1920 жылдың аяғы мен 1930
жылдың ортасы болды. 1928 жылдың аяғында Алашорда қайраткерлері – А.
Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов және т.б. 44 адам
қуғындалып, тұтқындалды. 1930 жылдың қыркүйек, қазан айларында ұлттық
интеллигенцияның екінші бір тобы – Х. Досмұхамедов, М. Тынышпаев, Ж.
Ақпаев, Ә. Ермеков т.б. зиялы қауым өкілдері тұтқындалды.
Жалпы репрессия саясаты нәтижесінде қазақ халқының ең таңдаулы
азаматтары, олардың ішінде кеңес үкіметін орнатуға қатысқан А. Айтиев, Т.
Рысқұлов, Н. Сырғабеков сияқты қайраткерлер де атылып кетті.
Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісі адамзатты фашизм қаупінен
құтқарды. Қазақ халқының бұл жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың
ауыртпашылығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі
әрқашан ел есінде сақталады. Олар – генерал-майор И. В. Панфиловтан
бастап, Б. Момышұлы, Т. Тоқтаров, Қ. Қайсенов, Н. Әбдіров, Әлия және
Мәншүк сынды халық батырларын тарих сахнасына шығарды. Соғыс күндерінің
барлық қиыншылықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты.

Сөзік:
әлеуметтік – социальный
әлеуметтік-саяси – социально-политический
зиялылар – интеллигенция
қайраткер – деятель
майталман – неутомимый; выносливый; непревзойденный
қуғын-сүргін – репрессия
қуғын – гонение; изгнание; преследование; репрессия
қажырлылық – настойчивость; упорство; энергичность

2-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігіне берілген сұрақтарға
жауап беріңіздер.
1. XX ғасырдың басында халықтың ұлттық құрамы қанша болды, олар қай
жерлерде қоныстанған? 2. Ресей патшалығының отары ретіндегі Қазақстанда
өнеркәсіптің қай салалары басты болды? 3. Өлкенің әлеуметтік-экономикалық
өміріндегі жол қатынастары қалай дамыды? 4. Ұлттық мектептерді ашу ісінің
басында кімдер тұрды? 5. Саяси күрестің басты құралдары ретінде ең алғаш
қандай бұқаралық газеттер шығарылды? 6. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің
тарихтағы маңызы қандай болды?

3-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіне сұхбат (сұрақ-жауап)
құрастырыңыздар.

Ү л г і :
– 1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі неде болды?
– 1916 жылғы көтерілістің айрықша ерекшелігі – оған қазақтармен қатар
қырғыз, ұйғыр, өзбек және басқа да халықтар өкілдерінің қатысуы болды.

4-тапсырма. Мәтіннің үшінші мағыналық бөлігінен көптік жалғауында
тұрған сөздерді теріп жазып, олардың жалғану ережесін түсіндіріңіздер.

Ү л г і : Егер сөздер қатаң және ұяң б, в, г, д дыбыстарына аяқталса,
онда -тар, -тер жалғаулары жалғанады. Мысалы: студент + тер, кітап + тар,
штаб + тар, дос + тар, жас + тар, мектеп + тер.

5-тапсырма. Мәтіннің төртінші мағыналық бөлігінен алынған
сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті көптік жалғауларын қосып жазып,
олардың жалғану ерекшелігін түсіндіріңіздер.

Қазақ театр өнерінің майталман...ы ұйымдастырды. Кеңес үкіметінің
өкіл...і әртүрлі айыптау науқаны – саяси қуғын-сүргінге ұласты. Қуғын-
сүргінді үйымдастыру 1920 жылдың аяғы мен 1930 жыл...дың ортасы болды. 1928
жылдың аяғында Алашорда кайраткер...і тұтқындалды. 1930 жылдың қыркүйек,
қазан ай...ында ұлттық интеллигенцияның екінші бір тобы тұтқындалды.

Көптік жалғаулары
(Множественные окончания)

Флексия – сөздің мағынасын өзгерте алмайтын, көмекші мағына беретін
көмекші морфема болып саналады. Морфема дегеніміз гректің форма деген
сөзінен алынған термин. Флексия – сөйлемдегі сөздердің өзара синтаксистік
қатынасын білдіреді, екінші сөзбен айтқанда жалғаулар – сөз бен сөзді
байланыстыратын постфикстер. Флексия сөздердің формасын өзгертіп, оған
грамматикалық мағына үстейді. Лингвистикада жалғауды флексия дейді.
(Ә.Хасенов)
Сөзге грамматикалық мағына үстейтін сөз бен сөзді байланыстыратын
қосымшаны жалғау дейміз.
Қазақ тілінде септік, көптік, тәуелдік, жіктік жалғаулары (флексия)
бар.
Көптік жалғау сөзге көптік мағына береді. Көптік категориясы тілімізде
үш түрлі жолмен беріледі: 1. Лексикалық тәсіл көптік ұғымды жеке сөздің
тікелей өз лексикалық мағынасы арқылы білдіреді (су, сүт, мақта, шөп,
қымыз, шұбат, ұн, жүн, құм, тұз т.б.). 2. Синтаксистік тәсіл көптік
мағынаны сөз тіркестері арқылы білдіреді (бес кісі, елу шақты бала, қырық
орындық, қыруар ақша). 3. Морфологиялық тәсілде көптік ұғымдар жеке сөзге
тиісті қосымшалардың қосылуы арқылы жасалады (- лар, - лер, - дар, -дер, -
тар, -тер), көптік жалғаулары сөзге жалғанып көптік мағына тудырады (үй +
лер, көше + лер, мектеп + тер, студент + тер, қала + лар, қыз + дар).

6-тапсырма. Мәтіннің бесінші мағыналық бөлігінен көптік жалғауында
тұрған сөздерді теріп жазып, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер
құрастырыңыздар.

Ү л г і: Сала: сала + лар; басты сала + лар. Мысалы: Қазақ өлкесінің
ғасыр басындағы тау-кен өнеркәсібінің басты сала + лар + ы + ның бірі –
алтын шығару болды.

7-тапсырма. Төмендегі сұрақ-жауапты рөлге бөліп оқып, мағынасын
түсініп, есте сақтаңыздар.

– XX ғасырда Қазақстан қандай облыстарға бөлінді?
– Қазақстанның Сырдария мен Жетісу облыстары – Түркістан генерал-
губернаторлығына (орталығы Ташкент қаласы), Ақмола, Семей, Орал,
Торғай облыстары – Дала генерал-губернаторлығының құрамына
кіргізіліп, ішкі Бөкет ордасының аумағы Астрахан губерниясына,
ал
Маңғыстау Закаспий облысына қаратылды.
– Темір жолдардың салынуы қандай рөл атқарды?
– XX ғасырдың басында Қазақстанның орталық аудандарының капиталистік
өнеркәсібінің шикізат көзіне, сондай-ақ өнім өткізу рыногына
айналуында,
темір жолдардың салынуы маңызды рөл атқарды.

8-тапсырма. XX ғасырдың I жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдайға
қатысты берілген мәтінді өз білетіндеріңізбен толықтырып, мазмұндаңыздар.
Көптік жалғауларының астын сызыңыздар.

Жалпы Қазақстан еңбекшілерінің саяси оянуына, отаршылдық езгіге, ұлт-
азаттық, жұмысшылар мен шаруалардың бостандығы жолындағы қозғалыстардың
ерекше серпін алуына патшалық Ресейдегі 1905-1907 ж. өткен тұңғыш
буржуазиялық-демократиялық революцияның ықпалы зор болды. 1905 жылы 17
қазандағы патша Манифесінің жариялануы Қазақстанның бірталай қалаларында
көптеген адам қатысқан жиылыстарға халықтың қалың тобының бой көтерулеріне
ұласты.
Қазақ ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметіндегі белсенділігі арта
түсті. 1905 жылдың желтоқсанында Оралда бес облыстың қазақ халқы
делегаттарының съезін өткізіп, Ресей конституциялық-демократиялық
бөлімшесін құруға әрекет жасаған болатын. Ондағы мақсат – 17 қазанда
жарияланған патша Манифесі берген бостандық шеңберінде қазақтардың ұлттық
мүддесін қорғау еді.

9-тапсырма. Сөйлемдерден жекеше формада тұрған сөздерді теріп жазып,
олардан көптік мағыналы сөздер жасаңыздар.

Қазақстан мен Орталық Азиядағы 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс Ресей
империясындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың асқына
түсуіне себепші болды. Ол Ресейдегі әскери-отаршылдық басқару
жүйесінің іргесін шайқалтып, шығыстың отар халықтарының империалистік
езгіге қарсы XX ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт-азаттық қозғалысының
құрамдас бөлігі болды.

10-тапсырма. Көптік жалғаулары жалғанбай, көптік мағына беретін
сөздерді теріп жазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Су сөзіне көптік жалғауы жалғанбай-ақ көптік мағына білдіреді.
Мысалы: Су – тірі организмдердің маңызды материалдық негізі. Каспий
теңізі суының сапасына, тазалығына, экологиялық нормаларын сақтауға көңіл
бөлініп отыруға тиіс. Су ең көп тараған химиялық қосылыстардың бірі. Сусыз
тіршілік жоқ.

11-тапсырма. Берілген сөз және сөз тіркестеріне көптік жалғауларын
жалғап, көптік мағыналы сөздер жасаңыздар.

Қиын-қыстау жыл , жергілікті жер, құрылыс жүргізіп, халық-ағарту
бөлімі, мәдени-ағарту ұйым, үй, кітапхана, мектеп, жергілікті халық,
зерттеуші, мәлімет келтіріп.

12-тапсырма. Дерек пен дәйектегі мәліметтерді мұқия оқып, есте
сақтаңыздар.

Дерек пен дәйек. 1929 жылдан бастап 1953 жылға дейін Кеңес елінде 40
миллион адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Қазақстанда 103 мың адам қуғынға
ұшырап, 25 мың адам атылған. Қазақтардың 42 %-ы аштықтан қырылып,
миллионнан астам адам ауып кеткен. Ал біздің елге 1 миллион 209 мың адам
жер аударылған.

(Қазақ күнтізбесі, 2005)

13-тапсырма. Ұлы Отан соғысындағы деректермен танысып, біліп
алыңыздар.
Қазақстан – Ұлы Отан соғысында

Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан 1 миллион 200 мың адамды майданға
аттандырады. 630 мың қазақстандық жауынгерлер майданнан оралған жоқ.
Қазақстандық жауынгерлердің 449-ы Кеңес Одағының Батыры атанды. Оның 111-і
қазақ. Қазақстандық 81 жауынгер Даңқ орденінің толық иегері. Оның 19-ы
қазақ. Соғыста Кеңес Одағы Батыры атағын екі мәрте алған жауынгерлер саны –
62. Төртеуі – қазақстандық. Олар – Талғат Бигелдинов, Иван Павлов, Леонид
Беда, Сергей Луганский.

14-тапсырма. Өлеңнің мағынасын түсініп, жаттап алыңыздар.

Жалпы бізде белгісіз солдаттар жоқ, Біз көтердік оларды
белгісіз деп, Барлығының бар аты, туған жылы,
Белгілі ерлігімен болғаны үшін.
Олар сонау Олар
қайтадан оралды жер-су іздеп,
Қырық бірінші жыл құрбандығы, Туған елдің қорғады ар-
намысын. Олар сонау қырық бесінші жыл құрбандығы.

(Сырбай Мәуленов)

1-апта. 2-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Етістіктің өткен, келер шақтары.
15-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, ХХ ғасырдың
ІІ
жартысындағы Қазақстанның тарихи жағдайынан мәлімет алып, мазмұндаңыздар.

ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстан

ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстан тарихы үш кезеңге бөлініп
қарастырылады: бірінші кезеңі – 1950-1970ж.ж. жылымық; екінші кезеңі –
1971-1985ж.ж. тоқырау; үшінші кезеңі – 1985-1991ж.ж. қайта құру
кезеңдері. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстан экономикасының жағдайы ауыр
болды. Осыған қарамастан Қазақстан шикізат көзі ретінде қаралды.
Қазақстаннан Орталыққа шикізат жіберу үшін темір жол құрылысы жедел
қарқынмен дамыды. Қазақстан елдің металлургия флагманына айналды, қара және
түсті металлургияның, химия өнеркәсібінің сыңаржақ бағытта болуы көптеген
қайшылықтарға әкелді. Осы кезеңде Қазақстанда әскери өнеркәсіп кешендері
көптеп құрылды. Соның ішінде Қазақстандағы ядролық сынақ полигондары
халықтың қасіретіне айналды. Сынақтардың нәтижесінде Қазақстанның кең
аумағына радиоактивті газдар тарады. Радиация зардаптары қазіргі таңға
дейін халықтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
1954 жылдан бастап Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру
науқаны басталды. Тың игеру жылдарында Қазақстанның Солтүстік облыстарында
совхоз орталықтары салынды.
Қазақстанға өзге республикалардан 640 мың адам көшіріліп
әкелінді. Осы жылдары жаппай қоныс аудару науқаны рухани, ізеттілік
саласына үлкен зиян алып келді. Қазақ тіліндегі мектептер саны 700-ге
кеміп, қазақ тіліндегі әдебиеттердің саны күрт төмендеді. Үш мыңнан астам
елді мекеннің аты өзгертілді. Жалпы елді-мекен аттарын қазақ қалай болса,
солай қоя салмаған. Жерлердің аттары тарихи жағдайларға, ірі оқиғаларға,
жер бедерлерінің орналасу ыңғайына, оның пейзаждық ерекшеліктеріне және
т.б. сәйкес қойылып отырған. Ол атаулар санамызда бекіп, қалыптасып,
ұрпақтан-ұрпаққа ауысып жетіп отырған.
Ал тың игеру жылдары қазақ халқының осындай салт-дәстүрлері,
мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді. Осы кезеңде тарихи ұлттық
санаға шек қойылды. Түрі ұлттық мәдениет – оқу мен тәрбие іс жүзінде
аударма болды.
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кезеңде қудаланған ұлттық
интеллигенция өкілдерін бағалауға жол ашылды. 1954 жылы Е.Бекмаханов,
Қ.Сәтбаев, М.Әуезовтар еліне оралды. 1956 жылы қазақтың үш арысы – Сәкен,
Ілияс, Бейімбет ақталды. Тоталитарлық тәртіп қазақ зиялыларына біраз
кешірімдер жасағанымен, оларды бақылауын тоқтатпады. Мысалы, М.Әуезовтің
Ақын аға, т.б. еңбектерін жариялауға тыйым салынды. Жалпы 1959-1960
жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды.
Осы кезеңде жер өңдеу мәдениетін, топырақ құнарлылығын көтеру,
сумен қамтамасыз ету дұрыс жолға қойылмады. Тың игеру мақсатымен жыртылған
жерлер экологиялық апаттарға ұшырады. Жердің құнарлы бет қыртысы – шаң-
тозаңға, ал жер эрозияға ұшырады.
Тың өлкесінде 6 облыстың өлкелік партия комитеті біріктіріліп,
тікелей Мәскеуге бағындырылды. Ақмола – Целиноградқа, Батыс Қазақстан –
Орал облысына айналды. Қазақстанда Орталықтан басқару ұлттық егемендікті
толығымен шектеді. Ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар зиялылар мен жастар
арасында наразылықтар туғызды. 1963 жылы Мәскеуде оқитын қазақ жастарының
бір тобы – Б.Тайжанов, С.Ақатаев, М.Тәтімов, М.Әуезовтер бас болып, Жас
тұлпар атты ұйым құрды. Мақсаты – қазақ жастарының ұлттық санасын ояту,
себебі осы кезеңде ұлттық салт-санадан гөрі, кеңестік салт-сана үстемдікке
ие болып көбірек дәріптелді.
ХХ ғасырдың 70-80 жылдары қоғамдық-саяси өмірдегі және
әлеуметтік-экономикалық дамудағы теріс құбылыстар одан әрі өсті. Қоғамдағы
қайшылықтар шиеленісе түсті. 1985 жылдан басталған қоғамдық-экономикалық
өмірді қайта құру, Горбачевтің социализмды жаңарту әрекеттері ешқандай
оң нәтиже бермеді. Керісінше, кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйе тоқырауға
ұшырап, қоғамның барлық салаларын қамтыған дағдарыс одан әрі тереңдей
түсті.

Сөздік:
жылымық – оттепель
тыңайтылған – удобренный
сыңаржақ – односторонний науқан – сезон
қоныс – поселение; стоянка рухани –
духовный
ізеттілік – почтительность; вежливость
ерте көктемгі жылымық – ранняя весенняя оттепель
қасірет – горе; страдание; печаль; скорбь; беда; трагедия
тың – целина; целинный; бодрый; крепкий; свежий

16-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық
бөлігіндегі
етістіктерді бір бағанаға келер шақ формасына салып, екінші бағанаға өткен
шақ формасына салып бөліп жазыңыздар да, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер
құрастырыңыздар.
Ү л г і: Қарастырылу: қарастырыл+ған ( бұрынғы өткен шақ );
Үш
кезеңге бөлініп қарастырыл+ған. Болу: бол+ды; ауыр бол+ды.

17-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіндегі өткен, келер
шақта тұрған етістіктердің астын сызып, олардың сөйлемдегі қызметін
түсіндіріңіздер.

18-тапсырма. Мәтіннен алынған сөздер сөз тіркестерін бір-бірімен
мағынасына қарай орналастырып, сәйкестендіріңіздер.
1. металлургия
а) жерлерді игеру
2. әскери
ә) интеллигенция өкілдері
3. радиоактивті
б) шек қойылды
4. тың және тыңайған в)
бағындырылды
5. ұлттың
г) қоры
6. қазақ
ғ) төмендеді
7. ұлттық санаға
д) өнеркәсіп
8. тікелей Мәскеуге е)
зиялылары
9. қоғамдық тұтыну ж)
газдар
10. тұрмыс-жағдайы з)
флагманы

19-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар. Етістіктің өткен шақ
категориясының жұрнақтарын тауып, олардың астын сызып, жасалу жолдарын
түсіндіріңіздер.
ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстан (жалғасы).
ХХ ғасырдың 70-80 жылдары Қазақстанда халықтың әлеуметтік
жағдайын көтеруде бірсыпыра істер атқарылды. Осы жылдары халықты қоғамдық
тұтыну қоры есебінен қамтамасыз ету біраз жақсарды. Оның едәуір бөлігі
жәрдем, зейнетақы және шәкіртақы төлеуге, тегін білім алуға, денсаулық
сақтауға, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмаслды. Алайда, бұл
шаралардың халықтың тұрмыс-дәрежесін көтеруге ықпалы аз тиді. Өйткені,
мемлекеттің және кәсіпорындардың бағаны көтеруі, тауарлар сапасының
нашарлауы және т.б. халықтың тұрмыс-жағдайының төмендеуіне әкеліп соқтырды.
Еңбек ақы төлем жүйесі еңбектің нәтижесімен байланыстырлған жоқ. 80-
жылдардың ортасында Республика экономикасы дағдарыс жағдайына ұшырады.

Етістіктің өткен шақ категориясы
( Категория глагола прошедшего времени)

Қимыл іс-әрекеттің өткен уақытта болғандығын көрсететін етістіктің
түрін өткен шақ деп атайды. Өткен шақтың 3 түрі бар:
1. Жедел өткен шақ (очевидно-прошедшее время).
2. Бұрынғы өткен шақ (давно прошедшее время).
3. Ауыспалы өткен шақ (переходное прошедшее время).
Жедел өткен шақ: -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтарының жалғануы арқылы
жасалады. Мысалы: жаз+ды+м (написал), айт+ты+м (сказал).
Бұрынғы өткен шақ: -қан, -кен, -ған, -ген тұлғалы есімшенің жіктеліп
келуінен жасалады. Мысалы: Мен бар+ған+мын, кел+ген+сіз; 2.
бұрынғы (ежелгі) өткен шақ; -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшенің жіктеліп
келуінен жасалады. Мысалы: мен бар+ып+пын, (сен) кел+іп+сің, (ол) оқы+п
еді.
Ауыспалы өткен шақ: есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтарының
жалғануы арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында
қолданылады. Қазір, бүгін, ертең, келесі күні үстеулері арқылы айтылса,
онда етістік келер шақта болады. Мысалы: Мен бұрын хат жаз+атын+мын (өткен
шақ). Ол қалаға ертең бар+атын еді (келер шақ).

20-тапсырма. Берілген сөз және сөз тіркестерін пайдаланып,
етістіктің өткен шақ формасында сөйлемдер құрастырыңыздар.
Тарихи жағдайлар, күрт төмендеу, қасірет, халықтың денсаулығы,
химия өнеркәсібі, қазақтың арыстары, еңбектерін жариялау, тыйым салу, ұлт
саясаты, бұрмалаушылық, ұлттық сана.

21-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, сөйлемдерді
аяқтаңыздар.
1954 жылдан бастап Қазақстанда
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қазақ тіліндегі мектептер саны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.
Ол атаулар санамызда бекіп,
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .
1956 жылы Қазақтың үш арысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Алайда, бұл шаралардың
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
80-жылдардың ортасында
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .

22-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті өткен шақтың (жедел,
бұрынғы, ауыспалы) жұрнақтарын қойып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.
ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстан (жалғасы). 1970-80 жылдары
Қазақстан ғылым саласында біраз табыстарға қол жеткіз... . Республика ҒА-
ның бірсыпыра ғылыми-зерттеулерін дүние жүзі таны... . Осы жылдары Қазақ
ССР тарихы, Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, Қазақстанның
металлогениясы, т.б. іргелі зерттеулер жарық көр... . Әл-Фарабидің,
Ш.Уалихановтың, Ы.Алтынсариннің мұраларының зерттеліп шығарылуы қоғамдық
ғылымдағы елеулі оқиға бол... . Алайда, Қазақстан ғылымының табыстарымен
бірге оның қайшылықтары мен шешілмеген ірі проблемалары да бол... . Машина
жасау, радиоэлектроника, радиотехника, автоматика сияқты ғылыми-техникалық
прогрестің аса маңызды салалары бойынша ғылыми кадрларды даярлау және
ғылыми мекемелерді ұйымдастыру кенже қалып кел... . Сөйтіп, экономикадағы
тежеу мен тоқырау құбылыстары қоғам өмірінің мәдени салаларына да, ғылымның
дамуына да салқынын тигізбей қойма... .

Етістіктің келер шағы
(Будущее время глагола)

Келер шақ қимылдың сөйлеушінің хабарлаған кезінен кейін болатынын
білдіреді. М.: Сәуле ертең келеді, әнші өлең айтады, биші би билейді т.б.
Келер шақтың 3 түрі бар:
1. Ауыспалы келер шақ (переходное будущее время). Ауыспалы келер шақ:
а) -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. М:
ертең кел+е+мін, кешке кет+е+сің, бүгін қайт+а+мыз, тойда жырла+й+мыз. ә)
-атын, -етін, -йтын, -йтін. М.: бар+атын (екен), кел+етін сияқты, қайт+атын
көрінеді.
2. Болжалды келер шақ (будущее предположительное время). Қосымшалары:
-ар, -ер, -р, -с. М: бар+ар, кет+ер, сана+р, санама+с, білме+с т.б. Мен
кел+ер+мін.
3. Мақсатты келер шақ (будущее время намерения). Қосымшалары: -мақ,
-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек. М: қайт+пақ+пын, жаз+бақ+пыз, кел+мек+сіз
т.б.

23-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, өткен шақтың түрлерін
анықтаңыздар.
Мой друг когда-то жил в Ташкенте. Оказывается, она говорила
правду. Она когда-то, давно училась в университете. Оказывается, когда-то я
его видела. Я когда-то писала стихи. Ты, оказывается, родилась в Оренбурге.
Я был в Таллине. Оказывается, Сакен сидел в читальном зале. Они когда-то
катались на коньках. Дети, оказывается, написали письмо учителю. Сания
поступила в университет, а ты?

24-тапсырма. Сөйлемдердегі өткен шақта тұрған етістіктердің
астын сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.
Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай
болыпты, төрт түлік малы сай болыпты. Басқалары тұра келді де, алып Семен
шалқасынан түскен бойы қозғалған жоқ. Мына біреуін бір адам жазған екен.
Кешегі алай-дүлей дауылдан ешқандай белгі қалмаған (Ш.Айтматов). Төреқұлдың
әңгімесін жиналғандар ақырына дейін селт етпей ұйып тыңдапты (Қ.Жұмаділов).
Оған әрекеттің қауіпті екенін әрбір жауынгердің өзі де сезген (Р.Қошқ-в).
Түн көрпесін жамылған кең жазық даланың бәрін де сәуле басқан
(М.Иманжанов). Қолға түскен батырларымызды байлап алып кетіпті (Қазақ
ертегілерінен). Мен қасқыр дегенді күндіз де көрген емеспін, түнде де
көрген емеспін (Ғ.Мүсірепов).

25-тапсырма. Келер шақта тұрған етістіктердің астын сызып,
олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Кейбіреулердің бар өнері, мақсаты – киімін түземек (Абай).
Ертеңгі күні он шақты кісі жолдас ертіп, Абай Қарамолдаға аттанбақ
(М.Әуезов). Біз ғылымды сатып, мал іздемек емеспіз (Абай). Сейіттің өлі-
тірісін білмек емес. Ортақ қордан Шымболат колхозға кең клуб салдыратын
сияқты (С.Мұқанов). Ол Қара адырдан 5-6 шақырымдай ұзап шығатын көрінеді
(М.Әуезов). Келін деп кем көрмей, тең адамша сырласпақшы (З.Ахметвоа). Үйге
тез оралды. Жақсы ма, жаман ба тарих бәрібір өлмек емес (І.Есенб.). Екі
тумақ жоқ болса, екі өлмек те жоқ (М.Әуезов).

26-тапсырма. Сөйлемдердегі өткен шақта тұрған етістіктерді
болжалды келер шаққа айналдырыңыздар.
Ашу деген ағын су, алдын ашсаң ақырады. Ақыл деген дария, алдын
тоссаң, арқырайды. Көп шаңды құлан көтереді, боранды тұман көтереді.
Ордаңды талқан қылып шабамын (М.Ө.). Кешке жақын дүкенге барамыз. Кешке
шамамен сағат төрттерде футбол ойнаймыз. Біз мейрамханада кездесу
өткіземіз. Лекция сағат екілерде аяқталады. Университетке ертең барамын.

27-тапсырма. Етістіктің шақ категориясының түрлерін ажыратып,
олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Күндіз де, түнде де жол жүруге болмайтын көрінеді. Татарлар не
өлтіретін, не аяқ-қолын байлап тауға алып кететін. Оның тіп-тік найза
шыңдары, биік құздары бұрынғысынша көкке қол созады. Енді мынау жұлдызынан
көз жазбақ емес, айырылмақ емес. Дәмежан жоқшылық, мұқтаждық күйін де
жасырмақ емес (М.Әуезов). Емен ағаштың саясында қазақтың ардақты
кісілерінің бірсыпырасы отырып, түнеп, түстенетін еді. Өзі мақтануды
сүймейтін. Жер төңкеріліп жатса да, бөтен сөз аузынан шықпайтын. Маңына
жолатқысы келмей, әдейі зілді етіп айтты (Ғ.Мүсірепов).

28-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, тәрбиелік
мәніне назар аударыңыздар. Болжалды келер шақ жасап тұрған жұрнақтардың
астын сызыңыздар.
Бал тамған тілден, Айран ішкен
құтылар,
У да тамар. Шелек
жалаған тұтылар.
* * * * * *
Аңдамай сөйлеген, Есі бар жігіт
елін табар,
Ауырмай өледі. Есі жоқ
жігіт жаттың отын жағар.
* * * * * *
Жалғыздың үні шықпас, Сумен ойнама,
батарсың,
Жаяудың шаңы шықпас. Отпен ойнама,
жанарсың.
* * * * * *
Төле би: Бұзылған елдің ішіне сормаңдай би кез болар, - деген
менің әруағым риза болсын десеңдер, татулықтарыңды бұзбаңдар, - деп кеткен
екен. Абылай елді елге қосар, бірақ басқаларының шылбыры оның қолына түсер
ме екен? Әбілқайыр түлкі сипатты кісі еді, қайтып ол Кіші жүзді қоспас,
оның ұрпағы да әке жолын қуар.

29-тапсырма. Нақыл сөздердің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.
Мақсатты келер шақ жасап тұрған жұрнақтардың астын сызыңыздар.
Мақсатым – тіл ұстартып, өнер таппақ,
Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ.
Өзіне сенбе, жас ойшыл, Өлді деуге бола ма,
айтыңдаршы,
Тіл өнері дертпен тең. Өлмейтұғын
артына сөз қалдырған.

(Абай)
30-тапсырма. Төмендегі тақырыптар бойынша пікірталас
ұйымдастырыңыздар. Пікірталас барысында етістіктің шақ категориясына назар
аударыңыздар.
1. Тіл уақыт өткен сайын жаңарады, оған жаңалықтар еніп отырады.
2. Әлемдегі ең кең жайылған тіл – сөзге ең бай тіл.

1-апта. 3-тәжірибелік сабақ
Грамматика: Етістіктің осы шақ категориясы. Қазақ тіліндегі
модаль сөздер.
31-тапсырма. Мәтінмен танысып, мемлекеттік тілді қандай дәрежеде
білетіндіктеріңізді, оның дамуына қосатын үлестеріңізді өз тараптарыңыздан
толықтырып, мазмұндаңыздар.

Тіл тағдыры – ел тағдыры
* * * * *
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл

Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің
ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.

(А. Байтұрсынов)
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту –
бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.

(Б. Момышұлы)
Қазақстан – егеменді, тәуелсіз ел. Қазақстанды дамыған
өркениетті елу елдің қатарына енгізетін еліміздің болашағы – бүгінгі
жастар. Олардың міндеті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныту. Әлемге
таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек.
Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары
қазақтардан басқа Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия
мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан,
Түрікменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана
тілі.
Қазақ тілі – түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Оған кіретін
тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татары,
қарашай, балқар, құмық және басқа тілдер. Қазақ тілі – өзінің
әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл.
Қазақ тілінің тарихы әр түрлі кезеңдерді бастан кешкен қазақ
халқының тарихымен тығыз байланысты.
Оның қалыптасуы XІ-XІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда
болу кезеңінен басталып, XV ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден
қалыптасқан. Қазақ тілі ең көне бастауын әр кездегі ежелгі түрік
жазулары ескерткіштерінен: Талас-Орхон-Енисей жазулары
(V-VIII ғ.), Жүсіп Баласағұнның Құдатғу білік , Махмұт Қашқаридың
Диуани лұғат ат түрік, Қожа Ахмет Яссауидің Хикмет (XІ-XІІ ғ.), Алтын
Орда, Шағатай және қыпшақ (XІІІ-XІV ғ.) тұсындағы жазулардан алған.
Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлері мен тілдік
нормаларында қалыптасқан ұлы Абай мен Ыбырай шығармалары арқылы қазіргі
қазақ әдеби тілі бізге жеткен.
Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. 1929 жылға дейін
араб графикасын, ал 1929-1940 жылдары латын графикасын, 1940 жылдан бастап
қазіргі уақытқа дейін орыс графикасын (кирилл әліпбиін) қолдануда.
Мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілі – әлемдегі алты мыңға жуық
тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен
көркемдігі жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, ол дүние
жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан 600 тілдің және
мемлекеттік мәртебеге ие 200 тілдің қатарында тұр.
Қазақ тілі – бай да, құнарлы тілдердің қатарына жатады. Ежелгі
бабаларымыздың тарихы, шежіресі және әртүрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа
ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Тіл тарихы халық тарихына ұқсас. Қоғамның
өзгеруіне байланысты тіл де дамып, өзгеріп отырады.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев: Қазақстанның болашағы – қазақ
тілінде деген.1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған Тіл туралы Заңда:
Тіл – халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін
белгісі делінген.
Тіл – халықтың жаны. Тіл құрыса, халық та жер бетінен жоғалады.
Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді
жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеген болатын.
Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық
мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет
болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-
қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-
келген мемлекет өзінің салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды. Тіл бар
жерде болашақ бар, мемлекет бар, ұлттық рух, ұлттық намыс бар.
Сөздік:
егеменді – суверенный
түпкілікті – вечный; постоянный; окончательно; основательно
көне – старый; старинный, древний; античный
құнарлы – плодородный; содержательный; калорийный
ежелгі – давний: древний; исконный
шежіре – родословие; летопись; родословная история
мұра – наследие; наследство; памятник

32-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап
беріңіздер.
1. XXІ ғасыр жастарының міндеті не? 2. Қазақ тілі кімдердің ана тілі?
3. Қыпшақ тармағына қай тілдер кіреді? 4. Қазақ тілінің қалыптасуы қай
кезеңнен басталып, қай ғасырда толық қалыптасты? 5. Қазақ тілінің ең көне
бастауын неден алған? 6. Ежелгі тарих, шежіре, мұралар бүгінгі ұрпаққа не
арқылы жетіп отыр? 7. Тіл туралы Заңда не айтылған? 8. Дүние жүзіндегі
барлық халық тәуелсіздікке не үшін ұмтылады? 9. Ана тіліміз бізге кімдердің
шығармалары арқылы жеткен?

33-тапсырма. Мәтіннен осы шақта тұрған етістіктерді теріп жазып,
олардың түрлерін (нақ, ауыспалы) ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Ү л г і: Мәдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік
мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр (жалаң нақ осы шақ). Республикада
мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл – қазақ тіліне конституциялық мәртебе
беріл+іп отыр (күрделі нақ осы шақ). Қоғамның жылжып, өзгеруіне байланысты
тіл де дамып, өзгеріп отыр+а+ды ( ауыспалы осы шақ).

34-тапсырма. Төмендегі сөз және сөз тіркестерін негізге алып, осы
шақтың түрлеріне (нақ, ауыспалы) мәтін құрастырыңыздар.
Өте бай тіл, тәрбиелеудің құралы, мәдениеттің гүлденуі, тарихи
қалыптасу, туған тіл, сүйіспеншілік, ұғым, қазақ халқының, ғылыми тіл,
мемлекеттік мәртебе, мемлекеттік міндет, қарым-қатынас тілі, тіл комитеті,
тілдің салалары, ресми тіл, ауызекі және жазбаша қолдану, тілді қолдану мен
дамыту, мемлекеттік тілді насихаттау, қазақ тілі – қазақ халқының этникалық
тілі.
35-тапсырма. Тіл туралы өлеңді мұқият оқып, мағынасын түсініп,
жаттаңыздар.
Ана тілім, жүрегісің анамның, Анашымды ұмытқаным емес
пе?
Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым. Ана тілім егер сені ұмытсам.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін, Сенің әрбір тынышыңнан күн
кешем,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның. Сен арқылы тіршілікпен
тілдесем.
Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан, Ел бетіне қалай тура қараймын,
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам. Ана тілім, егер сені
білмесем.

36-тапсырма. Өлең жолдарындағы тілеймін, тілдесем, қараймын сөздерінің
қай шақта тұрғанын ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

37-тапсырма. Төмендегі тіл туралы айтылғандарды есте сақтаңыздар. Ана
тілдеріңізді құрметтеңіздер.
Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмайды, тілдің өзі
қоғам
бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Қоғамнан тыс тіл жоқ.
Тіл қоғамның жемісі.
* * * * *
Тіл – әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы –
әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын
баға жетпес мұра.
* * * * *
Туған тілдің абыройын асқақтату – әрбір адамзаттың абзал борышы.
* * * * *
Тіл – таусылмайтын байлық. Оны қанша білсең, сонша биіктейсің.
* * * * *
Туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің.
* * * * *
Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан
да қол үзеді. Ана тіл – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау –
арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау.

* * * * *
В. И. Ленин: Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы, - дейді.
Мұның мәні – тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі,
қоғамдық өндірістің қай саласын болса да ұйымдастыруы,
дамытуы мүмкін емес деген сөз.

38-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап, мағынасын түсіндіріңіздер.
Басқа таяқ тілден.
Беда голове от языка.
* * * * *
Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
Слово камни разбивает, а если не камни, то головы.
* * * * *
Қотыр қолдан жұғады, пәле тілден жұғады.
Болячки через руки передаются, беда – через слово.

39-тапсырма. Жоғарыдағы тіл туралы айтылғандардан осы шақта тұрған
етістіктерді тауып, олардың түрлерін (нақ, ауыспалы) ажыратыңыздар.
Етістіктің осы шақ категориясы
(Категория настоящего времени глагола)

Осы шақ
Шақ – етістіктің негізгі категорияларының бірі. Шақ қимылдың жасалып
жатқанын, келешекте жасалатынын, жасалып қойғанын білдіретін категория.
Шақтың үш түрі болады: осы, келер, өткен шақ.
Осы шақ қимылдың сөйлеушінің хабарлау кезінде болып жатқанын
білдіреді. М.: Мен тыңдап отырмын. Далада қар жауып тұр.

Осы шақтың 2 түрі бар:
1. Нақ осы шақ (собственно-настоящее время).
2. Ауыспалы осы шақ (переходное настоящее время).
Нақ осы шақ қимылдың сөйлеуші хабарлап тұрғанда болып жатқанын
білдіреді.
Нақ осы шақтың 2 түрі бар:
Дара (простая форма).
Күрделі (сложная форма).
Нақ осы шақтың дара түрі отыр, жүр, жатыр, тұр етістіктеріне жіктік
жалғауының тікелей жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: мен отыр+мын, сен
жатыр+сың, сіз тұр+сыз, сендер жүр+сіңдер, біз тұр+мыз, олар отыр.
Нақ осы шақтың күрделі түрі лексикалық мағыналы етістікке: -ып, -іп,
-п жұрнақтары жалғанып, тұр, жүр, жатыр, отыр етістіктеріне жіктік
жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Мен оқы+п отыр+мын. Сен көр+іп
жатыр+сың. Сіз ал+ып тұр+сыз. Сендер біл+іп жүр+сіңдер.
Ауыспалы осы шақ қимылдың үнемі болып тұратынын білдіреді. Ауыспалы
осы шақ етістіктің түбіріне -а, -е, -й жұрнақтарының жалғанып, одан соң
жіктік жалғауының жалғануы арқылы жасалады.

Қазақ тіліндегі модаль сөздер
(Модальные слова в казахском языке)
Қимыл-әрекеттің шындық өмірге қатысы туралы сөйлеушінің көзқарасы
модальдық категория деп аталады. Олар мыналар: шамасы, әрине, әлбетте, рас,
шын, мүмкін, сияқты, тәрізді, керек, екен, шығар, болар т.б. Осы сөздердің
ішінде: шығар, болар, екен, керек, қажет, сияқты, тәрізді модальді сөздері
үнемі сөйлемнің соңында келеді. Ал, қалған сөздер көбінесе сөйлемнің
басында, не соңында келеді. Модальные слова служат для выражения точки
зрения говорящего на отношение высказываемой мысли к действительности. В
казахском языке имеются следующие модальные слова:
керек, қажет – необходимо; надобно; нужно. Оған не керек? (Что ему нужно?).
Маған қазақ тілі оқулығы керек (Мне необходимо учебник по казахскому
языку).
сияқты – как будто; как; кажется. Ол айтқан сияқты (Он как будто
говорил).
шамасы – скорее всего; вероятно. Шамасы ол келмейді (Скорее всего, он
не придет).
әрине, әлбетте – конечно. Әрине, ертең келемін (Конечно, я приду завтра)
екен – оказывается. Театрда адам көп екен (Оказывается, в театре много
народа).
рас, шын – правда; верно. Рас, маған биік өкшелі аяқ киім керек Правда,
мне нужна обувь с высоким каблуком).
мүмкін, шығар – возможно; может быть; вероятно. Мүмкін, емтиханды
ерте тапсырасың (Возможно, ты сдашь экзамен
досрочно). Ол әлі келмеген шығар (Может
быть, он еще
не пришел).
әйтеуір болар – когда-нибудь; всегда. Әйтеуір, ол бір келер (Когда-
нибудь,он появится). Әйтеуір, Мараттың сөзі
тура келді
(Всегда выходит так, как говорил Марат).
тәрізді, секілді – похоже. Ол өтірік айтқан тәрізді (Похоже, он неправду
сказал).
Среди этих слов, такие слова как шығар, болар, екен, керек, қажет,
сияқты, тәрізді присоединяются только к концу предложения. Остальные слова
могут находиться как в начале так и в конце предложения. Бұлардан басқа да
модель сөздер баршылық: бәсе – вот оно что; наконец-то; так оно и вышло;
тиіс – необходимо; должно; обязано; следует; әлбетте – конечно;
обязательно; разумеется; так точно; әрине – безусловно; конечно;
бесспорно; несомненно.

40-тапсырма. Берілген модаль сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Тәрізді, секілді (похоже), екен (оказывается), шамасы (скорее всего,
вероятно), рас, шын (правда, верно), әйтеуір (когда-нибудь, всегда).
Ү л г і: Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз
керек.
41-тапсырма. Өлеңді жаттап, мағынасын түсіндіріңіздер. Өлең
жолдарындағы етістіктің шақ категориясын тауып, олардың түрлерін
ажыратыңыздар.
Ана тілі – ұрпақ тілі

Батар, кетер келмеске күнім менің, Сол тіліммен дүниені атадым,
Қалар, бірақ, киелі тілім менің. Таптым бүкіл
тіршіліктің атауын.
Қасіретті шақтарда түңілгенде Жатты онда аманаты
ананың,
Қасиетті тілімнен түңілмедім. Жатты онда аманаты
атаның.
(М. Мақатаев)
(С. Мәуленов)
* * * * *
Сақтар болсаң халқыңды – тілді сақта, Дей алмас қайдан әкелді,
Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа! Бар тілден үйрен білімді.
Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел Ұмытсаңдағы бөтенді,
Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса. Ұмытпа ана тіліңді.
(Ә. Сәрсенбаев)
(А. Тоқмағамбетов)

42-тапсырма. Нақ осы шақтың астын сызып, олардың түрлерін (дара,
күрделі) ажыратыңыздар.
Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту – Қазақстан Республикасы
халықтарының көкейкесті проблемаларының бірі болып отыр. Болашақ мамандар
үшін қазақ тілін білу міндетті болып отыр. Іс қағаздарын қазақ тілінде
жүргізу қолға алынып, іске асырылып жатыр. Мейман сол баяғы сұлқ қалпы
үнсіз жатыр. Шеке тамыры әдеттегідей білемденіп тұр. Құрт қайнап, буы
бұрқырап, ірімшік пісіп жатыр (Ә. Кекілбаев).
Адамдар мен түйелер міз бақпай, сап түзеп тізіліп тұр. Ертең күзде
Хиуаға жылқы сатуға жүргелі отырмын. Орнынан ыршып атып тұрды. Бүгінгі
сөзіңізге таң қалып отырмын. Екі шатқалдың арасында тұрмыз. (Ғ.М.). Біз оны
халықтар арасындағы достықтың бастауы, олардың ынтымақтастығы мен береке
бірлігінің тірегі ретінде қастер тұтып отырмыз. Бірақ сол заманның
шырмауынан шыға алмаған ол ілім – бізге жетпіс жылдан соң ғана оралып отыр.

43-тапсырма. Көп нүктенің орнына нақ осы шақ (дара, күрделі) жасап
тұрған сөздерді тиісті орындарына қойып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.
Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті
қалыптасқан алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің
қатарында ... ... .. . Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл –
қазақ тіліне конституциялық мәртебе ... ... . ... ... .. . Ана тіліміз
арқылы ғана біз халқымызды, отанымызды танып білеміз, халық рухының
сарқылмас бастауы да сонда ... ... ... ... ... . Тіл құрыса, оның халқы да
жер бетінен жоғалып кететіндігі туралы ... ... ... . ... ... ... .. .
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін толық іске асыру үшін көптеген шаралар
жүргізіліп, іске ... ... ... .. ... ... ... ... .
Сөйлемдерді толықтыруға керекті сөз және сөз тіркестері: тұр, беріліп
отыр, жатыр, айтылып жүр, асырылып отыр.

44-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Қазақстан Республикасында тіл туралы Заң қашан қабылданды? 2.
Қазақстан азаматы неге құқылы? 3. Қазақстанның болашағы – жастар қандай
болулары керек? 4. Қазақстан Республикасында қанша ұлттың өкілдері тұрады?
5. Қазақстан қандай елдермен дипломатиялық қарым-қатынас жасайды? 6. А.
Байтұрсынов кейінгі ұрпаққа қандай мұра қалдырған? 7. А. Байтұрсыновтың тіл
біліміне арналған қандай еңбектерін білесіздер?
45-тапсырма. Сұрақтарға нақ осы шақтың дара (жалаң) формасында жауап
беріңіздер.
1. Сен қайда
отырсың? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .
2. Ол кімде
отыр? ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...
3. Біз қайда
тұрмыз? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...
4. Олар кімде
отыр? ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...
5. Біз кімде
отырмыз? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..
6. Сіз қай жерде тұрсыз?
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .

46-тапсырма. Сөйлемдерден осы шақта тұрған
етістіктердің
астын сызып, олардың түрлерін (нақ, ауыспалы) ажыратыңыздар.
Тіл екі түрлі жолмен қызмет етеді. Сөйлеу тілі бетпе-бет сөйлеу арқылы
жүзеге асады. Сөйлеу тілі көбіне диалог түрінде өтеді. Жазба тілде сөйлем
ойды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үйсін тайпалары және Қаңлы елі
Қаңлылар туралы
Қаңлы тайпасының шығу тарихы
Үйсіндердің этникасы
Үйсін тайпалары туралы тарихи деректер
Үйсін тайпасы
Батыс үйсіндердің шекарасы
Бабаларымыздың арманы
Қазақ ұлттық педагогика ғылымының қалыптасуы
Қазақ тарихы және тероия-методология мәселесі
Пәндер