Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін түзету және дамыту жаттығулары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты

Шымкент - 2012

Құрастырушылар: С. Дүйсенбі, З. Тұрсынбаева, В. Аманова

“Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін

түзету және дамыту жаттығулары”

Пікір жазғандар:

1. Ергешбаева Ш. Н. - ББЖЖТ, ПКБА және ҚДО-ның директордың орынбасары, п. ғ. к.

2. Қалыбекова С. Қ. - ОҚМУ-нің “Психология және

дефектология” кафедрасының аға оқытушысы

Бұл әдістемелік құрал мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізетін дефектолог-логопед, психолог, тәрбиеші, ата-аналарға арналған.

Жинақта мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған артикуляциялық, психологиялық, сергіту жаттығулардың әдіс-тәсілдері, тренинг және ойындарды жүргізу ережелері көрсетілген.


Кіріспе

Қазақстан Республикасы “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Заңын жүзеге асыруға, арнайы білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға педагогикалық - психологиялық көмек көрсету мақсатында төмендегі әдістемелік құрал ұсынылып отыр.

Мүмкіншілігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеумен айналысатын мамандар үшін «ерекше балаларды» қоғамға біріктіру жүйесінің ары қарай дамуының ғылыми іргетасының қалануы өзекті мәселенің бірі болып саналады.

Мүмкіншілігі шектеулі жеке тұлғаларды әлеуметтік бейімдеудің алғашқы сатыларының аспектілері қызығушылық тудыратыны анық. Себебі, қазіргі таңда оларға деген қоғамның көзқарасы өзгерген сайын, әлеуметке бейімдеудің көптеген түрлері қарастырылуда. Мұндай ілгерілеу процестері мүгедек бараларды қоғамға және білім ордасына біріктіру, яғни интеграциялау қажеттілігімен сипатталады.

Әдістемелік құралда ұсынылған психологиялық - логопедиялық жаттығуларды мамандар өз тәжірибелерінде пайдаланса, нәтижесінде тіл кемістігі бар балалардың оқу бағдарламасын толық меңгеріп кетуіне септігін тигізері хақ.

Сонымен қатар мұғалім үнемі баланың психологиялық жағдайын ескеріп отыруы тиіс. Мысалыға айтар болсақ, тіл ойлаумен тығыз байланысты. Өйткені адамның ойлауы тек тіл арқылы ғана дамып, тек тіл арқылы пайдаланылады. Сондықтан тіл- ойлаудың басты құралы деп саналады.

Сол себептен, тілінде кемістігі бар балалардың таным процестерін, эмоциональдық бұзылуларын, сөйлеудің бұзылуын, оқу және жазудағы бұзылуларды психологиялық- логопедиялық түзету үлкен жетістіктерге жеткізеді деген сенімдеміз.

Бұл жаттығулар мүмкіншілігі шектеулі балалардың сөйлеу процесін, даму деңгейін түзетуге арналған әдістемелік құрал болып табылады.

Сөйлеу тілі дамымаған, соның ішінде жалпы тіл кемістігі бар балалардың өз ерекшеліктері бар. Жалпы педагогикалық ғылым ретінде логопедия “жалпы кемістігі” ұғымына мына тұрғыда қарайды. Яғни есте сақтау қабілеті мен интеллектуалды дамуының алғы шарттары қалыптасқанмен сөйлеу компонентерінің бұзылуының салдарынан болған кемшілік.

Осындай кемшілігі бар балалар дыбыстың талдауды және синтезді меңгергенде фонемаларды ажырату тен жеткіліксіз қабылдау барысында фонетико - фонематикалық жетіспеушілік көлемінде қиындықтарға кездеседі.

Сондықтан осындай оқушылардың даму ерекшеліктері жазуының бұзылуын түзетуде арнайы жаттығулар қолдануды қажет етеді.

Ұсынылған жаттығулар арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дыбыстарды дұрыс айтуға, сөздің мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйреніп, өз нәтижесін береді.

Жаттығу “Затты аяқтап сал”

Мазмұны: Жаттығудың шарты бойынша біз сызықша жүргізу арқылы “өзіңнен әрі”(ұзын-қысқа), “өзіңе қарай” сонан соң жарты дөңгелек жасаймыз. “Бұл не?” яғни осы сұрақты ашу арқылы қандай заттар екенін тануымыз керек. Жұлдызша, саңырауқұлақ бейнелері жасалынады.

Жаттығу “Сиқырлы жіптер”

Мазмұны: Бір түсті жіптерді бояуға ала отырып, түрлі-түсті жіптер жасалынады. Бұл жіптерді қағаз парақтарына орналастырады (желпігіш зигзаг) тек қана жіптің ұшы қағаз сыртында қалады. Одан кейін жіп қойылған парақ екінші альбом парағымен жабылады. Жіптерді бала біртіндеп шығарып алу керек. Түсті дақтарды алған соң, бала зат бейнесіне ұқсатып бөлшектерді аяқтау керек.

Желпігіш зигзагы жасалады.

Жаттығу “Сүйеніш нүктелер арқылы сурет салу

Мазмұны: Бұл жаттығуда алдын-ала бір заттың суретін салады. Ол үшін барлық ойыншылар бөлме ішінде тыныштық сақтаулары қажет. Ойыншылар нүктелерді жалпы сызықпен жүргізіп, өз қалауы бойынша бояйды. Бұлт, күн, шырша бейнесі жасалады.

Тапсырма: Пішіндердің бұрыштарын санаймыз

Пішіндер

Мазмұны:

Пішіндердің бұрыштарын санау.

Үшбұрышта үш бұрыш, үш кесінді бар.

Төртбұрышта төрт бұрыш, төрт кесінді бар.

- дөңгелекте бұрыш бар ма?

- дөңгелекте бұрыш жоқ.

- пішіндердің түстерін ажырату. ( сары, көк, жасыл)

Тапсырма: Таяқшалардан пішіндерді құрастыру

Мазмұны:

Таяқшаларды түстеріне қарай санау.

Үш сары таяқшадан үшбұрыш құрастырамыз.

Жасыл дөңгелекте табу.

Бірдей пішіндерді жалға.

Пішіндердің түсін, көлемін ажырата отырып, бірдей пішіндерді жалғау.

Тапсырма: Пішіндерден күшікке үй жасап беріңіздер


Сергіту жаттығулары

Тыныс алу жаттығулары.

.

Шармен ойнайтын ойындар

Бала көлемі үлкен және кішкентай доптармен ойнайтын ойындарды ұғып алды.

Енді балаға шарлармен ойнайтын қарапайым ойындарды үйретіңіз.

  1. Шармен қойған мақсатына жетуді (ойыншыққа) .
  2. Шарды үстелдің үстімен тайғанату; оң қолымен итеріп сол қолымен ұстап алуды.
  3. Шарды үлкен көрсеткіш саусағымен, ортаңғы саусағымен ұстауды.
  4. «Футбол» Сол алақанды жартылай майыстырып үстелдің үстіне жатқызу керек. Бұл - доп салатын қақпа. Оң қолының саусақтары кезек - кезек қақпаға сол алақанымен итеріп шарды кіргізеді.
  5. Сіз амалсыздан моншақты шашып алған болыңыз. Баладан моншақты жинауға көмектесуін сұраңыз. Бала моншақтарды жинап, оны қапшықтың кішкентай тесігіне салсын. Одан кейін ол моншақты жіпке тізуге көмектессін. Бара - бара ол моншақты рет - ретімен тізуді үйренеді.

Сақинамен ойнайтын ойындар

Балаға қажетті түрде сақинамен ойнайтын ойынды ұсыныңыз. Сақинаны екі немесе үш маусақ ұштарымен ұстап тұрып кигізуді үйретіңіз. (жұдырыққа қыспай) .

Сақинаны жіпке кіргізіңіз.

Өзіңіздің артынан жаттығуларды қайталауды ұысныңыз.

Үш сақина көлдененінен жатқызылған. Жаттығуды : «Бір сақина - ортасында, біреуі - үстінде, біреуі - төмен» деген сөздермен айтып отырыңыз.

Үш сақина бірі - біріне қатар қойылған. «Бір сақина - ортасында, біреуі - сол жағында, біреуі оң жағында».

Онша үлкен емес бес сақинаны сол қолының әрбір саусағына кигіземіз, одан кейін - оң қолының әрбір саусағына әртүрлі саусаққа кигізіп жатып саусақтарды атаймыз: үлкен, кішкене, көрсеткіш т. б. Саусақтардан сақинаны шешкенде, оларды қатар-қатар реттеп қоямыз.

Бір - бірінен онша алшақ қылмай 5-сақинаны сыйғызып қоямыз. Саусақтарымен сақиналардың үстімен ары-бері жүріп өтуін ұсыныңыз.

Баумен ойнайтын ойын

Үстелдің үстіне бауды немесе жіпті иректетіп сыйғызып қойыңыз, балаға әрбір саусақтарымен сол иірімнің үстімен секіріп өтуін ұсыныңыз. Сонымен қатар баудың үстімен «адымдап» өтуге де болады.

Баланың екі саусағын баумен шармалдап тастаңыз. Балаға оны шешуді ұсыныңыз. Сонымен бірге ойыншық мышықпен де солай істеуге болады. Балаға жіпті шешуді ұсыныңыз. Ол жіптің ішінде шырмалып қалған мысықтың баласын көргенде таң қалады.

Балаға баудан мынандай оюлар тоқуды көрсетіңіз: баудың ұшымен кішкентай саусақты орап тастаңыз, одан кейін ортаңғы саусақтың астымен айналдырып, үстімен ортаңғы, астымен көрсеткіш, үстімен үлкен және қайтадан қарама-қарсы істеуді.

Алуан түрлі қалған маталардың қалдықтарынан гүл жасап оның жан-жағын тесіп, сол арқылы бауды жүргізіңіз. Ал бала әбден үйренгеннен кейін баладан суреттерді рет - ретімен, түр-түрімен орналастыруды сураңыз.

Картон қағаздан күрдеше немесе етік ойып қиыңыз да оған бау өткізетін тесіктер жасаңыз, одан балаға беріңіз ол өзі сол тесттерден бауды өткізсін. Осыдан кейін оған өзінің киімдерімен қалай, не істеу керек екені оңай болады.

Қағаз кортоннан алуан түрлі ойыншықтар, аңдар, құстар т. б. қиыңыз. Шет жағына таман тесік жасайтынмен аралары бірдей қашықтықта (1 немесе 1, 5см. ) тесіктер жасаңыз (арнайы жасайтын сайманмен) . Сол тесіктермен бауды өткізіп, балаға әлуан түрлі оюларды қалай жасауды көрсетіңіз. Сөйтіп кішкене киім тігуші қалай қуыршақтың көрпешешін, ойыншық кілемшені қалай әдемілеп оюлауды үйренеді. Кішкентай кілемшені мынандай түрде де көктеуге болады. Кішкентай төртбұрышты матаның ішінен қатар екі қиық істеу керек (ара қашықтығы 1, 5см болатын етіп), одан кейін көлдененінен алуан түрлі бауларды алып, соның араларынан кезек-кезек үсті-астымен, асты-үстімен өткізу керек. «Шеберге» бұндай қол орамал немесе табақтың астына қойғышты сізге сыйлық ретінде сыйласа, онда өз-өзіне аса бір шеберлікпен қарайды. Осы жұмыстың арасында балаға өзінің байланып қалған бауын шешуді сұраңыз. Келесі жолы кім өзінің бауын тез шешеді жөнінде жарыс ұйымдастырыңыз.

Түймелер

Түйме ұстайтын сандықшаны ретке келтіру жөнінде өзіңіздің кішкентай балаңыздан көмек сұраңыз. Үлкен түймелерді - үлкен қорабшаға, орташасын-орташаға, ұсағын - кішкентай қорабшаға салуды. Енді түймелердің көлеміне, түріне қарай әдемі ою жасауға болады: гүл, моншақ, қорабша т. б. с. с.

Әртүрлі матаның қалдығынан машина, қайық, самолеттің бейнесін қиып жасаңыз. Сол бейнеге түймеден дөңгелектерін, қанатын, терезесін жабыстырып тігіңіз (ірі заттары үлкен түймеден болу керек) . Жануардың бейнесіне түймеден құлақтарын, аузын, құйрықтарын, аяқтарын тігіңіз. Көбелектің бейнесінің үстіне қызылды-жасылды кішірек көбелек бейнесін тіксе, онда көбелек алуан түрлі болып шығады. Қағаз картоннан жасалған қуыршақтың кеудешесі әртүрлі түймелермен әдеміленген. Оған: қолтықша, шалбар, белдік қалта жапсырып тігуге болады.

Бұл ойындардың барлығы, баланың өз киіміндегі түймесін өзі салып, ағытуына көп көмектеседі. Үш жасында бала өзінің көңіл қойып, ақыл-оймен, бір алдына қойылған мақсатпен орындайтын ойн-сабақтарын істеуде жақсы жетістікке ие болады. Бұл ойындар баланың ойлауына көп көмектеседі. Төмендегі ойындар баланың ойлауын, тапқырлығын, білгірлігін және қолсаусақтарының қимылдарының бірігіп пайдалануына көмектеседі. Осындай бейнеде, үзілмейтін айналым.

Жылтыр кілемше

Жылтыр қағаздан төртбұрыш қиыңыз. Оның үстіне әртүрлі осындай қағаз немесе матадан кескіндерді қойыңыз. Олар төртбұрыш, үшбұрыш, тікбұрыш болуы мүмкін. Өзіңіздің жасаған кілемшені балаға көрсетіңіз. Бала осыған қарап тура осындай кескіндерді тура осылай қойсын. Кескіндерді дұрыс қоюға көмектеспеңіз, тура осы кезде баланың ақыл - ойы, көзқарасы, қол саусақтарының іс-қимылдары жақсы жетіле түседі. «Үшбұрышты жылжылт . . . - төртбұрышты түзулеп қой . . . - домалақты оңға (солға) қарай жылжылт» - деп сөз арқылы көмектесіңіз. Бұларды қолмен бейнелеп көрсетуіңізге болады. Ал бала сіздің іс-тәжірибеңізге қарап өзінің ақыл-ойын, ойлауын, көзқарасын одан әрі жетілдіре түседі. Екі кескіннен тұратын оюдан бастаңыз (мысалы: домалақ және төртбұрыш немесе тікбұрышпен үшбұрыш) . Кескіндер түрі және кескіні жағынан бірдей болу керек. Бара - бара қиындатып кескіндердің санын көбейтуге, одан кейін түрін ауыстыруға болады.

Әркімге - өз үйі

Ақ жылтыр бетке үш үй салыңыз: ананың үйі, қызға үй және қуыршаққа үй-үлкен, орташа және кішкентай. Төртбұрыштан - үйдің қабырғасы ал үшбұрыштан үйдің шатыры тұрады. Әртүрлі кескіндерден қағаз бетіне, балаға тура осындай үй салуды ұсыныңыз. Бала үлкен төртбұрышқа үлкен үшбұрыш, ортаншыға - ортаншы және кішкентайға-кішкентайды қою керек.

Кім ең ұзын?

Бұл ойын баланың ең алғаш ұзындықты өлшеуінде көмектеседі. Ақ жылтыр қағаздың бетіне көлдененінен әртүрлі көлемдегі ұзындықтарды қойыңыз, ең ұзынынан бастап ең аласасына қарай. Ең бірінші бала ұзындықтарды бірінің үстіне бірін қояды. Бара - бара бала өзінің көз қарасымен ұзындықтарды кезек кезегімен қояды. Басында ұзындықтар әр өзінің ұзындығына қарай анықталуы керек. Олар бесеуден аспау керек. Ойынды қызықтыра түсу үшін ұзындықтарды алуан түрмен бояп қоюға болады.

Ең ұзын баспалдақ қай жерде?

Басқа түсті ұзындықтан баспалдақ жасау керек: басы ұзыннан басталады да, кейін қысқара береді. Барлығы 5-жолақ. Баланың саусақтары сол баспалдақтың үстімен адымдап жүреді, бас бармақтан шынашаққа қарай - жоғары, шынашақтан бас бармаққа дейін - төмен.

Не жоғалды?

Қағаздың бетіне бірнеше кескіндер салынған суретті қойыңыз: жүк таситын машина-төртбұрыш (қорабы), тікбұрыш (шанағы), домалақтар(дөңгелегі) ; үй төртбұрыш (қабырға), үшбұрыш (шатыры), төртбұрышта - кішкентай тікбұрыш (есігі), т. б. с. с. Баланы өзінің қағазына тура осындай суреттерді салуды ұсыныңыз. Балаға ақырын білдіртпей суреттің бір затын тығып қойыңыз да, оған «Не жоғалды?» деп сұрақ қойыңыз. Бала жоғалған заттың атын атап, оны заттардың арасынан тауып алу керек. Одан кейін екеуіңіз рөлдеріңізді ауыстырыңыздар.

Саусақпен ойын

«Бүлдірген жинаймыз»

Сол қолының ұшы ( саусақтары төмен түсірілген) бұтақта тұрған бүлдіргенді келтіреді. Оң қолымыздың саусақтарымен бұтақта тұрған бүлдіргенді түсіріп аламыз.

«Саусақтар амандасады»

Саусақтарының ұштары бір-бірімен жұғысады: шынашақ саусақ шынашақпен, бас бармақ бас бармақпен.

«Саусақтар жуынады»

Бір қолдың қайырылған саусақтары екінші қолдың саусақтарымен түйісіп жыбырлайды.

«Саусақтар адымдайды»

Оң қол оң жаққа адымдайды, сол қол - сол жаққа.

«Сақина»

Оң қолдың үлкен саусағы әрбір саусақпен қосылып сақина жасайды да сол қолдың әрбір саусағына кигізіледі: үлкен басқармақпен - басбармаққа, үлкен ортаншымен-ортаншыға т. б. с. с.

«Айна»

Үлкен адамның істегенің оның артынан әрбір саусақтың қимылын әртүрлі қайталайды.

«Гармон»

Саусақтар ашылған алақандарымен бірде ашылады, бірде жабылады.

«Қоян»

Көрсеткіш саусақпен ортаңғы саусақ тік ұсталған. Басбармақ шынашақ пен шылдыршүмектің арасына қысылған.

«Мүйізді ешкі»

Көрсеткіш пен шынашақ саусақ тік ұсталған, басбармақ- ортаншы мен шынашаққа майыстырылған.

«Маймақ аю»

Төрт саусақ үстелдің үстіне қойылған. Ортаңғы майысқан - ол «аюдың басы».

«Түлкі»

Алақанды тік ұстап түлкінің бейнесін келтіру керек. Басбармақ сәл-сәл көтерілген - бұл құлағы. Көрсеткіш саусақ сәл майысқан - бұл маңдайы. Ортаңғы саусақ-мұрны.

«Қасқыр»

Үлкен саусақ (құлағы) сәл көтерілген, көрсеткіш және ортаңғы саусақ, шынашақ, шылдыр шүмек біресе ашылады, біресе жабылады - «қасқырдың араны ашылады».

“Өздеріне деген сенімділіктерін арттыру ” атты жаттығу

Мазмұны: Жаттығуды орындау үшін алдын-ала шардың ішіне түрлі тақырыпқа байланысты тілектер жазылады. Қатысушы оқушылар өзіне ұнаған шарды таңдап алып, оны жарады. Шардың ішіндегі тілекті оқиды.

Жаттығу соңында әр қатысушы өз ойын және ойыннан алған әсерін білдіреді.

“Менің есімім” атты жаттығу

Мазмұны: Бұл жаттығу танысу үшін жасалынады- әркім кезекпен өз атын атап, есімінің бас әріпінен басталатын сөз айтады. Қалған қатысушылар мұқият тыңдап отырады. Бұл жаттығу топтың белсенділігін және танысқан адамының есімін тез есте сақтап қалуына септігін тигізеді Мысалы: Сандуғаш сағат, Әсел әлем т. б.

“Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?”

Мазмұны: Қажетті заттар: түрлі -түсті қағаздан жасалған фигуралар, маркер.

1) Интерпритация

Қызыл- қуанышты көңіл-күй

Алқызыл-ұнамды көңіл-күй

Сары-жағымды көңіл-күй

Көк- суық көңіл-күй

Қоңыр-қиналған көңіл-күй

Күлгін-алаңдаушы көңіл-күй

Қара-күш қуаттың төмендеуі

Ақ -анықталмаған көңіл-күй.

2) Әр оқушы өзіне ұнаған түрлі түсті фигураның біреуін таңдайды.

Қағаздың артына сол түске байланысты жазылған интерпритацияны оқиды.

Мысалы: Алмас қызыл түсті таңдаса, онда Алмастың көңіл-күйі өте қуанышты күйде екенін білуге болады.

Ойлау процесін дамытуға арналған жаттығулар

Мақсаты: Ойлаудың жылдамдығы мен зейінді дамыту.

Нұсқау: Балалар шеңбер бойына отырады. Жүргізуші, допты лақтырар алдында, көпше түрдегі бір сөзді айтады, ал балалар оны жекеше түрге ауыстырулары қажет.

Нұсқаудағы сөздер:

Мысықтар, тырналар, ормандар;

Қатарлар, көпірлер, ағаштар;

Ыдыстар, үйлер, құстар;

Пілдер, кеселер, тауықтар;

Ауыздар, сағаттар, болттар;

Шкафтар, шарфтар;

Мұрындар, столдар, көздер.

1. Балаға 3-5-7 минут аралығында қанша аяқ екенін есептеу керек. Мысалы: 1) Шие ағаш жапырағында - 1 өрмекші отыр, өрік ағашта 4 торғай ән шырқап отыр, қайын жапырағында 2 қоңыз. Ал, маған қай бала маған есептер екен?

Жауабы: (30аяқ)

2) Себетте 7 қияр, 23 алмұрт, 13 алма. Себетте қанша жеміс бар.

3) Қорапта 5 қызыл шар, 7 жасыл шар, 3 сары шар қорапта барлығы неше шар бар.

2. Балаларға зат есім сөзді тауып, оның синонимін тауып, оған 5-6 сөзден тұратын сөйлем құрастыру қажет. Мысалы: Сөмке - қалта

Сара сары сөмкесін Салимаға сатты.

3) Балалар 2-3 минут аралығында табу қажет.

Қарлығаштың үш қарандашы бар - сары, қоңыр, қара.

Осы қаламдардың ең ұзынын атаймыз.

А) сары қалам қоңырдан қысқа, ал қара қалам - сарыдан қысқа;

Б) сары қалам қара қаламнан ұзын ал, қара қаламнан қоңыр қалам қысқа.

Жауабы: а) қоңыр қалам ең ұзын, қара қалам ең қысқасы;

б) сары қалам ең ұзыны, қоңыр қалам қысқасы.

4) Балалар 2-3 минут аралығында табу қажет. 3 ағайынды - Асел, Асан, Айнұр - бір мектепте әр қайсысы әр сыныпта оқиды.

Аселден Арнұр үлкен, Аселден Асан жас. Ең үлкенін, ортаншысын, кіші ағайындыны атаймыз.

Жауабы: Арнұр үлкен, Асел ортаншы, Асан ең кішісі.

Қабылдау процесін дамытуға арналған жаттығулар

«Жүргізуші» ойыны.

Баланың кеңістік туралы ұғымын кеңейтеді. Ол үшін бала жолда жүру ережесінің белгілерімен таныс болу керек. Егер жол алаңы кең болса осы белгілер қойылған алаңда ойыншық машинамен жүріп отуі керек, ал ондай болмаса жол белгілерін бал көрсете білгені дұрыс.

Сондай - ақ кеңістік туралы түсінігін анықтауды алдымен өз бөлмесінің кеңістігін ажыратудан бастау керек. Кеңістікті ажыратуда бала қиналған болса, онда оған үлкендер жетекші сұрақ қою арқылы бағыт сілтейді.

Сөздік сипаттама арқылы балаға кеңістік ұғымын үйрету.

«Анаңа дастархан жасауға көмектес» тақырыбындағы ойын.

Дастархан жайылған үстелдің ортасына гүлмен құмыраны қой.

Құмыраны сол жағына, нан салатын ыдысты, оң жағына бұрышпен тұз салған ыдысты қой. Қасық, шанышқыны оңмен сол жағына рет-ретімен қой. Ас ішетін үлкен табақтың үстіне, орташа табақ қой, табақтың оң жағына пышақ пен қасық, сол жағына шанышқы, т. б. Осы сияқты «ертеңгілік немесе кешкі тамаққа дастархан жаса» деп ойынның түрін өзгертуге болады.

Кеңістік ұғымын қалыптастыруға арналған ойын-сабақ.

Ойын: «Қуыршақ бөлмесіне жиһаздарды орналастыр» деген ойынды ұйымдастыр немесе ауылда серуенде жүрген кезде тәрбиешінің ұсынысы бойынша мына тапсырмаларды орындайды. 10 қадам алға оңға бұрылып, 5 қадам жүр, сонан соң 3 қадам артқа сияқты. Тағы басқа тапсырмаларды орындатуға болады. «Ойыншықты тап», «Бала қайда тығылып жүр» т. б. ойындарды ойнатуға болады.

  • бұдан соң баланың өзінің дене мүшелерін /оң қол, сол аяқ т. б. / кеңістікке қатыстыру немесе затты затқа қатыстыру арқылы алдында, артында, оң-сол жағында, жоғарыда-төменде не бар деген сияқты сұрақ қойып тапсырмалар орындатуға болады.
  • Өз маңындағы кеңістікті бағдарлай білуге үйрен: ілгері қарай ілгеріде, алда-алдыңғы жақта, артында-арт жақта, оңға оң - жағында, солға жол жағында. Серуен кезінде де ағаштарды өзара қатыстыру арқылы кеңістікте орналасуын ажырату керек.

Баланың заттардың салыстыра білуін тексеру.

  • Кеңістікте орналасқан ұзын-қысқа, биік - аласа, жалпақ - жіңішке, таркең деген сияқты заттардың маңызды белгілерін салыстыру кезінде көпшілік бала қиналады.
  • Біріншіден бала жалпылама үлкен - кіші деп жалпылама айта салады.

Зерттеуші ерекше көңіл бөліп тыңдап ұзын лентаның орнына үлкен лента, қысқа лентаны - кіші лента деп айтпауын қадағалап, қателессе түзету жасап отыру керек.

  • Аласа - биік бағана дегеннің орнына үлкен - кіші бағана деп айтуы мүмкін. Баланың белсенділік сөздік қорының ішінде биікті, - аласа, ұзында қысқа, кең орнына тар.

Балалар арасында «Дүкенге баратын дұрыс жолды кім көрсетеді?»

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУГЕ АРНАЛҒАН РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТАР ЖҰМЫСЫН ҮЙЛЕСТІРУДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Аутизмі бар балаларды оқытуда кешенді əдістерді қолдану
Аутизм жағдайындағы балаларды әлеуметтендіру
Церебральді параличке шалдыққан мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін түзету-дамытушылық жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
Есту қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің жағдайы
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің жолдары
Балалардың сал ауруында қолданылатын реабилитациялық шаралар
Соқыр және көзі нашар көретін оқушылардың зейінін тұрақтандыру деңгейін анықтау
Мектепке дейінгі тұтықпасы бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ғылыми - теориялық негізі
Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамуының ғылыми - теориялық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz