Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулығына әлеуметтік-экологиялық факторлардың әсері



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Адам денсаулығы және қоршаған орта
Зерттеу нысаны және әдістері
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК.ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Қорытынды
Тақырыптың маңыздылығы.Адам табиғатпен физикалық және рухани үздіксіз байланысқан, ол өз өмірін сақтап қалу үшін табиғатпен тұрақты қарым-қатынаста болады. Адам өзі өмір сүретін ортада белсенді қызмет атқарады және өзінен төменгі сатыдағы эволюциялық дамушылармен пассив түрде араласса да, оларды өзіне үйретуге қадам жасайды. Адам мұндай қадамды мәдени түрдегі үйрету арқылы орындайды.Адам өмір сүретін орта – биосфера, бірақ адам оның жаратылысына қарсы өз қолымен көп әрекет етеді, бұл өз кезегінде биосфера психикасына терең әсер етіп, оның тіршілігіндегі қалыптасқан тепе-теңдігін бұзады. Нәтижесінде адам өмір сүретін орта – табиғат, жасанды күйге еніп, соның салдарынан жойылуға бет бұруда 1. Адамзаттың табиғатты оның заңдылықтарымен санаспай пайдалануы адамзаттың өзіне және оның өзі құрған қоғамының тіршілігіне қатер туғызуда. Соңғы кездері статистикалық мәліметтердің көрсетуі бойынша өнеркәсіптік өндірістер мен ғылыми-техникалық прогрестің дамуына қарай адам денсаулығында болатын түрлі өзгерістер көбейе түскен. Сондықтан кез келген әлеуметтік жүйе табиғи ортамен сәйкестікте өмір сүруі қажет және өзінің еңбек заты мен табиғатты пайдалану әдістерін, өзінің өндірісін табиғат мүмкіндіктеріне сай жүргізуі шарт. Сонда табиғат та өз популяциясын және өмір салтын сол мүмкіндіктерге үйретеді 2. Табиғатпен санаспай өмір сүру адамның өмір-тіршілігіне, әсіресе денсаулығына көптеп әсер етіп, тіпті бұрын болмаған аурулардың пайда болуына жағдай жасап отыр. Ал, адамзат үшін ең басты байлық – денсаулық болып табылады.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Әлеуметтік-экологиялық мәселелер мен олардың халық денсаулығына әсері туралы Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева, Д.Ж.Маркович, Ғ.Сағымбаев, А.А.Горелов, Ұ.Б.Асқаровалардың оқулықтарында және тағы басқа көптеген ғалымдардың, эколог-ғалымдардың ғылыми және ғылыми-көпшілікке арналған мақалалары мен еңбектерінде жазылып, жарияланып жүр. Жалпы әлеуметтік-экологиялық факторлардың адам денсаулығына әсері проблемасы көптеген ғалым-экологтардың, дәрігерлердің мақалалары мен еңбектерінде жазылса да, белгілі бір елді мекен тұрғындарының денсаулығына қатысты кандидаттық немесе магистрлік диссертациялық ауқымды еңбек түрінде жинақталып, арнайы зерттелмеген.
Жұмыстың мақсаты. 1. Қазіргі таңдағы адам денсаулығына әсер ететін әлеуметтік-экологиялық факторларды оқып-зерттеу. 2. Адам денсаулығы мен әлеуметтік-экологиялық факторлар арасындағы байланысты, Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулық көрсеткіштері негізінде, белгілеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Адам «денсаулығы» және «қоршаған орта» түсініктеріне анықтама беру және талдау жасау.
2. Табиғи ортадағы экологиялық өзгерістерге байланысты адамзат ауруларына талдау жасау.
3. Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторларды оқып-зерттеу.
4. Адамның жеке басының дамуы мен қалыптасуына әсер ететін әлеуметтік-экологиялық факторларды анықтау.
Зерттеу нысаны: Қызылорда облысы тұрғындарының әлеуметтік-экологиялық жағдайлары мен денсаулық көрсеткіштері және денсаулыққа әсер ететін әлеуметтік-экологиялық факторлары.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері:
1. Статистикалық мәліметтерді талдау негізінде қорытынды жасау;
2. Жасалған қорытындыларға сүйеніп әлеуметтік-экологиялық факторлардың адам денсаулығына әсерін белгілеу.
1. Асқарова Г.Ш., Кенжеева Ж.С. Адам денсаулығы және оған әсер ететін әлеуметтік-экологиялық факторлар, «Жас ғалым», Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің 75 жылдық мерейтойына арналған жас ғалымдар конференциясы еңбектер жинағы., 21 мамыр, 2012 ж. - 6 бет.
2. Асқарова Г.Ш., Кенжеева Ж.С. Қызылорда облысы тұрғындары денсаулығының әлеуметтік-экологиялық жағдайларымен байланысы. . «Жас ғалым», Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің 75 жылдық мерейтойына арналған жас ғалымдар конференциясы еңбектер жинағы., 21 мамыр, 2012 ж. - 4 бет.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Сапасыз су жүйелері елеулі қауіп тудырады. Сыр бойы, 2011 ж.- 3 б.
2. Шапшаңов Қ. Қоғамдық пікір: қоршаған ортаны қорғау, Дүние журналы, №5, 2002 ж. – 11-13 б.б.
3. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық.- Алматы: Экономика, 2002.- 405 б.
4. «Өңірдің әлеуметтік саласындағы негізгі көрсеткіштер» статистикалық жинақ, Қызылорда, 2011 ж.- 34 б.
5. Передельский Л.В., Коробкин В.И., Приходченко О.Е. Экология: учеб.- М.:ТК Велби, Изд.-во Проспект, 2006.-512 с.
6. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. Оқулық.- Алматы: Экономика, 2002.- 405 б.
7. Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана (географические аспекты природопользования и охраны природы): Учебное пособие для студентов географических и экологических специальностей университетов. – 2-е изд., перераб. И доп. – Алматы: Қазақ университеті, 2006.-414 с.
8. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы. – Алматы: «Бастау» баспасы, 2003. – 292 б.
9. Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология. Учебник для вузов. Изд. 11-е дополн.-Ростов н/Д: Фенис, 2006.-608 с.
10. Асқарова Г.Ш., Темірбаева Ғ.С. Қызылорда қаласының тұрмыстық қалдықтармен ластануын бағалау /Келешек-2010 студенттер мен жас ғалымдардың республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдарының жинағы.- Жезқазған: «ЖезУ» АҚ, 2010.- 234-237 б.б.

қызылорда облысы тұрғындарының денсаулығына әлеуметтік-экологиялық
факторлардың әсері

КІРІСПЕ
Тақырыптың маңыздылығы.Адам табиғатпен физикалық және рухани үздіксіз
байланысқан, ол өз өмірін сақтап қалу үшін табиғатпен тұрақты қарым-
қатынаста болады. Адам өзі өмір сүретін ортада белсенді қызмет атқарады
және өзінен төменгі сатыдағы эволюциялық дамушылармен пассив түрде араласса
да, оларды өзіне үйретуге қадам жасайды. Адам мұндай қадамды мәдени түрдегі
үйрету арқылы орындайды.Адам өмір сүретін орта – биосфера, бірақ адам оның
жаратылысына қарсы өз қолымен көп әрекет етеді, бұл өз кезегінде биосфера
психикасына терең әсер етіп, оның тіршілігіндегі қалыптасқан тепе-теңдігін
бұзады. Нәтижесінде адам өмір сүретін орта – табиғат, жасанды күйге еніп,
соның салдарынан жойылуға бет бұруда (1(. Адамзаттың табиғатты оның
заңдылықтарымен санаспай пайдалануы адамзаттың өзіне және оның өзі құрған
қоғамының тіршілігіне қатер туғызуда. Соңғы кездері статистикалық
мәліметтердің көрсетуі бойынша өнеркәсіптік өндірістер мен ғылыми-
техникалық прогрестің дамуына қарай адам денсаулығында болатын түрлі
өзгерістер көбейе түскен. Сондықтан кез келген әлеуметтік жүйе табиғи
ортамен сәйкестікте өмір сүруі қажет және өзінің еңбек заты мен табиғатты
пайдалану әдістерін, өзінің өндірісін табиғат мүмкіндіктеріне сай жүргізуі
шарт. Сонда табиғат та өз популяциясын және өмір салтын сол мүмкіндіктерге
үйретеді (2(. Табиғатпен санаспай өмір сүру адамның өмір-тіршілігіне,
әсіресе денсаулығына көптеп әсер етіп, тіпті бұрын болмаған аурулардың
пайда болуына жағдай жасап отыр. Ал, адамзат үшін ең басты байлық –
денсаулық болып табылады.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Әлеуметтік-экологиялық мәселелер мен олардың
халық денсаулығына әсері туралы Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева, Д.Ж.Маркович,
Ғ.Сағымбаев, А.А.Горелов, Ұ.Б.Асқаровалардың оқулықтарында және тағы басқа
көптеген ғалымдардың, эколог-ғалымдардың ғылыми және ғылыми-көпшілікке
арналған мақалалары мен еңбектерінде жазылып, жарияланып жүр. Жалпы
әлеуметтік-экологиялық факторлардың адам денсаулығына әсері проблемасы
көптеген ғалым-экологтардың, дәрігерлердің мақалалары мен еңбектерінде
жазылса да, белгілі бір елді мекен тұрғындарының денсаулығына қатысты
кандидаттық немесе магистрлік диссертациялық ауқымды еңбек түрінде
жинақталып, арнайы зерттелмеген.
Жұмыстың мақсаты. 1. Қазіргі таңдағы адам денсаулығына әсер ететін
әлеуметтік-экологиялық факторларды оқып-зерттеу. 2. Адам денсаулығы мен
әлеуметтік-экологиялық факторлар арасындағы байланысты, Қызылорда облысы
тұрғындарының денсаулық көрсеткіштері негізінде, белгілеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Адам денсаулығы және қоршаған орта түсініктеріне анықтама беру
және талдау жасау.
2. Табиғи ортадағы экологиялық өзгерістерге байланысты адамзат ауруларына
талдау жасау.
3. Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторларды оқып-
зерттеу.
4. Адамның жеке басының дамуы мен қалыптасуына әсер ететін әлеуметтік-
экологиялық факторларды анықтау.
Зерттеу нысаны: Қызылорда облысы тұрғындарының әлеуметтік-экологиялық
жағдайлары мен денсаулық көрсеткіштері және денсаулыққа әсер ететін
әлеуметтік-экологиялық факторлары.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері:
1. Статистикалық мәліметтерді талдау негізінде қорытынды жасау;
2. Жасалған қорытындыларға сүйеніп әлеуметтік-экологиялық факторлардың
адам денсаулығына әсерін белгілеу.
Зерттеу әдістері:
1. Диссертациялық жұмыс тақырыбы бойынша әдеби шолу жасау, материалдар
жинау;
2. 2009-2011 ж.ж. аралығындағы адам денсаулығы жайлы статистикалық
мәліметтерді салыстырмалы талдау негізінде қорытынды жасау;
3. Жергілікті тұрғындармен Денсаулық және қоршаған орта сапасы және
Медициналық қызметтің сапасын бағалау тақырыптарында әлеуметтік сауалнама
жүргізу және нәтижелерді талдай отырып, қорытынды жасау.
Ғылыми зерттеудің жаңалығы:
1. Қызылорда облысы тұрғындары денсаулық көрсеткіштерінің жергілікті
әлеуметтік-экологиялық факторларға тәуелділігі бірінші рет белгіленді.
2. Қызылорда облысы тұрғындарымен Денсаулық және қоршаған орта сапасы
және Медициналық қызметтің сапасын бағалау тақырыптарында әлеуметтік
сауалнама бірінші рет жүргізілді. Сауалнама нәтижелері негізінде қоршаған
орта сапасына байланысты адамның аурушаңдық деңгейі бағаланды.
3. Қызылорда облысы тұрғындары денсаулық көрсеткіштерінің жергілікті
әлеуметтік-экологиялық факторларға тәуелділігі диаграммалар мен графиктер
арқылы сипатталды.
Жұмыстың практикалық құндылығы.
Зерттеу мақсатына жету және міндеттерін орындау үшін экология
оқулықтарына, ғаламтор-қорларына әдеби шолу жасалып, адамның өмір сүру
ортасына байланысты денсаулық көрсеткіштері туралы материалдар жинақталып,
жүйеленді. Қазақстандағы әлеуметтік-экологиялық жағдайлар, демографиялық
ахуал қарастырылып, оларға талдау жасалды.
Қызылорда облысы бойынша жергілікті халық денсаулығына әсер ететін
әлеуметтік-экологиялық факторларға статистикалық мәліметтер негізінде
талдау жасалды. Облыс тұрғындарымен Денсаулық және қоршаған орта сапасы
және Медициналық қызметтің сапасын бағалау тақырыптарында әлеуметтік
сауалнама жүргізіліп, сауалнама қорытындысы негізінде тұрғындар денсаулығы
мен әлеуметтік-экологиялық факторлар арасындағы тәуелділік анықталды.
Қорғауға ұсынылатын нәтижелер мен тұжырымдар:
1. Қызылорда облысы тұрғындары денсаулығының жергілікті әлеуметтік-
экологиялық факторларға тәуелділігінің белгіленуі;
2. Қызылорда облысы тұрғындарымен Денсаулық және қоршаған орта сапасы
және Медициналық қызметтің сапасын бағалау тақырыптарында жүргізілген
әлеуметтік сауалнама нәтижелеріне негізделген тұжырымдар;
Зерттеудің сынақтан өтуі (апробация). Зерттеу нәтижелері Биология,
география және экология кафедрасының кеңейтілген мәжілістерінде, Жас
ғалым атты ҚМУ-дің 75 жылдық мерейтойына арналған жас ғалымдар
еңбектерінің жинағы (21 мамыр, 2012 ж.) тыңдалды.
Автордың жеке үлесі. Мәселенің қойылуы мен оның шешімі, барлық
эксперименттік жұмыстар мен алынған нәтижелерді талдау және материалдарды
ғылыми мақалалар мен тезистер түрінде дайындау автордың тікелей қатысуымен
орындалды.
Жариялымдар. Диссертация материалы бойынша 2 мақала жарияланды.
Жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 9 сурет, 8 кестеден жинақталған.
Жұмыстың жалпы көлемі 110 бет, пайдаланылған әдебиеттер саны 87.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Адам денсаулығы және қоршаған орта
Денсаулық және қоршаған орта түсініктері
Денсаулық анықтамасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ)
Уставында келесі түрде тұжырымдалған: Денсаулық дегеніміз – бұл тек
аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік
қолайлылық. Негізінен денсаулықты алты қыры бар деп, одан да толығырақ
қарастыруға болады: физикалық денсаулық, психикалық және интеллектуалды
денсаулық, жеке денсаулық, рухани денсаулық, эмоционалды денсаулық,
әлеуметтік денсаулық (1, 2, 6, 7(. Физикалық денсаулық келесі түсініктерден
тұрады: адам денесі қалай құрылған және қалай жұмыс жасайды, ешқандай дене
аурулары жоқ, ол жаттыққан немесе шыныққан.
Психикалық және интеллектуалды денсаулық – бұл психикалық аурудың және
кем ақылдылықтың болмауы. Психикалық денсаулық адамның жаңа білімді
қабылдауымен және қолдау қабілетімен, негізгі психикалық үдерістердің
күшімен және қозғалғыштығымен сипатталады.
Әлеуметтік денсаулық - бұл ең алдымен өзін қоғамның бір бөлшегі ретінде
түсіну, қоғамда және қоғам өмірінде өз жетістіктерін сезіну. Мұнда
өндірістік қатынас пен кәсіби сапаның орны анықталады. Бұл адамның
материалдық жағынан қажеттіліктерімен қамтамасыз етілуі, яғни оның жұмыс
істеуі, шеберлігі мен тәртібі.Адамды қоршаған ортаның төрт компонентін
бөліп көрсетуге болады. Оның үшеуі антропогендік факторлардың әсерінен
өзгерген табиғи орта болып табылады. Төртіншісі – тек адамзат қоғамына тән
әлеуметтік орта. Адамның денсаулығы оның өмір-тіршілігі өтетін қоршаған
ортасының, яғни тіршілік ортасының жай-күйіне тығыз байланысты. Адамның
тіршілік ортасы түсінігі, бұл - табиғи және қоғамдық түр ретінде
қалыптасуына мүмкіндік беретін табиғи және жасанды жағдайлар жиынтығы.
Демек, адамды қоршаған орта табиғи немесе жасанды орта болуы мүмкін.
Соған байланысты қоршаған ортаға әр түрлі анықтама беруге болады. Қоршаған
табиғи орта – адамның өміріне, тіршілік ету жағдайына және денсаулығына
әсер ететін табиғи компоненттердің жиынтығы. Қоршаған табиғи орта
компоненттеріне атмосфералық ауа, сулар, топырақ, жер асты байлықтары,
хайуанаттар және өсімдіктер әлемі жатады (2, 4-7(.
Адамның өмір сүру ортасының сапасы және адамзат аурулары
Қоршаған орта мен адамның өзара қарым-қатынасын зерттеуде екі негізгі
мәселені бөліп көрсетуге болады. Олар орта факторларының адамға ықпал етуі
және адамның қоршаған орта мен оның өзгерістеріне бейімделуі (7(.
Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз
байланысты. Адамның тыныс алуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта
жағдайында өтеді. Сондықтан да адам тіршілік құрамының бір бөлшегі болып
есептеледі (2, 8-9(.
Адамның денсаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адам
үшін демалатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза
болуының маңызы ерекше. Адамның мұқият ойланбай жасаған кейбір іс-
әрекеттері, мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды
өзгерістері, әсіресе соңғы кездері оның өзінің денсаулығына кері әсер
етуде. Мұндай жағдайлар әсіресе, Қазақстанда ерекше байқалады.
Қазіргі таңда ауыз су, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі үлкен мәселеге
айналып отыр. Өйткені, қоршаған ортаның ластануы өз кезегінде адамның
экологиялық таза азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне көп кедергі жасайды [20-
22].
Сусыз өмір жоқ деп айтып жатамыз. Шынында да барлық тірі ағзалар секілді
адам денесі де судан тұрады (эмбрионда – 97 (, жаңа туылған нәрестеде – 77
(, үлкен адамда - 60 () және сусыз тіршілік етуі мүмкін емес. Егер адам
денесінен 6-8 ( суды жоғалтса, көңіл-күйі төмендейді, 10 ( ағзада
өзгерістер пайда болады, 15-20 ( жоғалтулар байқалғанда адам өліп кетуі де
мүмкін (7(.
Адамға қажетті су нормасы тәулігіне – 2-2,5-нан 5 л дейін. Американдық
ғалымдардың есептеулері бойынша, суды тұтыну құрылымы: ішу және тамақ
әзірлеуге – 5 (, дәретханадағы су толтыратын бөшкеде – 43 (, ванна және душ
– 34 (, ыдыстарды жуу – 6 (, кір жуу – 4 (, тұратын орынды жинауға қажетті
су – 3 (, басқа да қажеттіліктер – 5 (. Осындай қажеттіліктерді өтеу үшін
таза су керек. Ал қазіргі су көздерінің ластануы өз алдына бір үлкен
экологиялық мәселе. Су көздері бүгінде әбден ластанғаны сондай әлемдегі
кейбір ашық су көздері өлі суға айналған, пайдалануға мүлде жарамсыз [24-
26].
Ластануға судың барлық санаттары жатады: мұхит, континенттік, жер асты
сулары. Ауыз судың сапасы халық денсаулығына әсер ететін бірден бір фактор.
ДДСҰ мәліметтері бойынша су сапасының төмен болуы себепті шамамен 5 млн.
адам (көбінесе балалар) өледі, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған
адамдардың саны 500 млн-нан 1 млрд-қа дейін жетеді.
Ауыз су проблемасы Қызылорда облысын да айналып өтпейді. Облыс бойынша
ауыз судың сапасы Қызылорда қаласында өте нашар көрінеді. Ауыз су сапасының
өз дәрежесінде болмауынан ішек аурулары, түрлі жұқпалы аурулар, әсіресе
жаздыгүндері көп тіркеледі. Кейде сәбилердің өміріне қауіп төндіріп жататын
кездері де жиі болып тұрады (3, 21(.
Соңғы кездері адамның шаруашылық еңбегінің нәтижесінде қоршаған ортаның
ластануы жиі байқалуда. Атап айтқанда, қатты, сұйық және газ тәрізді
қалдықтардың атмосфера, гидросфера мен топырақ сияқты табиғи орта
компоненттеріне шектен тыс шығарылуы, қоршаған ортаға қажет емес шу, жылу,
сәуле шығаратын радиация, ультрадыбысты толқындар, діріл (вибрация) және
тағы сол сияқты физикалық факторлардың пайда болуынан қоршаған ортаның
физикалық-химиялық құрамы мен қасиеттерінің өзгеруі. Қоршаған ортаның
ластануы ластаушылар мөлшерінің санитарлық-гигиеналық нормативтерден асып
түсуімен сипатталады (4, 11, 12, 14, 18(.
Қоршаған ортаның ластануы адамның физикалық денсаулығына, жүйке,
психикалық жағдайына, болашақ ұрпақтың денсаулығына көп әсер етеді.
Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайының 50-52 %-ы
- өмір сүру салтына, 20-25 %-ы – тұқым қуалау факторларына, 18-20 %-ы –
қоршаған орта жағдайларына, ал 7-12 % ғана денсаулық сақтау саласының
деңгейіне байланысты болады. Дегенмен, соңғы кездері адам денсаулығы мен
өмір-тіршілігіне қоршаған орта жағдайының анағұрлым көп әсер ететіні
байқалады. Әсіресе, антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді
ауруларды туғызады (2, 6, 14(.
Адамдарда кездесетін кейбір патологиялық аурулардың таралуына,
экологиялық факторлар тобының әсеріне бақылау жүргізгенде бірқатар
мәселелер нақтыланған. Мысалы, жүйке, қан айналыс жүйесінің, асқорыту
мүшелерінің патологиясына ішетін су сапасының төмендігі, атмосфераның ауыр
металдар мен мұнай өнімдері буымен ластануы едәуір әсер ететіні анықталған.
Қатерлі ісік ауруларының 75-80 %-ы химиялық заттардың (асбест, полициклді
көмірсулар, ауыр металдар) әсерінен пайда болады. Аяқ-қолдарының дамуы
тежелген, мүшелері жетілмеген сәбилердің туылуы, сәбилердің өлі туылуы мен
төтеннен іш тастаудың жиілігі ластанған ауадағы кейбір заттар мен дәрілік
препараттарға да байланысты. Олай болса, халық денсаулығына экологиялық
қауіп-қатерді азайту үшін қоршаған ортаны тазарту бағытындағы нақты істерге
шындап кірісу қажет.
Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі
ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде
биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен
қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаған жаңа заттар шығарылады. Олардың
көпшілігі ксенобиотиктер (грек тілінен аударғанда хеnos -бөтен) адам мен
басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар (2, 8-10(.
Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі
трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір
типті тұрғын жерлерге, яғни үшінші табиғатқа айналуына байланысты. Соңғы
кездері табиғи және физика-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да,
қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін
өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның
психологиялық күйі мен күйзелістік құбылыстар арқылы әсер етеді. 2 -кестеде
халықтың өліміне әр түрлі  аурулардың әсері  көрсетілген.
     2- кестеден адамдардың мезгілсіз қайтыс болу себептері ең алдымен
қолайсыз табиғи және әлеуметтік факторлардан екенін көруге болады. Ауру мен
өлімнің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі жекелеген мемлекеттер мен
аймақтар мысалынан көрінеді.
ДДСҰ-ның мәліметтері бойынша жыл сайын дүниежүзінде шамамен 500 мың адам
пестицидтермен уланады және оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Мұндай
құбылыстар әдетте үшінші әлем елдерінде жиі кездеседі. АҚІІІ-пен
салыстырғанда бұл елдерде улану 13  есе  артық. 
Американ ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының
90 %-ы қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. ФРГ-де соңғы 10 жылда
қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерде 15-тен 23 %-ға дейін, ал
әйелдерде 17-ден 25 %-ға дейін артқан. Аурулар индустриальды және ластанған
аудандарда жиі  кездеседі.
2 -кесте. Әр түрлі аурулардың әсерінен болатын халық өлімінің себептері
№ Аурулар Оның ішінде өлімнің себебі, %
Өмір сүру Қоршаған Тұқым Денсаулық
салты орта қуалаушылық сақтау
1 Жүрек аурулары 54 9 25 19
2 Қатерлі ісік 37 34 29 10
3 Жол-транспорттық 68 18 1 12
4 Атеросклероз 49 8 25 18
5 Диабет 26 0 68 18
6 Бауыр циррозы 70 9 18 3
7 Өзін-өзі өлтіру 60 35 2 3
8 Барлық күтпеген 51 31 4 14
қолайсыз жағдайлар
9 Орташа алғанда 48 16 25 11

Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті фактор көміртегі тотығы мен
шу болып табылады. Ғалымдардың мәліметтері бойынша СО-ның мөлшері 6,5-тен
12 ШРК-ға көтерілуі балалар ауруларының 2 есе, ал акустикалық
қолайсыздықтың 8-ден 20 %-ға жоғарылауы - 1,4 есеге артуына әкеледі (11(.
Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып табылады. Бұл аймақ аурулар мен
өлімдердің жоғары болуымен сипатталады. Мысалы, Қарақалпақстанда
(Өзбекстан) балалар өлімінің жиілігі туылған әр мың балаға 87-ден келеді,
ал Скандинавия елдерінде 7-8, Жапонияда - 5. Бұрынғы КСРО-да 80-жылдардың
соңында орташа балалар өлімінің жиілігі 24-25 болған (21(.
Арал өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қауіпті зардабы адам
денесіне енген дәрінің сауықтыру әсерін жойып жіберетіні байқалған. Мысалы,
өкпе ауруына қарсы алдын ала вакцина еккенде, оның тиімді әсері болмайтыны
жөнінде фактілер бар. Сол сияқты сүзек, қызылша және басқа жұқпалы
ауруларға қарсы жас балаларға вакцина еккенде олардың бойында иммунитет
пайда болмайтыны байқалып жүр. Адам ағзасындағы иммундық қорғаныс жүйесінің
төмендеуі орасан қауіпті екені белгілі. Дәрігерлер оны Экологиялық СПИД
деп атайды.
Ағзаларға  қолайсыз  әсер  ететін   және  ауруларға   әкеліп
соқтыратын    заттарды  төмендегідей  топтарға бөліп көрсетуге болады (2,
27, 28(:
1. Канцерогендер (латын  тілінен аударғанда cancir  - рак, генезис  -   
шығу тегі) қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі  уақытта  шамамен 
500 канцерогенді заттардың түрлері белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне
бенз(а)пирен  және  т.б. полициклді  ароматтық     көмірсулар,
ультракүлгін сәулелер,  радиоактивті   изотоптар, эноксидті смолалар,
нитриттер, нитрозаминдер, асбест және т.б. жатады;
2. Мутагендер (латын   тілінен   аударғанда  mutasio - өзгеру) –
хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға:
рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бенз(а)пирен, колхицин,
кейбір  вирустар және т.б. жатады;
3. Тератогендер (грек тілінен аударғанда teras, teralos - құбыжық) - жеке
дамуда кемістіктерге,   кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар.
Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез келген   фактор
жатады. Көбінесе тератогендерге мутагендер, сондай-ақ   пестицидтер,
тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады.

Зерттеу нысаны және әдістері
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК–ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ
ДЕНСАУЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Қызылорда облысына жалпы сипаттама
Қызылорда облысы - Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. 1938 жылдың 15
қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында құрылған. Орталығы -
Қызылорда қаласы [27, 28]. Арал ауданы өзі аттас теңіз жағасында
орналасқан. Қызылорда облысының батысындағы ірі аудан. Жер көлемі - 56,3
мың шаршы шақырым, аудан халқы – 68 382 адам, көп ұлтты. Орталығы - Арал
қаласы. Ол облыс орталығынан 448 шақырым жерде орналасқан. Аудан жері жазық-
төбелі, солтүстігін және солтүстік шығысын құмдар алып жатыр. Климаты - өте
континентті, құрғақ жауын-шашын өте аз түседі.
Қазалы ауданы – Қызылорда облысының батыс бөлігіндегі әкімшілік аудан.
Жері 37 мың шаршы шақырым. Халқы – 68 777 адам. Аудан орталығы –
Жаңақазалы, қала типіндегі қыстақ. Қазалы ауданының жері құмды, сазды,
шөлді келген, жазық. Мұнда тұзды көлдер көп, олардың ең ірілері – Көкшекөл,
Қотанкөл. Құмды, сазды, сортаң топырақты өңірінде жусан, бұйырғын, кендір,
сексеуіл, тал бұта және т.б. өседі.
Қармақшы ауданы. Орталығы – Жосалы. Алып жатқан жер көлемі – 30,1 шаршы
шақырым, аудан халқы – 45 355 адамды құрайды. Облыс орталығынан 147 шақырым
солтүстік-батыста орналасқан. Аудан жері өте құрғақ, шөлейт өңірде
орналасқан. Өнеркәсіптен механикалық, нан-май зауыттары, рельс төсейтін,
поезд, автокөлік, құрылыс-жөндеу мекемелері жұмыс істейді.
Жалағаш ауданы. Облыстың орталық бөлігінде орналасқан. Жер көлемі – 23,1
мың шаршы шақырым. Халқы – 39 553 адам. Орталығы – Жалағаш, қала типіндегі
қыстақ. Қызылордадан 75 шақырымда орналасқан.
Шиелі ауданы. Шиелі ауданы облыстың оңтүстігіндегі қарт Қаратау мен
Сырдария өзенінің аралығында орналасқан. Аудан байтағының көлемі – 18,2 мың
шаршы шақырым. Ол Қызылорда қаласынан 128 шақырым жерде орналасқан. Аудан
жерінің солтүтік шығысын Қаратау жотасы алып жатыр, ал қалған бөлігі жазық
болып келеді. Пайдалы қазбалардан құрылыс материалдары: құм, саз кездеседі
және уран кені бар.
Жаңақорған ауданы. Қызылорда облысының оңтүстік шығысында орналасқан
әкімшілік аудан. Батысында аудан шекарасы Қызылқұм арқылы Өзбекстанмен
шектеседі. Облыс орталығынан 178 шақырым жерде ораналасқан.
Қызылорда облысында өндірістің дамуы және халықтың жұмыспен қамтамасыз
етілуі. Кез келген аймақтағы өндірістің дамуы мен жергілікті халықтың
жұмыспен қамтамасыз етілуі сол аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалын
сипаттайды [32].
Қызылорда облысының орналасқан орны экономикасына біршама қолайлы.
Солтүстік батысында - Ақтөбе экономикалық облысы, солтүстігінде -
Қарағанды, шығысында - Оңтүстік Қазақстан, оңтүстігінде - Өзбекстан
Республикасымен шектеседі. Облыстың экономикалық жағдайы деп - оның
экономикасы мен әлеуметтік ахуалының даму факторларына қатысты жағдайы.
Оған мыналар жатады: экономикасы дамыған көршілес облыс, оларға алыс-жақын
орналасуы, облыс арқылы транзиттік жүк және жолаушылар тасымалдау
трассасының өсуі және мүмкіндігі. Осыларға қарай облыс экономикасы өз
дәрежесінде дамиды, бірде тиімді болса кейде тиімсіз, нашар немесе жақсы
жаққа қарай өзгеріп отырады.
Қызылорда облысы үдемелі және әртараптандырылған экономикалық құрылымымен
сипатталады. Өңірде мырыштың - 15,1 %, қорғасынның - 9,6 %, мұнай, газ,
конденсаттардың - 4,7%, уранның - 13,7 %, жер асты суларының - 3,4 %
қорлары бар.
Облыстың маңызды қазба байлықтары ретінде түсті металдар (қорғасын мен
мырыш), уран, ванадий, ас тұзы және жер асты сулары қарастырылады. Өңір
шегінде ванадий қорлары бойынша бірегей саналатын Баласауысқандық және
1996 жылы 8 қазанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қызылорда арнайы
экономикалық аймағы құрылды. Өңірдің индустриальды-инновациялық даму
бағдарламасына сәйкес өндіріс орындары мен мұнай компаниялары жұмыс
жасауда. Казгермұнай, Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз, ҚуатАмлон
Мұнай, Торғай Петролеум, АЖБ мұнай компаниялары облыстың әлеуметтік-
экономикалық дамуына өзіндік үлестерін қосуда. Ал, кәсіпкерлік сипаттағы
Жайна, Айдан-мұнай, Аңсар, Қуат, Асар Холдинг, РМЗ Шапағат,
Ағжан, Бастау и К, Альянс т.б. кәсіпорындары жұмыс істейді.
Қалада 50-ден астам жалпы орта білім беретін мектеп, 17 колледж, 4
кәсіптік техникалық мектеп, Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік
университеті, Болашақ университеті, Қазақ-Қытай академиясы, Н.Бекеженов
атындағы драма театры, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет орталығы, т.б.
мәдени орындар жұртшылықтың рухани байлығын көтеру жолында қызмет етіп
келеді [28].
Арал ауданында Жақсықылыш, Қамыстыбас, Аралтұз сияқты тұзды көлдер бар.
Табиғи ас тұзы өндіріледі. Кварц құмдары мен құрылыстық тастары бар.
Ауданның негізгі шаруашылығы, халқының маманданған саласы – балық аулау,
өңдеу, тұз өңдеу және түйе шаруашылығы. Мұнда облыстағы үлкен, жалғыз вагон
жөндеу зауыты, электротехникалық зауыттар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызылорда облысы бойынша жергілікті халық денсаулығына мониторинг жасау
Медициналық - географияның зерттеу әдістері
Қызылорда облысы халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайының өзекті мәселелері
Қызылорда облысы туралы мағлұмат
Көші қон факторлары
ҚАЗАҚСТАН ОҢТҮСТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫНДАҒЫ АУРУ ТҮРЛЕРІНІҢ ТАРАЛУЫ
Медициналық-география
Арал экологиясының ахуалы
Ауа - өмір арқауы
Ауыл аумақтарының мәселелерін шешу жолдары және дамыту
Пәндер