Шипалы ағаш


ШИПАЛЫ АҒАШ
Грек жаңғағы - жаңғақ жемісті тұқымдастардың ішінде сан-алуан қажетке қолданылатын ежелгі дақылдардың бірі. Грек жаңғағының дәні - тәтті әрі пайдалы, емдік тамақ жағынан ғана бағалы емес, жапырақтары да шипалы, ал ағаш сүрегі мебель жасаудың және ішкі қаптаудың тамаша материалы. Жаңғақтың жаңғалағы техникаға және тері илеуге (онда илік заттар көп -25%), жүнді бояуға (қоңыр және қара түске), ағашты бояуға пайдаланылады. Қуатты жаңғақ ағашының төгілген желегі өзінің әдемілігімен көз тартады.
Грек жаңғағы жас кезінде тез өсуімен ерекшеленеді. Мәселен, көшеттер бірінші жылы 0, 5 м, ал 0 жылда - 3, 5 м жетеді. Ол тұқыммен ғана өспейді (қысқа қарай егіледі), балапан бұтақшалар, сабақтама, кегентамырлар, атпа бұтақтар арқылы да өседі. Самырлары 5 м дейін тереңдейді, ал негізгі тамырлары 80 см дейінгі тереңдікте жатады. Тамыр жүйесінің диаметрі желекті ұшарбастың диаметрінен 3 есе артық болады. Бұл жарық сүйгіш дақыл және сиректеліп отырғызылса, желекті ұшарбас пен тамыр жүйесін мықтап жаяды. Суды қажет етеді, бірақ қуатты тамыр жүйесі арқасында қуаңшылыққа да төзімді. Тамыр жүйесі сазды, саздақ тастақтау топырақтарда, сондай-ақ құм не қиыршық тас төгілген лайқалы топырақта да жақсы өседі. Жаңғақ алдын-ала өсірілген көшет арқылы өсіріледі, мұнда тамыр мойны жер бетінен 5-6 см төмен болуы керек.
Жаңғақты тұқымдар арқылы да өсіреді, ол үшін алдын-ала оларды стратификациялайды, яғни дымқыл құм салынған жәшікте О . . . +5°С 1, 5-2 ай- ұстайды. Ұяға қырын төмен қаратып, 4 жаңғақтан салады. Ұяның тереңдігі 2 см кем болмауы керек. Жаңғақ аса ылғалды және тұзды топырақты қаламайды. Себер алдында жерді тереңдігін 60-70 см етіп өңдейді, тыңайтқыштар береді (көң, азот, фосфор, калий) . Тез пісетін сорттарын қашықтығын 6X6, 8X8 м стіп, кеш пісетін сорттарын-12X12, 16X16 м етіп орналастырады.
Аудандастырылған сорттарының ішінде аса көп тарағандары мыналар: Дурменский №1 және №2. Жаңғалағы жұқа, дәні түгел алынады, ақшыл-қоңыр, дәмі жақсы, 68, 7% май, 5-7% көміртегі бар.
Юбилейный - дәні тәтті дәмімен ерекшеленеді. Идеал сорты, алдыңғыға қарағанда жаңғағы біршама ұсақ және жемісі екі мерзімде: қыркүйектің аяғында және қазанның басында піседі.
ТҮЙМЕДАҒЫ
Дәрілік түймедақ (басқа аты - кәдімгі түймедағы) антик заманында-ақ әсемдіктен гөрі, көбіне дәрілік өсімдік ретінде белгілі болған. Ол Үлкен Плинийдің, Гиппократтың, Диоскоридтың еңбектерінде баяндалған.
Түймедағынан жасалған дәрілерді ішек түйілгенде, іш кепкенде, іш өткенде, етек кір келгенде және тер шығару үшін де ішеді, қабынуға қарсы және антисептикалық дәру ретінде шаюға, малма, ванна, клизма жасауға қолданады. Русьтегі халық медицинасы ерте кезден-ақ шаншуға, сарпқа, мысқылға, бас сақинасына, ұйқысыздыққа үй дәруі ретінде қолданған, Болгарияда гриппке буын ішке жұтуды, тіс ауырғанда (шаюды), асқазанның уытты жарасында (ішуді) қабақ қабынғанда (малма), тершендікке (ванна), экземаға, сыздауыққа (компресстер) қолдануды ұсынады. Ішу үшін сорғыш дәру дайындайды -10 шайқасық түймедағына екі стакан салқын су құяды да 8 сағат тұндырады (1-2 тәуліктік доза) немесе тундырма жасайды-15 г ұнталған гүлдерге бір стакан қайнаған су құяды да 45 мин тұндырады, електен өткізеді (тәулігіне 3-4 рет бір ас-қасықтан ішеді) . Сыртқы аурулар үшін ыстық тұндырма жасайды 2-3 ас қасық өсімдікке ыстық су құйып, бір сағат тұндырады. Косметикалық мақсатта түймедағының қайнатпасымен шашты жуады (шаш алтындай сарғыш түске енеді) немесе бетті қою шырмен жуады (бет терісі барқыттай болады) . Түймедағының тұндырмасы сондай-ақ қабақтың шаршағанын, қызарғанын басады, терінің босаңсығанын азайтады, оған икемді жеңілдік береді.
Түймедағы (астра тұқымдас) - иісті бір жылдық өсімдік, онша биік емес -35 см дейін. Тамыры жіңішке, өзекті, бұтақты. Сабағы ұлғаймалы, көп бұтақты. Жапырақтары кезектесіп, жарыса орналасқан, отырмалы, қауырсын тәрізденіп жіңішке екі жарнаққа тілімделген. Гүл шоғыры - ұзын сабақтың ұшына жиналған гүлтабақша. Гүлтабақша 2-3 қатарлы сынықшаланып, ұсақ жапырақшалармен көмкерілген.
Гүл шоғырының тұғыры мықтап дөңестенген, шошақтау, іші қуыс (осы белгісімен көкбасты шөптен өзгешеленеді) . Шеткі гүлдері ақ тілшедей, ортадағысы - сары, түтік тәрізді, ұсақ. Жемісі - қырлы тұқымшалар. Мамырдың ортасынан қазан айына дейін гүлдейді. Дақыл талғамды емес. Күншуақта, саздақ, шамалы шіріндісі бар топырақта жақсы өседі. Тұқым арқылы өсіреді, тұқымды көктемде не күзде жеңіл өңделген жерге шашып себеді, содан соң тұқымның үстін топырақпен жабады. Ал оңтүстік аудандарда і тұқымды тамыз айьша дейін жазда да себуге болады, өйткені 1, 5-2 ай мерзімде толық өніп жетіледі. Дәрі- дәрмек үшін қолдан өсірілген түймедағының сапасы жабайы түймедағынан тәуір болады. Дәру ретінде түймедағының гүлтабақшаларын пайдаланады, оларды ашық күні тілшедей (шеткі) гүлдер көлденең орналасқан кезеңде жинайды. Гүлтабақшаларын (2 см жеткен гулсыйдамдарымен бірге) олар ашыла бастаған кезде іріктеп жұлады. Жаз бойына бірнеше рет жинауға болады. Дереу кептіру керек. Тұқым үшін шеткі гүлдер солғанда жинайды.
Митохондрия, құрылысы және қызметі
Митохондриялар - (грек тілінен “митос” - жіп, “хондрион” түйіршік деген мағына береді) жіпше және түйіршік тәрізді органоид. Ол автотрофты және гетеротрофты ағзалардың жасушаларында кездеді. 1850-1890 жылдар арасында көптеген цитологтар жасушаның цитоплазмасында гранулалық элементтердің болатындығы жөніндегі өздерінің мәліметтерін жариялаған, әр түрлі аттармен атаған, және олар бірнеше қызмет атқарады деп жазған. Митохондрияларды ең бірінші 1850 жылы Р. А. Келликер насекомдардың бұлшық еттерінен байқады. Оған «саркосома» деген атау берді. 1890 жылы Альтман гранулаларлы бояйтын бояу (қышқыл фуксин) әдісін ашқан. Бұл әдіс митохондрияларды жиелі түрде зерттеуге мүмкіншілік берді. Альтман бұл органиллалардың түрлі жасушаларда болатынын анықтады. Оларды билибластар деп атаған. Гректің «митос»-жіп, «хондрион»-гранулла деген сөздерінен құралған митохондрия деген терминді 1898 жылы Бенда ұсынған. Бірақ та бұл термин кезінде көп уақытқа дейін қолданылмады, көп атының бірі ғана болып қала берді. (хондриоконттар, хондриосомалар, хондриосфералар т. т. ) .
Тірі жасушаларда энергияның бір түрін екінші түріне айналдыратын күрделі және ұтымды жүйелер болады.
Энергиялардың айналысы негізінде екі структурада жүреді. Оның бірі жасыл өсімдіктерде болатын хлоропластлар, екіншісі өсімдіктер жасушасында және сол сияқты жануарлар жасушаларында болатын митохондриялар.
Митохондриялар - АТФ-ті синтездеуші оргенелла. Негізгі функциясы органикалық қосылыстарды тотықтырып, олардың ыдырауының нәтижесінде бөлінген энергияны пайдалануға байланысты. Осы қызметін еске алып Клот митохондрияларды жасушаның «қуат станциясы» деп атаған.
Митохондриялар бактериялар мен көк-жасыл балдырлардан басқа жасушалардың бәрінде де болады. Атап айтқанда жануарлардың жасушаларында, жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде, балдырларда және қарапайымдарда кездеседі.
Митохондриялардың құрылысы. Тірі жасушаларды зерттегенде митохондриялардың қозғалысын, формасы мен үлкендігінің өзгеретінін байқауға болады .
Бір жасушаның өзінде митохондриялардың формасы айнымалы келеді, бірақ та көбінесе жіп немесе гранула тәрізді болады. Басқа формалары да кездеседі: жұмыр, сопақша, таяқ, сақина, жұлдыз, спираль, оның ені- диаметры 0, 2-2 мкм, ал ұзындығы 1-10 мкм.
Митохондриялардың формасы әр түрлі организмнің жасушаларымен бір ағзаның бір органдары мен ұлпаларында ғана әр түрлі болып қоймайды, бір жасушаның өзінде оның тіршілігінің түрлі кезеңінің өзінде де әр түрлі болады. Түрлі әрекеттердің әсерінен митохондриялардың формасы өзгереді. Мысалы, ортаның рН, осмостық қысым, температура өзгергенде митохондриялардың бір формасы екінші формасына айналады Кейде бір жасушаның өзінде де оның түрлі аймағында түрлі митохондриялар түрліше болады. Мысалы, ішек эпетелийі жасушаларының жоғарғы және ядро маңындағы аймағында митохондриялардың формасы таяқ тәрізді болса, жасушаның негізінде дән тәрізді болады.
Жасушадағы митохондардың орналастыруы әр түрлі болуы мүмкін. Көбінесе цитоплазмада бірқалыпты шашыраңқы орналасады. Әдетте АТФ көп жұмсалатын аймақтарда жиналады. Мысалы, қаңқа етіп митохондриялар миофибриаллардың маңына топтасады.
Сперматозоидтарда митохондриялар оның талшығын қоршап орналасқан спиралдық қап құрайды, оның себебі сперматозоид құйрығының қозғалысында АТФ-тің қажетіне байланысты болуы керек. Қарапайым мен кірпікшелі басқа жасушаларда митохотдриялар кірпікшелердің негізіндегі жасушалық мембрананың тікелей астында рананың тікелей астында орналасады. Жүйке жасушаларының аксондарында синапстарлі жанында орналасады. Көп мөлшерде блоктарды синтездеуші, секрет бөлуші жасушалар да митохондриялар эргазтоплазма зонасымен тығыз байланысты. Кейбір жағдайда митохондриялар ядроның маңына немесе цитоплазманың шеткі аймақтарында жиналады. Митоз процесі кезінде митохондриялар ұршықтың жанына шоғырланады, ал жасуша бөлігінен кейін жаңа пайда болған жас жасушаларға тең бөлінеді.
Барлық эукориоттардың митохондриялары екі мембранадан тұрады: сыртқы мембранасы тегіс қалыңдағы 7 нм. Митохондрияны сыртынан қаптап тұрады және цитоплазманың басқа мембраналармен жалғаспайды. Мембранааралық кеңістік ені 10-20 нм. Ішкі мембранасының қалыңдығы да 7 нм, митохондрияның ішкі құрамын немесе матриксті қоршап тұрады. Ішкі мембрана жасушаның қуат қондырмасының шын мағынасындағы жүрегін, оның энергия генераторы. Ішкі мембранада тыныс тізбегі және онымен байланысты фосфорлау жүйесі болады. Мембраналар арасында ені 6-8 нм. мембранал аралық кеңістік болады. Ішкі мембранадан тарақтың тісі тәрізді өсінділер тарайды. Оларды кристалар дейді. Кристалардың арақашықтығы 10-20 нм. Кристалардың саны жасушаларда бірдей болмайды.
Митохондриялардың негізгі қызметтері:
1. Энергия алмасуын қамтамасыз ету
2. Митохондриялар ерекше синтездерге қатысады (стероидтық гормондарды (бүйрек үсті бездерінде) және жеке липидтерді синтездейді, кейбір аминқышқылдарды (глутамин) және иондардың белсенді жиналуын)
3. Митохондрияларда түрлі заттар (кейбір аминқышқылдарды (глутамин) жэне иондардың белсенді жиналуын синтездейді) жиналуы мүмкін
4. Кей жағдайларда (бауыр, бүйрек) жасушаларға түскен зиянды заттар мен уларды негізгі цитоплазмадан бөліп алып, зиянсыздандырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz