Сенсорлық тәрбиенің маңызы



Жоспар


І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.Сенсорлық тәрбиенің маңызы
2.Сенсорлық тәрбие әдістемесі
3.Сенсорлық тәрбиенің кеңес педагогикасында берілуі
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

Сенсорлық тірбие ақыл-ой тәрбиесінің негізі болып табылады, ол баланың сезімдік тәжірибесінің дамуын және баюын қамтамасыз етеді, заттардың қасиеті мен сапасы туралы түсінігін қалыптастырады. Сенсорлық тәрбие дегеніміз бұл түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуы. «Сенсорлық » сөзі латынның «Sensus» - «сезім», «түйсік», «қабылдау», «түйсіну қабілеті» деген сөздерінен шыққан. Дүниені тану түйсінуден, қабылдаудан басталады. Түйсігі мен қабылдауы мол адамның қоршаған дүние жайлы көзқарасы кең, жан-жақты келеді. Сөйтіп, баланың сенсорлық мәдениеті, оның түйсігі мен қабылдауының даму деңгейі ойдағыдай дамыған таным қызметінің алғы шарты болып табылады.
Сенсорлық мәдениеттің эстетикалық тәрбие үшін де зор маңызы бар. Түсін, реңкін, формасын және форма мен түстің үйлесімін, биіктігі мен тембірін ажырата білу, бейнелеу және музыка өнері шығармаларын жақсы түсінуге, музыканы тыңдаудан, картиналар мен скульптураны және т. б. көруден ләззат алуға мүмкіндік береді.
Совет педагогикасы сенсорлық тәрбие мәселелерінде буржуазиялық педагогика позициясынан, атап айтқанда Мария Монтессоридің сенсорлық, тәрбие жүйесінде өз бейнесін тапқан позициядан принципті айырмашылығы бар позицияны ұстанады.
XX ғасырдың басында Монтессори талдап жасаған сенсорлық тәрбие жүйесі балалардың түстер мен реңктерді, формалар мен көлемдерді ажырату дәрежесі жоғары болуына қол жеткізуді өз алдына мақсат етіп қояды. Ол пайдаланған дидактикалық материалдар өзін-өзі бақылау принципіне сәйкес жасалған, мұның өзі балаларға педагогтың катысуынсыз, өз бетімен шұғылдануына мүмкіндік береді. Алайда бұл кезде сезім органдарының дамуы тіл дамуымен, өнімді қызметпен байланысты болған жоқ. Бұл қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамытуға, көлем мен формадағы болмашы айырмашылықтарды сипап анықтау қабілетін қалыптастыруға, түстің реңктеріндегі елеусіз айырмашылықтарды тап басуға негізделді, Монтес-сори балалардан білімді адамдар жасауды өз мақсаты етіп қойған жоқ.
Совет педагогикасы сенсорлық тәрбиені іс-әрекеттің әр түрі: бейнелеу, құрастыру, музыкалық-қимыл процесінде, балаларды коршаған ортамен таныстырғанда жүзеге асыру деп есептейді. Мәселен, Е. И. Тихеева сезім органдарын жетілдіру жұмысын бала тілінің дамуымен, қоршаған заттар, дүниесімен таныстырумен байланыстырды. Ол жасаған дидактикалық ма-териалдар, ойындар (әсіресе табиғи материалдармен ойындар) да түсті көлемді, форманы ажырата білуге бағытталған, бірақ балаларды заттардың қасиетімен, сапасымен таныстыру ойын әрекеті үстінде жүргізіледі, оның өзі білім мен ұғымды жақсы игеруге көмектеседі.
Сенсорлық тәрбие мәселелері бүгінгі күндері ғылыми-зерттеу институт-тарында, педагогикалық институттардың мектепке дейінгі педагогика ка-федраларында зерттелуде.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. В.И. Ядэшко. Ф.А.Сохин «Мектепке дейінгі педагогика» Алматы «Мектеп» 1982
2. М.Жәмеков. С.Жұмабеков. О.Исақов. «Балабақшадағы бейнелеу іс-әрекетінің теориясы мен методикасы» Алматы «Мектеп» 1983
3. «Тәрбие құралы» Астана 2009

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.Сенсорлық тәрбиенің маңызы
2.Сенсорлық тәрбие әдістемесі
3.Сенсорлық тәрбиенің кеңес педагогикасында берілуі
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Сенсорлық тірбие ақыл-ой тәрбиесінің негізі болып табылады, ол
баланың сезімдік тәжірибесінің дамуын және баюын қамтамасыз етеді,
заттардың қасиеті мен сапасы туралы түсінігін қалыптастырады. Сенсорлық
тәрбие дегеніміз бұл түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуы. Сенсорлық
сөзі латынның Sensus - сезім, түйсік, қабылдау, түйсіну
қабілеті деген сөздерінен шыққан. Дүниені тану түйсінуден, қабылдаудан
басталады. Түйсігі мен қабылдауы мол адамның қоршаған дүние жайлы көзқарасы
кең, жан-жақты келеді. Сөйтіп, баланың сенсорлық мәдениеті, оның түйсігі
мен қабылдауының даму деңгейі ойдағыдай дамыған таным қызметінің алғы шарты
болып табылады.
Сенсорлық мәдениеттің эстетикалық тәрбие үшін де зор маңызы бар.
Түсін, реңкін, формасын және форма мен түстің үйлесімін, биіктігі мен
тембірін ажырата білу, бейнелеу және музыка өнері шығармаларын жақсы
түсінуге, музыканы тыңдаудан, картиналар мен скульптураны және т. б.
көруден ләззат алуға мүмкіндік береді.
Совет педагогикасы сенсорлық тәрбие мәселелерінде буржуазиялық
педагогика позициясынан, атап айтқанда Мария Монтессоридің сенсорлық,
тәрбие жүйесінде өз бейнесін тапқан позициядан принципті айырмашылығы бар
позицияны ұстанады.
XX ғасырдың басында Монтессори талдап жасаған сенсорлық тәрбие жүйесі
балалардың түстер мен реңктерді, формалар мен көлемдерді ажырату дәрежесі
жоғары болуына қол жеткізуді өз алдына мақсат етіп қояды. Ол пайдаланған
дидактикалық материалдар өзін-өзі бақылау принципіне сәйкес жасалған, мұның
өзі балаларға педагогтың катысуынсыз, өз бетімен шұғылдануына мүмкіндік
береді. Алайда бұл кезде сезім органдарының дамуы тіл дамуымен, өнімді
қызметпен байланысты болған жоқ. Бұл қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамытуға,
көлем мен формадағы болмашы айырмашылықтарды сипап анықтау қабілетін
қалыптастыруға, түстің реңктеріндегі елеусіз айырмашылықтарды тап басуға
негізделді, Монтес-сори балалардан білімді адамдар жасауды өз мақсаты етіп
қойған жоқ.
Совет педагогикасы сенсорлық тәрбиені іс-әрекеттің әр түрі: бейнелеу,
құрастыру, музыкалық-қимыл процесінде, балаларды коршаған ортамен
таныстырғанда жүзеге асыру деп есептейді. Мәселен, Е. И. Тихеева сезім
органдарын жетілдіру жұмысын бала тілінің дамуымен, қоршаған заттар,
дүниесімен таныстырумен байланыстырды. Ол жасаған дидактикалық ма-
териалдар, ойындар (әсіресе табиғи материалдармен ойындар) да түсті
көлемді, форманы ажырата білуге бағытталған, бірақ балаларды заттардың
қасиетімен, сапасымен таныстыру ойын әрекеті үстінде жүргізіледі, оның өзі
білім мен ұғымды жақсы игеруге көмектеседі.
Сенсорлық тәрбие мәселелері бүгінгі күндері ғылыми-зерттеу институт-
тарында, педагогикалық институттардың мектепке дейінгі педагогика ка-
федраларында зерттелуде.

Негізгі бөлім

Мектепке дейінгі шақтағы баланы түсті ажыратып, атауға
үйретеді, олардың реңктері туралы, яғни бояуларды араластырғанда түс немесе
жаңа реңк пайда болатыны туралы түсініктерді қалыптастырады, сондай-ақ
заттарды түсіне қарай салыстыруға үйретеді, суретті қараған кезде бейненің
түс арқылы қалайша көркемдік сипат алатынын көре білу қабілетін дамытады.
Мектепке дейінгі шақта балалар алға-кейін, жоғары-төмен, алыс-
жақын, солдан-оңнан тағы басқадай кеңістікке қатысты түсініктерді
игереді және оларды өмірдегі түрлі жағдайларда басшылыққа алады, заттардың
формаларын, мөлшерін ажыратады, заттарды өзара салыстырады.
Бірте-бірте олар уақытты бағдарлайды және уақыт ұғымдарын игереді,
уақыттың реттілігі мен ұзақтығын аңғарады. Басында балаға кеше, бүгін,
ертең деген ұғымдардың салыстырмалылығын (ертең қалайша кенеттен
бүгін бола қалады, ал бүгін қалайша, ертеңге айналады), уақыттың
ұзақтығын (минут,бес минут, сағат) түсіну қиынға соғады. Бұған тәжірибе
жинақтау мен мақсатты бағыттағы оқыту нәтижесінде қол жетеді.
Сенсорлық тәрбие мазмұнына есту сезімділігін дамыту, қоршаған
жағдайда дыбысты мұқият тыңдап, ажырата білу, тілдік есіту қабілетін
(сөздің дыбыстық жағы, сөздің дыбыстық құрылымын талдау қабілеттілігі) және
музыкалық есіту қабілетін дамыту (дыбысты биіктігіне қарай ажырата білу,
ырғақтық бейнесін қабылдай білу т. б.) енеді.
Сенсорлық тәрбие сондай-ақ тактильді сезімді — заттың сапасын сипап
байқау арқылы ажырата білуді және оларды: тегіс, мамық, кедір-бұдыр,
жұмсақ, қатты, ауыр, жеңіл, суық, жылы т. б. деп дұрыс атай білуді дамытуды
қамтиды. Иіс пен дәм түйсігін дамыту да сенсорлық тәрбиенің бір қыры болып
табылады.
Күнделікті өмір процесінде, ойындарда және оқу сабақтары кезінде
тәрбиешінің басшылығымен мектепке дейінгі балаларды жан-жақты сенсорлық
тәрбиелеу жүзеге асырылады.
Түйсік пен қабылдауды дамыту дұрыс бағыттағы мазмұнды қызмет
барысында жүзеге асады. Өнімді іс-методикасы әрекет (сурет салу,
мүсін жасау, кұрау, құрастыру) түйсік пен қабылдауды тек дамытуға жағдай
жасап қана қоймайды, сонымен бірге ол форманы, түсті, кеңістікті
бағдарлауды меңгеруге қажетсінуді туғызады. Қандай да бір заттың суретін
салу үшін оның формасын айқындап алу керек, оның белгілі бір геометриялық
фигурамен ұқсастығын анықтау керек; үлгі бойынша құрылыс тұрғызу үнін оны
бөліктерге бөліп, детальдарының ішінен керектілерін теріп алуға тура
келеді.
Сенсорлық тәрбиенің негізгі әдісі балалардың заттардың қасиеттерін
анықтау мақсатымен оларды тексеруі болып табылады. Тексеру - бұл нәтижесін
кейін қандай да бір мазмұнды қызметке пайдалану үшін арнайы ұйымдастырылған
қабылдау. Тексеру процесінде балалар көлем, форма, кеңістік қатынастарын,
түсті, адам сөзіндегі дыбыстардың музыкалық дыбыстардың ерекшеліктерін
бөліп қарауға әрі оларды бір-бірінен ажырата білуге үйренеді.
Сенсорлық тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі балалардың сенсорлық
эталон туралы үғымын қалыптастыру болып табылады. Сенсорлық эталон — бұл
қоғамдық-тарихи тәжірибе процесінде туған үлгі. Негізгі түстер,
геометриялық фигуралар (шар, куб, дөңгелек, квадрат т. б.), нотаға
түсірілген музыкалық дыбыстардың түрлі биіктіктері осындай эталондар болып
саналады. Егер бала эталондармен және олардың сөздік белгілерімен жақсы
таныс болса, онда ол қоршаған дүниені оңай бағдарлайды; ол өзіне кезіккен
заттарды өзге эталондармен салыстыра қарайды, заттың түсін, формасын,
көлемін, оның бөлшектерінің кеңістікте орналасуын атайды.
Тәрбиеші балаларды тексеру тәсілдеріне үйретеді. Әуелі олардың
алдарына заттың суретін салу үшін оның қандай бөліктерден тұратындығын;
құрылыс тұрғызу үшін оның үлгісін талдап қарап алу қажеттігін мақсат етіп
қояды. Сонан кейін барып балаларды тексерудің негізгі кезеңдерімен
таныстырады.
Сурет салуға, құрастыруға үйрету кезінде тексеру процесі мына
кезеңдерден тұрады: заттың тұтас бейнесін қабылдау; оның жекелеген
бөліктерін даралау және олардың қасиеттерін (формасы, көлемі т. б.)
анықтау; бөліктердің кеңістіктегі бір-біріне өзара қатынасын (жоғары,
төмен, солға, оңға) анықтау; заттың неғұрлым ұсақ бөліктерін бөліп қарау
және олардың негізгі бөліктермен қатынасын ажырату; заттардың тұтас
бейнесін қайталап қабылдау;
Іс-әрекеттің басқа түрлеріне, мәселен, еңбекке даярлау кезінде
тексерудің оған сай әдістері іріктелінеді. Мысалы, қағаз бен матаның
қасиеттерін анықтау үшін тәрбиеші балаларға қағаз бен матаны бүктегенде не
естілетінін тыңдауды, қағаз бен матаның қиығын жыртып көруді қағаздан және
матадан тігілген қуыршақ көйлектерін суға жуып көруді ұсынады.
Тексеруге үйрету балалардың жасын ескере отырып жүргізіледі:
сәбилерге негізгі түске боялған, артық детальдары жоқ неғұрлым қарапайым
формадағы (доп, куб, кішкене мұнара) заттар беріледі; ересектер төңіректегі
барлық заттарды анықтап, оларға талдау жасайды, сапаларын (түсін, формасын,
салмағын, қаттылығын немесе жұмсақтығын, материалдың фактурасын т. б.)
көбірек анықтай алады. Тексеру жөнінде жүйелі жұмыс жүргізілген балалар
әрбір заттың белгілерін молырақ анықтайды. Осының өзі баланың аналитикалық
ойлау қызметі болып табылады, мұның өзі оған затқа, құбылысқа тереңірек
үңілуге, олардың нақты, нақты емес жақтарын ажырата білуге, оларды қажетті
бағытта өзгерте алуына мүм-кіндік береді.
Тәрбиеші сенсорлық тәрбиені іске асыру жолында түрлі мүмкіндіктерді
пайдаланады. Мәселен, бейнелеу әрекетінде бала түс пен реңкті игереді,
құрастыру әрекетінде форманы, көлемді, кеңістік қатынастарды, сырт қасиетін
(тегіс, кедір-бұдыр, мамық) ажырата білуі; музыка әуенімен қимылдағанда
музыканың екпінін, ырғағын, сипатын ажыратуды үйренеді. Мүсін жасау
сабағында педагог сәби балалардың назарын саз балшықтың жұмсақтығына,
онымен мүсін жасау оңай екеніне аударады; кейде бір кесек қатты, бір кесек
жұмсақ саз балшық беріп, оларды бір-бірімен салыстырып, мүсін жасауға
оңайын таңдап алу ұсынылады; жасаған заттары кепкен соң оларды қолдарына
алдырып, қаншалықты қатты екеніне көздерін жеткізеді. Бала сезімдік
қабылдау арқылы қатты және жұмсақ ұғымдарын игереді. Ал ересектер
тобына өтерде саз балшықтың сапасын сыртынан қарап-ақ анықтай алатын
болады.
Балаларды төңірекпен, әсіресе табиғатпен таныстыру кезінде сенсорлық
тәрбиеге мол мүмкіндік туады. Әр түрлі заттармен шұғылдана отырып, бала
көптеген түйсік алады: ол түрліше түстер, иістер, дыбыстар арасында болады,
тек оларға көз салып, тыңдай білу керек. Тәрбиеші серуен кезінде, балаларды
айналадан қандай дыбыстар естіліп тұрғанын тыңдау үшін тоқтатады. Оларға
тәрбиеші Кім дыбысты көбірек тыңдайды? ойынын ұсынады. Көру түйсігін
дамыту мақсатында педагог бақылау ұйымдастырып: Аспанға қараңдаршы: оның
барлық жерінің түсі бірдей ме?—дейді. Балалар күнді жасырған бұлттардың
шеттерінің қызғылт түсін, көкшіл аспанның қоңырқайланғанын және т. б.
құбылыстарды байқайды.
Сезімдік тәжірибе жинақтағаннан кейін баланың сенсорлық ұғымы кеңейе
түседі. Заттың ауыр немесе жеңіл екендігін айту үшін сондай көлемдегі басқа
заттардың (ағаш, металл, пластмасса) мөлшерлі салмағы қандай екендігін білу
керек. Ал бұл заттың қатты немесе жұмсақ екендігін анықтау үшін қатты
немесе жұмсақ ұғымының артында не тұрғанын білу керек.
Жинақталған тәжірибелерін балалар басқа заттар мен кұбылыстарға
аударып, оны күнделікті өмірде пайдаланады. Қане, құмға су күялық: ол
ылғалданады, онымен біз тоннель саламыз, Бұл шелекті көтеруші болма: онда
құм бар, ол өте ауыр.
Тәрбиеші маңындағы жағдайға қарай балалардың түйсігі мен қабылдауын
бірте-бірте дамытып отырады.
Балалар творчествосы үшін, кез келген творчестволық қызметтегідей,
қабылдаудың танымдық жағының орасан зор маңызы бар. Бала заттың немесе
кұбылыстың атын, оның атқаратын қызметін, сыртқы түрін (формасын, көлемін,
түсін және т. б.) білуі, оның қандай белгілері басты, ал кандай белгілері
екінші дәрежелі екенін білуге тиіс. Бұл қасиеттерді өз бетімен мүшелеуге
баланын әр уақытта шамасы келе бермейді. Көбіне ол елеулі белгілерге емес,
ашық, әдеттен тыс белгілерге назар аударады. Кейіннен бейнелеген кезде осы
елеусіз жақтар суретте бірінші кезекте көрсетіледі де, объектінің
шынайылығы бұзылады. Педагогтың міндеті - баланы көре білуге, яғни затты
оның барлық негізгі қасиеттерімен жинақтап қабылдай білуге үйрету.
Бұл міндетті шешудің негізі сенсорлық мәдениетті тәрбиелеу болып
табылады. Сенсорлық тәрбие совет педагогикасында баланың бойында нақты
заттардың алуан түрлі қасиеттеріне кең бағдар таба білуді қалыптастыру
ретінде түсіндіріледі.
Айналадағыны қабылдау мақсатты болуға тиіс. Бала неліктен бақылау
керек екенін айқын түсінуге тиіс. Алға осылай мақсат қойып, іс-әрекетті
негіздеу қабылдауды күшейтіп, ой мен назарды белгілі бір сәттерде
жинақтайды, кабылдауға іріктеушілік, бағалаушылық сипат береді. Осындай
талдай білу қабілетін меңгеру үшін жоғары сенсорлык мәдениет заттың форма,
көлем, түс кеңістікте орналасу жағдайы (мұның бейнелеу іс-әрекетінде елеулі
маңызы бар) сияқты сапаларын көріп, бөліп көрсете білу қажет.
Қабылдаудың осындай жақтарын дамыту тәрбиеші жағынан үлкен көңіл
бөлуді талап етеді, Белгілі психолог А. В. Запорожец былай деп жазады:
Баланың бойында белгілі бір анализаторлық жүйелердің табиғи анатомиялық-
физиологиялық ерекшеліктері түрінде сенсорлық дамудың органикалық алғы
шарттары болғаны-мен, алайда, осы тектес алғы шарттардыц негізінде балаға
оның кейінгі материалдық-өндірістік, ғылыми немесе көркемөнер қызметінде
талап етілетін өзіне тән адамдық сенсорлық кабілеттерді қалыптастыру үшін
оның сезім мүшелерін жай жаттықтыру мүлдем жеткіліксіз, сондықтан жоғарыда
көрсетілген қабілеттерді белгілі бір бағдарлама бойынша жүзеге асырылған
тәрбие жолдарымен белсенді түрде қалыптастыру қажет.
Бейнелеу іс-әрекеті үшін ең алдымен көру мен сезуді дамыту маңызды.
Көру арқылы біз заттың көптеген сапаларын: формасын, көлемін, түсін,
кеңістіктегі орналасу жағдайын қабылдаймыз. И. М. Сеченов көзбен көріп
талдау сезуге карағанда нәзік те байырақ, сондықтан адам көргеніне көбірек
сенеді деп есептеген еді.
Мұндай пікір дұрыс, бірақ сонымен бірге тәжірибе жеткіліксіз болған
кезде, әсіресе жаңа объектіні қабылдағанда дұрыс түсініктің пайда болуы
үшін тек көзбен көру жеткіліксіз. Мысалы, көлемдерді қабылдаған кезде бізді
заттан бөліп тұрған және сол заттын көлемін кішірейтіп көрсетіп тұрған
қашықтықтың, форманы қа-былдаған кезде — біздің көзімізге қатынасы жағынан
заттың кеңістікте орналасу жағдайының, түсті қабылдаған кезде - жарықтың
маңызы бар.
Егер ересек адам бұрынғы тәжірибесінің негізінде заттың сыртқы
түрінде бізге көрінетін өзгерістерді азды-көпті түсіне алса, ал бала
қабылдау образдарын бұрын алынған абраздармен салыстыра отырып тексере
алмайды. Алыс орналасқан затты ол кеііде шындығында да кішкентай зат
ретінде, ал жерге түскен көлеңкені қара дақ ретінде кабылдайды.
Тәрбиешінің міндеті көзбен көріп қабылдау қабілетін – болып жатқандай
көрінетін осы өзгерістерді түсінуді дамыту. Бұл үшін затты тек көзбен ғана
емес, сонымен бірге басқа анализаторлар арқылы да затты жан-жақты бақылап,
зерттеуге мүмкіндік беру керек.
Бірнеше анализаторлардың іске кірістірілуі түсініктерді нақтылауға
көмектеседі. Көбіне көзге жәрдем беруге түйсіну сезімі тартылады. Егер
заттың көлемі қиындық келтірмейтін болса, балалардың оны сипап көруіне
мүмкіндік беру керек. Түйсіну сезімі көзбен көруге - күрделі көлем,фактура
сияқтыларды қабылдауға көмектеседі.
Затты қолға ұстауға болмайтын жағдайларда бұлшық ет сезімін қосу,
балаларға заттың нұсқасын алыстан қолымен ауада айналдырып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудегі - сенсорлық тәрбиесі туралы мәлімет
Сенсорлық тәрбиенің әдістемесі
Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуындағы сенсорлық тәрбие
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Балалардың ақыл-ойын дамытуда сенсорлық тәрбиенің маңызы
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы
Сенсорлық тәрбие ұғымы
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Сенсорлық тәрбие
Қазіргі қоғамдағы ақыл-ой тәрбиесінің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы
Пәндер