Ауылшаруашылық дақылдардың топырақ түйініне қарай тыңайтқышты қолдану


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Ауылшаруашылық дақылдардың топырақ түйініне қарай тыңайтқышты қолдану.

КПСС Орталық Комитетінің март (1965) Пленумынан кейінгі уақыт ішінде ауыл шаруашылығы экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан ірі қадамдар жасады. Белгілі бағытпен кәміл алға баса отырып партия көптеген аграрлық проблемалардың ең бастысы астық өндіруді барынша молайтуды алға қойды. Оныншы бесжылдықтың жоспары бойынша елімізде астық өндіру 215- 220 млн. тоннаға, оның ішінде Қазақстанда 25-27 млн. тоннаға жеткізу көзделген. Астық ел ырысы, байлық бастауы, демек өндіруді барынша молайту ауыл шаруашылығы саласындағы міндеттердің ең түйіндісі, ең өзектісі болып отырғаны осыдан. Елімізде пайдаланатын егістік жердің жылдан - жылға тұрақталуына байланысты дәнді дақылдардың енімін молайту мен оның сапасын жақсартудың басты шарты әр түрлі тыңайтқыштарды қолдану болып табылады.

Партия алға қойған ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділік сапасын жақсарту жөніндегі жаңа бағыт ұзақ мерзімге арналған экономикалық стратегияның негізінде туып отыр.

Республикамыздын, оңтүстік және оңтүстік шығыс облыстары (Алматы, Жамбыл, Талдықорған және Шымкент) республикада қолданылатын минералдық тыңайтқыштардың 50 процентін органикалық тыңайтқыштардың 20 процентін пайдаланды.

Бұл облыстардың егістікке жарайтын жерлері теңіз деңгейінен 350-3000 метр биіктік аралығында орналасқандықтан, олардың топырақтүрлері, жылдық атмосфералық жауыншашын жиынтығы әртүрлі болады.

Ондағы топырақтың түрлеріне қарай негізінен үш аймаққа бөлінеді:

1. Ылғалдылығы тапшы, тәлімі, көп жылдық атмосфералық жауыншашын жиынтығы орта есеппен 200 - 220 мм аймақ.

Бұл аймақтың топырағы боз, жалпы көлемі 2, 4 млн. гектар жерді алып жатады да оңтүстік және шығыс облыстардын, 70 проценттей тәлімі егістік жерлерін қамтыды.

2. Ылғалдылығы тапшылау тәлімі аймақ, бұл аймақтың топырағы ашық қара қоңыр. Олардың көлемі 800 мың га, жоғарыда аталған облыстардың 23 проценті егістік жерін қамтиды. Көп жылдық атмосфералық жауыншашын жиынтығы орта есеппен 360-400 мм.

3. Ылғалдылығы жеткілікті тәлімі аймақ. Оның көп жылдық атмосферанын, жауыншашын жиынтығы орта есеппен 500-700 мм. Бұл аймақ қара топырақ пен қара коңыр топырақтан тұрады. Бұлар бұдан 10-15 жыл бұрын, көбіне мал жайылымы мен шабындық ретінде пайдаланылатын. Кейінгі жылдары егістікке игерілуде.

Оңтүстік және шығыс облыстардың 7 проценті, яғни 200 Мың гектар егістік жерін қамтиды.

Көптеген агрохимиялық зерттеулер мен тәжірибелер ауылшаруашылық өсімдіктері көбіне азот, фосфор және калий тапшылығының зардабын шегетінін көрсетті. Мол өнім алу үшін әдетте бұларды топыраққа тыңайтқыш түрінде енгізеді. Барлық өсімдіктер мен жануарлар организмдері клеткаларының негізі - белоктың құрамына кіреді. Белоктың құрамында азоттың мөлшері өте үлкен, ол белок салыағының 16-18 процентіне тең. Азот фотосинтез жасауға қатысатын хлорофилл құрамына, протоплазма мен клеткалар ядросының аса маңызды құрамды бөлігі нуклеин қышқылынын, құрамына кіреді. Өсімдіктің вегетатитік органдарындағы белоксыз органикалық азот мөлшері өсімдіктердегі жалпы азот санының 20-25 процентінен аспайды. Өсімдік нашар коректенсе, атап айтқанда онда фосфор жетімсіз болса, белоксыз азоттың қосындылар мөлшері едәуір кәбейеді. Мұның өзі өсімдік сапасына зиянды әсер етеді.

Топырақта азот жеткіліксіз болса есімдіктің есуі бөгеледь жапырағының жасыл бояуы өзгереді, биохимпялық процестер жиынтығы бұзылады, егіннің өнімі кенет кемиді. Өсімдікке азот жетпейтінін опоңай аңғаруга болады. Ал фосфор протоплазма мен клеткалар ядросының кұрамына кіреді. Онын, азоттан ерекшелігі ол белок құрамына тікелей кірмейді, бұл нуклеин қышқылының құрамды бөлігі болып саналады да жай белокка қосылып күрделі нуклеопротеид белогын жасап шығарады. Фосфор биохимиялық реакцияны тездететін көптеген ферменттердің құрамына кіреді, өсімдіктерде углевод пайда болуына қатысады. Өсімдік организмінің тіршілік етуіне бірденбір керекті элемент - фосфордай жан - жақты қатыса алмайды. Өсімдіктің фосфор қорегін реттеп отырып, оның өсу қарқынын және өнімнің сапасын өзгертуге болады. Фосфордың кейбір органикалық қосындылары есімдік организмдерінде энергияны бір жерге жинақтайтын аккумулятор ролін атқарады. И. И. Беляковтың Ақтөбе облысының шөлейт куаң аймағында жүргізген зерттеу жұмыстары фосфор тыңайтқыштары жаздық бидай мен арпаның қуаңшылыққа төзімділігін арттыратынын, өсімдікке нәр беретін судың мөлшерін көбейтетінін керсетті. Азот сияқты фосфор да өсімдіктердің репродуктілік органдарына (жеміс салатын органдарына) жиналады, өйткені есімдіктің репродуктілік органдарында органикалық заттар синтез жасайды. Өсімдік дамуының бастапқы кезеңінде және есімдік өсіп дами бастаған мерзімде фосфор тыңайткыштарының үлкен маңызы бар. Олар өсімдіктің тамыр жүйесі дамуын тездетеді, соның нәтижесінде өсімдік қоректік заттарды жақсырақ пайдаланады. Ылғалды бойына сіңіреді, ал бұл өсімдіктің жер бетіне өсіп шыққан бөлшектерінің қаулап өсуіне қолайлы әсер етеді. Калий - өсімдіктер тіршілігінде аса маңызды физиологиялық роль атқарады. Ол әсіресе өсімдіктің ұрығында, жеміс түзетін органдарында көп кездеседі.

1976 жылы академик В. Д. Панников «Химия және өмір» журналының үшінші санында жарияланған «Өсімдіктер немен жақсы қоректенеді» дегенмақаласында ауыл шаруашылығы дақылдарына қолданылатын минералдық тыңайтқышқа тоқтала келіп, тыңайтқыштарды қанша көп өндіргенмен, елімізде шаруашылықтар азотты тыңайтқыштардың керек норманың жартысын ғана, ал фосфорлы тыңайтқыштарды белгілі нормадан 4 есе кем, ал калий тыңайтқыштарды қанша керек болса сонша ала алады деген болатын. Міне, сондықтан да тыңайтқыштарды ауыл шаруашылығы дақылдарына қолдану өте ұқыптылықты қажет етеді.

Агрохимия саласында өсімдікке керекті элементтердің ішінде (азот, фосфор, калий) калий элементімен Қазақстанда жүргізілген жұмыстың ауқымы мен сапасы азот пен фосфор элементімен салыстырғанда едәуір кенже калып келеді. Себебі, бұл элементпен жұмыс істеудің қиыншылығымен қатар оның күрделі зат алмасу процесінде активтігін бақылау мүмкіншілігінің аздығы басқа элементтермен салыстырғанда калиймен ұзақ уақыт жұмыс істеуге керекті тұрақты изотоптын, жоқтығында болып отыр. Өсімдіктің ішкі дүниесінде калийдің алатын ролін анықтап білмей, оны аталған тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланудың мүмкіндігі жоқ екені түсінікті.

Қазіргі кезде республикамыздың колхоздары мен совхоздарында негізінен азот пен фосфор тыңайтқыштары үздіксіз қолданылып келеді. Оған себеп, республика топырағы калий элементіне өте блй, сондықтан өсімдікке тек азот пен фосфор тыңайтқыштары керек деген үғым етек алған. Сонын, салдарынан калий тыңайтқыштарын дүрыс пайдаланбау, немесе тіпті қолданбау ауыл шаруашылық дақылдарының сапасы мен өнімділігіне зиянын тигізді.

Республикалық санақ басқармасының 1976 жылғы мәліметі бойынша жүгері дәнінен Талдықорған облысы бойынша әр гектардан 48, 4 ц жоғары өнім алынса, ал Жамбыл облысынан жүгерінің әр гектарынан алынған өнім - 24, 6 ц ғана болды.

Талдықорған облысы жүгері дәнінің әр гектарына 371 кг тынайтқыштардан пәрменді (азоттың, фосфордың және калийдің) зат түрінде қолданса, Жамбыл облысы 275 кг тыңайтқыштарды (азот пеи фосфордың қоспасын ғана) қолданып, калий тыңайтқышын бір де бір қолданбаған.

Ал Талдықорған облысы 371 кг қолданған тыңайтқыштардын, ішінде 56, 1 кг калий тыңайтқышы болды.

Міне, қоректік заттар азоттын, фосфордың және калийдің ара қатынасын сақтамай, калий тыңайтқышын қолданбаудан Жамбыл облысында жүгерінің әр гектарынан алынған өнім төмендеп кетіп отыр. Республикамыздың онтүстік және оңтүстік шығыс облыстарының егістік жерлерінің әр түрлі климат топырақ аймақтарына орналасуына байланысты Алматы облысының агрохимия лабораториясының көмегімен 1966-1969 жылдары Талдықорған облысының Гвардия ауданының топырағы қара қоңыр «Развильненский» совхозының тәлімі егістік жеріне егілген күздік және жаздық бидайға, осы облыстың

Кербұлақ ауданындағы «Қарашоқы» совхозының ашық қоныр топырағына егілген күздік бидайға әр түрлі тыңайтқыштардың әсері зерттелсе, 1970-1976 жылдары Алматы облысындағы Жамбыл ауданының тәлімі боз топырағына егілген күздік бидай мен арпаға, Кеген ауданындағы «Қарқара» созхозының қара топырағына егілген арпаға, Шелек ауданының «Қаратұрық» совхозының суармалы боз топырағына егілген күздік бидайға және Ұйғыр ауданының Еңбек Қызыл Ту орденді «Свердлов» колхозында егілген жүгері дәніне тәжірибе жүргіздік.

Мұнда осы шаруашылықтағы агрохимиялық картограммалар, егістіктің агрошаруашылық тарихы (дақылдардың алмасуы, соңғы жылдардағы шашылған тыңайтқыш мелшері, дақылдардық өнімділігі, танаптың нөмері, олардың гектар есебімен аумағы) қатаң есепке алынады.

Әр түрлі топырақклимат аймақтарында негізгі дақылдарға жүргізілген тәжірибе негізінде тыңайтқыштардың республикамыздың жекелеген аудандары мен дақылдар топтары үшін экономикалық тиімділігін анықтап, топырақтағы қоректің заттардың (азотты фосфордын, және калийдің) мөлшерін ескере отырып әрбір шаруашылық үшін, тыңайтқыштарды колданудың ғылыми түрғыдан негізделген нүсқауын белгілеп, олардың мынандай факторларға байланысты екеніне көз жеткіземіз.

Бірінші табиғи және агротехникалық факторлар ауарайы, ауыспалы егіс, сорт, топырақты еңдеу жүйесі, суландыру және т. б. жағдайлар.

Екінші, агрохимиялық факторлар, топырақтың қүнарлық дәрежесі, жұғымды заттар балансы, сіңіру мелшері, әдістері, мерзімі, минералдық және органикалық тыңайтқыш түрлері мен сәйкестігі. Үшінші, үйымдастыру - шаруашылық факторлары: тасымалдау және сақтау кезіндегі тыңайтқыш ысырабын кеміту, оны сіңіру жұмыстарын комплексті механикаландыру, тыңайтқыштар сақтайтын механикаландырылған қоймалар салу, агрохимиялық қызмет көрсету мәселелері.

Совет және шетел зерттеушілерінің жүргізген көптеген бақылауларының нәтижесі, негізгі қоректік заттардың топырақта болуымен шашылған тыңайтқыштардың өсімдікке әсер етуі арасында белгілі бір байланыс барлығын анықтады. Егер топырақта өсімдікке сіңімді фосфор көп болса, фосфор тыңайтқыштарын шашудан егін түсімкөп артпайды.

Топырақтағы қоректік заттар мен олардың мөлшері түрлі жағдайларға байланысты. Мысалы, өсімдіктер үшін азоттағы коректік заттардың негізгі коры - органикалық заттар. Азот әсіресе қара топырақта көп, боз топырақта сәл аздау болады. Адамның өндірістік әрекеті (дақылдардың өзара алмасуы, тыңайту жүйелері және басқалар) азоттың топырақтағы мөлшерін болмашы өзгертеді. Азот тыңайткыштарының ерігіштігі салдарынан өте тез жылжып отырады. Сондықтан топырақ бірнеше жылдық азотты қорек қорын жасай алмайды. Онын, бір бөлігі дақылдардың қоректенуіне кетсе, екінші бөлігі сумен еріп, топырақтың тым астыңғы қабатына сіңіп, кейбір бөлшектері микробиологиялық процестердің әсеріне байланысты ыдырап, оның топырақтағы мөлшері өзгеріп отырады. Сондықтан кейінгі жылдары азотқа картограмма жасалмайды. Азотты тыңайтқыштарды қолданғанда дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне әрі топырақ түрлеріне қарап қолданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзінің кейбір мемлекеттерінде бір гектар егістікке қолданылған минералдық тыңайтқыш мөлшері мен дақылдан алынған өнім
Нысанның табиғи-климаттық және шаруашылықтық жағдайлары
Шаруашылық жағдайында жобаланатын ауыспалы егіс дақылдарына тыңайтқыштар қолдану жүйесін жетілдіру
МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫ ҚОЛДАНУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚТАҒЫ МИНЕРАЛДЫ АЗОТТЫҢ ҚҰРАМЫН ЕСЕПТЕУ
Минералды тыңайтқыштар
Азотты тыңайтқыштар
Қоршаған ортаны тыңайтқыштармен ластандырудан сақтау
Малазықтық ауыспалы егіс дақылдарының тыңайту жүйесі
Азот тыңайтқыштарының мөлшерін қолайландыру
Шаруашылықтың топырақ-климаттық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz