Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру


Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру
Мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет.
Танымдық белсенділік -оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласын, құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады.
Оқушының өздігінен білім алуы өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді. Өздігінен білім алуды оқушылардың күнделікті рухани қажетіне айналдыру мәселесіне мән берілмей келеді. Өздігінен білім алу әрекетттің мақсат-міндеттерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдарын оқушылардың өздері анықтап, іске асыруына байланысты. Ал оларға кеңес, нұсқау, жалпы бағыт беріп басқарып отыру -мұғалімнің міндеті.
Ахмет Байтұрсынов оқушының өзіндік жұмысының маңызын бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керектігін атап айтқан болатын. Жалпы білімге деген құштарлық-кез келген сыныптағы балаға тән қасиет. Күн сайын жаңа бір нәрсені білуге ұмтылу -бала үшін зор қуаныш, үлкен мерей.
Ал, В. Г. Лембергтің пікірінше өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мына шарттарға байланысты:
а) жұмыстың мақсатын айқын түсіну;
ә) жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдыңғы нәтижесіне қызығуы;
б) жұмысты өз еркімен, қалауымен орындалуы.
Оқушының оқу-таным әрекетін арттырудың тиімді құралдарының бірі оқушының өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті. Өзіндік жұмыс істеу іскерліктері мен дағдылары, сөзсіз ой еңбегінің мәдениетімен байланысты. Білімді игеру барысында оқушы кездесетін қиыншылықтарды жеңу, табандылық, еске сақтау, кітаппен жұмыс істеу, байқау және жазба жұмысын жүргізе білу, ой әрекеттерінің бірқатар тиімді тәсілдерін игеру, өзін бақылай білуі керек.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар: мұғалімнің нақты тапсырмалар, нұсқаулар беруі; жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі; мұғалімнің басқаруымен оқушының дербестігінің мөлшері; олардың жұмысты өз еркімен және қалауы мен істеу, оған әсер ететін мотивтер т. б.Өзіндік жұмысты мұғалімнің дұрыс басқара білуі және оқушының дербестік әрекетінің деңгейінің артып отрыуы -осы жұмысты ұйымдастырудың негізгі белгілері болып табылады.
Оқушылардың дербестігінің даму деңгейіне қарай өз бетінше істейтін жұмыстарды репродуктивті және шығармашылық деп арнайы екі топқа бөлуге болады.
Оқушының өзндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:
- Өз бетінше ойлану білікиері мен ізденімпаздығы.
- Оқуға деген қабілеті артуы.
- Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне біліу ниеті.
- Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау.
- Өз ойының дербестігі.
Оқушының өз бетінше кітаппен жұмыс істеу, бақылау, жаттығу, эксперимент жүргізу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.
Репродуктивтік жұмыстарға -оқушының дайын үлгіге қарап жасайтын жұмыстары (көшіріп жазу, жаттығулар, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру, оқулықтарға мәтінмен жұмыс істеу, сабақ үстінде орындаған тапсырмаға ұқсас тапсырманы үйде орындау т. б. ) жатады.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының жоғарғы формасына олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады. Шығармашылық жұмыстар-оқушының өздігінен шығарма, баяндама, реферат, өлең шығару, модельдеу, көрнекті құралдар жасауы т. б.
Өзіндік жұмыс танымдық іскерлігімен дағдыларын қалыптастыруда, болашақта білімді өз бетінше жинай алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады, ойлауды жандандыра түседі және оқып үйренуде оқушылардың өзіндік жұмысы жалпы белсенділігін арттырады.
Оқушының өзіндік жұмысы оқу материалын нығайта түсу, жалпы материалды игеру мақсатын көздейді.
Оқушылардың оқу үрдісінде танымдық белсенділігін, қабілетін дамытуы, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру ұзақ әрі жүйелі жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде қалыптасады.
Оқушылардың шығармашылық дербестігі.
Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушылар дербестігін, ізденімпаздығын белсенділігі мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талап етеді. Сондықтан оқушылардың мектепте оқып жүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге үйрету қажеттігі туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін оңтайлы ұйымадастыруға тікелей байланысты.
Шығармашылық танымдық іс-әрекет нәтижесі болып табылады.
Танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мәселесі бойынша зерттеу жұмыстарын ғалымдар А. Әбілқасымова, Р. Омарова, С. Смайлов, Ж. Қараев, С. Бегалиева, М. Құдайқұлов, Н. Хмель, Т. Сабыров, т. б. жүргізгені белгілі.
Көптеген зерттеулерді талдау нәтижесінде шығармашылық іс-әрекет нәтижелері оқушының жеке тұлғасына, біліктеріне жетілуіне психологиялық механизмдер арқылы оң әсерлері бар рефлекция нәтижесінде өз әрекетіне және сол әрекеттің бірлескен іс-әрекет мазмұнымен формасына сәйкес көзқарастары қалыптасатынына анықталып отыр.
Оқу үрдісінде танымдық тапсырмаларды орындау шығармашылықты, ізденімпаздықты талап етеді, сондықтан мұндай тапсырмаларды орындау кезеңдерімен жүзеге асады. Ол мынадай:
Оқу жұмысына шығармашылық мақсат қою, оны жоспарлау оқушыдан көптеген қасиеттерді талап етеді: ізденімпаздық, еңбекқорлық, шабыт, мақсаткерлік, белсенділік, қызығушылық, өмірлік белсенді ұстаным.
Мұғалім оқушылырдың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру біліктеріндамытуы қажет.
Ауыл мектептерінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін жетілдіру бағыты танымдық белгілердің қалыптасу белгілеріне, танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай оларды шартты түрде мынаған 3 топқа бөлеміз.
Бірінші топ - танымдық іс-әрекетте табанды, міндеттері мен мақсатын біледі, ізденімпаз, пән бойынша дербес шығармашылық жұмыстарға белсене қатысуымен ерекшеленеді.
Екінші топ - ізденіске ұмтылады, бірақ шығармашылық тапсырмаларды орындауға барлық уақытта бірдей бейімділік көрсете бермейді; танымдық тапсырмаларды орындау әділ-тәсілдерін табуға құлшыныс білдіреді, тапсырманы орындауда мұғалім көмегін қажет етеді.
Үшінші топ - шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындауға құлықсыз; белсенділігі төмен; репродуктивті сипаттағы тапсырмаларды ұнатады; жұмысты орындауда үлгіні қажет етеді, оны орындауда көмекті қажетсінеді.
Сонымен, шығармашылық іс-әрекет талаптарын, сондай-ақ соларды ауыл мектептерінде ұйымдастыру мәселелерін зерттеу мәселені дамытып, жетілдіру механизмін анықтауға, сондай-ақ мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді;
- оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады;
- танымдық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;
- танымдық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды;
- оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор;
- танымдық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс-амалдар пайдалану интеллектуалдық қабілеттерін дамытып, оқу танымдық және ғылыми ізденістер жасауға талаптандырады.
Танымдық қабілетті арттыру шарттары
Төменгі сынып оқушыларының оқуға, танымдық қызметіне деген мотивациясын арттыру үшін оқу үрдісі ерекше түрде ұйымдастырылуы тиіс. Қазіргі кезде кез келген сабақ немесе сабақтар жүйесі мынадай нобай арқылы құрылады:
- мұғалім мақсаты құрастырады, бірақ бағаларды өлшеуішін түсіндірмейді;
- мұғалім алдына қойған мәселелерді қалыптасқан мақсаттардың элементі ретінде қарастырады;
- қалыптасқан мақсаттарға жету құралдары мен әдістерін мұғалім өзі таңдайды, яғни ол мақсатқа жетудің бірнеше әдісін ұсынады, сондықтан біз мақсатқа жетудің әдістерінің көпнұсқалығы туралы айтуымызға болады;
- жаңа тарсырманы меңгеріп, қорытындылау үшін оқушылар өз бетінше мұғалімнің ұсынған жаттығуларын орындайды;
- мұғалім орындалған жұмыстарды бағалап, оқушылардың білім деңгейін тексереді, ары қарай бұл цикл жалғаса береді.
Осы нобайды талдап, біз мынадай қорытындыға келдік: қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқу - тәрбие үрдісі барысында білімді жинақтау болып табылады (дағдылар, шеберліктер) . Ал бұл білім жүйесінің заңды нәтижесі ретінді қажет болған жағдайда алған білімін ( дағдыларын, шеберлігін) қолдана алатын жеке тұлға болып саналады. Алайда, азаматтық бүкіл өмірі бойы жиналған білімі мен ілімі соншалықты көп, терең. Сондықтан қазіргі оқыту үрдісінде оның бәрін оқушыларға жеткізу қиындап бара жатыр, тіпті мүмкін емес десе де болады. Ендеше оқушылардың танымдық қабілетін арттырып, олардың оқуға деген ынтасын көтеру керек.
Мұны шешу үшін оқушы кез келген әдіспен берілген дайын білімді жаттап алуға бағытталған селқос тындаушы ғана болмай, керісінше, ол өзіне керекті жаңа білімді іздеп, қажет болған жағдайларда оны қолдануға ұмтылуы тиіс. Мынадай жұмыс механизмін қарастырып көрелік: оқушы жаңа білімді себепкерлеп, жақсы баға алу үшін не өз бетінше, не өзінің сыныптасымен, не топта ( 3-4 адамнан) жұмыс істеу керек делік. Өз бетінше жұмыс істеу барысында жаңа материалдық негізгі еске сақтаудан өзге тағыда басқа еске сақтаудың түрлері қосылады - көзбен көру, есту, қайталау, т. т.
Біздің ойымызша, төменгі сынып оқушыларының танымдық мотивациясын арттыру үшін білімді меңгерудің мынадай нобайы керек:
- мақсатты қоя алу ( мақсатты түсіндіру) ;
- мақсатты жүзеге асыра білу (орындалатын бөлігі) ;
- нәтижені бағалай алу ( бақылау, баға) .
Бүгінгі мектептерде тек қана екінші буын-орындалатын бөлу ғана жүзеге асады. Сондықтан да ол мектеп тәжірбиесінде кең таралған, өйткені мұғалім оны оңай қолдана алады. Мақсатты қоя білуге тоқталсақ, онда біз ол мақсаттың тек қана жекеленген, бөлек, бір-бірімен бірікпеген оқу үрдісінің талаптарын көздегенін байқаймыз. Оқыту үрдісінің мұндай түрі оқушылардың өз қызметін бақылып, оған баға беріп, нәтиженің тиімділігін қалыптастырмайды. Басқаша айтқанда, оқушының танымдыққа емес, тіпті оқу үрдісіне деген қызығуының артуы екі талай.
Осы көрсетілген үш элементтің жүзеге асырылуы үшін оқу пәні ішкі ой ерекшеліктеріне, яғни ол ойдың даму тарихы мен қалыптасуына, сонымен қатар әр оқу пәні-жалпы білім жүйесінің тек қана бір бөлігі екенін түсінгенде ғана іске аспақ. Яғни, қазіргі заманғы оқу үрдісінің мазмұнына деген көзқарас оның диалектикалық дамуында ғана қарастырылуы керек. Басқа сөзбен айтқанда, пәндік білім беру жүйесін негізінде диалектикалық қайшылық, яғни, бір жүйеде нақты пәнді алсақ, білім беру жүйесінің дамуына мүмкіншілік беретіні қозғаушы күш деп қарастырылады.
Түсініктерді қолдану үшін, адам, алдымен, білімнің негізін үйрену керек. Егер түсінік жоқ болса, адам әлемінің барлық түрлілігін тану керек, нәтижесінде ол еш нәрсені білмейді. Өйткені, түсініктер материалдық заттардың, құбылыстардың жалып қасиеттері мен қатынастарын нақты түрде қарастырады.
Біздіңше, төменгі сынып оқушыларында ұғынатын түсініктер оның маңызын жаттап алып, көптеген жаттығуларды орындағаннан емес, оларды түсіну ғана болады. Мотивацияның өсуі мен белсенділену барысыеда логикалық ойлау дами бастайды, сөздік қоры ұлғаяды, ғылыми-публицистикалық әдебиетке деген қызығу пайда болады.
Танымдық қабілетті арттыру үшін мұғалім оқу үрдісінің негізінде төменгі сынып оқушыларының мотивациясын арттыруға көңіл бөлсе ғана олардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеті, белсенділігі және тіліде дамып, логикалық ойлау қабілеті қажетті деңгейде дамиды, ал соның арқасында бастауыш мектептер орта білім көрсеткіштері едәуір көтеріле түсері сөзсіз.
Танымдық белсендлік деңгейлері
Оқушыларда оқу-танымдық іс-әрекеттерді өз бетінше жүргізу дағдысын қалыптастыру-оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі. Мұны жүзеге асыру оқушылардың жинақтылыққа, өзін-өзі дұрыс басқаруға үйретеді, білімді саналы түрде игеріп, оның танымдық- шығармашылық және қарапайым есептерді шешуге дұрыс қолдана білуге жетелейді, білімін өз бетінше жетілдіру қабілетін дамытады. Өз бетінше оқып-үйрену үшін қажетті мінез-құлықтың, серік-жігер мен ақыл-ой қабілетінің даму дәрежесі, әсересе, жоғары сынып оқушылары мен төменгі курс студенттерімен жүргізілген жұмыстарда айқын білінеді. Сондықтан оқытушы оқушылар өзінің қызығуын толық түрде қанағаттандыратындай, өзінің танымдық белсенділігі мен дербестігін жүзеге асыратындай жағдай туғызуы тиіс.
Танымдық белсенділік жеке адамның орнықты қажеттілігіне, мінезіне айналу үшін оның бойында өз күші және білімі игеру қабілеті мен қатар дербес танымдық іс-әрекетке оң көзқарас қалыптастыру керек. Танымдық белсенділік немесе ізденімпаздық, оқушының берілген тапсырманы басқаның көмегінсіз орындауы мен ғана шектелмейді. Ол алдына саналы түрде мақсаттар қойып, соған сәйкес өзінің іс-әрекетін бағыттай отыру мүмкіндігіне ие болу керек. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесінің сан қырлылығын ескеріп және компьютерлік техниканың көмегімен оқу үрдісін жекелеуге мүмкіндік беретін, тұлға мен оқу іс-әрекет теориясының негізігі қағидаларына сүйене отырып біз оған мынадай анықтама береміз. Танымдық белсенділік деп мотивациялық-тұлғалық, мазмұндық-амалдық және процессуалды-жігерлік бөліктенінен тұратын тұлғаның интегралдық құрылымын, сипаттамасын айтамыз.
- Мотивациялық-тұлғалық (өзін-өзі тану, өзіне-өзі сену, дамыту, өзінің танымдық қабілетін дамытуға және қызығуын қанағаттандыруға ұмтылу) .
- Мазмұндық-амалдық ( тіректік білім, жалпы дидактикалық және арнайы дидактикалық дағдылар, білімін жетілдіру дағдысы) .
- Процессуалды-жігерлік (танымдық іс-әрекет үрдісінде кездесетін қиындықтарды жеңуге дайындық, өз бетінше жұмыс істей алу дәрежесі, танымдық белсенділікке ұмтылыс) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz