ҚР Конституциясы - мемлекеттің қалыптасуының және дамуының негізі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім

1. ҚР Конституциясы - мемлекеттің қалыптасуының және дамуының негізі . . . 5

2. Конституцияның маңызды ерекшелігі . . . 7

Қорытынды . . . 10

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 11

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Конституциясы - демократиялык, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Конституция қоғамдық өмірдің барлық құқықтық күшті бойына жинақтаған. Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның болашақ қа бағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі қағидаларын белгілейді. Онда адамдар мен азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметтік негізі ретінде бүкіл халықтың конституциялық мәртебесі бекітіледі. Конституция тек конституциялық құқықтың ғана емес, сондай-ақ ұлттық құқықтың барлық салаларының да қайнар көзі болып табылады. Сондықтан оған басқа нормативтік құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттар тән.

Конституцияны қазақстан халқы қабылдады. Сондықтан Конституцияда халықтың, оның мәнін сипаттайтын еркі білдірілген. Социализм кезінде де Конституция халықтың еркін білдіреді деп есептелді. Осыған орай халық еңбекшілерден -жұмысшы табынан, шаруалар мен еңбек интеллигенциясынан тұратындығы атап көрсетілді. Халықты бұлайша сипаттау кез келген әлеуметтік құбылысқа, марксшіл-лениншіл ілімге тән таптық көзқараска негізделді.

ҚР Конституциясы 1993 жылы халықтың таптық сипаттамасынан тұңғыш рет бас тартты. Онда енді жұмысшы табы туралы, шаруа және еңбек интеллигенциясы туралы сөз болған жоқ. Жалпы "еңбекші" термині 1993 жылғы Конституцияда да, 1995 жылғы Конституцияда да қолданылмайды. Дегенмен, Конституцияның екеуінде де халық туралы айтылады. ҚР бүкіл әлеуметтік қабатын жинақтаған тұтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде ұғынылады. Осыған орай, "халық" ұғымы ҚР Конституциясына сәйкес, біріншіден, ол байлык, жағдайына қарай әлеуметтік қабаттарға, таптарға бөлінбеушілікті білдіреді, сөз жок, бұл маңызды конституциялық фактор болып табылады. Конституцияда мемлекет әлеуметтік, яғни, бүкіл халықтың өкілі ретінде танылады. Бұл мемлекеттің тұрғындардың қандай да болсын бір тобына екінші бір тобын кемсіту арқылы басымдық бермейтіндігін білдіреді. Мемлекет тиісінше, олардың әлеуметтік жағдайларына қарай тұрғындардың барлық қабаттарына қамқорлық көрсетуі тиіс. ҚР Конституциясы бүкіл халықты әлеуметтік топтарға бөлмей, олардың құқықтарын шектемей конституциялық-құқықтық қатынастар субьектісі ретінде таниды. Екіншіден, халық ұғымына көпұлтты қоғам жағдайында қазақ ұлты, басқа да барлык, ұлттық топтар жатады. Бұл, мемлекеттегі бүкіл халықтың әлеуметтік базалық негізін құрайтын казақ ұлтына ерекше: құкықтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени жеңілдіктер берілмейтіндігін білдіреді.

Қазак тілін мемлекеттік тіл ретінде тану жеңілдіктер қатарына жатпайды, тек мемлекеттің барлық жерде және қайда да болсын ұлттык нысаны бойынша ұлттық болып табылатын сипатына жатады. Орыс тілін ресми қолданыс тілі ретінде тану да бұл салада жеңілдік берілмейтіндігін көрсетеді.

Сөйтіп, халықты Қазақстан Республикасының Конституциясын жасаушы деп тану оның мәндік сипатын білдіреді. Сондықтан ҚР 1995 жылғы Конституциясы: "Біз, Қазақстан халқы осы Конституцияны қабылдаймыз" деген сөздермен басталады. Қазақ халқы Конституцияны референдумның қорытындысымен қабылдады. ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар республикалық референдум арқылы енгізілуі мүмкін. Басқаша айтқанда, халық Конституцияны қабылдап қана қойған жоқ, ол Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар да енгізе алады. Әрине, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын Президент Парламенттің карауына бере алады. Алайда, мұндай жағдайда да халық сырт қалмайды. Парламент халықтың жоғары өкілетті органы, сондықтан ол Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды халықтың атынан қабылдайды.

Қазақстан халқы Конституцияны қабылдайтын бірден-бір субьект деп танудан оның құрылтайшылық сипаты туындайды. Қазақстан халқы елдегі мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі және егемендікті қолдаушы болып табылады. Сондықтан ол құрылтайшылық биліктің иесі. Нақ Конституция арқылы Қазақстан халқы мемлекетті құрды, оның басқару және кұрылым нысандарын, әлеуметтік-экономикалық құрылыс негіздерін, адам мен азаматтың мәртебесін белгілейді. Тек халық, ал халық атынан тек Парламент қана мемлекеттің құрылым негіздеріне өзгерту енгізе алады[1] .

1. ҚР Конституциясы - мемлекеттің қалыптасуының және дамуының негізі

Жыл сайын, 30 тамызда тәуелсіз еліміз Қазақстанның Негізгі Ата Заңы - Конституциясы Күні аталып өтеді.

Еліміздің негізгі құқықтық құжаты бола тұра Конституция сонымен бір уақытта Қазақстан өзін жария еткендей демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекеттің жетістігі болып табылады.

Демократиялық қоғамның жоғары идеалдарына ұмтылу, Қазақстан жерін мекендеген халықтар арасындағы өзара құрмет пен достық, мәдениеттің халықтар арасына өтуі, мемлекеттік органдардың құрылған жүйесі - міне осылардың барлығы Негізгі Заңда нақты көрсетілген.

Қоғамдық құрылымның жаңаруы, экономиканың нарықтық экономика түріне өтуі, меншіктің алуан түрінің енуі, қауіпсіздіктің кеңеюі және әлемдік қоғаммен ықпалдасу 1995 жылы ҚР Конституциясын қабылдауға ықпал етті.

Жүзжылдықта біздің елімізде бүкіл халықтың дауыс беруімен жаңа құжат қабылданды, онда жеке тұлға мен жалпы адам құндылықтары бекітілген.

Жоғары заңнама деңгейінде адамның құқығы тәрізді жаңа концепция мен социалистік жүйеге сәйкес мемлекет мүддесінің жеке тұлға мүддесінен жоғары болуынан бас тарту теориясы бекітілді.

Биыл Қазақстан саяси дамудың жаңа кезеңіне шықты. Елімізде кең көлемде конституциялық өзгерістер өтті, негізгі көрсеткіштері жалпы қабылданған демократилық нормаларға сәйкес саяси жүйе құрылды.

Атап айтқанда, Конституциялық Кеңес құруда, бюджетті бекітіп орындауда парламенттің ролі кеңейтілген, үкіметті қалыптастырудағы ролі де күшейтілген. Міне осылай, Президент құзіретінің бір бөлігі парламентке өткен. Саяси партиялардың ролін арттыруға бағытталған шаралар қабылданған, мәслихаттар құзіреті кеңейтілген.

Қазақстанның жаңартылған Конституциясы Қазақстанның әрі қарай дамуы үшін мықты іргетас қалайды, бәрінен бұрын ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігінің күшеюіне бағытталған.

ҚР Конституциясының 98 бабының 30-ы адамның құқығы мен бостандығын, міндеттерін нығайтуға бағытталуы кездейсоқтық емес.

Мысалы, ҚР Конституциясының 3 бабына сәйкес мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы - халық болып табылады. ҚР Конституциясының 10 бабында - Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан айыруға болмайды делінген. Конституцияның 11 бабында адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олардан ешкім айыра алмайды деп көрсетілген. Адамның құқықтары туралы жалпы декларацияның негізгі талаптарына сәйкес Негізгі Заңда адамның өмірге, жеке бостандыққа, өзінің жеке басын сыйлау, жеке өміріне қол сұқпаушылық, отбасы құпиясы ары мен намысын, қадір қасиетін қорғау құқығын көрсететін бірқатар басқа баптар да бар.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы оның ережелерінің сақталуын қадағалайтын органдар жүйесінің қалыптасу және даму негіздерін анықтады. Конституцияның жоғары билігі жүйесінің кепілдігін республика Президентінің басшылық етуімен, өзінің заң шығару қызметінде қабылдаған заңдарының Конституцияға сәйкестігін қамтамасыз ететін Парламент, Жоғары соттың басшылығымен сот жүйесі, Прокуратура және Үкіметтің басшылығымен барлық атқарушы органдар жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Президенті Конституцияның тұтастығы, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылады. Өзінің Конституциялық өкілеттігін Президент тек өзі тікелей қадағалауме, н шектеліп қоймай, сондай-ақ заңдардың жарлықтардың, заңды күші бар актілердің дәлме - дәл және біркелкі орындалуын, Конституция тұтастығын қадағалау міндеті жүктелген прокуратура органдары арқылы да жүзеге асырады.

Прокуратураның ҚР Президентіне есеп беретіні оның өз қызметін тәуелсіз принципті түрде жүзеге асыруына, еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жағдайы туралы дұрыс ақпарат беруге жол ашады. Президент билігінің күштілігі толық тиімді және нақты қадағалау құзіреті бар орталықтандырылған күшті прокуратураның сақталуын талап етеді.

Бүгінгі таңда прокуратура заң бұзушылыққа қатысты жедел түрде ықпал етіп, заң бұзушылықты жоюға қол жеткізетін жалғыз орган. Осыған орай ол басқа құқық қорғау органдарын алмастырмайды, кәсіпорындар, ұйымдар, сондай-ақ азаматтардың жеке өмірлеріне араласпайды.

Прокурорлық қызметтің негізгі бағыты мемлекет қызметінің барлық саласында да адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауда.

Прокуратура органдары өздерінің қызметінің түрі мен әдістерін жетілдіруде белсенді жұмыстар атқарады. Соның қатарына ішкі істер органдарында прокурорлар кабинетін құру, соттарда мемлекеттік айыптауды алқабилер қатысуымен өткізу, қамауға алуға сот санкция беру тағы басқалар жатады.

Прокурорлық тәжірибенің мәліметтері бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуы, қылмыстық және қылмыстық - процессуалды заңнаманы дұрыс қолданбау фактілері әлі де орын алуда.

Ағымдағы жылы қадағалау қызметін жүзеге асыруда прокурорлық ықпал ету актілері бойынша 1, 5 мыңнан астам заңсыз құқықтық актілер бұзылды және өзгертілді, 979 лауазымды тұлға әр түрлі жауапкершілікке тартылды, бюджетке 250 млн. астам. теңге өндірілді, 6 мың адамның конституциялық құқықтары қорғалды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 12 жылдан артық уақыт бойы қолданыста. Осы уақыт ішінде оның ережелері мен қағидаларын жүзеге асыруда бірқатар жұмыстар атқарылды, сонымен қатар Конституцияның күші толық көлемде әрекет етіп жатқан жоқ.

Демократияға, құқықтық мемлекетке өту еліміздің Жоғарғы Заңымен үнемі салыстыру жүргізіп отыруды және оны мүлтіксіз орындауды талап етеді[2] .

2. Конституцияның маңызды ерекшелігі

Қазақстан Республикасының Конституциясы- басқа ұлттық құқықтық қайнар көздеріне қарағанда ең жоғарғы заң күші бар, мемлекеттік және қоғамдық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерінің негіздерін, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет принциптерін бекітетін және реттейтін мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы. Конституцияның нысаны - бұл конституциялық нормалардың жазылуы мен тұжырымдау тәсілі. Конституцияның нысаны, алдымен оның бір немесе бірнеше нормативтік актілерден тұратындығымен анықталады.

Біртұтас және жалғыз конституциялық акт болып есептелінетін, мысалы, Германия, Испания, Ресей, Қазақстан Республикасының конституцияларын айтсақ та жеткілікті. Ал бұлардан айрықша Швеция конституциясы үш нормативтік актілерден тұрады: 1974 жылғы басқару нысаны, онда мемлекеттік құрылыс негіздері, негізгі бостандықтар мен құқықтар және мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесі реттелінген; 1810 жылғы мұрагерлік таққа отыру актісі және 1974 жылғы ақпарат құралдарының еркіндігі жөніндегі акт.

Егер Конституцияда, тұтас жазбалы акті ретінде бүкіл конституциялық мәні бар негізгі мәселелерді қамтыса, онда оны (сұрыпталған) деуімізге болады. Ал өзге жағдайда, айталық, жоғарыдағы мәселелер бірнеше актілерде өз шешімін тапса, онда оны, керісінше, кодификацияланған деп есептейміз.

Кодификацияланған конституциялардың құрылымы белгілі бір қалыптардың түрлеріне сай келуі тиісті. Оның ірге тасы преамбуладан (кіріспеден), негізгі бөлімнен (негізгі мазмұннан), қорытындылардан, өтпелі және қосымша ережелерден қалануы қажет. Әдетте, преамбулаға конституцияның мақсаты жазылады, шығуының тарихи жағдайлары көрсетіледі, кей кездерде құқықтар мен бостандықтар немесе мемлекеттік саясаттың басты бағыттары айқындалады. Негізгі бөліміне азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, қоғамдық құрылыстың негізі, мемлекеттік органдардың жүйелері мен мәртебесі, мемлекет рәміздері, конституцияны өзгерту тәртібі туралы нормалар енеді. Мемлекеттік органдардың мәртебесі туралы нормалар мемлекеттік биліктің бөліну қағидаларына сәйкестендіріліп орнықтырылады: көбінесе, алдымен парламент жөніндегі нормалар, одан кейін мемлекет пен үкімет басшылары, сот билігі және жергілікті мемлекеттік басқару нормалары.

Қорытынды ережелерде әр түрлі нормалар сөз етіледі. Мұнда, әдетте, конституцияның күшіне ену тәртібі тағайындалады. Конституцияны өзгерту тәртібі мен мемлекеттің рәміздері туралы нормалар негізгі бөлікке енбеген жағдайда ғана қорытынды ережелерде тұжырымдалуы мүмкін.

Қазақстан өмірінде еліміздің Ата Заңы бес рет қабылданған болатын. Ең біріншісі -Қырғыз автономды Кеңестік Социалистік Республикасының 1926 жылғы 18 ақпанындағы Конституциясы. Көпшілік зиялы қауым осы актіні елемей келеді. Оның да өзіндік сыры бар. Өйткені, сол кезде біздің еліміз РКФСР-дің қарамағында болатын. 1926 жылғы Конституция ҚАКСР Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен бекітіліп, РКФСР Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитетіне бекітуге жіберілген болатын. Бірақ бұл Конституцияның соңғы жобасы онда қаралмады. Сондықтан ол республика аймағында іс жүзінде қолданылмапты. Сөйтіп ол жоба түрінде жабулы қалды. Соған қарамастан біз бұл туралы мәліметті естен шығармауыз қажет, өйткені, оның бөлімдері мен тарауларындағы тұжырымдар біздің тарихымыз, ғылымыз үшін өте орасан зор мәні бар екендігін сезінуіміз қажет деп санаймыз[3] .

Екінші конституционализм кезеңі - бұл 1937 жылғы 26 наурыздағы ҚКС Республикасының Конституциясы. Ол төтенше Бүкілқазақ съезінің қаулысымен алғысөзсіз, бөлімдерсіз бекітілген. Тек 11-тараудан(қоғамдық құрылыс, мемлекеттік өкіметтің жоғарғы органдары; мемлекеттік басқару органдары; мемлекеттік өкіметтің жергілікті органдары; бюджет; сот және прокуратура; азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері; сайлау жүйелері; елтаңба, ту, астана; конституцияны өзгерту тәртібі) және 124 баптан тұрады. Осы мәліметтерге көңіл аударар болсақ, азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері тек 9-тарауда ғана берілген. Оның 108-бабының 2-бөлігіндегі «Қоғамдық социалистік меншікке қол сұғушы адамдар халық жауы болып табылады» деген сөздер жаныңды түршіктіреді. Қанша адам тек қоғамдық меншікке қол сұққаны үшін, оның көлемі мен мөлшеріне, сапасы мен құнына қарамастан атылды десеңші.

Үшінші - 1978 жылғы 20 сәуірдегі Қазақ КСР Конституциясының қабылданып бекітілуі. Ол 10 бөлімнен, 19 тараудан, 173 баптан тұрады. Бұл негізгі заңның өзекті мәселелері -жалпыхалықтық мемлекетті, мемлекет құрылысының принциптерін, қоғамның саяси жүйелерінің бөліктерін немесе буындарының мызғымастығын уағыздау, ең бастысы- қоғамдық саяси ұйым ретінде Коммунистік партияның үстемдігін заңдандыру. Барлық Қазақстан Конституцияларына, социалистік типтік ретінде, тән ерекшелік қасиеттерінің болуы. Ең алдымен олардың таптық мәндігі оқшауланып тұрады. 1978 жылғы Ата Заңда Коммунистік партияның барлық қоғамдық өмірдегі басымдылығын, оның бағыт беруші басшылық ролін нығыздауды, экономикалық жүйенің негізі ретінде - мемлекеттік (жалпыхалықтық) және колхоздық -кооперативтік меншігін бекітті, шаруашылықты жоспарлы түрде жүргізуді айқындады.

Қазақ Кеңестік Конституциясында мемлекеттік өкімет органдарының негізін қалаушы -Кеңестердің жоғарылығы заңдыланған болатын. Мысалы, халық детутатарының Кеңестері -КСРО Жоғарғы Кеңесі, облыстық кеңестері, аудандық, қалалық, қалалардағы аудндық, поселкелік, ауылдық кеңестері - мемлекет өкімет органдарының біртұтас жүйесін құрайды, - делінген Қазақ КСР Конституциясында. Шын мәнінде, бұлар өмірмен ұласпаған, өйткені жоғарыда сөз етілген Коммунистік партия мемлекет өміріндегі барлық мәселелерді шешуді өз басшылығына алып, нұсқау беріп отырғандығы бәрімізге белгілі. Демек, Кеңестердің үстемдігі формальды түрде қағаз жүзінде нығыздалынып өмірге келді. Соның нәтижесінде Кеңестер партия органдарымен алмастырылып, бүкіл билік соңғылардың қолдарына тиген. Еліміздің сол кездегі Ата заңында азаматтардың саяси, әлеуметтік-экономикалық және жеке өзіндік құқықтары да шетте қалмаған. Бірақ та, оларды іс жүзінде орындау, мемлекет тарапынан кепілдіктер беру мәселелері де аяқталмай қалып отырған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-ның Конституциялық дамуының кезеңдері
Конституциялық құқық туралы
Конституцияға қайшы елсе
Қазақстан Республикасы Конституциясы Мемлекеттің негізгі заңы
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ - КОНСТИТУЦИЯ
Конституция мемлекеттің басты заңы. Конституцияның мәні мен ұғымы
Конституциялық құқық жүйесі
Қазақстанда құқықтық мемлекет құру
1995 жылғы Конституция
КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МӘСЕЛЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz