Қазақстан Республикасының заңы мемлекеттік мүлік туралы
1.БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1.тарау. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2.тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚҰЗЫРЕТІ
2.БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРҒА ИЕ БОЛУЫ
3.тарау. МЕМЛЕКЕТТІҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРҒА ИЕ БОЛУ НЕГІЗДЕРІ
4.тарау. РЕКВИЗИЦИЯЛАУ
1.параграф. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде реквизициялау
5.тарау. МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ АЛУ
6.тарау. ЖЕР УЧАСКЕСІН МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫ ҮШІН АЛЫП ҚОЮҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕР УЧАСКЕСІН НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ДЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ МӘЖБҮРЛЕП ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУ
3.БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ПАЙДАЛАНУ
7.тарау. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
8.тарау. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ИЕЛЕНУДІҢ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН НЕГІЗДЕРІ
4.БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ТОҚТАТЫЛУЫ
9.тарау. МЕМЛЕКЕТТІҢ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ТОҚТАТЫЛУ НЕГІЗДЕРІ
10.тарау. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУ
5.БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
11.тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТ МҮЛКІНЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫ
12.тарау. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТКЕ ТИЕСІЛІ АКЦИЯЛАРЫНА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТКЕ ТИЕСІЛІ ҚАТЫСУ ҮЛЕСТЕРІНЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
6.БӨЛІМ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ТИЕСІЛІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРГЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ШЕКТЕУ
13.тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ТИЕСІЛІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРГЕ АУЫРТПАЛЫҚ САЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУ

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аудандық коммуналдық заңды тұлғалар – аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған аудандық мемлекеттік кәсіпорындар мен аудандық мемлекеттік мекемелер;
2) аудандық коммуналдық мүлік – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мүлкі, оның ішінде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бюджеті және аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мүлік, сондай-ақ аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік;
3) даму жоспары – акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталындағы қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорын, акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік, оның ішінде ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг және ұлттық компания қызметінің бесжылдық кезеңге арналған негізгі бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;
4) даму стратегиясы – ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның онжылдық кезеңге арналған миссиясын, пайымын, стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын және негіздейтін құжат;
5) есепке алу объектісі – мемлекеттік мүлік тізілімінде есепке алынатын мемлекеттік мүлік;
6) жекешелендіру – мемлекеттің осы Заңда белгіленген арнайы рәсімдер шеңберінде мемлекеттік мүлікті жеке тұлғаларға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сатуы;
7) коммуналдық заңды тұлғалар – мүлкі коммуналдық меншікте тұрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелер;
8) коммуналдық мүлік – әкімшілік-аумақтық бөліністердің мүлкі;
9) Қазақстан Республикасының стратегиялық объектіге ие болуының басым құқығы – стратегиялық объект тиесілі жеке тұлғадан немесе мемлекеттік емес заңды тұлғадан, осындай тұлға стратегиялық объектіні иеліктен шығару жөнінде мәміле жасасуды ниет етіп отырған жағдайда, сондай-ақ стратегиялық объектіге өндіріп алу жүргізілген не оңалтушы немесе конкурстық басқарушы конкурс (тарату) массасының құрамында стратегиялық объектіні иеліктен шығарған не кепіл ұстаушы кепілге салынған мүлікті (стратегиялық объектіні) соттың қарауынан тыс тәртіппен өткізген не стратегиялық объектіге сот актісінің негізінде өндіріп алу жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының стратегиялық объектілерді нарықтық құны бойынша сатып алуға үшінші тұлғалар алдындағы басым құқығы;

Қазақстан Республикасының Заңы Мемлекеттік мүлік туралы
2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының № 413-IV Заңы
Осы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті,
оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және
заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен
қатысу үлестерін басқарудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік мүлікке
құқықтарға ие болудың және оларды тоқтатудың құқықтық негіздерін айқындайды
және мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесінің құқықтарын және өзге де
құқықтарды иеленушінің тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған.
1-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ БАСҚАРУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аудандық коммуналдық заңды тұлғалар – аудандардың, облыстық маңызы
бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған аудандық мемлекеттік
кәсіпорындар мен аудандық мемлекеттік мекемелер;
2) аудандық коммуналдық мүлік – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың
мүлкі, оның ішінде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бюджеті және
аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мүлік,
сондай-ақ аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік;
3) даму жоспары – акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталындағы
қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорын, акционерлік қоғам
және жауапкершілігі шектеулі серіктестік, оның ішінде ұлттық басқарушы
холдинг, ұлттық холдинг және ұлттық компания қызметінің бесжылдық кезеңге
арналған негізгі бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін
айқындайтын құжат;
4) даму стратегиясы – ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің,
ұлттық компанияның онжылдық кезеңге арналған миссиясын, пайымын,
стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын және негіздейтін құжат;
5) есепке алу объектісі – мемлекеттік мүлік тізілімінде есепке
алынатын мемлекеттік мүлік;
6) жекешелендіру – мемлекеттің осы Заңда белгіленген арнайы рәсімдер
шеңберінде мемлекеттік мүлікті жеке тұлғаларға, мемлекеттік емес заңды
тұлғаларға сатуы;
7) коммуналдық заңды тұлғалар – мүлкі коммуналдық меншікте тұрған
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелер;
8) коммуналдық мүлік – әкімшілік-аумақтық бөліністердің мүлкі;
9) Қазақстан Республикасының стратегиялық объектіге ие болуының басым
құқығы – стратегиялық объект тиесілі жеке тұлғадан немесе мемлекеттік емес
заңды тұлғадан, осындай тұлға стратегиялық объектіні иеліктен шығару
жөнінде мәміле жасасуды ниет етіп отырған жағдайда, сондай-ақ стратегиялық
объектіге өндіріп алу жүргізілген не оңалтушы немесе конкурстық басқарушы
конкурс (тарату) массасының құрамында стратегиялық объектіні иеліктен
шығарған не кепіл ұстаушы кепілге салынған мүлікті (стратегиялық объектіні)
соттың қарауынан тыс тәртіппен өткізген не стратегиялық объектіге сот
актісінің негізінде өндіріп алу жүргізілген жағдайда, Қазақстан
Республикасының стратегиялық объектілерді нарықтық құны бойынша сатып алуға
үшінші тұлғалар алдындағы басым құқығы;
10) қазыналық кәсіпорын – мемлекет жедел басқару құқығында бөліп
берген мүлкі бар коммерциялық ұйым;
11) мемлекет мұқтажы – мемлекеттің функцияларынан туындайтын және
қоғамдық маңызы бар мақсаттарды көздейтін мемлекет мүддесін қанағаттандыру
үшін жеке меншіктегі мүліктің мемлекеттік меншікке өту қажеттігінің болуы;
12) мемлекет меншігіне алу – Қазақстан Республикасының мемлекет
меншігіне алу туралы заңының негізінде жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға
және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі мүлікті Қазақстан
Республикасы мүлкінің құрамына мәжбүрлеп өтеулі түрде иеліктен шығару;
13) мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі
уәкілетті орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) – мемлекеттік
басқарудың тиісті саласында (аясында) мемлекеттік басшылықты жүзеге
асыратын және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында
көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін,
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган.
Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мүлікке қатысты құқықтарды
өзге де мемлекеттік органдарға берген жағдайда осы Заңның тиісті саланың
уәкілетті органы туралы қағидалары осындай мемлекеттік органға қолданылады;
14) мемлекеттік заңды тұлғалар – мемлекеттік кәсіпорындар мен
мемлекеттік мекемелер;
15) мемлекеттік мекеме – басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе
коммерциялық емес сипаттағы өзге де функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекет
құрған және қаржыландырудың қосымша көздері Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленбесе, тек қана бюджет немесе Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын коммерциялық
емес ұйым;
16) мемлекеттік мекемені немесе қазыналық кәсіпорынды жедел басқару
құқығы (бұдан әрі – жедел басқару құқығы) – мемлекеттен меншік иесі ретінде
мүлік алған және өз қызметінің жарғылық мақсаттарына, уәкілетті мемлекеттік
органдардың тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес осы мүлікті
иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінде, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де
заңдарында белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік мекеменің немесе
қазыналық кәсіпорынның заттық құқығы;
17) мемлекеттік мүлік – республикалық және коммуналдық мүлік;
18) мемлекеттік мүлікті басқару – мемлекеттің (Қазақстан
Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бөліністің) мемлекеттік меншік
құқығын және өзге де мүліктік құқықтарды жүзеге асыруы;
19) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі
– мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мүлікті қоспағанда, республикалық мүлікті
басқару, мемлекеттің республикалық мүлікке құқығын іске асыру, экономиканың
стратегиялық маңызы бар салаларында меншікті және стратегиялық объектілерді
жекешелендіру мен мемлекеттік мониторинг жүргізу саласындағы басшылықты өз
құзыреті шегінде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
20) мемлекеттік мүлікті есепке алу – осы Заңның 15-тарауында
көзделген қағидаларға сәйкес мемлекеттік мүлік тізілімін қалыптастыру үшін
есепке алу объектілері туралы ақпаратты жинау мен қорытудың ретке
келтірілген жүйесі;
21) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор –
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған, өзіне мемлекеттік
мүлікті ұйымдастыру мен есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты
іске асыру бойынша міндеттер жүктелген заңды тұлға;
22) мемлекеттік мүлік тізілімі – мемлекеттік мүлікті есепке алудың
бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесі;
23) мемлекеттің мүліктік құқықтары – мемлекеттің мыналарды:
мемлекеттік меншік құқығын;
мемлекеттің өзге де заттық құқықтарын (сервитутты, жалға алуды,
мүлікті өтеусіз пайдалануды және басқаларын);
мемлекеттің міндетті құқықтарын (талап ету құқықтарын);
мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілеріне ерекше құқықтарды;
мұрагерлік құқықтарды;
мемлекеттің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де
мүліктік құқықтарын қамтитын мүлікке құқықтары;
24) мүдделер қайшылығы – байқау кеңесі мүшесінің жеке мүдделілігі мен
оның өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындауы немесе жеке және заңды
тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделері арасындағы осы заңды мүдделерге
зиян келтіре алатын қарама-қайшылық туындайтын кездегі жағдай;
25) мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару – жер
учаскесін мемлекеттік мүлік құрамына алып қоюға байланысты жеке тұлғаларға
немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі жер учаскесін немесе өзге
де жылжымайтын мүлікті алып қою, Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген ерекше жағдайларда және құны тең бағамен өтелген жағдайда
мемлекет мұқтажы үшін жүргізілетін реквизициялау, мемлекет меншігіне алу;
26) облыстық коммуналдық заңды тұлғалар – облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған
облыстық мемлекеттік кәсіпорындар мен облыстық мемлекеттік мекемелер;
27) облыстық коммуналдық мүлік – облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың мүлкі, оның ішінде облыстық бюджет және облыстық
коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мүлік, сондай-ақ
аудандық коммуналдық мүлікті қоспағанда, облыстық коммуналдық заңды
тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік;
28) реквизициялау – дүлей зілзала, авариялар, эпидемия, эпизоотия
жағдайында, соғыс жағдайындағы іс-қимыл кезеңінде немесе соғыс уақытында
және төтенше сипаттағы өзге де мән-жайлар кезінде мүліктің құнын меншік
иесіне төлей отырып, мүлікті мемлекеттік органдардың шешімі бойынша меншік
иесінен қоғам мүддесі үшін алып қою;
29) республикалық заңды тұлғалар – мүлкі республикалық меншікте
тұрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен республикалық мемлекеттік
мекемелер;
30) республикалық мүлік – коммуналдық мүлікті қоспағанда, Қазақстан
Республикасының мүлкі;
31) стратегиялық объект – қазақстандық қоғамның орнықты дамуы үшін
әлеуметтік-экономикалық маңызы бар мүлік, оны иелену және (немесе)
пайдалану және (немесе) оған билік ету Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздігінің жай-күйіне әсер етеді;
32) ұлттық басқарушы холдинг – ұлттық даму институттарының, ұлттық
компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық
капиталындағы қатысу үлестерін) тиімді басқару үшін құрылған, құрылтайшысы
және жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы Қазақстан
Республикасы болып табылатын акционерлік қоғам;
33) ұлттық даму институттары - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
шешiмiмен акционерлiк қоғамдардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған,
қызметiнiң басты мақсаты индустриялық-инновациялық даму және кәсiпкерлiктi
қолдау саласындағы жобаларды iске асыру болып табылатын қаржылық,
консалтингтiк, инновациялық, сервистiк ұйымдар;
34) ұлттық компания – Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті
атқарушы органдарының шешімімен құрылған, акцияларының бақылау пакеті
мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі және
қызметін ұлттық экономиканың негізін құрайтын салаларда жүзеге асыратын
немесе өңірлердің экономикасын дамытуға жәрдемдесу үшін құрылатын
(әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар) акционерлік қоғам;
35) ұлттық холдинг – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше
белгіленбесе, ұлттық компаниялардың және өзге де акционерлік қоғамдардың
акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық
капиталындағы қатысу үлестерін тиімді басқару үшін құрылған, құрылтайшысы

36) шаруашылық жүргізу құқығы – мемлекеттен меншік иесі ретінде мүлік
алған және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Заңда және
Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шекте осы мүлікті
иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын шаруашылық
жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы;
37) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын – мемлекет
шаруашылық жүргізу құқығында бөліп берген мүлкі бар және өз міндеттемелері
бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап беретін коммерциялық ұйым.
2-бап. Мемлекеттік мүліктің түрлері
1. Мемлекеттік мүлік республикалық және коммуналдық мүлік болып
бөлінеді.
2. Республикалық мүліктің құрамына:
1) мемлекеттік қазынаның мүлкі:
республикалық бюджеттің қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорының қаражаты;
республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де
мемлекеттік мүлік;
2) республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік кіреді.
3. Коммуналдық мүліктің құрамына:
1) жергілікті қазынаның мүлкі:
жергілікті бюджеттің қаражаты;
коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық
мүлік;
2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік кіреді.
3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы
заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасы
Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Мемлекеттік мүліктің құқықтық режимі Қазақстан Республикасының

заңдарында айқындалады.
2. Республикалық мүлік Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде, ал
коммуналдық мүлік – осы әкімшілік-аумақтық бөліністен немесе Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
шешімдеріне сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген
басқа да негіздер бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болуы
мүмкін.
3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі Қазақстан Республикасы
мемлекеттік мүлкінің құқықтық режимі, егер Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шарттарда немесе Қазақстан Республикасының
заңдарында өзгеше көзделмесе, осы мүлік орналасқан шет мемлекеттің
заңнамасында айқындалады.
4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта
осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық
шарттың қағидалары қолданылады.
4-бап. Осы Заңның реттеу нысанасы
1. Осы Заң мемлекеттің мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы
құқықтары мен міндеттерін айқындайды, мемлекеттің меншік құқығында
мемлекетке тиесілі мүлікті иеленуді, пайдалануды және оған билік етуді қоса
алғанда, мүліктік құқықты жүзеге асыру тәртібін, мемлекеттік мүлікке, оның
ішінде мүлікті мемлекет меншігіне алу және жекешелендіру кезінде құқықтарға
ие болу және тоқтату, сондай-ақ жеке тұлғалардың және мемлекеттік емес
заңды тұлғалардың оларды иелену және (немесе) пайдалану тәртібін
белгілейді.
2. Осы Заң мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті,
акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын және жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу
үлестерін және өзге де мемлекеттік мүлікті басқару тәртібін белгілейді.
3. Стратегиялық объектілердің құқықтық режимінің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Заңда және Қазақстан
Республикасының өзге де заңдарында айқындалады.
4. Бюджет қаражатына және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
қаражатына мемлекеттің құқықтарды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының
Бюджет кодексімен реттеледі. Осы Заңда көзделген мемлекеттік мүлік ұғымы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген ерекшеліктерімен қоса
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде пайдаланылатын мемлекет
активтері ұғымына қолданылады.
Мемлекеттік немесе жергілікті қазынаға жатқызылған өзге де мүлікке
мемлекеттің құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының
заңдарымен белгіленеді.
5. Тарих және мәдениет ескерткіштеріне, мәдени құндылықтарға
мемлекеттің құқықтарды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексімен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен
реттеледі.
6. Зияткерлік меншік объектілеріне мемлекеттің ерекше құқықтарды
жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және Қазақстан
Республикасының өзге де заңдарымен реттеледі.
7. Осы Заңның ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық
компаниялар және мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдингтер бақылайтын
өзге де заңды тұлғалар туралы ережелері, егер Ұлттық әл-ауқат қоры туралы
Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, Ұлттық әл-ауқат қорына
және Ұлттық әл-ауқат қорының тобына және оның бақылауындағы өзге де заңды
тұлғаларға қолданылады.
8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген,
өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету
құқығын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған заңды
тұлғалардың мүлкін басқаруды, сондай-ақ олардың қызметін реттеуді Қазақстан
Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.
5-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заңның күші:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттік мүлікке;
2) мемлекеттік мүлікті басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік
органдарға, мемлекеттік заңды тұлғаларға, сондай-ақ олар көзделген
жағдайларда – жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға;
3) Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы, Қазақстан
Республикасы астанасының мәртебесі туралы, Қазақстан Республикасындағы
арнайы экономикалық аймақтар туралы, Мемлекеттік материалдық резерв
туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекшеліктерді
ескере отырып, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық
мүлкін, арнайы экономикалық аймақтың мемлекеттік мүлкін, мемлекеттік
материалдық резервті басқару жөніндегі қатынастарға қолданылады.
6-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару принциптері
Мемлекеттік мүлікті басқару:
1) заңдылық;
2) есеп берушілік және бақылауда болу;
3) жариялылық;
4) мемлекеттік мүлікті қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану;
5) бәсекелестікті дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету
принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
7-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару субъектілері
1. Мемлекеттік мүліктің түріне қарай мемлекеттік мүлікті басқаруды
Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық
бөлінісі жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының атынан
мемлекеттік мүлікті басқаруды ұйымдастырады және республикалық мүлікті
басқарады.
3. Жергілікті атқарушы органдар әкімшілік-аумақтық бөліністің атынан
коммуналдық мүлікті басқаруды жүзеге асырады.
8-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару
1. Республикалық мүлікті басқару кезінде Қазақстан Республикасының
Үкіметі осы Заңның 2-тарауында және осы мемлекеттік органдардың мәртебесін
айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, ережелерде және
өзге де актілерде белгіленген өздерінің құзыреті шеңберінде республикалық
мүлікке Қазақстан Республикасының құқықтарын іске асыру бойынша Қазақстан
Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
2. Коммуналдық мүлікті басқару кезінде жергілікті атқарушы органдар
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Заңның 2-тарауында және
осы мемлекеттік органдардың мәртебесін айқындайтын Қазақстан
Республикасының өзге де заңдарында, ережелерде және өзге де актілерде
белгіленген өздерінің құзыреті шеңберінде коммуналдық мүлікке құқықтарын
іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылын
ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің коммуналдық мүлікке қатысты
құзыреті осы Заңның 11-бабында және Қазақстан Республикасының өзге де
заңнамасында айқындалады.
3. Республикалық және коммуналдық мүліктің сақталуына бақылау жасауды
тиісті салалардың уәкілетті органдарының және облыстық бюджеттерден,
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен
қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметі жүзеге асырады.
Мемлекеттік мүліктің сақталуына бақылау жасауды мемлекеттік қаржылық
бақылаудың өзге де органдары жүзеге асыруы мүмкін.
4. Мемлекеттік мүлік шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару
құқығында мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілуі мүмкін.
5. Мемлекет (Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық
бөлініс) акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің
және мемлекеттік заңды тұлғалардың құрылтайшысы (акционері, қатысушысы)
болуы мүмкін.
Мемлекеттің өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда коммерциялық ұйымдар
болып табылатын Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының құрылтайшысы
(қатысушысы, салымшысы, мүшесі) болуына жол берілмейді.
6. Мемлекет (Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық
бөлініс) коммерциялық емес ұйым болып табылатын мемлекеттік қордың
құрылтайшысы болуы мүмкін. Мемлекеттік қорды, сондай-ақ мемлекет қатысатын
өзге де ұйымдық-құқықтық нысандардағы басқа да коммерциялық емес ұйымдарды
құру және олардың қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
9-бап. Мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен
екіншісіне беру
1. Мүлікті республикалық мүлік құрамынан коммуналдық мүлік құрамына
немесе керісінше беру мүлікке мемлекеттің құқығын тоқтатуға әкеп соқпайды,
бірақ Қазақстан Республикасының республикалық мүлікке құқығын тоқтатуға
және әкімшілік-аумақтық бөліністің коммуналдық мүлікке құқыққа ие болуына
немесе әкімшілік-аумақтық бөліністің коммуналдық мүлікке құқығын тоқтатуға
және Қазақстан Республикасының республикалық мүлікке құқыққа ие болуына
негіз болып табылады.
2. Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік
мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
10-бап. Коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік
басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру
1. Коммуналдық мүлік жергілікті мемлекеттік басқару деңгейі бойынша
облыстық коммуналдық мүлік және аудандық коммуналдық мүлік болып бөлінеді.
Аудандық коммуналдық мүліктің құрамына, атап айтқанда, осы Заңның 23,
24, 26, 30, 31 және 32-баптарында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік
меншікке түскен мүлік кіреді.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық мүлкін
жергілікті мемлекеттік басқару деңгейі облыстың коммуналдық мүлкін
жергілікті мемлекеттік басқару деңгейіне теңестіріледі. Республикалық
маңызы бар қалада және астанада коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік
басқару аудандық деңгейге бөлінбейді және құрылмайды. Егер Қазақстан
Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, коммуналдық мүлікті басқару
жөніндегі ауданның жергілікті атқарушы органының осы Заңда көзделген
құзыретін республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың жергілікті
атқарушы органы жүзеге асырады.
Облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкін жергілікті мемлекеттік
басқару деңгейі ауданның коммуналдық мүлкін жергілікті мемлекеттік басқару
деңгейіне теңестіріледі.
2. Коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір
деңгейінен екіншісіне мемлекеттік мүлікті беру облыстың жергілікті атқарушы
органының шешімімен жүзеге асырылады.
3. Коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген коммуналдық
мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне
мемлекеттік мүлікті беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне жататын облыстық коммуналдық
заңды тұлғалардың мүліктік кешендері, акционерлік қоғамдардың акциялары мен
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу
үлестері аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы
органдарының өтініштері негізінде облыстың жергілікті атқарушы органының
шешімі бойынша аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі;
2) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкі аудандардың, облыстық
маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өтініштері негізінде
облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша аудандық коммуналдық
мүлік деңгейіне беріледі;
3) аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне жататын аудандық коммуналдық

органдарының шешімдері және облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі
негізінде облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беріледі;
4) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкі аудандардың, облыстық
маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының және облыстың
жергілікті атқарушы органының шешімдерінің негізінде облыстық коммуналдық
мүлік деңгейіне беріледі.
4. Коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір
деңгейінен екіншісіне мемлекеттік мүлікті беру туралы шешім қабылданғаннан
кейін мүлікті беретін және қабылдайтын тараптардың уәкілетті лауазымды
адамдары қол қоятын және облыстардың, аудандардың, облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы органдарының басшылары бекітетін беру актісі
отыз күн мерзімде ресімделеді.
Беру актісі оны ресімдеуге қатысатын әрбір тарап үшін екі данадан,
қазақ және орыс тілдерінде төрт данада жасалады.
5. Осы баптың қағидалары, егер Қазақстан Республикасының заңдарында
өзгеше қағидалар белгіленбесе, мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп
берілмеген коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір
деңгейінен екіншісіне беруге қолданылады.
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ
ҚҰЗЫРЕТІ
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік
мүлікті басқару саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттік мүлікті тиімді басқару саясатын жүзеге асырады;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласында
нормативтік құқықтық актілер шығарады;
3) мемлекеттік мүлікті басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану
жөніндегі шараларды әзірлейді және жүзеге асырады, мемлекеттік меншік
құқығын қорғауды қамтамасыз етеді;
4) Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы)
болып табылатын республикалық заңды тұлғаларды, ұлттық басқарушы
холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды, сондай-ақ өзге де
акционерлік қоғамдарды және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құру,
қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешімдер қабылдайды;
5) стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен
ауыртпалық салуға рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту не оларды
иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
6) акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң,
ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму
жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен
оны бағалау тәртібін айқындайды;
7) мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын
әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау
тәртібін айқындайды;
8) акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің,
ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму
жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін
айқындайды;
9) мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму

10) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер
учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың
басталуы немесе жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты
жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың тоқтатылуы туралы қаулы қабылдайды;
11) кәсіпорындарды мүліктік кешендер ретінде немесе нарықта үстем
немесе монополиялық жағдайға ие, табиғи монополия субъектілері немесе нарық
субъектілері болып табылатын ұйымдардың мемлекетке тиесілі акциялары мен
жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін жекешелендіру туралы шешім
қабылдайды;
12) республикалық мемлекеттік мүлікті жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамның акцияларын
төлеуге беру туралы шешім қабылдайды;
13) акционерлік қоғамның акцияларын және жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін республикалық
мүліктің құрамына сатып алу туралы шешім қабылдайды;
14) мемлекеттің акционер (қатысушы) ретінде ұлттық басқарушы
холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды, мемлекет қатысатын
өзге де акционерлік қоғамдарды және жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктерді басқаруға қатысу құқығын жүзеге асырады немесе осы құқықты
мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға береді;
15) жұмылдыру мұқтаждары, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайларды жою жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қабылдау,
гуманитарлық көмек көрсету және нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін
мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану
туралы шешім қабылдайды;
16) Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де
заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген
өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
12-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі құзыреті
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген
мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік
құқықтық актілерді шығарады;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген
мемлекеттік мүлікті басқарады, мемлекеттік меншік құқығын қорғауды
қамтамасыз етеді;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген
мүлікті иеліктен шығаруды жүзеге асырады, мүліктік жалдауға (жалға алуға),
сенімгерлікпен басқаруға береді;
4) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды
құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және оларды тарату, иеліктен шығару
туралы шешім қабылдайды;
5) Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің өзіне жүктелген функцияларын жүзеге асыруға ықпал ететін және
(немесе) қаржы нарығының инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын
акционерлік қоғамдардың құрылтайшысы болады, мемлекеттің акционерлік
қоғамды басқаруға акционер ретінде қатысу құқығын жүзеге асырады, сондай-ақ
осы акционерлік қоғамдардың акцияларына ие болу не иеліктен шығару туралы
шешім қабылдайды;
6) Қазақстан Республикасының атынан өзі құрған мемлекеттік
кәсіпорындардың мүлкіне қатысты республикалық меншік құқығының субъект
құқығын жүзеге асырады;
7) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің нысанасы мен
мақсаттарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу
немесе жедел басқару құқығындағы) дербес айқындайды, олардың жарғысын, оған
енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
8) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (ол
өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше
тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық
берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;
9) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және
олардың қызметі бойынша есептерді қарайды және бекітеді, сондай-ақ олардың
қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізуді жүзеге асыруға құқылы;
10) өзі құрған мемлекеттік кәсіпорындар өндіретін және сататын
тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын келіседі
немесе белгілейді;
11) мемлекеттік мүлік тізіліміне мемлекеттік мүлік объектілері туралы
мәліметтерді береді;
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және
Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асырады.
13-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті
органның құзыреті
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган:
1) мемлекеттік мүлікті басқару саласында мемлекеттік саясатты
қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдайды, өз құзыреті шегінде
мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді
әзірлейді, бекітеді;
2) мемлекеттік мүлікті басқаруға талдау жасауды және оны бағалауды
жүзеге асырады;
3) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып:
акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң,

оны бағалау;
мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі

әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны
бағалау;
акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің,

жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну;
мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының
орындалуы бойынша есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібін әзірлейді;
4) мемлекеттік органдардан, мемлекет қатысатын акционерлік
қоғамдардан, жауапкершілігі шектеулі серіктестерден мемлекеттік мүлікті
басқаруға дәйекті және объективті талдау жасау үшін қажетті ақпаратты
сұратады және алады;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан
Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
14-бап. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның
құзыреті
Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы
нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
2) республикалық мүліктің нысаналы және тиімді пайдаланылуына
бақылауды жүзеге асырады;
3) республикалық мүліктің жекешелендірілуін жүзеге асырады, оның
ішінде республикалық мүлікті жекешелендіру туралы шешім қабылдайды,
объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде республикалық мүліктің
сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін
делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді,
жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды
және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге
асырады;
4) Қазақстан Республикасының атынан республикалық заңды тұлғаларға
қатысты республикалық меншік құқығының субъект құқығын жүзеге асырады;
5) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша республикалық
мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын, сондай-ақ осындай
қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін
(шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды және
республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғысын, оған енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
6) республикалық заңды тұлғаға берілген немесе шаруашылық қызметінің
нәтижесінде ол ие болған мүлікті тиісті саланың уәкілетті органымен келісім
бойынша алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
7) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері
бойынша анықталған, республикалық заңды тұлғалардың артық, пайдаланбайтын
не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін, бақылауды жүзеге асырған кезден
бастап алты ай өткен соң тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз
алып қоюды жүзеге асырады;
8) республикалық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп
ұстау және оны кейіннен баланстан шығара отырып өзге тұлғаға бергенге дейін
сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
9) республикалық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды
тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру
құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;
10) тиісті саланың уәкілетті органына республикалық заңды тұлғаны
қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруға келісім береді;
11) республикалық мемлекеттік кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті
(ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше

12) республикалық мүлік мәселелері бойынша мемлекеттің мүддесін
білдіреді, Қазақстан Республикасына тиесілі мүліктік құқықтарды қорғауды
жүзеге асырады;
13) республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті
мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізеді;
14) Қазақстан Республикасына тиесілі акцияларға дивидендтердің
уақтылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық
капиталындағы қатысу үлесі Қазақстан Республикасына тиесілі жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында таза табыстың бөлінуіне
бақылауды жүзеге асырады;
15) Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң
мемлекеттiк мониторингi туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік
мониторингін жүзеге асырады;
16) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, Қазақстан Республикасы
қатысатын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің
мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
17) сенімгерлікпен басқарушының республикалық мүлікті сенімгерлікпен
басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге
асырады;
18) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік
қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ
республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болады;
19) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша акционерлік
қоғамдардың орналастырылатын акцияларына төлем жасауды және Қазақстан
Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақша енгізу жолымен жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына салымды, сондай-ақ
республикалық мүлікті, оның ішінде акцияларды, қатысу үлестерін енгізуді
жүзеге асырады;
20) Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан мемлекеттің акционерлік
қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға акционер
(қатысушы) ретінде қатысу құқықтарын жүзеге асырады;
21) жалғыз акционері (қатысушысы) Қазақстан Республикасы болып
табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің) тиісті директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына
өз өкілін тағайындайды, ал Қазақстан Республикасы қатысатын өзге де
акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде –
директорлар кеңесіне немесе байқау кеңестеріне кандидатураны акционерлердің
немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысына
бекітуге ұсынады;
22) осы Заңның 5-тарауында белгіленген жағдайлар мен шарттарда
мемлекет меншігіне алынатын мүлікке өтем төлейді;
23) мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді;
24) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен
мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізеді және мемлекеттік мүлік тізілімін
пайдаланушыларға ақпарат ұсынады;
25) мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік мүліктің бірыңғай
есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді және
ұйымдастырады;
26) Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес республикалық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу
туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде
конкурс өткізеді;
27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында,
Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің

15-бап. Тиісті саланың уәкілетті органының құзыреті
Тиісті саланың уәкілетті органы:
1) тиісті саладағы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік
саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде тиісті салада
мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді
әзірлейді, бекітеді;
2) республикалық мемлекеттік кәсіпорындар және Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын
жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;
3) республикалық мемлекеттік мекеме қызметінің нысанасы мен мақсатын
айқындайды;
4) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық
мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындау бойынша,
сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік
кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық
кәсіпорын) айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және
оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, осы Заңда көзделген жағдайларда
келіседі және бекітеді;
6) республикалық заңды тұлғалар мүлкінің сақталуын және республикалық
мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге
асырады;
7) акционері мемлекет болып табылатын тиісті саладағы ұлттық
басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму
стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуын бақылау мен және талдауды
жүзеге асырады;
8) тиісті саладағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың,
мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге
асырады;
9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық заңды
тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып
алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;
10) республикалық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
11) республикалық мемлекеттік мекемелердің жарғысын (ережесін), оған

12) республикалық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін
бекітеді;
13) республикалық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және сататын
тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілейді;
14) республикалық мемлекеттік мекемелерді республикалық бюджеттен
қаржыландыру жоспарларын бекітеді;
15) республикалық мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер
құруына келісім береді;
16) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша
республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге
асырады;
17) Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіге ие
болудың басым құқығын іске асыру туралы шешімінің жобасын әзірлейді;
18) акциялардың мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталындағы қатысу
үлестерін) иелену және пайдалану құқықтары өзіне берілген жағдайларда,
мемлекет жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылатын, акционерлік
қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тиісті директорлар
кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына өз өкілін тағайындайды, ал мемлекет
қатысатын өзге де акционерлік қоғамдарда және жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктерде директорлар кеңестеріне немесе байқау кеңестеріне
кандидатураны акционерлердің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік
қатысушыларының жалпы жиналысына бекітуге ұсынады;
19) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның өкілін мемлекет
қатысатын акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің немесе мемлекет
қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің құрамына
енгізу үшін қажетті шараларды қамтамасыз етеді немесе қабылдайды;
20) мәліметтерді, оның ішінде, өзінің басқаруындағы мемлекеттік заңды
тұлғалардың және оларға қатысты мемлекеттің акционер (қатысушы) ретінде
басқаруға қатысу құқығын өзі жүзеге асыратын мемлекет қатысатын заңды
тұлғалардың атаулы тізбесін, бұл мәліметтерді мемлекеттік мүліктің
тізілімінде көрсету үшін дайындайды;
21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында,

актілерінде айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
16-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар
қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдарының
коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың,
аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органы:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің коммуналдық мүлікті басқару
мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін
қарайды;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің коммуналдық мүлкін дамытуға
бағытталған ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлейді;
3) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу туралы шарттардың
жобаларын келіседі.
17-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың жергілікті атқарушы органдарының
құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың
жергілікті атқарушы органдары:
1) өз құзыреті шегінде облыстық коммуналдық мүлікті басқару
саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
2) аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында өздерінің
құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жұмысын үйлестіреді;
3) облыстық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі
шараларды жүзеге асырады;
4) облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы шешім
қабылдайды;
5) Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық
өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау
жөнінде конкурс өткізеді;
6) облыстық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және
тарату туралы, сондай-ақ акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктерге қатысуы, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату,
акционерлік қоғамдардың өздеріне тиесілі акцияларын, жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен
шығару туралы шешімдер қабылдайды;
7) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесін), оған
енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді немесе жергілікті
бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке билік етуге
уәкілетті атқарушы органға оcыған уәкілеттік береді;
8) облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметінің басым бағыттарын
және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің)
міндетті көлемдерін айқындайды;
9) облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың
орындалуы жөніндегі есептерін қарайды, бекітеді және осы Заңда көзделген
жағдайларда келіседі;
10) облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын
акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму
жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;
11) облыстық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды
тұлғаларға бекітіп береді;
12) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдар мен өкілдіктер
құруына келісім береді;
13) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің
жарғылық капиталына не акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге беру
туралы шешім қабылдайды;
14) акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін облыстық
коммуналдық мүлік құрамына сатып алу туралы шешім қабылдайды;
15) осы Заңның 10-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен
облыстық коммуналдық мүлікті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың
коммуналдық мүлкінің деңгейіне беру туралы шешім қабылдайды;
16) тарих және мәдениет ескерткіштерін меншік иесінен алып қою туралы
талап-арызбен сотқа жүгіну туралы шешім қабылдайды;
17) облыстық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны
кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға
беру туралы шешім қабылдайды;
18) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде осы
Заңның 4-тарауында белгіленген талаптар бойынша реквизициялау туралы шешім
қабылдайды;
19) осы Заңның 4-тарауында белгіленген жағдайларда және талаптарда
реквизицияланатын мүлікке ақшалай өтем төлейді;
20) осы Заңның 6-тарауында белгіленген жағдайларда жер учаскесін
мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де
жылжымайтын мүлікті иеліктен шығарған кезде өтем төлейді;
21) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер

басталуы туралы немесе мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың
тоқтатылуы туралы қаулы қабылдайды;
22) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер
учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарт жасайды;
23) облыстық коммуналдық мүліктің пайдаланылуына және сақталуына
бақылауды қамтамасыз етеді;
24) облыстық коммуналдық мүліктің есепке алынуын ұйымдастырады, оның
тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
25) облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның
ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады,
жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру
объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-
сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
26) облыстық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік
емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен
меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға),
сенімгерлікпен басқаруға береді;
27) сенімгерлікпен басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті
сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындауын бақылауды
жүзеге асырады;
28) өзіне осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де
заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
18-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың
жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы
органдары:
1) өз құзыреті шегінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару
саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді
әзірлейді, бекітеді;
2) аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі
шараларды жүзеге асырады;
3) аудандық коммуналдық мүлік объектілерінің тізбесіне енгізілген,
облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімімен жекешелендіру
жүргізілуі мүмкін аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша
облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімін алады;
4) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы шешім

сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық

6) аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz