Ақыл-ой тәрбиесінің мақсат, міндеттері мен құралдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ақыл-ой тәрбиесі

Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесі мен дамуы.

Олардың өзара байланысы.

Ақыл-ой тәрбиесі - тәрбие жұйесінің маңызды бір құрамдас бөлігі. Себебі жеке тұлғаның қальптасып дамуы оның білім алу және оқу әрекеттерімен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Яғни, баланың рухани дамуының негізі ақыл-ой тәрбиесінен басталады.

Ақыл-ой тәрбиесінде, балаларға білім беру барысында олардың танымдық қабілеттері артады (байқағыштық, зейінділік, естесақтау, шығармашылық қиял, сөйлеу, ойлау) .

Білім мен ақыл - егіз. Білім - ақылдың ажар-көркі. Оны халқымыздың «Ақыл азбайды, білім тозбайды» деген мақалынан көруге болады. Ұлы ғұлама әл-Фараби: «Ақылды болу үшін ғылым меңгеру, әнерге жетілу қажет» деп, «Білімді болу деген сөз, ол белгісіз» нәрсені біледі және қабілеті, дарыны арқылы басқа белгісіз нәрселерді өз бетінше аша алады», - деп түсіндірген.

С. Торайғыров «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» демекші, қазақ халқының біртуар ұлдары, ағартушы-педагогтары да өз халқының сауаттылығын, білімді және мәдениеттілігін аңсаған.

«Білім - мақсат емес, қару », - деп орыс жазушысы Л. Толстой айтқандай, ең алдымен білуге, білімге ұмтылу жақсы қасиет екенін ұмытпауымыз керек.

Көне грек философы Сократ: «Білмеген масқара емес, білгісі келмеу ұятсыздық» десе, оның шәкірті Платон: «Ештемені білмейтін және бірдемені білейінші деп талпынбайтын адам - өте жаман адам, оның бойына екі кесел бірден ұялаған>>, - дейді.

Ендігі жерде «ой», «ойлау» ұғымдарына келсек, бұл өте күрделі, қайшылыққа толы, сан қырлы ұғым. Философиялық еңбектерде бұған анықтама, әртүрлі пікірлер қарама қайшылықта берілген.

« Бой жетпеген жерге ой жетеді, қырап жетпеген жерге қиял жетеді» деп халқымыз бекер айтпаған. Ойлай білуге, дұрыс ойлауға жастарды ерте кезден, жасынан машықтандырған абзал. Ол үшін, алдымен ой-өрісін айналадағы қоршаған дүниені, табиғатты, бірте-бірте қоғамды, сонымен қатар өзінің ойлау қабілетін тани бастаған жөн. Бұл процесс бір-бірімен тығыз байланыста жүргізіледі.

Бұл бағытта отбасы, балабақша, мектеп, тіпті жоғарғы оқу орындарының ойлау қабілеті жетілмеген студенттерді кездестіруге болады. Оқытудағы негізгі міндеттің бірі -адамзат ғасырлар бойы жасап келген Ұшан-теңіз материалдық және рухани байлықтарды игеру. Ол диалектика-лық ойлау негізінде жүзеге асырылады.

Ал психология саласындағы еңбектерге келсек, «Адам ойлаудың арқасында заттар мен шындық қүбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелейді . Ойлау - әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс» деген анықтама беріледі.

Барлық танымдық процестердің арасында ой ең күрделісі болып есептеледі. Ойдың ерекшеліктері оны қабылдаумен салыстырғанда айқын көрінеді.

Ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс болғанымен, ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады.

«Ойлау дегеніміз - белгілі бір дәрежедегі мидың дамуының нәтижесі»

«Ойлау - мидың желісі».

Ми жануарларда да бар. Одан адам миының ерекшелігі, өмір сүрген ортасы, онымен қарым-қатынасы бар. Яғни, ойлау - қарым-қатынас нәтижесі. Ол үшін ата-аналар мен мектеп мұғалімдері балаларды дұрыс ой-лай білуге үйрету, дағдыландыру қажет.

«Ой жанымның жоғары сатысы бола отырып, сезімдік әсерленумен және практикамен ажырамастай байланысқа түседі. Жекеленген фактілерді немесе дүниедегі құбылыстарды қабылдай отырып, адам оларды ойша өңдейді және сөйтіп олардың әрқайсысының мәнісі мен өзара байланысын танып біледі >>.

«Ойлау - дүние құбылыстары мен заттарын олардың әр түрлі байланысы мен қатынастарында танып білу.

Шындықта болатын байланыстардың себептік, мақсаттық, жағдайлық, қатынастық, т. б. тәрізді категориясы адам тәрбиесінде танылып, белгілі тілдік формалармен аталып отырады ».

Қорыта айтқанда, « . . . ақыл-ой дегеніміз - адам бойындағы білім, санасы, ыстық сезімімен бірге оның адамдық қасиеті».

Ақыл-ой тәрбиесінің мақсат, міндеттері мен құралдары

Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты:

- жеке тұлғаның сана-сезімі мен рухани жан дүниесін дамыту;

- адамзат жасаған материалдық және рухани байлықтарды меңгерту;

- оларды өмірде, практикада қолдана білуге үйрету, дағдыландыру;

- баланы логикалық тұрғыда дұрыс ойлай білуге үйрету. Оның міндеттері қандай?

1. Оқушыларды қазіргі заман талаптарына сай ғылым негіздерімен терең және берік қаруландыру.

2. Білім беру негізінде оқушыларда ғылыми-материалистік көзқарасты қалыптастыру.

3. Балалардың таным қабілеттерін дамыту.

4. Оқушыларды ғылымның кейбір қарапайым әдістерімен таныстырып, өздігінен оқудың тиімді амалдарын меңгеруге үйрету.

5. Балалардың білімге қызығуын арттырып, олардың бойында өздігінен білім алуды қажетсінуді қалыптастыру.

6. Ақыл-ой еңбегінің жалпы мәдениетін арттгыру.

Ақыл-ой тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі құралы-мектептегі оқыту, ғылымға негізделген оқу пәндері. Өйткені ақыл-ой тәрбиесі көзделген мақсат-міндеттер оқыту процесіне іске асады.

Ақыл-ой тәрбиесі және халықтық тәлім-тәрбие

Халықтық тәлім-тәрбие оның тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты. Әр елдің тұрмыстағы әдет-ғұрпы, ой-санасы халық тағдырымен ұштасып жатады.

Қазақ халқы өскелең жас ұрпаққа ақыл-ой тәрбиесін беруде, ой-санасын дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы ерекше болған. Ғалым А. Э. Измаилов халықтық тәлім - тәрбие жайында: «Қазақ халқының тәрбие саласындағы тәжірибесі көбінесе ұрпақтан-ұрпаққа ауызша түрде жалғасып, халық ертегілерінде, аңыздарында, жырларында, мақал-мәтелдерінде сақталып ұлттың салт-дәстүрлері арқылы өзінің көрінісін беріп отырады », - дейді.

Тұрмыстық-мәдени жағдайларға сай туып, қалыптас қ ан дүниетаным, білім, тәжірибе айтыс жанрларында, оның ішінде, әсіресе жұмбак, айтыстарда, ауыз әңгімелерде, халқымыздың ой-қиялынан, сана-сезімінен туған батасөздерінде, төрт түлікке сай өлең-жырларында ерекше маңызға ие болған. Жұмбақ айтысының өзінде қанша тапқырлық, ақыл-ой тәрбиесі барын көруге болады .

Сонымен қатар, қазақ халқы өзінің өмір тіршілігі , күнкөріс кәсібімен байланысты жыл мезгілі құбылыстарының ерекшеліктерін бақылау, табиғатқа және жұлдыздарға қарап ауа райын алдын ала болжау қасиетте-рінің арқасында дараланған. Осының бәрі ұрпақтың ақыл-ой тәрбиесін қалыптастыруда ерекше орын алған.

Ақыл-ой тәрбиесі және жаңашыл педагогтар қызметінің маңызы

Балалардың ақыл-ой тәрбиесін дамытуда жаңашыл педагогтар қызметінің қоғамдық маңызы мен мәні зор.

Қазіргі таңда әлеуметтік-экономика саласындағы, білім беру жүйесіндегі жайбарақатшылық пен тоқмейшілікке және формализмге қарсы маңызды жұмыс ақыл-ой тәрбиесі болыптабылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Қазіргі қоғамдағы ақыл-ой тәрбиесінің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы жайлы
Сенсорлық білім - сенсорлық танымның қалыптасуын және сезімдер мен қабылдауды жетілдіруді қамтамасыз ететін мақсатты педагогикалық әсерлер
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Тұтас педагогикалық процестегі оқушылардың процестегі ақыл-ой тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
Педагогиканың дәрістері
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу жолдарын анықтау
Қазіргі қоғамдағы ақыл-ой тәрбиесінің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы
Ақыл-ой және танымдық ойындар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz