Ойыншықтар технологиясы



1. Ойыншықтар технологиясы
2. Жұмсақ ойыншықтарды қалай күтеміз?
3. Қолдан жасалған ойыншықтар өндірісі
Адамзат қанша жыл өмір сүір келе жатса, ойыншықтарға да соншама жыл. Алғашқы сәбилерді де ойнатып, тыныштандырды емес пе. Басында ол қызық формадағы тастар мен ағаштық бұтақтары болса, артынан ойыншықтарды жасай бастады. Ал бұл процесс уақыт өте күрделене түсті. Тарихи кезеңіне және мәдениетіне қарай, қуыршақтардың түр-түрін дайындады. Мысалы, 5000 жылдан астам жасы бар ең алғашқы мысыр қуыршақтарының табиғи шашы, қозғалатын қолы мен аяғы, киімі мен абыздардікіндей бас киімі болған. Алғашқы жұмсақ ойыншықтар 20 ғасырдың басында ғана пайда болды. Олардың арасындағы ең әйгілісі немістің Штайф фирмасы шығарған Teddy bear аюлары болды. Тедди көптеген балалардың айрылмас досы және серігі болып кетті.
Таныс болыңыздар, сіздердің алдарыңызда алғашқы Қазақстандық ойыншықтар. Айгөлек, Тазша бала, Күлегеш, Алдар көсе. Олардың лексиконында сөздер көп емес, бірақ балалармен қазақ тілінде сөйлеседі. Мысалы, Тазша бала ән салардың алдында баланың көңіл күйін сұрап, ойнауды ұсынады. Айгөлек, өз атынымен байланысты әнді орындайды. Бұл сәбилер сонымен қатар, Қазақстанда дайындалатындарымен де қызықты. Ойыншықтарды дайындау процесі эскизден басталады. Дизайнер – алдымен басында, сонан соң қағазда алғашқы болып болашақ персонаждарды ұсынуы керек. Ол әрбір элементті тиянақты түрде салуы тиіс. Біздің кейіпкерлердің эмоциялары, өздеріңіз көріп отырғандай игілікті. Көздері жанып, езулері езіліп тұр. Әрі қарай, шеберлер әрбір кішкене бөлшектің түсін қалай жасау керек екенін шешеді. Бірақ бұл істе немқұрайдылық деген болмау керек. Қарапайым адамға терісінің түсі сары, ерні қызыл, ал көзінің ақтары – ақ түсті болып көрінер. Бірақ, шын мәнінде адам терісінің табиғи түсін шығару үшін бірнеше түсті пайдаланады.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ойыншықтар технологиясы
Адамзат қанша жыл өмір сүір келе жатса, ойыншықтарға да соншама жыл. Алғашқы сәбилерді де ойнатып, тыныштандырды емес пе. Басында ол қызық формадағы тастар мен ағаштық бұтақтары болса, артынан ойыншықтарды жасай бастады. Ал бұл процесс уақыт өте күрделене түсті. Тарихи кезеңіне және мәдениетіне қарай, қуыршақтардың түр-түрін дайындады. Мысалы, 5000 жылдан астам жасы бар ең алғашқы мысыр қуыршақтарының табиғи шашы, қозғалатын қолы мен аяғы, киімі мен абыздардікіндей бас киімі болған. Алғашқы жұмсақ ойыншықтар 20 ғасырдың басында ғана пайда болды. Олардың арасындағы ең әйгілісі немістің Штайф фирмасы шығарған Teddy bear аюлары болды. Тедди көптеген балалардың айрылмас досы және серігі болып кетті.
Таныс болыңыздар, сіздердің алдарыңызда алғашқы Қазақстандық ойыншықтар. Айгөлек, Тазша бала, Күлегеш, Алдар көсе. Олардың лексиконында сөздер көп емес, бірақ балалармен қазақ тілінде сөйлеседі. Мысалы, Тазша бала ән салардың алдында баланың көңіл күйін сұрап, ойнауды ұсынады. Айгөлек, өз атынымен байланысты әнді орындайды. Бұл сәбилер сонымен қатар, Қазақстанда дайындалатындарымен де қызықты. Ойыншықтарды дайындау процесі эскизден басталады. Дизайнер - алдымен басында, сонан соң қағазда алғашқы болып болашақ персонаждарды ұсынуы керек. Ол әрбір элементті тиянақты түрде салуы тиіс. Біздің кейіпкерлердің эмоциялары, өздеріңіз көріп отырғандай игілікті. Көздері жанып, езулері езіліп тұр. Әрі қарай, шеберлер әрбір кішкене бөлшектің түсін қалай жасау керек екенін шешеді. Бірақ бұл істе немқұрайдылық деген болмау керек. Қарапайым адамға терісінің түсі сары, ерні қызыл, ал көзінің ақтары - ақ түсті болып көрінер. Бірақ, шын мәнінде адам терісінің табиғи түсін шығару үшін бірнеше түсті пайдаланады.
Персонажды анықтаған соң, қызықты процестердің бірі - киім жасау басталады. Қуыршақтардың гардеробында комбинезондар, шалбарлар, көйлектер, шортылар бар. Қуыршақтардың сонымен қатар ұлттық киімдері де бар. Мысалы, тарихи персонаждардың экипировкасында оқтар, садақ, қорамсақ болады. Немесе ұлттық музыкалық аспап домбыра.
Эскиздер бекітілісімен процесс тігін фабрикасында басталады. Мұнда қуыршақтарымыздың киім-кешектері жасалады.
Киіндіру процесін бастамас бұрын аздап тарихқа үңілейік. Орыс отбасыларын да қуыршақ дәстүрлі ойыншық болған. Қуыршақтармен қыздар ғана емес, сонымен қатар 7-8 жасқа дейінгі ер балалар да ойнаған. Ең кішкентайларына қуыршақты аналары мен әжелері тігіп беретін болған, ал өскен соң олар өздері тігіп ала береді. Соның нәтижесінде қыз бала бес жасында қуыршақты өзі тігіп алатын болған, сөйтіп қолөнерді игере бастаған. Ал біз шеберлер алдын-ала дайындалған лекалалармен пішіп, кесіп дайыдық жүргізіп жатқан тігін цехымызға оралайық.
Лекало дегеніміз - өнім бөлшектерінің үлгісі. Оларды матаның үстіне қойып, шебер одан қанша шалбар немесе кофта кесіп шығаруға болатынын көреді. Кез келген зат әртүрлі бөлшектен құрастырылады еме пе. Мысалы, Күлегештің кофтасы алдыңғы жағы, арқасы және екі жеңінен тұрады. Оларды құрастырсаң дайын киім аласың. Барлығы кесіліп болған соң, оларды цех бойынша таратады. Ою-өрнектері бар бөлшектерді тамбурлы тігіске жібереді. Күлегештің киімінде оюөрнек өте көп. Киім түзу және әдемі болып шығу үшін, кестелеуші алдымен үлгі қойып алады. Мұнда барлық сурет бойынша кішкене және жиі етіп тесіктер жасалған, содан кейін бөлшекке бор себіледі. Үлгіні алып тасғанда шебер суреттің айқын бейнесін көреді. Егер ол түрлі-түсті болса, тігін жұмысы бірнеше кезеңнен өтеді. Алдымен базалық, кейін контурлық түс себіледі, ал содан кейін ғана қалғандары ретімен. Ою өрнектерлен басқа киімдерде жазулар болады. Оларды дәл осы жерде жасайды. Кестелеуші матаны кергішке керіп қояды. Сонан соң қалың жіпті екі жағынан қатыру үшін тартып тастайды. Одан кейін барлық өнім тігінге келіп түседі. Мына тігін машинасы маталарды бір бірімен тігіп, бірденнен шеттерін оверлогпен өңдеп жібереді. Соның арқасында тігістер қатырылыр қана қоймай, өнімнің эстетикалық түрі де жақсарады.
Ойыншық пен ойыншықтың арасы жер мен көктей. Оның қандай материалдан жасағаны маңызды емес. Өтімділігі оның қандай киім киіп тұрғанымен бағалануы мүмкін. Біздің жағдайымызда дәл солай. Мысалы, мына бойжеткен бүгін әйгілі дизайнердің қолмен тігілген киімін киіп көрді. Ендеше ол дизайнерлік деген атаққа ие болды. Мұндай қуыршақпен ешкім де ойнамайды, өйткені оның киімінің бағасы бірнеше мың долларға жетуі мүмкін. Бұл енді арктофилдерге арналған өнім шығар.
Арктофилия дегеніміз - бұл әртүрлі жұмсақ ойыншықтардың коллекциясын жинау. Осындай коллекцияның алғашқы нұсқаларының бірі әйгілі аю Тедди болған. Бұл қуыршақ персонажының алғашқы шығарылымдары жүз мыңдаған долларға бағаланады. Алайда, коллекционерлер уақыт өте келе басқа да ойыншықтарға қызыға бастады. Оның қандай материалдан жасалғаны, киімі және әрине үлгінің тарихи шығу тегі бағаланды. Қазақстандық ойыншықтарда да өзіндігі бар, соның арқасында аю Айгөлек бірнеше мың долларға өтіп кетті. Әйгілі дизайнер Балнұл Асанова кейбір ойыншықтарды өзі киіндіреді. Мұндай киімдер бір ғана экземплярда дайындалады. Барлық көйлектер, костюмдер немесе комбинезондар ешқашан да қайталанбайды. Және оны дайындау үшін де өте көп уақыт кетеді.
Болашақ көйлек үшін шабытты дизайнер ойыншықтың өзінен іздейді. Оның айтуынша, барлығы да жоғарыдан келеді. Ең бастысы, ойыншықтың мақсаты - оның кішкентай және үлкен бағлаушыларының көзін қуанту екенін ұмытпау. Дизайнер киімнің эскизін ойлап табады. Содан кейін оның не болатынын анықтайды. Көйлек немесе белдемшелі жакетті алдымен қағаздан жасайды. Оны бірден үлгінің үстіне киіп көреді. Осыдан кейін ғана іске кестешілер кіріседі. Бүгін Балнұр этникалық стильдегі моншақтары, тастары және ою өрнектері бар көйлек жасауды шешті. Ою өрнектерді салып болысымен, ал олар бұл көйлекте аз емес - 22, кестеші жұмысқа кіріседі.
Әр қарай тастар таңдалып алынады: түтіктер, асыл тастар немесе нағыз гауғар тастар. Олардың бағасы мен саны қуыршақтың бағасына қатты әсер етеді. Сонымен қатар, моншақтар да қолданылады. Олардың түрлі түстілігі дизайнердің фантазиясына қанат бітіреді.
Күлегеш пен Балбалашты киіндіруден тек рахаттанасың. Алдымен кофтасын, сосын комбинезонын, тақяисын. Жилетін. Міне болды, енді жүктей беруге болады. Әріптес, мен сізбен аздап келіспеспін. Біздің кішкентайларымызды ерте жүктей басған секілдісіз. Ойыншықтарымыз қазақстандық балалардың құшағына жөнелтілмес бұрын зиян заттарға міндетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Монтессори технологиясы бойынша өткізілген хас щеберлер жинақтамасы
Баланың дүниетанымының дамуына ойыншықтың әсері
Бала дамуындағы ойыншықтардың маңызы. Педагогикалық көркемдік құндылығы
Мектепке дейінгі жүйесіндегі үштілдік - көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру құралы
«Ойыншық дайындау әдістемесі» пәнінен оқу әдістемелік нұсқауы
Күнделікті бір сарынды сабақ өткізуден оқушыларды зерігтіріп алмау
Бағдарламалы оқыту технологиясы
Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс
Мектепке дейінгі ұйымда тіл дамыту жұмыстарындағы заман талабына сай әдістер мен тәсілдер
Ағаштан бес жасқа дейінгі балаларды дамытуға арналған құрастырмалы ойыншықтар жасау
Пәндер