Мақал-мәтелдер-халық творчествасының төл жемісі



І. Кіріспе.
1.Мақал.логикалық, образдық ойдың қос қанаттасқан ғажап жемісі.
2. Сөз асылы. мақал.
3. Мақал.мәтел егіз жанр.
4. Мақалдардың негізгі ерекшеліктері.
ІІ. Қорытынды.
Мақал-мәтелдер-халық творчествасының төл жемісі.Әуелі әрбір жеке адам ойлап шығарғанымен жүре-бара олардың авторы ұмытылып жұрт сынында,ауыз әдебиетіне айналып отырады. Осыдан барып мақал-мәтелдер көбінесе «халық даналығы» деп аталады.Кейбір түркі тілдерінде мақал-мәтелдерді «Аталар сөзі» деп те атайды, яғни бұл атадан балаға мирас болып келе жатқан қазина деген сөз.
Әр бір мақал-мәтелдердің авторы- өз дәуірінің перзенті.Әр автор өз кезінің таным-түсінігі мен наным-сеніміне бой ұрып, сол кездің жырын жырлайды, дәстүрлі тұжырымдарын насихаттайды.
Ел аузында көбіне сөйлеу тілінде қолданылатын сөздердің мазмұнды саласы мақал-мәтелдер. «Сөз асылы-мақал деп тегінен-тегін айтылмаса керек. «Мақал-логикалық, образдық ойдың қос қанаттасқан ғажап табысы, тәжірибеден туған философиялық сөздер. Оның ұйытқысын, ең алдымен, мақалдан іздеу керек. Онда этикалық, философиялық, ұжымдық мазмұн бар, мақалдың қорытындыларын халық еш уақытта теріске шығармайды,» - дейді ғалым,профессор Ә. Қоңыратбаев.
Мақал-мәтел- сан ғасырлар бойы халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан қастерлі қазына. Бұл қазына тәрбиелі қыз, ұлағатты ана, ардақты ұл елі аялаған ер, жылы жүректі әке қандай болу керек, осының бәрін тобықтай сөздің түйінінде түйіндейді.
Қазақ халқы мақалға бай. Кезінде оны зерттеушілер өте көп болған. Мысалы: орыс ғалымдары Плотников, Васильев, Катанов, Пантусов, Катаринский, Алекторов, Диваев сияқты көптеген ғалымдар жинап бастырған. Мақал- мәтел де халқымызлың өніп-өсуіне, мінез-құлқын қалыптастыруға, тіршіліктің қыры мен сырын түсінуге, оның қайшылығын тануға терең баға берілген.
Мақал-мәтелді кез келген адам шығаруға қақылы. Ал ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, уақыт арқалатқан жүкті мойымай көтеріп, сөйтіп қалың елдің мұқтажын өтейтін мақал-мәтелдер салиқалы ой иесі, ділмар шешен, адуын мінезді ақындар араласумен жасалған.
Мақалдар- нақыл өсиет, түрінде айтылатын философиялық ой түйіндері, сөз мәйегі. Мақалдар, көбінесе өлеңдік өрнекпен, сабырлы, салмақты ырғақпен айтылады, қара сөзбен яғни шешендікпен айтылатын мақалдар да бар. Мақал, негізінен, екі бөлімнен құралады. Бірінші бөлімде пайымдау, екінші бөлімде ой қорытындысы айтылады.Мәтелдер, негізінен, тұжырым тұспалы өлеңде сыңар тармақты, қара сөзде нұсқалы сөз ретінде айтылады. «Өлең-сөздің патшасы», «Қызым саған айтам, келінім, сен тыңда», т.б. Мәтелдер де тура мағынада « Қадіріңді білгенге жұмса» деп және ауыспалы мағынада « Тікен гүлін қорғайды» деп айтылады.
1. Табылдиев « Қазақ этнопедагогикасы »

2. Әбілова.З « Этнопедагогика »

3. Жарықбаев « Әдеп және жантану »

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе.

1.Мақал-логикалық, образдық ойдың қос қанаттасқан ғажап жемісі.

2. Сөз асылы- мақал.

3. Мақал-мәтел егіз жанр.

4. Мақалдардың негізгі ерекшеліктері.

ІІ. Қорытынды.

Мақал-мәтелдер-халық творчествасының төл жемісі.Әуелі әрбір жеке адам
ойлап шығарғанымен жүре-бара олардың авторы ұмытылып жұрт сынында,ауыз
әдебиетіне айналып отырады. Осыдан барып мақал-мәтелдер көбінесе халық
даналығы деп аталады.Кейбір түркі тілдерінде мақал-мәтелдерді Аталар
сөзі деп те атайды, яғни бұл атадан балаға мирас болып келе жатқан қазина
деген сөз.
Әр бір мақал-мәтелдердің авторы- өз дәуірінің перзенті.Әр автор өз
кезінің таным-түсінігі мен наным-сеніміне бой ұрып, сол кездің жырын
жырлайды, дәстүрлі тұжырымдарын насихаттайды.
Ел аузында көбіне сөйлеу тілінде қолданылатын сөздердің мазмұнды
саласы мақал-мәтелдер. Сөз асылы-мақал деп тегінен-тегін айтылмаса керек.
Мақал-логикалық, образдық ойдың қос қанаттасқан ғажап табысы, тәжірибеден
туған философиялық сөздер. Оның ұйытқысын, ең алдымен, мақалдан іздеу
керек. Онда этикалық, философиялық, ұжымдық мазмұн бар, мақалдың
қорытындыларын халық еш уақытта теріске шығармайды, - дейді
ғалым,профессор Ә. Қоңыратбаев.

Мақал-мәтел- сан ғасырлар бойы халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан
қастерлі қазына. Бұл қазына тәрбиелі қыз, ұлағатты ана, ардақты ұл елі
аялаған ер, жылы жүректі әке қандай болу керек, осының бәрін тобықтай
сөздің түйінінде түйіндейді.

Қазақ халқы мақалға бай. Кезінде оны зерттеушілер өте көп болған. Мысалы:
орыс ғалымдары Плотников, Васильев, Катанов, Пантусов, Катаринский,
Алекторов, Диваев сияқты көптеген ғалымдар жинап бастырған. Мақал- мәтел
де халқымызлың өніп-өсуіне, мінез-құлқын қалыптастыруға, тіршіліктің қыры
мен сырын түсінуге, оның қайшылығын тануға терең баға берілген.
Мақал-мәтелді кез келген адам шығаруға қақылы. Ал ұрпақтан ұрпаққа
жалғасып, уақыт арқалатқан жүкті мойымай көтеріп, сөйтіп қалың елдің
мұқтажын өтейтін мақал-мәтелдер салиқалы ой иесі, ділмар шешен, адуын
мінезді ақындар араласумен жасалған.
Мақалдар- нақыл өсиет, түрінде айтылатын философиялық ой түйіндері,
сөз мәйегі. Мақалдар, көбінесе өлеңдік өрнекпен, сабырлы, салмақты
ырғақпен айтылады, қара сөзбен яғни шешендікпен айтылатын мақалдар да
бар. Мақал, негізінен, екі бөлімнен құралады. Бірінші бөлімде пайымдау,
екінші бөлімде ой қорытындысы айтылады.Мәтелдер, негізінен, тұжырым
тұспалы өлеңде сыңар тармақты, қара сөзде нұсқалы сөз ретінде айтылады.
Өлең-сөздің патшасы, Қызым саған айтам, келінім, сен тыңда, т.б.
Мәтелдер де тура мағынада Қадіріңді білгенге жұмса деп және ауыспалы
мағынада Тікен гүлін қорғайды деп айтылады.
Қазақ халқы сөз қадірін біліп, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан
тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен, терең мағыналы
сөздермен зерлеп келе жатқан халық. Сөз зергерлерінің аузынан шыққан
мәтелдер мен мақалдарды үздіксіз пайдаланып, үлгі етіп, ұрпақ тәрбиесіне
парықтап пайдалану дәстүрге айналған. Сондықтан да, әсіресе, қариялар
мақалдап, маңызды сөйлеуді борышым деп санайды. Мақалсыз мағынасыз
сөйлеген қарт адамның сөзінің қадірі болмайды.
Сөз асылы- мақал-дейді халық. Оны айтушылар да, тұтынушылар да
халық .Сондықтан мақал халық тәжірибесінде туған, тұжырымдалған оның ой-
пікірі, тыныс-тіршілігі. Түйеге мінген қазақ төрт ауыз өлең біледі
дегендей, философиялықмәні бар мақал-мәтелді қолданып сөйлеу ерте кезден
бері қарай қазақ халқының психологиясына сіңісіп, әдет болған. Онда ел,
халық, Отан, бірлік, өнер, білім, еңбек, жанұя, бала тәрбиесі, төрт түлік
мал, жан- жануар, ас-қазық , ауру-сырқау, даушара, жақсылық пен жамандық,
адамгершілік парыз жайында айтылған өнегелі сөздер өте көп. Туған
жерге туың тік, Ер өзі үшін туады, елі үшін өледі, Ел іші- алтын
бесік деген мақалдар елдікті білдірсе, Ырыс алды-ынтымақ, Бірлік
болмай- тірлік болмас деген мақалдар халық бірлігіне, ынтымағына
ұласады.
Мақал-мәтелдер халық творчествосының төл жемісі, халықтың моральдық
кодексі тәрбие теориясы. Адамға өткен дәуір бәрі сабақ . Олай болса
заманалар тәжрибесінен сұрыпталған тұжырымдар кейінгі ұрпаққа кітап
сөзіндей қымбат болғаны да, болатыны да осыдан. Мақал-мәтелдерді көне
түркі тілінде аталар сөзідеп те атайды, яғни бұл атадан балаға мирас
болып келе жатқан қазына
Қазақтың мақал-мәтелдері сан-ғасырлық халық тәжірибесінің
жиынтығы,ақыл-ойының қорытындысы және қоғамдағы дау-талас мәселелерін
реттейтін заңы, кодексі; бір сөзбен айтқанда, қазақ өмірінің, санасының
айнасы, шежіресі-деп көрсетеді.
Мақал-мәтелдердің шығу, дүниеге келу, пайда болу жолдары әртүрлі:
1)Ең басты шығу жолы ол халықтың әлеуметтік тұрмысы мен тарихи
экономикалық жағдайына тікелей қатысы бар өмір тәжірибесінен пайда
болады.Бұл-халық мақал-мәтелдерінің шығу жолындағы ең негізгі, ең сенімді
қайнар бұлағы болып табылады.
Қазақтың кейбір мақал-мәтелдерінің халық ертегілерінен, хикая, өлең
жырлардан болғанын да аңғарамыз.Мәселен,қазіргі мақал ретінде айтылып
жүрген Өз үйім-өлең төсегім, Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл-
деген мақалдар ертегілерден қалған жұрнақтар.
2)Мақал-мәтелдердің пайда болуының тағы бір жолы аудармаға
байланысты аңғарылады.Халықтардың бір-бірімен достық қарым-қатынаста
болуы нәтижесінде олардың мақал-мәтелдері де үнемі ауысып,өзара ықпалын
тигізіп отырды.
3)Мақал-мәтелдердің кейбіреуі көрнекті ақын-жазушылардың қолтума
нақыл сөздерінен де пайда болады.Қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңдері мен
қара сөздерінің көбі халық арасына кең тарап, мақал-мәтелдік сипатқа ие
болып кетті.Ыбырай Алтынсариннің көптеген нақыл сөздері ел аузында
айтылып мақал болып кеткені айқын.Мысалы: Ауырғаннан аянған күштірек,
Жинақтылық сараңдыққа жатпайды.
Профессор Қ.Жұмалиев мақал-мәтелдерді мағыналық мазмұны жағынан
қарастыра келіп,ақыл сөздер мен нақыл сөздер деп екіге боледі:
1)Ақыл сөздер- халықтың кейінгілерге қалдырған өсиет-ақылы, өмір
тіршілігіне жетекші басшылық. Оның мағынасы ашық, ұғуға жеңіл,көпшіліктің
бәріне түсінікті, аз сөзге көп мағына сыйғызып,көркемдеп айтылған үгіт-
насихат.
2)Нақыл сөздер- үлкен ой,терең пікірге құрылған өмір туралы айтылған
ел санасының қорытындысы. Нақыл сөздің мақал сөзден айырмашылығы: көп
жағдайда шығарған авторы белгілі болып тұрады, әдетте, оның есімі қатар
айтылады. Мәселен ұлы Абайдың көптеген ұтқыр да ұтымды,тапқыр да
тағылымды сөздері, нысанаға дәл тиіп, қоғамдық, әлеуметтік өмір жеке
адамның басындағы кемістік-кемшіліктерді әшкерлейтін, ащы болса да
шындықты айтатын ақыл сөздері ел аузында жатталып, халық жадында сақталып
қалғандығы белгілі Демек, нақыл сөз –мақал-мәтелдерге ең жақын тұрған,
солардың қатарына қосылып кетуге ыңғайлы даналықтардың бірі. Мақал-
мәтелдерді зерттеуші ғалым Б.Адамбаев: әдетте, мақал-мәтелдердің көлемі
екі-төрт жолдан аспайды, асса нақыл, тақпақ сөздерге айналады,- деп
анықтытайды нақыл болмысын. Мысылы: Бітер істің басына,жақсы келер
қасына деген халқымыздың нақыл сөзі бар деп көрсетеді.
Ғұлама ғалым Әбу Ибрахим Исқақ Әл-Фараби ол жөнінде былай дейді:
Мақал- өзінің формасы жағынан болсын ақсүектер мен қарапайым бұқараның да
қажетін бірден атқарады. Сол себепті де ол халық арасына кең тараған.
Қуаныш пенг қайғылы сәттерде де ол ауызға ілігеді. Сол арқылы сараңды
жомарттыққа итермелейді. Соның көмегімен халық мақсатына жетіп, меңзеген
қайғы мұңынан құтылады. Бұл өзі бір өтімді де ұтымды, нағыз даналық десе
даналық. Өйткені жұрт кемеліне келген, кемшілік, мінсіз, әдемі нәрсені
ғана қабыцл алуы мүмкін .
Әр халықтың мақал-мәтелі сол халықтың өзі жасаған логикалық
формуласы, ережесі. Ол кез келген оқиғаның, мәселенің тұсында еске
түседі, оралады.Сөйтіп көп ойлануды, ұхзақ баяндауды керек ететіні қиын
нәрсені жеп-жеңіл, оп- оңай, бірақ ауыз сөзбен түсіндіреді, ұғындырады.
Туған елдің қадір-қасиеті туралы балаға ұзақ әңгімелей-ақ: Ел іші алтын
бесік , Кісі елінде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол деген сияқты
екі-үш ауыз сөзбен Отан қадірін түсіндіруге болады. Орыс педагогы
К.Д.Ушинский мақал-мәтелдер балалардың тәрбиесі мен адамның жеке басының
қалыптасуындағы сан ғасырлық тәжірибесін қорытындылаушы, нағыз халық
педагогикасы деп санады.Ушинскийдің нақышты сөзімен айтқанда, балалар
тәрбиесі саласындағы мақал-мәтелдер, сондай-ақ басқа да қанатты нақыл
сөздер, сөздің інжу-маржандары, онда халықтың даналығы, бай-қампаздығы,
оның бала тәрбиесіндегі үлкен өмірдің тәжірибесі, еңбекке деген
көзқарасы, үміті мен арман мүддесі қалыптасып сақталған.
Мақал-мәтел-егіз жанр, туыс жанр.Дегенмен мағынасына, құрылысына,
атқаратын қызметіне қарағанда өзіндік айырмашылығы бар. Мақал аяқталған
бір тиянақты ойды білдіреді, өз алдына тұрып та дербес мағына
береді.Мысалы, Толмасқа құйма, таймасқа берме?. Мақал дегеніміз- өмір
құбылыстарын жинақтайтын және типтендіретін бір немесе екі бөлімнен
құралып, алдынғысында шарт немесе жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды,
түйінді пікір айтылады. Мысалы: Кең болсаң кем болмайсың , Білгенің
бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз , Тұз-астың дәмін келтірсе, мақал
сөздің мәнін келтіреді.
Мәтел- дегеніміз халық арасына кең тараған, қорытындысы болмайтын,
тұжырымы тиянақталмаған, қарама-қарсы шендестіруі жоқ, ықшам кестелі
халық сөзі.Мәтел жеке тұрып тиянақты ойды бере алмайды, тек белгілі бір
ойды, пікірді ажарлау, айқындау үшін қолданылады.Мәтелдерде ой-пікір,
топшылау, мақалдағыдай тікелей кесіп айтылмайды да, образды түрде
жанамалай айтылған ишара болады. Эпитет,теңеу қызметтерін атқарады.
Мысалы, Ат қойып, айдар тағып, көргеннен көзі ақы алған, Апама жездем
сай, Қызым саған айтам,келінім, сен тыңда. деген мәтелдер тиянақты
ойды білдіріп тұрған жоқ. Бұл жөнінде этнограф, жазушы В.И.Даль мақал-
мәтелдің даралық ерекшелігін түсіндіре келіп Мәтел халық сөзімен
айтқанда – гүл, ал мақал дән дейді. Осы пікірді фольклорист
М.А.Рыбникова: Мәтел – бұл сөз оралымы,қалыптасқан сөйлем, пікірдің
элементі. Мақал аяқталған пікір, біткен ой-дейді.
Мақал-мәтелдердің дүниетанымдық табиғатының күрделілігі оның
көнелілігімен қолдану аясының кеңдігінде ғана емес, мыңдаған ұрпақтардың
ми қазанында құрыштай шыныққан ой-өрісінің биіктігіне, тәжірибе тезінен
сұрыпталып өткен сұлу мүсіні мен ой маржанының сұлулығында жатыр.
Бұл проблеманы зерттеуде мақалдардың төрт негізгі ерекшеліктерін
ескерген жөн.
1)Мақалда объективтік дүниені көркемдік тұрғыдан жалпылай қорытады.
2)Мақалдардың негізгі атқарған қызметі сөйлеу практикасында
қолданылу ерекшелігі арқылы ашылып отырады.
3)Мақалдардың тура және ауыспалы, ишарат, бейнелі мағыналардың
қаиынасын қатаң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фольклорлық практика есебі
Этнопедагогикадағы тәрбиенің әдістері және құралдары
ХАЛЫҚТЫҚ ТӘРБИЕНІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Халық педагогикасының мәні
Халық педагогикасының асыл арналары
Қазақ-ағылшын-орыс мақал-мәтелдерін салыстыра зерттеу
Абай – көркем сөз өнерінің шебері
Мақал – мәтелдер туралы ақпарат
Қазақ халық прозасын ғалымдардың классификациялауы. Қарапайым прозаның шығу тегі мен жанрлық ерекшеліктері
Халық педагогикасының өте маңызды құралы
Пәндер