Қытай мәдениеті орталығында өткен іс-тәжирибесінің барысы туралы есеп


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қытай мәдениеті орталығында өткен іс-тәжирибесінің барысы туралы есеп:

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Қазақстанның кітапхана ісі саласындағы ірі ғылыми - зерттеу және және ғылыми - әдістемелік Орталығы: Қазақстандағы баспа өнімдерінің тегін міндетті даналарының: 1993 жылдан - ЮНЕСКО басылымдарының депозитарийі. 1910 жылғы 31 желтоқсанда Верный қалалық думасының шешімімен кітапхана - оқу залының ашылуы кітапхананың негізі қаланған күн болып есептеледі. Кітапхана 1931 жылы қазақ ССР-нің мемлекеттік көпшілік кітапханасы болып қайта құрылды. Ұйымдастырушы көрнекті қоғам қайраткері Ораз Жандосов. Ол кітапхана қызметінің басты міндеті «Қазақ тіліндегі және Қазақстан туралы барлық баспа өнімдерін жинақтау» деп есептеді. Осы кезден бастап, Кітапхана мемлекеттік ұлттық кітап қорын сақтау орталығы, қазақтарымен Қазақстанда тұратын барлық халықтардың құжатты жазба мұрасын жинайтын және мәңгі сақтауға міндетті әлемдегі бірден-бір мекеме болып табылады. Еліміздің бас кітапханасы 1991 жылы ұлттық мәртебесін алды және республиканың аса бағалы мәдени игілікті нысаны ретінде мемлекеттік және қоғамдық маңызға ие болды. Ұлттық кітапхана 1992 жылдан кітапханалық ассоциациялары мен мекемелердің халықаралық федерациясының мүшесі, 1993 жылдан коммерциялық емес «Еуразия кітапханалық Ассамблеясы» серіктестігінің мүшесі. Мәдени ынтымастық жөніндегі қарым - қатынасты нығайту мақсатымен Қытай, Иран, Үндістан мәдени - ақпараттық орталықтары ашылуда. 22. 06. 04 ж. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханада Қытай мәдениет орталығы ашылды.

Бүгінгі, 22. 06. 04 ж. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ашылып отырған Қытай мәдениеті орталығы қызметінің негізгі бағыттары мыналар:

  • Қытай әдебиеті қорын жасақтау;
  • Интернет, СО, DVD арқылы Қытайдың электронды ресурсына еркіндікті үйымдастыру;
  • Қытайдың ірі телеарналарын қарау арқылы бейне ақпаратқа еркіндіктіүйымдастыру.

Орталықта көрмелік қызмет те жүргізіледі. Сіздің назарыңызға бүгін Қытай мәдениеті мен өнерінің туындылары ұсынылып отыр.

Қытай елшілігі мыңнан аса кітап пен жүз аталымды журналды пайдаланушылар назарына үсынады. Олар: Ұлы Қытай туралы 78 томдық энциклопедия, альбомдар, статистикалық жинақтар, жинамалар, дәстүрлі қытай медицинасы туралы анықтамалықтар, ғылым және техника саласындағы Қытай жетістігі, дипломатия тарихы, Қытай Коммунистік партиясы туралы кітаптар. Сыртқы байланыстар, этнография, мәдениет, география, сауда, экономикалық тақырыптағы әдебиеттер бар.

Компьютер, бейнематериалдар, плазмалық теледидар сияқты технологиялық жабдықтар ҚХР мәдениеті мен тарихының жаңа жетістіктерімен танысуға мүмкіндік береді.

Өнердің қай саласы болмасын (поэзия, сурет, театр) қытайлықтар зор жетістіктерге кол жеткізді. Оның негізіне табиғатқа сүйіну мен адамгершіліктік-этикалық мәселелер алынған.

Орталықта ұсынылған экспозицияда ежелгі әрі әсем Қытай мәдениетінің бір бөлігі орналасқан.

Орталыққа кіре берісте император Кин Ши Хуанның кесенесінен алынған қола арба, дәстүрлі жібек қызыл жарықшамдар, қытай вазалары, қытай әскерінің қола бейнесі қойылған.

Қолмен тоқылған жоғары сапалы кілем Ұлы Қытай Қорғанын бейнелейді. Қытай орталығында Сіз тамашалайтын суреттер де тегін емес.

Мұнан әрі Сіздің назарыңызға әрқилы материалдардан: қоладан, фарфордан, ағаштан, мүйізден жасалған, шыныдан ойылған, лакпен әдіптелген Қытай өнер туындалары ұсынылады. Бұлардың көпғасырлық тарихы бар және олардың түп нұсқалары ірі Қытай мұражайларында сақтаулы.

Қытай - фарфордың отаны. Фарфорлық өнімдер ассортименті айтарлықтай. Олар: вазалар, шарап құятын ыдыстар, көркемдік құмыралар. Қытай форфоры әлемнің көптеген мүражайларын көркейтіп түр және бағалы антиквариат ретінде сақталады. Әртүрлі аңыздык бейнелер, көркемдік жазбалар, әңгімелер мазмұны, адам және табиғат бейнелері салынған.

Көрмеге келушілер назарына ұсынылған суреттер, әдебиеттер, заттар Қытай Халық Республикасынан әкелінген, мұнан әрі қор және көрме экспозициясы толықтырылып тұратын болады.

Мен Шағайбаева Балжан Ик-301 тобының студенті 28. 03. 2005 ж. іс-тәжирибеден өттім. Сол күні Қытай мәдениет орталығымен және жетекшілерімен таныстық. Осы күннен бастап кітаптарды қытай тілінен орысшаға, қазақшаға аудардық. Сөздікпен жұмыс істеуді үйрендім. Кітапханаға келген оқырмандарға кітаптарын тауып беруге, DVD қосып беруге көмектестім. Қытай тіліндегі көркем фильмдер көрдік. Олар: «For there to be love», “Together”, “Grief over the Yellow River” т. б.

15. 04. 2005 ж. Осы күні біз Чжао мырзаның Қытай мәдениеті, экономикасы туралы лекциясын тыңдадық.

Қытай мәдениет орталығына әрқашанда қытайлықтар келіп тұрады. Біз солармен қытай тілінде сөйлесуге тырыстық және Қытай мәдениет орталығымен оларды таныстырдық.

20. 04. 05 - 26. 04. 05 ж. Қытай мәдениет орталығына жаңа кітаптар, газеттер келді. Соларды реттеуге көмектестім

29. 04. 05 Санитарлы күн болды. Кітаптарды УДК бойынша жинадық. Кітапхана жұмысына белсенді араласқанын үшін, кітапхана басшылығынан үлкен алғыс алдым.

Қорыта айтқанда оқу әдістемелік тәжірибе негізінде, біз сөздікпен тез аударуды, адамдармен сөйлесу мәдениетін, кітаппен жұмыс жасауды үйрендік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ – түрік әдеби-мәдени байланыстары
Аджип ҚКО компаниясы туралы ақпарат
Қытайдағы экотуризмнің дамуы
Қостанай облысының мәдени жерлері
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының он алты жылдан астам уақыт ішінде Қытай Халық Республикасымен орнатқан мәдени және рухани қарым – қатынастары
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мен ресейдің мәдени саладағы қарым-қатынастары
Қазақ күресінің болашағы бүгінгі жас барыстар
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың ғылыми- теориялық негіздері
Математика құрылыста
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін арттырудағы ұлттық қолданбалы өнер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz