Азотты органикалық қосылыстар


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

АЗОТТЫ ОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР

Азотты органикалық қосылыстардың жалпы сипаттамасы

Азотты органикалық қосылыстар дегеніміз молекулалардың құрамында көміртек тікелей байланысқан азот атомдары болатын заттар.

Нитротоп (-NO 2 ) құрамында болатын кейбір азотты органикалық қосылыстармен (нитробензол, тринитротолуол, тринитроглицерин) жоғарыда кездескенбіз.

Халық шаруашылығында және адам мен жаңуарлар тіршілігінде аса маңызды азотты органикалық қосылыстарға аминде амин қышқылдары, белоктар жатады.

Аминдер

Аминдер - аммиак молекуласындағы сутек, атомдары көмірсутек радикалдарына алмасудан түзілген органикалық заттар деп қарастыруға болатын қысылыстар. Аммиак молекуласындағы көмірсутек радикалдарына алмасқан сутек атомдарының санына қарай амминдерді бірінші реттік, екінші реттік, үшінші реттік деп бөледі. Мысалы, метиламин СН 3 -NН 2 бірінші реттік амин, (СН 3 ) 2 - NН екінші реттік амин, (СНз) з-N үшінші реттік амин.

Бірінші реттік аминдердің құрамында аммиактың қалдығы - бір валентті аминотоп - NН 2 болады.

Аминдердін, аттарын атау үшін оның молекуласының құрамындағы көмірсутек радикалының атына амин деген жұрнақты қосып айтады, мысалы:

СН 3 - NН 2 СН 3 -СН 2 - NН 2 СН 3 - СН 2 -СН 2 - NН 2

метиламин этиламин пропиламин

Амиңдердің қасиеттері аммиакқа ұқсас. Төменгі молекулалы аминдер газдар, иістері аммиак сияқты жағымсыз, өткір. Аминдердің судағы ерітінділері, аммиак сияқты сілтілік қасиет көрсетеді.

Химиялық қасиеттері жөнінен де аминдер аммиакқа ұқсас. Олар аммиак сияқты қышқылдармен әрекеттесіп сәйкес тұздар түзеді. Сондықтан да аминдерді органикалық негіздер деп атайды.

Аминдер мен аммиактың химиялық қасиеттерінің өзара ұқсастығы олардың молекулаларының электрондық құрылыстарының ұқсастықтарымен түсіндіріледі:

Н Н Н

Н :N H : C : N :

H H H

Аммиак Метиламин Аммиак молекуласындағы азот атомында химиялық байланыс түзуге жұмсалмаған бір жүп электрондар бар. Сондай пайдаланылмаған дайын жүп электрондар метиламин молекуласындағы азот атомындада бар.

Аминдерден ароматты амин - анилинніқ С 6 Н 5 NH 2 маңызы зор. Анилинді бензолдағы бір атом сутек аминотопқа алмасудан шыққан зат деп қарастыруға болады. Ол ароматты аминдердің ең қарапайым өкілі. Анилин тұссіз, май тәрізді, суда нашар еритін сүйық. Өте улы зат. Ауада тотығып қоңырқай тартады.

Аминотоптағы азот атомының пайдаланылмаған қос электроны бензол сақинасындағы көміртек атомына тартылатындықтан қаныққан аминдерге қарағанда анилиннін, негіздік қасиеттері аз болады.

Дегенмен анилин қышқылдармен әрекеттесіп тұздар түзеді:

С 6 Н 5 NH 2 +НС1-[С 6 Н 5 NH 3 ] +С1-

фениламноний хлориды

Анилин фенол сияқты бром суымен әрекеттесіп триброманйлин түзеді:

С 6 Н 5 NH 2 + ЗВг 2 С6Н2Вг 3 2 + 3НВг

Анилинді алғаш рет орыс химигі Н. Н. Зинин нитробензолды аммоний сульфидімен тотықсыздандыру арқылы алды:

С 6 Н 5 HO 2 + 3 (NH 4 ) 2 S С 6 Н 5 2 + 3S + 6NН 3 + 2Н 2 О

Қазіргі кезде анилинді нитробензолды сутекпен тотықсыздандыру арқылы алады:

С 6 Н 5 NO 2 + 6Н С 6 Н 5 NH 2 + 2Н 2 О

Анилин - анилин бояуларын, көптеген дәрілер, хош иісті заттар даярлауға қолданылады.

Амин қышқылдары

Амин қышқылдары молекулаларының құрамында әрі карбоксил тобы әрі амин тобы болатын органикалық заттар. Амин қышқылдарын молекуласындағы сутек атомдары амин тобына алмасқан карбон қышқылдары деп қарастыруға болады.

Амин қышқылдарының кейбір өкілдері теменде келтірілген.

Карбон қышқылдары

СН 3 -СООН - сірке қышқылы

СН 3 -СН 2 -СООН- пропион кышқылы

СН 3 -(СН 2 ) 2 -СООН- май кышқылы

СН 3 -(СН 2 ) 3 --СООН -валериан қышқылы

СН 3 - (СН 2 ) 4 -СООН- капрон қышқылы

СН з - (СН 2 ) 5 -СООН- энант қышқылы

Сәйкес амин қышқылдары

2 -СН 2 -СООН- сіркеамин қышқылы

2 -(СН 2 ) 2 -СООН- аминпропион қышқылы

2 -(СН 2 ) 3 -СООН- аминмай қышқылы

2 -(СН 2 ) 4 -СООН- аминвалериан қышқылы

2 -(СН 2 ) 5 -СООН- аминкапрон қышқылы

2 -(СН 2 ) 6 -СООН- аминэнант қышқылы

Амин қышқылдарының изомерлері көміртек атомдары тізбектерінің түріне де және амин тобының карбоксил тобынан қанша қашықтықта орналасуына да байланысты болады.

Амин қышқылдары табиғатта өсімдік және жануарлар белоктарының құрамына кіреді. Бұл белоктардың құрамында 20 түрлі амин қышқылдарының қалдықтары кіреді. Олар толып жатқан әр түрлі белоктар түзеді. Амин қышқылдары ақ түсті, суда жақсы еритін кристалды заттар.

Амин қышқылдары карбон кышқылдары сияқты металдармен, негіздік оксидтермен, әлсіз қышқылдардың тұздарымен әрекеттеседі.

Амин қышқылдарының құрамында негіздік қасиет беретін аминотобы, қышқылдық қасиет беретін карбоксил тобы болғандықтан олардың карбон қышқылдарынан өзгеше өздеріне тән айырмашылықтары болады

Амин қышқылдарының молекулаларының арасында журетін поликоиденсация реакцияларын өнеркәсіпте синтетикалык, талшықтар капрон, нейлон т. б. алуға қолданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азот тыңайтқышы және оның классификациясы
Мұнайдың молекулалық құрамы
Органикалық химия саласындағы карбамидті қосылыстар және оның туындыларын синтездеу
Төсеніш көңнің химиялық құрамы
Тыңайтқыштар туралы
Мұнай құрамы және мұнай фракциялары құрамындағы гетероатомды қосылыстар
Өсімдіктер үшін қажет элементтер тобы
АДАМ ЖӘНЕ БИОСФЕРА
Азот тобының элементтері
ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ - ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz