БҰЛШЫҚЕТТЕР ТУРАЛЫ ІЛІМ – МҮОLOGІА


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

БҰЛШЫҚЕТТЕР ТУРАЛЫ ІЛІМ - МҮОLOGІА

Тірек-қимыл аппаратының активті бөлігі бұлшықеттер болып табылады. Біз бұл бөлімде қаңқа бұлшықеттерін қарастырамыз. Адам организмінде 400-600-ден астам қаңқа бұлшықеттері бар. Ересек адамның дене салмағының 40 пайызын бұлшықеттер құрайды.

Қаңқа бұлшықеттерін төмендегіше талдап қарастырамыз: бас және мойын бұлшықеттері, тұлға бұлшықеттері (кеуде, арқа, іш бұлшықеттері), қол және аяқ бұлшықеттері.

Бұлшықет мүше ретінде . Бұлшықеттердің басқа мүшелер сияқты атауы, белгілі бір пішіні мен атқаратын қызметі бар. Әрбір бұлшықет, nusculus, қарыншасынан және екі ұшынан тұрады. Қарыншасы бұл бұлшықеттің ортаңғы жиырылатын бөлігі, негізінен бұлшықет тінінеи тұрады. Ет талшықтары борпылдақ дәнекер тімді қабықпен-эндомизиймен қапталады. Ет талшықтары бірігіп бұлшықет будасын құрайды. Бұлшықет будасы донекер тінінси түзілген қабық-перимизий-мен қанталады. Үштары тыгыз талшықты реттелгсн дәнекер тінінен түзілген сіңірден тұрады. Бір ұшы басы, екінші ұшы құйрығы деп аталады, яғни басы арқылы бұлшықет басталады да, құйрығы арқылы бекиді. Бұлшықеттерде басқа мүшелер сияқты қанмен қамтамасыз етіледі және жүйкеленеді.

Бұлшықет жұмысы. Бұлшықет жиырылғанда қысқарып, әрі жуандау арқылы белгілі бір механикалық жұмыс атқарады. Атқарылған жұмыстың көлемі бұлшықеттің жиырылу күші мен қысқаруына байланысты. Бұлшықеттің күші бұлшықетті түзетін барлық талшықтардың көлденең кесіндісінің алаңына тура пропорциональ. Бұлшықет неғұрлым жуан болса, соғұрлым күшті болады. Бұлшықеттің қысқаруы еттің жалпы ұзындығына байланысты. Бір бұлшықеттер бір буынды аттап орналасса, бір бұлшықеттер бірнеше буынды аттап орналасады.

Бұлшықеттер рычаг тәрізді қызмет аттқарады. Бұлшықеттің басталар жері, яғни басы қозғалыссыз нүкте болып табылады, ал бекитін ұшы қозғалмалы нүктесі деп аталады.

Бұлшықет жиырылғанда қозғалыссыз нүктссі қозғалмалы нүктесін өзіне жақындатады. Бұлшықет жиырылғанда қозғалыстың бірнеше түрі жүзеге асады: бүгілу, жазылу, әкелу, әкету, ішке айналдыру, жоғары көтеру және төмен түсіру. Бұлшықеттердің бірігіп қызмет атқаратын тобын-синергистер, ал қарама-қарсы қозғалыс жасайтын бұлшықеттерді-антогонистер деп атайды. Мысалы: қолдың алдыңғы топ бұлшықеттері бір-біріне синергистер болып табылады, өйткені бұл бұлшықеттер жиырылғанда қол бүгіледі, ал алдыңғы топ бұлшықеттері артқы топ бұлшықеттеріне антогонистер болып табылады, өйткені алдыңғы топ қолды бүксе, артқы топ бұлшықеттері қолды жазады.

Бұлшықеттердің қосалқы аппараттары .

Бұлшықеттердің қосалқы аппаратына бұлшықеттердің жұмысын жеңілдететін түзілістер: шандырлар, сіңірлер, синовиалды қынаптар жатады.

Шандырлар, fаsсіа, бұлщықеттердің сыртынан қаптайтын дәнекер тінді қабық. Ол тығыз талшықты дәнекер тінінен тұрады, қалыңдықтары әр түрлі болады. Дененің кейбір аймақтарында шандырлар бірнеше жапырақшалардан тұрады.

Сіңірлердің синавиальды қынабы кәрі жілік білезік, сирақ аяқ басы буындарында кездеседі. Бұл жерлерде шандырлар қалындап, сүйекті-фиброзды өзектер түзеді. Бұл өзктерден бұлшықеттердің сіңірлері өтеді. Әр бір қынап ұзына созылған екі жапырақшадан тұрады.

Синовиалды қалталар-ішінде сұйықтық болатын қалташық пішінді, олар буындарға жақын бұлшықеттердің немесе сіңірлердің астында орналасады. Кейбір қалталар буын қуыстарымен байланысады.

БАСТЫҢ БҰЛШЫҚЕТТЕРІ

Егер тиісті бөлімдерде сипатталған, сезім мүшелері (көру есіту) мен асқорыту жүйесінің жоғарғы бөліміне жататым бұлшықеттерді есепке алмасақ, онда бастың барлық бұлшықеттері былай бөлінеді:

1. Шайнау бұлшықеттері бірінші желбезек (мандіил
доғаның туындылары (дериваттары) арқылы нервтендіріледі.

  1. Ымдау бұлшықеттері немесе бет бұлшықеттері екінші безек доғасының туындылары, нервтендіретін.
  1. Бассүйек қакиағының бұлшықеттері.

Шайнау бұлшықеттері . Әрбір жақтағы төрт шайнау бұлшықеті өзара генетикалық жағынан (олар бір желбезек доғасынан дибулалық доғадан пайда болады), морфологиялық (олардың барлығы төменгі жақсүйекке бекиді де, жиырылған кезде оны қозғалтады) және функциональдық жағынан (олар төменгі жақсүйектің шайнау қозғалыстарын жасайды, олардыц орналасуы осы қызметтерінен туады) байланысқан.

І. Шайнау бұлшықеті , жевательная мышца, сүйегінің төменгі жиегі мен бет доғасынан басталып, төменгі жақсүйектің тармағының сыртқы бетіне бекиді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұлшық еттер туралы ілім – Myologia
Анатомияның түрлері
Жасуша, үлпа, мүше, жүйелі мүшелер және ағза туралы
Адам қаңқасының құрылысы
Жүрек ұлпасына жалпы сипаттама
Анатомия ғылымының салалары
Мүше ретіндегі сүйектің құрылысы
Аяқтың бұлшық еттері
Адам анатомиясы пәнін заманға сай оқыту үшін электрондық оқулық құрастыру
Ірі қара мал анатомиясы. Цитология, гистология, эмбриология туралы түсінік. Остеология. Сүйектер туралы ілім. Ірі қара мал сүйектерінің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz