Модульді программалау


Модульді программалау

Басқа программалармен бірлесе отырып бірнеше рет жұмыс істеуге есептеліп жасалған, әрі тиісті түрде безендірілген программа модуль деп аталады.

Стандартты бағыныңқы программаның өзі модуль болып табылады, өйткені әрбір бағыныңқы программаны басқа программаларда пайдалануға болады. Бағыныңқы программаның көпшілігі сонда, ол өзін шақырған программа мен ғана жұмыс істейді, ал бағыныңқы программаның орындалуына қажетті барлық информация сол шақырушы программа арқылы беріледі. Бұдан басқа кейбір жағдайларда бір программаның бірден бірнеше программамен бірге жұмыс істеу қажеттілігі пайда болады.

Модульдің бағыныңқы программадан айырмашылығы басқа модульдермен кеңінен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл модуль ұғымы бағыныққы программа ұғымының одан әрі дамытылуы деген сөз, ал соңғысы модульдің дербес жағдайы болып табылады,

Қазіргі заманғы программалау жүйелері осы модульді программалауды ескеріп құрылады. Программалау жүйесінде модульдердің үш түрі қолданылады:

  • пайдаланушы модулі;
  • жүктелуші модуль;
  • абсолютті модуль.

Пайдаланушы модулі

Бұл үлгідегі модуль адамға ыңғайлы

программалау тілінде жасалады.

Пайдаланушы модулі екі бөлімнен тұрады:

  • модуль денесі;
  • паспорт.

Модуль денесі модульдің мәнін анықтайтын оның негізгі бөлігі болып табылады, ал паспорт-бұл оны түсіндіруіні бөлігі. Паспортта модульді келесі кезекте қалай пайдалану туралы қажетті қосымша информация болады,

Жүктелуші модуль

Модульдер бірнеше қайтара пайдалануға арналғандықтан компьютерде арнайы ұйымдастырылған кітапханада сақталады, одан қажет болуына қарай шақырылады.

Программаны алгоритмдік тілден машина тіліне аудару екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде модульді басқа модульдермен жұмыс істей алу күйіне келтіретін пайдаланушы модулінің пішінінен машиналық пішінге өту орындалады. Модульді ұсынудың осындай пішіні жүктелетін модулъ деп аталады. Пайдаланушы модулінен жүктеуші модульге өту соған сай транслятордың көмегімен жүзеге асырылады. Әрбір модульді трансляциялау бар болғаны бір рет орындалады, одан соң ол кітапханада жүктелуші модуль түрінде сақталады.

Екілші кезенде жүктелетін модульді нақтылы программамен жұмыс істеуге икемдеу жұмысы орындалады, Бұл кезең жүктеу деп, ал ол орындалатын программа жүктеуші деп аталады. Компьютердің жадына модульді өндіруді, оның жадтағы оған бөлінген орынға икемделіп орналасуын, сонымен бірге модульді берілген параметрлерге икемдеуді жүктеу деп түсінеміз. Модульді жүктеу жаңа программаға модуль қосылған сайын орындалатындықтан, жүктеу қарапайым әрі тез орындалу үшін жүктелуші модуль машмна тіліне мүмкіндігінше жақын болуы тиіс.

Жүктелуші модуль пайдалаңушы модулъ сияқты екі бөлімнен тұрады:

  • модуль денесі;
  • паспорт.

Модуль туралы қосымша информациясы бар және оны жүктеуге пайдаланылатын паспорт жүктеушіге ыңғайлы пішьмде ұсынылады.

Абсолютті модуль

Бұл жүктеу нәтижесінде алынған модуль. . Ол машина тілінде ұсынылады, жадта өз орнында және басқа модульдермен бірлесіп жұмыс істеуге икемделеді, сондықтанда абсолютті модуль

компьютерде тікелей орындауға жарамды машина тіліндегі программаның белігі болып табылады.

Модульді программалауда нақтылы есепті шешуге арналған программа осы программаны құрайтын барлық модульдерді жүктеп, оларды біріктіру жолымен алынады. Егер бұл жағдайда кітапханада сақтаулы дайын модульді пайдалануға болатын болса, онда тек жетіспейтіндерін ғана қайта құруға тура келеді. Бұдан модульдердің бай кітапханасы программалауды жеделдетіп әрі қысқартатындығын көреміз, пайдаланушының компьютер комегімен белгілі бір жұмыс атқаратын тапсырманы программалау жүйесінде түжырымдап беру мүмкіндігі бар. Бұл үшін адамның жүйемен қарымқатынас тілі пайдаланылады. Тапсырманың құрамында мыналар болуы мүмкін:

  • трансляциялауға жататын пайдаланушы модулі-нің мәтіні;
  • қаңдай модульдерді трансляциялағаннан соң

кітапханаға жазу керектігі туралы информация;

  • жеке модульдерден, оның ішінде дайын модульдерден пайдаланушыны қызықтыратын програм-маларды жинау туралы жүйеге берілетін нұсқау;
  • алынған программаларды орындау туралы нұсқау.

Қазіргі заманғы, программалау жүйесі көп тілді болып табылады, яғни программа жазу үшін және оның әр түрлі модульдерін жазу үшін ең ыңғайлы әр түрлі программалау тілдері пайдаланылады.

Трансляторлар пайдаланушы модулін жүктелуші тілге аударады, сондықтан да бұдан әрі жүктелуші модуль қай модуль қандай транслятордың көмегімен алынғандығына қарамастан пайдаланыла беретін болады.

Жүктелуші модульдер компьютердің сыртқы жадындағы бір кітапханада сақталады. Әрбір модуль үшін кітапхана каталогында белгіленген модульдің аты, оның ұзындығы және кітапханадағы орны болады. Модульдің паспортын жеке сақтауға болады, сонда каталогта берілген модульдің паспортының ұзындығы және оның жадтағы орны туралы информация болады.

Біріне-бірі сілтеме жасай толтырылған паспорттар болған жағдайда машиналық программаны алу үшін модульдерді жүктеу процесін негізгі екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде берілген программаны алу" үшін жүктелуге жататын барлық модульдер айқындалады, программалық модульдер арасында жадты бөлу жұмысы атқарылады және әрбір модуль үшін барлық сыртқы және жалпы объектілердің шын адрестері анықталады.

Бұдан әрі модульдерді тікелей жүктеу жұмысы атқарылып, екіншікезең орындалады.

Қозғалмайтын суреттерді салу

Геометриялық кескіндердің ақтық санынан жинастырылған экранда орны өзгермейтін алдын ала белгілі бейнелерді қозғалмайтын суреттер деп түсінеміз.

Мұндай суреттерді салатын программа парметрлері тұрақты шамалар болатын операторлардың сызықтық тізбегінен тұрады.

Мұндай программаларды қүруда графикалық экранға шыққанға дейін жұмыс алаңының түсін тандау, уақтылы графикалық экранды іске қосу және сызықтық графиканың операторларын дұрыс жаза білу талап етіледі.

Қозғалмайтын. суреттерді программалауда алдымен салынатын суретті дәптерге салып, содан соң оны сызықтық графиканың операторларының көмегімен монитор экранында қайталап салу туралы кеңес беруге болады.

Қозғалмайтын суретті салатын программаның мысалы ретінде мына программаны ұсынамыз:

10 СОLOR. 1, 15

20 SCREEN 2

30 CIRCLE (10, 50), 20, 1, 3 * 3. 14/2, 3. 14/2

40 LINE (10, 30) -(10, 70), 1

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ассемблер және макроассемблер тілдері
Орталық процессордың құрылымы мен ұйымдастырылуы
Программалау тілдері - жасанды тілдер
Модульдерді пайдаланатын программа құру
Турбо Паскаль программалау жүйесі
Құрылымдық модульдік программалау
Транслятордың түрлері
Паскаль тіліндегі модульдер
Модульдік бағдарламалау - Модульдердің құрылымы
Программалау тілдерінің классификациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz