Мемлекеттің атқаратын жұмысының негізгі бағыты мен әдістерін анықтайтын мемлекет функциясының ұғымын анықтау



Кіріспе

1 Бөлім. Мемлекет функциясы ұғымы мен мазмұны
1.1. Мемлекет үғымы және белгілері
1.2. Мемлекет функциясының түсінігі, белгілері
1.3. Мемлекет функциясының даму тарихы

2 Бөлім. Мемлекетттің функцияларының түрлері
2.1. Мемлекет функцияларының классификациясы
2.2. Қоғамдағы рөлі бойынша мемлекет функцияларының жіктелуі
2.3. Мемлекет функцияларының қалыптасу себептеріне қарай бөлінуі
2.4. Экологиялық, ішкі және сыртқы мемлекет функциялары

3. Бөлім. Қазақстан Республикасының мемлекеттік функциялары
3.1. Қазақстан Республикасының ішкі мемлекеттік функциялары
3.2. Қазақстан Республикасының сыртқы мемлекеттік функциялары
3.3 Қазақстан Республикасының мемлекеттiк функциялардың оңтайлы тiзбесiн айқындау және оны жүйелеу
3.4. Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы функциялар мен өкiлеттiктердi ажырату

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша № 1
Тақырыптың өзектілігі: Мемлекеттің негізгі мақсаты – қоғам үшін, қоғамдағы адамдардың топтары үшін, қоғамның дамып өркендеуі үшін әртүрлі бағытта қызмет атқаруы тиіс. Қоғам өте күрделі құбылыс. Қоғамның негізгі тірегі - өндіріс. Өндірісті ұйымдастырып, дамыту үшін мемлекетте, адамның бірлестіктері де, жекелеген адамдар да қажетті іс - әрекет жасап отырады. Бұл салада мемлекет функцияларының қызметі әр түрлі. Мемлекет өз иелігіне қарайтын барлық функцияларды (әлеуметтік, экологиялық, экономикалық) тікелей басқарып, олардың жұмысын реттеп отырады.
Әр мемлекет өзінің өмір сүру үрдісінде бірнеше күрделі міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асырады, кейбір мақсатты іс-әрекеттерді дамытады. Бұл қызметте мемлекеттің өз алдына қоятын мақсаттарын ажыратып алу қажет, содан кейін осы мақсаттарды жүзеге асыратын құралдарды бөліп алу керек. Бұл мақсаттар, бір жағынан аса көп, басқаша жағынан, тарихи және мәдени жағдайларға байланысты өзгермелілігі әр түрлі болып келеді. Мемлекет әскери күштің ұйымдастырушысы ретінде, қауіпсіздікті қорғаушы ретінде, сот ретінде де, мәдени мұраларды сақтаушы ретінде де көрінеді.
Бүгінгі таңда жалпы мемлекеттік теорияда мемлекеттік қызмет бағытын белгілеу үшін мемлекет функциясы ұғымы қолданылады, яғни функция дегенде мемлекет қоятын мақсатты, бұл мақсаттарды жүзеге асыруда пайдаланылатын тетіктер және билік етуші актінің формасы (түрі) айтылады.
Осы менің курстық жұмысымның негізгі мақсаты – мемлекеттің атқаратын жұмысының негізгі бағыты мен әдістерін анықтайтын мемлекет функциясының ұғымын анықтау, мемлекет функциясының түрлеріне тоқталу.
Нормативтік-құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Қазақстан Республикасының « Инновациялық қызмет» туралы заңы
3. Қазақстан Республикасының « Мәдениет» туралы заңы. 1996 жыл 24 желтоқсан
4. Қазақстан Республикасының «Экологиялық кодексі» 2007 жыл 9 қаңтар
Арнайы әдебиеттер:
1. Ашитов З.О. «Қазақстан Республикасының құқықтық негіздері». Алматы «Жеті Жарғы»
2. Ашитов З.О. «Егемен Қазақстанның құқығы». Алматы «Жеті Жарғы»
3. Алексеев С.С.Общая теория право. Курс в 2 тт М.,
4. Абдулаев.М.И. Теория государства и право.Питер
5. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы
6. Булгакова Д.А. Теория государства и право. Учеб.пособие Алматы 2010 ж
7. Баянов Е. «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері». Алматы 2009 жыл.
8. Бабаев В.К. Теория современнного права. Н.Новгород.1991
9. Булекбаев.С.Социально – филосовский анализ соотношения экономики и государства. Автореферат доктора экономичиских наук.Алматы, 2006 жыл.
10. Венгеров А.Б. Теория государства и право. Москва., 2008 г
11. Дробязко С.Г Общая теория права. Минск 2005
12. Сұлтанәлі Г. «Әлемдік саясат аясындағы ұлттық мүдделер». Саясат, 2010,№ 4
13. Ерманов В.А «Қазақстан қазіргі дүние әлемінде». Алматы 2002 жыл
14. Жоламанов К.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы «Эверо» 2004
15. Ибраева А.С. Общая теория государства и право. А., 2000г
16. Ибраева А.С. Ибраев Н.С.Теория государства и право. Учеб.Пособие Алматы «Жеті Жарғы»; 2003 г
17. Коваленко А.И. Теория государства и право. Москва 1994г
18. Комарпов С.А. Общая теория государства и права. Саранськ, 1994
19. Курс лекций по теории государства и права. Под.ред. А.В.Малько., Саратов 1993 г
20. Курс теории государства и права. Под.ред. И.П.Марова., Тюмень 1994
21. Клименко Теория государства право. Москва 2004
22. Лазарев В.В. Теория государства и право. Москва 1992
23. Ливишиц Р.З. Теория право. Москва 1994
24.Матузов.Н.И.,А.В.Малько «Теория государства и право. Москва. Юристь 2005
25. Манов Г.Н. Советское общенародное государства; цели, задачи, функции. М.,1987.
14. Тоқашбаев М. НАТО және Қазақстан. Астана ақшамы 1999 жыл 20 мамыр.
15. Теміртасова А. Әлеуметтік көмек көрсетілді. Заң және заман, 2007 жыл, №4
16. Шойынғазин С. Өңі өзгерген НАТО. Егемен Қазақстан 2002 жыл 28 желтоқсан

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4

1 Бөлім. Мемлекет функциясы ұғымы мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-11
1.1. Мемлекет үғымы және
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-
6
1.2. Мемлекет функциясының түсінігі,
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...6-9
1.3. Мемлекет функциясының даму тарихы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-11

2 Бөлім. Мемлекетттің функцияларының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12- 21
2.1. Мемлекет функцияларының
классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... .12 - 13
2.2. Қоғамдағы рөлі бойынша мемлекет функцияларының жіктелуі ... ..13- 17
2.3. Мемлекет функцияларының қалыптасу себептеріне қарай бөлінуі..18- 19
2.4. Экологиялық, ішкі және сыртқы мемлекет функциялары ... ... ... ... 20-
21

3. Бөлім. Қазақстан Республикасының мемлекеттік функциялары ... ... ... 22-
30
3.1. Қазақстан Республикасының ішкі мемлекеттік функциялары ... ... ... 22-
24
3.2. Қазақстан Республикасының сыртқы мемлекеттік функциялары ... ...24-26
3.3 Қазақстан Республикасының мемлекеттiк функциялардың оңтайлы тiзбесiн
айқындау және оны
жүйелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26- 28
3.4. Мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы функциялар мен
өкiлеттiктердi
ажырату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...28-30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..32
Қосымша №
1 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .33

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Мемлекеттің негізгі мақсаты – қоғам үшін,
қоғамдағы адамдардың топтары үшін, қоғамның дамып өркендеуі үшін әртүрлі
бағытта қызмет атқаруы тиіс. Қоғам өте күрделі құбылыс. Қоғамның негізгі
тірегі - өндіріс. Өндірісті ұйымдастырып, дамыту үшін мемлекетте, адамның
бірлестіктері де, жекелеген адамдар да қажетті іс - әрекет жасап отырады.
Бұл салада мемлекет функцияларының қызметі әр түрлі. Мемлекет өз иелігіне
қарайтын барлық функцияларды (әлеуметтік, экологиялық, экономикалық)
тікелей басқарып, олардың жұмысын реттеп отырады.
Әр мемлекет өзінің өмір сүру үрдісінде бірнеше күрделі міндеттер мен
мақсаттарды жүзеге асырады, кейбір мақсатты іс-әрекеттерді дамытады. Бұл
қызметте мемлекеттің өз алдына қоятын мақсаттарын ажыратып алу қажет, содан
кейін осы мақсаттарды жүзеге асыратын құралдарды бөліп алу керек. Бұл
мақсаттар, бір жағынан аса көп, басқаша жағынан, тарихи және мәдени
жағдайларға байланысты өзгермелілігі әр түрлі болып келеді. Мемлекет
әскери күштің ұйымдастырушысы ретінде, қауіпсіздікті қорғаушы ретінде, сот
ретінде де, мәдени мұраларды сақтаушы ретінде де көрінеді.
Бүгінгі таңда жалпы мемлекеттік теорияда мемлекеттік қызмет бағытын
белгілеу үшін мемлекет функциясы ұғымы қолданылады, яғни функция дегенде
мемлекет қоятын мақсатты, бұл мақсаттарды жүзеге асыруда пайдаланылатын
тетіктер және билік етуші актінің формасы (түрі) айтылады.
Осы менің курстық жұмысымның негізгі мақсаты – мемлекеттің атқаратын
жұмысының негізгі бағыты мен әдістерін анықтайтын мемлекет функциясының
ұғымын анықтау, мемлекет функциясының түрлеріне тоқталу.
Жұмыстың негізгі міндеті – мемлекеттің қоғамда атқаратын қызметінің
негізгі бағыттарын анықтау, мемлекет функциясының (әр түрлі негіздер
бойынша жүзеге асырылуына байланысты) атқаратын қызметтеріне байланысты
топтастыру, еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері атқаратын негізгі қызмет
аясының бағыттарын айқындау.
Зерттеудің теориялық барысы: Осы жұмысымды жазу барысында мемлекет
функциясы тақырыбында А. Булгакованың, Е Баяновтың, С.Өзбекұлының,
С.Алексеевтің И.Матузованың, С.Табановтың тағы басқа көптеген ірі
мемлекеттанушы ғалымдардың еңбегін пайдаландым. Сонымен қатар нормативтік
құқықтық актілер Қазақтан Республикасының Конституциясын, Инновациялық
қызмет туралы заңын, Экологиялық кодексін, Мәдениет туралы заңдарды
қарастырып, баспасөз материалдарын жинақтап, зерттеп, салыстырып, талдау
жүргіздім.
1 Бөлім. Мемлекет функциясы ұғымы мен мазмұны
1.1. Мемлекет үғымы және белгілері
Мемлекет – арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі
бола тұра, оны басқаратың және оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық
биліктің, егеменді, саяси ұйымы.
Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің
мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік
жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын
биліктің ерекше ұйымы болып табылады.
Мемлекет оны рулық қауымның әлеуметтік билігінен ажыратуға мүмкіндік
беретін мынадай негізгі белгілермен сипатталады:
1. Бұқаралық биліктің болуы.
2.Тұрғындарды аумақтық (территориялық) бөлу.
3.Салық жүйесі.
4. Егемендік..
5. Құқық.
Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше түрі болып табылады. Бұл
мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенетін субъектілердің арасындағы үстемдік пен
бағынушылықтың саяси – бұқаралық қатынасы. Мемлекеттік биліктің
ерекшеліктері мыналардан көрінеді:
1. Бұқаралық (көпшілік ) билік.
2. Аппараттық билік.
3. Легитимдік (заңды деп танылған) билік.
Мемлекет мәнін түсіндіру мемлекет және құқық теориясының негізгі
міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекет мәні - бұл осы құбылыстағы оның
мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін анықтайтын негізгілердің біреуі.
Мемлекет мәнін анықтауда қолданылатын тәсілдер:
- таптық;
- жалпы әлеуметтік.
Мемлекет типі (түрі) тиісті тарихи дәуірде туындаған оның маңызды
жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Нақты тарихи дәуірде
туындаған мемлекеттердің барлығының белгілері ортақ болып келеді.
Мемлекеттердің типологиясы негізінен екі тәсіл формациялық және өркениеттік
тәсілдер тұрғысынан жүргізіледі.
Мемлекет – басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен
қоғамның тіршілк – тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен
алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша
нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай – ақ өзіндегі аса
мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканың дамытудың әлеуметтік –
саяси, рухани, ұлтаралық және адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды
мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайын белсенді
түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тиісті функциялары, әсер ету
нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның
арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін
басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін ерекше күрделі саяси ұйым.
Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен
ерекшеліктсріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға
дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму
кезеңдері тікелей ізашар болып отыр.
1.2. Мемлекет функциясының түсінігі, белгілері
Мемлекет қоғамдық істерді басқару органы бола отырып, көп түрлі
қызметті жүзеге асырады. Онда экономикалық, саяси, әлеуметтік- мәдени және
басқа қатынастар мен үрдістер жүзеге асырылады. Мемлекет айналысының бәрі
қоғам және өзі үшін бірінші реттегі мәнге ие болмайды. Сондықтан қоғам
істерін басқарудағы іс жүргізудегі рөлін, осындай басқарудың мақсаттарымен,
сонымен бірге мемлекетпен қорғалатын әлеуметтік және өзге де құндылықтарды
анықтау үшін мемлекет қызметінің басты негізгі бағыттарын айқындау
қажеттілігі туындайды.
Функция-заң ғылымында мемлекет пен құқықтың алдында тұрған мүдде-
мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және әдіс-
тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан мемлекеттің,
үкіметтің, мемлекет аппаратының функциясы деген заңды ұғым қалыптасады.
Функция деген ұғым латын тілінде(gunctio)-орындау деген мағынаны білдіреді,
математика, физиология, лингвистика салаларында кеңінен
пайдаланылады.Функция ұғымы мемлекет және құқық теориясында да кеңінен
пайдаланылады.
Мемлекет функциялары – бұл мемлекеттің мәнін және мақсат - міндетін
білдіретін оның қызметінің негізгі бағыттары. Мемлекет функциялары оның
оның мақсат– міндетімен байланыстырылған, оның мәніне тәуелді және оның
өзгеруіне байланысты, басқа тәртіптегі мәнге өтуіне байланысты өзгеріп
отырады. Сонымен, мемлекет функциялары - өзгеріп отыратын категория.
Мемлекеттік орган дегеніміз тиісті құзыретке иелі және өз функциясын
жүзеге асырған кезде мемлекеттің ұйымдастыраушылық материалдық және
мәжбүрлеу (күштеу) күшіне арқа сүйейтін дербес, оқшауланған құрамы бар
мемлекеттік аппараттың бір бөлігі. Мемлекеттік орган – мемлекет аппаратының
бір буыны. Ол мемлекет атынан белгілі бір мемлекеттік функцияны жүзеге
асыруға бағытталады.
Басқа сөзбен айтқанда, мемлекеттік орган – бұл мемлекеттің
міндеттерін орындаушы және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттіліктерді
иеленеген ұйым немесе мекеме. Мемлекеттік орган дегеніміз – белгіленген
тәртіппен құрылған азаматтар ұжымы, мемлекеттік билік өкілділігіне иелі
өзінің құзыреті шеңберінде қызмет атқаратын бірыңғай мемлекеттік
аппаратының бөлігі болып табылады.
Мемлекет саяси-құқықтық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады.
Мемлекет өзінің мыңдаған жылдарға созылған тарихи даму үрдісіне саясатшылар
тарапынан түрліше бағаланып келеді. Мемлекеттің анықтамасын да түрлі
көзқарастағы саяси қайраткерлер түрліше тұжырымдайды.
Функция - заң ғылымда мемлекет пен құқықтын алдында тұрған мүдде-
мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және оның
әдіс-тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан
мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының функциясы деген заңды ұғым
қалыптасады.
Мемлекеттің функциясы Кеңестік дәуірде өте кең түрде пайдаланды.
Функция мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгеріп, ескіріп, жаңарып
отырады. Казіргі кезеңде Кеңес Одағы ыдырап республикалар дүниежүзілік
қауымдастыққа бет бұрып, либерал-демократиялық даму процесіне көшкенде
мемлекеттің функциясын тек қоғамнын таптық мазмұнына сәйкес қарастыру дұрыс
болмады.
Себебі функцияның дамуына таптармен бірге халықтын рухани сана-сезімі,
мәдениеті, глобалдық мәселелері зор әсер етеді. Бұл дүниежүзілік саяси
көзқарас.Кеңестік дәуірді де, қазіргі кезеңде де мемлекеттің функциясын
дамытуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмұнын терең түсініп,
білу тек мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсару ғана емес, сонымен
бірге қоғамның, мемлекеттің тарихи даму процесін зерттеп, дұрыс түсінуге
көп үлес қосуы. Функция мемлекетпен қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп
келеді. Бұл объективтік процесс. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының
функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы
қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетті орнату.
Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Солардың бірі -
функция көп өзгеріске ұшырамайтын деп, бірнеше түрлерін келтіреді: жалпы
қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық,
интернационалдық функциялар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және
уақытша функциялар; негізгі және негізсіз функциялар; заңды қабылдау,
орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функцияны екіге
бөледі: ішкі және сыртқы функциялар. Осы пікірді қазіргі заманда
мемлекеттер дұрыс деп қолдануда. Мемлекеттің функциясының орындалуын
қамтамасыз ететін мемлекеттік аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау
үшін тиісті мемлекеттік орган құрылады. Бірнеше органдар функцияның
мазмұнына қарай мемлекеттік аппараты қалыптастырады.

Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында тұрған мүдде -
мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық білуге болады.
Сонымен мемлекеттің функциясы — қоғамды әлеуметтік басқарудағы
мемлекеттің атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары мен әдістері.
1.3. Мемлекет функциясының даму тарихы
Мемлекет функциясы мемлекет алғаш пайда болған кезден бастап, бірқатар
қызметтерді (мысалы, жол салу, қорғаныстар салу) сауда мен қаржы айналымын,
қоғамдық тәртіпті сақтау мен кейбір көптеген басқа да қызметтерді атқарып
келеді.
Тіпті тарихи алғашқы әлі дамымаған құл иеленушілік қоғам мынадай
негізгі функцияларды жүзеге асырған:
1. құлиеленушінің жеке меншігін тәуелсіз ету, бірақ халықтың кедей
топтарын қорғау;
2. құлдардың қарсылығын басу;
3. басқа мемлекеттер мен халықтар арасында бейбіт әріптестік және
сауда қатынасын орнату;
4. елді қорғау және басқа территорияларды жаулау;
Ежелгі кезде де мемлекет бірқатар маңызды функцияларды атқарып,
мемлекеттің негізгі бағыттарын айқындап отырды. Бұдан 2 ғасыр бұрын өмір
сүрген ағылшын экономисі Адам Смиттің тұжырымдауы бойынша Табиғи еркіндік
жүйесіне сәйкес, мемлекет аса маңызды да нақты және түсінікті 3 функцияны
атқару керек деген. Олар:
1. Қоғамды күш көрсетуден және өзге тәуелсіз қоғамдық топтардың басып
кіруінен қорғау;
2. Мүмкіндігіне қарай, қоғамның әр мүшесін әділетсіздіктен және сол
қоғамның өзге мүшелерінің тарапынан езгіден сақтау;
3. Жекелеген адамдар мен шағын топтардың мүдделеріне қызмет етпейтін
белгілі бір қоғамдық мекемелерді ұстау міндеттелігі.
Бұдан көріп отырғанымыздай, мемлекет функциясы мемлекеттің алғаш
пайда болған кезінен бастап, қазіргі уақытқа дейін көптеген қызметтерді
жүзеге асырып келе жатқанын көрсетеді.
Өйткені, халық өмірінің барлық саласы өздігінен реттелмейді, нарықтық
экономика жағдайының өзінде жеке меншік, бәсекелестік, бірлесу бостандығы
тағы басқалар болғанымен, мемлекет түнгі қызметшінің рөлін атқарып немесе
көрінбейтін қол ретінде шектен тыс араласпай, тек бақылап, қадағалап,
заңдық тұрғыдан реттеп отыруы тиіс. Мемлекет болмаса ешқандай кәсіпкерлік,
кәсіпорын, әлеуметтік аз қамтылған халықтардың белгілі бір тобын қамтамасыз
етуге, атмосфераны, суды, жерді, қорғау ынталы болмайды. Мемлекет осы
тұрғыда әлеуметтік теңестіруші рөльді атқарады, алым – салықтан тағы да
басқа кіріс көздерінен түскен мемлекеттік бюджеттегі қаражатты білім беру,
денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет пен ғылымды дамыту,
табиғат қорғау, қарулы күштерді дамыту тағы басқа салаларды қолдауға
жұмсайды.

Мемлекет басқару, билік жүргізу үшін құрылған саяси ұйым болғандықтан
оның алдында тұрған мақсат міндеттер бар. Сол міндеттерді жүзеге асыру үшін
мемлекетке арнайы функциялар қажет. Функция арқылы мемлекет статикалық
(формалары,аппараттары,органдар) құрылымынан динамикалық, қозғалыс
мағынасын айқындайды. Мемлекет функциялары арқылы мемлекет алдына қойған
мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады. Мақсаттарыда да әр түрлі болады:
стратегиялық бүгінгі күнгі. Мысалы, Қазақстан Республикасы мемлекетінің
болашақтағы мақсаты экономикасы дамыған, халқының әл-ауқаты жоғары,
кедейлік пен жұмыссыздық жойылған демократиялық құқықтық мемлекет құру.

2 Бөлім. Мемлекетттің функцияларының түрлері.
2.1. Мемлекет функцияларының классификациясы.
Мемлекет функцияларының классификациясы:
а) әрекет ету ұзақтылығына байланысты тұрақты және уақытша;
б) маңызына байланысты - негізгі және қосалқы;
в) қоғамдық өмірдің қай сферасында жүзеге асырылуына байланысты -
ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары – бұл мемлекеттің
функцияларын жүзеге асыратын оның органдарының біртекті қызметі. Оны
құқықтық және ұйымдық нысандарына бөлуге болады.
Құқықтық нысандарына мыналар жатады: құқық шығармашылық, құқық
қолданушылық, құқық қорғаушы.
Құқық – шығармашылық – жаңа норманы өмірдің талабына қарай уақытында
қабылдау. Онсыз мемлекеттің қызметіне нұқсан келуі мүмкін. Мысалы,
науқастың эпидемияға айналуы мен қалай күресуге болады, егерде нақты заң
қабылданбаса (заң нормаларын дайындау мен қабылдау жөніндегі мемлекеттік
қызмет). Құқық шығармашылық – бұл нормативтік актілерді дайындау,
санкциялау, жасау, қабылдау мен шығару, ескілерінің күшін жою сияқты
мемлекеттің іс - әрекетінен көрінеді.
Құқық қолданушылық немесе құқықты қолдану, орындау, құқықты іске
асыру – бұл істі орындау мемлекеттің Үкіметінің міндеті. Үкімет тиісті
нормативтік акті қабылдау керек. Онда жауапты субъектілер, не істеу керегі,
оның уақыты, материалдық негіздері толық көрсетілуі қажет. Бұл істі толық
бақылауға алу керек. (құқық нормаларын орындауға байланысты қолданылатын
шаралар туралы мемлекеттік қызмет).
Ұйымдық нысандарға мыналар жатады: ұйымдық –регламенттеуші (реттеуші),
ұйымдық, ұйымдық-идеологиялық.
Ұйымдастырушылық – реттеушілік – бұл белгілі бір құрылымдардың
құжаттар жобаларын дайындаумен, сайлаулар жүргізумен тағы да байланысиы
мемлекеттік органдардың қызмет етуін қамтамасыз етуде бағытталған ағымдағы
жұмысы (нақтылы саяси міндеттерді шешуге қажетті күнделікті оперативтік
ұйымдастырушылық жұмыстар).
Ұйымдастырушылық – шаруашылық – бұл бухалтерлік есеппен, статистика
мен, қамтамасыз етумен тағы да басқалармен байланысты жедел – техникалық
және шаруашылық жұмыс (әр түрлі мемлекеттік функцияларды орындауға тиісті
материалдарымен қамтамасыз етуге байланысты оперативтік – техникалық,
күнделікті шаруашылық жұмыстар).
Мемлекет функцияларын анықтауда, біз ең алдымен мемлекеттің қоғам
өміріндегі жалпы рөлін басшылыққа алуымыз керек. Бұл жерде бірінші орынға
мемлекеттің адамдарды қауымдастыққа біріктіретін, олардың мүдделерін
түйістіретін, жалпы нормаларды сақтауға мәжбүрлейтін және геосаяси
тұтастықты қалыптастыратын біріктіруші рөлі қойылады. Бұдан мемлекеттің ең
бірінші функциясы мәжбүрлеу функциясы екендігін көруге болады.
2.2. Қоғамдағы рөлі бойынша мемлекет функцияларының жіктелуі.
Мәжбүрлеу функциясы әр түрлі әдістер мен құралдар арқылы іске асуы
мүмкін. Бұл не тікелей күш көрсету болуы мүмкін, не жанама мәжбүрлеу болуы
мүмкін. Барлық мемлекеттерде билік құрушы субъект мәжбүрлеуді пайдаланады,
бірақ оны әр жағдайда әркалай қолданатындықтан мазмұны мен сипаты, әдістері
мен құралдары әрқилы болуы мүмкін.
Осы функцияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік биліктің құрылымында
мәжбүрлеу күштері қалыптасады, яғни олар: әрекеттерді нормативті тұрғыда
бағалайтын және кінәлі немесе кінәлі еместігінің объективті ақиқатын
белгілейтін, мәжбүрлеу шаралары туралы мәселелерді шешетін заң органдары;
тергеу органдары; полиция; пенитенциарлық мекемелер және басқалары.
Өркениетті мемлекеттерде мәжбүрлеу құқығына тек мемлекеттік билік
органдары ғана ие. Мәжбүрлеу функциясы, мемлекеттің басқа да функциялары
сияқты, органдар мен билік субъектілерінің биліктік өкілеттіктерінде
белгіленеді. Бірақ құқықтық мемлекетте мемлекеттік билік органдары
мәжбүрлеу шараларын құқықтық нормалар шеңберінде ғана қолдана алуы мүмкін.
Сондықтан мәжбүрлеу әрекеттері заңды деп танылатындықтан азаматтар оларды
қабылдауға жөне бағынуға міндетті.
Алайда, билік құру өз мазмұны бойынша агрессивті әрекет болғандықтан
билік жүргізуші субъект тікелей тиімділік пен нәтижелілікке қол жеткізу
үшін мәжбүрлеу әдістері мен құралдарын қолдануда заңмен белгіленген шектен
шығып кетуі де мүмкін. Бұл әрекеттердің заңсыз екеңдігі анық, ал олардың
қажеттілігі және іс жүзінде өзін ақтағанына сілтеме жасау жеткілікті негіз
болып табылмайды.
Мәжбүрлеу функциясының болуы мемлекетті билік құрушы күштердің
қолындағы сойылға, диктатураның, террордың құралына айналдырып жіберуі
мүмкін.
Мемлекеттің келесі функциясы — келісімдік функция. Мемлекеттің саяси
қатынастардың әр түрлі субъектілерінің арасын келістіруші орган екендігі
сөзсіз, ол айтыс-тартыстарда төреші ретінде қатысады, позициялардың
жақындасуына жәрдемдеседі. Мәселен, мемлекеттік органдардың еңбек пен
капитал арасындағы келісімдік рөлі белгілі. Сондықтан өркениетті мемлекет
үшін саяси қатынастардың барлық субъектілерінің түпкілікті мүдделері туралы
қамқорлық басты болып саналады, және бұл қамқорлық тек қағаз жүзінде қалып
қоймауы үшін мемлекеттік органдар барлық азаматтардың мүдделерін қамтып,
білдіре алатындай және азаматтық қоғам ұйымдарымен кең қарым-қатынасқа түсе
алатындай саяси қатынастардың барлық субъектілерінің түпкілікті мүдделерін
белсенді қорғай алатын дамыған құқықтық базаға ие бола отырып құрылымдануы
тиіс.
Келісімдік функция — мемлекеттің маңызды функциясы, оның іргетасы. Бұл
функция қоғамның саяси мәдениетінің қалыптасу мен даму деңгейіне, оның
өркениеттенуінің артуына орай жан-жақты және маңызды бола түседі.
Келісімдік функция адамгершілік, қайырымдылық, ізгілік, төзімділік секілді
ұғымдар басты болатын ділдің дамуымен де байланысты. Мемлекеттің келісімдік
функциясының жүзеге асуында азаматтық қоғам институттары маңызды мәнге ие.
Мемлекеттің үшінші функциясы — ұйымдастырушылық. Мемлекет адамдардың
әлеуметтік өмірінің негізгі аспектілерінің ұйымдасуына қатысады. Бұл үшін
мемлекеттік меншіктің; мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерінің; мемлекеттік
органдар қызметінің жалпылық, міндеттілік және басқарушылық сипаттарының;
құқықтық базаның; мемлекет шараларының заңдылығының болуы шарт.
Мемлекет өзінің табиғи, функционалдық ерекшеліктеріне орай
экономикалық дамудың күшті факторы бола алады. Этатизм (мемлекеттің
экономикаға ықпалы) айқын формада барлық мемлекеттерде болады, ал кейбір
мемлекеттердің қызметінде басты болып барлығын қамтиды. Этатизм
кауымдастықтың тіршілік әрекеті үшін қажетті бағдарламалық мәселелерді,
мақсаттарды шешуге кажетті күштерді жұмылдыруға мүмкіндік береді. Мәселен,
экономика саласында — бұл мемлекеттің экономикалық куаты мен экономикалық
дербестігінің артуы, ішкі рынокты қорғауы, әлемдік қауымдастықта
экономикалық белсенділігін камтамасыз етуі және т.б.
Алайда, қазіргі саяси тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің
экономикалық салмағының шектен тыс күшеюі мемлекеттік биліктің ықпалының
қалыптан тыс ұлғаюына, азаматтық қоғам институттарының шектелуі мен
шеттетілуіне, қоғамның саяси тоқырауына алып келетін демократияға жат
тенденциялардың пайда болуына әкеліп соғады.
Мемлекет әлеуметтік өмірдің негізгі аспектілерін реттеуге де қатысады.
Ол қоғамдағы әлеуметтік жағдайды қадағалауға, қоғамдық көзқарасты
бақылауға, қоғамның кеселді тұстарымен, қайшылықтарын анықтап, алдын алуға
міндетті.
Мемлекет белгілі бір деңгейде қоғамның рухани өмірінің ұйымдастырушысы
да болып табылады. Ол адамдардың тіршілік әрекетінде қызмет ететін
әлеуметтік қағидаларға, адамгершілік принциптерге, өскелең ұрпақтың
болашағына; оның азаматтық кемеліне жетуіне, рухани мәдениетті игеруіне,
әлеуметтік өмірге дайындық деңгейіне және басқаларына бей-жай қарай
алмайды.
Мемлекеттің рухани өмірді ұйымдастыру мүдделілігі саяси экстремизмнің
шектен тыс формасында көрінуі мүмкін, мысалы, қоғамның рухани өмірінің
барлық тұстарының мемлекеттің саяси бақылауында болуы және осыған
байланысты мемлекеттің идеократтық саяси жүйеге айналуы тоталитарлық
режимдерге тән құбылыстар. Бұл үрдісті авторитаризмнен де байқауға болады,
себебі авторитаризм де халықты біріктіретін идеологияға сүйенеді.
Мемлекеттің төртінші функциясы — қорғау функциясы. Мемлекет қоғам
тұрақтылығы мен оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып қорғайды. Ол
адамдар қауымдастығын сыртқы теріс әсерлерден және ішкі деструктивті,
қиратушы күштерден қорғауы қажет. "Милитаристік мемлекеттер", "полициялық
мемлекеттер" деп аталатын мемлекеттерде қарастырып отырылған функция шектен
тыс артып, үстемдік етеді.
Қарастырылып өткен функциялардың барлығы қандай дәрежеде болмасын
барлық мемлекеттерге тән, себебі олар мемлекет мәнінің көрінісі болып
табылады, және оның табиғаты мен негізінен туындайды. Бірақ мемлекет
түрлерін анықтауда бұл функциялардың арақатынастары әр түрлі екендігі
байқалады. Олардың мемлекеттің тіршілік әрекетіндегі орнын басқару
формалары мен саяси режим ерекшеліктеріне сай құрылған мемлекеттік
органдардың құрылымдық өзіндік ерекшелігі анықтайды.
Авторитарлық типтегі мемлекеттерге мәжбүрлеу функциясының келісімдік
функциядан басымдылығы, саяси қатынас субъектілерінің дербестігінің
жетімсіздігі, оппозицияның әлсіздігі мен ұйымдаспағандығы тән. Осыған
байланысты авторитарлық мемлекеттер жүзеге асырып отырған акцияларының
салыстырмалы заңдылығымен, айқын тұрақтылығымен сипатталынады. Осының
салдарынан қоғамдық организмде дер кезінде мемлекеттік органдар шешімін
табуға мүмкіндік бермеген әлеуметтік проблемалар жинақталынуы және
шоғырлануы мүмкін. Билік өте беделді және қажетті кәсібилікке ие
болғандықтан пайда болған барлық проблемаларды шешуге қабілетті деген саяси
иллюзияның негізінде қызмет етеді.
Демократиялық мемлекеттерде мәжбүрлеу функциясымен қатар келісімдік
функция да басым болады. Саяси қатынастар субъектілері дербес, қоғамда
дамыған саяси мәдениетімен ұйымдасқан оппозиция қызмет етеді, ал бұл саяси
мәдениет оған шиеленіс түйінін өз уақытында тарқатуға мүмкіндік беретін,
жағдайдың тұрақтануы мен қоғамның әлеуметтік даму жолымен алға басуына
жәрдемдесетін конструктивті саяси, экономикалық, әлеуметтік идеялар мен
акцияларды ұсынуға және олардың жүзеге асуына қатысуға жағдай жасайды.
Оппозицияның міндеті — қоғамдық өмірде ең басты мәселелердің қойылуы
мен шешілуіне ашық қатысу жолымен электораттың сеніміне ие болу. Қажетті
демократиялық құрылымдардың болуы мемлекеттік саяси акциялардың да, сондай-
ақ саяси қатынастардың әр түрлі субъектілерінің де заңдылығын толықтай
қамтамасыз етеді.
Тоталитарлық мемлекеттерде мәжбүрлеу мен қорғау функциялары дамыған,
ұйымдастыру функциясы барлығын қамтиды және келісімдік функциясын жоққа тән
деуге болады. Сондықган тоталитарлық мемлекеттер қоғамдық өмірдің барлық
салаларында толықтай ұйымдасқан бақылау жүргізетін мемлекеттік нормалар мен
қағидалардың үстемдігімен, яғни қоғам өмірінің толықтай мемлекеттенуімен
сипатталатын өте күшті милитарландырылған полициялық мемлекет болып
саналады.
Мемлекет типтері мен ондағы қандай да бір функцияның басымдығы
арасында органикалық байланыс бар. Мемлекет функциялары өз кезегінде
мемлекеттік қызметтің таралу аймағын, мемлекеттік органдардың құрылымы мен
биліктік өкілеттіктерін анықтайды

2.3. Мемлекет функцияларының қалыптасу себептеріне қарай бөлінуі.
Мемлекет функциясының сипаттамасы түрлі негіздер бойынша топтастыруға
болады. Фунцкцияларды қоғамдық өмірдің салаларына байланысты топтастыру
неғұрлым кең тараған. Адамдардың өндіріс, орналастыру және алмастыру
саласындағы қатынастарын қамтитын мемлекеттің экономикалық функциясы
жетекші орындардың бірін алады. Экономикалық функцияның көлемі, масштабы
және өрісі түрлі мемлекеттерде әр түрлі болады. Алайда қандай жағдайда да
мемлекет мына төмендегі жағдайларға ықпал ете алады және әдетте, ықпал
етеді де:
1) экономиканы дамытудың сара жолын талдау (мысалы, нарықтық, ди-
рективалық жоспарлы немесе аралас экономиканы таңдау);
2) мемлекеттік реттеу дәрежесі, оның жетекші салаларын ынталандыру
және қолдау;
3) экономикалық дамудың неғұрлым перспективалы бағыттары үшін жайлы
жағдай тудыру;
4) жеке меншіктің түрлі нысандары мен шаруашылық қызметінің түрлі
субъектілерінің мәртебесін анықтау;
5) экономикалық инфрақұрылым құралдарын (шаруашылық басқарудың қаржы
ақша құралдары, несие беру, заем беру, инвестициялық саясат) пайдалану.
Салық саясаты экономикалық функцияның айырықша компоненті болып табылады,
өйткені мемлекет бюджетінің құралуы, мемлекеттің кірістері мен шығыстарының
балансталуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің атқаратын жұмысының негізгі бағыты мен әдістерін анықтайтын мемлекет функциясының ұғымы
Биліктің бөлінуі қағидасы
МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Математикалық есептерді шығаруды оқытудың мәселелері
Мемлекет функциясының ұғымы және мазмұны
Мемлекеттік функцияның түсінігі
Мемлекет функциясының белгілері
Алгоритмдер теориясының негізгі ұғымдары
ФИРМА ҚЫЗМЕТІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастыру
Пәндер